Республика аумағында 2019 жылдың бес айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат



Дата17.05.2020
өлшемі204.05 Kb.



Республика аумағында 2019 жылдың бес айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат
Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі пультына халықтан 2 904 897 қоңырау келіп түсті.

Мынадай тұрақты әзірлік қамтамасыз етілді:

- өңірлік және жедел құтқару қызметтері 2 137 адамды құтқарды,
660 адамды эвакуациялады, 143 зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетті, ТЖ орындарынан 276 адам денесін шығарды, 4 420 шығу жасады;

- өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 2 137 адамды құтқарды, 8 700 адамды эвакуациялады, дабыл бойынша 20 226 шақыртуға барды, оның ішінде: 4 957 - өрт, 2 017 - авариялық-құтқару жұмыстары,


12 432 - өрт ретінде есепке алынбайтын жану, 70 - көрінеу жалған шақырту, расталмаған жану фактілері - 1 014;

- «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 1 356 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті, 762 адамды құтқарды, 678 адамды эвакуациялады, 1 825 шығу жасады, оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттері 505 шығу жасады, 579 адамды эвакуациялады, 1 014 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті.

ІІМ қарамағындағы ұйымдар мынадай іс-шаралар өткізді:

- «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері іздеу-құтқару жұмыстарына, өрттерді сөндіруге қатысу, жеке құрамды жеткізуге және басқа тапсырыстар бойынша 746 ұшу сағатын жасады, оның ішінде санитариялық авиация бағыты бойынша 218 ұшу жасады, 194 адам тасымалдады.

- «Өрт сөндіруші» АҚ 117 адамды құтқарды және эвакуациялады,
229 шығу жасады, соның ішінде 107 өрт сөндіру, 15 авариялық-құтқару жұмыстарын өткізді, 107 жануды жойды.

Мемлекет басшысының бизнеске қысымды төмендету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында өрт қауіпсіздігі саласында бақылау тек жоғары тәуекел дәрежесіндегі объектілерге қатысты енгізілген және ерекше тәртіпте өткізіледі. Бақылау-профилактикалық қызмет шеңберінде


16 308 объекті тексерілді, 65 398 бұзушылық анықталды, 11 013 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 4 026 лауазымды тұлғаға 110 916 мың теңге сомасында айыппұл салынды.

Халықты оқыту және хабар беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 23 863: 2 639 - телевизия арналарында, 5 806 - баспа басылымдарында, 5 707 - радио қондырғыларында, 3 616 - ақпараттық агенттіктер таспаларында, 6 095 - ведомстволық веб-сайттарда сөз сөйлеу болды.

Азаматтық қорғау саласында басшылық құрам мен мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында:

- Көкшетау техникалық институтында - 64 қызметкерге ;

- Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өңірлік оқу орталығында 30 қызметкерге;

- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 80 мемлекеттік әкімшілік қызметшіге.

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің ТЖ-ға уақтылы ден қоюы және алдын ала қабылданған алдын алу шараларының арқасында 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда оқиға саны 2,7%-ға (153 оқиғаға), зардап шеккендердің саны 0,9%-ға (11 адамға), қаза болғандар 9,6% (33 адамға) азайғаны, материалдық нұқсан 29,1%-ға (212 млн.теңгеге) көбейгені байқалады.



5 489 табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және оқиғалар тіркелген,
1 190 адам зардап шеккен, соның ішінде 309 адам қаза болды, материалдық нұқсан 942,2 млн.теңгені құрады.

Облыстар бөлігінде қалыптасқан және жалпыланған көрсеткіштер мына ахуалды сипаттайды (2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда):

- ТЖ саны мына облыстарда: Алматы 18,8%-ға (135 оқиғаға), Атырау 18,7%-ға (26 оқиғаға), Жамбыл 17,9%-ға (47 оқиғаға), Қостанай 6,3%-ға (33 оқиғаға), Батыс Қазақстан 5,3%-ға (13 оқиғаға), Алматы қаласында 31,4%-ға (106 оқиғаға) төмендеді;

- зардап шеккендер саны мына облыстарда: Ақтөбе 68,3%-ға (69 адамға), Қарағанды 35,8%-ға (19 адамға), Ақмола 31,8%-ға (14 адамға), Маңғыстау 15%-ға (3 адамға), Павлодар 11,1%-ға (6 адамға), Алматы қаласында 46%-ға (40 адамға) азайды;

- қаза болғандар саны мына облыстарда: Ақтөбе 86,7%-ға (52 адамға), Маңғыстау 54,5%-ға (6 адамға), Атырау 52,6%-ға (10 адамға), Қарағанды 42,3%-ға (11 адамға), Шығыс Қазақстан 32,6%-ға (15 адамға), Ақмола 14,3%-ға (3 адамға) азайды.

Сонымен бірге басқа өңірлерде:

- ТЖ саны облыстарда: Павлодар 23,4%-ға (74 оқиғаға), Қызылорда 19,5%-ға (41 оқиғаға), Ақтөбе 14,4%-ға (41 оқиғаға), Ақмола 8,8%-ға (33оқиғаға) өсті;

- зардап шеккендердің саны мына облыстарда: Қызылорда 2,8 есеге


(50 адамға), Жамбыл 65,5%-ға (38 оқиғаға), Атырау 50%-ға (24 адамға), Солтүстік Қазақстан 31,4%-ға (11 адамға), Алматы 28,9%-ға (37 адамға), Батыс Қазақстан 21,9%-ға (7 адамға), Нұр-сұлтан қаласында 75%-ға (51 адамға) ұлғайғаны байқалады;

- қаза болғандардың саны мына облыстарда: Қызылорда 4,3 есеге


(13 адамға), Батыс Қазақстан 2 есеге (2 адамға), Жамбыл 70%-ға (14 адамға), Алматы 28,6%-ға (10 адамға), Солтүстік Қазақстан 27,8%-ға (5 адамға), Нұр-Сұлтан қаласында 2,1 есеге (9 адамға) көбейгені байқалады.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жалпы ТЖ санынан 94,2%-ды құрады, 5 173 оқиға тіркелді (3,7%-ға азайды), бұл ретте 940 адам зардап шеккен (11,4%-ға ұлғайды), оның ішінде 308 адам қаза болды (9,1% азайды).

Техногендік сипаттағы жағдайлардың негізгі үлесі өндірістік және тұрмыстық өрттерге (96,1%) тиесілі, ағымдағы жылдың бес айында 4 928 өрт болды (4,5%-ға азайды), 316 адам зардап шеккен (23,9%-ға азайды), оның ішінде 144 адам қаза болды (33,3%-ға азайды), материалдық нұқсан 894,2 млн. теңгені (23,6%-ға өсті) құрады.



Өрт саны мына облыстарда: Жамбыл 23,2%-ға (52 оқиғаға), Алматы 19,9%-ға (130 оқиғаға), Атырау 17,4%-ға (21 оқиғаға), Қостанай 6,8%-ға (35 оқиғаға), Алматы қаласында 27,5%-ға (84 оқиғаға) азайды.

Өрт саны мына облыстарда: Павлодар 26,2%-ға (78 оқиғаға), Ақтөбе 16,7%-ға (46 оқиғаға), Ақмола 11,5%-ға (41 оқиғаға), Қызылорда 11%-ға (21 оқиғаға) өскені байқалды.




Өрт туындайтын негізгі объектілер: 64,5%-ы тұрғын үй секторы,
18,6%-ы көлік құралдары, 4,7%-ы басқа ашық аумақтар, 3,1%-ы сауда кәсіпорындары, 1,7%-ы өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, 1,6%-ы әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, 2,5%-ы ормандар.

Өрттің пайда болуының таралған себептері: 37,2%-ы отты абайсыз қолдану, 29,8%-ы электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзу, 16,1%-ы пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 6,4%-ы анықталған әдейі өртеу, 3,9%-ы тұрмыстық электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 1,8%-ы балалардың отпен ойнауы болып табылады.



Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ТЖ жалпы санынан 5,8% құрады, ағымдағы жылдың бес айында 316 оқиға тіркелді (17%-ға ұлғайды), 250 адам зардап шекті (30%-ға азайды), оның ішінде 1 адам қаза тапты (66,7%-ға азайды).
Каталог: images -> 2019 -> iune
iune -> Амо күре жолдық медициналық құтқару пункттерінің шұғыл әрекет ету бригадаларының
2019 -> Конкурс жариялайды Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары
2019 -> Республика аумағында 2019 жылдың алты айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат
2019 -> Республика аумағында 2019 жылдың екі айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет