«Рекреациялық география» пәні бойынша



жүктеу 1.28 Mb.
бет1/6
Дата25.04.2016
өлшемі1.28 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі


«Сырдария»университеті


ПЕДАГОГИКА-ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
«Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы

«Рекреациялық география» пәні бойынша

050116 - «География» мамандықтарының студенттері үшін


Оқу-әдістемелік кешен

(Силлабус)

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 3, кредит саны 1

Лекция: 15 сағат

СӨЖ: 15 сағат

ОБСӨЖ: 15 сағат
Барлық сағат саны: 45 сағат

Қорытынды бақылау: сынақ Ү семестр


Аралық бақылаулар саны: (кредит бойынша) 2

Барлық балл саны: 100 (кредитке)

Жетісай 2007

Құрастырған: аға оқытушы Сариева Шырынкүл Жанботақызы




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


(Силлабус)

«Рекреациялық география» пәні бойынша

050116 - «География» мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген


Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Типтік бағдарламаның индексі:

Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған
№ Хаттама________ «________» 2007 ж

Кафедра меңгерушісі ______________


Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама________ «________» 2007 ж

Әдістемелік кеңесінің төрағасы:_______________________


Университеттің Ғылыми кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама ________ «______» 2007 ж

050116 – мамандығын дайындайтын кафедра

меңгерушісімен келісілген _____________________________

Мазмұны


  1. Алғы сөз …….………………………..................................................

  2. Жалпы мәліметтер ……………………..............................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме..........................................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………....................

  7. Студентке арналған ережелер ..……………………............................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .……….........................................................

  1. Лекция сабақтарының мазмұны ..........................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары .......................................................

  3. СӨЖ жоспары және орындау кестесі ..................................................

  4. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі .............................................

  5. Студенттердің білімін бақылау түрлері: .............................................

а) бақылау сұрақтары

б) тест сұрақтары



  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі .........

  2. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...……………….........................


Алғы сөз


Оқу әдістемелік кешен «Рекреациялық география» пәні бойынша 050116 «География» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.


2. Жалпы мәліметтер.

Аға оқытушы Сариева Ш.Ж.


«География» кафедрасы №1 корпус, 4-этаж, 46 кабинет

Телефон: - 229

Кафедрада болу уақыты: 9.00-18.00
Өткізу уақыты және орны




Аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Сариева Ш.Ж.

Уақыты __________

Ауд ______28




Уақыты _______

Ауд __28_______



Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________



3. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері

Пәнді оқып үйренудің негізіне мемлекетіміздің рекреациялық щаруашылығының даму деңгейі,олардың алғы шарттары, қоршаған ортаны қорғаудың жолдары, шаруашылықтың экономикалық, экологиялық тұрғыдан тиімділігі және басқа да проблемалар қарастырылады. Рекреациялық география пәні экономикалық геогафия, физикалық география, медициналық география, картография, математика пәндері мен байланыса отырып зерттеу объектісін қалыптастырған.

Курсты оқып үйрену барысында студенттерге мынадай міндеттер жүктеледі;

- рекреациялық география курсының мақсаты мен міндеті, оның география жүйесіндегі алатын орны;

- негізгі зерттеу объектілері;

- территориялық рекреациянық жүйенің құрамдас компоненттері (басқару бөлімі, жүйенің инфроқұрылымы, қызмет көрсетушілер, демалушылар);

- рекреациялық шаруашылықтың негізгі типтері (емдік, сауықтыру, спорттық, танымдық) білуі қажет

4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Мектеп бағдарламасына сәйкес Құрлықтар мен мұхиттар географиясы

Дүние жүзінің саяси экономикалық -әлеуметтік географиясы


2

Жалпы жер тану,

Картогоафия




Қазақстанның физикалық гео-графиясы

5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Семестр

Қорытынды бақылау

Лекция

СӨЖ

ОБСӨЖ

№1кредит

45

15

15

15

5 сем

Сынақ


6. Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөл-інген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проб-лемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.



Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құраст-ыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.


7. Студентке арналған ережелер (Rules):


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелін-еді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.




8.Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі.




Лекцияның тақырыбы

Лекция

СӨЖ

ОБСӨЖ



Рекреациялық география – жаңа әлеуметтік география ғылымы

1

1

1



Рекреациялық география ұғымы


1

1

1



Рекреациялық географияның басқа пәндермен байланысы және әлеуметтік экономикалық құбылыс

1

1

1



Рекреациялық мұқтаждық, рекреация іс-әрекетінің территориялық орны және қажеттілік бағыттары мен әдістері

1

1

1


Рекреациялық географияның зерттеу әдістері

1

1

1



Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары мен принциптері.


1

1

1



Рекреациялық аудандастыру


1

1

1



Республикамыздағы көрікті жерлер

1

1

1



Республикамыздағы көрікті жерлер (жалғасы)

1

1

1


Республикамыздағы көрікті-тарихи жерлер

1

1

1



Қазақстанның демалу — сауықтыру орындары

1

1

1



Қазақстанның демалу — сауықтыру орындары (жалғасы)

1

1

1



Қазақстанның қорықтыры


1

1

1



Қазақстанның қорықтары (жалғасы)

1

1

1


Ұлттық табиғи саябақтар.

1

1

1


Барлығы

15

15

15

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті




«Педагогика-тарих» факультеті


«Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы

«Рекреациялық география» пәні бойынша


050116 - «География» мамандықтарының студенттері үшін

Лекцияның Қысқаша курсы

Жетісай – 2007 ж


9. Лекция сабақтары

Лекция №1

Тақырыбы: Рекреациялық география – жаңа әлеуметтік география ғылымы

(1 сағат)

Жоспар:

1.Рекреациялық іс-әрекет қазіргі кездің әлеуметтік-экономикалық негізгі факторлары

2.Рекреациялық географияның негізгі түсініктері
Пайдаланған әдебиеттер

а) негізгі

1.Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы,2004 ж.

2. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. Алматы, «Рауан», 1990 ж.

3. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. А-А. Кайнар.1989

4. Николаенко Д.В. Рекреационная география. М., Владос, 2001

5. Царфис П.Г. Рекрационная география. СССР М. 1979

6. Назарбаев Н:А. Қазақстан – 2032. Алматы, 1998

б)қосымша

1. Ердавлетов С.Р. География туризма. А-А. Кайнар, 1989

2. Достопримечательные места Казахстана. Алма-Ата, Казгосиздат, 1959

3. Дүниежүзінің физикалық картасы

4. ТМД-ның физикалық картасы

5. Қазақстанның физикалық картасы

6. Қазақстанның физикалық атласы



Лекция мәтіні:

Рекреациялық география - жаңа әлеуметтік географиялық ғылым

Рекреациялық іс-әрекет қазіргі кездің әлеуметтік экономикалық негізгі факторларының біріне айналады. Біздің көз алдымызда белгілі бір ресурстардың жиынтығына сүйенетін, өзінің кадрлары бар, басқа салалармен байланысы бар және белгілі әлеуметтік экономикалық эффект беретін халық шаруашылығының жаңа саласының қалыптасу про­цесс жүріп жатыр.

Рекреациялық іс-әрекеттін қарқынмен дамуы және үлкен проблемалардың қиындығы өзіпе білімнің әр саласындағы ғалымдарды, сонымен бірге географтарды өзіне тартады. Қандай рекреациялық жүйеде болмасын қарым-қатынасқа: демалушылар тобы, табиғи кешендер, техника-лық инфраструктура, қызмет көрсету сферасы, еңбек ресур­сы, орналастыру жүйесі кіретіндіктен рскреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді болып табылады.

Рекреациялық география пәні материалдар жинауда физикалық география, экономикалық география, халықтар географиясы, медициналық географии жене елтану пәндері мен тығыз байланысты.

Рекреациялық,географияның қалыптасуына алғашқы үлкен қадамды В.С.Преображенский жасаған. Халық шаруашылығында рекреациялық жүйе қоғамдық қажетті рек­реациялық функция болып табылады. Рекреациялық жүйеге материалдық өндірістік жүйе (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, аграрлы-өнеркәсіптік, транспорттық) және өндірістік емес сферасының жүйесі кіреді. Рекреациялық географияны оқыту пәні территориялық рекреациялық жүйені оқу болып табылады. Территориялық рекреациялық жүйе - әлеуметтік географиялық жүйе болып табылады. Ол басқа да өзара байланысқан жүйелерден тұрады: табиғи және мәдени ке­шендер, инженерлік құрылыстар, қызмет көрсстуші персо­нал, басқару органы және демалушылар.)

"Табиғи жане мәдени кешен" жүйесі ресурстар және рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандыру талабы болып табылады. Табиғи және мәдени кешендер белгілі бір сыйымдылығымен, тұрақтылы толық жабдықталғанымен, әр түрлілігімен және тартымдылығымен ерекшеленеді.

"Инженерлік құрылыстар" жүйесі бір жағынан демалушылардың және қызмет көрсетуші қызметкерлердің күнделкті өмір іс-әрекеттерін қамтамасыз етеді, ал 2-ші жағы­нан демалушылардың ерекше рекреациялық қажеттілікте-рін қанағаттандыру.

"Қызмет көрсетуші" жүйесінің функциясы көбінесе демалушыларға қызмет көрсетуге бағытталған.

"Демалушылар" жүйесі басқа жуйелерге деген талаптарды анықтайды, ол әлсуметтік, жас, ұлттық, региондық жәпе жеке демалушылардың ерекшелігіне байланысты.

І.Рекреациялық география мынадай зандылықтарды көрсетеді: қалыптасу динамикасы, дамуды, ер түрлілікті, территориялық рекреациялық жүйенің (Т.Р.Ж) таралуын, олардың морфологиялық құрылымын, территориялық дифференциясы жөне интеграция, ішкі байланыстарды, Т.Р.Ж-ң бүтіндігін көрсететін, Т.Р.Ж-ң арасындағы байланыстарын. Т.Р.Ж-ң басқа географиялық жүйелермен байланысын, өзіндік және бағытталған мақсатының жұмысын болжайды, танымдық тәсілдер жүйесін жасайды.

Рекреациялық география қоғамдық, арнайы географиялық гылымдармен бірге мәдениет гоеграфиясы, білім беру, денсаулық сақтау және басқа ғылымдарға жатады. Онда объектінің мақсаттык функциясын және оку пәні әлеуметтік болып анықталуы мүмкін.

2.Рекреациялық географиянын негізгі түсініктері

Рекреациялық географияның негізгі түсініктеріне бос уақыт, демалыс, рекреация жене туризм деген түсініктер кіреді. Бос уақыт- рекреациялық процесстің дамуына қажетті жағдай. Бос уакыт - динамикалық категория, ол белгілі бір дәуірдің, класстың, әлеуметтік топтың шегін көрсетеді, ол көлемі және мазмүны жағынан да өзгеріп отырады. Бос уақыт жұмыс уақытынан басқа уақыттың бір бөлігі болып та­былады. Жұмыс уақытынан басқа уақытты әр түрлі 4 функционалдық топтан.тұрады: I) жұмыс орнына бару уақыты; 2)эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру уақыты (ұйықтау, тамақтану, жске бастың гигиенасы); 3) үй еңбегі және тұрмыстық қажеттіліктер уақыты; 4) бос уақыт болып табылатын физикалық, интеллектуалдық даму уақыты. Бос уақыт 2 бөліктен тұрады: 1) демалу уақыты; 2) жоғары іс-әрекет уақыты

Демалыс адамның жұмыс, нервтік және психологиялық, қабілетгілігін қалпына келтіреді, ал физикалық еңбектегі адамдардың физикалық шаршағанын түсіреді.

Адамның іс-әрекет демалыс уақытында былай классификациялануы мү-мкін:

1)белгілі физикалык салмақпен байланысты іс-әрекет (спортпен айналысу, қыдыру);

2) қызығушылықпен айналысуы - аң аулау, балық аулау, жидек және саңырауқұлақ жинау, коллекция жинау және т.б.

3)өнер өлеміне қосылу (театрларға, концерттік залдарға, көркем суреттік галереяларға, т.б. бару).

4) жоғары мәдениетті іс-әрскет (өздігінен білім алу, әдебиеттер, газет-журнал оқу);

5) өз қалауынша және қызығушылық бойынша қарым-қатынас;

6) белсенді (ойындар, би) немесе белсенді емес (көрікті жерлерге бару) көңіл кетеру;

7) қанғаттану үшін демалыс жасау.

"Рекреация" демалу, көңіл көтеру, спортпен айналысу жиынтығын көрсетеді: гесгеаііо (лат) - қалпына келтіру, гес-геаііоп (фраңц) - көңіл кетеру, демалу, іс-әрекеттің өзгеруі.

Рекреация - бүл адамдардың өз бос уақыттарын арнайы тұрғылықсыз территорияларда сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени көңіл көтеру әрекеттер процесінде қолданылатын көрініс және ара қатынастар жиынты-ғы. Рекреацияны үзақтығына қарай қысқа уақытты жерге демалуға оралу және ұзақ уақыт демалуға түрғылықсыз жерге оралу. Территориялық қысқа уақытты рекреация қала шетіндегі аймаққа 1-2 сағаттық жаяу немесе транспортпен жүруге шектеледі, ол ұзақ рекреация жасағанда территориясы шектелмейді.

Ұзақ рекреация сыйымдылығы жағынан туризм түсінігіне сәйкес келеді.

Туризм - бұл адамдардың саяхат және тұрғылықсыз жеріне бару процесінде пайда болатын қатынастар мен көріністердің жиынтығы. Бұдан халықаралық туризм шығады. Ол Римде 1963 ж. Б.Ү.Ұ-н, халықаралық туризм және саяхат конференциясында тұжырымдалып жәнс Дүниежүзілік туристік ұйым деп танылады. (Д.Т.Ү)

Халықаралық турист деп - өзінің тұрғылықты жері бо­лып саналмайтын, елде 24 сағат және оданда көп болған ор тұлғаны айтады. Турист деп сонымен қатар шет мемлекетте жүрген студенттер мен оқушылар да саналады. Туристердің мынадай топтары анықталған;

а) көңіл көтеру, семья жағдайына байланысты және курорттық емделуге, т.б. баратын тұлғалар;

б) конфереңцияға (ғылыми, әкімшілік, спорттық жә­не т.б.) баратын тұлғалар;

в) уақыты 24 сағат толмаса да теңізбен саяхат жасайтын тұлғалар.

Турист деп саналмайтындар:

а) мемлекетке келісім шарт немесе келісім шартсыз жұмыс іздеп келген тұлғалар;

б) тұру үшін келген тұлғалар

в) шекаралық аймақта тұрып, келесі жаққа жұмысқа баратын адамдар.

Бір жерге баратын немесе тұрған аймаққа барып, бірақ түнеуге қалмайтын тұлғаларды - экскурсанттар деп атайды.

Рекреациялық потенциал рекреацияның дамуы үшін қажетті жағдай больш табылады. Ол әр түрлі масштабта бағаланады: әлемдік, елдік, аудандық деңгейде және т.б.

Рекреациялық потенциал былай түсіндіріледі: яғни, белгілі территорияда рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін қажетті табиғи, мәдени - тарихи жерлердің жиынтығы болып табылады.

Рекреациялық потенциал құрайтын негізгі бөлігі-рекреациялық ресурстар.
Лекция №2

Тақырыбы: Рекреациялық география ұғымы

(1 сағат)

Жоспары:

1.Бос уақыт

2. Демалыс және рекреациялық мүмкіндік

3.Рекреациялық ресурстар, территорияны рекреациялық игеру көрсеткіші,жүйелері.



Пайдаланған әдебиеттер

а) негізгі

1.Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы,2004 ж.

2. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. Алматы, «Рауан», 1990 ж.

3. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. А-А. Кайнар.1989

4. Николаенко Д.В. Рекреационная география. М., Владос, 2001

5. Царфис П.Г. Рекрационная география. СССР М. 1979

6. Назарбаев Н:А. Қазақстан – 2032. Алматы, 1998

б)қосымша

1. Ердавлетов С.Р. География туризма. А-А. Кайнар, 1989

2. Достопримечательные места Казахстана. Алма-Ата, Казгосиздат, 1959

3. Дүниежүзінің физикалық картасы

4. ТМД-ның физикалық картасы

5. Қазақстанның физикалық картасы

6. Қазақстанның физикалық атласы



Лекция мәтіні:

Бос уақыт – Табиғи қажеттілікті өтеуге және еңбек етуге қатысы жоқ іс-әрекетпен байланысты болатын жұмыстан тыс уақыттың бір бөлігі.

Кеңестік рекреациялық географияда негізгі ұғым осы «бос уақыт» ұғымы болады. Бұл жердегі маңызды жайт, әңгіме шаршағандыққа немесе күш қуатты қалыпқа келтіру турасында ешқашан болған емес.

Кеңестік әдебиетте әдебиетте бос уақыт жұмыстан тыс уақыттан қатаң түрде ажыратылып алынды.Жұмыстан тыс уақытқа адамдардың әдеттегідей, қалалық транспортта жүруі, табиғи қажетттіліктерді өтеуі, үй жұмыстарын атқаруы және бос уақыт кірді. Міне осы бос уақыт сол кездегі дәстүр бойынша айтар болсақ,”денені шынықтырып, антиектуальдық даму” үшін қолданылады. Осы соңғысы рекреациялық географияның негізгі мақсат мүддесі болды.

Бос уақыт рекреациялық бұқаралық сипат алуының маңызды факторы ретінде қарастырылып келді. 1950 жылдан кейінгі рекреациялық белсенділіктің өсуі бос уақыттың көбеюімен түсіндіріліп жатты.

Бос уақыттың көбеюі мен теңіз жағалауындағы рекреацияның белсенділігінің артуы міне осы екеуінің арасындағы байланыс кездейсоқ еместі. Бірақ бұл жаздың рекреацияның бір жағы еді. Себебі бұдан басқа көптеген аспектілер толып жатқан еді. Жағажай рекереацияның белсенділігінің арту себептері, ішкі буферлік зоналарды игеру процестері еді. Бос уақыт бұл жерде ешбір маңызды роль ойнамады.

Рекреациялық іс-әрекет негізгі шарты ретінде бос уақытты ғана қарастыру рекреацияның георафиядағы үстеме түсінікті ғана білдірді. Әрине бос уақыттың болмауы кеңістікте рекреацияның мақсаты мен жылжытуды қатаң шектейді. Бірақ сонымен қатар бостың көп болуы, алысқа сапар шегіп, теңіз жағасында демалуды міндеттемейді.

Рекреацияқық ағымдарды қалыптастырушы маңызды фактор болып табылатын бос уақыттың маңызын 1991 жылдан кейінгі жағдайға қарап пайымдауға болады. Бұл кезеңдерде адамдарда бос уақыт көп болғанмен рекреациялық ағымдар күрт төмендеп кетті. Ол әрине ауыр дағдарыстың зардаптары болды. Бүгінгі таңда жағдай тұрақтамағанымен, бұрынғы ағым өз қалпына келер емес.

Кеңестік дәуірдегі рекреациялық географияның тағы бір жаңсақ қағидасы: бос уақыт барған сайын көбейіп, бұл өз кезегінде адамдардың интллектуальдық және рухани дамуына кең мүмкіндіктер беруі. Бос уақыт көлемнің көбеюі КСРО-дағы жұмыс аптасының қысқартылуымен байланыстырылды. Сол кездегі қалыптасқан ұғымдарға сәйкес, мұндай жағдайда теңіз жағалауларына қосымша жүктемелер көбеюі тиіс еді. Бос уақыттың көп болуы теңіз жағалауындағы рекреация үшін немесе интллектуальдық даму үшін қолданыла бермейтіндігін 1991 жылдан кейін белгілі бола бастады. Бұл жерде материалдық жағдайдың нашарлауы роь ойнаған жоқ, әрине бұл әлеуметтік-мәдени бағдарламаларадың ауысуына байланысты болып отыр. Мысалы: Қырым семьялық үшін маңызды болмай қалды. Семьялық демалыс үшін ол бейімделмеген болып шықты. Адамдар өздеріне басқада қызықты нәрселерді тауып алды.

Тұтастай алғанда бос уақыттың көрсеткіші рекреациялық іс-әрекетке ықпал жасамайды. Қоғамның дамуы мен мәдениет түріне қараай бос уақыт ұғымы рекереацияда әр түрлі түсіндіріледі.

Демалыс – адамның күш қуатын қалпына келтіруге бағытталған іс-әрекет немесе іс-әрекетсіз жағдай.Бұл адамның өзі тұрып жатқан территорияда немесе одан тыс жерлерде де жүзеге асырыла береді.

Кеңестік географиялық әдебиеттерде рекреация және демалыс ұғымдары ажыратылған болатын және мұндағы негізгі айырмашылық рекреация бұл арнаулы территорияларда адамдардың күш қуатының қалпына келтіру кезіндегі бос уақыттың бір бөлігі. Демалыс рекреация болуы үшін өзінің тұрып жатқан жерден кетіп, күш қуатты қалпына келтіруге арналған территорияларға бару қажет болды.Сол кездердегі әдебиеттерде мұндай орындар территориялық рекреациялық жүйелер еді.Қазіргі жағдайда ұғымдарды бұлайша бөлу өз маңызын жоғалтты.

“ Демалыс”және “рекреация” терминдері қазіргі таңда синонимдер ретінде қаратырылуда.

Демалыстың түрлеріде әр түрлі бола береді. Мысалы: ұйқы бұл демалудың негізгі және ең қажетті формасы. Жас ерекшелігіне немесе жекеленген ерекшеліктеріне қарай адамға ұйқы үшін әр түрлі уақыт қажет болады. Бірақ жалпы алғанда адам ұйқыменен өмірінің 3/1 өткізіде екен.






  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет