ҚРӘМ №5670 06. 05. 2009ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығын жәНЕ



жүктеу 0.96 Mb.
бет1/6
Дата28.04.2016
өлшемі0.96 Mb.
  1   2   3   4   5   6
: attachments
attachments -> Лекции 30 часов Семинарские занятия -15 часов срс 60 часов срсп 30 часов КарагандЫ 2010 Форма 2 Силлабус составлен к э. н., доцентом Абеуовой С. Т., на основании госо рк, типовой программой дисциплины «Международные организации»
attachments -> «атф полис» Сақтандыру Қазақстан Республикасының компаниясы» АҚ акционерінің қаржы нарығы мен Шешімімен бекітілген қаржылық ұйымдарды реттеу
attachments -> «атф и ее роль в клетке. Ферменты» Карагулян Олеся Владимировна
attachments -> Программа дисциплины «Западноевропейское искусство и дизайн (XX-XXI век)»
attachments -> Тәуелсіз эксперттердің филиалдар, өкілдіктер тізімі
attachments -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама


ҚРӘМ № 5670 06.05.2009ж. тіркелді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖӘНЕ

ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН РЕТТЕУ МЕН ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІ
БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Алматы қаласы 2009 жылғы 27 наурыздағы № 66




Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
өзгерістер мен толықтырулар:

1.ҚҚА № 49 29.03.2010ж.


«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі-Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.


Төрайым Е. Бахмутова





Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 66 қаулысымен бекітілді




Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық
Осы Нұсқаулық ислам банктеріне (бұдан әрі-банктер) арналған пруденциалдық нормативтерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілейді.

Пруденциалдық нормативтер құрамына мыналар кіреді:

банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері;

меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті;

бір заемшыға тәуекелдің барынша жоғары мөлшері;

өтімділік коэффициенті;

ашық валюталық позиция лимиттері;

негізгі қаражатқа және басқа қаржылық емес активтерге банк инвестициясының ең жоғарғы мөлшерінің коэффициенті;

банктерді Қазақстан Республикасының резидент еместер алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру.


1-тарау. Банктің жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері

1. Банктің жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Басқармасы (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.

2. Банк акционерлерден меншікті акцияларды, егер мұндай сатып алулар уәкілетті орган белгілеген кез келген пруденциалдық нормативтер мен басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуға алып келмейтін талап қою сақталған жағдайында ғана сатып алуы мүмкін.

2-тарау. Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті
3. Меншікті капитал бірінші деңгейдегі және екінші деңгейдегі капитал сомасы (екінші деңгейдегі капитал бірінші деңгейдегі капиталдан аспайтын мөлшермен енгізіледі) сомасы ретінде есептеледі.

Банк инвестициясы банктің заңды тұлғалардың акциясына (жарғылық капиталдағы қатысу үлесіне) салымын, банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына және/немесе әріптестік талабымен қатысу арқылы өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру арқылы банк сатып алған акцияларды немесе жарғылық капиталға қатысу үлесін қоспағандағы, заңды тұлға акциясына салымын (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) білдіреді.

Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшін «Standard&Poor's» агенттігінің рейтингтік бағасынан өзге, сондай-ақ уәкілетті органмен Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингтік бағалары танылады (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер).

4. Бірінші деңгейдегі капитал мынадай сома ретінде есептеледі:

сатып алынған меншікті акцияларды шегергендегі төленген жарғы капиталы;

қосымша капитал;

өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі (оның ішінде өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер);

мыналарды алып тастағанда:

1999 жылғы 1 шілдеден бастап немесе кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есеп беру үшін 1998 жылы шілдеде күшіне енген Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары комитетінің Басқармасы бекіткен 38 «Материалдық емес активтер» тиісті Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына (бұдан әрі - 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандарты) және банктің негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуден басқа материалдық емес активтер;

өткен жылдардың шығындары.

5. Екінші деңгейдегі капитал мына жағдайда сома ретінде есептеледі:

ағымдағы жыл кірістерінің мөлшері ағымдағы жыл шығыстары мөлшерінен асып кеткен жағдайда;

ағымдағы жыл шығыстарының ағымдағы жыл кірістерінің мөлшерінен асып кеткен жағдайда;

негізгі қаражат пен бағалы қағаздарды қайта бағалау мөлшері;

кастодиан шартының талаптары негізінде қабылданған, инвестицияланбаған қаражат қалдықтарын шегергендегі тәуекелді ескеріп, мөлшерленген активтер сомасының 1,25 пайызынан аспайтын сомадағы жалпы банктік тәуекелдерге резервтер (провизиялар) мөлшері.

6. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі мынадай үш коэффициентпен сипатталады:

1) бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған банк инвестициясын шегергендегі және екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капитал бөлігіндегі есебіне енгізілген, бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасының бірінші деңгейдегі капитал үлесі шегінде алынған банк инвестициясының сомасына кемітілген банк активтерінің мөлшеріне және екінші деңгейдегі капиталдың меншікті капитал бөлігіндегі есебіне (k1-1) енгізілген бірінші деңгейдегі капиталдың қатынасымен;

2) бірінші деңгейдегі капиталдың жалпы сомасына бірінші деңгейдегі капиталдың үлесі шегінде алынған және меншікті капиталдың есебіне екінші деңгейдегі капитал бөлігіне мына сомада енгізілетін банк инвестицияларын шегергендегі бірінші деңгейдегі капиталдың қатынасымен:

екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтердің (провизиялардың) сомасына кемітілген кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелермен;

нарықтық тәуекелді ескере отырып есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелермен;

операциялық тәуекелмен;

мыналарды шегергендегі:

инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер (k1-2);

3) меншікті капиталдың мына сомаға қатынасы:

екінші деңгейдегі капиталдың есебіне енгізілмеген жалпы резервтердің (провизиялардың) сомасына кемітілген кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер;

нарықтық тәуекелді ескере отырып, есептелген активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер;

операциялық тәуекел;

мыналарды шегергенде:

инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер (k2);

7. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні:

k 1-1 0,06-дан кем еместі құрайды;

k 1-2 0,06-дан кем еместі құрайды;

2011 жылғы 1 шілдеден бастап, банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні k 1-2 0,09-дан кем еместі құрайды.

Қатысушысы банк холдингі не бас банк болып табылатын, рейтингтік агенттіктердің бірінің белгілі бір рейтингіне ие, тізбесі және барынша төмен талап етілетін рейтингі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 258 ақпандағы № 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) (бұдан әрі - № 55 қаулы) белгіленген банк үшін, Қазақстан Республикасы Заңының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 17-2-бабымен белгіленген тәртіппен акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметімен не ұлттық басқарушы холдингпен сатып алынатын банк үшін, сондай-ақ орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні мынаны құрайды:

k 1-1 0,05-дан кем еместі құрайды;

k 1-2 0,05-дан кем еместі құрайды;

2011 жылғы 1 шілдеден бастап, банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні k 1-2 0,08-ден кем еместі құрайды.

8. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні k2 0,12-ден кем еместі құрайды.

Қатысушысы банк холдингі не бас банк болып табылатын, рейтингтік агенттіктердің бірінің белгілі бір рейтингіне ие, тізбесі және барынша төмен талап етілетін рейтингі № 55 қаулымен белгіленген банк үшін, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 17-2-бабымен белгіленген тәртіппен акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметімен не ұлттық басқарушы холдингпен сатып алынатын банк үшін, сондай-ақ орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі банк үшін банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің мәні k2 0,10-нан кем еместі құрайды.

Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің есебі осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жүргізіледі.

Тәуекел деңгейі бойынша активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсатында олар бойынша құрылған арнаулы резервтер (провизиялар) сомасына кемиді.

Кредиттік тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленген шартты және ықтимал міндеттемелер осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында көрсетілген қарсы агенттің тиісті санатына сәйкес келетін тәуекел дәрежесіне, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сай есептелген шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасын тудырушы ретінде анықталады.

Нарықтық тәуекелді ескере отырып, активтерді, шартты және ықтимал талаптарды және міндеттемелерді есептеу осы Нұсқаулықтың 9-19-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

Операциялық тәуекелді есептеу осы Нұсқаулықтың 26-тармағына сәйкес жүргізіледі.

9. Нарықтық тәуекелді (валютаның айырбас бағамдарын және бағалы металлдардың бағамдарының өзгеруімен байланысты рыноктық тәуекелмен қаржы құралдары бойынша тәуекелді қоспағанда) ескергендегі активтердің, шарттың және ықтимал талап етулердің және міндеттемелердің есебіне банктердің нарықтық немесе әділ құн бойынша (бұдан әрі – нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары) ескерілген аталған кезеңдегі сатып алу құны мен сату құны арасындағы айырма бойынша кіріс алу үшін сатып алынған жылдан кейінгі 3 жыл ішінде сату мақсатында сатып алынған активтері, шартты және ықтимал талап етулері және міндеттемелері және мына талаптардың кез келгеніне сәйкес келген жағдайда енгізіледі.

10. Нарықтық тәуекелді ескергендегі активтер, шартты және ықтимал талап етулер және міндеттемелер 8,3-ке тең көрсету коэффициентін (қатысушысы банктік холдинг болып табылатын банк үшін 10-ға тең коэффициент пайдаланылады) туындысы ретінде мына сомада есептейді:

нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекелмен;

валюталардың айырбас бағамдарының және қымбат металдардың бағамдарының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралы бойынша тәуекелмен;

нарықтық құнның өзгеруімен байланысты тауар-материалдық қорлар бойынша тәуекел.

11. Сату мақсатында иеленген акциялардың, ислам бағалы қағаздарының нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекелмен есептесу акцияға айрықша тәуекел мен акцияға жалпы тәуекел сомасын білдіреді.

Акцияға айрықша тәуекел мен акцияға жалпы тәуекел есебіне нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар мынадай қаржы құралдары енгізіледі:

акциялар (артықшылық берілген акцияларды қоспағанда);

ислам бағалы қағаздары;

осы тармақтың үшінші және төртінші абзацтарында көрсетілген бағалы қағаздарға индекс.

12. Айрықша тәуекел және жалпы тәуекел есебi Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушысының немесе халықаралық қор биржалары танып отырған сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде сатылатын акциялар индексiмен немесе акциялардың нарықтық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралының ашық (ұзын немесе қысқа) позициясымен есептесу кезiнде анықталады.

Белгiлi акциялар немесе белгiлi акциялар индексiнiң нарықтық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позиция белгiлi акциялар немесе белгiлi акциялар индексiнiң нарықтық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралдары сомасының арасындағы айырманы, оның iшiнде белгiлi акцияларды сатуды немесе акциялардың белгiлi бiр индексi бойынша төлемдердi жүзеге асыруды талап етiп отырған және белгiлi бiр акцияларға немесе акциялардың белгiлi бiр индекстерiне нарықтық бағаның өзгеруiне байланысты қаржы құралдарының сомасын, оның iшiнде белгiлi бiр акцияларды сатуға немесе акциялардың белгiлi бiр индексi бойынша төлемдердi жүзеге асыру жөнiнде өзiне мiндеттеме алуды бiлдiредi.

13. Акциялардың нарықтық құнының немесе акциялар индексiнiң өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары бойынша айрықша тәуекел 0,12-ге тең (банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшiн 0,10 коэффициентi пайдаланылады) айрықша тәуекел коэффициентi бойынша сараланған аталған қаржы құралдары бойынша ашық (ұзын және қысқа) позициялар сомасын көрсетеді.

14. Жалпы тәуекел белгiлi бiр акциялар немесе акциялардың белгiлi бiр индексiнiң нарықтық құнының өзгеруiне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары бойынша ұзын позициясы мен қысқа позициясы арасындағы айырмасы 0,12-ге тең (банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшiн 0,10 коэффициентi пайдаланылады) жалпы тәуекел коэффициентiн жасайтынын бiлдiредi.

15. Банктің сауда портфелінде ислам бағалы қағаздары бар болса, нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары бойынша тәуекел есебі айрықша тәуекел және жалпы тәуекел сомасын білдіреді.

16. Ислам бағалы қағаздары бойынша айрықша тәуекел осы Нұсқаулықтың 17-тармағына сәйкес айрықша тәуекел коэффициенттері бойынша мөлшерленген нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар ашық позициялар сомасын білдіреді.

17. Нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар ислам бағалы қағаздары бойынша ашық позициялар айрықша тәуекелдің коэффициенттері бойынша мынадай тәртіппен сараланады:

1) 0 пайыздық коэффициент бойынша – ұлттық холдинг, ұлттық басқарушы холдинг – оригинатормен құрылған ислам бағалы қағаздары түріндегі нарықтық құнның өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары, тәуелсіз рейтингі «Standard & Poor’s» агенттігінің «АА-» рейтингінен немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінен төмен емес шет мемлекеттердің орталық банктері және орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар ислам бағалы қағаздары;

2) 0,25 пайыздық коэффициент бойынша – заңды тұлға-оригинатор құрған, ислам арнайы қаржы компаниясымен 6 айдан кем емес нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары, тәуелсіз рейтингі «Standard&Poor’s» агенттігінің «А+»-дан «ВВВ-»-ке дейін рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейінен төмен емес рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері және орталық банктері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар ислам бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдары шығарған ислам бағалы қағаздары, Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының ресми тізіміне енгізілген және халықаралық қор биржалары таныған, осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген сауда-саттықты ұйымдастырушыларының тізіміне енгізілген ислам бағалы қағаздар;

3) 1 пайыздық коэффициент бойынша – осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар, өтеу мерзімі 6 айдан 24 айға дейінгі қаржы құралдары;

4) 1,6 пайыздық коэффициент бойынша – осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар, өтеу мерзімі 24 айдан асатын қаржы құралдары;

5) 8 пайыздық коэффициент бойынша – осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағандағы нарықтық құнының өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелі бар қаржы құралдары.

18. Ислам бағалы қағаздары бойынша жалпы нарықтық тәуекел мынадай соманы көрсетеді:

әр уақыт интервалындағы сараланған жабық позиция сомасының 10 пайызы;

1- аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерінің 40 пайызы;

2- аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерінің 30 пайызы;

3- аймақтың сараланған жабық позициясы мөлшерінің 30 пайызы;

1 және 2-аймақтар аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерінің 40 пайызы;

2 және 3-аймақтар аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерінің 40 пайызы;

1 және 3-аймақтар аралығындағы сараланған жабық позициясы мөлшерінің 100 пайызы;

қалған ашық сараланған позиция мөлшерінің 100 пайызы.

19. Сараланған позициялар мынадай тәртіппен есептеледі:

1) нарықтық бағаның өзгеруіне байланысты ислам бағалы қағаздары бойынша ашық позиция мөлшерін айқындау;

2) уақыт интервалдары бойынша ашық позицияларды бөлу осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады және:

нарық құнының өзгеруіне байланысты ислам бағалы қағаздары кезекті төлем күніне дейін қалған мерзімге тәуелді уақыт интервалдары бойынша бөлінеді;

нарық құнының өзгеруіне байланысты ислам бағалы қағаздары кірістілік ставкасын қайта қараған күнге дейін қалған мерзімге тәуелді уақыт интервалдары бойынша бөлінеді;

орындалу мерзімі екі уақыт интервалдар шекарасында тұрған ислам бағалы қағаздары мейлінше ерте уақыт интервалына бөлінеді;

3) әрбір уақыт интервалының ішінде барлық ұзын және қысқа ашық позициялар жинақталады;

4) әрбір уақыт интервалы бойынша жиынтықты ұзын және жиынтықты қысқа позициялар уақыт интервалына сәйкес келетін коэффициент бойынша мөлшерленеді;

5) ашық сараланған және жабық сараланған позициялар әрбір уақыт интервалы бойынша анықталады.

Әрбір уақыт интервалының сараланған ұзын және қысқа позициялары өзара есептеуге алынады.

Толық өзара есептесуге алынуы тиіс әрбір уақыт интервалының сараланған ұзын немесе қысқа позицияларының сомасы уақыт интервалдың жабық сараланған позициясын білдіреді. Өзара есептесуге алынуы жатпайтын немесе өзара есептесуге алынбай қалған сараланған ұзын және қысқа позициялар бөлігі уақыт интервалының сараланған ұзын және қысқа позицияларын жасай отырып жиынтықталады.

Уақыт интервалдары мына аймақтар бойынша топталады:

1-аймақта бір жылдан кем төрт уақыт интервалы болады, оның ішінде 1 айдан кем емес, 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін;

2-аймақта бір жылдан 4 жылға дейін үш уақыт интервалы болады, оның ішінде 1 жылдан 2 жылға дейін, 2 жылдан 3 жылға дейін, 3 жылдан 4 жылға дейін;

3-аймақта 4 жылдан асатын алты уақыт интервалы болады, оның ішінде 4 жылдан 5 жылға дейін, 5 жылдан 7 жылға дейін, 7 жылдан 10 жылға дейін, 10 жылдан 15 жылға дейін, 20 жылдан астам.

Әрбір аймақтың уақыт интервалдары бойынша сараланған ұзын және қысқа позициялары өзара есептесуге жатқызылады. Толық өзара есептесуге жатқызылатын әрбір аймақтағы түрлі уақыт интервалдары бойынша ұзын және қысқа позициялардың бөлігінің сомасы аймақтың жабық сараланған позициясын білдіреді.

Өзара есептесуге жатқызылмайтын немесе өзара есептелмей қалған әрбір аймақтағы әр түрлі уақыт интервалдарының сараланған ұзын және қысқа позицияларының бөлігі әрбір аймақтың сараланған ұзын және қысқа позициясын жасай отырып, жинақталады;

6) аймақтар арасындағы сараланған ашық және жабық позициялар анықталады.

1-аймақтың ашық ұзын (қысқа) сараланған позициясы 2-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен есептелінеді.

Толық өзара есептесуге жататын 1 және 2-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөліктері мөлшерлерінің сомасы 1 және 2-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позицияны білдіреді.

2-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 3-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен өзара есептелінеді.

Толық өзара есептесуге жататын 2 және 3-аймақтардың сараланған ұзын және қысқа позициясы бөліктері мөлшерлерінің сомасы 2 және 3-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позицияны білдіреді.

1-аймақтың сараланған ашық ұзын (қысқа) позициясы 3-аймақтың сараланған ашық қысқа (ұзын) позициясымен өзара есептелінеді.

Толық өзара есептесуге жататын 1 және 3-аймақтардың сараланған ұзын немесе қысқа позициялар бөлігі мөлшерлерінің сомасы 1 және 3-аймақтардың арасындағы сараланған жабық позициясын білдіреді.

Аймақтар арасындағы өзара есептесуден кейін қалған ашық сараланған позициялар қалған ашық сараланған позицияны жасай отырып, жиынтықталады.

Исламдық бағалы қағаздар бойынша жалпы нарықтық тәуекел есебі осы Нұқсаулықтың 5-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.

20. Шетелдік валюталардың айырбас бағамының (қымбат металдардың нарықтық құнының) өзгеруіне байланысты активтердің, шартты және ықтимал талап етулер бойынша тәуекел есебі мына сомалардың бірі мейлінше мәнді болатын 0,12-ге тең (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшін 0,10 коэффициенті пайдаланылады) валюталық тәуекел коэффициентін жасайтынын білдіреді:

әрбір шетелдік валюта (абсолюттік мәнде) бойынша ашық қысқа позициялар және қымбат металдар (абсолюттік мәнде) бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) қысқа позициялар;

әрбір шетелдік валюта (абсолюттік мәнде) бойынша ашық қысқа позициялар және қымбат металдар (абсолюттік мәнде) бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) ұзақ позициялар.

Әрбір шетелдік валюта бойынша ашық валюталық позиция осы Нұсқаулықтың 46-тармағына сәйкес есептеледі.

21. Әрбір шетелдік валюта (қымбат метал) бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позиция есебіне активтердің, міндеттемелердің, шартты және вқтимал талап етулер мен шетел валютасы (қымбат метал) бойынша көрсетілген немесе белгіленген міндеттемелер енгізіледі, оның ішінде:

шетел валютасымен (қымбат метал) көрсетілген (белгіленген) активтер мен міндеттемелердің нарықтық (әділ) құны арасындағы айырма;

форвард немесе фьючерс және опцион операциялары бойынша алынатын және төленетін шетел валютасының (қымбат метал) мөлшерлері арасындағы айырма;

шетел валютасымен көрсетіліп (белгіленіп) алынған және берілген кепілдіктер арасындағы айырма.

Аталған айырмалардың оң мәндері шетел валютасы (қымбат метал) бойынша ашық ұзын позицияларды, ашық теріс мәндер - шетел валютасы (қымбат метал) бойынша қысқа позицияларды көрсетеді.

22. Шетел валюталарының (қымбат металдардың нарықтық құны) айырбас бағамының өзгеруіне байланысты активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер ашық валюталық позииция есебіне олар бойынша құрылған провизияларды шегергенде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органмен белгіленетін талаптармен енгізіледі.

23. Тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты тауар-материалдық қорлар бойынша тәуекел банктің тауар-материалдық қорлардағы лизинг (жалға алу) шартымен инвестициялық қызметті жүзеге асыру мақсатында мүлік лизингі (жалдау) туралы шартты немесе коммерциялық кредитті ұсыну арқылы сауда делдалы есебінде сауда-саттық қызметін қаржыландыру мақсатында коммерциялық кредит туралы шартқа сәйкес қайта сатуға арналған бағалы металдарды (шетелдік валютаның айырбас бағамының өзгеруіне байланысты активтер, шартты және ықтимал талаптар және міндеттемелер бойынша тәуекелдің есебіне енгізілетін алтын және күмісті алып тастағандағы) қоса алғандағы активтерді ұстау барысында туындайды.

24. Тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты тауар-материалдық тәуекелдің шамасы әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша былай есептеледі:

1) әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша ұзын және қысқа позициялар болып барлық ұзақ және қысқа позицияларды жинақтау арқылы есептелінеді;

2) әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша таза позиция тиісінше тауар (тауарлық топ) бойынша ұзын және қысқа позициялар арасындағы айырма ретінде есептеледі;

3) әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша брутто-позиция тиісінше тауар (тауарлық топ) бойынша ұзын және қысқа позициялар сомасы ретінде позиция белгісін ескерместен есептеледі.

Тауар-материалдық қорлардың нарықтық құнының өзгеруіне байланысты тауар-материалдық тәуекелдің шамасы әрбір тауар (тауарлық топ) бойынша тауар-материалдық тәуекелдің шамасының сомасына тең. Әрбір тауар бойынша тауар-материалдық тәуекелдің шамасы мынадай мәндер сомасына тең:

әрбір тауар бойынша таза позиция шамасының 15 пайызынан;

әрбір тауар бойынша брутто-позиция шамасының 3 пайызынан.

25. Банк үшін валюталық тәуекел болатын тауар позициясын қаржыландыру, сондай-ақ капиталды есептеу пәні болып табылады және капиталға қойылатын талап валюталық тәуекелге сәйкес анықталады.

26. Операциялық тәуекел соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің орташа мөлшерін құрайтын 0,12-ге тең (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшін 0,10 коэффициенті пайдаланылады) операциялық тәуекел коэффициентін 8,3-ке тең (банктік холдинг қатысушысы болып табылатын банк үшін 10 коэффициенті пайдаланылады) көрсету коэффициенті бойынша жасалатын болып есептеледі.

Соңғы өткен үш жыл ішіндегі жылдық жалпы кірістің орташа шамасы жыл саны бойынша банктің таза кіріс алған жыл саны бойынша соңғы үш жылдағы жылдық жалпы кіріс сомасына қатынасы бойынша есептеледі.

Жаңадан құрылған банктер үшін операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледі және жылдық жалпы кірістің орташа шамасы өткен жылдардың санын негізге ала отырып есептеледі.

Жылдық жалпы кіріс былайша анықталады:

салық салынғанға дейінгі жылдық таза кіріс сомасы, провизияларды (резервтерді) қалыптастыруға арналған қаржыны бөлудің жылдық мөлшері және жұмсалған төтенше шығыстар мөлшері;

банктің төтенше кірістерін алып тастау.

27. Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражатқа банк кепілдік бермейді және мұндай зияндар банктің кінәсі бойынша туындаған жағдайды қоспағанда, инвестициялардан шегілген кез келген зиянды инвестициялық депозиттерді ұстаушылар көтереді. Мұндай активтер бойынша коммерциялық тәуекел банк үшін нормативтік капиталды құруды талап етпейді. Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған қаражат есебінен қаржыландырылатын активтер тәуекел деңгейі бойынша мөлшерленетін активтер есебінен алынып тасталады.



  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет