Құрметті Халел Мұқатайұлы! Құрметті ауылдастар!



Дата03.05.2016
өлшемі60.07 Kb.
Ынталы селолық округі тұрғындарымен 21.01.2015 жылы өткізілетін

есепті кездесу жиналысында жасалатын селолық округ әкімі

Садвакасов Аманғазы Дақынұлының

б а я н д а м а сы

Құрметті Халел Мұқатайұлы!

Құрметті ауылдастар!

Әкімшілік жұмысының басты мақсаты негізінен ауыл тұрғындарымен үнемі аралас – құралас болып, олардың мұң – мұқтажымен, қуаныш – ренішінен сырт қалмай бірге жүріп, бірге тұру деп түсінемін. Қажет болған жағдайда қолдан келгенше көмек жасап халықтың тұрмыс жағдайына баса көңіл бөлуді міндетім деп санаймын. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқына «Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауын арнады. Бұл жолғы Жолдаудың экономикалық сипаты басым. Жаңа саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталмақ.. Президент тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, экономиканы сыртқы жайсыз жағдайлардан қорғау мақсатында құрылған Ұлттық Қорды қажетке жарататын кездің келгендігін, мемлекетіміз өзге елдердің қателіктерін қайталамауына тоқталып кетті.

Жолдау барысында Мемлекет басшысы өмірдің өзегіне, тірліктің қайнар көзіне айналған жол мәселесіне кеңінен тоқталды. Елдің ішкі әлеуетін арттыру үшін аймақтардың барлығы темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы қажет, күре жолдар экономикалық байланысты нығайтып, ел ішінде тың нарықтар ашатынын, Жолдаудың ең басты түйіні- алысты жақын ету екендігін қадап айтты. Сонымен қатар, жалпақ жұртқа тиімді жаңа тұрғын үй бағдарламасын жариялады.

Елбасы тарапынан Жолдауда дер кезінде көтерілген бастамаларды бірліктің арқасында, берекенің бастауына айналдыруға әр азамат өзініңүлесін қосуы керек. Ол дегеніміз нәтижелі жұмыс атқарып, өзіңнің отбасыңның алаңсыз өмір сүруіне тер төгіп, жұртшылықтың арасында сыйлы, ауызбіршілігімен бірге болып, бір-бірімізге төзімді болуымыз керек.Елбасының «Нұрлы Жол» - болашаққа бастар жол» Жолдауына қолдау жасау – жасампаздықтың басты бағыты, Қазақ елінің асыл мұраты болатынына сенімдіміз.

Алдымен жыл басында аудан әкімі Х.М. Мақсұтовтың қатысумен өткен есепті кездесудегі бізге берілген тапсырманың орындалысын хабарлаймын:

Құрметті жерлестер!

1.Қыс айларында № 5 разъездің жолы қардан тазартылып тұрса деген ұсыныс болған.



Жауап: Тұрғындардың бұл тілегі толық орындалды деп есептеймін. Қажет болған жағдайда әсіресе боран шашыннан кейін №5 разъезд тұрғындарының өтініштері қанағаттандырылып тұрды. Басқадай наразылық болған жоқ.

Селолық округі бойынша барлығы 12 шаруа қожалығы тіркелген, оның ішінде үшеуі тұрақты түрде егін және мал шаруашылығымен шұғылданып келеді. Осы үш шаруа қожалығы өткен 2014 жылы барлығы 1700 гектар жерге дәнді дақылдар септі. Орташа түсім 11,2 центнерді құрады. Үстіміздегі жылы Жас – Тілек шаруа қожалығынан 150 гектар бидай, Гүлден шаруа қожалығынан 100 гектар арпа шабылмай қалды. Мұнын себебін бір жақты ауа – райының қолайсыздығына жаба салуға болмайды, басты себеп ш/қ басшылырының жай басарлығы, күзгі орақ науқанына дұрыс дайындалмауы. Селолық округ аймағында жүргізіліп жатқан өңірлерді дамыту, халықтың әлеуметтік – тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған бағдарламалары біртіндеп жүзеге асырылуда. Оған дәлел ауылымыздағы А.Т. Елюбаев басқаратын «Ынта» шаруа қожалығы бүгінгі күні облысқа танымал асыл тұқымды мал өсіретін репродуктивті шаруашылыққа айналды. Шаруа қожалығының өз күшімен қыстауда қазіргі заман талабына сай мал қорасы, екі қабатты коттедж салынып бітті. Асыл тұқымды мал өсірудегі аздаған тәжірибемізге сүйеніп, бұл бағытта еңбек етудің тиімді екендігін, әрі қомақты табысқа жететіндігімізді өмір өзі көрсетіп отыр. «Ынта» шаруа қожалығы асыл тұқымды мал тұқымын өсіретін репродуктор шаруа қожалығына айналып, ауылдың, ауданның, облыстың және республиканың шаруа қожалықтарына асыл тұқымды малдарын сату жұмыстарын бастап кетті.

Жаз айларында осы шаруа қожалықтарының күшімен 3500 тонна мал азығы дайындалды ( селолық округ бойынша бұл көрсеткіш 4000 тн). Бизнестің 2020 бағдарламасы негізінде селолық округ аймағында жүргізіліп жатқан реформалардың іске асырылу барысына келсек «Сыбаға» бағдарламасы аясында ауылымыздағы «Фариза» шаруа қожалығы 11 миллион 700 мың тенге несие алып, мал сатып алды. Болашақта мал басын көбейтіп ауыл экономикасының нығаюына өз үлесін қоспақшы. Ауылдағы шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына сәйкес ауыл тұрғыны Татамбаева Асем үкіметтен 70 мың тенге шағын несие алып тігіншілік жұмыспен шұғылдануда.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында орта мектеп жанынан балалар алаңы ашылып пайдалануға берілді. Бөлінген қаражат толығымен игерілді. Өткен жылы 30 нүктеге көше жарығы тартылған, келешекте де көше шамдарына деген сұраныс бар.

Сыбайлас жемқорлық жөнінде айтар болсақ ауылымызда кездеспейді деген сенімдеміз, бұл тақырыпқа мемлекеттік мекемелерде, мәдени мекемелерде олардың басшыларымен арнайы әңгімелер өткізіліп тұрады. Құқықтық сананы тәрбиелеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын меңгеруге ерекше назар аударылады. Азаматтардың сыбайлас жемқорлық құбылыстарынан аулақ болуы үшін өздерінің құқықтарын нақты білуі, оларды қорғай алуы, жеке, кәсіби өмірі мен қоғамда сыбайлас жемқорлық әдістерін қолданудан бас тартатын тұрақты моральдық ұстанымен қалыптастыруда мақсатты жұмыс жүргізу көзделуде.

Ендігі жерде ауылымызда қалыптасқан проблемалық мәселелерге тоқтала кетуді жөн көріп тұрмын. Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы малдарын бруцелезден сауықтыру барысында 71 бас ірі қара, 165 бас қой – ешкі, және 5 иттен бруцелез ауруы анықталып, олар тиісті ветеринариялық талаптарға сәйкес шаруашылықтан аластатылды. Жаз бойы халықтың меншігіндегі малдан екі мәрте қан алынды. Осы бір жұмыс мал иелерін шаршатып наразылығын туғызуда. Осы орайда менін негізгі айтайын дегенім мал дәрігерлік қызмет мал басын сауықтыру барысында тек қана қан алумен шектеліп, ауырған малдардын басын жоюмен шұғылданады. Шамалары келсе ауру шыққан мал қораларын дезинфекция жасайды. Биылғы жылдың өзінде 2610 ірі қарадан 2750бас қой ешкіден , 39 иттен қан алынды. Сондықтандағы мал ауырмай тұрып алдын ала профилактикалық шаралар жүргізілу керек. Мәселен бруцелездің алдын – алу жұмыстары. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру өзекті мәселе болып отыр. Осыған байланысты үстіміздегі жылы бірдейлендіруге жататын 930 бас ірі қара 1500 бас қой-ешкі, 200 бас жылқы 100 пайыз бірдейленіп, компьютерлік базаға енгізілді. Мал иелерінен алынатын төлем толық алынып тапсырылды.

Селолық округтың жер көлемі 129 мың гектар бола тұра, халықтың меншігіндегі 1000 бас жылқыға жайылым жер табылмай отыр. Шаруа қожалығының басшыларының көпшілігі орталықта отырып алады дағы пәленбей шақырым жерде жатқан жерлерін қориды. Ауылды отырған шаруа қожалық басшылары жер керек болатын болса келешекте өз жерлерінде отыруы керек . Және өз жерімен қоса манайындағы жерлерді ауызша емденгенді қоятын уақыт жетті. Ондай жағдайда орталықтағы халықтың малы қайда жайылу керек?

Бірер ауыз сөз жылқышылар жайында. Ата бабамыздан келе жатқан тәртіп бойынша жылқы малы шалғайда қостап бағылуы керек. Өздерініз жылқының ішінде болуларыңыз керек. Мотоциклмен жылқы бағылмайды, атқа міңініздер. Жер жоқ емес жер бар, сіздер басқа аудандармен селолық округтермен шектес аймақтарға барып неге бақпайсыздар. Биылғы жылы жылқы арық. Осы айтылғандардан келешекте қорытынды шығарады деп есептеймін.

Келесі бір мәселе ол – ауыз суы. Тартылғанына 3 жылдан астам уақыт болса да халықтың тарапынан әлі де түсінбеушілік көп. Таза су денсаулық кепілі. Солай бола тұра қайсібір тұрғындарымыз ауыз суды колонкадан ішпей үйдегі саяздан тартылған судан ішеді. Ауыз судын ақысын төлегісі келмейтін тұрғындарымыз бар. Ауыз суды үйге кіргізу жөнінде жылда айтамыз. Үстіміздегі жылы бір –екі фирмамен сөйлестік алайда олардың бағасы қымбаттау болып тұр. Алдағы жылы халық үшін тиімді бағамен мұндай фирмалар кезіксе міндетті түрде үйге тартамыз. Бүгінгі жиында Халел Мұқатайұлы сіздің қатысып отырғанынызды пайдалана отырып, биылғы жылғы алған көміріміз нашар, сапасыз , қызуы жоқ екендігін айтқым келіп тұр.

Құрметті жерлестер келесі жылы ауылымыздың құрылғанына 50 жыл толғалы отыр. Бүгінгі жиынға халықтың көп жиналып жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалығының басшыларының қатысып отыруына байланысты сіздерді хабардар етіп осы мерейтойды атап өтуді ұйғарып отырмыз. Осыған байланысты елу жылда – ел жаңа демекші совхоз болып құрылған сонау 1965 жылдан бергі уақытта арада өткен тарихымызды , қол жеткен табыстарымызды осы бастан жинақтап, дайындық жұмыстарын жүргізуіміз керек. Өздерінізде күнделікті естіп біліп жүргендерініздей Қазақ хандығынын құрылғанына 550 жыл толуына орай келесі жылы еліміз бойынша үлкен мәдени шаралар өтпекші.


Құрметті жерлестер!

Енді биылғы жылы атқаратын жұмыстар жөнінде бір ауыз сөз.

1.Ауылда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, «жұмыспен қамту - 2020» жол картасы бағдарламасын кеңінен насихаттау және жүзеге асыру. Осы бағдарлама аясында шағын несиелер алып, жаңадан жұмыс орындарын ашу.

2. Ауыл ішілік жолдарды тегістеу, қиыршық тас төсеу.

3. Ауыз суды үйге кіргізуге жұмыс жасау.



4. Екпе шөп егіп, құнарлы мал азығын дайындайтын инвест жоба ашуға жұмыс жасау.

Құрметті ауылдастар!
Қысқаша жұмыс жоспарымды қорытындылай келе селолық окруігінің әкімшілігі Елбасының жыл сайынғы Жолдауынан туындайтын міндеттерді аудан әкімшілігінің басшылығына сүйене отырып абыроймен орындай береді деп, сіздерді сендіруге рұхсат етіңіздер!
Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет