Үржар аймағын туристік орталықҚа айналдыру мүмкіншіліктері айткенова Аяулым



жүктеу 88.87 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі88.87 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
ҮРЖАР АЙМАҒЫН ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫРУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Айткенова Аяулым

aiowka-095@mail.ru

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі-А.Г.Гиззатжанова
Бүгінгі күнде турист туристік шара өтіп жатқан белгілі орын немесе аймақта, оған ұсынылған қызметтер жинағын пайдаланады. Бұл орын өзінің тартымды факторларына байланысты туризм орталығына айналады. Туристік орындар туризм субъектісін қамтуымен ерекшеленеді. Туризм өзінің саяхатының мақсатын таңдаған кезде түрлі орындар мен олардағы көрсетілетін қызметті салыстырып, өзіне ең қолайлысын таңдайды. Турист өзі тапсырыс беріп сатып алған заты, берілген орны ұсынған қызмет болып саналады.

Әлемдік экономикада туризм – неғұрлым дамып отырған салалардың бірі. Дамыған елдерде туризмнің үлесі ЖІӨ 10% дейін жетеді. Халықтың бестен бір бөлігі туризмде қамтылған Малайзияда қысқа мерзім ішінде бұл сала қуатты индустрияға айналып, жылына 24 млн. астам туристі қабылдауға ықпал етті. Саланың табысы 20 млрд. доллардан артық, ол мемлекеттің ЖІӨ 12,5% сәйкес келеді. Түркия қонай үйлер құрылысының күрделі шығындарына 40%-ға дейін жұмсайды. Израиль мен Египетте салынған қаражаттың 30% қайтарылады. [1]

Қазақстан туристтік саланы дамыту үшін елеулі әлеуеті бола тұра, елдегі бар ірі ресурстарды барынша пайдалана алмай, Түркия, Қырғызстан, Қытай, БАӘ, Тайланд, Испания және басқа да елдердің туризмі үшін «ақылы донор» болып отыр. Мысалы, жыл сайын 380-400 мың қазақстандық азаматтар Түркияда демалғанды ұнатады. Ыстықкөл маусымына 1 000 000 туристті қабылдайды, оның басым көпшілігі – қазақстандықтар.[2]

Біздің ойымызша, елімізде туризмнің барлық мүмкіндіктері бар және экономиканың жедел дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, халықтың сауығуына, оның әл-ауқатының артуына ықпал ете алады, Қазақстанның қай аймағын алсаңда, экотуризмді дамыту үшін әлеуеті жоғары. Мысалы, экотуризмді дамытуда Алакөл Мемлекеттік қорығы, атап айтқанда, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының арасында орналасқан Алакөл көлінің рөлі зор. Мысалы, 2014 жылы Алакөлдің шығыс жағалауында 120 мың адам, оңтүстік жағалауында – 140 мың адам демалды. Минералдарға қанық көл суы құрамының бірегейлігі ескеріле отырып, Алакөл ірі емдеу-сауықтыру орны, сондай-ақ отандық, және шетелдік туристер үшін демалыс және жағажай туризміні орыны бола алар еді. [2]

Үржар ауданы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысында орналасқан, 1928 жылы ұйымдастырылған, әкiмшiлiк ауданының орталығы Үржар ауылы, ол Тарбағатай тауының оңтүстік етегіне қоныс тепкен, ең жақын Аягөз темір жол станциясы 175 шақырым. Бұл елді мекен 19-шы ғасырдың 50 жылдары қазақ (казачье) поселкесі ретінде пайда болып, әрі бұл арада 1867-79 жылдар аралығында Қытайдың сауда өкілдігі жұмыс істеген. Үржар арқылы Ташкент және Семей керуен жолы өткен, сондай-ақ 1905-15 жылы қоныстандыру басқармасы орналасқан. Ауданның аумағы 23,4 мың шаршы шақырым. Қазақстанның шығысындағы ең үлкен аудандардың бірі болып саналады. Аудан Қытай халық Республикасымен және Алматы облысының Үшарал ауданымен шектеседi.Үржар ауданының жер бедері едәуір күрделі, егер оның солтүстік жағын Тарбағатай жотасының батыс сілемдері Қарауылтөбе, Ақтас (1316 м) және Ақшәулі (1618 м) таулары алып жатса, оңтүстік жағын Тарбағатай жотасының оңтүстік ұсақ шоқылы беткейі мен Алакөл ойысының солтүстік бөлігі алып жатыр. Осыған байланысты ауданның жер бедері солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай еңіс, аймақтың ауа-райы қатал, климаты тым континенттік.

Жер беті сулары Балқаш-Алакөл алабына жатады, оған бастауын Тарбағатай жотасы мен оның сілемдерінен алатын Ай, Қарақол, Текебұлақ, Үржар Қатынсу, Еміл т.б. өзендері кіреді, Сасықкөл мен Алакөл көлдері бар. Таулы бөлігінің өсімдіктері мен топырақтары биіктік белдеуге сәйкес тараған, сондықтан мұнда таулық күлгін, таулық шалғынды топырақ белдемдерінде шалғынды шөптер, өзен бойларында  қайың, терек,  жабайы алма, әр түрлі жемістер мен жидектер, тау етектерінде селеулі-бетегелі шөптер, шөлейтті бөлігінде жусан, бұйырғын, көкпек, жүзгін, т.б. өседі, сонымен қатар облыс көлеміндегі, толған алма бақтары гүлден десте жамылған жалғыз ғана аудан.

Ауданның шекаралық орналасуы ыңғайлы Қытай халық республикасымен шекара – 195 км, Семей қаласымен – 560 км, Өскемен қаласына – 510 км, Алматы қаласына – 700 км, Астанаға дейін – 1300 км. (сурет 1)


560 км

510км



195км


700км

Сурет 1 – Үржар ауданының шекарасы


Үржар атауы Ұлы Жібек жолының бойында керуенді жарда жасырынған ұрылардың керуенді тонауынан қойылған. Керуеншілер осы елді – мекенді «ұрылы жар» деп атап кеткен, кейін бара- бара ел аузына таралып «Үржар» деген атау қалыптасады. 2014 жылы Үржар елді мекенінің Таскескен –Бақты тас жолында сақ заманындағы патша қыздың денесі табылған. Ғалымдар оған «Үржар ханшайымы» деген атау беріп, жерлеу орнының сақталуын үлкен сәттілік дейді. Бұл үлкен олжа әйгілі Есік қорғанындағы Алтын адамнан кейінгі екінші соған ұқсас ескерткіш болып отыр. Сондай-ақ, археологтар қорғанның жоғарғы тұсынан тағы бір адамның мүрдесін тапты, олардың пайымдауынша ол ханшайымның қызметші құлы не болмаса құрылыс аяқталғаннан кейін құрбандыққа шалынған адам болуы мүмкін дейді. «Үржар ханшайымы» табылған ескерткіш біздің жыл санауымызға дейінгі IV-ІІІ ғасырларға жатады. Салтанатты киімімен жерленген жас әйел сол кездегі патшаның зайыбы, бәлкім қызы болуы да мүмкін. Ханшайымның сол аяқ жағындағы шұңқыр бұрышында ағаш табақ, ішінде қой жамбасы салынған керамикалық қазан, тағы бір керамикалық ыдыс табылып отыр. Әшекейлердің ішіндегі ең маңыздысы – бас киімі. Жас әйелдің ханшайым болғаны туралы тұжырымды ғалымдар негізінен соған сүйеніп жасап отыр. Ол алтынды «мүйіз» ою-өрнегімен безендіріліп, алтын және бағалы тастар мен көмкерілген. Келбеті мен өрнегі жағынан сәукелеге ұқсас. Сонымен қатар, алтыннан жасалған сым сырға, салпыншақтары да бар. Археологтар бұл жәдігерлердің барлығы өткен тарихтан мол мәлімет беретінін айтып отыр. Бұл күндері зерттеушілер мен жас археологтар «Үржар ханшайымын» киім қалдықтарымен монолит түрінде тұтас алу жұмыстарын жүзеге асырды. [3]

Үржар ауданы туристік орындарға бай. Алакөл ал­қабының күн­шығысында Барлық атты баршын жота бар. Кішігірім тау десе де болады. Осы Барлықтың бауырында ыстық бұлақтың қайнап шығып жатқанына қанша ғасыр, әлде мыңжылдықтар болғанын нақты ешкім айта алмайды. Ғалымдардың айтуынша, Алакөлді жер асты арқылы Балқаш көлімен тұтасқан 40 мың шаршы шақырымдық құнарлы аумақ байланыстырады екен. [4]



Қаракерей Қабанбай батыр өзінің «Хан батыр Қабанбай» атты кітабында былай деп жазды: «Шағантоғайдың Қаракемер деген жерін жарып батысқа қарай ағатын Қайыңды өзені төменірек барғанда биік қабаққа тіреліп, жерастына сіңіп кететін көрінеді. Сол жерден «Барлық-Арасан» атты арасан пайда болған. Оның суы жер­асты арқылы Алакөлге барып құятындықтан, Алакөлдің суын да шипалы суға айналдырған». Табиғаттың үйлесіміне ішкі сезім иланады. Себебі, көнекөз қариялар Барлықтың қайнарын «Қабанбай арасаны» деп атаған екен. Жоңғарлармен арадағы ұрыстардың бірінде Қабанбай батыр Қайыңды бұлағына ат шалдырып, содан «Қабанбай арасаны» атанған деген аңыз бар. Қалмақтың қоңтайшысы Қалдан Серен де Барлықтың шипалы бұлағына түсіп тұрған деседі.[4]

Барлық теңіз дең­гейінен 579 метр биіктікте орна­ласқан шипажай. Барлықтың жотасында бұр­қылдап шығып жатқан қай­нарларды ел іші «көз суы», «жүрек суы», «асқазан суы» деген түрлері бар. Шындығында, атауында тұрғандай, жанары нашарлаған қариялар «көз суын» қарашығына тамызып, асқазаны ауырғандар «асқазан суын» ішіп, ем-дом алады. «Көз суының» құрамында күміс бар. Әрине, шипажайдың ішінде астауға құйылатын ыстық су басқа. Ыстық демекші, бұл судың температурасы 42-43 градусқа дейін жоғары. Жалпы, мұнда 13 термалды минералдық су көздері бар. Су құрамы күкірт, натрий, хлорлы сульфат, кальций, кремний қышқылына бай. Арасан суы жыл сайын тексеріледі. Мамандардың айтуынша, Барлық-Арасанның суы химиялық құрамы жағынан Цхалтубо, Сарыағаш, Алма-Арасан шипажайларының суларына ұқсас келеді. Жүйке жүйесі мен тері, буын ауруларына таптырмас ем.

Алакөл - Балқаш-Алакөл қазаншұңқырының шығысында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстар шекарасының қиылысында және Балқаш-Алакөл жазығында орналасқан ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге – Нұр, моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл», Алақтакөл, Алатеңіз, Алақта. Көлге 15 өзен құяды, олардың ішінде негізгілері - Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманаткөл, Тасты. Алакөл деп аталатын көптеген су «ойпаттарынның» қасынан атақты Ұлы Жібек жолы өткені белгілі. Сол кездің өзінде-ақ саяхатшылар ауыр жолдан кейін көл жағалауында демалған кезде, көл суының қандай да бір таңғажайып жолмен күшті қалпына келтіретінін және денсаулықты бекітетінін байқаған. Заманауи медициналық зерттеулер көл суының емдік қасиетін дәлелдеген. Алакөлдің теңіз тынысы даланың құрғақ та, ыстық иісімен араласып, қоршаған ортаға жағымды әсер етеді. Сонымен қатар, археологтардың айтуы бойынша, Шығыс Қазақстанның картасындағы бұл ерекше орын қазіргі күнге дейін құстар тайпасы үшін өзіндік «Жібек Жолы» болып табылады. Құстар солтүстіктен оңтүстікке қозғалысы кезінде осы жерге демалу үшін тоқтайды. Бұл жер құстар үшін нағыз жұмақ. Олардың ішінде сирек кездесетіндер де бар: үш жүз қанаттының ішінде 38-і Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақтың Қызыл кітабына енгізілген. Мысалы, реликті шағала, қызғылт және бұйра бірқазандар, ақ құтандар, қара құтандар, қулар. Үлкен қалалардан алыстығы және климаттың кейбір қатаңдығы көлді және оның фаунасын туристерден сақтаған болатын. [5]

Мүмкіндіктері Қатерлері

Кесте – 1. Уржар ауймағына SWOT – алдау.
«Алакөл» атауының шығуы жайындағы мәселелер жөнінде ғалым Ғ.Қонқашбаевтың айтуынша, ол «Ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағына беретін ежелгі түрік және монғол сөздерінің Ала+кол деген қосындысынан шыққан. Сонымен қатар, бұл көлдердегі судың түсі алғаш рет қарағанда ерекше болып келеді. Мысалы, Алакөл - бұлыңғыр және қара көк түсті, Сасықкөл - көгілдір, Қоржынкөл - сұрғылт, Қылытұз - сары. Осыдан келе, сыртқы пішіні, орналасуы, көлемі, судың түсі әртүрлі болғандықтан жергілікті тұрғындардың көлдің атауын Алакөл деп атауға себеп болды.

Алайда, бүгінгі қалыптасқан жағдайда Алакөлдегі туристік жағдайды арттыру проблемалық мәселе болып отыр. Көлік инфрақұрылымы, кәріз жүйесі, сумен жабдықтау, электр тарату желісі, медициналық пункттер мен ауруханалардың және басқа да толық дем алу және емделу үшін қажетті қарапайым жағдайдың жоқтығы Алакөл көлінің тартымдылығына кері әсерге етуде.

Алакөл аймағының туристік әлеуеті жоғары сондықтан оны туристік орталыққа айналдыру керек, осыған байланысты келесі мәселелерді шешу мүмкіндігін ұсынамыз:


  1. «Алакөл» туристік еркін сауда аумағын құру;

  2. Қазақстан Республикасын дамытудың басымдық туристік аймақтарына Алакөл көлін (Бурабай, Қарқаралы, Зеренді, Баянауыл, Қатон-Қарағай) қосу;

  3. Отандық, сондай-ақ шетелдік туроператорларды тарту мақсатында Алакөл көлінің суы мен балшығының емдік қасиеттерін зерттеу;

  4. Алакөл көліне жақын аумақта Бурабай мен Қапшағай аймақтарындағыдай ойынханалар, ойын автоматтарын ұйымдастыру мәселесін зерделеу;

  5. Көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін шешу:

  • Алматы ст. – Жалаңашкөл ст. теміржол байланысы бойынша тұрақты рейс;

  • Үшарал – Достық автожолдарын жөндеу;

  • Таскескен – Үржар автожолын қайта жаңартуды аяқтау;

  • Жалаңашкөл станциясынан Қабанбай батыр атындағы ауылға дейінгі ұзындығы 60 шақырым автожолды жөндеу (асфальт қабатын жабу, негізі дайын);

  • Қабанбай батыр атындағы ауылдан Алакөл көліне дейінгі ұзындығы 40 шақырым жолды жөндеуді аяқтау;

  • Жалаңашкөл - Қабанбай батыр атындағы ауыл учаскесінде ұзындығы 60 шақырым теміржол тарауын салу;

  • 1 маусымнан бастап 30 қазанға дейін Алматы - Үржар, Семей - Үржар, Өскемен – Үржар, Астана – Үржар авиарейстерін қамтамасыз ету (маусымдық рейстер құру);

  • жазғы маусымдағы шағын авиация үшін Қабанбай батыр атындағы ауылдағы қолданыстағы ұшу алаңын қайта жаңарту.

6. Алакөл көлінің жағалауы, Қабанбай батыр атындағы ауыл, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылының ішкі инфрақұрылымын дамыту мәселелерін шешу:

- Алакөл көлінің жағалауы, жақын орналасқан елді мекендердегі құрылыстың бас жоспарын, детальдық жоспарлау жоспаларын бекіту (қазіргі кездегі ретсіз құрылыстар көл аумағындағы экожүйенің бұзылуына әкеліп соғады);

- қазіргі уақытта жалға берілген жер учаскелерін тексеріс жүргізу;

- Алакөл көлінің жағалауын нығайту бойынша гидрологиялық жұмыстар жүргізу;

- сумен жабдықтау, электрмен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерін салу (қазіргі уақытта көлдің ластануына әкеліп соғатын ағынды сулардың көлге құйылу жағдайлары орын алған);

- судың қолданыстағы Алакөл көліне құйылуы үшін бетонды арықтық жүйе салу. Ашық скважиналар көлге құйылмай, демалыс аймақтары мен шипажайларды қамтамасыз ету үшін бұрғыланған, ол саздың пайда болуы мен патогендік микроорганизмдер, шыбын-шіркей, жыландардың және т.б. көбеюіне ықпал етеді);

- жазғы уақытта халықтың көп жиналуына байланысты жағалаудан балшықты орындарды өңдеу мақсатында СЭС құру;

- медициналық қызметпен қамтамасыз ету (жағалауда медициналық пунктер салу);

- жазғы кезеңде Алакөл көлінің жағалауында құқық қорғау жұмыстарын күшейту.

Жоғарыда аталған мәселелерді шешу кезінде 2-3 жылдың ішінде екі жағалауында демалушылар санын 400 мың адамға жеткізе алады, ол қазақстандықтардың денсаулығына, еліміз бен жақын өңірлер экономикасының артуына сөзсіз ықпал етеді.


Қолданылған әдебиет

  1. www.inform.kz

  2. sites/default/files/deputy…

  3. Қамшы.KZ ақпараттық порталы

  4. www. egemen.kz

  5. www.wikipedia.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет