Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»



жүктеу 93.12 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі93.12 Kb.
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

Алматы қаласы

2013 жылғы 25 желтоқсан






город Алматы
№292
ҚР Әділет министрлігінде 2014 жылғы 4 ақпаныңда №9125 болып тіркелген

2014.21.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қаржы ұйымдарының банк

операцияларының жекелеген түрлерін

және басқа да операцияларды жүргізуіне

шектеулер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне мынадай шектеулер белгіленсін.

2. Екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі - банк):

қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз алушыға қарыз беру;

қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;

қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы шешімдер қабылданғанға дейін қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

Банктің қарыз алушыға қарыз алу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ кредиттеудің осындай нысанына арналған банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларында және шартта айқындалған сомасы және уақыт шегінде қарыз алушыны кредиттеу міндеттемесі кредиттік желі деп түсініледі.

Кредиттік желінің шекті сомасы кредиттік лимит (оның ішінде кредиттік/төлем карталары бойынша) деп түсініледі.

Банктің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін пайдалануға ниет білдірген немесе пайдаланатын, орташа айлық табысы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында соңғы жарияланған, қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асыру күні қолжетімді орташа айлық жалақыға тең немесе екі есе мөлшеріне тең болатын Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлға қарыз алушы деп түсініледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары жылжымайтын мүлік, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар, жылжымайтын мүлікті сатып алу мәні болып табылатын өзге де шарттар бойынша талап ету құқықтары кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды, қамтамасыз етілуі автокөлік болып табылатын қарыздарды, қамтамасыз етілуі банктік салым шартына немесе ақша кепілі шартына сәйкес банкте орналастырылған, берілетін қарыздың сомасын толық өтейтін ақша болып табылатын қарыздарды, білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қарыз алушыларға берілген қарыздарға қолданылады.

3. Қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициенті қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасын қоса алғанда, барлық өтелмеген қарыздары бойынша ай сайынғы төлем мен осы қаулының 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда туындайтын қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасының қарыз алушының соңғы алты айдағы орташа ай сайынғы кірісіне қатынасы ретінде былайша есептеледі:

 

 

мұндағы:



БЖК - борыштық жүктеме коэффициенті;

ӨҚТi - қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша осы қаулының 4-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы төлем;

МТi - қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасы;

БТ - қарыз алушының жаңа берешегі бойынша осы қаулының 5-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа төлем;

n - қарыз алушының өтелмеген қарыздарының саны;

Т - қарыз алушының осы қаулының 7-тармағына сәйкес есептелетін ай сайынғы орташа табысы.

4. Қарыз алушының өтелмеген қарызы (өтелмеген қарыздары) бойынша ай сайынғы төлем өтелмеген қарыз (өтелмеген қарыздар) бойынша айлық көрсеткіш бойынша келтірілген кезеңдік төлемге (өтелмеген қарыздар бойынша айлық көрсеткіш бойынша келтірілген кезеңдік төлемдер сомасына) тең қабылданады.

Өтелмеген қарыз бойынша айлық көрсеткіш бойынша келтірілген кезеңдік төлем қарызды өтеу кестесіне сәйкес кезеңдік төлем мөлшерінің жылдық көрсетудегі өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлемдер санының оң екіге қатынасының көбейтіндісі ретінде есептеледі:

КТай=КТкесте*КТСжыл/12

мұндағы:


КТай - айлық көрсеткішке келтірілген кезеңдік төлем;

КТкесте - қарызды өтеу кестесіне сәйкес өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлем;

КТСжыл - жылдық көрсетудегі өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлемдер саны.

Жылдық көрсетудегі өтелмеген қарыз бойынша кезеңдік төлемдер саны үш жүз алпыстың қарыз бойынша төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес жүзеге асыру кезеңділігін сипаттайтын күндер санына қатынасы ретінде есептеледі.

Осы тармақтың үшінші бөлігін есептеу мақсаты үшін бір айдағы күн саны отызға тең болып қабылданады.

Қарызды өтеу кестесіне сәйкес кезеңдік төлем және (немесе) төлемдерді жүзеге асырудың күнмен берілген кезеңділігі туралы деректер болмаған кезде өтелмеген қарыз бойынша ай сайынғы төлем қарыз бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша қалдық сомасының осы қарыздың аймен берілген қалған мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

Өтелмеген қарыз (өтелмеген қарыздар) бойынша ай сайынғы төлемге кредит лимитінің пайдаланылмаған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерінің бағасы, кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша ай сайынғы төлем кіреді.

Кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлем мөлшерінің бағасы кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі мөлшерінің шартта айқындалған, аймен көрсетілген осы лимиттің қалған мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

Банктің ашық кредиттік желі шеңберінде қарыз алушыға қарыз беру жөніндегі шартты міндеттемесінің сомасы кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі деп түсініледі.

Кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша ай сайынғы төлем кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша кредиттік лимиттің тиісінше он пайызға көбейтіндісі ретінде есептеледі.

Қарыз алушының өтелмеген қарызы бойынша мерзімі өткен төлемдер сомасына мерзімі өткен негізгі борыш, мерзімі өткен сыйақы сомасы және банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, микроқаржы ұйымының, сондай-ақ тізбесі «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында белгіленген өзге де ақпарат жеткізушілердің (бұдан әрі - ақпарат жеткізушілер) балансынан тыс есептен шығарылған берешек сомасы кіреді.

Қарыз алушыға бұрын жасалған банктік қарыз шартын (қарыз шарттарын) қайта қаржыландыру мақсатында қарыз беруді жүзеге асырған жағдайда, өтелмеген қарыз бойынша қайта қаржыландыруға жататын берешек сомасы ай сайынғы төлемнің есебінде және өтелмеген қарыз бойынша мерзімі өткен төлемдердің сомасында есепке алынбайды.

Ашық кредиттік желінің және (немесе) бұрын жасалған банктік қарыз шартын (шарттарын) қайта құрылымдау мақсатында жүзеге асырылатын қарыз алушының қарызы талаптарының осы қарыз бойынша қарызды өтеу кестесіне сәйкес кезеңдік төлемдердің мөлшерін ұлғайтуға апаратын және ашық кредиттік желінің кредиттік лимитін және (немесе) қарыз мөлшерін ұлғайтуды көздемейтін өзгеруі жағдайында қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдерінің сомасы нөлге тең болып қабылданады.

Қарызды өтеу кестесіне сәйкес кезеңдік төлем, негізгі борыш қалдығы, өтелмеген қарыздар бойынша сыйақы қалдығы, кредиттік лимит, кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігі, қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлем сомалары туралы ақпаратты банк кредиттік бюродан сұратып алады.

Кезеңдік төлемдердің, негізгі борыш қалдығының, өтелмеген қарыздар бойынша сыйақы қалдығының, кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша ай сайынғы төлемнің, кредиттік лимиттің пайдаланылмаған бөлігін өтеу бойынша ай сайынғы төлемнің мөлшерін бағалаудың және қарыз алушының өтелмеген қарыздары бойынша мерзімі өткен төлемдер сомаларының есебіне барлық ақпарат жеткізушілер кредиттік бюроға ұсынатын мәліметтер кіреді.

Қарыз алушының өтелмеген қарыздарына осы қаулының 2-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген қарыздар, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар, жылжымайтын мүлікті сатып алу мәні болып табылатын өзге де шарттар бойынша талап ету құқықтары кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды, қамтамасыз етілуі автокөлік болып табылатын қарыздарды, банктік салым шартына немесе ақша кепілі шартына сәйкес орналастырылған және берілетін қарыз сомасын толығымен өтейтін ақша қамтамасыз етуі болып табылатын қарыздарды, білім беруді кредиттеу жүйесі шеңберінде берілетін қарыздарды, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесінің шеңберінде берілетін қарыздарды қоспағанда, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға берілген қарыздар кіреді.

5. Қарыз алушының жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлемі өтеу кестесіне сәйкес есептелген, негізгі борыш бойынша төлемдер мен сыйақы сомасының, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7663 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 137 қаулысымен бекітілген Қарыздар мен салымдар бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу қағидаларының 8-тармағында белгіленген, қарыз алушының банктік қарыз шартын жасауымен және орындауымен байланысты өзге де төлемдер сомасының осы қарыздың айлармен көрсетілген мерзіміне қатынасы ретінде есептеледі.

Қарыз алушының кредиттік желі, кредиттік карта, сондай-ақ талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделетін төлем картасы бойынша міндеттеме болып табылатын жаңа берешегі бойынша ай сайынғы орташа төлемді есептеу осы қаулының 4-тармағының жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктеріне сәйкес жүргізіледі.

6. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.21.11. № 221 Қаулысымен алып тасталды.

7. Қарыз алушының ай сайынғы орташа табысы қарыз алушының соңғы алты айдағы жалақысы және (немесе) өзге де табыстары сомасының алтыға қатынасы ретінде есептеледі.

Банктер қарыз алушының ай сайынғы орташа табысын есептеуді қарыз алушының өтініш жасау алдындағы қатарынан алты айдағы қарыз алушының табыстары туралы мәліметтердің негізінде жүзеге асырады.

Банк қарыз алушының ай сайынғы орташа табысының есебіне алатын табыстар түрлері қарыз алушының өтініш жасау алдындағы қатарынан алты ай ішіндегі кем дегенде екі кез келген айға алынуы тиіс.

8. Қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің ең үлкен деңгейі 0,5 құрайды.

9. Егер қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің мәні осы қаулының 8-тармағында белгіленген мәндерден жоғары болып табылған жағдайда банк:

қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда қарыз алушыға қарыз беру;

қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;

қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы оң шешімдер қабылдамайды.

10. Банк қарыз алушының борыштық жүктемесін қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін бағалаудың меншікті жүйесі негізінде өздігінен айқындайды. Егер банк қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін бағалаудың меншікті жүйесі негізінде айқындаған қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентінің мәні осы қаулының 8-тармағында белгіленген борыштық жүктеме коэффицентінің ең жоғары деңгейінен төмен болса, банк:

қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бір бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға қарыз беру;

қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;

қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін, қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарының өзгеруі туралы шешімдер қабылдау кезінде қарыз алушының кредит төлеу қабілеттілігін бағалаудың меншікті жүйесін басшылыққа алады.

11. Осы қаулы 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.



 

 


Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Қ. Келімбетов

 

 



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет