Рождественка ауылдық округ әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебінің тезистері



жүктеу 32.4 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі32.4 Kb.
Рождественка ауылдық округ әкімінің 2014 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебінің тезистері
Рождественка ауылдық округіне үш елді мекен кіреді: Розовка, Рождественка, Максимовка ауылдары. Ауылдық округінің халық саны 2014 жылғы 01 қаңтарына 2198 адам құрайды, оның ішінде Розовка ауылында 1374 адам, Рождественка ауылында -715 адам, Максимовка ауылында-109 адам тұрады. Ауылдық округте 20 астам ұлт өкілдері тұрады. Жалпы халық санынан әлеуметтік-демографиялық құрамы: зейнеткерлер-290 адам, студенттер-107 адам, оқушылар -342 адам, мектепке дейінгі жастағы балалар – 207 адам, өз ісімен айналысатындар-220 адам, жұмыс істейтіндер – 843 адам.

Окгугте бір «Храмов» шаруа қожалығы қызмет етеді, бақшалық дақылдар өсіру және сатумен айналысады. Кирова» ЖШС – ауыл шаруашылығы дакылдарын және асыл тұқымды малды өсірумен айналысады. 400 га суарылатын телім бар. «Зерноград» ЖШС – бидай мен күнбағыс дақылдарын өңдеу және сақтаумен айналысады, қарақұмық өңдеу зауыты қызмет етеді, қара бидай үгетін тиірмен бар.

Округ аймағында 23 ЖК, оның ішінде 16 сауда орыны шаруашылық тауарларын және азық-түлік сатуын жүзеге асырады. Халықтан сүт жинайтын екі пункт «Темиров» ЖК және «Дымура» ЖК. Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы негізінде Линара Оспанова жеке қосалқы шаруашылығын дамыту бойынша жобасын қорғады.

Учаскелік полиция инспекторы Б.Т.Бидаевпен 137 әкімшілік хаттама құралды.УБДО- ға 14 адам орнатылды. Арнаулы қабылдағышқа 12 адам орнатылды. Қабылдағыш-реттегішке – 2 адам орнатылды. Ішкі істер бөліміне алдын алу есепке 15 адам қойылды. Дактилоскопияға - 36 адам.

Округ бойынша 17 қылмыс тіркелген, оның ішінде 14-і ҚР ҚК 175 бабымен (бөтен мүлікті ұрлау), 3 қылмыс ҚР ҚК 177 бабымен (айлакерлік), 7 қылмыс ашылмаған. 7 адамнан тұратын «Сақшы» жасағы құрылды, жаңа келген -3 адам, барлығы-10 адам. Рейдтер ұйымдастырылып тұрады.

Ауылдық округінің аймағында екі орта, бір бастапқы білім беру мектебі бар: Розовка ЖОББМ, Рождественка ЖОББМ және Максимовка БББМ. Мектептерде 342 оқушы білім алады. Максимовка ауылынан балаларды мектепке дейін және қайта үйлеріне тасымалдау ұйымдастырылған – 6 оқушы. ҰБТ нәтижелері: Розовка ЖОББМ – 2013 ж. – 51,7 ұпай, 2014 ж. – 64,8 ұпай.Рождественка ЖОББМ – 2013 ж. – 57,4 ұпай, 2014 ж. – 60,7 ұпай. Жаңа оқу жылында Розовка ЖОББМ-де мемлекеттік тілде оқытуымен сынып ашылды. Розовка мектеп жанындағы интернатта 25 бала тәрбиеленеді.

Розовка отбасы үлгілі балалар үйінде 9 жастан 18 жасқа дейінгі 10 бала тұрады. Әлеуметтік мәртебесі бойынша – 3 жетім, басқалары ата-аналарының қамқорысыз қалған балалар. Мекемеде 10 адам жұмыс істейді.

Розовка сәбилер бақшасы 2014 жылдан бастап «Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің балансына аударылған. Сәбилер бақшасында 5 топ қызмет етеді, оның ішінде 75 бала, оның 15 санаторлық тәуліктік топта. «Балапан» бағдарламасын іске асыру үшін оқу жылының басында мемлекеттік тілде оқытатын 1-ші кіші топ ашылды - 13 бала.

Округте 2 ауылдық және 2 мектеп кітапханалары бар.

Розовка ауылында дәрігерлік амбулатория, Рождественка және Максимовка ауылында медициналық пункті қызмет етеді. Округ халқы үшін ауылдық дәрігерлік амбулаториясы әр түрлі алдын алу шаралар өткізеді.

Аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде 10 адам тіркелген.

Округте мемлекеттік тілді қолдану, енгізу және дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Округте екі ұлттық этномәдени орталығы жұмыс жасайды: 2006 жылдан бастап - украин «Ластивка» және неміс орталығы, ішінде аудан және округ шараларына қатысатын бий тобы «Лореляй», 2 Мәдениет үйі және 1 ауылдық клубы бар. КВН, концерттік бағдарламалар, мемлекеттік мерекелер және т.б. шаралар өткізіледі.

Округте мектеп жанындағы 2 спорт зал жұмыс істейді, балалар мен үлкендерге 9 спорттық секция ұйымдастырылған, онда 158 адам шұғылданады.

үстел теннисі – 18 адам, оның ішінде 9 оқушы, футбол – 50 адам, оның ішінде 25 оқушы, жалпы дене шынықтыру дайындығымен 30 адам, оның ішінде 12 оқушы айналысады, волейболмен – 43 адам, оның ішінде 20 ер, 8 әйел, 15 оқушы.

Ауылдық округте қоқыс жинау мен шығару бойынша жұмыстар жүргізілді, барлығы 340 тонна қоқыс пен көң шығарылды. 800-ге тарта ағаш пен бұта отырғызылды. Көше комитетімен «Лучшая усадьба» атты сайыс ұйымдастырылып, онда 1,2,3 орындар анықталды. Розовка ауылында баннерлер жаңартылды. Күніне 3 рет Павлодар-Рождественка бағытындағы маршруттар жұмыс жасайды. Қысқы мезгілде елді мекен көшелері мен кіреберіс жолдарын қардан тазарту жұмыстары жүргізіледі. 70-тен астам қаңғыбас ит ұсталды.

Округте 2 Қазпочта бөлімшесі және АТС жұмыс істейді.

Округ елді мекендері электрлендірілген. Округ торларының техникалық қалпы қанағаттандырлық. Ефремовка подстанциясы ауылдық округке қызмет көрсетеді.


Жаңа 2015-2016 жылдарға ауылдық округте келесілер жоспарлануда:


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет