Құрметті ауыл тұрғындары !



жүктеу 48.25 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі48.25 Kb.
: info -> ray
ray -> «Бірлігі бар елдің өрлеуі бар»
ray -> Айнабұлақ ауылдық округ әкімі М. Бәзіловтың 2013 жылғы 9 ай бойынша атқарған жұмысымен міндеттері туралы тұрғындар алдындағы есепті баяндамасы
ray -> Балпық ауылдық округінің әкімі А.Қалиеваның елді мекендердің ауыл тұрғындары өкілдері алдында 2013 жылғы өзіне жүктелген міндеттердің орындалу және
ray -> 14 қазан 2013 жыл Құрметті ауыл тұрғындары !
ray -> Қабылиса ауылдық округінің 9 айлық әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындысы 2013 жыл
ray -> Бағдарламасы бойынша 2013 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы ауыл әкімінің баяндамасы
ray -> Мұқаншы ауылдық округі әкімінің 2013 жылдың 9 айлығында атқарған жұмыстары жайлы есебі. «Әкімдердің халыққы есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
ray -> Лабасы ауылдық округінің әкімі Б. Егінбаевтың Лабасы ауылдық округінің 2013 жылдың 9 айындағы
ray -> Құрметті Бақберген Сексенбайұлы! Құрметті ауылдастарым!
Алғабас ауылдық округінің әкімі

Ұ.Досымбековтың 2013 жылғы

9 айлық есепті баяндамасы
Құрметті ауыл тұрғындары !
Алғабас ауылдық округінің 2013 жылғы 9 айдағы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындылары туралы айтар болсақ, ауылдық округте 378 жанұя, 2240 адам тұрады Алғабас ауылында 1497 адам 282 жанұя, Қызылтоған ауылында 743 адам 96 жанұя. Ауылдық округ әкімінде 3 штаттық бірлік жұмыс жасайды, салық жүргізу жөніндегі бас маман,мал дәрігері бас маманы, жетекші маман, сонымен қатар өлкелік полиция қызметкері жұмысын атқарған, қазіргі уақытта уақытша өлкелік полиция қызметкері жоқ.

Ауылдық округ әкімі және мамандар жұмыстарын бекітілген қызметтік міндеттер бойынша жүзеге асырады. 2013 жылғы жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарлары бекітілген. Барлық іс қағаздар мемлекеттік тілде жүргізіледі. Округтің тұрғындарымен, шаруа қожалығы және мекеме басшыларымен бірлескен мәжілістер болып тұрады, бұл жиындарда көтерілген мәселелер 2012 жылдың 14-ші желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентi – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауды және Нұр Отанның келешектегі «Саяси доктринасы туралы» халыққа түсіндірілді. Жолдауды қолдау, іс-шаралар қаралды.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару таралы» Заңы және басқа да қолданыста жүрген заңдармен жұмыс жасау жүйелі түрде жақсаруда.

Ауыл тұрғындарнан әкімнің жеке мәселе бойынша қабылдауында 104 адам болды, негізгі құрам бойынша 14 өкім, жеке құрам бойынша 18 өкім шығарылды.

Жоғарғы органдарға жіберілген құжаттар барлығы 320. Келіп түскен құжаттар барлығы 175, (қаулы, шешім, өкім, хаттар) оның 17 бақылауға алынған. Барлығына арнайы журнал ашылып, орындалуы туралы белгі қойылған.

Аудан әкімдігінің «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2009 жылғы 26 ақпандағы №41 қаулысының округте қадағалау жасаудың жоспарлары бекітілген. Округ тұрғындарынан жазбаша 15 өтініш түсіп барлық өтініштерге Заңда көрсетілген тәртіппен жауап беріліп, уақытында толығымен қанағаттандырылды.

Округте жұмыс жасындағылар – 1290, 562 адам жұмыспен қамтылған, 35 адам жұмыссыз, қалғаны үй шаруасында, студент т.б. зейнеткер -184 адам 3 ҰОС ардагері, Алтын алқа иегерлері – 22, Күміс алқа иегерлері -28, Көп балалы аналар -102, баласы 18 жасқа толмаған -128 жанұя.

Округте халыққа қызмет көрсететін, көпшілік тамақтанатын 1 кафе, 4 дүкен жұмыс істейді. Округте 211 байланыс нүктесі бар, о.і. 10 заңды тұлғаларға, 201 нүктесі жеке тұлғаларға жұмыс жасайды.



Білім саласында: Алғабас орта мектебі бойынша 2013-2014 оқу жылында 173 оқушы, 30 мұғалім, 23 техникалық қызметкерлер бар. 2012-2013 оқу жылында 4 бала ҰБТ тапсырды. Нәтижесінде орташа балы 58,25 пайыз. Қызылтоған орталау мектебінде 73 оқушы, 23 мұғалім, 14 техникалық қызметкерлер бар. «Балауса» бөбек-жай балабақшасында 50 бала тәрбиеленуде. Жалпы 19 жұмысшы, оның ішінде тәрбиеші 5 адам қызмет көрсетеді.

Ауылдық округте 1 кітапхана жұмыс істейді. Кітапхана қорында 10078 кітап қоры бар. Оның ішінде қазақ тілінде кітап қоры 4055 дана, орыс тілінде - 6023 дана, жаңа кітап – 163 дана.

Құрметті ауыл тұрғындары өздеріңіз көріп отысыздар биылғы жылы Мәдениет үйіне күрделі жөндеуден өткізіліп қолданысқа берілді. Сонымен қатар айта кетер болсақ округте үлкен футбол алаңының орны және «Быжы» өзенінен мал өтетін көпірі салынды.

Жергілікті бюджет бойынша: округте 2013 жылғы салық төлемдері: мүлік салығы жоспар бойынша 14250 теңге , орындалуы 100 пайыз, жер салығы бойынша 140894 орындалуы 100 пайыз. Салық жүргізу жөніндегі бас маман округке бюджетке төлемдердің уақтылы түсуін қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік сала бойынша: Округ бойынша 2013 жылы 9 ай ішінде 18 жасқа дейінгі әлеуметтік көмекті 15 отбасы, 56 бала, 642405 теңге көлемінде көмек алды. Жоспар бойынша кәсіби даярлыққа 1 адам орындалғаны 1 адам, 100 пайызға орындалды. Қоғамдық жұмысқа жылдық жоспар бойынша 13 адам, орындалғаны 10 адам, яғни 77 пайызға орындалды. Жоспар бойынша жаңа жұмыс орны жылдық жоспар 15, орындалғаны 11 яғни 73,3 пайыз. Жұмысқа орналасу жоспар бойынша 38 орындалғаны 38 яғни 100 пайызға орындалды.

Алғабас ауылында тұрғындар таза ауыз сумен толығымен қамтамасыз етілген.

Қызылтоған елді мекенінде ауыз су құбырлары толығымен жұмыс істеп тұр .

Денсаулық сақтау саласында:

Бір ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, бір медициналық пункті бар, толық кадрлармен қамтылған барлығы 8 адам.

Округте 9 ай ішінде атқарылған алдын-ала тексеру және емдеу жұмыстарының жоспар бойынша толық жұмысы жүргізілген. Ауыл округі бойынша 9 ай ішінде 25 бала туылды, 4 адам қайтыс болды. Табиғи өсім 19.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша:

Округтің жалпы жер көлемі 55489 гектар, оның ішінде 276 гектар суармалы, 47751 гектар жайылым, 3603 гектар тәлімі жер, 1165 гектар шабындық жер.

Барлық дәнді дақылдар 1720 га, оның ішінде күздік бидай 800 га, өнімділігі 23,0 ц/га түскен өнім 18400 цн. Жаздық бидай 280 га, өнімділігі 14 ц/га түскен өнім 3920 цн. Жаздық арпа 640 га өнімділігі 19 ц/га түскен өнім 12160 цн .

Барлық мал бас МІҚ малы – 1806 бас о.і. аналық бас – 850, ҰММ – 5431 бас о.і. аналығы – 2694 бас, ешкі- 671 бас, жылқы 625 бас, құстар-6590. Мал басының өз төлі есебінен көбеюі тұрақты өсуде.

Ауылшаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен 2013 жылы 60 шаруа қожалығы шұғылданды. Оның iшiнде 12 шаруа қожалығы тек мал өсiрумен айналысса, 48 ш/қожалығы аралас егiн және мал шаруашылығымен шұғылданады.

Қоғамдық тәртіп

Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсаттарында округте жасақшылар тобы құрылып, түнгі кезекшілік жұмыстары жүргізіледі. Округте жыл басынан 10 қылмыс тіркелген, оның қазіргі кезге 6 ашылды, 4 қылмыс ашылмай тұр.

Алғабас ауылдық округі әкімінің 2012 жылдың қортындысы бойынша елді мекендерде ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесілерінде тұрғындардың айтылған талаптар мен ұсыныстарының орындалуы туралы:

1. Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында тоғандарды тазалап, ретке келтіру сәуір айында орындалды.

2.Қызылтоған ауылындағы Н.Ләбілданов көшесінің кіре беріс жағына қиыршық тас төсеу жұмыстарының орындалуы маусым айында.

3.«Быжы» өзенінен мал өтетін көпір салу жұмысының орындалуы шілде айында болатын. Бұл жұмыс сәуір айында орындалды және жоспардан тыс «Быжы» өзенінен мал өтетін екінші көпір салынды.

4.Үлкен футбол алаңының орнын дайындау жұмысының орындалуы қыркүйек айында болатын, бұл жұмыс мамыр айында орындалды.

Сонымен қатар, «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығын іске асыру мақсатында Алғабас ауылдық округінде біршама шаруалар атқарылды. Атап айтсақ Мемлекеттік программаларды жүзеге асыру аясында «Өңірді дамыту 2020-бағдарламасы» бойынша Алғабас ауылында 4 гектар жерге күл-қоқыс төгетін алаңы республикалық бюжет есебінен 5 803 664 теңгеге қоршалып, қолданысқа берілді.



Қызылтоған ауылы көшелеріне аудан әкімі қолдауымен 1 км қашықтыққа жергілікті бюджет есебінен 3 083 830 теңге бөлініп түнгі жарық шамдар орнатылды.

Алдағы жоспар бойынша төмендегі іс-шараларды атқаруға жұмыстар жүргізу:

  1. Округ бойынша тазалық айлығын уақтылы жүргізу.

  2. Қысқы маусымға дайындық жөнінде тоған көмейлерін бекітіп ретке келтіру.

Қорыта келгенде қазіргі кезде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барлығы сіздердің игіліктеріңіз үшін атқарылып жатқанын білесіздер. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға белсенді ат салысып , өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймын.


Тыңдағандарыңызға рахмет.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет