«Рекреациялық география» пәні бойынша



жүктеу 1.28 Mb.
бет4/6
Дата25.04.2016
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2

Лекция №8


Тақырыбы: Республикамыздағы көрікті жерлер

(1 сағат)



Жоспар:

1.Іле төңірегі және Солтүстік Тянь-Шань

2.Жаркент-Талдықорған және Солтүстік Жоңғар
Пайдаланған әдебиеттер

а) негізгі

1.Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы,2004 ж.

2. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. Алматы, «Рауан», 1990 ж.

3. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана А-А Кайнар,1989

4. Николаенко Д.В. Рекреационная география. М., Владос, 2001

5. Царфис П.Г. Рекрационная география. СССР М. 1979

6. Назарбаев Н:А. Қазақстан – 2032. Алматы, 1998

б)қосымша

1. Ердавлетов С.Р. География туризма. А-А. Кайнар, 1989

2. Достопримечательные места Казахстана. Алма-Ата, Казгосиздат, 1959

3. Дүниежүзінің физикалық картасы

4. ТМД-ның физикалық картасы

5. Қазақстанның физикалық картасы

6. Қазақстанның физикалық атласы


Лекция мәтіні:

1. Іле төңірегі.

Іле Алатауы—ең әдемі көрікті жер, көптеген көлдері бар. Соның ішіндегі ең ірісі Үлкен Алматы көлі. Көлдің айналасы дем алуға өте қолайлы табиғатымен ерекшеленеді. Іле Алатауы Тянь-Шань тауларының жалғасы батыстан шығысқа қарай 300 шақырымға созылып жатыр. Ені 30-40 шақырым жіңішке, Түрген өзендері басталады. Осы Іле Алатауының етегінде Алматы қаласы орналасқан. Іле Алатуы көптеген тау аңғарларымен сайлар-мен бөлінген. Олар: Ремезовка, Каменское плато, Горельник, Қотырбұлақ, Шымбүлақ, Мыңжылқы, Горный садо-вод. Кіші Алма­ты аңғары жақсы игерілген. Халықтар қоныстанған елді мекендер көп.



Алматы қаласы - ең әдемі жері 25 қабатты Қазақстан қонақ үйі,. Республика сарайы, 5 жүлдызды Рахат-Паласс, Анкара қонақ үйлері, Абай Құанабаев ескерткіші Көктөбе ауылына шығатын аспа жол. Ал Алматы маңында түгелдей дем алуға қолайлы көптеген: демалыс үйлері, санато-рийлер, кафе, ресторандар орналасқан.

Медеу - әлемге әйгілі биік таудағы спорт кешені, қонақ үйі, ресторан орналасқан.

Шымбұлақ - тау шаңғы базасы. Халықаралық жарыс болып тұрады. Үлкен Алматы аңғары - Үлкен Алматы өзені айналасы түгелдей қалың емен арасында Алматы де­малыс үйі орналасқан. Үлкен Алматы көлі 2500 м теңіз деңгейінен биіктікте орналасқан. 38 м тереңдігі суы мөлдір, та­за Үлкен Алматы өзені келіп құяды да, ағып шығады. Та­ры бір көрікті жер - Талғар аңғары. Талғар қаласы алма бағы, өрігі, қарақат, қайың, емен аралас баулары ерекше орын алады. Есік езенінің аңғары бау-бақша табиғаты әсем көрікті жер Есік көлі бар. Шырша, қарағай, қалың еменге бай. Түрген аңғары. Түрген ауылы Аса жайлауы, бау-бақша, жүзімдіктерге, жабайы өрікке бай. Түрген аңғары шыршалы Қарағайлы белдеуі басталатын аңғар. Бұл жерде белгілі Тау-Түрген демалыс орны бар.Іле өзені бойында Қапшағай су қоймасы салынған.

Солтүстік Тянь-Шань.

Аудан туралы айтатын болсақ, оның таулы аймағынан бастаймыз.

Бұл таулы аймақ орталық Азияда орналасқан. Ба­тыс бөлігі Қазақстан мен Өзбекстанда. Шығыстан батысқа қарай 2500 км, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км со­зылып жатыр. Жоғарғы нүктесі: Хан-Төңірі (6995 м). Табиғаты жағынан Орталық Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань Шығыс Тянь-Шань және ішкі Тянь-Шань болып бөлінеді.

Солтүстік Тянь-Шаньға Іле Алатауы мен Күнгей Ала­тау және Шелек өзені кіреді.

Солтүстік Тянь-Шань таулы аймағындағы ландшафт түрлері қалың мұздықпен созылған және аппақ қармен өрнектелген; әр түрлі түстегі альпі егістігі, ну орманды Тянь-Шань шыршалары жатады. Талғар бассейн өзендері Алма­ты қорығында орналасқан.

Солтүстік Тянь-Шань ерекше ең жоғарғы сатыда таулы туризмде ең басты орын алады. Олардың жаяу жүруден, суда жүзулерінен және шаңғы тебу туризмдерінен әйгілі.

Солтүстік Тянь-Шань таулы аймағында 10-нан аса спорттық туризм түрлерін өткізуге болады.

Бұл аудан өзінің табиғат сұлулығымен ерекшеленеді.



2.Жаркент Талдықорған.

Жаркент ~ Талдықорған ауданы Қаратал өзені жағасында, Жоңғар Алатауында орналасқан.

Жаркент - Талдықорған ауданының басты өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсы. Балхаш көліне құяды, "Жетісу" (Семиречье). Ірі көлдері: Балхаш, Алакөл (тұщы), Сасықкөл.

Тауларда минералды бұлақтары (курорты), демалыс орны Қапал-Арасан бар.

Шөл және шөлейттер тау қыраттарын түзеді. Жоғарғы 1200 м биіктікте орман парктер түрі, 1700 м биіктікте қалың орман, альпі егістіктері орналасқан алты табиғи қазбалары бар.

Алакөл көліне қарай ағатын Тентек, Жаманты, Ырғайты өзендері, онда Биен және Шілікті өзендері құмда тартылып қалады.

Құмды дала жазықтарына — еремен шөбі, жүзгіш шөптер қыста қар астында жататын шөптер. Секееуіл құмды тікенектер ең үлкен алаңды алып жатыр. Ал көлдермен өзендер жағасында - ну орман, үлкен жапырақты ағаштар.

Өзеннен кейін тау етегі 600-700 м жартылай шөлейт, құрғақ, тікекенекті далалар бар. Тау етегінен кейінгі жағындағы ұзындығы 1250-1300 м тікенек далалары, үлкен қайың және алма бақтары, Тянь-Шань шыршасы бар және де альпі фиалкалары, осакалары жаздың ыстық кезінде –жайлау!

Ормандары 3,2% территориясын алып жатыр. Ор­ман маңында қасқыр, түлкі, қоян, кеміргіштер және жертеселер жүреді. Көл, өзен жағалауында қабан, ондатрлар, таулы бөліктерінде - қоңырқай аю, борсық, тау ешкі, ар-қар, марал кездеседі. Ал құстардан —үйрек, қазы, аққулар да кездеседі. Суларында сазаңдар.балық түрлері бар.

Жаркент - Талдықорған ауданында тарихи ескерткіш "Алтынемел" кешені. Бұл жерде қазақтың бірінші саяхатшысы Шоқан Уәлихановқа арналған ескерткіш бейіт орналасқан.

Талдықорған ауданының орталығы Талдықорған қаласы болып аталды. Бұл қала 1868 жылы орнап, 1920 жылы Гавриловка селосы болған. 1944 жылы Талдықорған қаласы атанған.

Солтүстік Жоңғар.

Жоңғар Алатауы таулы аймақтағы Орталык Азияда, Оңтүстік Шығыс Қазақстанда, Қытайда орналасқан. Солтүстігі —Балхаш, Алакөлге, оңтүстігі Іле өзенінің, Балхаш көліне қүятын жеріне дейін келеді.

Орналасқан жері жартылай шөлейт пен егістік солтүстік аймағына қарай ұзындығы 1200-2000 м орманды белдеу. 2600 м жоғары субальпілік және альпілік егістіктер орналасқан. Ландшафтары өте көп, пайдалы. Солтүстік Жоңғар Алатауында пайдалы қазбалары бар. Жаркент - Арасан, Қапал - Арасан курорттық жерлеріне бай. Маршрут пунктері - Талдықорған қаласында. Басты пунктері маршруттардың солтүстікте автожолдары Талдықорған - Қызылағашта, жолында Биен, Ақсу, Сарқанд өзендері ұзындықтары 30-50 км; ал батысында ең басты пункті - Текелі қаласында, жо­лында өзендері Көктал, Көксу ұзындықтары 100 км.

Солтүстік Жоңғар аудан орманы Тянь-Шань шыршасынан тұрады және де биік өте биік тауларында қар мен мұздықтар жатыр. Егістіктерінде сирек кездесетін ақ-жасыл түсті эдельвейс гүлін кездестіруге болады.

Солтүстігі аңдарға кедейлеу, сүйтсе де ол жерде биікте тау ешкі, аю және барысты көруге болады.

Солтүстік Тянь-Шаньның базасы Арасан Қапал жеріндегі пайдалы қазбалар мен курорттар ұйымдастырылған.

Арасан - Қапал, Жоңғар Алатауында орналасқан. Ку­рорт - бұл жасыл жапырақты шыршаларымен, орманды демалыс орнымен көрікті. Орасан зор жазықтары жасыл кілеммен қапталған, алаңдарына серуендеп жүруге, дема-луға, қанайналым, нерв жүйесі ауруларын емдеуге әсері орасан зор.
Лекция №9
Тақырыбы: Республикамыздағы көрікті жерлер (жалғасы)

(1 сағат)

Жоспар:

1.Жоғарғы Бұқтырма

2.Медеу спорт кешені

3. Шымбұлақ тау шаңғысы базасы


Пайдаланған әдебиеттер

а) негізгі

1.Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы,2004 ж.

2. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. Алматы, «Рауан», 1990 ж.

3. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана А-А Кайнар,1989

4. Николаенко Д.В. Рекреационная география. М., Владос, 2001

5. Царфис П.Г. Рекрационная география. СССР М. 1979

6. Назарбаев Н:А. Қазақстан – 2032. Алматы, 1998

б)қосымша

1. Ердавлетов С.Р. География туризма. А-А. Кайнар, 1989

2. Достопримечательные места Казахстана. Алма-Ата, Казгосиздат, 1959

3. Дүниежүзінің физикалық картасы

4. ТМД-ның физикалық картасы

5. Қазақстанның физикалық картасы

6. Қазақстанның физикалық атласы


Лекция мәтіні:

1.Қазақстанның солтүстік шығысында 100 деген км-ге созылған Алтай тау жүйесі жатыр.

Мұнда әдемі ландшафт Бұқтырма жазығы ерекше, өте үлкен территорияны алып жатқандықтан, көпке дейін Бұқтырма өлкесі деп аталып келді. Бұл аймақ 1600 км шаршы алып жатыр. Оның негізгі су тамыры Бұқтырма өзені, басын Табын-Богдо жотасының мұздығынан алады. Оның негізі бір саласы Ақ Берел өзені. Бұқтырма өзені Алтай жоталарын шығыстан батысқа қарай 400 км тілімдей ағады.

Мұнда ландшафт биіктен төмен қарай бірте-бірте өзгеріп отырады. Оның тау бастарында жалаңаш құздар мен шындар, мәңгі қар. Одан кейін ылғалды алъпі шалғындары. Бұдан кейін қылқан жапырақты ормандар, оның жоғарғы шекарасында самырсын, төменгі жағында қарағай, осы екеуінің аралығында шырша, май қарағай тараған. Жоғарғы - Бұқтырма аудандарында табиғаттың сұлу жерлері — Марқакөл көлі және Марқакөл қорығы, сонымен қатар әйгілі Рахманов бұлағы орналасқан.

Алтай өңірінің халқы Марқакөлді бүкіл аймақтағы сұлулықтың патшасы дейді. Көлдің суының мөлдірлігі сонша 6-7 км терендікке дейін түбі анық көрінеді, солтүстігінде теңіз деңгейінен 3000 км биікте орналасқан Күршім жотасы, оңтүстігінде Азутау жотасы, биіктігі 2385 м.

Табиғат түстерге бай, тік жоталары орманмен жабылған. Өзен маңында сібір шыршасы, қайындар және т.б. ағаш түрлері өседі. Мұнда ағаштың 19 түрі өседі. Бұталардан - қоңыр итмүрын, таңқурай, қара және қызыл қарақат т.б. өседі.

Көлде және оның маңында жануарлар әлемі әртүрлі. Мұнда жануарлардың 200 түрі кездеседі. Олардың ішінде - қоңыр аю, сілеусін, тиын, марал, сары түлкі, және балықтардың көптеген түрлері.

Марқакөлде бір рет болған адам, өмір бойы оның жағасын, ағаш сыбдырларын, мөлдір таза өзен ағыстарын, қар самалын ұмытпайды.

Рахманов бұлағы - Оңтүстік Алтайдың бірден бір сұлу бөлігі. Бұл бұлақтың ашылуы аяқ астынан болған. Бұдан 200 жыл бұрын аңшы Рахманов тауда бір маралды аяғынан атып алады. Сол күні жаралы маралмен бірге тау ішінде аңшы қонып қалады. Таңертең тұрса, жараланған мара­лы жоқ, жан-жағына қарап, жақын жерде бұлақтың ағып жатқанын көреді. Рахманов бұлаққа келіп, сол жерде жа­ралы маралдың аяғы бұлақ суына салынып, жазылып, маралдың қашып кеткенін байқайды. Рахманов өзіне ыстық бұлаққа тәжірбие жасауды жөн көріп, көп жылдан бері ревматизммен ауырған аяғын 3 күн бұлақ суына салып, аяғының жазылғанын сезеді. Содан бері қарай бүкіл осы маңда тұратын халықтар емдік қасиеті бар бұлақты "Рахманов бұлағы" деп атап кеткен. Қазір мұнда көптеген ауруларды ем-дейтін "Рахманов бұлағы" курорты жұмыс істейді.

Алтайдың қақ жүрегінде теңіз деңгейінен 1760 м биіктікте, сұлу екі көлдің аралығында орналасқан.

Алтайдың ең биік нүктесі - Ақтау (4506м), мүнда Алтай қарағайы, күнмен шағылысқан сарқырамалар, таудың таза ауасы, қылқан жапырақты ағаштардың және альпі шалғынының түрлі шөптерінің тамаша иістері ерекше. Мұнда көптеген сүйек аурулары, тері аурулары, бұлшық ет аурулары, жұлын, радикулит, нерв системалары аурулары әртүрлі ыңғайлы ванналарда емделеді.

Рахманов бұлағы қазіргі химиялық классификация бойынша азотты - кремнилі минералды топқа жатқызылды, ол өзінің суының құрамы жөнінен "Белокурихи" және "Цхалтубо" санаторийілерімен ұқсас, бірақ олардан емдеу күші жөнінен біраз ерекшеліктері бар.

Радон суларын ішу арқылы асқазан - ішек аурула­ры, асқазан жараларын емдеуге болады. Климаты арқылы кептеген ауруларды: жоғарғы тыныс алу жолдарын, астма, қан аздықты емдеуге болады. Санаторий емдеу корпустарында, асхана және коттедждерде барлық жағдайлар жасалған. Екі қабатта екі, төрт адамдық нөмірлер бар, мұнда көбіне жанүясымен демалуға келгендер демалады. Демалыс үйінің "қонақ үйі" бар. Демалушыларды демалы үйінің асханасы үш уақыт тамақпен қамтамасыз етеді. Әсіресе, мұн-да демалушылар ұлттық тамақты қалайды. Демалушыларға санаторийде қайықты аттарды жалға береді, спорт алаңы бар. Қыста шаңғыларды жалға береді.

Табиғатпен сырласу жөне "тірі су" адам денсаулығын қалпына келтіреді және ұмытылмас сезім қалдырады. Басқа санаторийлермен салыстырғанда, бағасы біраз төмен. Жолды қоса есептегенде санаторийге бару 21 күн. Санато­рий Өскеменнен 480 шақырым қашықтықта орналасқан. Автобус санаторийге Өскеменнен жүреді.

Қатон - Қарағай селосында көрікті жерлердің бірі -Бұқтырма өзенінің орта ағысы жазығында, оңтүстігінде Сарымсақты жотасына дейін жетеді, биік шындары қар басқан. Қатон - Қарағайдың түзу, жасыл көшелерін бойлай аққан арықтар Оңтүстік Қазақстанның жерлерін еске түсіреді.

2.Медеу спорт кешені.

Іле Алатауының солтүстік баурайында жасанды мұз айдыны бар әлемдегі ең ірі қысқы спорт кешені. Кіші Алматы өзенінің Медеу қонысына иек артқан жерінде, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте, Алматының орталығынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнда 1951 жылы ақ-панда еліміздегі түңғыш биік таудағы мұз айдыны жұмыс істей бастады, бірақ оның жұмысы тек томенгі температураға байланысты еді (жылына 2-2,5 ай істейтін). Таудың таза ауасы, жарқыраған күн, тұзсыз тау суының мөлдір мұзы конькишілердің көрсеткіштері жоғары болуын қамтамасыз етеді. Онда коньки жене хоккей ойындары өтетін жасанды мұз айдыны (ауданы 10,5 мың км шаршы) 12,5 мың орындық трибуна, трибуналардың астыңғы жағында көптеген бөлмелер (оның ішінде қызметке арналған, қонақ үй, гардеробтар, буфеттер, пресса орталығы, кинозал т.б.) орналасқан. "Медеу кешені" жанында жүзу бассейні, түрлі спорт аландары, (жарыстан кейін организмді қалпына келтіру) орталық жұмыс істейді.

"Медеу" - Алматылықтар мен қала меймандарының демалатын орны.

Шымбұлақ тау шаңғы базасы .

Тау шаңғысының спорттық базасы "Медеу" спорт кешенінен 4,5 км жерде, Іле Алатауында, теңіз деңгейінен 2300 м биіктікте орналасқан. Еліміздің тау шаңғысы спортының негізгі орталықтарының бірі. 1955 жылдан жұмыс істейді. Алғашқыда онда спортшылар үшін салынған бірне-ше шағын үйлер, ұзындығы 1500 млік бір бөгет көтеріліп болды. Кейін Шымбұлақ шатқалының беткейі тау-шаңғы спортынан Бүкіл Одақтық және Республикалық жарыстар өтетін орынға айналды 1976-83 ж. базаға күрделі қайта жөндеу жүмыстары жүргізілді. 200 орынды қонақ үй корпу­сы, инженерлік коммуникация салынып, "Медеудің" электр желісі тартылды. Жалпы ұзындығы 4330 м болатын төрт көтергіш сым арқан монтаждалды, мұның өзі тау шаңғышыларының Талғар асуындағы сөреге (теңіз дең- гейінен 3200 м биіктс) дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды.



Лекция №10


Тақырыбы: Республикамыздағы көрікті-тарихи жерлер

(1 сағат)

Жоспар:

1.Түркістан.

2.Сайрам-Шымкент
Пайдаланған әдебиеттер

а) негізгі

1.Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы,2004 ж.

2. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. Алматы, «Рауан», 1990 ж.

3. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана А-А Кайнар,1989

4. Николаенко Д.В. Рекреационная география. М., Владос, 2001

5. Царфис П.Г. Рекрационная география. СССР М. 1979

6. Назарбаев Н:А. Қазақстан – 2032. Алматы, 1998

б)қосымша

1. Ердавлетов С.Р. География туризма. А-А. Кайнар, 1989

2. Достопримечательные места Казахстана. Алма-Ата, Казгосиздат, 1959

3. Дүниежүзінің физикалық картасы

4. ТМД-ның физикалық картасы

5. Қазақстанның физикалық картасы

6. Қазақстанның физикалық атласы


Лекция мәтіні:
Ертеректе Республикамыздың оңтүстігінде, өте әдемі ел болды, ол Қазақстан Атлантидасы бай және гүлденген қалалары: Тараз, Отрар, Сауран, Түркістан, Фараб және т.б. Мұнда біздід эрамызға дейінгі I мыңжылдықта Ұлы Жібек жолы өтті, ал Тынық мұхитынан Атлант мұхитына дейін созылып жатты. Ертедегі аты аңызға айналған, өлкеге көптеген туристер баруды жөн көрді, өйткені өз Отанының тарихын білуге оның құм тастарымен жүруге, ол елдің халқын тереңірек білуге, көруге, әңгіме аңыз әндерін жазып, фотосуреттер түсіруге, ескерткіштер тұрғызуға барды.

Жамбыл бекеті (станция) дұрысырақ айтсақ, Тараз қазір өзінің ғасырлық атын қайтарып алды. Тараз - Талас жазығындағы көне қалалардың бірІ. Ол І-ші мыңжылдықтың басында пайда болган. Тоғыз жолдың торабында тұрғандықтан, ол жерден Ұлы Жібек жолы өткен. Х-ХІ ғасырда Орта Азияны Қарахан хандығы жеңгеннен кейін, Тараз жаңа мемлекеттің бір орталығының астанасы болады және өте тез гүлденуге жетеді. Дәл осы уақытта Таразда жоне оның маңында әдемі мавзолейлер бой көтерді, олардың екеуі аздап бұзылса да алғаш салынған қалпында бізге жетіп отыр. Айша Бибі мавзолейі және Бабаджа Хатун - біраз ертеректе салынған (X ғасыр) Айша — Бибі мавзолейі (Х-ХІ ғғ.) сырты ойылып өрнектелген, плиткалармен қапталған, қазіргі уақытта әйнекпен қапталған.

Тараздағы архитектуралық кешендер аз уақыттың ішінде туристерді өзіне тартатын қызықты орталықтардың бірі болмақ.

Түркістан қаласымен танысу ел алдымен мұсылман әлеміне әйгілі Ахмет Яссауи мавзолей - мешітінен басталды. XII ғасырда Шығысқа аты әйгілі көшпелі түрік халықтарының арасында ислам дінін насихаттаушы ақын Қожа Ахмет Яссауи өмір сүрді. XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында Ахмет Яссауи мен Ұлы Темір жерленген жерлерге археологиялық кешен тұрғызылады. Ол Шығыс архитектураның інжу маржаны болды және көптеген мұсылмандардың мінәжат ететін орнына айналды. Түркістан қаласының пайда болуының түп тамыры өте тереңде. Бүрын оны-Яссы деп атаған. Яссыға халықтың қоныстануын біздің эрамызға дейінгі 1-ші мыңжылдыққа жатқызуға болады. Түркістан атауы XV ғасырдың аяғында пайда болды. Орта ғасыр дәуірінен бастап ірі әлеуметтік саяси орталық болып тіркелді. Түркістан қаласы біздің Республикамыздағы XV ғасырлық тарихы бар бірден-бір қала.

XII ғасырдың I жартысында Сауран Ақ Орданың астаналық орталығы болды, оның билеушісі 1320 ж. қайтыс болған. Сауранда тарихта әйгілі тұлғалар: Тоқтамыс, Орыс хан, Ұлы темір хандар болған. Осы қала туралы ең құнды мағлұматтар тәжік ақыны Васифидің мемуарларында жазылған. Ол мүнда 1514-1515 жылдары тұрған. Кириздермен жер асты галереясы арқылы Қазақстанда қалаға ерекше су жеткізу жүйесін Васифи былай деп суреттеді. Осыларға тең келетіндерді бүкіл дүние жүзін, құрлықты да, теңіздерді де аралап шыққан адамдар да көрмеді.

XV ғасырда Сауран қазақтың алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің билігінде болды.

Бүгінде Сауран қаласы - Қазақстанның құнды археологиялық және архитектуралық ескерткіштерінің бірі. Бұл өзінше ерекше музей ашық аспан астында. Бұл сізбен біздің ескерткіштеріміз, тарихымыз.

Аудан орталығы Шәуілдерден 10 шақырым жерде бұрынғы гүлдеп тұрған әйгілі Отырар қаласының қалдықтары табылған.

Бұл жердегі әрбір тас, әрбір шаң біздің тарихымыз. Қала біздің эрамызға дейінгі І-ші мыңжылдықта пайда болған. Бұл көптеген халықтардың мәдени тоғысуларының жері болған. Бұл жерде отырықшылық цивилизациясы пайда болды. Халық егін егумен, бау-бақша өсірумен, аң аулау, балық аулаумен айналысты. Темір балқытып, ұзын қылыш, пышақтар жасады. Қола, алтыннан өр түрлі зергерлік тастардан әшекейлер жасады. Қаланың гүлденуіне Монғол шапқыншылығы кесірін тигізді. XVII ғасырдың ортасынан бастап қазақ жеріне жоңғарлар көз тікті. Олар тонаушылық жасап, қаланы қиратты. Осының бәрі Сырдария бойындағы қалалардың күйреуіне әкеп соқтырды. Отырардың көрнекті орындарының бірі кітапхана болды, онда 33000 дана мысырдың балшық кестесінен бастап, Египеттің папирусқа жазылған жазулары және Әл-Фарабидің трактаттарына дейінгі еңбектер бар. Көптеген жаңашылдардың айтуына қараған­да, өзінің басылымы жағынан ең әйгілі кітапханалар Александра және Карфоген кітапханаларынан кем түспеген. Осы кітапхана туралы мынандай қауесет бар: "Жаугершілік кезде кітапханадағы кітап жер асты жолымен қала шетіне шығарылған немесе осындай шытырман жер асты жолдарының бірінде тығылған."

1405 ж. Отырарда захарлы Ақсақ Темір қайтыс бол­ды. Отырар соғыстың кеселінен бірнеше рет күйреді. XVIII ғасырда Отырар жағынан Сырдария өзіне жаңа сала ашты, сол кезде оның ең ақырғы тұрғындары өнім көп беретін оазистерде қоныстанды. Қаладан тек күйреген қалдықтар қалды. Көптеген жылдар бойы Қазақстан археологтары қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстан Министрлер Кеңесі 1989 ж. қыркүйекте Түркістан қаласының маңында мемлекеттік тарихи мәдени Әзірет Сұлтан мұражайын ұйымдастыру шешім қабылдады. Мұның құрамына архи­тектура - археологиялық ескерткіштер: Құлтөбе қаласы, Хильвет жер асты мешіті бар, Суфи орталығы. Шілдехана, аты белгісіз және сегіз қырлы мавзолей, Ханака (мавзолей -мешіт), Ахмед Яссауидің мавзолей мешіті тағы да көптеген тарихи - мөдени ескерткіштер.

Түркістаннан Отырарға дейінгі жол құрылысы, қорық мұражайының жанынан құрылатын мәдени орталық, халық шеберлерінің мектебі, қолөнер шеберлерінің орталығы, қонақ үй кешені және көптеген басқа да туристерді қабылдайтын құрылыстар салынуының жобасы анықталды. Баба-Ата қаласы Кішкентай баба-Ата өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Оның өз тарихы бар. Бұрын бұл әйгілі Оскак бабаның қамалы болған. 1000 ж. бұрын қорған жанына мазар салып қойған, қаладан әрірек атауы жоқ мавзолейдің қалдықтары бар (XVI - ХУІІғғ.) осы баба-Ата туралы жазба деректер жоқ, себебі жол торабынан алыста болған.

Қала болмай тұрған кезде бұл жерде УІ-УІІ ғасырларда бекініс салынған. Мұнда аудан 240 шаршы м тұратын. Іші кірпіштен, қабырғаларының биіктігі 6 м жоғарғы жағында еңселі терезелері бар үй салынған.

XI- XII ғасырларда бұл жерде үлкен сарайлар салына бастады. Олардың ауданы жоғарда аталған сарайдан 2 есе үлкен. Жаңа сарай 2 бөліктен түрады: 1) тұратын 2) бекініске қызмет атқарды. Тұратын бөлігінің ортасында үлкен 8 қырлы формадағы 4 кіретін есігі бар зал.

Қазақстанда көптеген археологиялық ескерткіштер бар, олардың әрқайсысынан қаланың қай аралықта, қалай пайда болғаны туралы мәліметтер алуға болады.

2.Сайрам - Шымкент.

Сайрам-Шымкент ауданының орталығы Шымкент қаласы - ол Қазақстандағы көне қалалардың бірі, XII ғасырда Орта Азия мен Қытай сауда жолдары аралығында іргетасы қаланды. Ол өзінің қолайлы жерде орналасуына байланысты тез өркендеп отырды және Республикадағы ірі қалалардың қатарына қосылды, халқының саны жөнінде Алматы мен Қарағандыдан кейінгі Ш-ші орында (354,4 мың адам).

Шымкент облысының аса бір табиғаты көркем, өзіне қызықтыратын Ақсу-Жабағалы қорығы, облыс территориясының оңтүстік шығысында орналасқан. Бұл Қазақстандағы көне қорық 1926 ж. ұйымдастырылған, территориясының аумағы 74 мың га. қорық Қазақстан, Қырғызстан, Өз-бекстан мемлекетінің тоғысқан жерінде орналасқан.

Ақсу-Жабағалы қорығы әлемдегі табиғи байлықтар қатарына жатады. Қорықта табиғат патшалығына жататын: топырақ, су, флора және фауна қорғалады. Мұнда өсімдіктің көптеген түрлері, мыс: көне арша биіктігі 10-12 м, мин­даль, жаңғақ, темір ағаш, бәйшешек, жабайы жүзім сақталған. Жануарлардан бұл жерді қара-сұр суыр, ақ тырнақты аю, барс, арқарлар, мекендейді. Қанаттылардан жұмбақты шыбынаулағышы, үнді көк құсы, ұлар, торғай, бүркіттер мекендейді.

Ақсу-Жабағалы қорығында өзінше бір сурет галереясы бар. Ол тік шатқалдарға салынған суреттермен тасқа жазылған жазулар. Онда өйелдер бие сауып, адамдар мал бағып жүрген суреттері бар. Бұл деген бұдан мындаған жыл бүрын Оңтүстік Қазақстанда отырықшылық болғанын көрсетеді.

Тарихи - құжат ескерткіштеріне қарасақ Сайрам-Шымкент ауданы, бұрынғы ежелгі қала Сайрамның қалдықтарына бай, ертеде ол Испиджаб (Ақ қала) деп аталған. X ғасырдың макеттерінде Сайрам манет сарайының мөрі кездеседі. Бүл Сайрамның бұрын ең ірі экономикалық орталық дін және саяси орталық болғанын білдіреді. Көптеген мазар, мешіттердің қалдықтары қалған қалада сақталып қалған. Ыдырыс-Қазы-Байзаби мешіті және Абдул-Азиз-баба мазары 1900-1910 жылдардың өзінде күрделі жөндеуден өткен. Барлақ-ата (XII ғ.) мешітінің күмбезі, ол күйресе де, қандайда бір құдіреттің күшімен сақталып қалыпты.

Шымкенттен 12 км. шығысқа қарай Сайрам ауылы орналасқан. Оның көше бойларында ақ теректер, ал айнала мақта және егін даласы қоршап жатыр. Осыдан 8-9 жүз жыл бұрын Сайрам 10 шақты қаланың ортасындағы болған. Астананың гүлденген кезде округқа Тараз, Түркістан, Сауран қалалары кірді.

Осыдан біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше жүз жыл бұрын Сайрам басқа атпен аталған, сол кезде әлемге Испиджаб (Ақ қала) деген атпен әйгілі болды. Якут өзінің энциклопедиялық анықтамасында Испиджабқа әте дәл сипаттаманы былай берді: Испиджаб үлкен қаланың атауы Түркістан шекарасындағы Мавераннахарадағы үлкен қаланың бірі. Оның аумағы үлкен, халқы көп. Ол гүлденіп көтеріліп келе жатқан қалалардың бірі болды. Испиджаб шекара қорғанысы болғандықтан салықтан басталады, себебі: халық ақшаны қарау-жарақ алуға жұмсады.

Х-ХІІ ғасырда Испиджаб Сайрам болып аталды. Сай­рам 1214ж. Тараз қаласы сияқты Хорезм-шах Мухамед шапқыншылығынан қирады. Сол кезде Сайрам ірі дін орталығы болды. Қожа-Ахмет Яссауи былай деді: "Сайрамды Әулие аталарға сансыз, ал Түркістанда бірнеше мың" Сайрамда көптеген әулие орындар бар, олар салынған күйінде өлі күнге дейін сақталып түр. Олардың ең үлкені деп Паде-нах-Малик баба немесе Мир Али баба мазары Х-ХІІ ғасырда өмір сүрген. Ибрахим-Ата, Қарашаш-Ана және Ахмет Яссауидің әке-шешесінің басына мавзолейлер тұрғызылды. Қазіргі бұрынғы жерлерге көптеген үйлер салынып, бау-бақшалар өсірілуде. Сол жер қазу кезінде, каналдар қазғанда адамдар ыдыс-аяқ сынықтарьн, қоладан, темірден жасалған бүйымдар, архитектуралық бөлшектерді кездестіреді, бұл олардың бұрынғы Оңтүстік Қазақстанның астанасы Испиджабтан тұрғындарынан қалған естеліктер.
Лекция №11

Тақырыбы: Қазақстанның демалу — сауықтыру орындары

(1 сағат)

Жоспар:

1.Ақ қайың демалыс үйі және Алма –Арасан курорты

2.Қапал-Арасан курорты және Сарыағаш курорты
Пайдаланған әдебиеттер

а) негізгі

1.Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы,2004 ж.

2. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. Алматы, «Рауан», 1990 ж.

3. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана А-А Кайнар,1989

4. Николаенко Д.В. Рекреационная география. М., Владос, 2001

5. Царфис П.Г. Рекрационная география. СССР М. 1979

6. Назарбаев Н:А. Қазақстан – 2032. Алматы, 1998

б)қосымша

1. Ердавлетов С.Р. География туризма. А-А. Кайнар, 1989

2. Достопримечательные места Казахстана. Алма-Ата, Казгосиздат, 1959

3. Дүниежүзінің физикалық картасы

4. ТМД-ның физикалық картасы

5. Қазақстанның физикалық картасы

6. Қазақстанның физикалық атласы


Лекция мәтіні:
1. "Ақ қайың" санаторийі теңіз деңгейінен 1450 метр биіктікте Іле Алатауының табиғаты көркем қайнауына орналасқан.

Таза саф ауа, ақ қайың мен қылқан жапырақты ормандардың хош иісі, емдік қасиеті мен тау шөптері, табиғаттың өсем көріністері бәрі-бәрі сіздің қай уақытта болса да, көңіл күйіңізді сергітіп, кеудеңізді куанышқа толтырады.

Сонымен бірге Ивановтын әдісін қолданушылар үшін санаторий аймағында профирлі бұлақ көзі мен суы, таза тау өзені бар.

Мұндай тек емдік процедураларды қабылдап қана қоймайсыз, сонымен бірге спортпен шұғылдануға толық мүмкіндігіңіз бар. Демалыс үйінің тренажерлі спорт залында би­льярд, стол теннисі, волейбол алаңы бар. Қыс айларында шынығушыларға тау шаңғысы мен электрокөтергіші бар шана трассасы қызмет істейді.

Сонымен бірге жалға беру пункті жұмыс істейді. Ал, аяулы әйелдер үшін косметологтың қызметі әрдайым дайын.

Демалыс үйінде әр түрлі мәдени-көпшілік шаралары үнемі өткізіліп тұрады. Тынығушылар бір мезгіл дискотекаларға қатысып, кинофильмдср тамашалайды.

Қаланың көрікті жерлері мен тау шатқалдарына саяхаттар жасайды.

Алма - Арасан курорты.

Республикалық дәрежедегі курорт 1932 жылы құрылған. Алматы қаласынан 14 км кашықтықта. Гле Алатауының көркем қайнауында, табиғаты тамаша 1830-1850 м теңіз денгейінен биіктікте орын алған. Тянь-Шань шыршаларының хош иісі, таудың қар басқан шыңы, тау өзенінің сар-қырап ағуы, таза да қоңыржай ауа, осы табиғаттың әсем көріністері жердің сұлулығын әсемдей түзеді.

Курорт климаты — биік таулы ауасы таза бірқалыпты қоңыржай.

Мұнда тек емдік процедураларды қабылдап қана қоймайсыз, сонымен бірге спортпен шұғылдануға толык. мүмкіндігіңіз бар. Тренажерлі спорт залында билярд, жүзу бассейні, қызмет корсетсді. Мәдени көпшілік шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Мұнда би залы, клуб, кітапхана қызмет істейді. Көңілді демалуларына толық мүмкіндік бар.

2.Қапал -Арасан курорты.

Талдықорған қаласынан - 110 км. Биен өзснінің тамаша сағасыңда Арасан селосының маңында орналасақан. Климаты өте қолайлы, теңіз бойынан 980 м биіктікте. Жазы мамыржай, қысы жұмсақ.

Жыл бойы "Қапал - Арасан" санаторий! емдеушілерді қабылдайды. Мында тек емделіп қана қоймай, сонымен бірге спортпен шұғылдануға толық мүмкіндік бар. Тренажерлі спорт алаңы, билярд, теннис алаңы бар. Кітапхана, клуб, жаздық кинотеатрларда кинофильмдер, видеозалдар бар.

Сарыағаш курорты.

Бұл курорт Ташкент қаласынан 20 км. Шымкенттен 130 км қашықтықта , Хош иісті жсміс бақтармен әсем ағаштар арасында орналасқан. Климаты бірқалыпты жазы ыстық, қысы жұмсақ.

Демалыс үйі аймағында минералды бұлақ көзі мен суы, таза су бар. Курорт 1961 ж. құрылды. Мұндай емдеу қатар спортпен айналысуға толық жағдай бар. Кітапхана, кино­театр бар. Тренажерлі спорт залы алаңдары қызмет көрсетеді.
Лекция №12

Тақырыбы: Қазақстанның демалу — сауықтыру орындары (жалғасы)

(1 сағат)

Жоспар:

1.Мойылды, Сосновый, Зеренді демалыс үйі.

2. Көкшетау, Светлый, Лениногорск демалыс үйі

3. Ақжайық, Атырау, Жаңақорған демалыс үйі


Пайдаланған әдебиеттер

а) негізгі

1.Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы,2004 ж.

2. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. Алматы, «Рауан», 1990 ж.

3. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана А-А Кайнар,1989

4. Николаенко Д.В. Рекреационная география. М., Владос, 2001

5. Царфис П.Г. Рекрационная география. СССР М. 1979

6. Назарбаев Н:А. Қазақстан – 2032. Алматы, 1998

б)қосымша

1. Ердавлетов С.Р. География туризма. А-А. Кайнар, 1989

2. Достопримечательные места Казахстана. Алма-Ата, Казгосиздат, 1959

3. Дүниежүзінің физикалық картасы

4. ТМД-ның физикалық картасы

5. Қазақстанның физикалық картасы

6. Қазақстанның физикалық атласы


Лекция мәтіні:
1922 жылы Павлодар қаласында құрылған, қаладан 17 км қашықтықта. Құлынды даласының солтустік батысында, климаты континентальды. Жазы ыстық, қысы аязды.

Демалыс үйі 5 қабатты жақсы жабдықталған корпустардан, котеджерден орналасқан. Жазда жасөспірімдерге 60 орындық қосымша бөлінген. Мұнда тек емделіп қана қоймай, демалуға қолайлы тренажерлі спорт аландары, мәдени шаралар өткізуге, тамашалауға клуб, кітапхана бар.

Қыс айларында тынығушыларға шаңғы мен шана трассасы қызмет көрсетеді. Сонымен бірге жалға беру пункті жұмыс істейді. Ал, аяулы әйелдер үшін косметологтың кабинеттерінің қызметі әрдайым дайын. Қаланың көрікті жерлері мен тау шатқалына саяхаттар жасайды. Демалыс үйіне дем алуға топ болып немесе жанүяңызбен тынығуға болады.

Сосновый бор демалыс үйі.

Қостанай қаласынан 50 км. қашықтықта орналасқан. Сауықтыру орны 1981 жылдан бері жұмыс істейді. Ол қылқан жапырақты ормандардың, жасанды көлдің, қойнауында орналасқан.

Таза ауа, емдік қасиеті мол өсімдіктердің майы, сіздің көңіл күйіңізді сергітіп, организміңізге жақсы әсер етеді. Қысы суық, жазы жылы климат.

Демалыс үйі коп салалы, мұнда жоғары дәрежелі мамандар, күшті емдік-диогностикалық база, компьютерлік диагностика жұмыс істейді.

Демалыс үйінде жанға жайлы сауна, бассейн, бейнесалон, мәдени демалыс бөлмелері бар. Әр түрлі мөдени көпшілік шаралары үнемі өткізіліп тұрады.

Зеренді демалыс үйі ,

"Зеренді" Көкшетау облысындағы ең көрікті, демалу -сауықтыру орындарының бірі болып саналады. Табиғаты сұлу, экологиялық таза аймағына орналасқан.

Демалыс үй 300-ге жуық демалушыларды қабылдайды. Демалуға жанұяңызбен келген жағдайда барлық жағдай жасалған котеджге немесе 1-2 орындық бөлмелерде демалуға болады. Тынығушыларға би алаңдары, бильярд, кинофильмдер көруге мүмкіншілік жасалған. Қыс айларында шаңғы базасы қызмет көрсетеді.

Таза саф ауа, ақ қайың мен қылқан жапырақты ормандардың хош иісі, табиғаттың әсем көріністері көңіл күйіңізді сергітіп, кеудеңізді қуанышқа толтырады.



Кекшетау демалыс үйі,

Көкшетау қаласынан 60 км. Бурабай станциясына жақын орналасқан.

Демалыс үйі Щучье өзенінің табиғаты көркем қойнауында орналасқан. Табиғаты қолайлы. Жеміс-жидектер өте мол.

Жанүяңызбен демалуға, жағдай жасалған көттеджде тұруыңызға болады. Сауықтыру орнында клуб, кітапхана, би аландары, шаңғы базасы қызмет корсетеді.

Қысқы демалыс кездерінде ұжымдық тапсырыс жасауға болады.

Светлый демалыс үйі.

Көкшетау қаласынан 60 км. Бурабайдан. 12 км. қашықтықта орналасқан.

Щучье өзенінің табиғаты сүлу, таза саф ауасы, емдік қасиеті мол шипалы шөптері адамның көңіл күйіне әсер етіп, бойыңызды сергітеді.

Табиғаттың қайталанбас әсем көрінісі сіздің көңіліңізді сергітіп, кеудеңізді қуанышқа кенелтеді.



Лениногорск демалыс үйі.

Риддер қаласынан 25 км қашықтықта орналасқан. Климаты континенталды қысы суық, жазы жылы. Таудың таза ауасы әдемі шұрайлы көрінісінің өзі емделуге қолайлы жағдай туғызады да емдейді. Емделушілерді 5 қабатты, 2 бөлмелі үйлерде қабылдайды.

Ақжайық демалыс үйі.

Орал қаласынан 45 км қашықтықта орналасқан. Жайық өзенінің шұрайлы жағалауында ]989 жылдап бері орналасқан.

Ақжайық демалыс орын емделушілерге мынандай емдік қызмет көрсетеді. Минералды ванна, физиотерапиялык емдеу. Емдеушілерге барлық жағдайлары жасалған бөлмелерге орналастырылды.

Атырау демалыс үйі.

Атырау қаласындағы Жайық өзенінің бойына орналасқан. Бұл жердегі ауа райы өте континентті қысы суық, жазы ыстық. Табиғаттың қайталанбас әсем көрінісі көңіліңізді сергітіп, кеудеңізді қуанышқа толтырады. Минералды суының емдік қасиеттері жоғары. Демалу орны соңғы ме-дициналық техника мен диагоностикалық компьютермен жабдықталған.

Жаңақорған демалыс үйі.

Қызылорда облысындағы Терескен өзені мен Сырдария өзенінің аралығыңда, Жаңақорған станциясынан 2 шақырым қашықтықта орналасқан, балшықты курорттардың бірі. Сырдариядан соққан салқын жел жазғы ыстық күндерді сел де болса да салқындатады. Негізгі емдік қасиеті жоға­ры минералды сульфиты батпақ болып табылады. Арнайы батпақты, сулы диагоностикалық емдеу кабинеттері бар.
Лекция №13
Тақырыбы: Қазақстанның қорықтыры

(1 мағат)

Жоспары:

1. Ақсу-Жабағалы, Наурызым қорығы

2. Алматы, Қорғалжын қорығы

Пайдаланған әдебиеттер

а) негізгі

1.Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы,2004 ж.

2. Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы. Алматы, «Рауан», 1990 ж.

3. Ердавлетов С.Р. География туризма Казахстана А-А Кайнар,1989

4. Николаенко Д.В. Рекреационная география. М., Владос, 2001

5. Царфис П.Г. Рекрационная география. СССР М. 1979

6. Назарбаев Н:А. Қазақстан – 2032. Алматы, 1998

б)қосымша

1. Ердавлетов С.Р. География туризма. А-А. Кайнар, 1989

2. Достопримечательные места Казахстана. Алма-Ата, Казгосиздат, 1959

3. Дүниежүзінің физикалық картасы

4. ТМД-ның физикалық картасы

5. Қазақстанның физикалық картасы

6. Қазақстанның физикалық атласы


Лекция мәтіні:
Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер және жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау.Соңғысы адамның шаруашылық ерекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.

Қазіргі кезде 9 табиғи мемлекеттік қорық бар. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының аулан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Елімізде табиғат Корғау шараларының тағы бір саласы- республикалық мәні бар табиғи ескерткіштер. Казіргі кезде елімізде осындай 24 табиғи ескерткіштер тіркелген.

Табиғи байлықтарды қорғауды ұйымдастырудың; келесі саласы - мемлекеттік қорықшалар (заказники), Мсм-лекеттік қорықшаларда табиғи байлықтардың сирек кездесетін жеке түрлерін қорғауға алынады.

Ақсу — Жабағалы қорығы 1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы да 85.4 мың га-дан астам жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік белдеуді қамтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі бел-деу - өзіне төн өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар да­ла, 1500-2300 м биіктікте даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш төрізді арша, (биіктігі 20 м дейін барады), бадам бүтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, жайран, борсық, басқа жерден әкелінген марал және басқалар мекендейді.

2000-2300 м биіктікте субальпі шалғыны жатыр. Бұл белдеуде төсеніп ескен түркістан аршасынан басқа ағаш өсімдіктері жоқ. Онда тау ешкі, ілбіс, суыр, шақылдақтар, ақ құстардан - ұлар, кезегсн торғай, шауқарға, қозы-құ-майлар өмір сүреді. Құстардың 240 түрі және сүтқорсктілердің 43 түрі бар. Құстардың сүтқоректілерден қорғауға алынған аса бағалысы арқар, сібірдің тау ешкісі, ма­рал, елік, жыртқыштардан — ілбіс, ала мысық, борсық. Ең жоғары белдеу - биік таулы қарлы мұзды шыңдар. Бұлардан аңғарларға кұлап ағатын көбікті сарқырамалы тау өзендері басталады. Қорықтың Қаратау жотасы беткейлерінде палеонтологиялық филиалы бар. Мұнда осыдан 120 млн. бұрын теңіз алабы орналасқан. Қазір оның орнында әр түрлі сирек кездесетін балықтар мен былқылдақ денелілердің, юра дөуіріндегі өсімдіктердің таңбалары сақталған.

Қорықтың бұл бөлігінің жердегі органикалық дүние эволюциясын зерттеу үшін үлкен ғылыми маңызы бар.

Наурызым қорығы 1959 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан. Мұның территориясы 87.7 мың га. жерді алып жатыр. Қорықта көптеген көлдер бар: бетегелі тың дала қорғауға алынып зерттелуде, бұл көлдердің жағасында бұрыннан шоқ - шоқ қарағай сақталып келген. Қорық көлеміне Наурызымдағы қарағай мен Терсек орманы да кіреді. Ең оңтүстіктегі сор топырақта қарағай сирек өскен. Қорықтағы сор топырақта алуан түрлі қайың ағаштар, тек Қиыр Шығыста ғана кездесетін "Малиус боката" алмасының жабайы түрлері өседі.

Табиғат жағдайының әр түрлілігіне байланысты, таяу жатқан аз ғана учаскенің өсімдігі мен жануарлар дүниесі әр алуан келеді. Мұнда даланы, орманды және суаттарды мекендейтін жануарлар кездеседі. Поляр фауналары мен флораларының өкілдері жылылықты сүйетін өсімдіктер мен жануарлармен жерсініп кеткен. Онда тұяқтылардан - қабан, елік, кеміргіштерден - суырлар, ақ қояндар, ор қояндар және жыртқыштардан - қарсақ, түлкі, борсық, күзен, ақ тышқан. Қорықта сүтқоректілердің 30 түрі, құстардың 230-ден астам түрі бар. Аппақ қардай аққулар, шағалалар, бір-қазандар мен үйректер қаптап жүрсді.

Алматы қорығы 1931 жылы құрылған. Террито­риясы 73.3 мың га-ға жуық, өр түрлі ландшафты зоналарында жатыр. Бүған мәңгі қар мен мүз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай. Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты "өнші тауы" Аққұм -Қалқан (биіктігі 100 м-ден асқан қүм төбе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, даланы, жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь - Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы - мұзды белдеуде, субальпі және альпі шалғындары болады. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, 38-ге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстар бар. Шыршалы орманда маралдар, еліктер, Тянь - Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда қорықта тиін, сасық күзсн мен бизондар өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең кө-бі: ұлар, кекілік, булдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар тағанақтар мекендейді.
Лекция №14

Тақырыбы: Қазақстанның қорықтары (жалғасы)

(1 сағат)

Жоспары:

1. Қорғалжын, Марқакөл қорығы

2. Үстірт, Бармакелмес,Батыс Алтай, Алакөл қорығы
Пайдаланатын әдебиеттер:

а)негізгі

1. Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы, 2004

2.Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы.Алматы, «Рауан»1990

3.Ердаулетов С.Р. География туризма. Алматы,2000

4. Саипов А.А. Теория и практика туризма Казахстана. А-А, 1999

б)қосымша

1. Дүниежүзінің физикалық картасы

2. ТМД-ның физикалық картасы

3. Қазақстанның физикалық картасы

4. Қазақстанның географиялық атласы


Лекция мәтіні:

1.Қорғалжын қорығы — 1968 жылы құрылған. Қорық Ақмола облысының 258.9 мың га-дан астам жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжын және Теңіз (199 мың га) көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген.

Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүтқоректілердің жартысынан астамы кемірушілер болып келеді. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқүйрығы, қосаяқтар және басқалар. Қорғалжын көлінің қамыс нуларында доңыздар мекендейді. Көл қара суында үйрек, қаз және басқа суда жүзетін құстар көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең солтүстікке үя салатын қүс.

Қорғалжын көлдерінде үшкір тұмсықты сұқсыр мекендейді, ал балапандарын суда қалқып жүзіп жүрген ұяда басады да, содан кейін балапандарды ұзақ уақыт арқасына салыл жүзеді, тіпті олармен бірге суға да сүңгиді.

Теңіз - Қорғалжын көлдеріне көктем кезінде көптегсн су құстары жиналады. Осының арқасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО - ң тізіміне ерекше қорғалатын батпақты – шөлді ландшафты ретінде енген.

Қорықта суда жузетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіліп, музейлер, хайуанаттар бағына арналған материалдар жинастырылады.



Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылды. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде Теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Марқакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы келемі 75.0 мың га, оның 44 мыңның көл беті су алып жатыр. Өкінішке орай, шығысында 1,5 мың га участокке көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса да, бұл жер қорыққа енбеген.

Қорық ауданындағы климат - қатаң континентті, Қазақстан территориясы үшін мұндағы ең темен қаңтардың орташа температурасы -260- -27 °, ал кейде аяз —55 °-қа дейін жетеді. Шілденің орташа 1=+14 °, +17 °, ең жоғарғысы +30 °-қа жетеді. Жауын - шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі.

Көлге 27-ден астам кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады.

Дерілік өсімдіктерден "алтын тамыр" (золотой ко­рень) кездеседі.

Қорыққа сүткоректілердің 59-дсн астам түрі мекендейді, оның ішінде ақ, слеусін, марал, арқар, қасқыр және құстың 250-ге жуық түрі бар, оның ішінде қарақұтан, акқу. суқұзғындарда кездеседі.

Көлде балықтың төрт түрі: мөнке, майқан. талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы - мөңке, оның еті өте дәмді.



Үстірт -Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды.Бұл республикадағы ең үлкен қорық. Қорық Үстірт жерінде жатыр. Климаты солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын — шашын мөлшері өте аз (жылына 120 мм). Қорықты ұйымдастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды қорғау мен сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы қой - үстірт муфлонның ерекше түрі, қарақұйрық, ұзын инелі кірпі, шұбар күзен, төрт жолақтықарашұбар жылан. Құстардан ұялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шел кекілігі. Қорықтың территориясында бір кезде осы арада кенінен тараған жыртқыш ірі мысық - қабылан мен құланды қалпына келтіру белгіленді. Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңыздысы: жұмсақ жемістік {қалдық және монотип бұталар), иіссіз катрана, үстірт таспасы. Ғалымдар шөлдің қа­таң, климат жағдайында бейімді жануарлар мен өсімдіктің өмір сүруін зерттеу үшін ғылыми жұмыс жүргізбекші:

Барсакелмес корығы 1939 жылдан бері бар. Бұл Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі өзімен аттас құмды аралды алып жатыр. Аралдағы қорықтың жалпы көлемі-18 мың га жерден астам, үзындығы 30 км де, ені - 8 км-ге жетеді. Аралда 257 түрден астам өсімдік бар. Жануарлар дүниесіне кедей, онда сүтқоректілердің 202 түрі, құстардың 202 түрі мекендейді. Жылан көп кездессді. Қорыққа басқа жақтан ақ бөкендер, қарақүйрықтар, жайрандар, қүландар (жабайы есек), тараққүйрық, ор қояндар әкелінгсн. Олардың өсуіне аралда қолайлы жағдай бар. Мұнда бағалы жануарлар мен өсімдіктер түрлерін тек сақтап қана қоймай, сондай-ақ олардың зерттеп, жаңа түқымдарын өсіріп отырады.

Батыс Алтай қорығы 1992 жылы ұйымдастырылған. Қорықтың ауданы 56.1 мың га. Бұл қорық Шығыс Қазақстан облысы Лениногор ауданында орналасқан. Негізгі қорғалатын табиғи байлықтары: Батыс Алтай таулы аймағының барлық табиғи байлықтары: өсімдіктердің 564 түрі, балықтың 5 түрі, құстың 131 түрі, сүтқоректілердің 50 түрі бар.

Алакөл корығы 1998 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 12.5 мың га. Бұл қорық Алматы облысы Алакөл ау­данында орналаскан.Негізгі қорғалатын табиғи байлықтары: Алакөлге құятын өзендердің сағасындагы сулы — батпақты аймақтың табиғаты, әсімдіктің - 323, балықтың - 16, Қосмекенділердің - 2, бауырмен жорғалаушырардың - 4, құстардын-283, сүтқоректілердің-40 түрі бар.


Лекция №15

Тақырыбы: Ұлттық табиғи саябақтар.

(1 сағат)

Жоспары:

1.Баянауыл, Алтынемел, Көкшетау

2. Іле Алатауы, Қарқаралы


Пайдаланатын әдебиеттер:

а)негізгі

1. Н.Н.Карменова. Рекреациялық география. Алматы, 2004

2.Бейсенова Ә. Қазақстан табиғатын зерттеу және физикалық география идеяларының дамуы.Алматы, «Рауан»1990

3.Ердаулетов С.Р. География туризма. Алматы,2000

4. Саипов А.А. Теория и практика туризма Казахстана. А-А, 1999

б)қосымша

1. Дүниежүзінің физикалық картасы

2. ТМД-ның физикалық картасы

3. Қазақстанның физикалық картасы

4. Қазақстанның географиялық атласы


Лекция мәтіні:
Ұлттық табиғи саябақтар - елімізде қорғалатын ландшафтардың жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс алып дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан ерекшелігі туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау, сақтау талап етіледі.Ұлттық, саябақтардың негізгі міндеттері табиғат қорғау шараларымен қа­тар, табиғатты қалпына келтіру, сақтап қалу, туризмді дамыту және экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне дс ерекше көңіл бөлу.

Қазақстанда Баянауыл, Атынемел, Көкшетау, Алатауы, Қарқаралы ұлттық табиғи саябақтары бар.



Іле

N

Ұлттық таби-ғи саябақтар

Ұйымдас- тырылған жыл ы

Ауданы (мың га есебі-мен

Негізгі қорғалатын табиғи байлықтар мен мақсаты

Орналасқан жері

1

Баянауыл

1985

50,7

Далалы аймақтың қарағайлы, қа-йынды орманы, өсімдіктері,жануар- лары.Мақсаты таби-ғатты қорғау, тур-измді дамыту,эко-логиялық білім мен тәрбие беру,т.б.

Пав­лодар облысы (Бая­на­уыл ауданы)

2

Алтынемел

1996

520,0

Далалы шөлейтті аймақтың табиғи байлықтары: өсімдіктің-634 түрі, (құлан,қара-құйрық арқар, ілбіс, ақ-қулар, дуадақ, т.б.)- Айқайқұм,Бес-шатыр, Шоқан бұ-лағы, сирек кез-десетін жануар. Мақсаты — ту-ризмді дамыту, та-биғат қорғауды на-сихаттау, қалпына келтіру т.б.

Алматы облысы (Кербұлақ ауда­ны)

3

Көкшетау

1996

205,8

Құрғақ далалы аймақтың қарағайлы-қайынды

Солтүстік Қазақстан













орманы,өсімдіктің-800, балықтың-22, құстың-223 түрлері бар. Мақсаты таби-ғатта қалпына кел-тіру,табиғатты қорғауды наси-хаттау, ерекше табиғи орындар-ды, туризм мен спортты дамту,т.б.

облысы (Арықба­л-ық Зеренді ау­даны)

4 5

Іле Алатауы

1996

164

Іле Алатауының барлық табиғи бай-лықтары. Мақсаты туризмді, спорттыдамыту, та-биғатты қалпына келтру, экология-лық білім мен тәрбие беру,т.б.

Алматы обл. (Қарасай, Талғар, Ең-бекші қазақ аудандары



Қарқаралы

1998

83,8

Құрғақ далалы аймақтың барлық табиғи байлық-тары. Мақсаты -табиғатты қал-пына келтіру, ту-ризмді дамыту,та-биғат қорғауды насихаттау, эко-логиялық білім мен тәрбие беру.

Қара­ганды облысы (Қарқаралы ауда­ны)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті


«Педагогика-тарих» факулътеті


«Қоғамдық пәндер және география» кафедрасы

«Рекреациялық география» пәні бойынша


050116 «География» мамандықтарының студенттері үшін
Студенттің Өзіндік жұмысының жоспары

ЖӘНЕ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ

(СӨЖ)

Жетісай – 2007ж.
11. Студенттің өзіндік жұмысының жоспары және орындау кестесі





Тақырыбы мен мазмұны

Сағат

Саны


Бақылау түрі

Әдебиеттер тізімі

Орындалу

Мерзімі


1.

Рекреациялық географияның негізгі түсініктері

1.1Жұмыс уақтынан басқа уақыттар

1.2. Адамның іс-әрекетінің демалыс уақтында классификациялануы


1

Ауызша

№1 (5-7 бет)

№3(12-16) бет



1 апта

(3-8/09/07)



2.

Рекреациялық география зерттелу методикасы

2.1. Рекреациялық жұмыстармен туристік сфераның айырмашылық-тары мен ұқсастықтары

2.2.Рекреациялық географиядығы бос уақыт


1

Жазбаша

№1

(8-12)бет



2 апта

(10-15/09/07)



3.

Рекреация- әлеуметтік экономика-лық құбылыс

3.1.Алғашқы темір, теңіз,автомобиль жолдары ашылуының рекреацияның қарқынды дамуына тигізетін әсері

3.2. Халықаралық туризмнің экономикалық тиімділігі


1

Реферат

№1

(9-12) бет



3 апта

(17-22/09/07)



4.

Рекреациялық қажеттілік бағыт-тары мен әдістері

4.1.Рекреациялық қажеттіліктің ба-ғыттары

4.2.Рекреациялық қажеттіліктердің әлеуметтік зерттелуі


1

Реферат

№1

(13-15) бет



4 апта

(24-29/09/07)



5.
Рекреациялық географиядағы зерттеудің картографиялық әдістері

5.1. Классикалық карталар

5.2. Карталардың мүмкіндіктері мен қасиеттері



1

Картамен жұмыс

№3

(34-38) бет



5 апта

(1-6/10/07)



6

Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары мен терминдері

6.1.Әлеуметтік-мәдени кеңістік

6.2.Әлеуметтік мәдени уақыт


1

Тестілік саулна-малар

№3 (39-47) бет


6 апта

(8-13/10/07)



7

ТМД-ның рекреациялық зоналары

7.1.Рекрециялы аудандардың пробле-малары

7.2.ТМД-ы территориясындағы демалуға арналған табиғи территориялық кешендер


1

Картамен жұмыс

№3 (16-24) бет



7 апта

(15-20/10/07)



8

Республикамыздағы рекреация-лық мүмкіншілігі қолайлы жерлер
8.1.Іле төңірегі

8.2.Тянь-Шанның солтүстігі

1

Картамен жұмыс

№ 1 (17-19) бет

8 апта (22-27.10.07)

9

Республикамыздағы рекреация-лық мүмкіншілігі қолайлы жерлер (жалғасы)

9.1.Талдықорған-Жаркент

9.2.Жоңғар тауының солтүстігі


1

Картамен жұмыс

№1 (19-23) бет

9 апта (29-03.11.07)

10
Қазақстанның табиғи-тарихи ресурстары

10.1.Қазақстанның оңтүстігіндегі тарихи елдер

10.2.Сайрам-Шымкент елдері




1

Картамен жұмыс

№1 (21-26) бет

10 апта (05-10.11.07.)

11

Қазақстанның демалу — сауықтыру орындары
11.1.Іле Алатауындағы демалыс орындары

11.2.Республикалық курорттар




Реферат

№1 30-31) бет

11 апта (12-17.11.07)

12

Қазақстанның демалу — сауықтыру орындары (жалғасы)

12.1. Солтүстік Қазақстан аймағындағы демалыс үйлері

12.2. Батыс және Оңтүстік аймақтарындағы демалыс үйлері


1

Картамен жұмыс

№1 (32-34) бет

12 апта (19-24.11.07)

13

Қазақстандағы ерекше қорғала-тын аймақтар

13.1.Оңтүстік Қазақстандағы қорық

13.2.Қостанай облысының қорығы және Алматы қорығы


1

Картамен жұмыс

№1(34-37)

13 апта(26-01.12.07)

14

Қазақстандағы ерекше қорғалатын аймақтар (жалғасы)

14.1.Қоғалжын , Марқакөл қорықтары

14.2.Үстірт,Барсакелмес,Батыс,Алтай қорығы


1

Реферат

№1(37-39) бет

14 апта (3.12-8.12.07)

15
Ұлттық табиғи саябақтар.

15.1. Баянауыл,Алтынемел, Көкшетау

15.2. Іле Алатауы,Қарқаралы саябақтар



1

Реферат

№1(39-41) бет

15 апта (10.12-15.12.0.)


1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет