«Рекреациялық география» пәні бойынша



жүктеу 1.28 Mb.
бет3/6
Дата25.04.2016
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2

Лекция № 4


Тақырыбы: Рекреациялық мұқтаждық, рекреация іс-әрекетінің территориялық орны және қажеттілік бағыттары мен әдістері

(1 сағат)

Жоспар:

1. Іс әрекеттердің территориялық орны

2.Рекреациянық қажеттіліктің бағыттары

Пайдаланған әдебиеттер

а) негізгі

1.Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы,2004 ж.

2. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. Алматы, «Рауан», 1990 ж.

3. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана А-А Кайнар,1989

4. Николаенко Д.В. Рекреационная география. М., Владос, 2001

5. Царфис П.Г. Рекрационная география. СССР М. 1979

6. Назарбаев Н:А. Қазақстан – 2032. Алматы, 1998

б)қосымша

1. Ердавлетов С.Р. География туризма. А-А. Кайнар, 1989

2. Достопримечательные места Казахстана. Алма-Ата, Казгосиздат, 1959

3. Дүниежүзінің физикалық картасы

4. ТМД-ның физикалық картасы

5. Қазақстанның физикалық картасы

6. Қазақстанның физикалық атласы


Лекция мәтіні:
1.Қоғамдық іс-әрекет, топтық және жеке рекреациялық сұранымдары, адамның қажеттілігі объективті өмір жағдайынын тарихи жағымен айқындалады. Қажеттілікті қанағаттандыру, түгелдеу өнеркәсіпке, айырбасқа байланысты.

Рекреациялық қажеттіліктер адам қажеттілігі ретінде табылады. Оның уақытша таралу динамикасы мекеменің рекреациялық әрекетімен айқындалады.

Рекреациялық қажеттіліктер 2 деңгейде бөлінеді: қоғам, топ.

Қоғамдық рекреация — қажеттілігі ең басты орында. Оны физикалық және психикалық қажеттілік деп анықтауға болады.

Топтық рекреация - қажеттілік әлеуметтік және жасқа байланысты болып бөлінеді. Арнайы рекреация - сұраным көптеген рекреациялық сабақтар, сонымен қатар ден-саулықты жақсарту, айналаны танып білу, қиындықтарды жеңе білу, рухани байлықты қамтиды. Арнайы рекреация сұранымдары өзінің қалыптасуында әлеуметтік топтық рек­реация сұранымына және құрылымына әсер етеді.

Рекреациялық қажеттілік бағыттары мен әдістері

Рекреациялық қажеттілікті оқыту көлемі және құрылымы жағынан географиялық әдістің бір түрі. Рекреациялық қажеттіліктің бір түрінде географиялық ауданды таңдай келе адам немесе топ арнайы мақсатпен басқарылады.

Рекреациялық қажеттіліктің мынандай бағыттары бар: әлеуметтік, экономикалық, медициналық - биологиялық, демографиялық, әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және табиғаттану бағыттары.

Зерттеудің бағыттары:

1.Әлеуметтік-экономикалық фактор: өндіруші күштің даму деңгейі; сұраным көлемі және қызметіндегі өндіру деңгейі; демалу және туризм сферасындағы даму деңгейі; халықтың ақшалай кірісі; транспорттік инфрақұрылымының даму деңгейі; демалыс ұзақтығы; рекреациялық аудан мен маршруттардың жарнама және мәлімдеме құрылымы; әлеуметтік және маман құралы; мәдени өмір деңгейі; ұлттық салт-дәстүр.

2.Демографиялық фактор: урбандалу, халықтың санағы, жанұя құрамы.

3. Әлеуметтік — психологиялық фактор: мәдени және тіл табысу қолайлығы, мәдени өмір типі; әдемілік.

4. Медициналық - биологиялық фактор; халықтың денсаулық жағдайы.

5. Табиғи фактор: адам өмір сүру ортасы. Теңіз, тауға деген адамның географиялық ерекшелігі.

Экономикалық маңызды рекреациялық қажеттілік жаңа замандағы экономикалық дамудың қажеттілікті қанағаттандыруы болып табылады.

Медициналық-биологиялық аспект санаториялық-курорттық емделудің көлемі мен құрамына байланысты бо­лып келеді. Курортты аймақта емделу басым қамтылған рекреациялық қажеттілік болып табылады. Әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық зерттеу рекреациялық қажеттіліктердің әлеуметтік және арнайы түріне бағытталған. Әлеуметтік фактор жас жағынан есептегендегі топтар рекреациялық іс-ерекет процесінде арнайы талаппен айқындалады. Рекреациялық қажеттіліктердің әлеуметтік зерттелуі кешенді жүргізіледі. Олар мынандай түрлерге бөлінеді:

1) Статистикалық негізде дамудың жаңа тенденцияларын оқыту;

2) Халықтық анкеталық сұрақтарын өткізу;

3) Рекреациялық даму перспективасының гипотезасы;

Анкеталық сұрақтар территориялық анықталуына байланысты 2 ортада жасалады:

1) жұмыс орны мен тұратын жері.

2) демалу орны немесе туристік саяхат

Демалыс орнын белгілеуге: халықтың жасы әсер етеді. Сонымен қатар рекреациялық аудан және оның ерекшелігі жатады.

2. Рекреациялық география, оның құрылымы және классификациясы.

Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі түрінен таралады, ол адамның физикалық, психологиялық және рухани күшін қалпына келтіру және дамытудағы бағытталған іс-әрекет деп түсіндіріледі.

Адамның бос уақытындағы іс-әрекеті құрылмы жұмыс уақытынан кем емес. Әуелі одан да қиын, өйткені жұмыс уақытында адамға іс-әрекетті өздігінен таңдауға шек қойылған, жұмыс уақытында өнеркәсіптің технологиясы ұйымдастырылған.

Бос уақыттың негізгі 2 функциясын бөлуге болады: 1) адамның еңбек сферасымен тартылған және басқа қосымша жұмыстармен тартылған күшін қалпына келтіретін фун­кция; 2) рухани (мәдени, оймен, эстетикалық) және физикалық даму функциясы. Қалпына келтіру (психофизиологиялық) функцияға: тамақтану, ұйықтау, қозғалу кіреді. Да­му функциясына (рухани-интеллектуальды): сауықтыру, танымдық, қарым-қатынас жатады. Типология бойынша рекреакциялық іс-өрекетті негізгі типтегі іс-әрекетті қосатын 2 топқа бөлуге болады:

1)қалпына келтіру тобы: а)рекреациялық- емдік іс-әрекет; б) рекреациялық - сауықтыру іс-әрекеті.

2) дамыту тобы: а) рекреациялық — спорттық іс-әрекет;

б) рекреациялық - танымдық іс-әрекет.

Рекреациялық — емдік іс-әрекеті санитарлы-мәдени емдік тәсілмен қатаң белгіленетін іс-әрекеттер жүйесін құрайды: климаттық емдеу, батпақпен емдеу. Рекреациялық сауықтыру іс-әрекетінің типі әлдеқайда әр түрлі болып келеді. Бұнда: серуендеу, суға түсу, күн және ауа ванналары, ойындар, т.б. жатады.

Рекреациялық - спорттық іс-әрекеттер адамның физикалық күшін дамытуға бағытталған. Онда спорттық ойындар, желкеңді және моторлы су, шаңғы спорты, ұзақ жаяу жүру, биік тауларға шығу жатады.

Рекреациялық — танымдық іс-әрекетте адамның руха­ни дамуы қарастырылған. Бұл топқа: мәдени ескерткіштерді қарау, табиғаттың көріністерімен танысу жатады .1 Бұл рекреациялық іс-әрекеттер бір-бірімен байланысты және бір-бірін толықтырып отырады. Бұны рекреациялық іс-әре-кеттің циклі деп атайды.

Рекреациялық іс-әрекеттің өмірлік циклі географиялық аудандардағы рекреацияның түрінің және формасының кезектесуінен түрады. Рекреациялық іс-әрскеттің циклін олардың қоғамдық функциялары және технологиясына қарай да бөлуге болады: емдік, сауықтыру, спорттық және танымдық.

Рекреациялық іс-әрекеттің цикліндегі рекреациялық территориялардың құрамымен және оларды ұйымдасты румен тығыз байланысты.

Аудандық жоспарлағанда рекреациялық территорияның әр түрлілігі рекреанттық уақыт қорының негізінде ғана жасалады.

Рекреациялық іс-әрекеттің классификациясы

Рекреациялық іс-әрекеттің классификациясы және то­бы әр түрлі болып келеді. Көбінесе саяхаттық мақсаты, ұйымдастырудың мінезі, құқықтық статусы, саяхаттың ұзақтылығы және рекреанттың белгілі жерге келуі, мерзімі, рекреанттық қозғалу мүмкіндігі, оның жасы, іс-әрекетінің белсенділігі т.б. топтастырылады. Жалпы технологиясы және функциясы бойыша емдік, сауықтыру, спорттық және танымдық рекреациялық іс-әрекет деп бөлінеді.

Халықаралық практикада халықаралық туристердің келуінің мақсатын классификациялағанда конгерстік ту­ризм бөлініп шығады.

Елдік-мөдени рекреация негізінен эстетикалық емдік факторларымен ерекшеленеді: климат, минералдық бұлақтар, емдік батпақтар. Осыларға байланысты негізгі 3 топқа бөлінеді: климатпен емдеу, бальнеоемдеу, батпақпен емдеу. Олардың үйлесімділігіне қарай былай бөлуге болады: баль-нео батпақпен емдеу, бальнео - климатпен емдеу, климат -батпақпен емдеу, климат - бальнео - батпақпен емдеу.

Емдеу - курорттық рекреацияның жағдайы медико-биологиялық нормамен сәйкес болу керек.

Сауықтыру және спорттық рекреация - біршама әр түрлі болып келеді. Дүние жүзі бойынша ең әйгілісі суға түсу - жағажай демалысы. Егерде туристердің орташа саны жылына 6-8 мың болса, шетел туристерінің мөлшері 10-12 мың, ал теңіз туристері 15 мың құрайды.

Су жағасындағы жөне судағы демалысқа рекреациялык, іс-әрекеттің әр түрлері кіреді: суға түсу, күнге қыздырыну, жағажайда серуендеу, доп ойнау және су шаңғысы т.б.

Серуендік және кәсіптік-серуендік демалысқа ашық даладағы серуен, жағажайды қарау, жидек, саңырауқұлақ теру, теңіз малюскаларын жене т.б. табиғаттан теруді жатқызуға болады.

Маршруттық туризм - ол спорттық немесе қызықтаушылық болуы мүмкін, яғни сауықтыру мақсатында болады. Кедергілерді жеңу жағынан көбінесе жазықтық және таулы болып белінеді. Маршруттық туризм өлкетану туризмімен және жастардың патриоттық қозғалысымен тығыз байла­нысты.

Серуендік және спорттық жағынан болсын су туризмі жақсы дамыған. Ол түрінің құрамына: су - моторлы спорт, су шаңғы шорты, желкенді спорт т.б. кіреді. Сонымен қатар су асты спорттық туризмі әйгілі болып келеді, ондағы мақсат фотоаңшылық және теңіз андарына су асты аңшылық жасау.

Аңшылық туризм. Аңшылық саяхаттпен байланыс­ты, өйткені негізгі мақсаты материалдық қанағаттану емес, табиғатта демалу болып табылады. Туризмнің фото жөне кино аңшылығы танымдық туризмге жатады. Аңшылық ту­ризм жануарлар әлемін қорғау жағдайына байланысты шек-телген. Ол сонымен қатар шетел туризмінің жоғары бағалы түрінің бірі.

Тау-шаңғы — соңғы жылдары қарқынды дамуда. Жоғары дәрежеде қызмет көрсететін арнайы тау-шаңғы курорттары салынуда. Альпинизмде – көпшілік болып келеді. Танымдық рекреациялық - бұл мәдени-тарихи ескерткіштерді, архитектуралық ансамбльдерді және сонымен бірге жаңа ау-дандармен, елдермен, олардың этнографиясымен, фольклорымен, табиғи керіністерін жөне шаруашылық объектілерін көрумен шектеледі.

Халықаралық және ішкі туризмде конгрестік туризмнің, көрме, жәрмеңкесінің, спорттық жарыстардың, фестивальдардың өзіндік орны зор. Конгрестік туризм мамандармен ғалымдардың арасындағы халықаралық ғылыми техникалық байланыстардың кеңейуімен тығыз байланысты. Әр конгрестің мүшесінен түсетін валютаның кірісі жай туристерден түсетін кірістен 2-3 есе көп.
Лекция №5

Тақырыбы: Рекреациялық географияны зерттеу әдістері

(1сағат)

Жоспары:

1. Рекреациялық географияның ғылымдар жүйесіндегі орны

2. Рекреация пәні, объектісі
Пайдаланған әдебиеттер

а) негізгі

1.Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы,2004 ж.

2. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. Алматы, «Рауан», 1990 ж.

3. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. А-А. Кайнар.1989

4. Николаенко Д.В. Рекреационная география. М., Владос, 2001

5. Царфис П.Г. Рекрационная география. СССР М. 1979

6. Назарбаев Н:А. Қазақстан – 2032. Алматы, 1998

б)қосымша

1. Ердавлетов С.Р. География туризма. А-А. Кайнар, 1989

2. Достопримечательные места Казахстана. Алма-Ата, Казгосиздат, 1959

3. Дүниежүзінің физикалық картасы

4. ТМД-ның физикалық картасы

5. Қазақстанның физикалық картасы

6. Қазақстанның физикалық атласы



Лекция мәтіні:

Рекреациялық география географиялық таным мен қатар дамып отырды.

Географиялық таным өз кезегінде әр түрлі типтегі әлеуметтік-мәдени құрылымдардың теориясын игеру процесімен тығыз байланысты. Рекреациялық географияның даму ерекшеліктері мен онда қордаланған өзгерістерді ұғыну үшін, ғылыми ойдың дамуы мен территорияларды игеру эволюциясының жалпы заңдылықтарын ескерген жөн. Бұл байланыстардың бір-бірінен алшақтығына қарамастан бәрін осыдан бастаған жөн. Өйтпегенде біз өзінің мәнін жоғалта бастаған кеңестік рекреациялық географияның айтқандарын қайталаай береміз.

Географиялық таным мен рекреациялық географияның территорияларды әлеуметтік-мәдени игеру процесіне қатысты маңызды тезистерді келтірейік.

1. Географиялық таным мен географиялық ғылымның эволюциясы, әлеуметтік мәдени эволюциясымен айқындалады. Географияның негізгі зерттеу объектісі- кеңістік болғандықтан және оның ұйымдасуы әлеуметтік-мәдени жүйенің өзіндік тағдырына байланысты болғандықтан географиялық танымның теориялық және методологиялық жаңалықтары әртүрлі әлеуметтік – мәдени жүйелердің сыртында нашар қолданылуы мүмкін.

2. Географиялық таным мен география ғылымы нақты әлеуметтік –мәдени жүйенің жалпы стандарттарымен ғана емес сонымен бірге оның эволюциясының нақты ерекшеліктерімен де байланысты. Әлеуметтік-мәдени жүйенің жаңа кезеңі, географиялық танымның жаңа мақсаттары мен стандарттарын дүниеге әкеледі

Отандық географтардың стратегиялық мақсаты – географиялық ғылымды жаңа әлеуметтік –мәдени бағдарламаға сай және оның кеңістікті игеру облысындағы мақсаттарына сай етіп келтіру.

Рекрециялық географияның объекті мен пәнін анықтауда мына тезистерге тоқталған жөн.

1. Географиялық таным ол универсальды (әмбебап) емес. Ол әлеуметтік-мәдени территориялық құрылымдар мен тығыз байланысы бар. Сондықтан әрбір әлеуметтік-мәдени құрамалардың шеңберінде рекреациялық географияның объекті мен пәні туралы өзіндік түсінік қалыптасады.

2. Әрбір әлеуметтік-мәдени құрылымның өзінің эволюция логикасы бар. Сондықтан рекреациялық география ғылыим танымның бір бөлігі ретінде құрылымдардың бәрінде бірдей орын ала бермейді.Бұл әлдебір әлеуметтік-мәдени құрылымның дамығанын немесе дамымағанын көрсетпейді. Ол тек қана қажеттіліктің, танымның мынадай облысы – рекреациялық географиядағы көрінісі.

Бұл екі кезде рекреациялық географияның пәні мен объектісінің салыстырмалылығын ұғыну үшін маңызды. Пән мен объект бария халықтар мен уақыт үшін өзгермейтін әрі бірдей болып тұрғанда оны өзгертіп жіберер универсиальдылылықтан сақтандыру қажет.Рекреациялық география өзінінің орнын тек белгілі бір әлеуметтік- мәдени құрылымда ғана табады және рекраециялық географияның барша ерекшеліктері осымен айқындалады.

Әлеуметтік-мәдени қалыптасудың белгілі бір эволюция кезеңінде рекреациялық география сияқты таныс саласының қажеттігі туады. Оның негізгі зерттеу саласын анықтап беретін пайда болады. Бұл әлдебір әлеуметтік-мәдени құрылымның эволюциялық шеңберінде болып жатады.

Рекреациялық географияның зерттеу объектісі ол әртүрлі әлеуметтік-мәдени құрылымдардағы объкетілірі мен субъектілір болып табылады.

Рекреацияның объектілері олар – материалдық заттар, жүйелер, процестер және құбылыстар сондай-ақ адамдардың алуан түрлі рекреациялық іс-әрекетін жүзеге асыратын стандарттар. Бұл өзіндік рекреациялық әрекетке жасалған жағдай. Мұндай әрекеттер көптеген факторларға байланысты белсенді бола береді. Бірақ өзінше бір роль ойнамайды.

Рекреацияның субъектісі жергілікті әлеуметтік-мәдени құрылымның стандартының негізінде рекреациялық әрекеттегі адамдар. Әлеуметтік- мәдени сипаттағы стандарттар әлеуметтік –мәдени жүйенің эволюциялық ішкі логикасына сүйенеді.

Рекреациялық іс-әрекет дегеніміз- адамдардың өз әлеуметтік-мәдени жүйесінің стандарттарына сәйкес өздерінің күш-қуатын қалыпқа келтіру бағытындағы әртүрлі іс-әрекеттері бұған рекреацияның тәуліктік, апталық кварталдық, жылдық, өмірлік циклы қосылады.Оның бәрі бірдей географиялық зерттеу пәні бола бермейді. Бірақ олар рекреациялық әрекеттердің көрінісі.

Әлеуметтік-мәдени жүйе әлеуметтік-әлеуметтік-мәдени құрылымының бір түрі әлеуметтік-мәдени жүйе жалқы бар территориялардың негізгі бөлігі мен дүние жүзінің халқын білдіреді. Оған тән-үлкен территориялар, халқының санының едәуір болуы кеңістікті игеретін өзіндік стандарттарға ие.
Лекция №6

Тақырыбы: Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары мен принциптері.

(1 сағат)

Жоспар:

1. Әлеуметтік-мәдени бірлестіктердің түрлері,кеңістік

2.Әлеуметтік-мәдени уақыт және оны бөлшектеу.

3.Әлеуметтік-мәдени процестер және география ұғымы


Пайдаланған әдебиеттер

а) негізгі

1.Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы,2004 ж.

2. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. Алматы, «Рауан», 1990 ж.

3. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана А-А Кайнар,1989

4. Николаенко Д.В. Рекреационная география. М., Владос, 2001

5. Царфис П.Г. Рекрационная география. СССР М. 1979

6. Назарбаев Н:А. Қазақстан – 2032. Алматы, 1998

б)қосымша

1. Ердавлетов С.Р. География туризма. А-А. Кайнар, 1989

2. Достопримечательные места Казахстана. Алма-Ата, Казгосиздат, 1959

3. Дүниежүзінің физикалық картасы

4. ТМД-ның физикалық картасы

5. Қазақстанның физикалық картасы

6. Қазақстанның физикалық атласы


Лекция мәтіні:

Біз осы рекреациялық география курсында пайдаланылатын ұғымдар мен терминдерді анықтап алғанымыз дұрыс.Бұл әрине қиын жұмыс.Біз барлық терминдердің атауын атап түсін-түстеп,түпкі мәніне үңіліп жатуы негізгі мақсат етіп алған жоқпыз. Себебі біздің мүмкіндігіміз шектеулі.Бұл жерде ең маңыздысы қолда бар, ұсынылып отырған анықтамалардың негізінде қарастырылатын құбылыстарды,жүйелер мен процестерді нақты түрдеажырату болып табылады.

Жалпы негіз ретінде бұл тақырыпта (жалпы курс бойынша)әлеуметтік-мәдени жүйелер теориясы алып қарастырылады.Бұл теория территорияларды әлеуметтік-мәдени тұрғыдан игеруді көрсетеді.Рекреациялық белсенділік әлеуметтік-мәдени құрылымдардың өмір сүруі мен территорияларды игерудегі тұтас процестің жеке оқиғасы ретінде көрінуі мүмкін.Рекреациялық географияны өзге де теориялық базада құрастыруғада болатын шығар,бірақ бұл тек болжам ғана.Осы күнгі құрастырылған рекреациялық географияда әлеуметтік-мәдени жүйе теориясы ғана бар.Сондықтан рекреациялық геогрфия курсын құрастырып, оқитын кезде осы теорияға сүйенгеніміз жөн.

1.Әлеуметтік-мәдени жүйе эволюцияда басымдық танытатын әлеуметтік-мәдени бірлестіктің түрі.Ә.М.Ж-ге қоныстанылған территориялар мен дүние жүзі халқы кіреді.Ә.М.Ж -ге үлкен көлемдегі территориялар мен халықтың көптігі мән,кеңістікті мемлекет пен қоғамды ұйымдастыруда шынайы старттарға сүйенеді және сонымен қатар оны өзге де әлеуметтік-мәдени бірлестіктерден ерекшеленіп тұратын өзінің көптеген таптырмайтын ерекшеліктері бар.

Ә.М.Ж.негізгі қасиеттері мыналар:

1.өзінің жаңа территорияларды әлеуметтік-мәдени қайта өңдеу арқылы кеңейту мүмкіндігі.

2.өзгеде Ә.М.Ж.қорғану үшін өзінің кеңістігінің күрделі құрылымын, ішкі буферлік зоналармен қабыстыра алу мүмкіндігі.

3.Жеті кезеңнен тұратын ,территорияларды әлеуметтік –мәдени өңдеуден өткізетін толық цикліне ие болу.

4.Ә.М.Ж.ішкі даму логикасына сәйкес қолданылып жүрген ішкі заңдылықтардың , сыртқы фактордан басым болуы.

5.Территорияларды әлеуметтік-мәдени қайта құру процесінде табиғи тәуелді бассалдарды құра алу қабілеттілігі.

6.Әлемдік діндерді немесе жергілікті вариантын ұстану.

7.Өзінің ноумлендінен тыс жерлерге өз тілін тарата білу.Бұл ең алдымен ішкі буферге және табиғи тәуелді бассалдарға қатысты.

8.Өз экономикасының беріктігі мен өз-өзін қамтамасыз ете алу.

9.Осы Ә.М.Ж-ден тыс жерлерде жоқ .Тұрақты әрі қайталанбайтын экономикалық стандарттар мен формаларды жүзеге асыру мен өмірлесділігін қамтамасыз ету. Әрқайсысы эволюцияның жеті кезеңінен өтетін сегіз Ә.М.Ж.бөлігі алынды. Сонымен қатар әрбір кезеңде Ә.М.Ж.өзіне тән нақты формаға ие болады.Сондықтан Ә.М.Ж.-ң түрлі 56 сыртқы формасы бар.

Әлеуметтік-мәдени орта бұл да әлеуметтік-мәдени бірлестіктің бір түрі,бірақ көптеген принципті өзгешеліктерге еге.Оған тұрақтылық пен өміршендік,өзіне тән экономикалық,әлеуметтікк және мәдени формалардың болуы тән. Ә.М.Ж.-ден негізгі айырмашылығы : өзінің геоумлендіне жаңа кеңістікті өңдеп кіргізе алмауы.Ә.М.Ж.жүргізетін кеңістікпен жұмыс істеу әдісі қолданылмайды. Мұның нәтижесі ортаның конеервациялануына алып келеді.Олар өз кеңістігін өзгертпейді,әрі өздері де ұзақ уақыт бойы эволюцияға ұшырамайды. Оған дәлел олардың территорияларының кішкентайлығы.Әлеуметтік-мәдени бірлестіктер мен процестердің қазіргі кездегі зерттелу деңгейінде Ә.М.Ж. мен ортаның кеңістікке қатысты ерекшеліктерінің қалыптасу себептерін анықтау мүмкін емес. Бірақ сонда да оларды детальді түрде сипаттауға болады.

Аралас әлеуметтік-мәдени аралас игеру регионы-бұл да әлеумттік мәдени бірлестіктің түрі.Әлеуметтік-мәдени басылымдық жоқ кеңістік.Мұнда әртүрлі әлеуметтік-мәдени бірлестіктер өмір сүреді.Әдетте бұл аудандар кеше ғана игерілген кеңістіктер болып келеді.Болашақта олар өзіндік әлеуметтік-мәдени орта қалыптастырыуы мүмкін.

Сыртқы әлеуметтік-мәдени буфер.Екі немесе одан да көбірек Ә.М.Ж.-ді бөліп тұру үшін құрылған,әлеуметтік-мәдени бірлестіктің бір түрі.Әдетте сыртқы буферлік зоналарӘ.М.Ж. мен тікелей көршілес болмай ,олардың ішкі буферлік зоналарымен көршілес болады.Сыртқы буферлік зоналар ерекше әлеуметтік-мәдени бірлестік ретінде ішкі тұрақсыздылығымен ,әрі өзі бөліп тұрған Ә.М:Ж.өмір сүру динамикасына тәуелділігімен сипатталады.

Бұған мысал ретінде Шығыс Еуропаны келтіруге болады. Ол Батыс жақ және Ресейлік Ә.М.Ж-ні бөліп тұр.

Табиғи тәуелді бассал.Өзінен үстемдік дәрежеде тұрған Ә.М.Ж-ден принципті айырмашылығы бар,бірақ ұзақ уақыт бойы әрі жүйелі түрде болған әлеуметтік-мәдени өңдеудің нәтижесінде оның бөлінбейтін бөлігіне айналған,өзінің халқы бар салыстырмалы тұтастай территория.

Бұл жерде ескеретін бір жәйіт-табиғи тәуелді бассалдардың мемлекеттік көлемі әртүрлі болуы мүмкін.Бірақ бұл олардың әлеум-мәдени сипатындағы басты ерекшелігі.

Анклав-қандай да бір Ә.М.Ж.-ң өзге әлеуметтік-мәдени бірлестіктің шеңберінде белгілі бір кеңістікте уақытша жетекшілік етуі.Анклавтардың пайда болу генезисі әртүрлі,әрі көбінесе Ә.М.Ж. даму динамикасының нақты ерекшелігіне байланысты.Анклавтар тарихи көзқарас бойынша өміршең емес. Ә.М.Ж.эволюциясының кезекті кезеңі анклавтардың тозып кетуіне себеп болуі мүмкін.

Өзге Ә.М.Ж.ішіндегі қауым –анклав. Өзінен-өзі бір Ә.М.Ж.-де қауіпті дәрежеде көбейіп өзге Ә.М.Ж.өмір сүріп отырған халықтың үлкен тобы. Олар өздерінің әлеум-мәдени стандарттарын сақтап отырады.

Қауым-анклавтың көбеюі табиғи өсім есебінен де,әрі халықтың

Болып есептейтін Әлуметтік-мәдени жүйеден механикалық миграция есебінен де көбейіп отырады.Оның классикалық мысалы:Солтүстік Американың қара түсті тұрғындары.

Өркениет-Әлеументтік-мәдени жүйеде кездесетін бірақ бәріне бірдей міндетті болып есептелмейтін территорияларды нүктелі Әлеу-мәдени игерудің бастапқы формасы.

Территорияларды көлемді түрде игергенде өз Ә.М.Ж.шегінде жойылып басқа форманы қабылдайды.Өркениеттер бір –біріне жабық болғанымен ,өз Ә.М.Ж.-нен жабық емес.БұлӘ.М.Ж.бастапқы формасы.Территорияларды көлемді игеруге өтудің себептері экологиялық дағдарыстар болуы мүмкін.Бұл территориялық белгілі бір деңгейде игерілгенін көрсетеді.

Экологиялық дағдарыстар территорияларды игерудің әлеуметтік мәдени процестердің жалпы шеңберінде қарастырыуы тиіс.

Лекция №7

Тақырыбы: Рекреациялық аудандастыру

(1 сағат)

Жоспары:

1. Рекреациялық аудандастырудың методикасы және принциптері

2. Аудандастырудың негізгі проблемалары

Пайдаланған әдебиеттер

а) негізгі

1.Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы,2004 ж.

2. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. Алматы, «Рауан», 1990 ж.

3. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана. А-А. Кайнар.1989

4. Николаенко Д.В. Рекреационная география. М., Владос, 2001

5. Царфис П.Г. Рекрационная география. СССР М. 1979

6. Назарбаев Н:А. Қазақстан – 2032. Алматы, 1998

б)қосымша

1. Ердавлетов С.Р. География туризма. А-А. Кайнар, 1989

2. Достопримечательные места Казахстана. Алма-Ата, Казгосиздат, 1959

3. Дүниежүзінің физикалық картасы

4. ТМД-ның физикалық картасы

5. Қазақстанның физикалық картасы

6. Қазақстанның физикалық атласы


Лекция мәтіні:

Аудандардың қалыптасуы ол объективті процесс болып табылады. Бұл прцесс территорияларды игерудің белгілі бір әлеуметтік –мәдени стандарты шеңберінде жүздеген жылдар бойы жүріп жатады. Адамдардың жаңа буыны өздеріне дейін жүргізіліп келген жұмысты жалғастырады.

Аудандардың қалыптасуының басты себебі - әлеуметтік-мәдени бірлестіктердегі территорияларды игеру болып табылады.Территорияны әлеуметтік- мәдени бойынша игеру- салалық және интеграциялық жасауға қолайлы аудандарды қалыптастырадың басты себебі. Осыдан игерілген аудандардың қандай да бір сала бойынша дамуы жолға қойылады.

Тұтастай бір кеңістікті игеру кезінде түрлі аудандар аралығы еңбек бөлінісі қалыптасады. Әлеуметтік- мәдени жүйенің кеңістіктігі біртұтас стандарт бойынша игеріледі. Егер өзге ауытқулар болатын болса олар стандартқа сай түзетіледі. Бірақ бұл территорияларды игеру бір қалыпты жүргізіледі деген сөз емес, әлеуметтік-мәдени жүйе-нің тұтастай кеңістігіндегі жекелеген аймақтарды игеру басқасынан ерекшеленуі мүмкін. Ал рекреациялық мақсатта игеру бұл жалпы процестің бір бөлігі ғана болып табылады.

Ауданды қалыптастыру кезеңінде осы территорияға белгілі бір функцияны шолу уақытша сипатта болуы мүмкін. Уақыт өткен сайын территорияның функциясы өзгеріп отыруы мүмкін. Бұл әрине әлеуметтік-мәдени жүйеніңтұтас кеңістігін игеру барысына да тәуелді болуы мүмкін.

Территорияны бастапқы кездегі игеру мен оның белгілі бір қызмет саласына мамандануы – бұл өте қиын процесс. Жерді игеру қажеттілігі басқа факторлардан әрине басым болып тұрады. Мысалы, ХІІІ ғ-ң басындағы Ресейдің жаңа астанасы –Санкт-Петербургты салу қолға алынғанда ол көптеген кедергілерге душар болды.

Рекреациялық аудандарды қалыптастыру – бұл жалпы аудандардың қалыптасуындағы жеке оқиға болып табылады. Ол территорияларды игерудің белгілі бір типіне байланысты болып, рекреациялық функцияны атқарады. Осылайша әлеуметтік-мәдени жүйе ішіндегі кеңістікте игерілетін аудандар арасында еңбек бөлінісі қалыптасады.Нақты тарихи жағдайға байланысты территоияның рекреациялық жағынан мамандану процесі түрлі мерзімді қамтуы мүмкін. Мұндай процестердің ерекшелігі көптеген факторларға байланысты болуы мүмкін. Мысалы, Қазақстанның Оңтүстік Шығысы мен солтүстікіндегі таулы орманда (Алматы, Көкшетау) аудандардың бастапқы рекреациялық мақсақа бейімделуі 50-60 жылға созылуы мүмкін. Дәл осындай мысалды Қырым түбегіне де қатысты айтуға болады. Одан кейін территориялық мақсатқа бейімделіп болған соң, 50 жыл бойы рекреациялық мақсатта маманданудың интенсивті дамып жүруі мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды рекреациялық ауданның қалыптасуы көп уақытты алуы мүмкін. Бірақ рекреация сол ауданның шаруашылығында жетекші бола алмайды.

Территорияларды рекреациялық мақсатта игеру ол сирек кездесетін құбылыс. Бірақ тұрақты қайталанып отырады. Әдетте территорияны рекреациялық игеру ішкі буферлік зонаға бекітілген болып шығады да, ал игерілу уақыты бойынша, территорияларды бастапқы интенсивті түрде игеруге сәйкес келіп жатады. Территорияны қысқа уақыттың ішінде жаңа стандарттарға сай етіп игеру қажеттігі туындаса рекреацияның даму ең тиімді жол бола алады. Қысқа уақыт ішінде алыстағы территория адамдарымен қоныстандырылып коулендтен халықтың қосымша легі алдырылыады. Мұндай процесс кешегі отаршыл мелекеттердің өзге территорияларда отарлап алуында көрініс тапты. Оған мысал ретінде Еуропалықтардың Солтүстік Американы, орыстардың Сібір мен Қазақстанның топырағы құнарлы солтүстігі мен шығысын жаппай қоныстануынан көруге болады.Рекреациялық жағынан мамандауды анықтау процесінің созылуы әр түрлі мерзімді қамтуы мүмкін. Бұл прцестің нақты ерекшеліктері әртүрлі факторларға байланысты болуы мүмкін.

Рекреациялық аудандардың қалыптасу процесін жалпы түрде мынадай етіп сипаттауға болады.

Бірінші кезең игерілмеген, бірақ әлеуиеттік-мәден жүйе үшін стратегиялық жағынан маңызды рекреациялық ресурстарға бай территориялар болады. (Әрине бұл үшін хаулендтен – қарапайым табиғи ерекшелік жеткілікті болса болды). Мұндай территориялар қысқа уакытқа әлеуметтік-мәдени жүйе шеткі жағында орналасып, кейінірек ішкі буферлік зонаға айналып жатады. (Мысалы Ресей үшін Кавказ бен Орта Азия, Қазақстан)

Екішні кезең – жаңа рекреациялық ауданның өсу кезеңі басталады. Қалың бұқараның санасында игерілген ауданның рекреациялық ресурстарының ерекщелігі туралы ұғым қалыптасады. Территорияларды бастапқы (пионерлік) рекреациялық мақсатта игеру –емдік мақсаттағы курорттардың дамуымен басталады. Ол алғашқы кезде сол әлеуметтік-мәдени жүйенің қалталы азаматтарын өздеріне тарта бастайды. Әлеуметтік-мәдени жүйенің атақты адамдарын бірінші басшылырын жаңа рекреациялық ауданды әйгілі ету үшін шақырып демалдыру кең етек жайған. Рекреация хаумлендпен халықтың біраз бөлігін өзіне тартады. Олардың көп бөлігі сонда тұрақты тұрып қалады. (Қырымның мысалы).




1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет