Құрметті село тұрғындары!



Дата02.05.2016
өлшемі52.29 Kb.
Құрметті село тұрғындары!
Арықбалық селолық округіне 6 елді мекен қарайды. Олар: Арықбалық, Целинный, Наследниковка, Қарасай батыр, Ағынтай батыр ауылдары, Горный кенті. Айыртау ауданында Арықбалық селолық округі жүйелі дамып келе жатқан округтердің бірі болып саналады.

Округ аумағында 4746 адам тұрады. Өткен жылмен салыстырғанда тұрғындар саны 516 адамға кеміді. Ауыл – селоларымызда 1620-дан астам үй бар.

Округте ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен үш ірі ЖШС, 29 шаруа қожалығы, төрт кәсіпорын айналысады. Есепті мерзімде округ аумағында 35273 га жерге дәнді дақылдар себілді. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3518 гектарға көп. Танаптың әр гектарынан орта есеппен 14,6 центнерден өнім алынды. Қамбамызға 51498 тонна астық құйылды.

Айтулы мерзімде «Арықбалық» ЖШС 8884 гектар егінжайдың әр гектарынан 14,3 центнерден өнім алды. Барлық түскен астық 12704 тоннаны құрады. Еңбекақы ай сайын төленді.Өндірісті жаңа техникамен жасақтау біршама жақсара түсті. Алдағы егіске 2690 гектар сүдігер дайындалды. 80 гектар парға жаз бойы өңдеу жұмыстары агротехникалық талаптарға сай жүргізілді. Еңбекақы өткен жылда орта есеппен 34200 теңгені құрады.

Өткен жылды «Фирма Златогорка» ЖШС жақсы нәтижелермен қорытындылады. Мұнда 9250 гектар егіс алқабының әр гектарынан 20,1 центнерден өнім алды. Алдағы егіске 2972 гектар сүдігер дайындалды. Айлық еңбекақы 41000 теңгеге жеткізілді.

Басқа жылдармен салыстырғанда өткен жылы «Агроко Мәдениет» ЖШС астық түсімі орташа болды. Әр гектардан 13 центнерден өнім алынды. Айлық жалақы 37184 теңгені құрады. Еңбекақы төлем қорына 114316 мың теңге таза пайда түсті.

2009 жылы шаруа қожалықтарының да қол жеткізген табыстары аз емес. Мұнда дәнді дақылдардан түскен түсім өткен жылғымен бірдей 16-19 центнер аралығында алынды. Жоғары көрсеткіш «Камалтинов» және «Каракоз» шаруа қожалықтарында болды. Танаптың әр гектарынан біріншісінде –24 ,екіншісінде –18 центнерден өнім алынды.Жұмысшылардың еңбекақылары уақытында төленеді.

2010 жылы егістік жоспарында жемдік және тары дақылдарының егістігін ұлғайту белгіленіп отыр.

Мал шаруашылығын дамытуда да оң нәтижелерге жеткендігіміз байқалады. 2008 жылмен салыстырғанда ірі қара 1,8% өсті. Қазір қолда 3004 бас ірі қара бар. Соның 2111-і сауын сиыр. Қой-ешкі -2537, жылқы – 920, құс – 21809, шошқа – 4690 басқа жеткізілді.

Ет дайындау – 5%, сүт – 2,2%, жүн – 3%, тері шикізаты – 5% өсті. Яғни, ет – 293, сүт – 525, жүн – 2,2, тері шикізаты - 18 тоннаны құрады.

Округте мал өсірумен негізінен жеке меншік иелері мен «Каракоз», «Миллениум», «Арна» шаруа қожалықтары және «Фирма Златогорка» ЖШС серіктестігі айналысады.

Ағынтай батыр ауылы мен Арықбалық селосында сиырларды қолмен ұрықтандыру пункті жұмыс істейді.

Мал шаруашылығының өнімділігін жоғарылату мақсатында шаруашылықтарда біржылдық және көпжылдық шөптерді егу ісі жолға қойылған.

Арықбалық селосында 2 мал сою цехы: В.М.Клудкевич, А.Н.Багаев және сүт өңдеу цехы: А.Г.Каракозиди, жұмыс істейді.

Селолық округте автокөлік кәсіпорны жұмыс істейді. Онда 42 көлік бар, оны 28 жұмыс істеп тұр. Атқарылған жұмыстар көлемі 1213 мың тонна/км құрады. Қаржылық қорытындылары қанағаттандырарлық, еңбекақы және салық бойынша қарыздары жоқ.

«Арықбалық элеваторы» ЖШС астықты өңдеу мен кептіруге мамандандырылуда. Бір маусымда 54 тоннаға дейін астық өңдейді. Есептік жылда 23 мың тонна астық қабылданып кептірілді. ЖШС қаржылық қорытындылары қанағаттандырарлық, еңбекақы және салық бойынша қарыздары жоқ.

Горный кентінде «Кокшетау» мемлекеттік ұлттық паркінің құрамына кіретін Арықбалық орман шаруашылығы жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта Имантау көлінің жағасында «Дортехника», «Астанатрансстрой» ЖШС демалыс орталығының құрылысын қарқынды жүргізуде. Мұның өзі туризм және спортты дамытуға елеулі ақпал етеді деп күтілуде.

Округ аумағында «Кокшетау Энерго» ЖШС Западный АЭЖ филиалы Арықбалық өндірістік электр учаскесі А.К.Баймагамбетовтың басшылығында жұмыс істейді.кәсіпорын тұрындарды, өндірістік салаларды және басқа да объектілерді электр қуатымен үздіксіз қамсыздандырады. Өткен жылы Арықбалық, Целинное селолары мен Ағынтай батыр, Қарасай батыр ауылдарындағы электр желілерін жөндеуден өткізді.

Шағын бизнес саласында округімізде шаруа қожалықтарын есептемегенде, 33 кәсіпкерлік нысаны жұмыс істеуде.2010 жылы Ағынтай батыр ауылында мектеп және Арықбалық селосында балабақша салу жоспарлануда.

Барлық елді мекендер телефон байланысымен қамтылған. Арықбалық селосында сандық станция жұмыс істейді. Биылғы жылы телекоммуникация торабы ғимаратына жөндеу жүргізілді. Гусаковка селосында 40 метрлік радиомачта орнатылды, ол арқылы Ағынтай батыр, Наследниковка және Целинное селолары сымсыз байланыс бойынша қосылды.

Селолық округта Kcell және Beeline ұялы байланыс операторлары бар. Округ бойынша 1147 телефон абоненттері бар.

Селолық округта 4 орта және 1 негізгі мектеп бар.Оларда 715 оқушы оқиды. Ұстаздармен толық қамтылған, оқушылардың ыстық тамағы ұйымдастырылған. Жыл сайын барлық мектептерде бюджеттік және демеушілік қаражаттар есебінен жөндеулер жүргізіледі. 2009 жылы Жол картасы бағдарлама аясында Арықбалық мектеп-гимназиясында шатыры жөндеуден өтті.

Селолық округтің денсаулық сақтау саласында 25 орындық терапевтік бөлімше, күндізгі емделу үшін 6 орындық алғашқы медициналық санитарлық жәрдем орталығы, 4 медициналық пункт бар, 5 дәріхана жұмыс істеді. Медициналық қызмет көрсету тұрғындардың талаптарын қанағаттандырады, бірақ селолық аурухана мен емхананы осы заманғы диагностикалық жабдықпен және физиоемдеу аппаратымен толықтыру, қолданыстағы аппараттар мен флюорографиялық стационар- аппаратын жаңарту қажет.

Арықбалық селосында Мәдениет үйі жұмыс істеді, онда мәдени – бұқаралық шаралар белсенді өткізіледі. 2009 жылы Жол картасы бағдарламасы аясында мәдениет үйі ғимаратының шатыры күрделі жөндеуден өткізілді. Жөндеу жұмыстары өткізілген уақытқа 9 адам жұмыспен қамтылды, 4 млн.теңге қаражат жұмсалды. Арықбалық мектеп гимназиясында телетеатр жұмыс істеуде. Ағынтай батыр ауылында 2009 жылы «Фирма Златогорка» ЖШС күшімен демалыс орталығы салынып ашылды, оған 5 млн.теңге қаражат жұмсалды.

Біздің аумағымызда Қарасай-Ағынтай батырлардың кесенесі орналасқан.

4746 адамнан: 3568 адамы- экономикалық белсенді тұрғындар, 137 адам жұмыссыз. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны – 30.

Есептік жылда 120 адам жұмысқа орналастырылды.54 тұрақты жұмыс орны құрылды, оның ішінде шағын бизнес саласында – 21 адам, ауылшаруашылықта – 25 адам.

2009 жылда Жол картасы бағдарламасы бойынша жастар тәжірибесіне 6 айға 3 адам жұмысқа орналастырылды, 7 әлеуметтік жұмыс орны құрылды.

Аз қамтылғандар санатына жататын жанұялар – 46 отбасы (171 адам), өткен жылмен салыстырғанда 5 отбасыға азайған.

Адрестік әлеуметтік көмекке құрамында 183 адам бар 66 отбасы өтініш жазды. Тағайындалған адрестік көмек 2009 жылы 2696,2 мың теңгені құрады. Нан қымбаттауына байланысты әлеуметтік жәрдемақы – 56 жанұяға 1115,9 мың теңге сомасында төленді.

Жыл басынан бері 35 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, оларға 1700 мың теңге жалақы төленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар 169 отбасыға 3299,8 мың теңге жәрдемақысы төленді.

Бюджеттік қаражат есебінен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған 3 адам мамандық алды.

Селолық округта 19 оралмандар жанұясы тұрады.

Есептік жылда жергілікті салық 100% орындалды. Округ бойынша барлығы 2684544 теңге салығы жиналды. Оның ішінде мүліктік – 184881 теңге, жер – 370631 теңге, көліктік – 2055294 теңге, бір жолғы 73738 теңге.

Жол картасы бағдарламасы бойынша Арықбалық – Саумалкөл бағыттағы жолда жөндеу жұмыстары жүргізілді, оған 15 адам жұмысқа тартылды. Жалпы селолық округта Жол картасы бағдарламасы бойынша 69 адам жұмысқа тартылды.

Құрметті жерлестер!
Есептік кезеңде селолық округтің әлеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешіду аз жұмыс атқарылған жоқ. Бірақ біздің алдымызда одан да үлкен міндеттер тұр және экономиканың әрі қарай өсуі мен округ тұрғындарының игілігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

Қолда бар табиғи-экономикалық әлеуетке, интеллектуалды адам ресурсына иелік ете отырып, біздің алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндігіміз бар.


Арықбалық селолық округ әкімі Қ.Шарапов
Каталог: uploaded -> airtau.sko.kz -> docs -> stat rus -> akimsotchot10 -> 0110
0110 -> Украин селолық округінің әкімі М. Г. Карпушанның тұрғындар алдындағы есебі Құрметті тұрғындар! Қазақстан Республикасының ел басы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
0110 -> Володар селолық округінің Әкімі с. Р. Икашевтың округ тұРҒындары алдындағы есебі құрметті Володар селолық округінің тұрғындары!
0110 -> Елецкий селолық округі әкімі С. О. Қасеновтің селолық округ тұрғындары алдында есеп беру Құрметті жерлестер!
0110 -> Сырымбет селолық округінің әкімі Д.Қ. Сүлейменовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі Құрметті ауылдастар!
0110 -> Отчет акима Гусаковского сельского округа Таласова Е. И. перед населением сельского округа
0110 -> Гусаковка селолық округінің әкімі Е. И. Таласовтың селолық округ тұрғындары алдындағы есебі


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет