ҚҰРметті әбілғазы қалиақпарұЛЫ! Құрметті әріптестер!



Дата28.04.2016
өлшемі43.59 Kb.
ҚР ККМ ААК төрағасы Р.Ө. Әдимолданың 2011 жылғы 10 қаңтардағы алқа

мәжілісіндегі баяндамасы

ҚҰРМЕТТІ ӘБІЛҒАЗЫ ҚАЛИАҚПАРҰЛЫ!

Құрметті әріптестер!
1 Слайд. Авиаиндустрия саласындағы әлемдік дағдарыс кезеңіне қарамастан, 2010 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстандық авиакомпаниялар 3,2 млн. жолаушы және 24,5 мың тонна жүк тасымалдады, бұл көрсеткіш өткен жылғы салыстырмалы кезеңнен 22 және 33% артық (2,7 млн. жолаушы және 18,5 мың тона). Сонымен бірге, біздің еліміз арқылы ұшатын транзиттік ұшулардың көлемі 14% артты және 107,4 млн.см.км құрады (2009 ж.- 93,9 млн.см.км). Тұрғындарымыздың авиатасымалға сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2010 жылы жақын және алыс шетелдермен қосатын жаңа 5 авиабағыт ашылды (Астана-Тбилиси, Ақтау-Санкт-Петербург, Атырау-Минеральные воды, Москва-Семей, Тегеран-Алматы).

2 Слайд. Министрліктің 2010 жылғы алқа мәжілісінде Үкімет Басшысы берген өткен жылдың ең басты тапсырмаларының бірі ИКАО ескертулерін жою және Еурокомиссияның отандық авиакомпанияларға қойған шектеулерін алу болып табылды.

Осы мәселе бойынша Министрлік бірқатар жедел іс-шараларды атқарды. Ең бастысы қысқа мерзім ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген азаматтық авиация туралы жаңа заң қабылданды. Ағымдағы жылы саладағы барлық нормативті-құқықтық базаны толығымен жаңарту аяқталады (104 НҚА 40 қабылданды).

Жыл бойы ИКАО және Еурокомиссиямен тығыз жұмыстар атқарылды, солардың шеңберінде осы ұйымдардың әртүрлі өкілдерімен 20 аса кездесулер өткізілді, соның ішінде Бас Хатшымен және ИКАО Президентімен, сондай-ақ Еурокомиссияның Вице-Президентімен кездесу өтті, мұнда Қазақстанның ұшулар қауіпсіздігі мәселесіне оң баға берілді. Сонымен бірге, өткен жылдың мамыр айында Аудит ескертулерін жою бойынша түзету шараларының жоспарын ИКАО қабылдады және қолдады, осы жоспарға сәйкес өткен жылы ҚР авиакәсіпорындарда 81 инспекциялық тексеру өтті (соның ішінде 44 авиакомпанияда).

Тексеру нәтижесі бойынша 20 ӘК пайдалану тоқтатылды. Сонымен бірге жаңа Заң талаптарына сәйкес, меншік иелері шетелдік жеке немесе заңды тұлға болып табылатын 13 әуе кемесін (Ил-76 және Ан-12) қазақстандық тізілімнен шығару бойынша іс-шаралар қолданылды.

Осы тексерістерге жаңа құрылған «Ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» мемлекеттік кәсіпорнының инспекторлары белсенді қатысты, олар оқудың екінші кезеңінен өтіп, халықаралық үлгідегі сертификаттарды алды.

Еурокомиссияның «қара тізімінен» 2010 жылғы қарашада ҚР 9 авиакәсіпорынын шығару қабылданған іс-шаралар кешенінің нәтижесі болып табылады.

3 Слайд. Ұшулар қауіпсіздігіне бақылауды арттыру бойынша жұмыстармен қатар, өткен жылы әуежайлардың инфрақұрылымын модернизациялау және ӘК паркін жаңарту мәселелеріне де көп көңіл бөлінді.

Осылайша, өткен жылғы қараша айында Қызылорда қаласындағы әуежайда жаңа ұшу-қону жолағын салу бойынша жұмыстар аяқталып, қолданысқа берілді. Жаңа ұшу-қону жолағы қазіргі заманғы батыс өндірісінің әуе кемелерінің үлгілерін қабылдай алады, ол үшін 28 данада барлық қажетті арнайы техника сатып алынған.

Көкшетау қаласындағы әуежайдың аэровокзалын және ҰҚЖ қайта жаңарту жұмыстары басталды, жалпы құны республикалық бюджеттен 8,3 млрд. теңгені құрайды. Ақтау қаласындағы әуежайда ҰҚЖ қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

4 Слайд. Әуе кемелерінің паркін жаңарту бағдарламасы шеңберінде 2010 жылдың нәтижесі бойынша отандық компаниялар 4 қазіргі заманға сай ұшақтарды пайдалануды бастады: 1 ӘК-ЕЗ-42, 1 ӘК- Фоккер 20, 2 ӘК-Эмбраер-145, бұлар 7 өңірлік авиабағытта пайдаланылатын совет өндірісінің Ан-24 және Як-40 әуе кемелерін ауыстырды (Алматы-Семей, Алматы-Қостанай, Қарағанды-Өскемен, Қарағанды-Қызылорда, Атырау-Орал, Атырау-Ақтау, Атырау-Ақтөбе). Қазіргі уақытта ішкі желілерде қазіргі заманға сай батыс өндірісінің өңірлік 14 әуе кемелері жұмылдырылған.

5 Слайд. Мен тоқталғым келіп отырған саланың ең басты өзекті мәселесінің бірі - отандық білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Қазіргі уақытта Қазақстанның азаматтық авиациясында 1500 ұшу құрамының бірлігі бар, 700 диспетчер, 2000 инженерлік-техникалық персоналдағы адамдар. Авиациялық кадрларды даярлау жүйесін жалғыз профильді жоғары оқу орны – Азаматтық авиация академиясы ұсынады, мұнда оқу ескірген бағдарламалар бойынша өткізіледі, халықаралық стандарттарды ескерілмеген және арнайы қажетті материалды-техникалық базасы жоқ. Нәтижесінде, оның түлектеріне, мысалы теориялық және ұшу дайындығы жоқ ұшқыштарға авиакәсіпорындарда сұраныс болмайды. Осы жағдай сақталып қалатын болса, бұл «кадрлық тарығуға» әкелуі мүмкін, бұл саланың болашақ дамуына кері әсерін тигізеді.

Жетекші авиакәсіпорындар, «Эйр Астана» авиакомпаниясы және «Қазаэронавигация» РМК кадрлар даярлауды өздігімен жүргізуге мәжбүр, бұл оларға бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді, бірақ бұл саланың мәселесін және болашағын толығымен шеше алмайды.

Осы проблемалық мәселені шешу үшін материалдық-техникалық базаны жаңарту және жоғары білікті мамандарды тарту үшін Азаматтық авиация академиясына қосымша қаржы бөлу талап етіледі.
6 Слайд. Қорытындылай келіп, 2010 жыл Қазақстанның авиациясы үшін өзгерістерге толы болғанын ескергім келеді. Мемлекет, Үкімет Басшыларының, Парламент депутаттарының тұрақты көмегінің арқасында саладағы жағдайды жақсарту бойынша маңызды жетістіктерге жеттік және халықаралық авиациялық қауымдастықтар тарапынан Қазақстанға қатысты көзқарастар түбегейлі өзгертілді. Отандық авиацияның көшбасшысы – «Эйр Астана» жыл сайын ұшулар географиясын кеңейтіп отырады және жетекші халықаралық авиакомпаниялармен бәсекелесе отырып, үлкен айналымдар жасауда.

Осыларды ескере отырып, менің ойым бойынша ағымдағы жылдың басты тапсырмасы жоғары мемлекеттік деңгейде ИКАО кезекті тексерісіне мұқият және жан-жақты дайындалу болып табылады, нәтижесінде негізгі ескертулерді жойылып және ұлттық тасымалдаушы «Эйр Астана» авиакомпаниясынан Еурокомиссияның шектеулерін толығымен алыну қажет.



Мұнымен қатар, ГПФИИР шеңберінде әуежайларды модернизациялау және отадық компаниялардың авиапаркын жаңарту бойынша жұмыстар атқарылатын болады, нәтижесінде Қазақстан аумақтағы азаматтық авиация саласында көшбасшы ұстанымын нығайтады.
Назарларыңызға рахмет






Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Электрондық АҚпараттық ресурстар мен
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1768 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы"
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №512 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер
contents -> Азаматтық авиация саласындағы салалық біліктілік шеңбері Жалпы ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет