Құрметті Саратовка ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы»



Дата02.05.2016
өлшемі145.12 Kb.
Саратовка ауылдық округі әкімінің 2013 жылы атқарылғын жұмыстары туралы есебі

Құрметті Саратовка ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары!
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» тапсырмасын орындау мақсатында, Ұлан ауданында 2005 жылдың 6 сәуірінен бастап жыл сайын өздеріне сеніп тапсырылған аумақта әкімдердің есеп беру кездесулері өтеді. Осы жұмыс халықтың елімізде болып жатқан әлеуметтік экономикалық және саяси реформалары туралы, сонымен қатар, біздің Саратовка ауылдық округінің тұрғындарының еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі жайында ақпараттануын жоғарылатуға бағытталған.
2013 жылы Саратовка ауылдық округі әкімінің есептік кездесу кезінде келесі сұрақтар қойылған:


  1. Саратовка ауылындағы су жүйесін өткізу туралы:

2013 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Саратовка ауылындағы су жүйесі Таврия ауылында орналасқан «Коммунальник» КГП балансына берілген.


2. Саратовка ауылындағы Школьная көшесіне, Ново-Одесское ауылындағы Заречная, Степная көшелеріне жарық орнату:
2013 жылы республикалық бюджеттен Отрадное ауылына жарық орнату үшін 3 млн. 464 теңге қаржы көлемінде қаражат бөлінді. Центральная көшесіне жарық орнатылды. Школьная, Степная, Заречная көшелеріне жарық орнату үшін сметалар дайын. Жарық орнатуға қаржы бөлу жөнінде аудандық әкімшілікке хат жолданған.

Ауыл шаруашылығы

Саратовка ауылдық округінің аумағы 19817 га құрайды. Ауыл шаруашылық маңызы бар жерлердің көлемі 9885,2 га. Оның ішінде егістік жерлердің көлемі – 4080,3 га, шабындық жер – 385 га, мал жайылымына арналған жерлердің көлемі 5419,9 га құрайды.

Округ аумағында 23 шаруа қожалығы, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелген және жұмыс атқарады. Шаруа қожалықтарының 10 өсімдік шаруашылығымен, 3 шаруа қожалығы өсімдік және мал шаруашылығымен айналысуда. Қалған 11 шаруа қожалығы шөп шабумен айналысады. Шаруа қожалықтарында жұмыс атқаратындардың саны 123 адам. «Солтанбек» және «АгроБАМ» шаруа қожалықтары мал шаруашылығымен айналысады.

2014 жылдың 1 қаңтарына шаруа қожалықтарында ірі қара малдың саны 1177 басты құрады, оның ішінде сиырлар - 496 бас, ұсақ малдар – 628 бас, жылқылар – 230 бас. 2013 жылмен салыстырғанда ірі қара мал - 339 басқа көбейді, оның ішінде сиырлар саны – 83 бас, ұсақ малдың саны 13 басқа көбейді, жылқылар саны – 13 басқа азайды.

Малдың сапасын арттыру мақсатымен, «Солтанбек» және «АгроБАМ» шаруа қожалықтарында селекциялық жұмыстар жүргізіліп, асыл тұқымдық бұқалар сатып алынуда. Осы орайда, 2013 жылы «Солтанбек» шаруа қожалығына 20 бас асыл тұқымды жылқы сатып алу үшін 800 мың теңге субсидия берілді.

«АгроБАМ» және «Солтанбек» шаруа қожалықтарына ірі қара малдың тұқымдық-селекциялық жұмыстарын жүргізу үшін әрқайсысына 3 млн 360 мың теңге көлемінде субсидиялар берілді. Ұсақ малдың тұқымдық-селекциялық жұмысын жүргізу үшін «Солтанбек» шаруа қожалығы қосымша 919 мың 500 теңге көлемінде субсидия алды. Ірі арықтық қара шөпті арзандату үшін «Солтанбек» шаруа қожалығына 778 мың 500 тенге субсидия, ал «АгроБАМ» шаруа қожалығына – 1 млн 80 мың теңге субсидия берілді. Аталған шаруа қожалықтарына 2013 жылы жалпы 10 млн 298 мың теңге, ал 2012 жылы 6 млн 720 мың тенге субсидия берілді. Мал шаруашылығына берілген субсидиялардың көлемі 3 млн 578 теңгеге көбейді.

Дәңді – дақылдардың жалпы түсімі орта шығымдылығы гектарына 10 центнер болғанда 15325 тоннаны құрады. Қыс мезгіліне 3492 тонна шөп дайындалды. 2012 жылмен салыстырғанда дәңді – дақылдардың жалпы түсімі орта шығымдылығы гектарына 6 центнер болғанда 6946,1 тоннаны құраған. Қыс мезгіліне 1929 тонна шөп дайындалған.

Бос жерлердің тапшылығына байланысты Саратовка ауылдық округінде егістік алаңының көлемін үлғайту жоспарда жоқ.

Өсімдік шаруашылығын қолдау және дамыту мақсатына да округтегі шаруа қожалықтары егістікке байланысты субсидиялар алуда. Мысалы, 2013 жылы «АгроБАМ» шаруа қожалығы 2 млн 1 мың 100 теңге, «Отрадное» ЖШС – 2 млн 963 мың 800 теңге, «Евгения» шаруа қожалығы (басшысы Крикуненко Виктор Григорьевич) – 123 мың 390 теңге, «Достық» шаруа қожалығы – 1 млн 298 мың теңге, «Солтанбек» шаруа қожалығы – 874 мың 50 теңге, «Жайнақ» шаруа қожылығы – 93 мың 900 теңге, «Байсаков и Компания» КТ – 982 мың 200 теңге, «Бауржан» шаруа қожалығына (басшысы Бердугожин Бакыттыкожа) – 283 мың 770 теңге, «Үш биік» шаруа қожалығына (басшысы Тастанбек Нурланбек) – 159 мың теңге, «Рахматуллин» шаруа қожалығына (басшысы Рахматуллин Азымхан) – 935 мың 280 тенге, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжіне – 515 мың 700 теңге субсидиялар берілген.

Округ бойынша 403 аула бар. Оның ішінде 269 аула - қосалқы шаруашылық иелері. 2014 жылдың 1 қаңтарына жеке қосалқы шаруашылықтарда 939 бас ірі – қара мал, оның ішінде – 375 сиыр; 2092 бас ұсақ мал, 222 бас жылқы, 184 бас шошқа, 3085 бас құс тіркелген. Былтырғы жылмен салыстырғанда ірі – қара мал басы 164 басқа, ұсақ малдың басы – 326 басқа, жылқының саны 41 басқа, шошқаның саны – 45 басқа көбейді, құс саны өзгеріссіз.

2013 жылдың 12 айында округтегі шаруа қожалықтарында және жеке шаруашылықтарда 1778,4 центнер ет, 19366 центнер сүт, 295 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2012 жылы округтегі шаруа қожалықтары мен жеке шаруашылықтарында 1461 центнер ет, 18828 центнер сүт, 290 мың дана жұмыртқа өндірілген. Көрсетілген сандарға қарағанда өсу байқалуда.

Ново – Одесское ауылында ауыл шаруашылық малдарын қолдан ұрықтандыру пункті жұмыс істеуде. Ұрықтандырушы Каирбекова З.В. 2013 жылы барлығы 15 бас мал ұрықтандырылды. 2012 жылы 27 бас ұрықтандырылды. 2014 жылы 40 бас малды ұрықтандыру жоспарлануда.

«АгроБАМ» шаруа қожалығының негізінде мал сою пункті жұмыс істеуде. Қажет болған жағдайда округ тұрғындары мал сою пунктінің қызметімен қолданады.

Округте 1 ветеринарлық пунктің басшысы, 1 ветеринарлық фельдшер халыққа қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру және құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 2013 жылы 812 бас ірі – қара малы, 1423 бас ұсақ малы, 104 бас шошқа бірдейлендірілді. 882 бас малға ветеринарлық құжаттар берілді. 2012 жылы 748 бас ірі – қара мал, 3514 бас ұсақ мал бірдейлендірілген. Биркалардың жоқтығына байланысты шошқа малына бирка салынбаған. 923 бас малға ветеринарлық құжаттар берілген.

2013 жылдың басынан бастап 30 қаңғыған ит жойылды. 2012 жылы бөлінген қаржы көлемінде де 30 бас ит жойылған.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының ІІ бағытына сәйкес, округ тұрғындары несие алып, ауыл шаруашылық малдарының санын арттыруы жоспарлануда. «Достық» шаруа қожалығы 2014 жылы Ұлан аудандық ауылшаруашылық бөлімі арқылы республикалық бюджеттен көзделген «Сыбаға» бағдарламасы негізінде несие алып, 50 бас ірі-қара мал сатып алуды жоспарлауда. Осыған байланысты аталған шаруа қожалығы Ново-Одесское ауылында 50 басқа бордақылау алаңын салуды жоспарлап отыр. 2014-2015 жылдары Ново-Одесское және Отрадное ауылдарында жергілікті бюджеттің есебінен мал қорымдарын салу жоспарлануда.


Кәсіпкерлік
Округте 8 дүкен, 1 дәмхана, 1 жармалау цехы жұмыс атқаруда. Жалпы жұмысшылардың саны 24 адам. Округ аумағына нан және нан өнімдерін Белоусовка ауылынан - жеткізуші «ПКФ – Шахан – ата» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі, Өскемен қаласынан - жеткізуші «Балхаш» жеке кәсіпкерлігі мен «Устун» жеке кәсіпкерлігі және Донское ауылынан жеткізуші «Назаренко» жеке кәсіпкерлігі тасымалдайды. Күнделікті әкімшіліктің маманы негізгі тауарларға бағаның тұрақты болуына мониторинг жүргізеді және ауданның кәсіпкерлік бөлімін ақпаратындырады.

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында округ аумағында 2 жаңа дүкеннің ашылуы жоспарлануда. Отрадное ауылында «Байтуманов С.» шаруа қожалығының басшысы 2015 жылы 2 млн. теңге өз қаржы көлемінде азық-түлік дүкенін ашуды жоспарлап отыр. Ново-Одесское ауылында жеке кәсіпкер Алтаева А. 2014 жылы шаруашылық тауарларын сататын дүкен ашуды көздеген. Дүкенге арналған ғимарат толығымен жөнделді. Қазіргі уақытта қажетті құжаттарды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жеке кәсіпкер Ченваев Л. Ново-Одесское ауылындағы малдәрігерлік пунктінің негізінде ветеринариялық дәріхана ашуды жоспарлауда.

«Алтай» ЖШС биылғы жылдан бастап өндіріс алқабын арттырып, жармалау цехында ас бұршағын өңдеуді жолға қоюға кірісті. Қазіргі уақытта өндірістік жабдықтар сапасын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

2015 жылы «OstFish» ЖШС Саратовка ауылында балық, балық өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорын құру және дамытуды жоспарлауда.

2013 жылы 162522 теңге мүлік және жер салығы жиналды. Ал 2012 жылы жиналған салық көлемі 145167 теңгені құрады. Салық мөлшері 17355 теңгеге ұлғайды.
Бюджет
2013 жылы Саратовка ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне және әлеуметтік сұрақтарды шешуге 13 млн 321 мың теңге қаржы бөлінді. Округ әкімшілігінің қызметін қамтамасыз ету үшін 9 млн 16 мың теңге қарастырылған. Бұл шығыстар бабына әкімшілік қызметкерлерінің еңбек ақысы, қызметтік көлікті пайдалану және жөндеу жұмыстары, оргтехника және компьютерлерді жөндеу, кеңсе тауарларын алу енгізілген. Көшелердегі жарықты қамтамасыз етуге 473,0 мың теңге бөлінген. Округ аумағындағы санитарлық жағдайды қамтамасыз ету үшін 117 000 теңге бөлінген. Аталған қаржы қоқыс төгетін орынды жинауға жұмсалды. Ауылдарды көріктендіру және көгалдандыру жұмыстарына 210 000 теңге бөлінген. Бюджеттен бөлінген қаражат толық игерілуі көзделуде. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен Отрадное ауылына жарық орнату үшін 3 млн. 464 теңге қаржы көлемінде қаражат бөлінді. Центральная көшесіне жарық орнатылды.
Әлеуметтік қорғау

Округ аумағында зейнеткерлер саны 297 адам, 1,2,3 топ мүгедек адамдар саны 51 адам, мүгедек балалар саны 6 адам, тыл қызметкерлерінің саны – 45 адам, ауған соғысының ардагерлері – 4 адам, «Алтын алқа» иегерлерінің саны – 19 адам, «Күміс алқа» иегерлерінің саны – 17 адам.

2013 жылы аудандық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде 25 адам болды. Жыл ішінде 18 адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды. 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды 14 адам атқарған. 2013 жылдың 12 айында 11 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған, ал 2012 жылдың аталған мерзімінде 6 адам жұмыспен қамтылған. 2012 жылмен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандардың саны 5 адамға көбейді.

Саратовка ауылдық округінде 2013 – 2017 жылдар аралығында жаңа кәсіпорындардың құрылуы мен ашылуына байланысты тұрғындардың жұмысқа орналасу және жаңа жұмыс орындарын ашу көбейуі жоспарлануда. Балық және балық өнімдерін өңдеу цехын ашу бойынша – 10 жұмыс орны, «Алтай» ЖШС бұршақ өнімін өндеуді жолға қою негізінде 4 жұмыс орын, дүкендер және ветеринариялық дәріхананың ашылуына байланысты 3 жұмыс орын ашылуы жоспарланған.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2013 жылы 4 отбасына (10 адамға) берілді. 2012 жылы аталған көмекті 4 отбасы алған.

18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақыны алуға 16 отбасы (33 бала) өтініш берді. 2013 жылы 19 отбасына (38 бала) берілген.

Тұрғын үй жәрдемақысы 2013 жылы 61 отбасына берілді. 2012 жылмен салыстырғанда тұрғын үй жәрдемақысын алушылар саны 20 отбасына қысқартылды.

2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы негізінде жүргізілген қайта оқыту курстарында 3 тұрғын оқып, оның ішінде, «есепші» мамандығы бойынша 1 адам, «электргазбендәнекерлеуші» мамандығы бойынша – 2 адам , оқып, мамандық алды, ал 2012 жылы осы бағдарлама негізінде 2 адам қайта оқып, 1 адам «есепші», 1 адам «хатшы» мамандығын игерді.

Округтегі мекемелер мен шаруа қожалықтарында жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітірген түлектердің жастар тәжірибесін өтетіндердің санын көбейту жоспарлануда.

Округтегі жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсету үшін 1 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Оның міндетінде 8 жалғызбасты зейнеткерге көмек көрсету бекітілген. Ол пәтер тазалығын, дәрі-дәрмекпен, керек – жарақпен қамтамасыз етеді. Зейнетақыларын жеткізу, су әкелу, құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын атқарады. Әлеуметтік қызметкер дәрігерлік амбулаториясымен тығыз қарым – қатынаста және Базылбек Ахметов атындағы орта мектебінде ұйымдастырылған «Қамқорлық» тобымен бірге жұмыс істеуде. Құрамына 19 оқушы кірген «Қамқорлық» тобы округтегі зейнеткерлерге, мүгедек адамдарға қар тазалауға, отын жаруға, аулаларды қоқыстан тазалауға және басқа да жұмыстарды жүргізуге көмек көрсетуде. Жыл көлемінде Дроздова Зинаида Николаевнаға, Тыныбаева Бақашқа, Клименко Мария Фроловнаға және басқада тұрғындарға көмек көрсетті.


Білім саласы

Ново-Одесское ауылында Базылбек Ахметов атындағы орта мектебі орналасқан. Бүгінгі күні орта мектептің оқушылар саны 158 баланы, мектепке дейінгі сыныпта – 17 баланы құрайды. 2012 жылы орта мектепте 168 оқушы оқыған. 2012-2013 оқу жылы көлемінде 42 оқушы кеткен, оның ішінде: 1-4 сыныптардан – 4 оқушы, 5-9 сыныптардан – 25 оқушы (оның ішінде 9 сыныптан кейін кеткен 11 адам), 10-11 сыпытардан – 13 оқушы (оның ішінде 11 сынып бітірушілер 13 адам). Барлығы жыл көлемінде келгендердің саны 32 бала, оның ішінде: 1-4 сыныптарға – 17 оқушы (оның ішінде 1 сыныпқа 10 бала қабылданған), 5-9 сыныптарға – 11 оқушы, 10-11 сыныптарға – 4 оқушы қабылданған. 2013 жылы мектепті 13 оқушы бітірді. Ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша орта баллы 63,5 құрады. 2012 жылы мектепті 15 оқушы бітірген, ал ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша орта баллы – 77,6 құраған. 2013 жылы жоғары оқу орындарына 8 түлек, арнаулы орта оқу орындарына 4 түлек оқуға түсті. Жоғары оқу орындарында 7 түлек – ақысыз, ал 1 түлек – ақылы оқуда. Орта мектепте 34 мұғалім жұмыс атқаруда. Оның ішінде, жоғары біліммен – 32, арнаулы – орта біліммен – 2 мұғалім. Бүгінгі күні орта мектепке сызу пәнінің мұғалімі, психолог және медициналық қызметкер қажет.

Ауылдардан мектепке 93 оқушы тасымалданады. Оның ішінде, Отрадное ауылынан 43 оқушы, Саратовка ауылынан – 50 оқушы. Техникалық қамтамасыз етілген жағдайын айта кетсек, орта мектепте 48 компьютер, 5 интерактивтік тақта орнатылған.

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету мектептің асханасында ұйымдастырылған. Барлығы ыстық тамақпен 68 оқушы қамтылған, оның ішінде – 54 бала – 1-4 сынып оқушылары, 14 бала аз қамтылған отбасыларындағы оқушылар.

Орта мектепте волейболдан, баскетболдан, шағын футболдан 5 спорттық секция жұмыс атқарады. 9 пәндік үйірмелері ұйымдастырылған. Қатысатындардың саны 72 оқушы. Орта мектептің негізінде қаңтар айының 16-да 15 орындық шағын орталығы ашылды.

Шағын орталықтағы балалар санын көбейту мектепте бос орын жоқтығына байланысты мүмкін емес.

2013 жылдың 15 желтоқсанына Шығыс – Қазақстан ауылшаруашылық колледжінде 201 студент білім алуда, 2012 жылмен салыстырғанда студенттер саны 57 адамға қысқарған.
Медициналық қызмет

Округте тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуді 9 қызметкер жүргізуде, оның ішінде 3 дәрігер, 6 орта медициналық қызметкер. Округте 3 медициналық мекеме орналасқан: Саратовка ауылында дәрігерлік амбулаториясы, ал Ново – Одесск, Отрадное ауылдарында фельдшерлік пунктер орналасқан. Дәрігерлік амбулатория иелігіне 1 қызметтік көлік бекітілген. 2013 жыл көлемінде медициналық көмек 3033 тұрғынға көрсетілген, 1031 ауырған адамға үйінде көмек көрсетілген және жедел жәрдем көмегі – 42 тұрғынға шақырылған. 2012 жылы медициналық көмекке 2519 адам жүгінген, 310 тұрғынға үйде көмек көрсетіліп, жедел жәрдем 42 адамға шақырылған. Өткен жылы дүниеге 17 бала келіп, 18 адам дүниеден өтті. Оның ішінде онкологиялық аурумен ауырғандар саны – 2 адам. 2012-2013 жылдары нәрестелер өлімі тіркелген жоқ. Амбулаториядағы күндізгі стационарында жыл көлемінде 150 тұрғын емделді. Емдеу сапасына тұрғындар тарапынан арыздар түскен жоқ.

Мецициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту арқасында өлім көрсеткіштерін азайтып, туу көрсеткіштерін ұлғайту жоспарлануда. Туберкулез ауруымен ауырғандардың санын ең аз шама мөлшеріне апару көзделуде.

Амбулатория және фельдшерлік пунктерінде көрнекті құралдармен жабдықталған салауатты өмір салтын сақтау жөнінде ақпараттар жиналған және жас аналарға арналған бұрыштар орналастырылған.

Ново–Одесск ауылындағы фельдшерлік пункті және Саратовка ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы қыс мезгілінде электр қуатымен жылынады, ал Отрадный ауылындағы фельдшерлік пункті «АгроБАМ» шаруа қожалығының иелігінде және көмірмен медициналық бірлестік қамтамасыз етеді.

Инфраструктура
Округ тұрғындары телефон байланысымен, электр қуатымен, әкелінетін газбен қамтамасыз етілген. Байланыс абоненттерінің саны 425 адамды құрайды, оның ішінде Саратовка ауылында – 183 жанұя, Ново-Одесское ауылында - 130 жанұя, Отрадное ауылында – 112 жанұя.

Отрадное және Ново-Одесское ауылдарында интернет және ұялы байланыс жүйелері қосылмаған. 2017 жылға дейін жабдықтаушының қаражатына қажетті құрал-жабдықтарды орнату көзделген.

Ново–Одесск және Отрадное ауылдарының тұрғындары ауыз сумен өз құдықтарынан қамтамасыз етілген, ал Саратовка ауылындағы су құбыры Таврия ауылындағы «Коммунальник» коммуналдық мекемесінің балансына тапсырылған. Қоғамдық құдықтан су алу кісі басына 78 теңге 26 тиын, су құбырлары тартылған үйлерде кісі басы – 150 теңге төлем ақысы алынады. Жеке қосалқы шаруашылығы барларға 1 бас ірі – қара малға – 117 теңге 39 тиын, ұсақ малға – 26 теңге 09 тиын, шошқаға – 39 теңге 61 тиын мөлшерінде қосымша төлем ақы белгіленген.
Көші – қон жағдайы

2013 жылы округ аумағына 62 адам тіркеліп, 26 адам тіркеуден шықты. 2012 жылмен салыстырғанда көшіп келгендердің саны 38 адамға көбейіп, округтен тыс аумақтарға қоныс аударғандардың саны 5 адамға азайды. Кетулерінің негізгі себептері - оқуға, тұрақты мекен - жайын ауыстыруларына байланысты.



Құқықтық қорғау

Округ аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын – алу бойынша 1 учаскелік полиция қызметкері жұмыс атқаруда. Учаскелік полиция қызметкері Е.Сағиұлының әкімшілік учаскесі Саратовка, Ново – Одесское, Отрадное ауылдарын қамтиды. Қызметкердің ойдағыдай жұмыс атқаруы үшін колледждің жатақхана ғимаратының 1 қабатында қызметтік кабинеті орналасқан, қызметтік телефоны 38-301. Учаскелік полиция қызметкеріне 2011 жылы бюджеттік қаржыға қызметтік пәтер сатып алынды және қазіргі уақытта ол отбасымен Саратовка ауылында тұрып жатыр. Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсетуге 1 адам тартылған. Учаскелік полиция қызметкерінің профилактикалық есебінде 2013 жылы 60 адам тұрған, ал 2012 жылы – 64 адам. 2013 жылы Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексін басшылыққа алып, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 102 хаттама толтырылса, 2012 жылы 100 хаттама толтырылған. 2013 жылдың 12 айы ішінде 59 тұрғынның арыз - өтініштері қаралып, мәжбүрлеп емдеу орындарына 4 адам жіберілсе, 2012 жылы 79 арыз қаралып, 5 адам емдеу орнына жіберілді. 2013 жылы 22 қылмыс жасалып, 17-сі ашылған, ал 2012 жылы 25 қылмыс жасалып, оның да 17- сі ашылған. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер қызметкерлерінің патрульге шығу кестесі ай сайын округ әкімімен бекітіліп, кезекшілік жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстармен қатар учаскелік полиция қызметкерінің жұмысына кедергі келтіретін жайлар да бар: қызметтік компьютерлік техникасы, ксерокс және жихаздар ауыстыруды қажет етеді. Тағы бір жұмысқа кедергі келтіретін жай – дәрігерлік амбулаториясында мастық деңгейін тексеру мүмкіндігі жоқтығы.
Тұрғындардың өтініштерін қарау

2013 жылдың 12 айында округ әкімінің атына 16 тұрғыннан және 24 заңды тұлғадан арыз - өтініш келіп түсті. 2012 жыл көлемінде 10 тұрғынның және 9 заңды тұлғаның өтініш-арыздары қаралған. Өтініштер негізінде тұғын үй мәселесі, жер және жерді пайдалану мәселелері, санитарлық тазалық мәселелері жөнінде. Барлық арыз - өтініштер уақытында қаралып, жауаптар қайтарылған.


Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес округте елді - мекендерді көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жүргізу мақсатымен екі айлық өткізілді. Көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалауды жүргізу үшін комиссия құрылып, іс – жоспары дайындалды және округтегі әр көшеге тазалық орнату үшін келісім бойынша жауаптылар тағайындалды. Негізгі мақсаты - әр үй, аула, мекеме маңдарында тазалық орнатуын іске асыру. Әр аптаның бейсенбісі «Тазалық бейсенбісі» деп белгіленді. Тазалық жүргізу іс-шараларына ауылдық округ әкімшілігі, мектеп пен колледж, шаруа қожалықтары, дәрігерлік амбулатория ұжымы түгел қатысты. Округте тазалық жұмыстарын жүргізу барысында Аксакалдар, Әйелдер кеңестерінің мүшелері белсенділік көрсетті. Қоқыс төгетін орындарды жинау жұмыстары жүргізілді. 50 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 250 шаршы – метр гүлзарлар орналастырылды.

Округте барлық мерекелерге және атаулы күндерге арналған мәдени – көпшілік шаралар өткізілуде, мысалы, Наурыз мерекесіне, Жеңіс күні мерекесінің 68 жылдығына, Конституция күні мерекесіне, Қарттар және мүгедектер күні мерекесіне және тағы басқа мерекелерге арналған шаралар. Округте өткізілетін мәдени іс – шараларға колледж, орта мектеп ұжымдары және «Ақ әжелер», «Непоседы» топтарының мүшелері белсене қатысуда.

2012 жылдың желтоқсан айының соңында Отрадное ауылындағы Мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық меншіктікке тапсырылған. Аталған мәдени ошағы мамыр айынан бастап жұмыс атқарып, тұрғындардың өмірін жандандырды. Жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, онда тұрғындар жиынынан бастап мәдени шаралардың барлық түрлері өткізілуде. Ұйымдар және секциялар жұмыс жасауда. Сонымен қатар, 3 адамды жұмыспен қамту мүмкіндігі пайда болады.

Ал 2015 жылы республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыға Саратовка ауылында 150 орындық клуб салуы жоспарлануда

Бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі негізінде округтегі шаруа қожалықтарының басшыларымен, жеке кәсіпкерлермен меморандумдарға қол қою жұмыстары есеп беру мезгілінде де жалғасын тапты. Округтегі санитарлық тазалау, көріктендіру жұмыстарын жүргізуге қажетті техникамен қамтамасыз ету және әр-түрлі шараларды өткізуге демеушілік көмек көрсету туралы меморандумдарға қол қойылды. «Пайдас» ЖШС директоры Д.Шенгелбаевпен көше жарығын орнату жұмыстарын жүргізу жөнінде 260 мың теңге қаржы көлеміне, ал «Али құрылыс» ЖШС және «Шығыс жолдары» ЖШС көшелерді грейдермен тегістеп, шағыл тас төгу жұмыстарын жүргізуге 8 млн теңге көлеміндегі меморандумдарға қол қойды.

«АгроБАМ» шаруа қожалығының басшысы Ж.Касенов 1 қыркүйеккке қарсы Б.Ахметов атындағы орта мектебінің оқушыларына 68 кг бал өнімін тапсырды.

Тұрғындардың сұрауы бойынша «Ұлан жолдары» ЖШС көмегімен Отрадное ауылына баратын жолдың қиылысына автобус аялдамасы орнатылды.

«Туған жерге тағзым» акциясы негізінде 2013 жылы 2 жобаны іске асыру жоспарланған. Біріншісі, «Өскемен құрылыс» құрылыс компаниясының директоры Ержан Скаковпен Ново-Одесское ауылындағы Б.Ахметов атындағы орта мектебіне шағын футболға жасанды жабу алаңын алу. Меморандум сомасы 3 млн. теңге. Аталған меморандумдағы көзделген міндеттеме орындалды. Футбол алаңының ашылуы 1 маусымда өтті.

Екінші жоба "АгроБАМ" шаруа қожалығының басшысы Ж.Касеновпен Отрадное ауылында 1,2 млн теңге көлемінде «Отрадное ауылында хоккей қорапшасын салу» жобасы іске аспады. Орындау мерзімі 2014 жылға қалтырылды.

2015 жылы бизнестегі әлеуметтік жауапкершілік негізінде Саратовка ауылы Молодежная көшесіндегі №9 көпқабатты тұрғын үйдің алдына ойын алаңын салу жоспарда бар. 2014 – 2017 жылдар аралығында жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыға Саратовка және Ново-Одесское ауылдарындағы көшелерге жарық орнату жоспарлануда. Жыл сайын көгалдандыру жұмыстары жалғастырылып, көшеттер, гүлзарлар отырғызуды көбейту мақсатқа қойылды.


Назарларыңызға рахмет.
Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет