Құрметті әріптестер!!! Қазақстан Республикасының Президенті Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты»



жүктеу 61.71 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі61.71 Kb.
: images -> files
files -> Тақырыбы: «Қыс» өлеңі. Абай Құнанбаев Мақсаттары: Абайдың "Қыс" өлеңімен таныстыра отырып, сол кездегі
files -> Рефератның тулы исеме 1 Ясемин Демирджи, магистрант
files -> Сабақтың тақрыбы: Сандықтың бетін әр түрлі ою-өрнекпен әшекейлеу
files -> Урок по Новой истории в 8 классе по теме: США в XIX веке: модернизация, отмена рабства и сохранение республики
files -> Коммуникатив компетенция (аралашу осталыгы) формалаштыру. Компетенция
files -> Элективный курс «Абсолютная величина (модуль)»
files -> Техническое задание на выполнение мероприятия
files -> Программа реализуется в рамках образовательной программы мбоу дод «цвр «Тулпар», спортивно-технической направленности
Құрметті әріптестер!!!

Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту аса маңызды екендігін көрсеткен болатын.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы №438 Жарлығымен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы» бекітілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамның қалыптастырудың міндетті шарттарының бірі болып табылады.

Биліктің осы деңгейі халыққа барынша жақын, негізінен оны халық қалыптастырады, оның бақылауында болады және халықтың негізгі өмірлік қажеттілігін қамтамасыз ету мәселесін шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару ұтымды құрылса, халықтың билікке деген сенімі артады.

Қазақстанның 2020 жылға Даму стратегиясынның ережелерін негізге ала отырып,Тұжырымдаманың мақсаты - біздің елімізде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі дамытудың негізгі тұжырымдамалық бағыттарын айқындау.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай мәселерінде шешу керек:

1) ауылдар (селолар) кенттер, аудандық маңызы бар қалалар деңгейлерінде басқару шешімдерін қабылдау кезінде халықтың қатысуын, мүдделігін және жауапкершілігін ынталандыру жолымен жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге халықтың рөлін біртіндеп арттыру;

2) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда (селолық) округтерде, ауылдық (селолық) округтердің құрамына кірмейтін ауылдарда (селоларда) әкімдерді тағайындау немесе сайлау кезінде маслихаттардың рөлін арттыру;

3) жергілікті маңызы бар мәселерді шешуде басқарудың төменгі деңгейінің қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейту.

Негізінде осы Тұжырымдамаға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқаруды екі кезеңмен дамыту көзделуде.

Бірінші кезең (2013-2014 жылдар) басқарудың төменгі деңгейлеріндегі қолданыстағы жүйенің әлеуетін кеңейту және басқару мен қаржыландырудың тетіктерін іс жүзінде нақтылау шаралары жүзеге асырылады. Бұл шаралар жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін негізі бастау көзі болып табылады.

Екінші кезең (2015-2020 жылдар) жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеті мен меншігін қалыптастыру, сонымен бірге ауылдық округтердің деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірліктерді оңтайландыру жүйелене түспекші.

Қазақстанда белгілі бір экономикалық және қаржылық дербестікке ие, әлеуметтік –экомикалық қайта құруды жүргізуде мемлекетке көмек көрсетуге және өздеріне жүктелген әлеуметтік функцияларды орындауға қабілетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді жүйесі құрылатын болады.

Тұжырымдамада ұсынылып отырған шаралардың түпкілікті нәтижесі жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саясатын іске асыру болып табылады, ол өз кезегінде халықтың, жергілікті өзін-өзі басқарудың және мемлекеттік биліктің өзара іс-қимыл жүйесін құруға әкеледі.

2013-2014 жылдар ішінде басқару және қаржыландыру тетіктерін практикалық пысықтау жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту органдарын қалыптастыру үшін базалық алғышарт болады.

2014 жылдан кейін жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару фунцияларынының аражігін одан әрі ажырату мәселелері қаралып, өзін-өзі басқару органдарының бюджетін және меншігін қалыптастыру мәселелері пысықталатын болады.

Елбасымыздың «Қазақстан-2050» стратегиясы «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек. Орталықсыздандыру идеясының мәні - шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан өңірлік билік органдарына беру» деп нақты көрсеткен болатын.

Тұжырымдаманы іске асыру үшін 2013 жылғы 13 маусымда «Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №101-V, №102-V Заңдары қабылданды.

Онда негізінен жергілікті қоғамдастық жиналыстары арқылы жергілікті маңызы мәселелерді шешуде ауылдардың, кенттердің тұрғындарының рөлін арттыру қарастырылған. Ауыл тұрғындарының жиналыстарын қалыптастыру, өткізу және құзіреттерін реттеу, жиынның жергілікті маңызы бар мәселлерді қаржыландыру барысын міндетті түрде талқылау, жергілікті халыққа мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізуге қатысу құқығын беру айтылған.

«Бюджет», «Салық» кодекстері, басқа да заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен округ әкімдеріне көптеген мәселерді шешуге жол ашылады. Оның ішінде әкімдерге табыс көздерін қалыптастыру құқығын беретін негіздемелер де бар. Мұндай табыс көздеріне әкімдердің қарамағындағы мүлікті жалға беруден түсетін кірістер, ерікті алымдар, қайырымдылық және демеушілік жарналары, айыппұлдардың жекелеген түрлері, сыртқы жарнамаларды орналастыру үшін төлем, заңнамаға қайшы келмейтін өзге де кіріс көздері жатады.

Жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған кірістер мен шығыстарды көрсету үшін қазынашылық органдарында арнайы есеп шоттар ашу, тиімді пайдалану мақсатында, жергілікті халықтың сұраныстарын қанағаттандыру және қосымша табыс табу үшін ауылдық әкімдерге коммуналдық меншіктің бір бөлігін, нақты айтқанда мәдениет үйлерін, кітапханаларды, бала бақшаларды беру көзделуде.

Заңмен округ әкімдеріне қосымша құзыреттер берілді. Олар:мүгедектерге көмек көрсету, қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру, мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсету, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсету, ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамдамасыз етуге жәрдемдесу, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүлікті жалға беру, берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, кіріс көздерін қалыптастыру, жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу т.б. құзіреттер.

2013 жылы Ақтөбе облысы Ойыл ауданы «Ойыл селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне республикалық бюджеттен қосымша 4 штат берілді. Мекемеде штат бойынша 10 қызметкер еңбек ететіп отыр. Қазіргі уақытқа бұл штаттарға қызметкерлер толық алынды және 1 бас маманға салық жинау, ауылдық округ есеп шотына түсетін қаражаттың есебін жүргізу міндеттелген.

Ойыл селолық округі Ойыл ауданындағы ең ірі округ. Округке 4 елді мекен қарайды. 2014 жылдың 1 қаңтарына санақ бойынша округте барлығы - 1265 отбасы тұрады. Халық саны - 6970 адам.

Округ бойынша 17 шағын бизнес субъектісі заңды тұлға, 58 шаруа (фермер) қожалықтары және 149 жеке кәсіпкерлер тіркелген.

Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару заңының 1 бабының 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес округ әкімдеріне жергілікті салықтарды жинау міндеттелген.

Ауылдық округ бойынша жергілікті салықтарды есептеу салық органымен жүзеге асырылады. Салық органымен дайындалған хабарламаларды салық төлеушілерге дер кезінде жеткізіліп, салық жинау толығымен қамтамасыз етіліп отыр.

2013 жылдың 1 қаңтарына жеке тұлғалар бойынша 1196 салық салу объектісі тіркелген болатын. Есептелген мүлік салығының сомасы 129,7 мың теңге, оның ішінде Салық кодексімен қарастырылған жеңілдік сомасы 9,2 мың теңге. 1196 аула және тұрғын үй салуға берілген 81 учаске бойынша есептелген жер салығының сомасы 458,0 мың теңге, оның ішінде Салық кодексімен қарастырылған жеңілдік сомасы 59,9 мың теңге. 51 бау-бақша жер учаскелері бойынша 24,2 мың теңгеге жер салығы есептелді, оның ішінде Салық кодексімен қарастырылған жеңілдік сомасы 3,4 мың теңге. Ауылдық округ бойынша 550 жеңіл, 147 жүк автокөліктері, 5 мотоцикл, 4 автобус және 32 ауыл шаруашылығы механикалық көліктері тіркелген. Есептелген көлік салығы сомасы 7191,4 мың теңге, оның ішінде Салық кодексімен қарастырылған жеңілдік сомасы 1764,2 мың теңге.

Сонымен қатар, жаңадан берілген құзырларға сәйкес бүгінгі күнге бір шама проблемалары бар: жарнама үшін төлем сомасы, коммуналдық меншікті жалдау ақысы ауылдық округтің есеп шотына түспей отыр. Яғни жарнама үшін төлем нақты ереже болмауына байланысты өтпей тұр. Ал коммуналдық меншік объктілері осы уақытқа дейін ауылдық округтер балансына берілген жоқ.



Жергілікті бюджет түсімдерін молайту және есептелген салық сомасының толық жиналуын қамтамасыз ету мақсатында

ҰСЫНЫСТАР:

  1. Жер учаскелерінің аумақтарын қалыпты жағдайда ұстау (өз еркімен қоршап алу, келісім шартсыз жалға беру, мақсатсыз пайдалану және т.б.) үшін жер инспекциясының құзырын жергілікті атқарушы органдарға беру қажет.

  2. Ауылдық округ әкімдері құзырынан жеке тұлға көлік құралы салығын жинауды алып тастау. Өйткені төленген салық түбіртектері техникалық байқаудан өту үшін салық органынан куәләндырылады. Сонымен қатар, жеке тұлға техникалық байқаудан өту мерзімі келмегендіктен салық төлеуден жалтарып отырады.

  3. Архитектура бөліміне архитекторлық бақылауды жүргізу құқын беру қажет. Өйткені, тұрғын және тұрғын емес секторларда рұқсатсыз құрылыс салу қарқыны күнбе күн өсіп келеді.

  4. Ауылдық округтердің есеп шотына түсетін қаржыларды өткізуге нақты ереже еңгізу.

  5. Әкімшілік өндірістерін жүргізуге методикалық ұсыныстар бекіту қажет.



Округ әкімі: И.Сабиржанов



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет