Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»



жүктеу 32.88 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі32.88 Kb.
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 қыркүйекте № 8698 тіркелді


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ

2013 жылғы 26 шілде




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

№ 185

Алматы қаласы





город Алматы



Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы

   «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алу қағидалары бекітілсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 23 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

       Ұлттық Банк


      Төрағасы                                        Г. Марченко

 

 



Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 26 шілдедегі
№ 185 қаулысымен
бекітілген

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының


комиссиялық сыйақыны өндіріп алу
қағидалары

1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - БЖЗҚ) комиссиялық сыйақыны өндіріп алу тәртібін айқындайды.

2. Осы қаулының мақсаттары үшін зейнетақы активтерінің ағымдағы құны ретінде Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес айқындалатын зейнетақы активтерінің ағымдағы құны түсініледі.

3. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақыны санау, есептеу және аудару үшін нәтижелері бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің ағымдағы құны есептелетін айдағы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен есептелген инвестициялық кіріс ескерілмей комиссиялық сыйақы саналатын және есептелетін айдың алдындағы айдың бірінші күнінің басындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің ағымдағы құны пайдаланылады.


      Егер нәтижелері бойынша БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақыны санау үшін пайдаланылатын БЖЗҚ зейнетақы активтерінің ағымдағы құны айқындалатын айда есептелген теріс инвестициялық кіріс қалыптасса, БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақыны санау, есептеу және аудару үшін комиссиялық сыйақыны санау мен есептеу жүргізілетін айдың алдындағы айдың бірінші күнінің басындағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің ағымдағы құны пайдаланылады.

4. Инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақыны санау, есептеу және аудару үшін нәтижелері бойынша БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақыны санау үшін пайдаланылатын БЖЗҚ зейнетақы активтерінің ағымдағы құны есептелетін айда есептелген БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен инвестициялық кіріс пайдаланылады.


      Егер нәтижелері бойынша БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақыны санау, есептеу және аудару үшін пайдаланылатын БЖЗҚ зейнетақы активтерінің ағымдағы құны айқындалатын айда есептелген теріс инвестициялық кіріс қалыптасса, бір айдағы инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы алынбайды, есептелмейді және БЖЗҚ-ның ағымдағы шотына аударылуға жатпайды.

5. Есепті айдан кейінгі ай ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің құнын есептеу үшін Қағидалардың 2 және 3-тармақтарына сәйкес есептелген, есепті айдан кейінгі айдың күнтізбелік күндерінің санына пропорционалды түрде есептелген  БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақы және инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы пайдаланылады.



6. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақы және БЖЗҚ-ның инвестициялық кірісінен комиссиялық сыйақы кастодиан банктің және БЖЗҚ-ның уәкілетті өкілдері қол қойған салыстырып тексеру актісінің негізінде БЖЗҚ-ның инвестициялық шотынан БЖЗҚ-ның ағымдағы шотына аударылуға тиіс.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет