Республика аумағында 2019 жылдың екі айында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат



Дата17.05.2020
өлшемі195.11 Kb.



Республика аумағында 2019 жылдың екі айында болған табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы шолу ақпарат

Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі пультына халықтан 1 169 754 қоңырау келіп түсті.

Мынадай тұрақты әзірлік қамтамасыз етілді:

- өңірлік және жедел құтқару қызметтері 1 018 адамды құтқарды,
476 адамды эвакуациялады, 55 зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетті, ТЖ орындарынан 98 адам денесін шығарды, 1 527 шығу жасады;

- өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 1 049 адамды құтқарды, 3 281 адамды эвакуациялады, дабыл бойынша 4 863 шақыртуға барды, оның ішінде: 1 796 - өрт, 743 - авариялық-құтқару жұмыстары,


1 987 - өрт ретінде есепке алынбайтын жану, 31 - көрінеу жалған шақырту, расталмаған жану фактілері - 306;

- «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 502 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті, 284 адамды құтқарды, 335 адамды эвакуациялады, 751 шығу жасады, оның ішінде трассалық медициналық-құтқару пункттері 211 шығу жасады, 282 адамды эвакуациялады, 374 зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті.

ІІМ қарамағындағы ұйымдар мынадай іс-шаралар өткізді:

- «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері іздеу-құтқару жұмыстарына, өрттерді сөндіруге қатысу, жеке құрамды жеткізуге 90 ұшу сағатын жасады, санитариялық авиация бағыты бойынша 59 ұшу жасады, 48 адам тасымалдады.

- «Өрт сөндіруші» АҚ 30 адамды құтқарды және эвакуациялады,
66 шығу жасады, соның ішінде 41 өрт сөндіру, 7 авариялық-құтқару жұмыстарын өткізді, 18 жануды жойды.

Мемлекет басшысының бизнеске қысымды төмендету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында өрт қауіпсіздігі саласында бақылау тек жоғары тәуекел дәрежесіндегі объектілерге қатысты енгізілген және ерекше тәртіпте өткізіледі. Бақылау-профилактикалық қызмет шеңберінде


2 992 объектінің, оның ішінде 139 өнеркәсіптік объектінің және
2 853 әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектінің өртке қарсы жай-күйі тексерілді, 10 842 бұзушылық анықталды, 2 142 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 563 лауазымды тұлғаға 16 026 мың теңге сомасында айыппұл салынды.

Халықты оқыту және хабар беру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 9 273: 985 - телевизия арналарында, 2 210 - баспа басылымдарында, 1 738 - радио қондырғыларында, 2 057 - ақпараттық агенттіктер таспаларында, 2 283 - ведомстволық веб-сайттарда сөз сөйлеу болды.

Азаматтық қорғау саласында басшылық құрам мен мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында:

- «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС-да 223 қызметкерге, оның ішінде - орталық мемлекеттік органдардан


34 қызметкерге, жергілікті атқарушы органдардан 80 қызметкерге, ТЖК аумақтық бөлімшелерінен 59 қызметкерге, ІІМ аумақтық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты ұйымдарынан 50 қызметкерге;

- Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өңірлік оқу орталығында 24 қызметкерге;



- Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 17 мемлекеттік әкімшілік қызметшіге.

Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің ТЖ-ға уақтылы ден қоюы және алдын ала қабылданған алдын алу шараларының арқасында 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда оқиға саны 18,6%-ға (448 оқиғаға), зардап шеккендердің саны 24%-ға (138 адамға), қаза болғандар 36,8% (77 адамға) азайғаны, материалдық нұқсан 12,6%-ға (36 млн.теңгеге) көбейгені байқалады.



1 957 табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және оқиғалар тіркелген,
437 адам зардап шеккен, соның ішінде 132 адам қаза болды, материалдық нұқсан 252,6 млн.теңгені құрады.

Облыстар бөлігінде қалыптасқан және жалпыланған көрсеткіштер мына ахуалды сипаттайды (2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда):

- ТЖ саны мына облыстарда: Жамбыл 42,2%-ға (46 оқиғаға), Алматы 41,1%-ға (148 оқиғаға), Қостанай 33,2%-ға (70 оқиғаға), Атырау 30,5%-ға


(18 оқиғаға), Ақтөбе 16,1%-ға (18 оқиғаға), Солтүстік Қазақстан 11,2%-ға
(14 оқиғаға), Қарағанды 10,1%-ға (28 оқиғаға), Алматы қаласында 42,9%-ға
(76 оқиғаға) төмендеді;

- зардап шеккендер саны мына облыстарда: Ақтөбе 89,1%-ға (57 адамға), Қарағанды 57,6%-ға (19 адамға), Батыс Қазақстан 40%-ға (6 адамға), Солтүстік Қазақстан 33,3%-ға (7 адамға), Ақмола 25%-ға (4 адамға), Павлодар 23,7%-ға


(9 адамға), Шығыс Қазақстан 21,7%-ға (13 адамға), Алматы қаласында 81,6%-ға (62 адамға) азайды;

- қаза болғандар саны мына облыстарда: Ақтөбе 100%-ға (56 адамға), Ақмола 69,2%-ға (9 адамға), Шығыс Қазақстан 60,7%-ға (17 адамға), Қарағанды 50%-ға (7 адамға), Солтүстік Қазақстан 23,1%-ға (3 адамға), Алматы қаласында 80%-ға (4 адамға) азайды.

Сонымен бірге басқа өңірлерде:

- ТЖ саны мына облыстарда: Маңғыстау 10,3%-ға (4 оқиғаға), Қызылорда 7,9%-ға (6 оқиғаға) өсті;

- зардап шеккендердің саны мына облыстарда: Қызылорда 2,2 есеге
(19 адамға), Жамбыл 29,6%-ға (8 адамға), Маңғыстау 28,6%-ға (2 адамға), Астана қаласында 16,2%-ға (6 адамға) ұлғайғаны байқалады;

- қаза болғандардың саны мына облыстарда: Қызылорда 5 есеге (4 адамға), Батыс Қазақстан 3 есеге (2 адамға), Алматы 60%-ға (9 адамға), Астана қаласында 2,3 есеге (4 адамға) көбейгені байқалады.



Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жалпы ТЖ санынан 97,9%-ды құрады, 1 916 оқиға тіркелді (18,6%-ға азайды), бұл ретте 385 адам зардап шеккен (28,6%-ға азайды), оның ішінде 130 адам қаза болды (36,6% азайды).

Техногендік сипаттағы жағдайлардың негізгі үлесі өндірістік және тұрмыстық өрттерге (94,2%) тиесілі, ағымдағы жылдың екі айында 1 805 өрт болды (18,8%-ға азайды), 143 адам зардап шеккен (38,4%-ға азайды), оның ішінде 68 адам қаза болды (1,8 есеге азайды), материалдық нұқсан 252,6 млн. теңгені (12,6%-ға азайды) құрады.




Өрт саны мына облыстарда: Жамбыл 45,7%-ға (42 оқиғаға), Алматы 43,8%-ға (146 оқиғаға), Қостанай 33,8%-ға (70 оқиғаға), Атырау 25,5%-ға
(12 оқиғаға), Ақтөбе 14,5%-ға (16 оқиғаға), Алматы қаласында 36,8%-ға (56 оқиғаға) азайды.

Өрт саны мына облыстарда: Маңғыстау 5,3%-ға (2 оқиғаға) өскені байқалды.

Өрт туындайтын негізгі объектілер: 65,8%-ы тұрғын үй секторы,
19,9%-ы көлік құралдары, 3,9%-ы басқа ашық аумақтар, 3,2%-ы сауда кәсіпорындары, 2,1%-ы өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, 1,9%-ы әкімшілік-қоғамдық ғимараттар, 0,6%-ы ауыл шаруашылық объектілер, 0,6%-ы салынып жатқан объектілер мен құрылыс алаңы.

Өрттің пайда болуының таралған себептері: 32,1%-ы электр жабдықтарын техникалық пайдалану және монтаждау қағидаларын бұзу, 27,1%-ы пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 25,3%-ы отты абайсыз қолдану, 5,8%-ы анықталған әдейі өртеу, 4,2%-ы тұрмыстық электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, 1,1%-ы балалардың отпен ойнауы болып табылады.



Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар ТЖ жалпы санынан 2,1% құрады, ағымдағы жылдың екі айында 41 оқиға тіркелді (18%-ға азайды), 52 адам зардап шеккен (1,4 есеге өсті):

- 34 адамның улануы, 50 адам зардап шеккен, қаза болғандар жоқ;



- 2 қауіпті гидрометеорологиялық құбылыс, зардап шеккен және қаза болғандар жоқ;

- 1 табиғи ортаның ластану жағдайы.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет