Құрметті ұстаздар, білім беру ұйымдарының басшылары! Қымбатты ата-аналар!



жүктеу 319.61 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі319.61 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
2013 жылғы білім беру қызметкерлері тамыз кеңесіне «Сапалы білім мен тәрбие – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыты» тақырыбындағы Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Ж.М.Туремуратованың баяндамасы


Құрметті ұстаздар, білім беру ұйымдарының басшылары!

Қымбатты ата-аналар!

Құрметті кеңеске қатысушылар мен қонақтар!

Жаңа оқу жылының алдындағы дәстүрлі тамыз кеңесі - өткен оқу жылының қорытындысы ғана емес, сонымен қатар жаңа оқу жылының міндеттерін анықтайтын қала педагогтарымен маңызды кездесу.

Қазақстан Республикасы Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «« Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ел халқына Жолдауында білім мен кәсіптік дағды- қазіргі білім беру жүйесінің негізгі кілті» деп көрсетілген.

Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыруға, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайындықты жақсартуға және білім сапасын арттыруға, тәуелсіз еліміздің ертеңі- жастарды оқыту мен тәрбиелеуге айрықша тоқталды.

Жоғары динамикасы,жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы, сондай-ақ адамның интеллектісіне,әлауқаттылығына, оның икемділігіне, жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы болып табылады.

Еліміздегі мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.



Осыған байланысты сапалы білім беру мемлекеттік саясаттың басты бағыты және оған қол жеткізу біздің өзімізге, өзіміздің жеке білім жүйесіндегі түрлі мәселелерді шешуімізге байланысты.

Бүгін біз жұмысымызға қорытынды жасап, болашаққа жоспар құрып, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттерін анықтап, оның шешу жолдарын қарастыруымыз қажет.

Білім беру саласын қаржыландыру

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – сапалы білім беруді жақсарту болып көзделіп отыр.

Анықталған міндеттерді орындау мақсатында 2013 жылы Орал қаласы білім беру бөліміне бюджеттен 7963592 мың. теңге бөлінді.

Бөлінген қаржы төмендегідей шараларға жұмсалды:



  • Жиһаз алуға - 8000 мың. теңге;

  • Мектеп формасын алуға - 17485 мың. теңге;

  • Ағымдағы жөндеу өткізуге қажетті құрылыс материалдарына - 15900 мың. теңге;

  • Ағымдағы жөндеу жұмыстарын өткізуге - 19900 мың. теңге;

  • Өрт сөндіру құралдарына - 1683 мың. теңге;

  • Шетел мамандарын тартуға - 2800 мың. теңге;

  • Автокөлікті жөндеуге - 2801 мың. теңге;

  • Дабыл қаққышты техникалық өңдеуге - 4000 мың. теңге;

  • Мекемелер төбесін өңдеуге - 3450 мың. теңге;

  • Мектептердің 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге -259036 мың. теңге;

  • Күркелі лагерьлерді ұйымдастыруға - 2704 мың. теңге;

  • Мектеп жанындағы лагерьлерді ұйымдастыруға - 4371 мың. теңге;

  • Республикалық бюджеттен бөлінген 11 химия кабинеті жабдықтарын алуға – 45067 мың. теңге.

Нақтылаған бюджетке сай сметалық-жоба құжаттарын қайта қарауға №7 мектепке – 3500 мың. теңге; №12 мектепке 1554 мың. теңге;Круглоозер мектебіне - 760 мың. теңге бөлінді. « Объектілерге жөндеу және ауылдық елді мекендерді дамытудың Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Круглоозер орта мектебін күрделі жөндеуден өткізуге -100003 мың. теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен - 84907 мың.теңге, жергілікті бюджеттен – 15096 мың. теңге.

Аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына арналған жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры мектепті қамтамасыз етудің жалпы шығынының 2%-ын немесе 99247 мың. теңгені құрап отыр. Соның ішінде : балаларды тамақтандыруға - 53516 мың. теңге, киім және оқу құралдарын алуға - 36828 мың. теңге, қала сыртындағы лагерьлерге демалуға - 7602 мың. теңге, мектеп жанындағы лагерьлерде балаларды тамақтандыруға - 2411 мың. теңге. Қосымша білім беру ұйымдарының материалдық- техникалық базаларын нығайтуға 2013 жылы жергілікті бюджеттен 418581 мың. теңге бөлінді.

Жаз - демалып, денсаулықты нығайтатын кез.Әсіресе, осы мерзім жас ұрпақтың өсіп, жетілуіне тиімді болғандықтан, олардың күн көзі мен таза ауада мейлінше көп болуына көңіл бөлінеді.Сондықтан жыл сайын жазғы демалысты ұйымдастыруға қомақты ақша бөлінеді.

2013 жылы бұл сома 19009 мың. теңгені құрады, соның ішінде: спорттық- сауықтыру лагеріне -7493 мың. теңге; «Қайсар» әскери-патриоттық лагеріне -4061 мың. теңге; қала сыртындағы күркелі лагерьлерге-7493 мың. теңге; экспедиция, жорық, экскурсия өткізуге-1367 мың. теңге; бейінді ауысым жұмысына (олимпиада қатысушылары және оқу озаттары) – 1723 мың. теңге. Жазғы демалысты ұйымдастыруға 312 мың. теңгеге қажетті жабдықтар алынды.

Білім жүйесіне бөлініп отырған қомақты қаржыландыруға қарамастан, қосымша қаржыландыруды қажет ететін бірқатар мәселелер бар.

Желаев мекенініндегі мектептен тыс жұмыс орталығы, №1, №3 саз мектептері күрделі жөндеуді қажет етеді. Қосымша білім беру ұйымдарында музыкалық аспаптарды сатып алу- өткір мәселелердің бірі болып отыр.

№5 балалар саз мектебінің , өнер мектебінің, көркемсурет мектебінің жаңа заман талабына сай өз ғимараттары жоқ. Қосымша білім беруде балаларды көбірек қамтитын Оқушылар сарайының құрылысы бірнеше жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселе.

Қосымша қаражатты бөлу мәселесі мына салаларға қажетті:



  • Спорттық жабдықтарды сатып алуға;

  • Асханаға технологиялық жабдықтарды алуға;

  • Еңбек кабинеті жабдықтарына;

  • Санитарлық талапқа сай жиһаз жаңартуға;

- Қала мектептеріне ведемостыдан тыс күзет енгізуге;

- Информатика кабинеттерін жаңартуға;

Оқушыларды тасымалдау мақсатында 8 автобусты сатып алу қажет,өйткені қолданыстағы автобустардың ескіруі күрделі жөндеуді қажет етеді,оған жыл сайын көптеп қаржы жұмсалады.

Орал қаласының дамыту стратегиясына сай 22 қала мектебі күрделі жөндеуге мұқтаж. Білім беру бөлімі жақын арада күрделі жөндеуді жүргізуді талап ететін мектептер тізімін жасақтады.

Күрделі жөндеу қаланың 18 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында (МдҰ) қажет етеді.

2014-2016 жылдарға арналған бюджетті нақтылауда жоғарыда көрсетілген мәселелер өз шешімін табады деп сенемін.



Мектепке дейінгі білім беру

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бекітілген мақсатты индикаторларға қол жеткізу бірдей мүмкіндіктерді туғызуға және жаңа адами капиталды қалыптастыруға ықпал етеді.



Құрметті әріптестер!

Қаламызда республикалық «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі жастағы балаларды қамту жақсы жолға қойылған. Бүгінгі күні 11356 бала мектепке дейінгі ұйымдарға барады. Ал, 3-6 жас аралығындағы балалардың 96,2%-сі мектепке дейінгі ұйымдарға баруда. 4774 бала мектепке дейінгі білімді мектеп жанынан ашылған шағын орталықтарда және мектепалды даярлық топтарынан алуда.

«Балапан» бағдарламасын жүйелі іске асыру нәтижесінде мектепке дейінгі ұйым саны 81-ге жетті, оның 47-і балабақша, 1-і мектеп-бақша кешені, 3-і жеке мектепке дейінгі ұйым және 30-ы мектеп жанындағы шағын орталықтар.

Соңғы жылдары 1289 орынға арналған 7 мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараты қайтарылды. Қыркүйек айында қаланың жаңа шағын ауданында 350 орынға арналған жаңа балабақша ашылғалы отыр. Ағымдағы жылдың соңына дейін а 360 орынға арналған қаланың ортасындағы бұрынғы балабақшаның ғимараты 10 млн.теңгеге күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілмек. Осы жұмыстар нәтижесінде балаларды балабақшамен қамту мәселесі жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар , мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық жағдайларын жақсарту, білім беру үрдісіне жас мамандарды тарту жұмыстары қолға алынуда.

2013-2014 оқу жылының басында мектепке дейінгі ұйымдарда 1102 тәрбиеші, олардың 633-і немесе 57,4 %-і жоғары білімді, 378- тәрбиеші – арнаулы орта білімді. Педагогтардың кәсіби деңгейі өсуде: 109 педагог жоғары санатты, 178-і бірінші, 261-і екінші санатты. Былтырғы жылы 146 немесе 14,3 % тәрбиеші қайта даярлау курстарынан өтті. 5 педагог Алматы қаласынан республикалық деңгейде қайта даярлау курсынан өтсе, 3 педагог республикалық семинарда өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Елбасының Қазақстанда көптілді білім алуды енгізу тапсырмасын жүзеге асыруда жүйелі түрде шаралар жүргізілуде. Бұл орайда негізгі мақсат - бәсекеге қабілеттілігін ұлттық қамтамасыз ету және мемлекетіміздің дүние жүзінің дамыған мемлекеттерінің білім жүйесінің қатарына кіруін қамтамасыз ету.

Бірнеше жыл қатарынан мектепке дейінгі мекемелер авторлық және бейімделген бағдарламаларды оқу үрдісіне енгізуде. Мектеп жасындағы балаларды көптілді білім алуға енгізуде барлық балабақшаларда ағылшын тілін оқыту жүргізіледі. Атап айтсақ №4 «Березка» , №20 «Балбөбек» балабақшалары 12 жылдық білім беруді енгізудің тәжірибелік алаңы болып саналады.

№15 «Ақбота» МдҰ ұжымы балаларға қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын адамгершілік тәрбие арқылы үйрету авторлық бағдарламасын енгізуде. №10 «Балапан» МдҰ-ы толеранттық тәрбие бағдарламасын құрастырып, бірнеше жылдан бері тәжірибеден өткізіп келеді. №№ 24,26 МдҰ-ры балалар құқығын қорғау департаментімен бірлесіп «Құқық мәдениеті» жобасымен жұмыстанып келеді. Денсаулық сақтау технологиясымен санаторлық №3 «Елочка» МдҰ-ы қызмет етеді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың тәрбие мен оқытуға тең қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында №№8,22,24,29,39,40,43,44,45,47 мектепке дейінгі ұйымдарында инклюзивтік кабинеттер ашылып, денсаулығы бойынша толық топтарға қатыса алмайтын, бірақ балабақшаға жақын жерде тұратын мүгедек балалар барады. №45 МдҰ-ы екінші жыл қатарынан инклюзивті бағдарламаны басшылыққа алып, даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларды мектепке дейінгі тәрбие топтарына ендіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Балабақша тәрбиешілері аутизммен, Дауна және балалардың церебриалдық салы (БЦС) ауруымен ауыратын балалармен жұмыстарындағы өз іс -тәжірибелерімен бөлісіп отырады.

Жаңа №46 балалдар мекемесі ашылған сәтінен бастап «Сау баланы тәрбиелеуде мектепке дейінгі ұйым мен отбасының қарым-қатынасы, ынтымақтастығы» моделін тәжірибеден өткізу мақсатында жұмысын жүргізіп келеді.

Биылғы жылы қаламызда «Педагогикалық тәжірибе: білім берудің 12 жылдық жүйесіне көшу жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды мектепте оқуға даярлаудағы перспективалар мен инновациялар» атты Республикалық семинар оздырылды. Семинарды өткізуге №№34,37,47 МдҰ-дың ұжымдары белсене қатысты.

Облыстық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардағы өзге ұлт балалары арасында «Қуыр-қуыр қуырмаш» байқауы оздырылып, байқау қорытындысы бойынша Постнов Роман (№15 «Ақбота» МдҰ) Бас жүлдені жеңіп алса, Микрюкова Эвелина ( №27 «Жігер» МдҰ) І орынға, Мочалова Влада ( №29 «Балауса» МдҰ) ІІ орынға ие болды.

Өткен оқу жылында қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Үздік әдіскер-2013» байқауында №34 МдҰ әдіскері Утегалиева Камшат Кайыргалиевна жеңімпаз атанды.

Білім саласын дамытудың тағы бір көрсеткіші ретінде МдҰ-да компьютерлік сыныптардың ашылуы болып отыр. Мектепке дейінгі ұйымдарда бала басына бөлінген бюджет шығыны жылдан-жылға өсіп келеді. 2012 жылы бұл шығын 160,01т.теңгені құрады.

Дегенмен, бүгінгі таңда МдҰ-да шешілмей келе жатқан мәселелер бар. Ол, екі жастағы бүлдіршіндерге балабақшаларда орын тапшылығы.Бүгінгі күні 13 мың бала кезекте тұр.

Өкінішке орай, көптеп жасалып жатқан шараларға қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың барлығында бірдей мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие топтарының болмауы толғандырып отыр.

Білім қызметкерлері мектеп жасындағы балалармен түзете -дамыта оқытумен айналысуда мол тәжірибе жинақтады. Мектепке дейінгі жастан бастап ауытқушылықтарды анықтауда скрингті ерте бастамаса, әрі қарай осындай балаларға қолдауды дамыту мүмкін емес. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар баланың ерте жастан диагностикасын анықтауға мән бермей, уақытында мамандардың кеңесін алмай, баланың денсаулығына орасан зор нұқсан келтіреді.

Желаев, Круглоозер, Ветелки елді мекендерінде балабақша құрылысын жүргізу мәселесі ашық түрде қалып отыр.

Бастауыш мектептегі баланың жетістігі тікелей МдҰ-ын бітірушілерінің даму деңгейіне байланысты. Бастауыш мектепте оқушылардың бейімделуі МдҰ мен мектеп арасындағы сабақтастықтың жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады. МдҰ-да және бастауыш сыныпта ата-ана белсенділігі жоғары болса, өкінішке орай орта буынға келгенде төмен қарқында жүреді.

Негізгі мәселелердің бірі балабақшаларда білім сапасының мониторингі жүйесінің және 3-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі білім бағдарламасы нәтижесін бағалау жүйесінің жоқтығы деп есептеймін.

Жоғарыда айтылғандардың қорытындылай келе төмендегі міндеттер анықталды.

Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандартында жас ерекшеліктер көрсеткішін, балалардың даму деңгейін анықтаудың индикаторлары қарастырылған. Дегенмен, МдҰ-да сапалы білім берудің мониторингісін жүргізуді қажет етеді.

Біз МдҰ-дарда жаңа орындарды ашу арқылы ондағы орын тапшылықтарды жою жұмыстарын белсенді түрде жүргізуіміз қажет.



  • Балабақшаларда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған моделін дайындаудың және таратудың жобалық ұсыныстарын жасақтауымыз қажет;

  • Мемлекетік – жеке серіктестік жүйесін дамытып, кәсіпкерлердің балабақшаларды ашуныа қолдау көрсету;

  • Мектептерде мектеп алды даярлықты ұйымдастаруда оңтайлы нәтиже беретін әдістемелік-мазмұнды шараларды өткізу.

Орта білім беру


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық баяндамасындағы 20 тапсырманың үштен бірі білім беру жүйесіне қатысты, бұл адами капиталдың сапасы әр адамның білімділігі және кәсіби шеберлігі деңгейімен тікелей байланысты деген ойға жетелейді.

Қаламызда 46 мемлекеттік күндізгі жалпы орта білім беретін мектептер жұмыс істейді. Қала бойынша 5 мектеп-лицей (№27,28,35,38,41), 4 мектеп-гимназия (№34,42,ЭБМ, ВБМГ) және 296 оқушыны қамтыған кешкі мектеп жұмыстануда.

2012-2013 оқу жылы жалпы орта білім беретін мектептерде 32418 оқушы білім алды, ол 2011-2012 оқу жылымен салыстырғанда 779 балаға артты.

Сыныптардың орташа толымдылығы 22,3 оқушыны құрады. Екі ауысымда 41 мектеп (91,2%), бір ауысымда 4 мектеп (№38,35,ВБМГ, ЭБМГ) жұмыс жасап шықты. Қаланың жаңа шағын ауданында №42 мектеп-гимназиясының ғимаратының іске қосылуына байланысты, №44 мектептің үш ауысымды оқыту мәселесі шешілуімен бірге жүктемесі азайды. Оқушы орнының тапшылығы 2011 жылғы 3960-тан 1444- ке азайды.

Дегенмен қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде тұрғын үй кешендерінің салынуына байланысты 7 және 9 шағынаудандарда мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде оқушы орнының тапшылығы байқалады.

Қазақ ұлтының жалпы балалары санының 75,7 %-ы өз ана тілдерінде оқиды.

№41 жалпы орта білім беретін мектебі жаратылыстану -математика бағытындағы мектеп- лицей мәртебесіне ие болды. «Жұлдыз» шағынауданындағы №37 орта мектеп іске қосылды.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және қалыптастыруда Елбасымыз басым бағыттарының бірі деп белгілеп отыр.

ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы №1080 бекітілген шешіміне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру Стандартын енгізу білім жүйесінде күрделі жаңашаландыруды қажет етеді.

Білім беру жүйесін тиімді басқаруды қамтамасыз ету , оны дамыту, білім беру сапасын шын мәліметке негіздеп бағалау болып табылады.

Мектептің сапалы жұмысының дәстүрлі көрсеткіші оқу жылының қорытындысы болып табылады. Қала оқушыларының 2012-2013 оқу жылындағы білім сапасы -57,85%, үлгерімі - 99,92%, өткен оқу жылымен салыстырғанда 0,04 пайызға көтерілген.

№№27,28,34,35,38,41,42,ЭБГ,ВБМГ инновациялық мектептердің педагогикалық ұжымдары жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Бүгінгі ҰБТ- білім беретін мекемелердің сыртқы тәуелсіз бағалаудың маңызды компоненті ретінде қарастырылады.

2012-2013 оқу жылында орта мектепті 1466 түлек және 112 түлек кешкі мектепті аяқтады. Олардың 1055 түлегі, яғни 66,86 %-ы ҰБТ-ға қатысты. 13 оқушы ауруына байланысты қорытынды аттестаттаудан босатылды. Бірнеше жыл қатарынан ҰБТ-ға №1, 27, 41, 42 мектептер түлектері 100% қатысты. 2013 жылы оларға №44 мектеп қосылды.

Қала бойынша орташа балл - 84,13, бұл 2012 жылдың көрсеткішінен 2,05 баллға және облыстық көрсеткіштен 5,98 баллға жоғары. 15 мектептің орташа балы қалалық көрсеткіштен жоғары: (№№41, 34, 35, 38, 27, 42, ВБМГ, 9, 44, 43, 28, ЭБГ, 36, 33, 25.). Биылғы оқу жылы №№9, 12, 13, 16, 21, 22, 23, 25, 27, 28, 30, 32, 34, 35, 38, 39, 42, ВБМГ, Круглоозер, Серебряков мектептері өз нәтижелерін жақсартты.

Инновациялық мектептерде орташа балл : қазақ тілінен -20,93 балл, орыс тілінен -19,42 балл, Қазақстан тарихынан – 19,18 балл, математика -17,9 балл, таңдау пәні бойынша – 18,78 балл.

Орта жалпы білім беретін мектептерде: қазақ тілінен -18,95 балл, орыс тілінен -15,98 балл, Қазақстан тарихынан – 16,50 балл, математикадан -13,19 балл, таңдау пәні бойынша – 15,63 балл.

Қала бойынша ең жоғары көрсеткіш -123 баллға, «Алтын белгі» иегерлері №34 мектеп-гимназиясының оқушысы Ажғалиева Азиза мен №41 мектеп-лицейінің оқушысы Есқалиева Әйгерім ие болды.

№№20, 34, 35, 38,42 мектептердің 7 оқушысы 120 баллдан жоғары, №№7, 9, 12, 19, 20, 21, 24, 27, 28, 30, 32, 33, 34, 35, 36, 38, 41, 42, 43, 44, ВБМГ-ның 64 оқушысы 110 баллдан жоғары жинады.

№№1, 2, 3, 6, 7, 9, 12, 13, 17, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 30, 34, 35, 36, 38, 41,42,43, 44, ЭБГ, ВБМГ-ның 116 түлегі 100 баллдан жоғары сертификатты иеленді.

ҰБТ барысында биыл жоғары награда үміткерлері емес 25 оқушы барлық пәннен «5» бағасын алып, өздерінің білім нәтижелерін көтерді.

Ең жоғары мектеп наградасы «Алтын белгіге» иегер 43 үміткердің 22 түлегі білімдерін дәлелдеп шықты. Олар №№9, 19, 21, 30, 33, 34, 35, 38, 41, 42, 44, ВБМГ түлектері. Ерекше үлгідегі аттестатқа 20 үміткер түлектің 12-сі ие болды: №№7, 20, 21, 23, 32, 35, 42.

Халықаралық жарыстар қорытындысы бойынша №35 лицей түлегі Итегулов Данияр, №38 лицей түлегі Малқаждар Нұрлан, Турарбеков Асхат және №43 мектеп түлегі Таскали Таир аттестатпен бірге білім гранттарының сертификаттарын алды.

ҰБТ-ға қатысқан №№9, 13, 27, 34, 35, 41, Серебряков және ВБМГ оқушылары түгелдей шекті деңгейден өтіп, білім гранттарын алу мүмкіндігіне ие болды. 1055 түлектің 138-і шекті деңгейден өте алмады: №10, 16, 22, 25, 33, 36, 38, 42, 44- 1 оқушыдан; №№1, 23, 28, 31(22,2%), 32, 40,Круглоозер, ЭБГ-2 оқушыдан, №№3, 5, 14(33,3%), 39- 3 оқушыдан; №2, 24, 45(26,7%)- 4 оқушыдан; №19, 30, 43- 5 оқушыдан; №12, 20, 26(24,2%)-8 оқушыдан; №7- 10 оқушы, №17-11 оқушы; №6, №21- 12 оқушы.

Мектеп түлектерінің арасында пәндер бойынша 16 оқушы немесе 1,61% (2012 ж-2,7%) ҰБТ-да қанағаттанарлықсыз бағасын алды: математикадан - 9 түлек (№2, №5, №21, №26, №39, №40, №45, ЭБГ, ВБМГ); физикадан (таңдау пәні) – 5 түлек (№№6, 20, 32, 43, кешкі мектеп); қазақ тілі, орыс тілі, тарих пәндерінен 1 оқушыдан (№32,36,кешкі мектеп).

Қазақ тілі, орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы, химия, ағылшын тілдерінен білім көрсеткіштері өскен, ал физика, география, биология, дүние жүзі тарихы пәндерінен орташа балл төмендеген.

№№17,5,2,10,14,26,45,31,39 және кешкі мектептерінің білім сапасын арттыруда нәтижелі жұмыстануды қажет етеді.

№№6,7,9,10,21,28,30,34,38,44 мектептердің 9-10 сыныптарында Білім Министрлігі өткізген екідеңгейлі ұлттық тестілеудің тәжірибелік байқауы, тәуелсіз электронды аралық бақылау, халықаралық TIMSS және PISA тестілеуі болашақтағы білім алудың даму бағытын көрсетеді деп күтудеміз.

Заман талабына сай ұстаз жұмысында ең өзекті мәселе- оқушы мен мұғалімнің бірігіп шығармашылықпен жұмыстануы.Мұндай әдісті әсіресе дарынды балалармен жұмыстанған уақытта қолдану тиімді. Бұл барлық пәннің жоғарғы деңгейде оқытылуын талап етеді.Сонымен қатар жаратылыстану-математикалық, гуманитарлық бағыттағы пәндер де бастауыш мектептен басталатынын естен шығармау қажет екенін атап айтқым келеді.Ерекше қабілеті бар оқушылармен жоғары деңгейдегі жұмыстарды ұйымдастыра білгенде ғана сапалы нәтижеге қол жеткізуге болады.

Биылғы оқу жылында қуантарлық жағдай барлық қала мектептерінің командаларынан 684 оқушы олимпиадаға қатысты. Ең көп санды командалар: №35мектебінен 123 оқушы, №34 -тен -34 оқушы, №38-ден -33 оқушы, №44 –тен- 21, №7-ден -29 оқушы. «Үздік олимпидалық команда» атағын №35 мектеп-лицейі иеленді, 123 оқушының 73 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

Пәндік олимпиадада жоғары көрсеткіш көрсеткен мектеп оқушылары: №20 -10 жүлдегер, №44- 8 жүлдегер, №34 -17 жүлдегер, №38–10, №27- 9, №41МЛ -8, №28МЛ - 6, ЭБГ- 3, №42 -3, ВБМГ -1. Қатысқан 684 оқушының 200-і олимпиаданың жүлдегерлері атанды.Соңғы жылдары қазақ тілі, информатика, география, биология, ағылшын тілі пәндерін қатысушылар көбейгені байқалады.

Өкінішке орай, математика, физика, химия пәндерінен оқушылардың олимпиадаға қатысуының азаюы алаңдатады.Бұл пәндер бойынша білімнің өзектілігі орасан зор екені бәрімізге мәлім. Білімді қалыптастыру жұмыстары пән мұғалімдерімен ғана емес, ең бірінші бастауыш сынып мұғалімдерімен бастаулары қажет.

Облыстық олимпиадаға қатысуға 74 оқушы (№№2, 3, 5, 7, 10, 17, 20, 21, 25, 27, 28, 32, 34, 35, 38, 41, 42, 43, 44, ЭБГ) жолдама алды. 45 оқушы жүлдегер атанса, 11 оқушы Алғыс хатпен марапатталды.

Пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде қала командасы бұрынғы жылдар көрсеткіштерін жақсартты, яғни 45 жүлделі орынға ие болды: І орын – 13 оқушы (2012 жылы -8) (№35 МЛ(6), №38 МЛ(2), ЭБГ(2), №27( 1), №41(1), №21(1), ІІ орын - 13, №35МЛ(8), №17(1), №27(1), №10(1), №34(1) ЖОББМ №32(1), ІІІ орын -19 оқушы, №35 МЛ(9), №32(1), №43(1), №38(2), №5(1), №28(1), №27(3).

9 оқушы олимпиаданың Республикалық кезеңіне қатысты: Жаратылыстану-математика бағыты бойынша Иманкулов И. (№35 МЛ, химия, 3 орын), Итегулов Д. .(№35 МЛ,информатика, 2 орын), Шадеева А, (№35 МЛ, физика, 3 орын). Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Копболсынова Динара (орыс тілі, №17 І орын), Каримов Әділет (№38МЛ, Қазақстан тарихы, 2 орын), Имашева Елена (№35МЛ,11 сынып, ағылшын, 2 орын), Зайнуллиева Аида (№27МЛ, 10 сынып, қазақ тілі, 3 орын), Галиуллин Аманжол (№32, 11 сынып, орыс тілі, 3 орын).

Балаларды ғылымға бағыттауда оқушылардың ғылыми жобалар сайысы өткізіліп тұрады. «Дарын» қосымша білім беру орталығы ұйымдастырған Сегізінші облыстық «Intel-junior» интеллектуальды олимпиадасына №34 мектептен Сатқан Ануар , №26 мектебінен Усманов Асқар , №31 мектептен Калимов Абзал, №9 мектептен Лимов Максим қатысты. Математикалық турнирде Сатқан Ануар - І орын, Калимов Абзал - ІІ орын иеленді. Жалпы командалық есеп бойынша қала құрамасы дарынды балаларға арналған №11 МЛ-нен кейінгі ІІ орынды жүлделеді.

№34 МГ-ның бастауыш сынып оқушылары Магзомова Дильназ, Акылбекұлы Аңсар, Ахон Айбек (мұғалімдері - Абдрахманова Б.А., Тулеушова А.Р., Оразова А.К., Сапаргалиева С.Ш., тренері - Куанышалиева Ж.К) Республикалық «Бастау-2013» математикалық турнирінен ІІІ орынмен оралды.

Ғылыми-ізденіс жұмысына деген қызығушылықты арттыруда ғылыми жобалар сайысы өткізілді. І кезеңге №№ 1, 2, 3, 6,7, 9, 10, 13,14,16, 19, 20, 21, 23, 25, 26, 27, 28, 30, 32, 33, 34МГ, 35МЛ, 36, 38МЛ, 39, 40, 41, 42МГ, 43, 44, 45, ВБМГ, ЭБГ, Круглоозер, Серебряков мектептері қатысты. Әділқазылар 175 жұмысты қарап, оның 88-і жоғары баға алды. Олар - №№34,42,ВБМГ,43,35,19,38 мектеп оқушыларының жұмысы.

Ғылыми жоба сайысының облыстық кезеңінде 13 оқушы жүлделі орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. Олардың 4-уі республикалық кезеңнің жүлдегерлері болды: №38 МЛ оқушылары Шуинов Азамат, Каримов Адилет (өлкетану секциясы), №27 МЛ Кадимова Динара (тіл біліміне кіріспе секциясы ), №34 МГ Сейілханова Динара (биологии секциясы).

Құрметті әріптестер! Жоғарыдағы айтылғандарды есепке ала отырып, келесі жұмыс бағыттарын жандандыру қажет деп есептеймін.


  • Материалды-техникалық ресурстарды , оқу-әдістемелік кешендердің тиімділігін жетілдіру бағытында жұмыстану;

  • Білім беру мекемелерінде мониторингтік қызметтің нәтижелігін арттыру;

  • Білім беру саласының менеджментін қалыптастыру, соның ішінде корпоративті басқару қағидасын енгізу.


Қосымша білім беру

Бәрімізге белгілі, қосымша білім беру орталығы жеке тұлғаны дамытуға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, денсаулықты нығайту, кәсіптік анықтау, балалардың шығармашылық даму мақсаттарын шешеді .

Қалалық білім беру бөлімінде 9 мектептен тыс мекемелер жұмыс істейді. Олардың ішінде 4 саз мектебі, 2 мектептен тыс орталық, балалар көркемсурет мектебі, өнер мектебі, «Атамекен» қалалық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы. Бұл мекемелерге 8653 бала қамтылды. 2013 жылы қосымша білім берумен қамтылған балалар үлесі оқушылар санының 26,5%-ын құрады.

2012-2013 оқу жылында қала мектептерінің оқушылары әр түрлі 92 облыстық және республикалық кезеңдердегі жарыстарға қатысты. 1013 бала жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.


Мектептептердің алдында тұрған маңызды міндет - оқушыларды тәрбиелеу жүйесін жетілдіру, оқыту және кәсіптік бағдар беру.


Сондықтан қазіргі таңда балаларға жалпы және қосымша білім беруді жобалау мен жүзеге асырудың ең тиімді әдісі мектеп пен мектептен тыс ұйымдарының арасындағы маңызды байланыс.

Бос уақыт қызметін пайдалы ұйымдастыру үшін қаланың барлық аудандарын қамтитын, қосымша білім берудің қашықтан оқыту және интесивті оқыту жүйесі жұмыс істейді.

Қазір қосымша білім беру жүйесінде 9 мекеме, олар 8629 оқушыны қамтыған, немесе жалпы санның 26%- ы. ( 2011-2012 оқу жылы 8371 оқушы). 2012 жылы бір балаға жұмсалған шығын 47,6 мың. теңгені құрады.

Жыл сайын балалар саз мектебі мен сыныптан тыс орталықтардың тәрбиеленушілері республикалық сайыстардың жеңімпазы немесе жүлдегерлері болып жүр.

Осылайша, VIII Қазақстанның Дельфий ойындарында Дина Нүрпейісова атындағы №1 саз мектебінің оқушылары Сидорович Мария (фортепьяно) - І орын, республикалық «Таланттар жұлдызы» сайысында Набиденова Гүлдана (терме) - ІІІ орын иеленді.

«Таланттар жұлдызы» республикалық сайысында №1 саз мектебінің домбырашылар ансамблі (жетекшісі Кенжеғалиева А.) ІІ орын, №3 балалар саз мектебінің хор ұжымы ІІІ орын, Коба Оксана (фортепьяно) Гран ПРИ, Жигалина Оксана (фортепьяно) ІІІ орын, Өнер мектебі оқушысы Шаймардан Әсет Гран ПРИ жеңіп алды.

Әр түрлі бағыттағы және деңгейлі іс–шаралармен балаларды қамту да өсті. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың бір амалы – спорт үйірмелерін жұмысын жандандыру.

Мектептен тыс жұмыс орталығының оқушылары да аз жетістіктерге жеткен жоқ: Қайыржанов Әсет–тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатында - І орын, Боранбаева Алина, Ерланов Ерназ, Қанаткалиев Диас каратэден ҚР кубогында - І орын, Кириллин Дмитрий Халықаралық ашық турнирде таэквандодан - І орын.

Балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруда олардың тұратын жерлерінде аулалық спорт алаңдары, мектептің спорт алаңдарын жабдықтау жалғасын тапса , бұл мәселелер шешімін табар еді.

Спорт, техникалық - шығармашылық, туризм сияқты қосымша білім беру және білім берудің түрлерінің материалдық-техникалық қамтылуы ескірген және көне материалдық- техникалық жабдықтаумен қамтамасыз етілген, ал жұмыстың мазмұны балалардың қажеттілігіне әлі де толықтай сай емес.

Әлі күнге дейін жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың қосымша білім беру жүйесіндегі жетістігін сынау механизінің мәселелерін шешкен жоқпыз. Мектептерде спорттық алаңдар, спорт залдары болуына қарамастан гимнастикалық қалашықтар мен ату тирлерін көбейту маңызды мәселе болып қалып отыр.
Қолжетімді білім мен тәрбие алуға жағдай туғызу

Құқықтық мәдениетті, салауатты өмір салты дағдысын қалыптастыруда қабылданып отырған шараларға қарамастан, жасөспірімдердің арасында тәуекелге барушылық, құқықбұзушылық алаңдатады.

Алдын-алу шараларының ішінде құқықбұзушылық пен зиянды заттарды қолданбауға, рухани - адамгершілік тәрбиеге және тәртіпке көңіл бөлінеді.

Маңызды және әлеуметтік мақсаттың бірі - біздің қоғамның алдында тұрған құқықбұзушылықты төмендету, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың артуын азайту және алдын алу шаралары жұмысының тиімділігін дамыту.

Бала – әр мемлекеттің баға жетпес құндылығы. Олар жастайынан әр нәрсеге еліктегіш және үйір болады. Келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, баланың бойына тәрбиені тал бесіктен сіңіру қажет.

Мұндай өткір мәселелерді шешу педагогика саласына жүктелген. Дегенмен, мұндай мәселелерді шешу кешенді, яғни қоғамның барлық күштерін тарту арқылы жүзеге асырылады.

Бұл бағыттағы жұмыс ҚР-ның 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 «Кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыз және бақылаусыз қалудың алдын алу» туралы Заңын, «Тәрбиенің кешенді бағдарламасын», «Тәрбие тұжырымдамасын», «Балалар құқығы Конвенциясын», тағы басқа нормативті құжаттарды басшылыққа алынып жүргізіледі.

Қаланың 46 мектебінде кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімінде 43 инспектор және 14 аймақтық инспектор құқық бұзушылықты алдын алу жұмысын жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда 180 баланың 31-і мектепшілік бақылауда, 149-ы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімде бақылауда тұр. 2012 жылы осындай оқушылардың қатары 327 -ге жетті.

Қалалық білім бөлімі құқық қорғау органымен, қала әкімдігінің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссиясымен бірлесе отырып, құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты іс- шаралар жоспарын құрастырды. Құқықбұзушылықтың алдын алу айлығының шеңберінде №34,44 мектептерінде семинар тренингтер өткізілді.

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құрылған «Қайсар» лагерінің іс-тәжірибесі облыс көлемінде енгізілуде.

Өткен оқу жылында құқықбұзушылықтың алдын алуда «Түнгі қала» шараларының шеңберінде 266 рейд өткізілді. Оған 310 педагог, инспекторлар, ата-аналар қоғамы қатысып, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, аулалар, ойын-сауық кешендерін тексерді.

Қала әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі №756 қаулысымен әр мектепке шағынаудандар белгіленген. Жылына екі рет «Қамқорлық» және «Мектепке жол» акциясы шеңберінде балалардың оқумен камтылуы, аз қамтылған балалар саны анықталады.

2012-2013 оқу жылында «Мектепке жол» акциясы кезінде 2423 балаға 15454371,8 теңге көлемінде, оның ішінде бюджет қаражатынан 11352131,8 теңге, бюджеттен тыс қаражаттан 41002240 теңге көмек көрсетілді.

Әр айдың 5-і күні білім беру бөлімінен себепсіз 10 күн қатарынан сабаққа қатыспай жүрген оқушылар туралы мәлімет жинақталады.

Он күн қатарынан себепсіз мектепке келмей жүрген оқушылар саны 2008 жылы 48 болса, 2013 жылы 9 оқушы болды.

Қаланың әр мектебінде қоғамдық кеңестер, ата-аналар комитеті, жоғарғы сынып оқушыларының кеңесі құрылды.

Олардың міндеттері - құқықбұзушылықтың, қылмыстың алдын алу. Оқушылардың құқықтық мәдениетін көтеру, жүйелі бақылауды, мектептегі тәртіпті сақтау жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.

Қала мектептерінің оқушылары қоғамдық өмірге, спорттық және сыныптан тыс жұмыстарға белсене тартылады. Мектептен тыс орталықтарында әртүрлі бағыттағы 286 үйірме тегін жұмыс жасайды, оның ішінде мектеп базасында 150 спорттық үйірме жұмыс жасайды. Аталған үйірмелерге негізінен «тәуекел топ» оқушылары қатыстырылады.

Қаланың 46 мектебінде «Жас полицейлер» отрядтары құрылып, мақсаттары мен міндеттері анықталды. Жыл сайын құқықбұзушылықты алдын алуда «Жас полицейлер» байқауы өткізіліп тұрады.

Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде пән - мұғалімдерімен қатар, әлеуметтік педагогтар, психологтар, сынып жетекшілері жұмыстануда.

Олар жеке тұлғаны тәрбиелеуде, білім беруде, дамытуда, әлеуметтік қорғауда көмек пен қолдауды көрсетіп келеді.

Ата-аналар мен мектептердің бірлескен жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Алтын ұя» байқауы мен «Әкем, шешем және мен» атты спорттық сайыстарды өткізу дәстүрге айналды.



Қымбатты ата-аналар!

Оқыту мен тәрбие барысында қиындықтар аз болуы үшін, педагогтар мен ата-аналар арасында жүйелі жұмыстың жүргізілуі қажет. Тек бір-бірімізге үлкен құрмет пен ынтымақтастық болған жағдайда алдымызға қойған міндеттерді шешеміз.

Оқушылардың тамақпен қамтылуы – жалпы білім беретін мектеп жұмыстарында білім сапасын арттыру және оқушылардың денсаулығын шыңдаудағы маңызды құрамды бөлігінің бірі.

Қала мектептерінің асханалары мен буфеттерінде қоғамдық ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. 2012-2013 жылдың мамыр айына ыстық тамақпен 22470 оқушы (2011-2012 оқу жылында 22230 оқушы) қамтылды: олардың ішінде аз қамтылған отбасы балаларын тамақтандыру үшін -2016 балаға ( 2011-2012 оқу жылында -1822 оқушы), 1-4 сынып оқушыларынан 14720 балаға (2011-2012 оқу жылында -13900 оқушы).

Буфетік тамақтанумен -11258 оқушы (2011-2013 оқу жылында – 13810 оқушы) қамтылған. Буфеттік тамақтанудың жылдан-жылға азаюы, салауатты өмір салты бойынша түсіндіру жұмыстарының және ыстық тамақпен қамтамасыз ету жолдарының жақсы жолға қойылғанын көрсетеді.

Бастауыш сынып пен аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету 100 %-ды құрап отыр.

Эстетикалық бағыттағы мектеп гимназиясы, Вальдорф бағытындағы мектеп гимназиясы,№27 мектеп-лицейі, №42 гимназиясы ыстық тамақпен 100 %-ға қамтылған.

Ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыруды, тамақтану ережелерін сақтау, сапалы және қауіп төндірмейтін тамақпен қамтуды қалалық ата-аналар комитеті, мектептердің ата-аналар комитетінің төрайымдары және білім саласының ардагерлері бақылап отырады.

Тамақпен қамтуды ұйымдастыруда жүргізілген жұмыстар-балалар денсаулығын нығайтуға бағытталады. Мектептердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, салауатты өмір салты негіздерін және тамақтану мәдениетіне байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.

ҚР-ның «Білім туралы» Заңын орындауда, ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 25 қазандағы №834 «Жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтіп ұстау мен оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесін бекіту туралы» бұйрығын, Орал қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 24 ақпандағы №230 «Мектеп жасындағы балаларды қашық елді мекендерден тегін тасымалдауды ұйымдастыру» туралы қаулысын басшылыққа ала отырып, №№10,12,18,20,22,30,32,37, Круглоозер, Серебряков мектептерінде барлығы-1374 балаға тасымалдау жүргізілді. Осы мақсатта бұл мектептерге тиесілі 11 автобус, 6 шағын автобус пайдаланылуда.

Бүгігі таңда №№10,20,30,37 мектептерінде автобустардың ескіруі, коррекциялық дамыта оқыту сыныптарында оқушыларды тасымалдау мәселесі туындап отыр.

Қалада оқушыларды мектеп автобустарымен тасымалдау маршруты жолға қойылса, бұл мәселе шешімін табар еді деп есептеймін.



Арнайы білімді дамыту

ҚР-сы Елбасының 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында жүйелі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру қарастырылған.

2012-2013 оқу жылы Орал қаласында даму мүмкіндіктері шектеулі 2998 бала, оның ішінде 1903-і мектептерге орналастырылған.

2010 жылы №8 "Сказка", №22"Колобок", №24"Солнышко, №29 «Балауса» МдҰ-дарда 11 топ ашылған, онда 130 бала тәрбиеленуде. «Бәйтерек» МдҰ-да дамуында ерекше мұқтаждығы бар балаларға топтар ашылған. Бүгінгі күні 5 МдҰ-да арнайы ауру балаларға арналған топтар бар, онда 154 бала қамтылған. Мектепке дейінгі ұйымдарда көру қабілеті бұзылған ,интелект, сөйлеу, психикалық дамуы тежелген (ПДТ) секілді ауру балалар үшін арнайы коррекциялық топтар жұмыс істеуде. 9 МдҰ-да инклюзивті білім беру кабинеттері ашылған. Соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі 130 бала осы жерлерде коррекциялық – педагогикалық көмек алып отыр.

№№3,13,16,19,22,45 мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы сыныптар жұмыс істеп келеді. Қазір 31 сыныпта 179 бала білім алуда. Осы жылдан бастап №45 мектепте жеңіл ауытқушылығы бар балаларға бес сынып ашылған.

32 мектепте логопед бөлімдері 1133 баланы қамтып, жұмыс істеп келеді. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін осы мектептің педагогтары мұғалім біліктілігін арттыратын республикалық курстардан өтті.

2012 жылы «Нұрсәт» МДҰ-да инклюзивті білім беру басталды. Әр түрлі ауруы бар 10 бала өз жасындағы балалармен тәрбиеленуде.

Бұл жылы қаланың инклюзивті білім беру жүйесінде инклюзивті шағын орталықтар, №16 жалпы білім беретін мектепте мектеп алды даярлық сыныбы ашылды, 7 бала шағын орталықта және 1 бала кохлеарлы имплантант есту қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік алуда.

2012 жылы 131 бала үйден оқытылуда, бұл жалпы білім беретін мектеп оқушыларының 0,40% -ды құрап отыр.

Білім беру қызметінің сапасын жетілдіру үшін, 30 комплект техникалық-бағдарлама құралы 19 млн.теңгеге алынды, 2012 жылы үйден оқитын 35 оқушыға 18500 млн. теңге бөлініп, компьютерлер тапсырылды.

Барлығы 65 мүгедек бала (50%) интерактивті оқытуға мүмкіндік алып отыр. Қазіргі уақытта ғаламторға барлық компьютерлерді қосу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде мектептен тыс орталықта қаланың мүмкіндігі шектеулі балалары үшін түрлі жобалар ұйымдастырылып келеді.

Өкінішке орай, қала аумағында тұратын осы балалардың ерекше қабілетін анықтауда ерте жастан көмек беру толықтай жүзеге аспауда. Мүгедек оқушыларды білім беру мекемелеріне тасымалдау ескерілмеген. Өткір тұрған мәселе мектептер жанынан (оқу -өндірістік шеберханалар орталығы арқылы) білім алуда ерекшелікті қажет ететін балаларға бастапқы кәсіби білім алу қажеттілігі туындап отыр, сондай-ақ осындай балалармен жұмыс істейтін мамандардың жетіспеушілігін айта кету керек. Бұл уақытша мәселе деп есептеймін.



Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу

Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы" Кодексінде белгіленген мемлекеттің қазіргі отбасы саясаты, яғни баланың отбасыда өмір сүруі мен тәрбиеленуін қамтамасыз ету мақсатына негізделген стратегия бойынша жүзеге асса тиімді болады. Білім беру бөлімі тарапынан әлеуметтік жетімдіктің деңгейін төмендету мақсатында бірнеше жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта қала бойынша ата-ана қамқорлығынсыз қалған – 717 бала, оның ішінде 398-і 345 отбасында қамқорлыққа және қарауға алынған, 63 бала 44 отбасында патронаттық тәрбиеде, олардың ішінде жетімі – 168, яғни 36 %-ды құрайды. 367 бала жетім балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленуде, оның тек 48-і ғана жетім - 19%. 367 бала жалпы білім беретін мектептерде білім алуда, 43 бала мектепке дейінгі жаста, 45 бала кәсіптік лицейледе білім алуда.

Мұндай отбасылардың жылдан-жылға өсіп отырғанын атап өтуге болады.

2011 жылдан бастап әр балаға мемлекет 10 айлық есеп көрсеткішінде көмек көрсетілуде.

Туыстарында қорғаншылықта болған 4 бала девиантты мінез-құлқы үшін бас тартып, балалар үйіне тапсырды.

Екінші маңызды фактор ата-аналардың әлеуметтік бейімділігінің төмен деңгейі болып табылады, яғни бұл ішімдікке, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауға әкеледі. 2012 жылы 38 бала бойынша 24 азаматтық іс қаралды. Бұл бала тәрбиесімен шектелуге немесе өз құқығынан айырылуға әкеледі. Қазір 190 бала қиын жағдайда қалуда, бұл қиындықтар ата-аналар кінәсінен болып отыр. Осындай оқушыларға уақтылы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында барлық мектептерде әлеуметтік педагогтар қызмет етуде, яки ыстық тамақпен, оқумен қамтамасыз ету, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығын қорғауда, мекен – жайы бойынша әлеуметтік көмек алуда бұл педагогтардың көмегі ұшан-теңіз.

Қолайсыз отбасыларды анықтау мәселесі өзекті болып қалуда, бұл ұстаздардың әрекетімен жүзеге асуда. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу үнемі өз нәтижесін бере бермейді.

Бұған себептердің бірі ретінде қамқорлыққа алу бөлімінде жұмыс істейтін мамандардың жеткіліксіздігі. Бұл маңызды құрылымды заңды тұлға ретінде көлікпен қамтамасыз ететін, штатпен толықтыратын кез келді.


Бала мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және бос уақытын ұйымдастыру

2013 жылдың жазғы каникулында балалардың қылмысын, құқық бұзушылығын алдын алу мақсатында, денсаулықтарын нығайту және балалардың шығармашылығын дамыту мақсатында Орал қалалық білім беру бөлімі түрлі жазғы демалыс шараларын ұйымдастырды.

Жазғы сауықтыру шараларының сапасына мектеп жанындағы лагерьлердің, стационарлардың жұмысына бағытталуына ықпал етеді.

Әсіресе, аз қамтылған, көп балалы отбасы, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ даму мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл аударылуда.

"Атамекен" стационар лагерінде демалыспен 972 бала қамтылды, соның ішінде 217-і дарынды бала, 452-і аз қамтылған, көп балалы отбасы, жетім, аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар.

Қаланың 45 мектебінің мектеп жанындағы лагерьлерінде 4292 бала ыстық тамақпен қамтылып, демалды. Олардың 600-і аз қамтылған, көп балалы және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар.

Оқушылардың демалысын ұйымдастыру кезінде ыстық тамақпен қамтылмаған мектеп жанындағы лагерьлерге ерекше көңіл аударған жөн, мұндай демалу демалыс пен оқуды ұштастыра отырып, балардың түрлі ғылым салаларына қызығушылық - танымдылығын арттыра түседі.

45 мектепте 5200 баланы қамтыған мектеп жанындағы жарты күндік алаңдар мен лагерьлер жұмыс істеді.

Төртінші жыл қатарынан қалалық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен "Мирас" және "Рахат" шатырлы лагерьлері 1700 баланы қаланың 45 мектебінен қамтып отыр. Дәстүрлі түрде №17, 6, Круглоозер мектептері 100-ден аса баланы шатырлы лагерьмен қамтып келеді, Круглоозер мен №12 ЖОББМ- і 80 баланы еңбек және демалыс лагерьлерімен қамтыды.

Мектеп оқушыларының орта және жоғары буындарының арасында спорттық-туристік бағыттағы шаралар кеңінен танымал. №23,25,35, 36, 45 мектеп оқушыларынан жиналған 150-ден аса балалар экспедицияға қатысты. 45 мектепте 1248 баланы қамтыған құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. 44 мектепте көгалдандыру бригадалары жұмыс істеді, бұған 6400 бала қамтылды. 2011 жылдан бастап тәуекелшіл топтан құралған, өмірде қиын жағдайға тап болған балалардан құралған әскери-патриоттық "Қайсар" лагері өз жұмысын жүргізіп келеді, 2011 жылы 91 кәмелеттік жасқа толмаған баланы қамтыса, 2012 жылы 200 бала, 2013 жылы 230 баланы құрап отыр. Баланың жазғы демалысын және бос уақытын ұйымдастыруды қамту қала мектеп оқушыларының – 2010 жылы - 71,7%, 2011 жылы – 72,1%, 2012 жылы- 73 %, в 2013 жылы -76 % жалпы контингентін құрап отыр.

Жазғы демалысты ұйымдастыруға бөлінген қаржы: 2011 жыл -38 897.0 мың. теңге., 2012 жыл -47 335 0 мың. теңге., 2013 жыл- 36839мың теңге.

Педагогикалық қызметкерлер

ҚР-ның 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында педагогтардың кәсіби өсуі мен мәртебесі басты бағыттардың бірі болып анықталып отыр.

Білім беру мекемелерінде 3165 педагог қызмет етеді. Педагогтардың саны өткен жылға қарағанда 422 адамға өсті. Жоғары және І санаттағы педагогтар саны - 1513.

Қала мұғалімерінің оқу-тәрбие жұмыс барысында түрлі технологияларды қолданады. «Сыни тұрғысынан ойлау», «Биоинформатика және энергетика», «Модульдік оқыту», «Үш өлшемді оқыту жүйесі », «Step by step», «АКТ-ны қолдану», «Деңгейлік оқыту», «Вальдорф педагогикасының элементтерін қолдану», «Жобалау», «Проблемалық оқыту», «Құзыреттілікті қалыптастыру» және т.б. технологиялар бүгінгі күні кеңінен қолданылады.

Білім сапасын көтеру және білім беру процесін белсендіру мақсатында 2013 қаңтарынан бастап білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектеп ынтымақтастығы» атты жоба жұмыс істей бастады. Яғни жаратылыстану-математика бағытындағы мұғалімдердің ассоциациясы құрылды.

Оқу-тәрбие процесінің кеңейуі мақсатында оқушылармен, ата-аналармен қатынасты болуға, жұмыстың жаңа формалары мен түрлерін пайдалануда білім жүйесінде қаланың білім басқармасының сайты (www.oral-bilimbb.kz) құрылды. Бұл сайт білім беру саласындағы басқа да ақпарат мүмкіндіктерді пайдалануға, педагогтардың кәсіби өсуіне септігін тигізеді.

Бүгінгі күні педагогтардың кәсіби өсуіне ерекше назар аударылуда. Осыған байланысты 2012 жылдан бастап Республикада педагогикалық кадрларды қайта даярлаудың жаңа моделі енгізілді.

«Өрлеу» орталығында 1227 мұғалім курстан өтті. Соның ішінде 31 педагог біліктілігін арттыру курсын республикалық деңгейде Алматы қаласында оқып келді.

Үздік педагогикалық шеберлікті тарату мақсатында қала мектептерінде «Жас мұғалімдер» мектебі, «Озат тәжәрибе мектебі», «ҰБТ-ға дайындауға қиындықтар және оны шешу жолдары» атты шығармашылық топтар жұмыс істеп келеді.

2012-2013 оқу жылы білім басқармаларының әдіскерлері іс-тәжірибелерін қала, облыс, республика көлемінде таратты. Педагогтарға көмек ретінде әдіскерлік кабинетпен 542 семинар-тренинг, директор орынбасарларына 311 курстар өткізілді.

Білім беру мекемелері басшыларының біліктілігін көтеру мақсатында 2014 жылдан бастап «Директор мектебі» атты кеңес орталығын ұйымдастыру қарастырылып отыр.

Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін көтеру мақсатында әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен келесі шығармашылық топтар құрылды:

- «Ізденіс»(12 жылдық білім беруде дарынды және тұлғалы тәрбиелеу);

- «Бал» (бейінді оқыту);

- «Ізгілік» (шығармашылық әлеуетті дамыту);

- «Өркен» (қабілетті балалармен жұмыс) .

Мемлекеттік тілді дамыту және іс-тәжірибе алмасу мақсатында 2013 жылдың қаңтар айынан бастап «Мектептер әріптестігі» жобасы енгізілді. Жобаның мақсаттарының бірі- мектепте қолданылатын жаңа технологияларды салыстырып зерттеуге, білім сапасын көтеруде жүйелі қолдануға үйрету. Жоба аясында қалалық мектептер бір - бірімен мектепішілік құжаттарды жүргізуде, сабақ берудегі инновациялық технологияларды үйренуге, білік, білімдері бойынша тәжірибе алмасып келеді.

Мұғалімдердің функционалдық білімін жетілдіру мақсатында 2013 жылдың қаңтар айынан бастап қалалық білім беру бөлімінде жаңа «ЖОО-ҚБББ-ЖОББ мектептердің өзара байланысы арқылы мектептегі білімді модернизациялау» жобасы енгізілді. Онда:



  • М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетімен №27 МЛ, №38 МЛ, №1, №7,№21 ЖОББМ;

  • Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетімен №28 МЛ, №34 МГ, №36 №24, №45 ЖОББМ;

  • Еуразия Батыс Қазақстан тілдер және менеджмент институтымен №41 МЛ , №42 «Ақниет» МГ, №26 , №30, №44 ЖОББМ жоспарлы жұмыс жүргізілді.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі- оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Осы орайда қалалық білім беру бөлімінде мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатында түрлі байқау- сайыстар ұйымдастырылып отырады. Соның бірі: педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтары арасында ұстаздарың кәсіби құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында ағымдағы жылдың 19 сәуірінде «Үздік педагог» атты қалалық байқаудың І бөлімі сырттай өткізілді. Байқаудың І сырттай бөліміне қала мектептері мен мектептке дейінгі ұйымдарынан 37 ұстаз қатысты.Қорытындысында жеңімпаздар төмендегідей орындар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлдені – Таскарина Г.Ү. -№ 38 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, І орын- Прутова И.Г. Вальдороф бағытындағы мектеп гимназияның музыка пәнінің мұғалімі, ІІ орын- Саматаева Г.А. , №36 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі мұғалімі , ІІІ орын – Алипова Г.Т. №1 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі иеленді. Сайысқа қатысқан № 7 ЖОББМ (Михеева В.Н.), № 23 ЖОББМ (Хусанова Ж.Б.), №28 ЖОББМ (Сафиева С.Ш.), №32 ( Макарова В.А.),№34 МГ (Куспанова Ж.Н.) №41 МЛ (Ахметкалиева С.Ж.). Круглоозер ЖОББМ (Айткалиева Х.Ж.), №42 МГ (Мулдагалиева Б.Г.), №43 ЖОББМ(Досқали Г.І.),№45 ЖОББМ (Маштакова М.В.),№21 МдҰ (Баймолдина А.А.), №26 МдҰ (Мелентьева С.В.) ұстаздары номинация және сыйлықтармен марапатталды.

Бас жүлде иегері Таскарина Г.Ү. -№ 38 МЛ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі «Үздік педагог» байқауының облыстық кезеңіне қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді. Құжаттары мен портфолиосы республикалық кезеңге тапсырылды.

2012-2013 жылдағы педагогикалық оқуларының ережесіне сәйкес ағымдағы жылдың 27 наурызында «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық педагогикалық оқулары оздырылды.

Педагогикалық оқулардың ережесіндегі басым бағыттары бойынша 7 секцияның жұмысы ұйымдастырылды. Барлық түскен жұмыс саны – 140 болса, эксперттік комиссиясының сараптамасы бойынша 60 жұмыс секциялық отырысқа жолданды.

Материалды-техникалық жағдайды жақсарту, педагог-психологтың кәсіби біліктілік шеберлігін арттыру және кәсіптік деңгейі мен білім беру жүйесінде психологиялық қызметін көтеру, психологтардың үздік тәжірибелерін анықтау, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды қолдау мақсатында 2012 жылдың қараша айында «Озық үлгіде ұйымдастырылған психолог кабинеті» атты қала мектептері арасында байқау өткізілді. Байқауға № 3, 9, 10, 19, 23, 26, 32, 45 ЖОББ мектептері қатысты. Байқау қорытындысында: І орын – №19 ЖОББМ. ІІ орын – №23 ЖОББМ. ІІІ орын – №26 ЖОББМ-не берілді.

Облыс көлемінде ұйымдастырылған психологтар арасындағы байқауға «Психологтің таңғажайып әлемі» атты қалалық байқаудың жүлдегері №23 ЖОББМ психологі Ю.А. Котельникова жолданды. Ол сайыста І орынды иеленіп Республика көлеміне жолданып, ІІ жүлделі орынға ие болды.



Білім беру саласын ақпараттандыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «...Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз»...- деп атап көрсетті. Мұндағы басты мақсат - білім беру сапасын жоғарғы деңгейге жеткізу, Қазақстандағы ІТ- саласын дамыту, әлемдік ақпараттандыру кеңістігіне ену және білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту болып табылады. Елімізде интеллектуалды ұлт қалыптастыру үшін электрондық оқыту жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу жоспарланып отыр. Олай болса, электрондық оқыту жүйесін енгізудің негізгі индекаторы педагогтардың біліктілігін арттыруға негізделеді. Электрондық оқытуды біліктілікті арттыру жүйесіне енгізудің мақсаты педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзырлығын қалыптастыру болып табылады.

Бүгінгі таңда қалалық мектептердің ішінен 12 мектепті электрондық оқыту жүйесіне енгізу жұмысы басталды. Олардың құжаттары мен кабинеттері талапқа сай жабдықталу үстінде. Электрондық оқыту жүйесіне жауапты қызметкерлер тағайындалып, олардың білімдерін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда кездескен үлкен қиыншылық ол арнайы құрылғыларға бюджеттен қаражаттың бөлініп, ал оларды қосатын құрылғыларға қаражаттың жетіспеушілігі.

Алдағы уақытта электорондық оқыту жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіру үшін қаражат іздестіріп, қалыпты жағдайда жұмысты жалғастыру міндеті тұр. Электрондық оқытуға жауапты адамдарға жауапкершілікті толықтай жүктеу үшін арнайы жалақымен қамтамасыз етуді қолға алу керек.

Қалалық білім жүйесінде кешенді ақпараттандыру мәселесі шешілуде. 2008 жылдан бастап «Он-лайн жүйесінде оқыту» жобасымен жұмыстану мақсатында бес пәндік кабинет жүйесінен тұратын көпфукционалды интерактивті құрылғы оқу процесіне енгізілуде.

2010 жылдан Республикалық бюджеттен: биология, мультимедия, химия кабиенттері жабдықталуда.

Дүниежүзілік интернет желісіне 46 мектеп қосылған(100 пайыз). 43 мектеп

жылдамдығы 512 кбит/с ADSL технологиясы бойынша интернет жүйесіне қосылып отыр.

Бүгінгі күнде жаңа форматтағы химия кабинетімен 46 мектептің 43-і қамтылып отыр. ( 95 пайызды құрайды). №18,29,37 мектептер жаңа форматтағы химия кабинетімен қамтылмаған. 2013 жылдың аяғына дейін Республикалық қаржыдан қала мектептерінің 11 химия кабинетін қамтамасыз жоспарлануда. Олар:№1,2,6,9,19, 20, 24, 30,32,36,41.

Құрметті әріптестер!

Баяндамамды қорыта келе, Сіздерді Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Жаңа оқу жылынан білім беру саласында толағай табыстар мен үлкен үміттерді күтеміз.



Әр педагогикалық ұжымға жаңа идеяларды жүзеге асыруда тиімді жолдар таба білуіне тілекшімін. Сіздерге жаңа оқу жылы бастау алатын білім әлеміне енер кезде табысты шығармашылық шабыт, қабілетті де сенімдеріңізді ақтар шәкірттер тілеймін!







Орал қаласының білім беру бөлімі


2013 жылғы білім беру қызметкерлері тамыз кеңесінің «Сапалы білім мен тәрбие беру-Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» тақырыбындағы Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Ж.Туремураторваның баяндамасы





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет