Құрметті ауыл тұрғындары!! Ардақты ағайын!



жүктеу 170.56 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі170.56 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Шығыс Қазақстан Облысы Аягөз ауданы Малкелді ауылдық округінің әкімі Аяпбергенов Даулетқали Аяпбергенұлының ауыл тұрғындары алдындағы «Малкелді ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2013 жылғы қортындылары және 2014жылға арналған міндеттер туралы» есебі

Құрметті ауыл тұрғындары!!
Ардақты ағайын!
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2013жылғы 15тамыздағы «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы » №615 жарлығына сәйкес ауыл әкімдері әр тоқсанда бір рет жұртшылықпен кездесіп, есеп берулері тиіс делінген болатын.Міне бүгінде аталмыш тапсырмаға байланысты сайлау науқанынан кейін алдарыңызда жетінші рет бас қосудамыз. Бүгінгі күні мен Сіздерге «Малкелді ауылының әлеуметтік –экономикалық дамуының 2014жылғы қортындыларын және 2015 жылға арналған міндетер» туралы баяндаймын.

Құрметті халайық !

Өздеріңіз білесіздер өткен жыл тәуелсіз мемілекетіміздің тарихына көптеген толағай жетістіктермен енді.Ел тарихындағы 2014жылыдың ең басты табысы мемілекетімізідң даму болашағына бағдар болған Елбасы Жолдауы болып саналады. Жолдаудағы талап мүдделерге байланысты Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30-елінің санатына енгізу үшін жүйелі тапсырмалар беріліп , жоспарлы жұмыстар іске асты. Атап айтатын болсақ



Мемілекет қызымет туралы жаңа заң жобасы қабылданып, өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Сондай –ақ халықаралық, әлемдік деңгейдегі бірнеше байрақты бәсекелер ұйымдастырылып, туымыз биіктен желбіреп, ән-ұранымыз асқақтады. Қоғамдық саяси маңыздағы көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.Тіпті арығы кетіп ақтарылмай-ақ аудан көлеміндегі атқарылып жатқан жұмыстардың өзі қуатты мемілекетіміздің өркенді жолын көрсетіп, өрелі жетістіктерін айшықтайтындай. Атап айтсақ 2014жылы ірі құрлыс нысандары 200 орындық бала бақша құрлысы мен тарихи өлкетану мұражайы пайдалануға берілді. Аудан орталығынан мәңгілік махаббаттың қос шынары Қозы көрпеш Баян сұлуға арнап зәулім ескерткіш ашылды. Сондайақ 600 орындық мектеп пен 140 орындық балабақша құрлысы «Аягөз қаласын сумен қамтамасыз етудің 3-кезеңі » жұмыстары басталып кетті. Бұл жобалар алдағы 2015 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Республикамыздың ең бірінші аудан болып біздің аудандық әкімдік ішінде «ситуациялық зал» ашылады. Бұл дегеніміз Президентіміздің электронды үкіметті қалыптастыру , жаңа заман талап мүделлерін ескеріп тұрғындарды дамыған техналогиялармен жұмыс істеуге үйрету, еңбек тиімділігін арттыру бағытында қолға алынған іс. Біздің аягөз ситуациялық зал ашқан мемілекетімізде ең алғаш аудан болды. Ауданымызда облыстық тарихи өлке-тану мұражайының филиалы ашылғанын көпшілік біле бермеуі мүмкін. Өткен жылдың соңғы айында ғана облыс басшылары мен құрметті қонақтардың қатысуымен есігін айқара ашқан бұл мұражай –халқымыздың тарихи,мәдени,мұраларының құндылығын болашақ ұрпаққа жеткізетін орталық болмақ. Мұражайда Тәуелсіздік жолындағы ел бастаған тұлғалар, сөз бастаған шешендер, қол бастаған батырлар бейнесі, өнер мен мәдениет, спорт саңылақтары және соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, ауданның Құрметті азаматтары сияқты тұлғалардың жемістіде жеңісті жолдары орын алмақ. Мұражай үйіндегі қазіргі экспонаттардың жалпы саны 350-ден асады. Тапсырмаларды орындап,ерінбей еңбек етудің нәтижесінде өткен жылы салалардың көпшілігінде өткен Жылғы кезеңмен салыстырғанда оң нәтижелер байқалып жылды табысты аяқтады дегенге негіз бар. Аягөз ауданы 2014жыл бойы обылысымыздағы 19-аудан арасында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің рейтінгілік бағалауында үнемі бірінші орында. Ал енді 2014жылдық әлеуметтік –экономикалық көрсеткішіне тоқталсақ. 2013жылы ауылымыз бойынша қоғамдық саяси маңыздағы көптегн іс-шаралар ұйымдастырылып жасалды. 2014жылды «Наурыз мерекелік іс-шараны өз қаражатымен» «Ақжол» шаруа қожалығының басшысы Мажрин Секен өткізді, Тарихи орын «Еңке» анамыздың күмбезін ауыл жастары, өз достары мен бірге қоршап маңайын қалыпқа кәсіпкер Айтқалиев Бақытжан келтіріп,сол жердегі «Кәдіржан» шаруа қожалығының басшысы Таукенов Есентай мен бірігіп дастархан жайып құран бағыштады..Сондайақ Ел-тәуелсіздігінің күніне орай жерлесіміз, елімізге белгілі азамат Нұржан Нүрсипатов 1976жылғы мектеп бітіруші түлектердің және бауыры Айтқалиев Бақытжанның ұсынысы бойынша ауыл тұрғындарына ұялы байланыс желісін орнатып берді. Халықтың болашағы мен елдің ертеңі үшін жасалған мұндай құрметті біз әрқашан мақтан тұтамыз.

Қадірменді қауім!

Осы орайда биылғы жаңа-жылды жоғары деңгейде өтуі үшін үлкен демеушілік жасап, елдің береке бірлігінің ұйтқысы болған «Масақбай» шаруа қожалығының жетекшісі Әміртай Айтқалиев сияқты ағаларымызға зор алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ тағы бір жерлесіміз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ҚР суретшілер одағының мүшесі басқарма төрағасы Мұхамадиев Қоңыртай Әбділдәұлы айтулы бабамыз Байқотан бидің басына баратын жолға жаңа заман талабына сәйкес тұғыр белгі орнатты. Ауылдың кіре берісіне де ауыл аты жазылған белгі қойып , алдағы уақытта да ауылдың сәулетінің артып коркеюі жолында көмек көрсететінін жеткізуде. Ауылымыздың тумасы Семей қаласындағы Каз Электро монтаж мекемесінің директоры Саменбетов Нүртілек Нәстілекұлы ауылымыздың көшелерінің жарықтануына өз үлесін қосып ауыл тұрғындарына 10 прожектор алып берді.

Бүгінге дейін де атымтайлығымен ауылымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосып келе жатқан азамат, қазірде Алматы қаласында тұратын жерлесіміз Оразаев Талғат алдағы уақытта келер келінді тосып алып,кетер қонақты шығарып салатын ауылдың шығысы мен батысындағы «Келін төбе» аталып кеткен төбешікке 2-жерге арнайы белгі қойып, үйленген жастар отырып демалатын орын салмақ ниетте. Жалпы осы тұста Аблахатов Мұрат, Оразаев Қанағат,Аблахатов Азамат сынды ел жанашырлары тұрғындарды қысқы мал азығы, отын су, азық түлікпен үнемі қамтамасыз етіп тұрмысы төмен отбасыларына үнемі қолдау жасап жүргенін айтып өткен жөн.

тағы бір атымтайлар Тәукенов Есентай, Мажрин Секен, Болысбаев Сырым сынды азаматтардың ауыл үшін атқарған еңбектері де бір төбе. Қасиетті бабалар жатқан жерде орын тепкен ауыл болған сон ба бізде халық игілігіне әр қашан қолдау көрсетуге ниеттілер қатары айта берсем жалғаса береді. Оразаев Қанағат өз қожалығының жерінде бабаларымыз Аққұйрық қажы,астың орнын тағы басқа тарихи орындарды қоршаймын, мал таптауырынан сақтаймын деп биылғы жылы шарбақпен қоршап жұмыс жасамақшы. Сондайақ ауылымызда қолдары шипалы емші аналарымыз Рыскенапай мен Сара аналардың орны ерекше. Бұл аналар өздері «Ардақты ана» атанып ұрпақ өсірсе ауылдың халқына ақылшы және емші болып көмек көрсетуде.

Осындай алтын құрсақ аналарымыз аман болсын деп тілеймін.

Ауылымызда кешегі тоқырау кезінде өз қаражатына мешіт салған Төлеуов Жәкенді халық ешқашан ұмытпайды.

Ауылдан шыққан Света қажы Тәуірбаева, Рәтай Қуатов сияқты адамдар ислам жолын насихаттап адамдарды салауатты жолға түсіріп,тәрбие, үлгі өнеге көрсетуде.

Малкелді ауылдық округі бойынша қазіргі уақытта халық саны 870 адам.

Тұрғын үй саны – 162 үй, Зейнеткерлер – 115 адам.

Мемлекеттік жәрдем ақы алушылар саны – 32

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны – 2

Тұрғын үй көмегін алушылар – 32

Еңбек биржасына тіркелгендер саны – 3

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендер – 1

Көп балалы отбасылар саны – 42

Еңбекке қабілетті адамдар саны -519

Бюджетте істейтін адамдар саны – 45

Жалдамалы жұмыскерлер саны – 35

Сайлаушылар саны – 390

Алтын алқа иегерлері – 31

Күміс алқа иегерлері – 19

Ауыл халқының негізгі үн көрісі мал шаруашылығымен айналысу. Бұл салада атқарылып жатқан жұмыстар.
Ауылдың жалпы жер көлемі – 514160 га

оның ішінде: егіндігі – 11,400 га

шабындығы – 12,670

жайылымдығы – 470 108

Шаруа қожалықтардың иелігіндегі жер көлемі – 75441 га.

Шаруа қожалықтар саны – 22

Қыстағы барлар саны – 15

Жұмысшылар саны – 25

Жақсы дамушы шаруа қожалықтар саны – 4

Несие алған шаруа қожалықтар – 1,3 млн тенге

Жеке тұлға 1,3 млн тенге
Малкелді ауылдық округінің 2013-2014 жылдардың желтоқсан айына мал басының салыстырмалы көрсеткіштерінің кестесі.


р\с

Мал түрлері

Мал саны

Пайызы

01.12.2013ж

01.12.2014ж

1

Ірі қара

1500

1530

102

2

Он.іш.аналығы

665

890

134

3

Қой

8409

8413

100

4

Он.іш.аналығы

3979

4529

114

5

Жылқы

1172

1196

102

6

Он.іш.аналығы

240

508

211

7

Құс (тауық)

654

654

100


2013-2014 жылғы желтоқсан айына мал өнімдерін өндірудегі көрсеткіш.


Ет (тонна)

Сүт (тонна)

Жұмыртқа (мын дана)

Жүн (тонн)

Жыл

басы


нан

2013

01.12


(ц)

Есепті айы

2014


%

Жыл

басы


нан

2013

01.12


(ц)

Есепті айы

2014


%

Жыл

басы


нан

2013

01.12


(ц)

Есепті айы

2014


%

Жыл

басы


нан

2013

01.12


(ц)

Есепті айы

2014


%




413,9

419,0

101




1710,0

1744,0

102




63,0

64,0

101




21,1

21,4

101


2013-2014 жылдардың қараша айына алынған төлдің көрсеткіші


р\с

Мал түрі

2013жылғы

01.12 басы

Есепті айы

01.12.2014

Пайызы

1

Бұзау

540

556

103

2

Қозы

4178

4262

102

3

Құлын

278

327

117


Биылғы 2014жылға атқарылатын іс-шаралар мен болашақ жоспарлар.

1.Казпочта бөлімшесін ашуға ықпал жасау.

2.Мәдениет үйін қоршау.

3. Интернет желісін Мектеппен Әкімшілікке қосу

4. Әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу.

5.Ауыл ішіндегі бұзылған үйлердің орнын тазалау 830мың тенге

6. Кіре беріс жолдың 2км 40см көтеріп 3-жерден су ағар үлкен кльцы қою

7. Жұрынбай өзенінің бойындағы дамбыны көтеру.

8.Мектеп мұражайын Қазтеле радио апараттарынан босату.

9.Тойхананың билейтін жағын қалыпқа келтіріп,қызы-жазы жастардың би кешін өткізетін орынға айналдырып,ішкі асхана бөлмесіне су жүйесін кіргізу мен қатар сыртқы ауласын жөндеп алтыбақан мен ойын сауық орындарын жасау.

10. Ауылдық амбулатория төбесінің шатырын ауыстырып ішіне жөнедеу жүргізіп су жүйесін кіргізу.

11.Әкімшілік жанындағы саябақтың жұмысын толық аяқтау мен балалар ойнайтын орынмен су бұрқағын жасап, тал отырғызу.

12. Ауылдың кіре берісіне арка орнату.

13. Бір көшені жарықтандырып, жолын көтеріп жасау

14. ДЭУ-71 мекемесінің Баршатас ауылындағы кезекші қар тазалайтын техникасын ауылға орналастыру.

15. Ауыл маңындағы көпірлердің жөнделуіне ықпал жасау.

16.Ауыл мұражайын ашу.

17. Ат жарысы өтетін орныды жөндеуден өткізу.

18. Хокей каробкасының қалған жұмысын аяқтауға 240 мың тенге қосымша қаражат қаралды биыл игеріледі.

19. Көктемгі қар суы тасқанына қарсы бөгеттерді қалпына келтіруге ЖШС «Қазақмыс корпарациясымен обылыс әкімі арқылы 25мл тенге қаражатқа келісімшарт жасалған.Бүл қаражат биылғы жылы игерілді.

20. 3 км. бір көшені жарықтандыру және сол көшенің жолын көтеріп

күрделі жөндеуден өткізуге 10 мл тенге биыл игеріледі.

Малкелді ауылдық округі бойынша қазіргі уақытта халық саны 870 адам.

Тұрғын ұй саны -162 үй, Зейнеткерлер-115 адам,

Мемлекеттік жәрдем ақы алушылар саны-32

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны-2

Тұрғын ұй көмегін алушылар -32

Енбек биржасынатіркелкен саны-3

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендер-1

Көп балалы отбасылар саны-42

Еңбекке қабілетті адамдар саны-519

Бюджетте істейтін адамдар саны-45

Жалдамалы жұмыскерлер саны-35

Сайлаушылар саны-390

Алтын алқа иегерлері -31

Күміс алқа иегерлері-19.

Ауыл халқының негізгі күн көрісі мал шаруашылығымен айналысу. Бұл салада атқарылып жатқан жұмыстар.

Ауылдың жалпы жер көлемі – 514160 га.

оның ішінде: егіндігі - 11,400 га.

шабындығы – 12,670.

Жайыламдығы-470 108.

Шаруа қажалықтардың иелігіндегі жер көлемі - 75441 га.

Шаруа қожалықтар саны -22.

Қыстағы барлар саны-15.

Жұмысшылар саны-25.

Жақсы демеуші шаруа қожалықтар саны- 4.

Несие алған шаруа қожалық -1- 3 мил. тенге.

Жеке тұлға 1- 3млн тенге


Мал басы, одан алатын өнім жылма жыл өсіп келеді:

01.01.2013 жыл, 01.01.2014 жыл %

Атап айтқанда: Ірі қара малы 1466 бас 1471 бас 101 %

Мал саны оның ішінде аналығы 665 бас 890 бас 131 %

Қой 6707 бас 6976 бас 104 %

оның ішінде аналығы: 3979 бас 4529 бас 114 %

Жылқы 650 бас 984 бас 151 %

оның ішінде аналығы: 240 бас 508 бас 211 %

Құс (Тауық ) 454 бас 654 бас 144 %



2013 2014 жылғы алынған мал өнімдері.
Ет- 148 ц. 151ц. 102 %

сүт 197ц 200ц 101 %

Жұмыртқа 4000 дана 4700 дана 105 %

Жүн 22,3 тон 26,00 тон 116 %




Алынған төлдер: 01.01.2013 01.01.2014 %

Бұзау 540 569 105 %

Қозы 4178 4905 117 %

Құлын 226 346 153 % пайызға өсіп отыр.

Ауыл шаруашылығының дамуына шаруа қожалықтары өз үлестерін

қосып келеді. Атап айтқанда «Самал» Шаруа қожалығының басшысы Аблахатов Қабдылмұрат,

«Кәдіржан» шаруа қожалығы басшысы Тәукенов Есентай «Масақбай» шаруа қожалығы басшысы Айтқалиев Әміртай «Шолақ» өзек шаруа қожалығы басшысы Болысбаев Сырым, «Ақжол» шаруа қожалығы басшысы Мажрин Секен,Мал басын өсіріп, асылдандыру бағытында бір шама жұмыстар атқарылуда.

Самал шаруа қожалығында ірі-қара малын асылдандыру бағытында 4 бас асыл тұқымды бұқалар әкелді. Қойды асылдандыру бағытында кейінгі екі жылда құжаттар дайындалып жұмыс атқарылуда.Биылғы жылы ірі қара малын асылдандыру бағытындағы жұмысын 23 00 000 тенге субсидия алды.

Масақбай шаруа қожалығында мал басын өсіру асылдандыру бағытында құжаттар дайындалып қарқынды жұмыс жұргізілуде.

Кәдіржан шаруа қожалығының басшысы Таукенов Есентай жұмыспен қамту 2020 мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауқымды несие қаражатын алуға құжаттарын өткізіп жұмыстар атқаруда.

Қазбек шаруа қожалығы басшысы Шаяхметов Қазбек «жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 мил. тенге қаржы алып мал басын өсіру жұмысын атқаруда.

Жеке тұлға Төлеуова Алтын «жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 мил. тенге қаржы алып мал басын өсірумен айналысуда.

Асылдандыру жұмыстары қолға алынғаны мен баяу жүруде.

Сондықтан, мал өнімділігін көбейту үшін асылдандыру, мал азығының

құнарлығын арттыру, ұсақ шаруа шылықтарды ірілендіру, жаңа технологияны қолдану, қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру жұмыстарын үкімет тарапынан қабылданып отырған бағдарламаларды барынша пайдалана отырып, қолға алуымыз керек.

Өндірілген ірі-қара етіне 3,3 млн теңге көлемінде субсидия алдық. Осы тұста ауылшаруашылығын дамыту мақсатындағы үкіметтік бағдарламалар ды біздің ауыл өз деңгейінде пайдалана алмай отырғанымызды ашық айту керек. Атап айтсақ тек қана «Сыбаға» бағдарламасымен аудан шаруалары 79,2млн теңге қаржы алып «Жұмыспен қамту 202» бағдарламасы арқылы 478 900,0 теңге несие алып мал басын арттырып, жұмыс орындарын ашуда. Ауданымызға кірген сонша қаржыны біз өз мақсатымызға пайдала алмай келеміз. Тек қана ауылымыздағы «Қазбек» шаруа қожалығы 3млн тенге, Жеке кәсіпкер Төлеуова Алтын 3-млн тенге несиеге қол жеткізді.Биыл ауылымыздан кемінде 4-5шаруа қожалығы 35-40млн тенге несие алып мал басын өсіріп,лизинкке заман талабына сәйкес жаңа техника алып,тағы да басқа шағын несиелерді пайдаланып, наубайхана,шаштараз,авто көлікпен дөңгелек жөндейтін орталықтар ашып жол бойынан кафе салсақ ауыл экономикасы дамып,тұрғындар жұмыспен қамтылып, еңбегіміздің нәтижесі жоғарлап, бизнесіміз өрге басары сөссіз. Осы несиелерді алып аталмыш жұмыстарды жандандыру үшін әкімшіліктің маманы Исаханов Мақсатты арнайы бекіттім.Ары қарай жұмыс жүргізу сіздердің қолдарыңызда.

Мал дәрігерлік жұмыстарды атқару үшін толық жағдай жағдай жасалған арнайы автокөлікпен қамтамасыз етілген. Мал дәрігерін іс шаралар уақытында сапалы атқарылып келеді.

Әкімшілік аппараты мамандармен толық қамтамасыз етілген 9-адам жұмыс атқарады.

ҚР 2007жылғы 12-қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін беру мен қарауға байланысты.

Жыл ішінде ауыл тұрғындарынан ауызша 35адам өтініш айтып қабылдауда болды. Негізінен жұмыс сұрап,несие сұрап келеді. Оларға толықтай өтініш мәніне қарай түсіндіріліп тиісті мекемелерге баруға ұсыныс жасалды.

Жазбаша 15өтініш түсіп оларға жазбаша жауап қайтарылып отырды. Мемілекеттік жәрдем ақы алушылардың,тұрғын үй көмегін алушылардың құжаттары тоқсан сайын уақытылы толтырылып өткізіліп отырылды.Арнайы маман бөлініп көше бойынша барлық үйлер араланып мал басы,техникалар,адам саны толық анықталып шаруашылық кітапшасына нақтылығы қойылды. Шаруашылық кітабының басқа да бөліктері толтырылды.

Ауыл округ басшылығы, мкетеп, емхана ауылға кәсіби жас мамандарды әкелуге жұмысқа тартуға зор мән беруде. Соның нәтижесінде жылда әкімшілікке 2-3 маман іс-тәжрибеден өтіп жұмысқа қабылданады.

Бюджеттен бөлінген қаражат толықтай игерілді. Міндетті жер салығы,мүлік салығы толықтай уақытылы жиналып құйылды.Жоғары жақтан келген қатынастарға уақытылы жауап қайтарылып отырды. Газет журналға жазылу толықтай орындалды.Ауыл тұрғындарымен тоқсан сайын ағымдағы шаруалар туралы жиын өтіп отырды. Атаулы мереке күндеріне мәдени іс-шаралар концерт,спорттық ойындары өтіп отырады.Қарттар күні ауыл ақсақалдарымен әжелердің басын қосып дастархан басында әңгіме-дүкен құрулары жылма-жыл дәстүрге айналған. 9-мамыр жеңіс күні Ұлы отан соғысынан қайтпағандар ескерткішінің басында мектеп оқушыларының қатысуымен құттықтап силықтар тапсырылып келеді,соңында ат жарысы ұлттық ойнына жалғасып жатады.

Ауылды абаттандыру,көгалдандыру,көркейту, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, ауыл ормандары мен елді мекендерін өрттен қорғауды күшейту бағытындаіс-шаралар жасалынып дер кезінде іске асырылып отырады. Жазғы дала жұмыстары қыстамаға қатаң мал азығын дайындау, көмірмен қамтамасыз ету жергілікті кәсіпкер қожалықтар арқылы толықтай іске асырылып отырады. Ауыл тазалығы,әр үйдің бау-бақша егуі жылсайын атқарылып қалыпты жағдайға қойылған.

Ауыл тазалығына басты көңіл бөлінуде. Мектеп мүдірі Дармурзин Балтабектің төрағалығымен мектеп мұғалімдерімен оқушылары, ауыл тұрғындары апта сайын сенбілікке қатысты.Жыл қортындысымен Аширбеков Ескендір, Қабдықалықов Сана, Түбектиев Тілеухан, Тулақбаев Секіш, Омарбаева Калия, «Үлгілі үй» номинациясы бойынша силықтар берілді.

Міндет: алдағы уақытта ауылымызда абаттандыру мен көгалдандыру тазалығымен тәртібі жарасымды үлгілі, таза ауылға айналу.Оған барша ауыл тұрғындары ат салысады деген ойдамын. Туған ауыл өскен жерге деген құрметтіміз міне осыдан басталады.

Өткен жылы жүз жасаған апамыз Зұлқия әжеміздің жылдық асына келген ғалым жазушы,осы ауылдың тумасы Блок Шайкенов ағамыз ауылда бағынсыз,иесіз көшеде жүрген малдарды көріп көңілі толмай мал басын өсіру үшін ақыл кеңесін беріп кетті. Ауыл маңайын таптауырын қылмай жайлауға бағып семіртіп әкелу керек. Сонда ауыл маңындағы жайылым күзге жақсы болады деп өз пікірін айтып еді. Бұл туған ауылына деген жанашырлық кеңес деп қабылдап іске асыруымыз керек.

Осы айтылған пікір кеңеске сәйкес жайылымды дұрыс пайдалану иесіз мал жібермеу , ауыл маңайын таптауырын қылмау мақсатында жаңа заңдар қабылдануда.

Малдың иесіз жүруі, ауыл маңы таптауырын болмау мал жоғалудың алдын алу үшін ірі-қара малын биылғы жылы міндетті түрде бағым шығару керек. Бұған әр көшеден басшы сайлап ауыл болып жұмыла жұмыс жасалады деп сенемін.

Ауылда әлеуметтік қызымет көрсететін мектеп,учаскелік аурухана, байланыс жүйесі, жарықтандыру салалары халыққа тұрақты түрде қызымет көрсетіп келеді.

«Қазақтың қаны бір,жаны бір жолбасшысы – мұғалім» деп ұлы ақын Мағжан Жұмабаев меңзегенде, ұл мен қызға сауатты білім,саналы тәрбие беру ісі тікелей оқытушыға қатысты екені белгілі.Осыны басты бағытқа алып.Жыл мұғалімі конкурысында Бейсенбаев Гульжахан ағымдағы жылы бас жүлдегер атанды. Т.Есімжанов атындағы орта мектепте балаларға 25 ұстаз сапалы білім беруде. Еңбек жемісі оқушының алған білімімен өлшенетіні белгілі. Алған білімді сарапқа салатын ҰБТ-ның нәтижесі де жыл санап өсіп келеді. Балалардың сапалы біл алуына толық мүмкіндік жасалған. Мектебімізде 16-оқу кобинеті бар, 2-интерактивті тақта, (Биология, физика) 1-мультимедялық . кабинеті,1-информатика кобинеттерімен жабдықталған. Мектепте шахмат, дойбы,тоғыз құмалақ,волейбол, баскетбол үйірмелері жұмыс істейді. Мектепте бастауыш сынып оқушыларына бір уақыт ыстық тамақ берілу жұмысы тұрақты,сапалы атқарылуда.Асхана қазіргі талапқа сай жабдықталған.

Ыстық тамақ ішетін жалпы оқушы саны 43,оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен 5-оқушы тегін тамақ ішеді.

Бюджеттен бөлінген қаржы тиімді пайдалануда. Мұның сыртында етпен әкімшілік 12-шаруа қожалықпен 3-жақты меморандум жасап етпен қамтамасыз етіп отыр.

Ауылда аурухана халыққа тұарқты қызымет көрсетеді. Онда 3-мед бике,1-жүргізуші,1-тазалықшы жұмыс атқарады. Аурухана толықтай электр ток көзімен, жылумен қамтамасыз етілген, ол үшін 15-тонна көмір түсірілген. Медбикелер ауыл халқына кез келген уақытта өз қызыметтерін сапалы көрсете біліп жүр. Сол үшін ауыл халқы ризашылықтарын білдіріп отырады.

1) Жұмыспен қамту жол картасы 2020 мемілекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы толық игерілді.Атап айтқанда

1. Ескі аурухана орнын тазалауға бөлінген 702 000 мың тенге жартылай игеріліп,жартысы биыл аяқталады.

2) Мәдениет үйінің жөндеу жұмысына 5 мл көлемінде қаражат бөлініп игерілді оның сыртында ауыл азаматы Астанада тұратын кәсіпкер Бейсенбаев Сырым Санақбекұлы 5млн тенге көлемінде сметта да қаралған қаржы сыртында 600 мың теңгеге қосымша жұмыс жасап демеушілік жасады.

3. Малкелді ауылдық округінің Жорға елді мекенінде тұратын бір отбасына Семей қаласынан болашағы жоқ ауылдағы тұрғындараға «2020 жұмыспен қамту бағдарламасы» бойынша 3-бөлмелі пәтер берілді.

Үкімет тарапынан мал басын арттыру мақсатындағы субсидия, дотатция несиелерді алып ауылдық округктегі мал басы санын арттыру, ауылшаруашылығын дамыту менің 2014жылғы негізгі жоспарларым болады.

Ауылымыздағы табыстарымыздың бәрі сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен тату-тәтті, береке бірліктеріңздің жемісі.

Ендеше бірлігі мен тірлігі жарасқан ауылымыздың табысты болашағы заңды жалғасын тауып, нұрлы бүгініміз Кемел келешегімізбен ұштассын.

Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, зор денсаулық, мол бақыт тлеймін.



Өткен жылға өкпе жоқ.

Жаңа жылдан үміт көп.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет