Ризашылық әні Ризамын бүгінге



Дата28.04.2016
өлшемі27.65 Kb.












Ризашылық әні

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге!

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

Луиза Хей





  • Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?

  • Сендерге кім, қандай жағдайда алғыс айтты?

  • Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?



М. Төрежанов

Қан қызыл қызанаққа тойғаннан кейін Қасым мен Хасен шешесіне:

- Апа, дәмді қызанақ бергеніңіз үшін сізге рахмет! – деді.

- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, жақсы қызанақ өсіргені үшін бақшаға айтыңдар!

Балалар бақшаға жүгіріп келді де, қызанақ өсіп тұрған сабақтарға бас иіп, алғыс жаудырды. Қызанақ жапырақтары былай деп сыбырлады:

- Ол алғыстарыңды бізге айтпаңдар, құнарлы, қара топырақты жерге айтыңдар!

Қасым мен Хасен жерге басын иіп, еңкейіп тұрып алғыс айтты:



  • Мейірімді жер, дәмді қызанақ өсіргенің үшін көп-көп рахмет!

Жер жұмсақ майда қара топырағын бүлк еткізіп:

  • Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Жаңбырсыз жер көктеп, бақша гүлдемейді, - деді.

Қасым мен Хасен ауыл сыртындағы таудың басына шықты да, бұлт жақындаған кезде:

- Рахмет саған, жомарт бұлт! Сенің мейіріңе сусындаған қызанақты жеп, бір рақаттандық! – деп айқалады. Бұл игі еңбекті бағалай білетін балаларға бұлт былай деді:

- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар. Нұр үстіне нұр төгіп, әлемге тіршілік себетін құдіретті күнге айтыңдар!

Екі бала қара көзілдіріктерін киіп алып, күнге қарады да, бар дауыспен:

- Уа, әлемге тіршілік, бұлтқа жаңбыр берген мейірімді күн! Сенің сәулеңнен нәр алған қызанақ қандай тәтті еді! Сол үшін саған көп-көп рахмет! – десті.

- Ол алғыстарыңды маған айтпаңдар, - деді. Күн күлімдеп тұрып. Қызанақты отырғызып, демалыссыз баптаған адамға алғыс айтыңдар! Қызанақты дәмді еткен – адамның еңбегі!

Қасым мен Хасен бақшаны баптап жүрген шешесіне жүгіріп келді. Екеуі жарыса алғыстарын айтып шықты. Шешесі күлімдеп тұрып:

- Менің еңбегімді бағалағандарың үшін сендерге де рахмет! Өздерің де бақшаға жеміс өсіріп, ерінбей-жалықпай күтіңдер. Ол өсіп өнім береді. Еңбектеріңе жұрт сүйсініп, сендерге де алғыс айтатын болады, - деді.



"Ұрпақ тәрбиесі - ұлылықтың бастауы"
Рахмет!
Жасың ұзақ болсын!

Таудай бол!

Өркенің өссін!

Бақытты бол!

Білімді бол!

Өнерлі бол!

Бағың жансын!

Мұратыңа жет!

Өнерің өрге жүзсін!

Азамат бол!

Еліңе қорған бол!

Айың оңыңнан тусын!

Мерейің үстем болсын!

Нұр жаусын!





Халық даналығы
Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге

бөлінеді.

Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді «алғыс» дейміз.



  • Берілген суреттерге ат қойыңыздар.

  • Осындай жағдайларда қандай «алғыс» сөздерді айтуға болады?

. Материалды дайындаған



«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова



Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет