Ұрыны мойындатудың амалы



жүктеу 18.36 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі18.36 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 47244793c77f5ca546257149002cf8cd -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Қр президенті н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан
$FILE -> Тәжірибе жинақталады
$FILE -> Қайрат Адранов
ТАПҚЫРЛЫҚ



ҰРЫНЫ МОЙЫНДАТУДЫҢ

АМАЛЫ


Біздің елде Бейсенбай дейтін кісі болды. Жұрт оны ашуы қатты, қатал мінезді деуші еді. Сөйтсек, ол тәртіпті, жинақылықты және туралықты тәуір көреді де сонысымен кейбіреулерге жақпайды екен.

Бірде сол Бейсекеңнің есегі жоғалып кетеді. Кәрі кісіге есек деген тәп-тәуір көлік. Әрі іздейді, бері іздейді таппайды. Ақыры күдер үзіп қояды. Бір жолы ол кісі көрші Өзбекстандағы базарға барады. Сол жерде ойламаған жерден баяғы жоғалып кеткен есегін бір өзбек жігітінің мініп жүргенін көреді. Сөйтеді де бара есектің ноқта жібіне жабысып:

- Әй, қарағым, мынау менің есегім, - дейді.

- Сақалды басыңызбен бұлай дегеніңіз ұят емес пе? Бұл есекті мен қодық күнінен асырап өсіргенмін,- деп анау да бой бермейді. Бейсекең сонда аспай-саспай:

- Ей, бала, - дейді. - Мұның жанында бір тана және қозы болған. Соларды да қоса төлейсің! – дейді. Мұны естіген өзбек жігіт есектен түсіп қаша жөнеліпті.

Былай шыққасын ауылдастары:

- Бейсеке, әлгі есекпен бірге тана мен қозының да жоғалғаны рас па еді? – дейді. Сонда Бейсекең:

- Жоға-а, ұрыны мойындатудың амалы ғой. Өздерің көрдіңдер емес пе? Ұры сасқанынан қаша жөнелді ғой! – депті.

“КҮБІМЕНЕН ҰРЫСЫП,

ПІСПЕКПЕНЕН ЖҰЛЫСЫП…”
Сағындық деген кісіні жұрт шешендігі мен ділмәрлігі үшін сыйлайтын. Ол әрі ескі қисса, дастандарды да жатқа білетін.

Бір жолы Сағындық ақсақал аталас бір інісінің үйіне барып:

- Айрандарың бар ма? – дейді. Әлгі үйдің келіні қартайған шал қайдан біліп жатыр деп майы алынған айранды бере салады.

Сонда әлгі кісі кеседегі айранды ұрттап тұрып:

- Армысың, айран!

Келіп едім, қайдан?

Күбіменен ұрысып,

Піспекпенен жұлысып,

Айырылыпсың майдан.

Ішіме жағасың ба, жақпайсың ба?

Қайдам? – деген екен.

Мұны есітіп тұрған әлгі үйдің кемпірі:



- Ойбай, келін, құрыдық. Мына сөз елге жайылып кетпесін,- деп, көрші үйден майлы айран алдырып беріпті. Әрі Сағындық шалдан кешірім сұрапты.

Әзірлеген, Әшірбек АМАНГЕЛДІ.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет