Құрметті жерлестер! Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2050»



жүктеу 422.67 Kb.
бет1/3
Дата02.04.2016
өлшемі422.67 Kb.
  1   2   3
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Ке дей3н бер дегенАбай ауданының әкімі Еркебұлан Ертихалұлы Нашаровтың

жергілікті атқарушы органдардың 2012 жылы атқарған

жұмыстарының қорытындылары туралы есебі
Құрметті жерлестер!

Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы егеменді Қазақстанның тарихында дамудың жаңа бағытын белгіледі. Ел көшбасшысының Жолдауы – бұл мемлекет пен қоғамның жаңа ауықымды даму стратегиясы, сонымен қоса толық және нақты әрекеттің жоспары.

Бұл стратегиялық құжатта мемлекет Басшысы жаңа басымдықтар ұсынды, мемлекет пен қоғам дамуының жаңа бағытын анықтады, едәуір жоғары және ұзақ мерзімді жалпы ұлттық міндеттерді қағидалы түрде белгіледі.

Болжамды жоспарларды жүзеге асыру азаматтардың әлеуметтік қауіпсіздігі мен әл-ауқатын бұдан әрі жоғарлатуына, еліміздің бірлігіне және қоғамдық келісімнің сақтаулуы мен нығайтылуына жол ашады. Елбасымыздың стратегиясы әрбір қазақстандыққа ертеңгі күнге сенімділікпен қарауға кепілдік береді.

Біз, Абай ауданының тұрғындары ұлт көшбасшысының жаңа стратегиялық бастамасын қолдай отыра белгіленген жоспарларды жүзеге асыруда және алдымызға қойылған ауқымды міндеттерді орындауда қатысуға дайын екенімізді толық сеніммен айта аламыз.

Абай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы орнықты және серпінді сипатқа ие. Бұл экономикалық өсу мен тұрғындардың әл-ауқаты деңгейінің арттыруын қамтамасыз ету бойынша шаралардың қолдану арқасында мүмкін болды. Осылайша, өнеркәсіпте 100,9% өнімнің шығарылуы жоғарлағаны белгіленді. Негізгі капиталға инвестицияның көлемі 5 млрд. 902 млн.теңгені құрады; орындалғаны 105,4% құрады.

Ауданымыздың экономикалық дамуына кіші және орта бизнес субъектілері салмақты үлес қосады, олардың саны былтырғы жылға қарағанда 30 бірлікке көбейді; осыған сәйкес кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 1,3% көбейді және 5069 адамды құрады. Шығарылған өнім мен қызмет көлемі 7,1% өсті.

Қазақстандық қоғамның маңызды беталысының бірі әлеуметтік-экономикалық дамуға көңіл бөлуі болды. Әлеуметтік саланың негіздеп нығаюы оң нәтиже береді, икемді және тексерілген саясат азаматтардың өмір сапасын анықтап қана қоймай әлемдік экономиканың сипатына тән экономикалық катаклизмдерді жеңіл түрде бастан кешіруге ықпал етеді. Еліміздің Конституциясында бекітілген әлеуметтік кепілдіктерін жүзеге асыруда халықты әлеуметтік қамту ерекше орын алады.

2012 жылы Абай ауланының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөліміне 2380 адам жұмысқа тұру мәселесі бойынша өтініш білдірді.

2012 жылға 1800 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын, нақты 2276 адам жұмыспен қамтылды, бұл 126,4% құрайды.

Қоғамдық жұмысқа 517 адам жолданды, бұл 103,4% құрайды.

Әлеуметтік жұмыс орнына жолдау жоспар бойынша 30 адам, нақты 34 адам жолданды, бұл 113,3% құрайды.

2012 жылы кәсіптік білім алуға және қайта оқуға 209 адам жолданды, бұл жоспардан 130,6% құрайды. Жұмыссыздардың кәсіптік білім алуы Топар кентінің №8 Кәсіптік Лицейінде, «Отан» Абай аудандық кәсіптік техникалық оқу орталығы ЖММ өтті. Ауыл аймақтарындағы тұрғындарға оқу тұрғылықты жерде жүргізілді.

16 жастан 29 жасқа дейінгі жастардан 1031 адам жұмысқа тұрғызылды, бұл жоспардан 150% құрайды.

01.01.2013 жылға есепте 97 аз қамтылған отбасы тіркелген, мұнда 393 адам тұрады.

Мемлекеттік емес көздерден 4млн. 422 мың теңге сомасын құрайтын атаулы әлеуметтік көмек көрсетлді.

01.01.2013 жылға мемлекеттік емес көздерден қолданылатын әлеуметтік көмектің 11 түрі бар. Әлеуметтік көмек 100% қамтылды, әлеуметтік көмек мөлшері бір адамға 24701 теңгені құрайды. Жеке кәсіпкерлермен 15 қайырымдылық акциялар жүргізілді, онда 74 аз қамтылған азаматтарға 283 мың теңгені құрайтын сомаға көмек көрсетілді.

«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мақсатында 01.01.2013ж. 5 млн.261 мың теңгені құрайтын сомаға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек 100 отбасына тағайындалды, мұнда алатындардың саны - 366 адам.

«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мақсатында 01.01.2013ж. 5 млн.381 мың теңгені құрайтын сомаға 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы 225 отбасына тағайындалды, мұнда алатындар саны – 504 бала.

Тұрғын үй көмегін тағайындағандылып берілгенде бөлім мамандары 2012 жылғы 8 маусымда аудандық мәслихаттың 6-шы кезектен тыс сессиясының №6/59 «Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау Ережесін бекіту туралы» шешiмімен бекітілген Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін беру Ережесін басшылыққа алады. 01.01.2013ж. 2 млн. 356 мың теңгені құрайтын сомаға тұрғын үй көмегі 209 отбасына тағайындалды, мұнда 316 адам.

Біздің ауданымызда 2317 мүгедектер тұрады, 2011 жылы әлеуметтік, кәсіптік және медициналық оңалту бойынша шараларды өткізуге аудандық бюджеттен 29 млн. 545 мың теңге бөлінді, ал 2012 жылы бұл 34 млн. 392 мың теңге сомасын құрады, өсім 14,1% құрады. Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектер техникалық көмекші (компенсаторлы) құрал-жабдықтарымен, протезді-ортопедиялық көмекпен, санаторлы-курорттық емделумен, кресло-коляскалармен, жеке гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің қызметімен, ым тілінің мамандары қызметімен және т.б.қызметтермен қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің жұмыскерлерімен 78 мүмкіндігі шектеулі балаға үйде қызмет көрсетілді. Балалармен әр-түрлі тренингтер, тіл дамыту бойынша жаттығулар, моторика сабағы, көңіл көтеретін шаралар, циркке, хайуанаттар бағына бару саяхаттары өтеді. Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты жалғыз қалған жасы үлкен қарияларға ерекше көңіл бөлінеді. Әлеуметтік көмектің 4 бөлімінде 330 жалғыз басты қариялар мен мүгедектерге арнайы үйдегі әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Жұмыскерлердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында 2012 жылы аудан әкімі мен кәсіподақ ұйымдары (жұмыскерлер), кәсіпкерлер ассоциациясы, ауданның жұмыс берушілері арасында 2012-2014 жылдарға әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша Келісімге қол қойды.

Аталған Келісімді жүзеге асыру шеңберінде әлеуметтік серіктестігін дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен, 2012 жылдың соңында жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың жалпы санына ұжымдық шарты бар кәсіпорындар 92,8% құрады. Жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасындағы жасасқан ұжымдық шарттар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.



Былтырғы жылы біз «Жұмыспен қамту - 2020» Бағдарламасын іске асыруға белсенді түрде кірістік. Оның жүзеге асырылуының бас кезінде 600 тұрғын қамтылды.

2012 жылы бағдарламаның жүзеге асырылуына республикалық бюджеттен 208,76 млн.теңге бөлінді.



Жұмыспен қамтудың бірінші бағыты бойынша: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен қамтуға 13,3 млн.теңге бөлінді.

  1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 5 млн.теңге бөлінді. 20 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды, 22 адам ауысу есебімен жолданды.

  2. Жастар практикасын өту үшін жұмыс орнын құруға 3,8 млн.теңге бөлінді. Ауданымыздың 12 кәсіпорны мен ұйымдарында 20 адам «жастар практикасына» жұмысқа тұрды. 22 адам ауысу есебімен жолданды.

  3. «Ауыл шаруашылық өндірісінің тракторист-машинисі» мамандығы бойынша 20 адам Топар кентінің №8 Кәсіптік Лицейінде оқып шықты. Оқытылып «Астро-Агро» ЖШС жұмысқа тұруға жолданды.

Екінші бағытты жүзеге асыруға: кәсіпкерлікті дамытуға көмектесуге 82,4 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

  • Кредит беру үшін 43 адамға – 65,0 млн.теңге

  • Кәсіпкерлік негізін оқытуды ұйымдастыруға 43 адамға республикалық бюджеттен 2,36 млн.теңге сомасын құрайтын қаражат бөлінді. Олардың барлығы оқуды аяқтады.

Бағдарламаның екінші бағытына қатысу үшін жұмыспен қамту Орталығына 52 бизнес-өтініштер келіп түсті, оның ішінде 46 іріктеліп алынды, соның ішінде бағыттар бойынша: мал шаруашылығы – 30 адам (65,2%), өсімдік шаруашылығы – 4 адам (8,6%), қызмет көрсету – 8 адам (17,5%), одан басқа қызмет түрлері – 4 адам (8,7%). Барлық жұмыстар үшін «Euro-business» МКҰ. Оның ішінде: жеке жұмыс ашу үшін – 15 адам, кеңейту үшін – 31 адам.

«Жұмыспен қамту – 2020 Бағдарламасының» үшінші бағыты бойынша: 2012 жылға еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға 19,7 млн.теңге бөлінді.

Қаражат 6 жеке тұрғын үй құрылысының аяқталуына, бір көппәтерлі тұрғын үйді қалпына келтіруіне және 253 адамнан тұратын 93 отбасыны көшіру үшін қаражаты төлеуге бағдарламаның үшінші бағытының шеңберінде жоспарланған болатын. Әлеуетті көшіп келетін адамдардың тізімі жасалды, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары ғана емес, оларды жұмыспен қамту жұмыстары да жүргізілді. Ауданымыздың 10 елді мекендерінен экономикалық өсу орталығы – Абай қаласына 93 отбасы көшірілді. 93 отбасы басшылары мен 73 мүшелері еңбекпен қамтылды.



Бағдарламаның «Ауылдық елді мекендерді дамыту» төртінші бағыты бойынша 6 жобаны жүзеге асыру үшін 93 млн. 400 мың теңге бөлінді.

Бірінші жоба – білім беру: Қарабас к. №15 ОМ ағымдағы жөндеуден өткізуге 7 млн.теңге бөлінді, жұмыс орындары құрылды – 7, Бағдарламаға қатысушылар саны – 3.

Екінші жоба – тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы:


  • Қарабас к. электр желілерінің ағымдағы жөндеуіне 12 млн. 600,0 мың теңге жұмсалды. Жұмыс орындарының саны – 13, бағдарламаға қатысушылар саны - 6

  • Қарабас к. канализация желілерінің ағымдағы жөндеуіне 20 млн.612,0 мың жұмсалды. Жұмыс орындарының саны – 21, бағдарлама қатысушыларының саны - 10

  • Южный к. су құбырларының ағымдағы жөндеуіне 8 млн. 500, 0 теңге жұмсалды. Жұмыс орындарының саны – 8, бағдарламаға қатысушылар саны - 4

  • Южный к. жылу тораптарының ағымдағы жөндеуіне 19 млн. 200, 0 теңге жұмсалды. Жұмыс орындарының саны – 19, бағдарлама ға қатысушылар саны - 9

  • Көксу а. ауыл ішіндегі жолдарының орташа жөндеуіне 25 млн. 497, 0 теңге жұмсалды. Жұмыс орындарының саны – 25, бағдарлама ға қатысушылар саны – 12.


2013 жылға жоспарланды.
Жұмыспен қамту – 2020 Бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 20 адам кәсіптік білім алу үшін «Ауыл шаруашылық өндірісінің тракторист-машинисі» мамандығы бойынша 2 млн. 897 мың теңге бөлінді.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 4 млн. 311 мың теңге бөлінді, қатысушылар саны 20 адам.

Жастар практикасын ұйымдастыру үшін 3 млн. 573 мың теңге бөлінді, қатысушылар саны 20 адам.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 30 млн.теңге бөлінді, 15 қатысушыға несие беру үшін тапсырыс жіберілді.

Төртінші бағыт бойынша 44 жұмыссызды жұмысқа тұрғызуымен 10 жобаны жүзеге асыру үшін 98 млн.211 мың теңге бөлінді.

2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясының мақсаты әлемнің 30 дамыған елдер қатарына Қазақстанның енуі. Осы мақсатқа республиканы негізінен қазіргі жастардан тұратын жоғары білімді қоғам апарады. Адам капиталы дамуының маңызды саласы ұлт Көшбасшысының саясатында еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап ерекше белгіленіп жіті назарда тұрады. Бәсекелестік қабілеті бар мемлекет болу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек. Қазіргі уақытта жеке адамның сауаттылығы жеткіліксіз. Біздің балаларымыздың, жалпы өсіп келе жатқан ұрпақтың функционалды сауаттылығына үлкен назар аудару керек. Ол біздің балаларымыздың қазіргі өмірге бейімделуіне өте қажет. Барлығына қол жетімді дистанциялық оқыту мен он-лайн тәртібінде оқытуды жаңарту әдістерін, шешімдерін және құралдарын қарқынды түрде отандық білім жүйесіне енгізу керек.

Абай ауданының білім беру жүйесі білімнің барлық деңгейдегі дамуының нық жұмыс жасауы мен міндеттерін шешуге әрекет ететін керекті ресурстық базамен қамтылған. 2012 жылы Абай ауданының білім беруіне жергілікті және республикалық бюджеттен 1 млрд. 935 млн. 574 мың теңге бөлінген. 2013 жылға білім беру, дене шынықтыру және спорт бөліміне бекітілген бюджет 2 млрд. 057 млн. 066 мың теңгені құрайды, бұл аудандық бюджеттің жалпы шығынының 47% құрайды.

2012 жылы материалдық-техникалық базаны нығайту үшін жергілікті бюджеттен 49 млн. 81 мың теңге, республикалық бюджеттен 17 млн.397 мың теңге бөлінді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде шағын-орталық және «мектеп-балабақша» кешендері сынды мектепке дейінгі мекемелер жүйесін кеңейту және мектепке дейінгі тәрбиенің азшығынды үлгісін дамыту бойынша мақсатты түрде бағытталған жұмыстар өтуде. Қазіргі күнде 20 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеуде, оның ішінде 8 балабақша, 8 «мектеп-балабақша» кешендері және жалпы білім беретін мектеп жанындағы 4 шағын-орталығы. Былтырғы оқу жылының басында Вольный кентіндегі №4 ОМ 50 орынға шағын-орталық есігін айқара ашты. Ауданымызда 32 жалпы білім беретін мектеп бар, 4 кешкі жалпы білім беретін мектеп, жалпы 7450 адамды қамтитын 2 мектептен тыс мекемелер. Мектептер ұсынған білім беру қызметінің объективті сапа көрсеткіштері оқушылардың қорытынды аттестаттауы болып табылады. 2012 жылы 3642 оқушы оқу жылын «үздік» және «жақсы» бітірді. Білім беру ұйымдарымен түлектерге терең және мықты білімді қамтитын, оқушылардың білім сапасының жоғарлауына бағытталған тұрақты түрде жұмыс жүргізіледі. Осылай, 2012 жылғы БҰТ қорытындысы бойынша облыстың ауылдық аймақтары арасында біздің аудан бірінші орынға ие болды, ал Абай қаласы Қарағанды облысы қалалары ішінде алға шықты. «Алтын белгі» омырауға тағатын белгі иегерлері 7 адам болды, 3 түлек үздік аттестат алды. Қазаргі күнде ауданымыздың көп түлектері Қазақстан, Ресей, және басқа да елдердің ЖОО білімін жалғастыруда. Барлығы ЖОО 180 түлек оқуға түсті, бұл жалпы санның 88% құрайды. 97 түлек грантқа ие болды. Мұндай нәтижелер педагогикалық ұжымдардың жоспарлылық жүйелі жұмыстары, әр оқушыға жеке көзқарас танытудың қамтамасыз етілуі мен педагогтың өзінің еңбегіне деген нәтижесіне жоғары деңгейдегі арнай жауапкершілігінің арқасында болды.

Ауданымыздың білім беру жүйесінің жаңғыруын құрайтын құрамдас бөлік 2015 жылы 12-жылдық оқу жүйесіне көшу болып табылады. Ауданымызда 12-жылдық мектеп жұмысын ұйымдастыру бойынша белгілі тәжірибе жинақталған. 2003 жылдан бастап №14 мектеп-лицей республикалық экперименталды алаңдар тізіміне жатады. Қала және ауыл мектептері арасындағы оқу сапасының алшақтығын мақсатты түрде төмендету бойынша жұмыстар жүргізіледі. Былтырғы жылы алдыңғы қатарлы елдерде жақсы дамып келе жатқан, оқудың қағидалы жаңа түрі, - электрондық e-learning игерілуі басталып кетті. Белгілеп кетуге болады, сыналатын жобаға қатысатын облыстың 17 білім беру ұйымдарының қатарын Қарабас кентіндегі «Қуаныш» мектеп-балабақшасы енді. 2012-2013 оқу жылында электрондық оқу Абай қаласының «Таңшолпан» мектеп-балабақша кешенінде игеріледі. Мұнда жаңа электрондық білім ресурстарын қалыптастыру маңызды мәселе болып табылады. Білім сапасын жоғарлатуға басқа да жаңартпалар бағытталған. Мемлекет Басшысының тапсырмасын жүзеге асыру бойынша тілдердің үштұғырлылығын игеруі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік тілді меңгеруге басым көзқарас танытылған. 21 мектепте ағылшын тілі 1 сыныптан игерілуде. Аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасын ңығайту үшін 2013 жылы 5 білім объектілеріне - №14 мектеп-лицейіне, №10 мектеп-гимназиясына, №5 мектеп-гимназиясына, №12 орта мектепке, Топар кентіндегі Б.Момышұлы атындағы орта мектепке интерактивті жабдықты (цифрлық подиум және LCD панелі) алуға 17 млн. 500 мың теңге бөлінді. 9 білім объектілеріне «Білім ал» бағдарламасы бойынша жобаны игеру мақсатында жабдықты алу үшін 3 млн. 500 теңге бөлінді. Аудан мектептеріндегі компьютерлік паркті жаңарту үшін 3 млн. 900 мың теңге бөлінді. Жалпы оқу қорына бөлінген сома қаражаты 31 млн. 167 мың теңгені құрады.

Аудандық бюджет қаражатынан Самарка ауылы орта мектебінің ағымдағы жөндеуіне 7 млн. теңге және Абай қаласының «Таңшолпан» мектеп-балабақша кешенін жөндеуге 6 млн. 348 мың теңге бөлінді. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының төртінші бағыты бойынша республикалық бюджет қаражатынан Юбилейное ауылындағы «Мерей» мектеп-балабақша кешенінің ағымдағы жөндеуіне 20 млн. теңге бөлінді.

Жолдауда көрсетілген оқу процесінің тәрбиелік құрамдас бөлігі туралы Елбасының тапсырмасы негізгі өзекті бағыттарының бір болып табылады. Патриоттық, азаматтық тәрбие, экстремизмге қарсы әрекет – мұның бәрін жас ұрпақтын санасына, жүрегіне жеткізе білу керек. Бұл оңай жұмыс емес. Білімі беру мекемелерінің тәрбие жұмыстарында қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Патриоттық тәрбие ісінде «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар және жасөспірімдер ұйымдары үлкен жұмыс атқарады, біз жас қазақстандық ұрпаққа ерекше үміт артамыз. Жыл сайын өтетін «Ұлан» әсери-спорттық ойынында үлкен әскери-патриоттық әлеуеті бар.

2011 жылдан бастап ауданымызда Қарағанды облысының балалар құқығын қорғау бойынша Департаментінің қолдауымен балалардың өмір сапасының жақсартылуына бағытталған «Балаларға достықпен қарайтын қала» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде балалар мәслихаты құрылды, оның бастамасымен «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» акциясы өткізілді. Сонымен қатар жоба шеңберінде Топар кентінде «Мен өмірді таңдаймын!» атты акция өткізілді, оған 600 адам қатысты. Акцияның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында ЖИТСті, нашақорлықты, шылым шегуді таратуға қарсы күрес пен олардың алдын алу.

Балалардың жеке дамуы мен тәрбиесінде қосымша білім алу жүйесі маңызды рөл атқарады. Балалардың бос уақытын ұйымдастыруда ауданымызда 2 мектептен тыс ұйым бар, мұнда 427 бала сабақ алуда 200 астам мүдделестер клубтары бар, 65% оқушыны қамтитын 75 спорт секкциялары бар. Олардың қызметі дамыған тұлғаның ақыл-парасатын қалыптастыруға, дарынды балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған.



Әлеуметтік жаңғырту мен азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы – мемлекеттің алдағы жылдардағы ең маңызды міндеті. Бұл міндеттің орындалуының шешімі - қоғам өміріндегі әлем стандарттарының деңгейіне шынайы жету. Өмір сапасының қазақстандық стандартының қалыптасуында денсаулық сақтаудың дамуы маңызды рөл атқарады. Шамамен, медициналық қызметінің барлық көлемінің 80% жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

Медициналық көмек көрсету жүйесінің маңызды буыны алдын алу қызметінің негізі бар бастапқы медициналық-санитарлық көмек болып табылады. Осылай, «Абай ауданының орталық аудандық емханасы» КМК ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді. Аудандық емхана құрамында: 84 койкалы стационар, 138 келімге поликлиника, 4 ОДА, 7 ФАО, 17 медорталық. 2011 жылы емхана республикамыздағы жүз үздік емханалар қатарында болды, емхана базасында облыстың барлық аудандарының басқа ұйым жетекшілеріне, сонымен қатар басқа облыс мекемелері жетекшілеріне оқыту жүргізілді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің тапсырмасы бойынша кәсіпорын денсаулық сақтаудын Біріңғай ақпараттық жүйесін игеру бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Абай қаласының және оған тиісті кенттің тұрғындарына медициналық көмекті «Абай қаласының орталық емханасы» КМК көрсетеді, оның құрамына 125 көп профилді койкасы бар стационар, 20 мамандық бойынша қабылдау жүргізілетін бір ауысымға 525 келімді поликлиника, функционалды диагностика бөлімі және т.б енеді. Отбасылық денсаулық Орталығы, жастар денсаулығының Орталығы ұйымы мен алдын алу бөлімі бөлінген амбулаторлық-емханалық қызметтің қайта құрылуы өндірілді. Халыққа медициналық қызмет аудан тұрғындарына шекті көлемде, яғни медициналық қызметтің әрбір түріне мемлекеттік тапсырыс бөлінген.

Қазіргі таңда бізде ерте қалыпқа келтіру емі мен медициналық оңалту технологиялары игерілген. Ауруды алдын-ала ерте қалыпқа келтіруін анықтау бойынша, алдын ала қаралу жұмыстарын орындау бойынша тұрғындардың мақсатты топтарына скрининг кешенді бағдарламалары игерілді, бұл ерте кезеңде ауруды анықтап тұрғындарға емдеу жүргізуге жол ашты. Денсаулық сақтаудын мақсатты индикаторларына сәйкес өткізілген шаралар нәтижесінде былтырғы жылы 8,8% бала туу көбейді, жас бала өлімі 4,3 көрсетеді, бұл облыстық деңгейден төмен 19,1; түберкүлезбен ауруының деңгейі 65% құрады. Бірнеше жылдар ішінде ана өлімі жағдайлары болмаған. Онкологиялық көмекті жақсарту шеңберінде зиянкесті жаңа ісіктері ерте анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Нәтижесінде онкологиялық ауру 5,6% азайды; 28 % онкоасқыну азайды.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының медицинаға қатысты бөлімі «Ұлт денсаулығы – біздің жемісті болашағымыздың негізі» деп тегін аталмаған. Бұл болашақ, біздің әрқайсымыздың денсаулығымызға тікелей байланысты. Сондықтан, басымдықтардың негізгі қатарында медициналық қызметтің сапалылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету ең бірінші болып аталған. Біздің емдеу мекемелері аудан тұрғындарына сапалы да қолжетімді медициналық көмекті кеңейтуге үлкен назар аударады. Материалдық-техникалық база нығайтылуда, қазіргі заманға сай жабдықтар мен медициналық қызметке керек заттармен жабдықталды. Осылайша, денсаулық сақтау ұйымары 57 млн. 60 мың теңге сомасына медициналық жабдықтармен қамтылды. Дәрілік қамтуға бюджеттен бөлінген қаражат едәуір өсті, бұл сома 65 млн. 697 мың теңгені құрады, оның ішінде тегін негіздегі дәрілерді алу үшін 46 млн. 959 мың теңге бөлінді.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының төртінші бағыты «Ауылдық елді мекендерді дамыту» бойынша республикалық бюджет қаражатынан 5 ауылдық елді мекендердегі денсаулық сақтау объектілеріне жөндеу жұмыстарын жүрізу үшін 24 млн. 827 мың теңге сомасы бөлінді: Южный к. 7 млн. 827,0 мың теңге, Құлайғыр а. 7 млн. теңге, Жаман-Жол а. 1 млн. теңге, Агрогородок а. 7 млн.теңге, Есенгелді а. 1 млн.теңге.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында дене шынықтыру мен спортқа ерекше назар ударған. Бұқаралық спортты дамыту үшін ауданымызда қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Ауданымызда дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 95 спорт ғимараты бар: Спорт кешені (БЖСМ), Абай қаласында стадион, 29 спорт залдары. 2012 жылы тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту мақсатында Абай қаласында, Топар кентінде және Көксу ауылында көпфункционалды алаң салынды. Абай қаласындағы «Таңшолпан» мектеп-балабақша кешенінде бассейн қалпына келтірілді. 2013 жылы «Бөбек» балабақшасында мүмкіндігі шектеулі балаларға қазаіргі заманға сай бассейннің ашылуы, Құрма аулында және Южный кентінде көп функционалды алаңның құрылысы жоспарлануда.

Ауданымыздың мәдени-бос уақыт өткізу мекемелері бекітілген «Абай ауданының мәдениет саласын дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына», «Абай ауданының мәдениет саласын дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасына» сәйкес жұмыстарын жалғастырды.

Ауданымыздың мәдени өмірінде мемлекеттік, кәсіптік мерекелерге, халықтық мерекелерге арналған айтулы оқиғалар болды. Патриоттық тәрбие мен рухани келісімді адамның жанына ұялататын шараларға ерекше назар аударылды. Осылайша, аданымыздың тұрғындарының белсенді қатысуымен «Әскери борыш – Отанды қорғау» 2012 жылғы әскерге шақырылушыларды шығарып салуға арналған мереке өтті.

Кәсіби мерекелерге арналған бірқатар шаралар аудандық маңызы бар деңгейде өтті. 15 маусымда аудандық мәдениет Үйінде «Мәңгілік ерлік – сіздерге лайық» медициналық қызметкерлерге арналған мерекелік бағдарлама, 23 маусымда – қазақстандық полицияның 20-жылдығына арналған мерекелік концерт. «Қамбадағы егін, жасасын! Дастархандағы нан жасасын!» мерекелік шарада ауылшаруашылық өндірістің ардагерлері, үздік жұмыскерлері марапатталды.

Аудандық мәдениет үйінің жұмысында ауданымыздың атақты адамдарын марапаттау маңызды болып табылады. Осылай, қазан айында қариялар кеңесінің төрағасы Н.М.Дудкиннің 80-жылдық мерейтойына арналған шара ұйымдастырылды.

Ауданымыздың мәдени-бос уақыт ұйымдастыру мекемелері 2199 іс-шара өткізді, оның ішінде аудандық маңызы бар деңгейде – 1102, 10-нан астамы түрлі жанрлы аудандық конкурстар мен фестивальдар. Отбасылық саясатты нығайту, қоғамдық және мәдени қызметтің белсенді өміріне тарту шеңберінде ауданымыздың бірқатар отбасылары Халықаралық отбасы күніне арналған шығармашылық фестивальға қатысты.

Абай ауданының мәдени-бос уақыт өткізуінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында аудандық мәдениет Үйіне 2 млн. 248 теңге сомасына музыкалық аппаратура, 145 мың теңге сомасына цифрлық фотоаппарат, 1 млн. 135 мың теңге сомасына сахналық киімдердің жөндеуі жүргізілді.

Жартас а., Агрогородок а.ауылдық мәдениет клубына 856 мың теңге сомасына музыкалық аппаратураның жинағы алынды.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында «Русалица славяндық орталығы» және украиндық «Хвалинка» қоғамдық этномәдени бірлестіктері Қарағанды облысы әкімінің, облыстық Қазақстан халықтары Ассамлеясы төрағасының грантын иеленді.

2012жылы біздің ауданымызда кітапханалық-ақпараттық қызмет әрі қарай дамып жетілдірілді, бұл қызметті 16 мемлекеттік кітапхана көрсетеді.

Абай ОКЖ есепті жылында ақпараттық, мәдени-ағартушылық орталығының рөлін белсенді түрде орындады, мақсатты жобалар мен бағдарламалар бойынша жұмыс жасады. 2012 жылы ОКЖ кітапханалары 20 000 астам оқырманға қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық қызметті пайдаланушылар – 3500. Кітап берілімі 430 000 кітапты құрады. Келушілер саны – 210 000.

Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына қатысу барлық кітапханалардың дәстүріне айналды.

Орталық кітапхана Абай Құнанабаевтің ескерткішінің алдында мәдениет үйінің қызметкерлерінің, мұғалімдердің, мектеп оқушыларының, ЖОО студенттерінің қатысуымен «Абайдың ұлы мұрасы» атты абай оқуларын өткізді.

Абай ОКЖ кітапханалары облыстық конкурстарға, жастар арасында өткен дарындылардың республикалық виртуалды конкурсына белсене қатысты.

Ішкі саясат саласында қоғамда ішкі саяси тұрақтылықты сақтауға ерекше мән беріледі. Ол үшін біз қажетті әлеуетке иеміз. Қазіргі күнде ауданымызда 12 үкімметік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының, «Болашақ» жастар қозғалысының республикалық ұйымының өкілдіктері тіркелген, сонымен қатар тіркелмеген ауған-әскерлерінің Одағы бірлестігі қызмет жасауда. 7 кәсіподақ ұйымы білім беру, денсаулық сақтау, көмір, энергетика өнеркәсібінің, қайта өңдеу өнеркәсібінің мүдделерін қорғайды.

Есепті жылда ҮЕҰ саласына 1 млн. 800 мың теңгені құрайтын қаржландыру жүргізілді. Осы қаражатқа мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 4 жоба жүзеге асырылды:



  • Жас отау құрған отбасыларды отбысылық өмірге психологиялық дайындық;

  • Мамандарды гендерлік оқыту;

  • Кәсіпкерлік қызмет бойынша ауыл жастары арасында жұмыстар ұйымдастыру;

  • «Балаларға достықпен қарайтын қала» жобасының бастапқы кезеңін жүзеге асыру.

Алғашқы екі жоба Панасиди О.Ю. басқарып отырған «Позитивті даму» жеке меншік мекемесімен жүзеге асырылды.

Аудандық кәсіпкерлер Ассоциациясының (Перегон Н.С.) көмегімен жаңа деңгейде жастар арасында бизнес-жобалардың дайындық жұмыстары жүргізілді. Қорытынды бойынша, облыстық комиссияға ұсынылған 8 жоба ішінде біздің 4 жобамыз 750 мың теңге сомасын құрайтын облыс әкімінің Грантына ие болды, 3 жас кәсіпкерлер 400 мың теңге сомасын құрайтын аудан әкімінің Грантына ие болды. Тұңғыш рет ағымды жылда осы жоба шеңберінде ұжымы жастардан құралған кәсіпкер аудан әкімінің арнайы Грантына ие болды.

2013 жылға аудандық бюджеттен әлеуметтік жобаларды іске асыруға 4 млн. 690 мың теңге бөлінді.

Аудан аумағында қайта тіркеуге дейін 35 діни бірлестіктері тіркеліп қызмет жасады. Қазіргі таңда қайта тіркелуден кейін ресми түрде 26 діни бірлестік қызмет жасайды. Оның ішінде Қазақстанға дәстүрлі діни конфессиялар бар, атап айтсақ: ислам мен христиан (православия және католицизм), Қазақстан үшін дәстүрлі емес протестандық конфессияға жататын 21 діни бірлестік қызмет жасауда. Атқарушы және құқық қорғау органдарының жұмыстарын үйлестіру мақсатында діни экстремизммен күрес бойынша ауданда прокуратура, ҰҚКД, АІІБ өкілдерінің қатысуымен алдын алу мәселелері жайында өзара іс-қимыл бойынша жұмыс тобы құрылды. Есепті жылы жергілікті діни жағдайлар бойынша жеке ауыл әкімдерінің есептері тыңдалып қарастырылған 1 кеңес өтті.

2011 жылы тұрғындардың әр-түрлі категориясына (оқушы жастар, ата-аналар қоғамы, білім беру, құқық қорғау саласының жұмыскерлері) тақырыптық семинарлар циклы жүргізілді. Семинарларды бөлім Қарағанды қ. «Діни-психологиялық-құқықтық Кеңес Орталығымен» (МырзахметовД.Б., Мерзляков Н.В.) бірлесе отырып, дәстүрлі діндер өкілдерінің қатысуымен: Абай ауданының имамы, Абай шіркеу округінің игілік шендісі өткізді. Семинарларды өткізуге жергілікті бюджеттен 600 мың теңге бөлінді. 2012 жылы барлығы 5 семинар ұйымдастырылды.

Мәселелі міндеттерді меңгеру үшін жыл сайын ауыл және кенттік округтарының мешіттеріне барып отырамыз, бару қорытындысы бойынша тұрмыстық мәселелерді, құжаттарды рәсімдеуді, шараларды ұйымдастыруды шешу үшін практикалық көмек көрсетіледі.

Аудан орталығындағында жаңа мұсылман мешітінің ашылуы аудан үшін маңызды оқиға болды. Оның «Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы» РО Республикалық филиалы ретінде қызмет жасауы ұлттық дәстүрлер шеңберінде азаматтардың рухани тәрбиесінің орталығына айналады.

Аймақта аудан әкімі орынбасарының басқармасымен 3 ақпараттық-насихат топтары құрылып жұмыс істеуде, құрамында 30 адам бар. Жыл ішінде олар 3 мың адамды қамтыған 41 кездесу өткізді.

Аудан аумағында мемлекеттік тапсырысты орындайтын – жалғыз баспа басылымы «Абай-ақиқат» аудандық газеті қызмет жасайды, есепті жылы ол ЖШС қызмет формасына көшті. 2012 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты орындау үшін жергілікті бюджеттен 6 млн. 682 мың теңге бөлініп игерілді. Орта есепті тираж 2600 дананы құрады. Ауданда ақпараттық саясатты жүзеге асыру бекітілген медиа-жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Одан басқа, «5 канал» облыстық телеканалы бойынша жаңалықтар бағдарламасының эфиріне аудан өмірінің іс-әрекеті туралы 26 сюжет шығарылды.




  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет