Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу, күтіпұстау, диагностикалау, төлқұжаттандыру және аспаптық зерттеу жөніндегі жұмыстарды іске асыру және қаржыландыру ережелерін бекіту туралы



Дата28.04.2016
өлшемі265.04 Kb.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу, күтіпұстау, диагностикалау, төлқұжаттандыру және аспаптық зерттеу жөніндегі жұмыстарды іске асыру және қаржыландыру ережелерін бекіту туралы

«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Қосылатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу, күтіп ұстау, диагностикалау, төлқұжаттандыру және аспаптық зерттеу жөніндегі жұмыстарды іске асыру және қаржыландыру ережелері бекітілсін.

  2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткенде күшіне енеді.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы « »

қаулысымен бекітілген



Республикалық маңызы бар жолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу, күтіп ұстау, диагностикалау, төлқұжаттандыру және аспаптық зерттеу жөніндегі жұмыстардыіске асыру және қаржыландыру ережелері

1тарау. Жалпы ережелер
1. Республикалық маңызы бар жолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу, күтіп ұстау, диагностикалау, төлқұжаттандыру және аспаптық зерттеу жөніндегі жұмыстарды іске асыру және қаржыландыру ережелері (онан әрі - Ережелер) «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 8-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және автомобиль жолдарын басқаратын ұлттық оператормен республикалық маңызы бар жолдарды салу, оларды қайта жаңарту, жөндеу, күтіп ұстау, диагностикалау, төлқұжаттандыру және аспаптық зерттеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілуі мен қаржыландыру тәртібін белгілейді.

2. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы субъектілері үшін міндетті болып табылады.

3. Ережелер мердігер ұйымды анықтау тәртібіне қатысы жоқ.

4. Тарауда келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) жұмыстар – жобаны немесе жобаның бір бөлігін жүзеге асыруға бағытталған барлық іс - әрекеттер;

2) келісімшартты орындау – құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру мен құрылыс, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейінгі кепілдемелік жауапкершілік мерзімінде айқындалған барлық кемшіліктерді жоюды қоса санағанда келісімшарт шеңберінде тараптардың міндеттерін орындау

3) инженер – жеке тұлға немесе ұйымға өкілдік ететін, құрылыс - жинақтау жұмыстарына техникалық қадағалауды, сондай-ақ жоба шеңберіндегі қадағалау қызметтерін көрсету шартына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыратын тұлға;

4) негізгі техника мен жабдықты шоғырландыру кестесі – қол қойылғаннан кейін келісімшартты құжаттамаға енгізілетін және келешекте келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын құжат. Кестеде жұмыстарды орындау мерзімдері мен мердігерлік ұйымның жобаны келісімшартты орындау үшін қажетті техника мен және жабдықпен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері туралы ақпарат жарияланады;

5) жұмыстарды жүргізудің жалпы кестесі – келісімшартты ресімдейтін құжаттамаға қол қойылғаннан кейін енгізілетін құжат, ол келешекте жоба бойынша жүргізілетін жұмыстардың нақты көлемдерін орындау жөніндегі міндеттер мен мерзімдер туралы жинақталған ақпарат көрсетілетін келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Кестеде жұмыстардың түрлері мен оларға бөлінетін қаржы сомалары көрсетіледі;

6) жыл сайынғы жұмыстарды орындау кестесі – жұмыстарды жүргізудің жалпы кестесінің негізінде әзірленген құжат. Құжатта тиісті жылы жоба бойынша жұмыстар көлемін орындау жөніндегі мерзімдер мен міндеттемелер туралы ақпарат көрсетіледі.

7) конкурстың бюджетті сомасы – келісімшартты қаржыландыру сомасы, оның шеңберінде конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары қарастырылуы тиіс.

8) келісімшарттың қабылданған сомасы – Ұлттық оператордың мердігерлік ұйымды белгілейтін шешімінде көрсетілген келісімшарттың сомасы, ол конкурс жеңімпазы ұсынған конкурстық өтініміне сәйкес белгіленеді.

9) ұлттық оператор – республикалық маңызы бар жолдардың құрылысы, оларды қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстардың бірыңғай тапсырыс берушісі

2 тарау. Республикалық маңызы бар автомобильді жолдардың құрылысы, оларды қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу

жөніндегі жобаларды жүзеге асыру тәртібі

1 бөлім. Жоба алдындағы және жобалық іздестірулер


  1. Жобаға алдындағы және жобалық-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленеді.

  2. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысында техникалық қадағалау жүзеге асырылады, осындайда Инженер іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізген кезде келесі функцияларды жүзеге асырады:

  1. Тапсырыс берушінің техникалық өкілі ретінде Тапсырыс берушінің;

мүдделеріне өкілдік ету және Тапсырыс берушінің мүдделерін қорғау;

  1. іздестіру жұмыстарының көлемдерін тексеріп, растау;

  2. жобалау жұмыстарын жүргізу барысында есептердің негізделінуін тексеру;

  3. қабылданған жобалық шешімдердің тиімділігін тексеру және қорытындылар мен ұсыныстарды әзірлеу;

  4. Тапсырыс берушіге жобаланатын учаскенің техникалық сипаттамаларын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

  5. материалдардың сапасын, соның ішінде құралыс материалы ретінде қолданылатын топырақты табатын жерлерде де материал сапасын тексеруге қатысу, материалдардың Қазақстан Республикасында қолданыста жүрген нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін тексеру;

  6. жобаланатын учаскенің техникалық сипаттамаларын жақсарту жөнін дегі жаңа жол-құрылыс материалдары мен техникалық шешімдерді қолдану жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

  7. сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы заңнамамен Тапсырыс берушінің техникалық тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.



2 бөлім. Мердігерлік жұмыстарды жүзеге асыру туралы келісімшарттың негізгі шарттары
7. Конкурсты өткізу үшін жүзеге асырылатын мердігерлік жұмыстардың құны көзделмеген шығындар мен жылдар бойы жүргізілетін жұмыстар құнының бағасын өзгертуге көзделген қаражаттарды есепке алмай белгіленеді.

Келісімшарт мердігерлік ұйымды белгілеу және келісімшартты жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін 28 күннің ішінде жасалады. Келісімшартты жасау туралы келісім конкурстық құжаттамада көрсетілген типтік нысанда жасалады. Келісімшарт (келісімшарттық құжаттама) салушыны белгілеу жөніндегі конкурстық құжаттаманың бір бөлігі болып табылады және оның құрамына төменде көрсетілген құжаттар енгізіледі:

келісімшарт туралы келісім;

жалпы келісімшарттық ережелер;

конкурстық өтінімде көрсетілген түзету мәліметтерінің кестесі;

мердігерлік ұйымның конкурстық өтінімінде көрсетілген жұмыстар көлемдерінің тізімдемесі;

спецификациялар;

сызбалар мен графикалық материалды (кестелерді) қоса саналатын жоба (жобалау құжаттамасы).

8. Спецификация дегеніміз жоба мен жұмыстардың жалпы сипаттамасы, жобаны жүзеге асыратын барлық қатысушыларға орындалуы міндетті болып табылатын жұмыстарға қойылатын негізгі техникалық талаптар көзделген құжат. Спецификацияның барлық шарттары мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Спецификацияларды жобалау - сметалық құжаттаманың әзірлеушілері әзірлейді және де жобалау - сметалық құжаттаманың құрамында мемлекеттік сараптамадан өткізіледі.

9. Жұмыстар көлемінің тізімдемесі - осыған дейін мердігерлік ұйым конкурс кезінде өзінің баға ұсынысының бір бөлігі ретінде ұсынылған құжат болып табылады. Құжатта орындалуы тиіс құрылым жұмыстарының көлемдері мен келісімшарт шеңберіндегі олардың құны туралы негізгі ақпарат көрсетіледі. Жұмыстар көлемдерінің тізімдемесі бірнеше тараулардан тұрады, олардың әрқайсысында жұмыстардың жекелеген түрлері көрсетілген, олар туралы ақпарат тиісті тармақтарда орналастырылған. Аталған тармақтарда орындалуы жоспарланған жұмыстардың көлемдері, жұмыстар көлемінің бір бірлігі үшін төленетін соманың құны мен жұмыстардың осы түрі бойынша жалпы көлемінің құны қоса көрсетіледі.

Конкурсты өткізген кезде әлеуетті өнім берушілер жұмыстар көлемінің тізімдемесі шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыстардың жеке жеке ұсынылған есептеулерін бере алады, алайда ұсынылған есептеулердің қорытынды құны конкурстың бюджеттік құнынан астпауы тиіс.

Конкурс өткізілгеннен кейін әлеуетті өнім беруші ұсынған есептеулер келісімшарттың бір бөлігіне айналады.

Жұмыстар көлемінің тізімдемесі әрбір тармағы бойынша атқарылған жұмыстардың түрлері көрсетілетін түсіндірме жазба бар болуы мүмкін. Осындайда әрбір тармақта көрсетілген жұмыс түрлері әрбір есептеуде көрсетілген сомаға орындалуы тиіс.

Жұмыстар көлемінің тізімдемесі шеңберіндегі есептеулер белгіленген немесе уақытша болуы керек. Жұмыстар көлемінің тізімдемені әзірлеу кезінде белгіленген немесе уақытша мөлшерлемелер бойынша есептеулер жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу барысында белгіленіп, келісімшартты орындау кезінде міндетті түрде сақталуы шарт.

Белгіленген мөлшерлеме келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, сырттан тартылған ұйымдармен орындалатын мамандырылған жұмыстар, сондай-ақ көлемдері жалқы есептеулер бойынша өлшене алмайтын жұмыстар мен қызметтер үшін көзделеді. Белгіленген мөлшерлемелер бойынша ақы төлеу іс жүзіндегі шығындарға байланыссыз және растайтын құжаттарды ұсынбай-ақ, құнның түзетілуі есепке алынбай-ақ, бір рет, бір айлықаралықта төленеді. Жұмыстардың кездесойқ қымбаттап кету тәуекелін мердігерлік ұйым өтейді.

Басқа жұмыстар уақытша мөлшерлемелер бойынша төленеді. Уақытша мөлшерлемелер шеңберінде жұмыс көлемінің бір бірлігінің (дара есептеулер) құны белгіленеді. Уақытша мөлшерлемелер шеңберінде іс жүзінде атқарылған жұмыстардың құны төленеді.

Егер де жұмыстар түрлері мен осы мөлшерлеме бойынша құнның өзгеруін болжау мүмкін емес болған жағдайда резервті сома тағайындалады; ол жобалау-сметалық құжаттамада көзделген есептеулер бойынша белгіленеді. Осы сома өзгереді де іс жүзінде атқарылған жұмыстар қана төленеді.

Жұмыстар көлемінің тізімдемеге өзгертулер осы ережелерде көзделген тәртіпте енгізіледі.

Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде мердігерлік ұйым Тапсырыс берушіге шарттың орындалуына кепілдік ретінде келісімшарт шеңберінде әлеуеттік өнім берушіге берілген соманың кем дегенде 3% құрайтын көлемдегі банктік кепілдемені береді. Банктік кепілдемені Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын екінші деңгейдегі банктер береді. Банктік кепілдеменің қызмет ету мерзімі учаскені осы ережелерде көзделген тәртіпке сәйкес Жұмыс комиссияның Актімен қабылдау кезіне дейінгі құрылыс жұмыстарының мерзімінен кем болмауы тиіс. Тараптар келісімін берген кезде мердігерлік ұйым талап етілетін кепілдікті ұзақтығы неғұрлым аз мерзімге енгізуге құқылы. Осындайда кепілдікті кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін 28 күннен кешік тірмей ұзарту шарты қойылады.

Мердігерлік ұйым тиісті сомаға банктік кепілдемені ұсынған кезде келісімшарттың қабылданған сомасынан аванстық төлемдерді алуға үміт етуге құқылы. Аванстық қаражаттар орындалатын жұмыстардың жалпы сомасынан тең үлестерде шегеріліп қалады. Берілетін аванстың құнын тараптар белгілейді, алайда ол келісімшарттың жалпы құнынан 30% аспауы тиіс.

10. Келісімшартты жасаған кезде тараптардың негізгі құқықтары мен міндеттерінен тыс жұмыстар барысында кездесе қалуы мүмкін болып табылатын ақаулықтарды жоюды қамтамасыз ететін сома шегерілетін жағдайлар мен ақаулықтарды жоюға берілетін кепілдемелік мерзімді де көздеу керек. Осындайда орындалған жұмыстар үшін ақша төленген кезде төленетін қаражаттың көлемі қысқартылып тұруы тиіс. Қысқартылатын соманың көлемі (лимиті) Тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада көрсетеді.

Келісімшартта жеке Инженердің келісімшарт шеңберіндегі техникалық қадағалауды жүзеге асыру барысында барлық техникалық шешімдерді қабылдау жөніндегі өкілеттіліктері мен міндеттері көрсетілуі тиіс. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада көзделген функциялардан тыс келісімшартта Инженер атқаратын қосымша функциялар да аталуы мүмкін:

мердігерлік ұйым ұсынатын барлық құжаттарды талдау және олардың негізделгендігін тексеру;

құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін төленетін қаражаттарды мақсатты және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;

аралық төлем сертификаттарының негізделгенділігі мен уақытылығын тексеру;

жоба бойынша осыған дейін қабылданған шешімдерге өзгертулерді енгізудің қажеттілігі мен пайдалылығы туралы шешімді қабылдау;

құрылыс барысында жүзеге асырылатын қосымша жұмыстарды бағалау;

орындалған жұмыстардың көлемдері мен төлем сертификаттарының сәйкестіліктерін растау.

Мердігерлік ұйыммен берілген инженердің барлық нұсқаулары орындалу үшін міндетті болып табылады.



3 бөлім. Құрылыс жұмыстарының басталуы
11. Келісімшартқа қол қойған күннен бастап 21 күннің ішінде мердігерлік ұйым Инженерге мақұлдау үшін негізгі техника мен жабдықты жұмыстар орындау жеріне тарту кестесі мен жұмыстарды жүргізудің жалпы кестесін ұсынуы тиіс. Инженер 3 күнтізбелік күн ішінде аталған құжаттарды қарастырады. Аталған құжаттарда келісім шарттық құжаттамамен сәйкессіздіктер айқындалған кезде Инженер қажетті түзетулерді енгізіп, мердігерлік ұйымға түзету үшін жіберуі тиіс. Мердігерлік ұйым Инженердің ескертпелерін есепке ала отырып, осындай нұсқауларды алғаннан кейін 2 күннің ішінде Инженердің қарауына түзетілген кестелерді ұсынуы тиіс. Барлық кестелер шеңберінде көзделген жұмыстар мерзімі айлармен есептелінеді.

12. Жұмылдыру кестесі мердігерлік ұйым жұмыстар басталған күннен бастап 3 айдың ішінде барлық қажетті техника мен жабдықты тартуды аяқтау керектігін ескере отыра құрастырылады.

Жұмыстардың жалпы кестесі жұмыстарды орындаудың бүкіл кезеңіне есептеліп құрастырылуы тиіс. Құрылыс жұмыстарының басталған кезі - Инженердің жұмыстар басталғандығы туралы ескертулер айтылған күн болып саналады.

Инженердің жұмыстардың басталуы туралы ескертулер барлық аталған фактілер орын алғаннан кейін берілуі мүмкін:

мердігерлік ұйыммен авансты алу (егер де ол келісімшартта көзделген жағдайда);

Тапсырыс берушімен қабылдау - табыстау актісінің негізіндеқұрылыс учаскесін беру;

құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүзеге асырылуына мемлекет тік сәулетқұрылыс бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдардың хабарландыруын алу.

13. Жұмыстарды жүргізудің жалпы кестесі мақұлданғаннан кейін мердігерлік ұйым жұмыстарды жүргізудің жыл сайынғы кестесін әзірлейді де оны жұмыстардың жалпы кестесі мақұлдалғаннан кейін немесе жаңа қаржылық жыл басталғаннан кейін 14 күннің ішінде Инженерге мақұлдау үшін ұсынады. Жұмыстардың жалпы кестесі жұмыстардың жыл сайынғы кестесі әзірленгеннен кейін түзетілуі мүмкін. Жыл сайынғы кестелерге сондай-ақ келесі жағдайларда өзгертулер енгізілуі мүмкін:

келісімшарттық құжаттамада көзделмеген, орындалуына қосымша уақыт талап етілетін қосымша жұмыстарды айқындау. Осындайда жұмыстар көлемінің тізімдемеге осы ережелерде көзделген тәртіпте тиісті өзгертулер енгізілгеннен кейін түзетіледі;

нәтижесінде апатты-қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындаған төтенше жағдайлар орын алған кезде;

мердігерлік ұйым Тапсырыс берушінің кінәсі бойынша жұмыстарды тоқтатқан кезде.

4 бөлім. Жұмыстарды жүргізу барысы
14. Мердігерлік ұйым бекітілген кестеге сәйкес техника мен жабдықтың тартылуын қамтамасыз етуі тиіс. Жұмыстар бекітілген кестеге қатаң сәйкестікте жүргізілуі тиіс. Жұмыстар кестелері орындалмаған кезде келісімшарттарда жұмыс кестелерінің орындал мағандығы үшін айыппұлдар салу жөніндегі ережелер көзделінуі тиіс.

Сондай - ақ, келісімшартта орындалған жұмыстар уақытылы төленбеген кезде Тапсырыс беруші үшін белгіленген айыппұлдар да көзделінуі мүмкін.

Жұмыстар келісімшарттың спецификацияларына қатаң сәйкес тікте орындалуы тиіс. Инженер үнемі құрылыс жұмыстарын орындау кезінде жұмыстардың аяқталғандығы туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 күннің ішінде орындалған жұмыстарды тексеріп тұруы тиіс. Жұмыстар тексерілген кезде орындалған жұмыстардың нақты көлемі және де оның спецификациялар мен қолданыстағы мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріліп тұрады. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті актқа Инженер мен мердігерлік ұйым қол қояды. Егер де тексеру барысында ескертулер айтылатын болса, актіде тиісті ескертулер мен оларды жою шарттары да атап өтілуі қажет. Олар жойылғаннан кейін орындалған жұмыстар қайтадан тексеріледі. Тексеру актісіне орындалған жұмыстардың негізгі өлшемдері көрсетілген техникалық сызбалар қосылады.

Жұмыстарды тексеруге жобаның авторы да қатыса алады. Жобаның авторы құрылыс нормативтерінде, сондай-ақ, Тапсырыс беруші мен жобаның авторы арасында жасалған авторлық қадағалауды жүзеге асыру шартында көзделген жауапты құрылымдардыда тексеруге қатысады.



5 бөлім. Орындалған жұмыстарға ақы төлеу тәртібі
15. Орындалған жұмыстарға ақы аралық сертификаттарға және жұмыстар көлемінің тізімдемеде көрсетілген есептеулерге сәйкес төленеді. Аралық төлеу сертификаттары нысанын Тапсырыс беруші белгілеген құжат болып табылады; сертификатта есепті кезеңде орындалған жұмыстардың көлемі, осы ережелерде белгіленген тәртіпке сәйкес есептелінген төлемге жұмсалатын сома, сондай-ақ, орындалған жұмыстар мен ұсынылған соманың көлемін растау үшін қажетті барлық қажетті құжаттар көрсетіледі. Төлем талаптарының сәйкестігін анықтау мақсатында Талдауды жүргізу қажет болған жағдайда Инженер ескертулерде көрсетілетін басқа да растау құжаттарын қосымша сұратуға құқылы. Осы ескертулерді Инженер аралық төлем сертификаттарын ресми түрде алған күннен кейін 3 жұмыс күннің ішінде жолдайды. Мердігерлік ұйым Инженердің ескертулерін алғаннан кейін 3 жұмыс күннің ішінде тиісті құжаттарды ұсынуы тиіс. Талап етілетін құжаттар белгіленген мерзімде ұсынылмаған кезде тиісті сомалар аралық төлем сертификаттарына енгізілмейді, олар талап етілетін растаушы құжаттар алынғаннан кейін келесі аралық төлем сертификаттарында көзделуі мүмкін.

Сертификаттарды әзірлеу және мақұлдау кезінде Мердігерлік ұйым мен Инженер арасында қайшылықтар туындаған жағдайда Инженер, өзінің өкілеттіліктерін басшылыққа ала отырып аралық төлем сертификатын өзі әзірлеп, оған қол қоюға және бір жақты тәртіпте бекітуге құқылы.

Аралық төлем сертификатын Тапсырыс беруші мақұлдау керек. Онан кейін, оны Инженер төмендегі жағдайларды қоспағанда2 айдың ішінде мақұлдайды. Алайда төменде аталған жағдайларда:

тапсырыс беруші немесе басқа да келістіруші тараптар бекітілген аралық төлем сертификаттарындағы есептерде сәйкессіз дікті тапқан кезде;

жобаның қаржыландырылуы тоқтатылған кезде;

жобаның бюджеті секвестрленген кезде;

мердігерлік ұйымның жұмыстарды орындаумен байланысты сот қараулары жүргізілген кезде;

мердігерлік ұйымның, жоба авторының инженерінің, зертхананың және басқа қатысушылардың қызметтерінде сыбайлас жемқорлық немесе алаяқтық сипатындағы іс-әрекеттер айқындалған жағдайда сертификат мақұлданбайды.



6 Тарау.Келісімшарттың құнын түзету тәртібі
17. Келісімшарт құны 18 айдан астам мерзімде жүзеге асырылатын жобаларда түзетіледі.

Түзетілген құн төлем сомасын немесе жобаны жүзеге асыру шеңберінде жасалған жұмыс көлеміне төленген төлем.

Түзетілген құн жұмыс басталған 18 ай өткеннен кейін төленеді. Түзетілген құнды төлеу келісімшартқа сәйкес жобаның сметалық құжатында көрсетілген сомадан асқанға дейін жүргізіледі.Бұл сома құн эскалациясы коэффициентін жұмыс көлеміне берілген айда жасалған жұмыс құнына көбейту арқылы анықталады.

Қолданылатын жалпы формула төмендегідей:

Pn = a + bLn/ Lo + cEn/Eo + dMn/Mo + ......:, мұндағы:

«Pn» - «n» жиілігінде орындалған,басқаша көрсетілмесе,тек бір айды көрсететін,есептесу келісімшартында қолданылатын түзету коэффициенті.

«а» - түзету берілгендері кестесінде келтірілген,түзетуге жатпайтын келісімшарт бойынша жүргізілген төлемдерді көрсететін фиксациялық коэффициент.

«b», «с», «d» - конкурс құжаттамасының түзету берілгендері кестесінде көрсетілген,жұмыстың жасалуына қатысы бар әр элементтің шығынын анықтайтын коэффициенттер.

«Ln», «Mn», «En» және т.б. – берілген аралық төлем сертификаты қатысты,берілген мерзімде 49 күнге дейінгі кестеде көрсетілген элементтер шығынына сәйкес құнның ағымдағы индекстерi немесе «n» мерзiмі үшiн базистiк баға.

«Lo, «Mo», «Eo» және тағы басқалар - конкурстық баға ұсыныстарды қоюдың алдыңғы күнiне 49 күнге қолданылылатын негiзгi күнгі ахуал бойымен әрi жоғарыда айтылған шығын элементтерi бойымен негiзгi құнның индекстерi немесе тиiстi төлем валюта бейнеленген базистiк баға.

18. Жақтарды қарастыру бойымен мәлiметтердiң жоқтығының шарттың қол қоюы немесе басқа дәлелдеген факторлар үшiн тиiстi шартты жағдайларында қайшылықтардың бар болуын жағдайда (баламалы) қосымша жағдайлар включены шарттың қол қоюында бола алады.

7 Тарау. Жұмыстар көлемінің тізімдемесіне өзгерiстер енгiзу
19. Ескерiлген жұмыстарға мөлшерлемелерiн жұмыстар көлемінің тізімдемесіне жарыстың өткiзуi немесе шарттың орындауы, сәйкессiздiктiң мерзiмiне iздеп табу жағдайда, табылудың кезiнен 42 күндердiң ағымында жақ тиiстi түзетулердi енгiзуi бар сәйкестiкке шарт келтiруi керек.

Жұмыстар көлемінің тізімдемесіне өзгерiстер енгiзу өзгерудегi мәлiмдемелерi, жататын келiсiлулер және бекiту пiсiп жетедi. Жұмыстар көлемінің тізімдемесіне өзгеру тармақ жұмыстар көлемінің тізімдемесінде немесе жеке бағалауларды өзгеру жұмыстар көлемінің тізімдемесі, салық мiндеттеменiң өзгеруiнде пункт қазiргi қосымша шығаруларын кiрiндi жолымен кiргiзе алады.

Жұмыстар көлемінің тізімдемесіне өзгерiстердi енгiзу үшiн негiзгi жағдайлар:

(Жұмыстар көлемінің тізімдемесі және жобалық сызбалар және құжаттаманы қоса) шарт ескерiлмеген қосымша жұмыс ауқымдарының iздеп табуы;

шарт көрcетiлген бұрын қабылданған техника лық шешiмдерде өзгерiстердi енгiзудiң қажеттiлiгi;

нақты орындаудың нәтижелерiне арналған жұмыстарды салық мiндеттемелердi анықтау.

Олардыңның бекiтуiн алдында мiндет және өзгеруде инженердiң өкiлеттiгi, мәлiмдеме неткенмен келесi жағдайларда тапсырысшымен алдын ала келiсiлулердi жатады:

Жұмыстар көлемінің тізімдемесі үлкеюде жалпы бағады;



- құрылыс жұмыстарын мерзiмдер және шарттың орындауында өзгерiстердi әсерде.

Жұмыстар көлемінің тізімдемесі қосымша жұмыстарға өзгеруге мәлiмдемелерiнiң тапсырысшысымен алдын ала келiсiлу талап етiлмейдi:



авариялық жағдайлар, апаттық оқиғалар талап ететiн жедел орындаулар, орындау жоюға қатысты, мүлiктiң бұзуына сонымен бiрге ал құрудың қорқытуын дер кезiнде жоюға және адамдарды денсаулыққа зиянның ұру бағытталған жұмыстардың басқалары сонымен бiрге ал.

20. Өзгерiстердi бастамашы (тапсырысшы, мердiгерлiк ұйым, инженер) жобаның өткiзуi қатысушылардың қайсысы болса да бола алады. Өзгерiстердi енгiзу үшiн жағдайдың пайда болуында өзгерiстердi енгiзудiң қажеттiлiгi туралы шешiм қабылдау үшiн жобаның басқа қатысушыларын мәлiмдемемен жақтардың қайсысы болса да инженерге қарайды. Мәлiмдеме мердiгерлiк ұйымды нұсқайтында жағдайда, онда өз мiндеттерiнiң күшiне инженер келесi әрекеттер мұндай мәлiмдеменi алудан кейiн кiрiсуi керек:

1) жұмыстарды айғақсыз тоқтатуды ықтималдықтың шығаруын мақсатпен (бөлiмшелер) басқа жерлердегi жұмыстарды жүргiзудiң мүмкiндiгiн анықтау. Мұндай мүмкiндiк жағдайда, жұмыстарды тоқтату мүмкiндiк бермейтiн басқа бөлiмшелерге құрылыс жұмыстарын жалғасы бойымен тиiстi әрекеттердi өткiзу туралы мердiгерлiк ұйымды нұсқауды кiдiрмей бередi.

2) шешiм қабылдауға дейiн басқа бөлiмшелер және жұмыстарды уақытша тоқтатуды қажеттiлiктегi жұмыстарды өткiзуi қысқалықта, жай қарапайымдар туралы тиiстi есептiк жазуларды жүргiзу бойымен нұсқау жұмыс iстемейтiн әдiстi санның нұсқауымен, адамдар және мерзiм бередi.

3) ағымда екі күнтiзбелiк күндердiң холары тиiстi өзгерiстердi енгiзудiң объективтiк және орындылығын тексеруi, (тапсырысшы және жобаның авторы) басқа қатысушыларды ұсынысты талдауы және өзгерiстердi енгiзудiң қажеттiлiгi туралы (шешiм) қорытынды шарт жай қарапайымдар және мерзiмдi ұзарту мүмкiн өзгеруге мәлiмдеменiң құрастыруы үшiн мерзiм қажеттi жұмыстарды құнның үлкеюiне осы жағдайдың әсерiн мүмкiндiктi алдын ала бағалаумен беруi керек. Мүмкiн құнның үлкеюi туралы қорытын дының шығаруында, инженер бiрiншi кезекке шектерде жұмыс iстеулердiң мәлiметтерiн орындаудың мүмкiндiгi қарап шығуға мiндеттi жұмыстар көлемінің тізімдемесі жалпы бағады.

Өзгерiстердi енгiзу, инженер қажеттiлiктiң жоқтығы жағдайда жақтарды мәлiмдемемен тиiстi шешiм қабылдайды. Құқық мердiгерлiк ұйым бұл жағдайдада мерзiмдi ұзарту талап етуге сасқалақтатады. Ағымда сонымен бiрге мердiгерлiк ұйыммен инженер өзгерiстердi енгiзудiң қажеттiлiгiнiң бар болуы жағдайда 3 - күндердiң холары тиiстi өлшемдердi өндiредi, кейiн өзгеруге мәлiмдеменi не құрайды. Инженер бұл жағдайдада қайта жобалауға уақыттың есебiмен мүмкiн өзгеруде барлық мәлiмдеменiң құрастыруы мерзiмдерi туралы жақ ескертiлуi керек. Мәлiмдеменiң құрастыруын мерзiм 2 асуы керек - айлардың холары. Егер бұл қызметтердiң ЖСҚ, төлеуге аяқтап iстелмеулерiмен байланыста қайта жобалауда қажеттiлiк мәлiмдеме возникла құрастыруында жобаның авторын есепке өндiрсе.

Меншiктi құралдардың есебiне процестiң жеделдетуi, мердiгерлiк ұйым үшiн құқылы қайта жобалау бойымен қызметтегi төлеуiн жобаның авторынан шығындарының келесi өндiрiп алуымен жасау. Тапсырысшының бастамасы бойымен өзгерiстердi енгiзуде, бес күндердiң ішінде инженер қажеттi өлшемдер және есептеулердi жүзеге асырады және өзгерiстердi енгiзудiң қажеттiлiгi бойымен қорытындының тапсырысшысына өзгеруге мәлiмдеменiң құрастыруы үшiн мерзiмдердi қоса жұмыстар, мерзiмдердiң құнының үлкеюiне мүмкiн әсердi бағамен бередi.

Бiрiншi кезекке қарастыруда инженер шартты құн жұмыстар көлемінің тізімдемесі шектерiнде тиiстi өзгерiстердi енгiзудiң мүмкiндiгi бағаланады, өзгерiстердiң мәлiметтерiн енгiзудiң орындылығы сонымен бiрге ал. Қорытынды мұндай өзгерiстердi енгiзу бойымен автор және мердiгерлiк ұйымның пiкiрлерiнiң есебiмен құрауы керек. Осы шешiм тапсырысшы алуынан кейiн өзгеруге мәлiмдеменiң сәйкестiгiне сұрау салуды бағыттайды. Инженермен бұған қоса тартылатын тапсырысшының бастамасы бойынша өзгеруге мәлiмдеменi құрайтын жұмыстарды өткiзудiң басы туралы мердiгерлiк ұйымды нұсқау құқылы беру.

Қосымша жұмыстардың орындауы бойымен қоса инженердiң мердiгерлiк ұйым көрсетушi кез келген нұсқауы, орындау үшiн сөзсiз болып табылады.

Инженер бастамашы болған жағдайда тараптарға өзгертулерді енгізу қажеттілігі туралы хабарлама беріледі. Одан кейін бір тармақ бұрын жария етілген рәсімдер орындалады. Қосымша жұмыстар жұмыстар көлемінің тізімдемесіне енгізілген жағдайда сәулет, қала құрылысы мен құрылыс шеңберінде қолданыстағы сметалық нормалар мен ережелерге сәйкес есептелінетін жаңа есептеу қолданылады. Есептеу барысында мердігерлік ұйым таңдалған жылдағы бағалар басшылыққа алынады; сол бағалар өндірістік жеңілдікті есепке алынып белгіленеді.

Өзгертулерді енгізу сұратылатын өтінімбарлық Қатысушылармен (Тапсырыс беруші, мердігерлік ұйым, жобаның авторы) мақұлдануы тиіс. Мердігерлік ұйым өтінімді келісуден өткізуден бас тартқан жағдайда Инженер мердігерлік ұйымға хабарлағаннан кейін осындай өзгертулерді енгізу туралы өтінімді бір жақты бекітуге құқылы. Осындайда мердігерлік ұйым өзгерту талаптары сипатталған осындай өтінімді сақтауға міндетті. Алайда осындай іс-әрекет арқылы мердігерлік ұйым сот органдарына жұмыстарды орындауға және оларды осындай өзгерту туралы өтінімге сәйкес шығындарды өтеу туралы талап арызды беру құқығынан айырылады.

8 бөлім. Жұмыстарды қабылдап алу
21. Барлық құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін мердігерлік ұйым Инженер мен Тапсырыс берушіні учаскенің жұмыс комиссиясына көрсетуге дайын екендігі туралы хабарлайды. Осындай ескертуді алғаннан кейін Инженер 14 жұмыс күннің ішінде аяқталған жұмыстарды тексереді. Тексеру барысында спецификацияларда белгіленген қажетті сынау жұмыстары да ұйымдастрылып, өткізілуі мүмкін. Оң нәтижеге қол жеткізілген кезде Инженер жұмыстардың аяқталғандығы және де учаскенің жұмыс комиссиясына ұсынуға дайындығы туралы тиісті куәлікті дайындайды. Жұмыстардың аяқталғандығы және жұмыс комиссиясына ұсынуға дайындығы туралы куәлікті беру күні жұмыстардың аяқталған күні болып саналады.

Осындай куәлікті алғаннан кейін Тапсырыс беруші жұмыс комиссиясын шақырады да сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамаға сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады. Жұмыс комиссиясының қорытындысынабарлық комиссия мүшелері қол қойған кезден бастап учаскені Тапсырыс беруші қабылдап алған болып есептелінеді.

Жұмыс комиссиясының қорытындысына қол қойғаннан кейін:

тапсырыс беруші учаскені пайдаланушы ұйымына кепілдемелік жауаптылық кезеңіне қызмет көрсетуге береді;

30 күннің ішінде Инженер өткізілген жұмыстың талдауын жасайды және де барлық осыған дейін мақұлданғанаралық төлем сертификаттары мен келісімшарт шеңберінде төленген сомаларды тексереді. Талдау қорытындысы бойынша қаржылық есепті әзірлейді. Қаржылық есепте қосымша төленетін немесе шегертілетін барлық қалған сомалар көрсетіледі. Ескертулер бар болған кезде тиісті тарап Инженерге ескертулер айқындалғандығы туралы хабарлап, оған растайтын құжаттарды қосып, тиісті ұсыныстарды жолдау керек. Осындай құжаттарды алғаннан кейін Инженер 10 күннің ішінде ақырғы қаржылық есепті әзірлейді. Ақырғы есепті әзірлеген кезде Инженер ақырғы шешімді қабылдау үшін қажет деп санаған басқа да растаушы құжаттарды сұратуға құқылы.

Қаржылық есепке қоса қалған жұмыс көлемдерін (немесе қажетті сомаларды шегеру) төлеу қажеттілігі мен шартты орындау барысында төленбеген сомаларды бірінші жартысы төленгендігін есепке ала отырып, қорытынды төлем сертификаты да әзірленеді. Төленберген сомаларды екінші жартысыкепілдемелік мерзім аяқталғанға дейін сақталады немесе кезде, мердігерлік ұйым көрсетілген сомаға берілген, қолданылу мерзімі кепілдемелік кезеңнің аяқталу мерзімінен кем емес банктік кепілдемелерді ұсынған кезде төленеді.



9 тарау. Келісім-шартты бұзу тәртібі
22. Келісім-шартты бұзуға арналған негізге кемінде келісім-шарт талаптарының дөрекі бұзылуы 2 жағдайдан кем болмауы керек. Келісім-шарт талаптарының дөрекі бұзылуына мына төмендегілер жатқызылады:

мердігерлік ұйымның өз кінәсінан, себепсіз сылтаудардан ұзақ уақытқа (2 айдан артық) жұмысының тоқтатылуы;

20 күннен артық мерзімге техника мен құрал-жабдықтарды жұмылдыру кестесін орындамау;

өндірістік жұмыстардың жылдық кестесін 3 ай және одан артық мерзім бойында орындамау;

келісім-шарт орындалуын қамтамасыз етуге арналған банк кепілдігін немесе кепілдік жауапкершілігін 2 ай артық мерзімде көрсетпеу;

жұмыстың орындалу кезеңінде және 3 ай мерзімді көлемінен асқан кепілдік уақытында ақауды жоюдан жалтару.

Келісім-шартта байқау құжаттарының бастапқы уақытта жазылған келісім-шартты бұзатын басқа жағдайлар да көрсетілуі мүмкін.

23. Келісім-шарт Тапсырыс беруші мердігер ұйыммен бірлесе отырып бір-бірін хабардар ете, біржақты тәртіпте бұзылады. Осындай ескерту хатты алғаннан 12 күн өткен мерзімде келісім-шарт бұзылған болып есептеледі. Жұмыстың аяқталуына дейін бұзылған келісім-шарт жағдайында Тапсырыс беруші қалған жұмысты өзінің күшімен аяқтауға, немесе жақтас ұйымдарды мердігер ұйымдармен ертеректе келісілген келісім-шарт бағалалауы бойынша сәйкес сауда-саттықты өткізбей қалған жұмысты бітіру үшін, оларды бекіту жолымен тартуына құқылы. Мұндай жақтас ұйымдар ретінде жобаға қатысы бар немесе арнайы қызмет нарығында басымдық жағдайға ие болған қосалқы мердігерлік компаниялар да қатыса алады.

Мердігер ұйымның кінаратынан келісім бұзылған жағдайда Тапсырыс беруші мердігер ұйымға келісім-шарттың орындалуын қамтамасыз етуге бөлінген қаражатты, сонымен қатар, ақауды жоюды қамтамасыз ету бойынша ұсталған жарты сомасын ұстап қалады. Инженердің ескерту хаты берілгеннен кейін құрылыс алаңының материалдары, төлемге жататын орындалған жұмысты және ақысы төленбеген алғытөлем сомасын есепке ала отырып, өзара есеп айрысу актісін жасайды. Осы актінің негізінде Инженер төлемнің аралық сертификатын береді. Егер мердігер ұйым Тапсырыс берушінің алдында қарызы бар болатын болса, мердігер ұйым Инженерден алған актіден кейін өзара есеп айырысуды жүргізуі керек.

Келісім-шарт мәселелерімен келіспеген жағдайлар ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралады.



10 тарау. Кепілдікті жауапкершілік кезеңі
24. Мердігерлік ұйымның кепілдікті жауакершілік кезеңі Жұмыс комиссиясының актіге қол қойылу сәтінен басталады.

Кепілдікті жауакершілік кезеңінде жұмыс сапасына немесе қолданылатын материалдар бойынша ақаулар тауып алған жағдайда мердігерлік ұйым өз қаражатынан бұл ақауларды түзететін болады. Мұндай ақауларды тауып алғаннан кейін Тапсырыс беруші мердігер ұйымды 10 күн уақыт аралығында осы ақауды жою әрекеті бойынша жұмыстарын бастап кетуін хабардар етуі керек. Ақауларды жоюға ауа-райының қолайсыздық туындатуы жағдайында Тапсырыс берушімен келісе отырып, жұмыс орындалысын ауа-райының қалыпты жағдайға келуіне дейін шегеруге болады. Ақауды жоюдан бас тартқан уақытта Тапсырыс беруші ақауды жұмсалған шығынды мердігер ұйымға төленбеген соманың 25% көлемін ұстап қала отырып немесе кепілдік кезеңінде алға тартылған банк кепілдемесін қайтарып алып, ақауды жоюды қолданушы ұйымға жүктеуіне құқылы, сонымен бірге мердігер ұйымды бірге есептей отырып, іске ықылассыз қараған жабдықтаушылардың тізімінде түбегейлі шараларды қолдануына құқылы.

Жұмыстың дұрыс орындалмауы себебінен туындалған ақаудың табылуы жағдайында Тапсырыс беруші, сонымен бірге, кепілді жауакершілікті кезеңде Инженерге төлейтін соманың бір бөлімін ұстап қалады. Мердігерлік ұйымға төлейтін ақыға тиесілі ұсталатын соманың құны ақаудың анықталуы сәтінде келісім-шарттың қорытынды сомасынан 2,5% мөлшерінде асып кететін болса, Тапсырыс беруші Инженерді ісіне жауапкершілікпен қарамаған жабдықтаушылар тізіміне енгізуде инжинирингілік қызметін жүзеге асыру бойынша сәйкес келісімін қайтарып ала отырып, мүмкін болатын барлық іс-шараларды қолдануға міндетті.

Кепілдік кезеңнің уақыты өткеннен кейін Инженер мердігер ұйыммен бірлесе отырып, 28 күн уақытында тапсырыс берушіге жол Төлқұжатын телімнің техникалық сипаттамасының көрсетілімімен бірге тапсыруы қажет. Сонымен қатар, Инженер мердігер ұйымға төленуге тиесілі барлық соманы ұстап қалатын екінші соманы ескере отырып, төлемнің түпкілікті сертификатын береді. Бір мерзім ішінде келісім-шарттың орындалуы туралы куәлікті де береді.

Осыдан кейін жетекшілік етуінде жол телімі бар Ұлттық оператор мемлекеттік комиссияның тағайындалуы қажеттігін хабардар етеді. Нысанды мемлекеттік қабылдау сәулет өнері, қала тұрғызу және құрылыс аймағындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік комисссияның актіге қол қоюынан кейін Тапсырыс беруші телімді пайдаланатын ұйымға қызмет көрсетуге тапсырады. Жауапкершіліктің кепілдік кезеңінің уақыты өткенде және оны пайдалануға енгізуге дейін телімді пайдаланушы ұйымның қызметі бойынша жүзеге асырылатын жұмыстар жіберіледі.

Мемлекеттік комиссияның актіге қол қоюынан кейін 14 күн өткенде Тапсырыс беруші мердігерлік ұйымның банктік кепілдігін қайтарады.

Кейін мердігер ұйымның өзінің Тапсырыс берушіден өтемақы төлеуді талап етуге құқығы болмауындай Тапсырыс беруші мердігер ұйымнан күші бар заңның немесе сот шешімінің орнатқан жағдайын қоспағанда ешбір төлемге таласуға құқығы жоқ.



3 бөлім. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа, ағымдағы жөндеу жұмастары, күтіп ұстау, диагностикалау, төлқұжаттандыру және аспаптық тексеру жобалары бойынша жүзеге асыру реті

1 Тарау. Орташа жөндеу жұмастары
25. Орташа жөндеу жұмастары жолдар мен жол құрылымдарының алғашқы пайдалануға берілген сапасын қайта қалыпқа келтірумен байланысты жұмастардың кезеңдік орындалысын қарастырады.

Орташа жөндеу жұмыстарының көлемі тізімдемелік сараптамадан өткізіле отырып, жол диагностикасының және ақау тізімдемесінің қорытындысы негізінде құрылған сметалық есептеу арқылы анықталады.

26. Орташа жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстарды атқару барысында орындалатын жұмыстарды техникалық қадағалау жүзеге асырылады.

Орташа жөндеу жұмыстарын техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша қызмет құны техникалық құжат арқылы анықталады.

27. Орындалып жатқан жұмыстын сапасын бақылау құрылыс ісі бойынша Комитет Төрағасының 19.05.2004 жылғы №235 бекіткен жарлығы бойынша ППРК 218-35-04 автомобиль жолдарының құрылысы мен жөнделуіндегі сапаны бақылау мен қабылдап алу Нұсқамасына сәйкес жүзеге асырылады.

28. Орташа жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстың орындалуының кепілдік кезеңі екі жылдан кем болмауы керек.

Мердігер ұйымның жауакершілікті кепілдік кезеңі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актіге қол қоюы сәтінен басталады.

Жауапкершілікті кепілдік кезеңінде жұмыс сапасы немесе қолданылып отырған материалдардың жарамсыздығы себебінен ақау табылған болса, мердігерлік ұйым бұл ақауды өз қаражаттары есебінен жоятын болады.



2 тарау. Ағымдағы жөндеу жұмыстары
29. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жолдар мен жол құрылымдарының бүлінуін алдын алу немесе түзету бойынша орындалатын жұмыстарды қарастырады. Ол «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 423 қаулысына сәйкес жолдарды тексеру қорытындысы нәтижесіндегі ақаудың тізімдемесі негізінде жоспарланады (ары қарай – қаржыландыру Мөлшері). Бағдарлық тәсілмен жұмысты орындау барысында сметалық есеп негізінде жұмыс орындалысына рұқсат етіледі.

30. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының құны транспорттық инфрақұрылымды дамыту Комитетінің Төрағасының 2006 жылғы


24 қарашадағы №201 жарлығымен бекіткен автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау және көгалдандыру жұмыстары бойынша сметалық мөлшер және баға Жинағы негізінде анықталады (ары қарай - Жинақ).

31. Ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша өткізілетін жұмыстар жұмыстың орындалуы барысын техникалық қадағалау арқылы жүзеге асырылады.

32. Орындалатын жұмыстың сапасын бақылау және қабылдап алу республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша Ұлттық оператор жұмыскерлерінің техникалық қадағалауы мен аттестациясынан өтуін жүзеге асырған инженерлердің қатысуымен атқарылады.

33. Ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстың орындалуының кепілдік кезеңі 1 жылдан кем болмауы керек.

Мердігер ұйымның жауакершілікті кепілдік кезеңі мемлекеттік қабылдау комиссиясының актіге қол қоюы сәтінен басталады.

Жауапкершілікті кепілдік кезеңінде жұмыс сапасы немесе қолданылып отырған материалдардың жарамсыздығы себебінен ақау табылған болса, мердігерлік ұйым бұл ақауды өз қаражаттары есебінен жоятын болады.



3 тарау. Күтіп алу (күтіп ұстау)
34. Күтіп ұстау бойынша жүргізілетін жұмыстар қаржыландыру мөлшеріне сәйкес жолдарды тексеру қорытындысы нәтижесіндегі ақаудың тізімдемесі негізінде жоспарланады.

35. Күтіп ұстау жұмыстарының құны транспорттық инфрақұрылымды дамыту Комитетінің Төрағасының 2006 жылғы 24 қарашадағы №201 жарлығымен бекіткен автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау және көгалдандыру жұмыстары бойынша сметалық мөлшер және баға Жинағы негізінде анықталады (ары қарай - Жинақ).

36. Орындалатын жұмыстың сапасын бақылау және қабылдап алу республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша Ұлттық оператор жұмыскерлерінің техникалық қадағалауы мен аттестациясынан өткен жұмыскерлер қатысуымен атқарылады.

4 тарау. Автомобиль жолдарын диагностикалау, төлқұжаттандыру және аспаптық тексеру
37. Автомобиль жолдарын диагностикалау, төлқұжаттандыру және аспаптық тексеру бойынша жұмыстар Тапсырыс берушінің автомобиль жолдарының және жасанды құрылымдардың мониторингісіне арналған тапсырысы бойынша жоспарланады.

38. Автомобиль жолдарын диагностикалау, төлқұжаттандыру және аспаптық тексеруімен жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша ақауды жою мен алдын алуға арналған кешенді іс-шаралары және шығындар көрсетілген ақау тізімдемесі құрылуы керек.



39. Автомобиль жолдарын диагностикалау, төлқұжаттандыру және аспаптық тексеру жұмыстарының құны автомобиль жолдарын диагностикалау, төлқұжаттандыру және аспаптық тексеру бойынша бағалау нұсқамасы негізінде анықталады.

________________________
Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Электрондық АҚпараттық ресурстар мен
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1768 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы"
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №512 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер
contents -> Азаматтық авиация саласындағы салалық біліктілік шеңбері Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет