Құрметті әріптестер осы конференцияның жұмысына баяндамашы ретінде қатысу мен үшін үлкен абырой. Конференция жұмысына баяндаманың тақырыбын таңдауда біршама ой талдаулар жасалды



жүктеу 58.27 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі58.27 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Құқықтану кафедрасының меңгерушісі

заң ғылымдарының кандидаты

Алтаев Ерлан Амангельдиевич
Ақпараттық қоғамдағы Прокуратураның ролі

Армысыздар құрметті жиналған қауым. Бүгін юриспруденция саласында үлкен із қалдырған, еліміздің қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлес қосқан, классикалық заңгер, Қазақтың прокуроры Сүлеймен Есқараевтың өмір жолы мен қайраткерлік қызметіне арналған ғылыми тәжірибелік конференция жұмысына қош келдіңіздер.

Құрметті әріптестер осы конференцияның жұмысына баяндамашы ретінде қатысу мен үшін үлкен абырой.

Конференция жұмысына баяндаманың тақырыбын таңдауда біршама ой талдаулар жасалды.

Біздің ойымызша егер Сүлеймен Есқараев өз заманындағы қауіп –қатермен күрескенін ескеретін болсақ. Біздің заманымызда қауіп қатердің көптүрлілігі және онымен күрестің күрделілігі күрес жүйесін жан-жақты қарауды талап етеді. Бұл жерде белсендіде бәсең күрестердің барлығы қолданылуы тиіс деп есептейміз.

Баяндаманың тақырыбы қазіргі жаһандану заманымен тұспа тұс келген, онда құрал немесе қару ретінде орын алған ақпараттық қоғам жөнінде болмақ. Сонымен Ақпараттық қоғамдағы Прокуратураның ролі, яғни қоғамымыздың жаңа белесі болып табылатын ақпаратқа толы заманымызда, ол үшін күрес жүргізетін адамзат қауымында жаңа проблемалар туындап отыр. Олардың қатарында ақпарат үшін талас-тартыс, ақпараттардың көптүрлілігі. Олардың қолжетімділік мәселесі. Қате ақпараттар немесе басқаша айтар болсақ қоғамның қалыпты дамуына кері әсерін тигізетін ақпараттар. Ақпараттық технологиялардың дамуымен бірге келген жаңа қылмыстардың пайда болуы.

Осылардың барлығына төтеп беретін қоғамда шынайы, нақты әрекеттер кешені жүзеге асырылуы керек деп есептейміз.

Ал ол үшін ең алдымен ақпараттық қоғам туралы елімізде өзіндік құндылығы бар тұжырым қалыптастыру керек.

Сондықтан ақпараттық қоғам ұғымымен қысқаша қалыптасу тарихына зер салайық.

Жалпы Ақпараттық қоғам дегеніміз - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам.

XX ғасырдың 70-80-ші жылдарында болашақты супериндустриалды, технотронды, кибернетикалық, ақпараттық қоғамдар шеңберінде қарастырған бірнеше тұжырымдама пайда болды. Оларға мынадай екі алғышарт тән:

1) қоғамның негізгі факторларының бірі ретінде ақпараттық техника аталады, соның арқасында "ақпараттық қоғам" ұғымы біртіндеп басқаларды ығыстырады;

2) ақпараттық қоғамды техносфераның, қоғамның тарихи, мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекше кезеңі ретінде қарастырады.

Тоффлердің айтуынша, техникалық өзгерістер үш кезеңнен өтеді:

біріншісі аграрлық мәдениетпен байланысты,

екіншісі - индустриалды,

үшіншісі - ақпараттық.

Жер, еңбек, капитал, шикізатқа қарағанда ақпарат аса маңызды мәнге ие болады, ал бұқаралық стандарттандырылған өндіріс информатика мен супертехнологияларға сүйенетін қолөнері, ой еңбегі негізінде жасалатын жеке "кәсіптік" жаңа жүйемен алмастырылады.

Мұндай өндірістің соңғы өнімі стандарттандырылған миллиондаған бірдей тауарлар емес, жекелеген, қайталанбас тұтыну және қызмет өнімі болып табылады. Көптеген авторлардың пікірінше, мұндай қоғамды орнатудың ең жақсы тәсілі бюрократия емес, адхократия (яғни қандай да бір нақтылы міндетті шешуге бағытталған уақытша ұйым). Тоффлердің пікірінше, ақпараттық қоғамға тән ең басты белгілер мыналар:


  • экономикалық және әлеуметтік өмірдің барлық қырын бұқаралық және стандарттық сипаттардан арылту;

  • қоғамда болып жатқан өзгерістердің қарқындылығы, инновациялардың жоғары деңгейлілігі. Қалыптасып келе жатқан ғаламдық ақпараттық қоғамда ақпараттың рөлі мен мәні артып отыр. Ақпараттық технологиялардың төңкерістік іс-әрекеттері ақпараттық қоғамда таптарды әлеуметтік жіктелмеген "ақпараттық қауымдастықтармен" алмастыруға алып келеді (Е. Масуда). Тоффлер дәстүрлі епетейсіз корпорацияларға "шағын" экономикалық қалыптарды - үйдегі жеке индивидуалды қызметті, "электронды коттеджді" қарсы қояды. Олар ақпараттық қоғамның инфо, техно және адам тұрмысының басқа да салаларының жалпы құрылымына енгізілген. Теледидар, компьютер қызметі және энергетика синтезі негізінде "Ғаламдық электрондық өркениет" жобасы - «телекомпьютерэнергетика» жасалуда (Дж. Пелтон). "Компьютерлік төңкеріс" біртіндеп дәстүрлі баспаны "электрондық кітаптармен" алмастыруда, идеологияны өзгертіп, жұмыссыздықты, бос уақытын қызықты өткізуге айналдыруда (X. Эванс). Әлеуметтік және саяси өзгерістер ақпараттық қоғам теориясында "микроэлектронды төңкерістің" тікелей нәтижесі ретінде қарастырылады. Демократияны дамыту болашағы ақпараттық техниканы таратумен байланыстырылады. Тоффлер және Дж. Мартин оның басты рөлін азаматтар мен үкіметті тікелей байланыстыратын, шешім қабылдауда олардың пікірін есепке алатын телекоммуникациялық "кабельдік желіден" көреді. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы технологиялық детерминизмнің әлсіздігін, қоғамды компьютерлендірудің жағымсыз қырларын алға тартқан гуманистік бағытты ұстанатын философтар мен ғалымдардың тарапынан сынға ұшырады[3].

Ақпараттық қоғамның орнауы нақты азаматтарға немесе мемлекеттік билікке байланысты емес құбылыс деп есептейміз. Дегенмен мұндай қоғамға әсер етуге, оны бағыттап отыруға әбден болады. Ол үшін мемлекеттік органдардың халыққа деген жанашырлығы ұлғая түсуі тиіс.

Солардың бірі болып табылатын прокуратура органының орны үлкен. Жалпы прокуратура органын қадағалау органы дегеннен гөрі қоғамның қауіпсіздігін нығайтатын орган деген дұрыс болар деп есептейміз.

Тәуелсіз Қазақстанның Прокуратурасы қылмыстылықпен күрес жүргізумен ғана көзге түспей адами құндылықтарды қастерлейтін органға айналуы тиіс.

Ол үшін негізгі бағыттарын айқындап алуы тиіс деп есептейміз.



  1. Заманымызды Ақпараттық қоғам деп мойындайтын болсақ ресми ақпараттарды кеңінен насихаттау шаралар кешені әзірленуі керек;

  2. Ақпараттық қоғамда өзіндік ролі айқындалуы тиіс; яғни,

  3. Функционалдық қызметтері қазіргі қоғамның сұранысына қарай бейімделуі қажет.

  4. Кадрлар мәселесіне терең назар аударуы тиіс. Заманауи технологияларды терең меңгерген мамандар тартылуы тиіс. Кадр корпусында қателіктер және құзіреттілігі төмен қызметкерлерді ауыстырып тұруға бейім бола алуы үшін кадрлық резервті қалыптастыру шарасын ұйымдастыруы қажет; қажеттілік туындаған жағдайда мамандар даярлау үшін шетелдік оқу орындарының озық технологиясын меңгеру үшін оқуға жіберу жолдарын қарастыру қажет;

  5. Қылмыстың болғанынан кейін емес, оларды болдырмау үшін іс әрекеттер жүргізуі тиіс. Бұл жерде көздегеніміз қоғамға жат қылықтарды насихаттаушы ақпараттармен қатаң түрде күрес жүргізу мәселесін қолға алынуы тиіс. Әрине түсінемін демократиялық қоғам деп айтып қалатындар болуы ғажап емес. Бірақ демократия саналы, ойын жақсы қасиеттер билеген адамзаттар қауымы деп есептеуіміз керек. Бізге өзге елдің сарқыншақ әңгімелері керек емес деп есептейміз.

  6. Бұқаралық ақпарат көздерінен шығатын ақпараттарға қатаң қадағалау жасалынуы тиіс. Ал ол үшін тиісті ведомствалармен ықпалдастық орнатылуы тиіс.

  7. Жанасу мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс. Яғни кез келген ток шоу болсын, ресми басылымдар болсын, қоғам тілімен сөйлесу мәселесі қолға алынуы тиіс. Менің ғылыми жетекшім бір сөзінде былай деп айтатын « Тіл өте қарапайым болуы тиіс, яғни қоғам оңай түсініп қабылдай алатын болуы керек» сондықтан кез келген прокуратура органының қызметкері барынша қарапайым болуы тиіс. Өзін қоғам билік өкілі деп емес, жай қарапайым жанашыр бола алатын азамат ретінде қабылдай алатындай қасиет дарыта білуі тиіс.

Жалпы осы әрекеттер орын алған жағдайда Тәуелсіз прокуратураның құндылығы одан әрі көтерілетініне сенемін.

Ал бұл мәселе сол Сүлеймен Есқараевтың аңсаған арманы деп білемін. Қазақ жерін салт-дәстүрімен әдет-ғұрпын бұзбай, өзімізге тән қасиеттерімізді жоғалтпауға көмектеседі деп өз сөзімді аяқтаймын.



Әрине бұл жерде тек кейбір мәселелер ғана қозғалды. Және қозғалған мәселелердің негізі ғана айтылды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет