«Рекреациялық география» пәні бойынша



жүктеу 1.28 Mb.
бет2/6
Дата25.04.2016
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2

Лекция №3


Тақырыбы: Рекреациялық географияның басқа пәндермен байланысы және әлеуметтік экономикалық құбылыс

(1 сағат)

Жоспар:

  1. Рекреациялық географияның басқа пәндермен байланысы

  2. Рекреациялық географияның қалыптасуы


Пайдаланған әдебиеттер

а) негізгі

1.Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы,2004 ж.

2. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. Алматы, «Рауан», 1990 ж.

3. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана А-А Кайнар,1989

4. Николаенко Д.В. Рекреационная география. М., Владос, 2001

5. Царфис П.Г. Рекрационная география. СССР М. 1979

6. Назарбаев Н:А. Қазақстан – 2032. Алматы, 1998

б)қосымша

1. Ердавлетов С.Р. География туризма. А-А. Кайнар, 1989

2. Достопримечательные места Казахстана. Алма-Ата, Казгосиздат, 1959

3. Дүниежүзінің физикалық картасы

4. ТМД-ның физикалық картасы

5. Қазақстанның физикалық картасы
Лекция мәтіні:

Рекреациялық географияның басқа пәндермен байланысы

Рекреациялық географияның басқа ғылымдармен, әсіресе экономикалық география, халықтар географиясы, физикалық география және медициналық географиямен үлкен байланысы бар.

1.Экономикалық география – рекреациялық ісәрекетті, туризмді, территориялық рекреациялық жүйені, шаруашылық жүйенің элементі, шаруашылықтың саласы ретінде қарастырады және елдің, ауданның территориялық құрамына рекреацияның әсерін зерттейді.

2.Халықтар географиясы - рекреациялық іс-әрекеттің қоныстану жүйесіне әсерін қарастырады.

3.Физикалық география - табиғи рекреациялық ресурстарды зерттеумен қатар, рекреациялық табиғи кешендердің, ландшафтардың ерекшелігін анықтайды. Физикалық география рекреацияның дамуымен байланысты табиғатты қорғау жөніндегі мәселелерді, яғни көпшілік туризм жағдайында тірі табиғаттың тұрақтылығын қолдауды қарастыра­ды.

4.Медициңалық география - табиғи ортаның және аймақтық өмір жағдайының, еңбек пен демалыстың халықтың денсаулығына әсерін зерттейді және сонымен қатар жеке аурулардың географиялық әр жерлерде, елді мекендерде таралуын қарастырады. Ол сонымен бірге рекреациялық іс-әрекеттегі медико-биологиялық аспектіні зерттеуде үлкен роль атқарады.

Рекреациялық іс-әрекеттердің проблемаларын әр түрлі аспектіде көптеген географиялық емес ғалымдар да зерттейді. Рекреапиялық география социология, әлеуметтік психо­логия, жалпы психология және адам физиологиялық зерттеудің нетижесін пайдаланады. Сонымен қатар саяси экономикалық зерттеулерін пайдаланады.

Рекреациялық география әлеуметтік экономикалық құбылыс

Рекреациялық географияның қалыптасуы және дамуының алғы шарттары.

Рекреация — ертеден келе жатқан құбылыс. Тарих бойьшша әр олимпиадалық жылда жүздеген кемелер кеме-жайлардан Қара және Жерорта теңізі жағалауындағы ежелгі Греция коллонияларының көптеген қалаларына ойындар мен әдеби фестивальдарға бару үшін шыққан. Ал белгілі Риммияндар термальды бұлақтарда емделу үшін саяхат жасаған.

Өнеркәсіптік революциядан кейін, темір жолдар мен пороходтар пайда болғанда Италия және Франциядағы теңіз жағалауындағы және Швейцария тауларындағы минералдық бұлақтар, яғнн Еуропалық курорттар белгілі болды. Ница, Монте-Карло сияқты курорттар әйгілі болды. Халықаралық экономикалық байланыстардын ары қарайғы кеңейуі 1-ші орында әлемдік сауданың дамуымен көрініп, халықтың әлемдік козғалысының кеңейуіне әкеп соқты.

Осындай әлемдік және мемлекет ішілік шаруашылық байланыстың белсенді дамуы келешекте көпшілік туризм деп аталған саяхат формасын тудырады.

Көптсген туризм зерттеулері бойынша бірінші турис­тік саяхаттарды ағылшын Томас Кук алдымен Англия территориясы бойынша содан кейін шет жерлерге де ұйымдастырған.

Бірінші ұйымдасқан халықаралық туристік саяхатта 1863 ж. ағылшын туристері Швейцарияға барды.

Екінпіі дүние жүзілік соғыстан ксйін 40 - жылдың аяғында ішкі және халықаралық туризмнің дамуының жаңа этапы басталады.

Біршама экономикасы дамыған мемлекеттерде туризмде халықтың 50% тартылды. Бұл туризмнің динамикалық дамуына көптеген себептер әсер етті. Бастысы материалдық өндіріс сферасындағы қоғамдық еңбектің икімділі-гінің жоғарғы қарқынмен өсуі. Бұдан коғамдық өнімді шығаруға уақыт аз жұмсалады. Рекреациялық іс-әректтің өсуінің басты факторы еңбекшілердің бос уақытының көбеюі.

Рекреацияның материалдық алғы шартты транспорттағы прогресс болып табылады.

Рекреациялық миграцияның өсуінің тағы бір факто­ры, ол ірі индустриалды орталықтар және жаңа өндірістік жағдайдағы халықтың араласуының жағымсыз салдары. Бүгінгі таңда ішкі және халықаралық туризм тек белгілі көрініс емес: бұл тәжірибе негізінде жасалады. Оған негізгі және қосымша ғылыми зерттеулер қажет.

Қазіргі кезде рекреациялық миграцияның өсуі_өте жоғары. Көптеген елдерде тұрғын халықтардың санынан келген туристердің сандары артық болады. Мыс: Австрияға 9 млн. турист барса, жалпы халқы - 7,5 млн. адам, Швейцарияға — 7 млн., халкы 6,2 млн. адам, Багам аралдарына- 1,5 млн. турист барса, халқы 150 мыд адам, Испанияға 60 млн турист барса, халқы 40 млн. адам. Рекреациялық миграцияның қаркынмен өсуі салдарынан жаңа жене қиьн міндеттерді шешу туады, яғни ең бірінші әлеуметтік-экономика-лық тәртіпті ғылыми қарастыру. Рекреацияның негізгі міндеті - қоғамның әр мүшесінің физикалық және психологиялық күшін қалпына келтіру және дамыту, оның рухани әлемінің жанжақты дамуы. Рекреация - дамыған социологиялық қоғамның саяси бөлінбейтін белігі.

Қазірге дейін ғылымда рекреацияның қоғамдық функциясының классификациясы жоқ, бірақ оларды мынандай топқа бөлуге болады: медикобиологиялық, әлеуметтік, мәдени, экономикалық.

Медикобиологиялық функция - санитарлы-мәдени емдеу және сауықтырудан түрады. Туризм арқылы сауықтыру жағдайы, яғни адамның өндірістік және өндірістік емес қажуын шешудің бір жолы болып табылады.

Әлеуметтік-мәдени функция - бұл рекреацияның алғы функциясының бірі. Мәдени және рухани қажеттілік -бұл өзіңді қоршаған әлемді және ондағы өз орныңды білу. Туризм адамның табиғатпен, мәдени-тарихи, әлеуметтік бағалылықтарын білуге, көруге, тек елінің емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзімен рухани байланысуына үлкен мүмкіндіктер береді. Көптеген социологтар рекреациялық іс-әрекет негізінен көңіл көтеру деп айтады. Өйткені көңіл көтеру - кіріс түсірудің тұрақты көзінің бірі.

Экономикалық функция — үлкен шаруашылық іс-әрекет сферасьн қалыптастыруға әкеп соғатын тауар және қызметке деген қажеттілік пен сұранысты қанағаттандыратын форма болып табылады.

Рекреацияның экономикалық функциялары ішінде халықаралық туризмнің маңызы жоғары.

Туризм экономикалық құбылыс ретінде XX ғасырдағы халықаралық деңгейде алғаш көрінді.

Көптеген елдер арасында келешектегі экономикалық байланыстардың бір түрі ретінде халықаралық туризмнің маңызы зор. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстар формасы ретінде өзгеше ерекшеленеді. Бұнда маңызды болып белгіленетіні, әлемдік рынокта сату-сатып алудағы заттар, яғни тікелей сыртқы сауда айырбасына байланысы жоқ заттар түседі. Қызметтер, яғни туристерге қонақ үйлерде тамақтануда, жорықта ұсынылатын қызметтер ретінде көрсетіледі. Мұнда тек тауарлар мен қызметтерді ғана сатып алмай, табиғи және мәдени тарихи рекреациялық ресурстар да пайдаланады. Халықаралық туризмнен түсетін валюталық түсім, ішкі туризмнен түсетін кіріс сияқты өзінің көрікті жерлеріне, территориялық шипалы орындарына жұмсалады.

Туризм халықаралық жолаушыларды тасымалдап, шетел валютасының көп мөлшерде түсуіне әсер стеді. Туристерді қабылдайтын ел туристтің товарға дегсн жергілікті және жекелеген бағасының арасындағы үлкен айырмашылықтан және осы товарларды экспорттағанда жүретін жалпы ба-ғадан белгілі мөлшерде пайда табады. Халықаралық туризмде шетел валютасын тезірек алудың да рольі жоғары. Бұнда рекреациялық тауарлар мен қызметтерді жарату, ішкі саудадағы сияқты несие түріндс емес, қолма - қол төлеу түрінде жүргізіледі. Ал шаруашылықтың басқа сферасьнда валюта түрінде пайда табу үшін көптеген жылдар керек.

Осыдан халықаралық туризм елдің ұлттық кірісінің деңгейіне және құрамына, оның төлем балансына елеулі әсер ететінін көруге болады. Сонымен қатар шетел туризмнің белгілі жағдайда дамуы елдің экономикасының қарқынды дамуына әсері мол.

1.Шетел туризмі - ауыл шаруашылығы да, өнеркәсіпте қолданбайтын ресурстарды пайдаланады, яғни туризм табиғатты пайдаланудың ауқымын кеңейтеді. Бұл рекреациялық ресурстарды пайдалану әсіресе пайдалы қазбалары шектеуші елдерде тиімді.

2.Шетел туризмінің жағымды жағының бірі, яғни басқа экспорттық салалардан айырмашылығы - ол валютаны алудың жылдамдығы.

3.Шетел туризмін дамытуда дәстүрлі экспортта сатыл майтын тауарлар мен қызметтер таратылады.

4.Көптеген экономистер халықаралық шетел туризмінің маңызы зор деп есептейді.



1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет