«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты



жүктеу 39.81 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі39.81 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» 

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну».

2

Көрсетілетін қызметті беруші

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша филиалдары

3

Көрсетілетін қызметті тұтынушылар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі

4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Қағаз

5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орны

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша филиалдары

6

Көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынынанемесе оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша филиалдарына жүгінеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыларға шартты жасау немесе біржолғы өтінішті беру жолымен ұсынылады.




7

Қажетті құжаттар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады:

  1. жеке тұлғалар үшін:

деректемелерді міндетті түрде көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының1 қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

бақылау чегі немесе төлем туралы түбіртек.

  1. заңды тұлғалар үшін:

деректемелерді міндетті түрде көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының2 қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

бақылау чегі немесе төлемнің жүргізілгені туралы банктің белгісі бар төлем тапсырмасы.

8

Көрсетілетін қызметтің құны мен ақы төлеу тәртібі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен бекітілген бағалар бойынша ақылы көрсетіледі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 29 қаңтарда № 10161 тіркелді). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша прейскурант Министрліктің www.economy.gov.kz, Комитеттің www.stat.gov.kz және көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурстарында орналасқан.

9

Жұмыс кестесі

  1. көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

  2. көрсетілетін қызметті беруші филиалдарының – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

10

Көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

1) Қағаз тасығышта немесе электрондық форматта (сканерленген өтініш)жолданған біржолғы өтініш бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін рұқсат етілетін күту уақыты өтінішті ұсынған сәттен бастап 15(он бес) күнтізбелік күн.

2) Шарт жасасқан жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін барынша рұқсат етілетін күту уақыты шартта баяндалады.



11

Көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі: ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпарат.

Көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесінің электрондық нұсқасын (дисктік тасығышта немесе электрондық пошта арқылы) алу мүмкіндігі ұсынылады.






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет