Құрметті жерлестер! Қадірменді қауым!



жүктеу 28.25 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі28.25 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Құрметті жерлестер!

Қадірменді қауым!
Тәуелсіз мемлекетіміз үшін шығыс күнтізбесіндегі жыл басы – Наурыз мейрамы әрбір жанұяның, әрбір адамның сағына күтетін мерекесі. Өйткені, Наурыз айы туғанда алты ай қаһарын төккен қыс та ығысып, көктемге орын береді. Жер Ана бусанып, көктемгі Күн нұрынан жылу алған барша тіршілік атаулыға жан бітеді. Ата-бабамыз Наурызды үлкен үміт, үлкен тілекпен, ақ батамен қарсы алған. Бір-біріне жақсы тілек айтып, Жаңа жылда еліне, жеріне береке-бірлік, ынтымақ, мол ырыс тілеген.

Жылсайынғы дәстүр бойынша Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жариялап, еліміздің толыққанды дамуының негізгі бағыттарын анықтап берді. Онда негізінен отандастарымыздың іргелі ел болу үшін негізгі 7 бағытқа ерекше мән беру қажеттігі және еліміздің индустриялық дамуы мен қарапайым халыққа деген үлкен әлеуметтік қамқорлықтар жайы кеңінен айтылды. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың таяуда болған партияның XVI съезінде сөйлеген сөзінде Тәуелсіздік жылдары еліміз Ұлы жолды жүріп өткендігін, еліміз әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енгендігін атап өтті. Ішкі жалпы өнім 20 есе өсіп, 2014 жылы жан басына шаққанда 13 мың долларды құрады. Бүгінде еліміз «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты – әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына енуге қол жеткізу жолында жұмыс жүргізу қажеттігін айтып, «Нұр Отан» партиясының 7 қол жеткен жетістіктеріне тоқталды.



Біріншіден, ішкі жалпы өнім көлемі орта есеппен жыл сайын 5,7 пайызға өсіп отырды. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың бірінші бесжылдық жоспары аяқталды.

Екіншіден, аграрлық сектор даму үшін қуатты серпін алды.

Үшіншіден, инфрақұрылымдық салаларда үлкен өзгерістер болды.

Төртіншіден, шағын және орта бизнес дамып келеді.

Бесіншіден, Қазақстан әлеуметтік жаңғыру жолына бет бұрды. 2010 жылдан бері халықтың табыстары 43 пайызға, ал айлық еңбекақы 130 мың теңгеге жақындап, 64 пайызға өсті. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 1,4 есеге, ең төменгі зейнетақы 1,8 есеге өсті.

Алтыншыдан, 4 жыл ішінде ауқымды әкімшілік реформа жүргізілді. Мемлекеттік аппарат реформаланып, Үкіметтің функцияларының 60 пайызы министрліктер мен әкімдіктер деңгейіне берілді. Министрліктер саны 17-ден 12-ге дейін оңтайландырылды. 9 агенттік қысқартылып, комитеттер ретінде министрліктер құрамына берілді. Аудандық маңыздағы қалалар әкімдерінің, сондай-ақ селолық әкімдердің сайланбалылығы енгізілді. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесінде терең реформалар жүруде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң күрес жүргізілуде. Конфессияаралық келісім мен тыныштықтың арқаулық негізі ретінде мемлекеттің зайырлылық сипаты нығайтылды.

Жетіншіден, елдің халықаралық беделі нығайды.

Бұл, жетістіктер біріншіден ел Тәуелсіздігінің тұғырланып, экономикасының нығая түскендігінің айқын дәлелі болса, екіншіден, қазақ халқының көкке еркін өрлегенін, ұлттық рухы өлмегенін, ұлтымыздың қанында, ұрпағымыздың жадында намыс отының алаулай беретіндігін көрсетеді. Ендігі мақсат барша халық болып алған асуларымызды баянды ету жолында еңбек етіп, елдігіміздің нығайып, әрбір ұлт пен ұлыстың ынтымағын, береке-бірлігін сақтау, ел өркениеті үшін өлшеусіз үлес қосу болмақ.



Ардақты ағайын! Бүгін көктем мерекесі, табиғат мейрамы. Ақ ниет, ақ тілек тілейтін қасиетті Наурыз мерекесімен барша жұртшылықты шын жүректен құттықтаймын. Халқымызда «Саусақ бөлек болғанмен білек бір, тіршілік бөлек болғанмен тілек бір» деген дана сөз бар. Ендеше, мемлекет құру жолындағы тілегіміз бір болсын. Тәуелсіздігіміз нығайып, елімізде әрқашан бейбітшілік, ынтымақ болсын!

Құрметті жерлестер! 2015 жылдың 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына біркісідей қатысып, дұрыс таңдау жасауға шақырамыз және дұрыс шешім жасайтындарыңызға сенеміз.










©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет