Рудный 2008 ббк 65. 012. 1



жүктеу 224.98 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі224.98 Kb.
: Zadanie -> 2011-2012 %F3%F7 %E3%EE%E4 -> 2 %CA%D3%D0%D1 -10 -> %CA%CE 2 %F1%EE 10%F1%EE
%CA%CE 2 %F1%EE 10%F1%EE -> Қазақстан республикасының білім жәНЕ
%CA%CE 2 %F1%EE 10%F1%EE -> 1. тақырып. ҚАзақстан тарихына кіріспе адамзат өткен тарихты заттай тексерген ғалым
2011-2012 %F3%F7 %E3%EE%E4 -> В. А. Ломакович Аударған: Ж. Т. Суюбаева
%CA%CE 2 %F1%EE 10%F1%EE -> -
%CA%CE 2 %F1%EE 10%F1%EE -> Е. А. Твердохлебова Аударған: Ж. Т. Суюбаева
%CA%CE 2 %F1%EE 10%F1%EE -> Құрастарған: Эжажф деканы, э. ғ. к., доцент Молдашов Н. О., Құлманова Ә. Б
%CA%CE 2 %F1%EE 10%F1%EE -> Факультет: э иис 1 курс, эк, мк мамндықтары бойынша


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Рудный индустриалдық институты

Экономикалық теория және құқық кафедрасы

Техникалық мамандықтарының сырттай оқыту нысаны студенттері үшін «Экономикалық теория негіздері» пәнінен бақылау жұмысына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Рудный 2008

ББК 65.012.1

Құрастырғандар: Левковец Т.И., Құлманова Ә.Б. Техникалық мамандықтарының сырттай оқыту нысаны студенттері үшін «Экономикалық теория негіздері» пәнінен бақылау жұмысына арналған әдістемелік нұсқау, Рудный, РИИ, 2008. 20 бет.

Пікір жазғандар: э.ғ.к., доцент Молдашов Н.О.

ЭжБ кафедрасының оқытушысы Досмухамбетова Ш.С.


Әдістемелік нұсқау «Экономикалық теория негіздері» пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасы талаптарына сәйкес құрастырылған, әдістемелік нұсқауда нұсқаны таңдау ережесі, бақылау жұмыстарының тақырыптары, жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар, ресімдеу талаптары және әдебиеттер тізімі берілген.

Техникалық мамандықтарының сырттай оқыту нысаны студенттеріне арналған.

Кесте.2, Әдебиеттер тізімі - 20 атау.

Ішкі қолданыс үшін

 Рудный индустриалдық институты 2008

МАЗМҰНЫ






Кіріспе

4

1.

Жұмыс көлемі

5

2.

Нұсқаны таңдау ережесі

6

3.

Бақылау жұмысы тақырыптары

7

4.

Бақылау жұмысты орындауға нұсқаулар

9

5.

Бақылау жұмысын ресімдеу талаптары

10




Әдебиеттер тізімі

14




Қосымша А. Негізгі парақтың үлгісі.

17

КІРІСПЕ
Бақылау жұмысы – берілген тақырып бойынша пәннің әдістемелік нұсқауына негізделіп орындайтын студенттің өзіндік жұмысы. Жоғарғы мектепте - бұл жұмыс түрі оқу барысында дәстүрлі және тиімді болып саналады.

Бақылау жұмысы жоғары мамандандырылған мамандарды даярлаудың бір нысаны. Оны жазудың үлкен маңызы бар:

- біріншіден, студенттерді әдебиеттермен өзіндік шығармашылық жұмыс істеуге баулыйды, қарастырып отырған мәселеге байланысты негізгі жағдайларды анықтауға және тақырыптың нақты материалдарын жинақтап-жүйелеуге, оларды талдауға үйретеді, жинақталған мәліметтер негізнде кестелер мен диаграммаларды құруға және қалыптасқан нәтиже негізінде дұрыс қортынды жасауға үйретеді;

- екіншіден, студент теориялық мәселелерді талдауда өз ойын жүйелі және сауатты ұсынуға, теория мен тәжірибені байланыстырып талдауға дағдыланады;

- үшіншіден, бақылау жұмысы студенттердің макроэкономика пәні бойынша білімін кеңейтіп, бекітеді.

Ұсынылған талаптарға сәйкес келетін бақылау жұмысын жазу үшін студент микроэкономика пәні бойынша алынған теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар барлық шаруашылық субъектілердің қызметтерін сипаттаушы және қаржы-несие мекемелерінің нақты мәліметтерін қолдануы тиіс.

Студенттер бақылау жұмысын оқытушының жетекшілік етуімен орындайды. Орындалған жұмыс тексеру үшін кафедраға тапсырылады.

Бақылау жұмысы барлық талаптарға сәйкес орындалған жағдайда, оқытушы жұмысты қорғауға жібереді және жазбаша бұрыштама түрінде, студентке хабарлайды. Оқытушының қанағаттандырарлық бағасынан кейін бақылау жұмысы қорғалуы тиіс.

Қанағаттандырылмаған бақылау жұмысы оқытушының ескертулеріне, яғни бұрыштама мазмұнына сәйкес қайта қарастырылуы тиіс. Қайта қарастырылған жұмыс бақылау жұмысының бірінші нұсқасымен, кафедраға қайта тексеруге тапсырылады.

Бақылау жұмысын қорғау арқылы студент жинақтаған материалды нақты, жүйелі және сауатты түрде жеткізугі үйренеді.

Экономикалық теория негіздері пәні бойынша емтихан тапсыруға бақылау жұмысын қорғаған студенттер ғана жіберіледі.

Студенттің бақылау жұмысы қайтарылмайды Экономикалық теория және құқық кафедрасында сақталады.

1 ЖҰМЫС КӨЛЕМІ

«Экономикалық теория негіздері» курсы бойынша бақылау жұмысы келесідей бөлімдерден тұруы тиіс: кіріспе, негізгі мәтін, қортынды және әдебиеттер тізімі. Бақылау жұмысының құрылымы тақырыпқа және оның күрделілігіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Кіріспеде студент сұрақтың маңыздылығын, бақылау жұмысын орындау мақсаттарын және оның құрылымын көрсетуі тиісті, кіріспе қысқа болады (1-2 парақ).

Бақылау жұмысының екінші бөлімінде тақырыптың мазмұны беріледі. Бұл бөлімді мәселенің теориялық және тәжірибелік мазмұны қарастырылатын бірнеше сұрақтарға бөлу қажет. Ұсынылған материал толық, жүйелі және нақты болуы тиіс. Бөлім көлемі 5-7 беттен көп болмауы тиіс.

Бақылау жұмыстың негізгі бөлігі, бірнеше бөлімдерге, бөлімдер бірнеше бөлімшелерге бөлінеді. Бұл бөлікті мәселенің маңыздылығын ашушы 3-4 сұраққа бөлу ұсынылады. Бақылау жұмыстың көлемін ұлғайту үшін қажетсіз сұрақтар санын ұлғайтудың қажеттілігі жоқ. Сұрақты қарастырудың басы мен аяғын көру үшін әр сұрақтың берілуін маңыздылығына байланысты нақты шектеу қажет. Негізгі бөлімнің әр элементі мазмұндық тұрғыдан аяқталған, жүйеленген болуы тиіс.

Қортынды, бақылау жұмысының үшінші бөлімін құрайды және бақылау жұмысының берілген барлық материалын жалпылама түрде қортындылайтын ақпараттан тұрады. Бұл бөлімнің көлемі 1-2 парақ.

Бақылау жұмысының соңында тақырып сұрақтарын қарастыру кезінде қолданылған әдебиеттер тізімі беріледі. Тізім бақылау жұмысында қолданылған ретпен жазылады.



2 НҰСҚАНЫ ТАҢДАУ ЕРЕЖЕСІ
Бақылау жұмысы тақырыбы техникалық мамандықтарының сырттай оқыту нысаны студенттері үшін «Экономикалық теория негіздері» пәнінен бақылау жұмысына арналған әдістемелік нұсқаудағы нұсқасын таңдау кестесіне сай сынақ кітапшысының соңғы екі нөмірі бойынша немесе оқытушының қалауымен анықталады.
Кесте 1 Нұсқаны таңдау кестесі


тақырып №

сынақ кітапшасының соңғы екі №

тақырып №

сынақ кітапшасының соңғы екі №



01

51



26

76



02

52



27

77



03

53



28

78



04

54



29

79



05

55



30

80



06

56



31

81



07

57



32

82



08

58



33

83



09

59



34

84



10

60



35

85



11

61



36

86



12

62



37

87



13

63



38

88



14

64



39

89



15

65



40

90



16

66



41

91



17

67



42

92



18

68



43

93



19

69



44

94



20

70



45

95



21

71



46

96



22

72



47

97



23

73



48

98



24

74



49

99



25

75



50

00

3 Бақылау жұмысы тақырыптары
1. Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері мен даму ерекшеліктері.

2. Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері.

3. Экономикалық жүйедегі өндірістің маңызы.

4. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары.

5. Қоғамдық өндірістің құрылымы мен нәтижелігі.

6. Экономикалық қажеттіліктер және олардың қоғам өміріндегі маңызы.

7. Өндіріс және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.

8. Экономикалық жүйедегі меншік қатынастары.

9. ҚР меншік қатынастарының қайта қалыптасу ерекшеліктері.

10. Экономикалық жүйелердің негізгі типтері.

11. Қоғамдық өндірістің негізгі нысандары: натуралды және тауарлы.

12. Тауарға жұмсалған еңбек құны теориясы мен тауардың қасиеттері.

13. Ақшаның пайда болу ерекшеліктері, мәні мен мағызы, атқаратын қызметтері.

14. Қазақстанның ақша жүйесінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы.

15. Тауар-ақша қатынастарының дамуы мен нарықтың қалыптасуы.

16. Нарық -экономикалық қатынастар жүйесі ретінде және нарықтық механизмнің элементтері.

17. Түрлі белгілерге байланысты нарықтың жіктемесі.

18. ҚР нарығының қалыптасуы ерекшеліктері мен қазіргі жағдайы.

19. Негізгі экономикалық категориялар мен экономикалық заңдар.

20. Икемділіктің түсінігі.

21. Бағалы қағаздар және қор нарығы.

22. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні мен оның ұйымдастыру нысандары.

23. ҚР кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері.

24. Кәсіпорын капиталы, оның айналымы мен шеңбер айналымы.

25. Кәсіпорын шығындары.

26. Кәсіпорын пайдасы.

27. Өндіріс факторлары нарығындағы сұраныс пен ұсыныс.

28. Еңбек нарығы және еңбекақы.

29. Капитал нарығы және пайыз.

30. Жер ресурстары нарығы және жер рентасы.

31. Макроэкономика және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

32. Ұлттық экономиканың ұдайы өндірістік және салалық құрылымы.

33. Экономикалық өсімнің түсінігі, мақсаттары, тиімділігі мен сапасы.

34. Экономикалық өсімнің тікелей және жанама факторлары.

35. Нарықтық экономиканың дамуының кезеңділігі.

36. Қазақстандағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері.

37. Жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.

38. Инфляцияның мазмұны мен түрлері.

39. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары.

40. Мемлекеттің ақша-несие саясатының маңызы.

41. Мемлекеттің ақша мен несиеге әсер ету әдістері.

42. Қаржының түсінігі мен мәні, экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі маңызы.

43. Мемлекеттік бюджет: түсінігі мен құрылымы.

44. Салық мемлекеттің қаржылық саясатының құралы ретінде.

45. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз.

46. Тұрғындардың табысы, олардың қалыптастыру мен бөлу.

47. Өмір сүру деңгейі мен табыстарды бөлуді мемлекеттік реттеу.

48. ҚР тұрғындарын әлеуметтік қорғау жүйесі.

49. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні, субъектері және негізгі нысандары.

50. Қазіргі заманғы кезеңде халықаралық экономикалық байланыстардың даму үрдісі.

4 Бақылау жұмысты орындауға нұсқаулар
Бақылау жұмысын орындау барысы, бақылау жұмысының тақырыбын таңдағаннан кейін 6 кезеңге бөлінеді:


  • негізгі және қосымша әдебиеттерді жинақтау, қарастыру және зерттеу;

  • жұмыс жоспарын құрастыру;

  • нақты материалдарды жинақтау және өңдеу;

  • бақылау жұмысын жазу;

  • бақылау жұмысын тапсыру;

  • бақылау жұмысын қорғау.

Ұсынылған тақырып бойынша бақылау жұмысын орындауды оқытушының берген дәрісінің негізгі құрылымын оқудан және осы тақырып бойынша әдебиеттер тізімінде ұсынылған әдебиеттерді қарастырудан бастау қажет.

Әдебиетпен жұмыс библиографиялық каталогтармен жұмыс істеуден басталады. Олар жүйелі, пәндік және алфавиттік болып бөлінеді. Жүйеленген каталогтарға көңіл бөлу ұсынылады. Бақылау жұмысының сұрақтарын толық ашушы соңғы жылдары басылымға шыққан жұмыстарды бірінші қарастыру қажет, содан кейін неғұрлым ерте шыққан басылымдарға көшу қажет. Сонымен қатар қазіргі заманғы мобилдік ақпарат көзі болып табылатын Интернет желісін қолдануға болады.

Негізгі және қосымша ақпарат көздерін қарастырғаннан кейін, студент бақылау жұмысының негізгі бөлімін жазуға кірісуі тиіс. Ол үшін зерттеліп отырған тақырыпқа бірнеше теориялық көзқарастар мен концепцияларды қарастырып, олардың ішінен мәселенің мәнін толық ашушы концепцияны таңдап алуы қажет.

Бұл кезеңнің күрделілігі, бақылау жұмысының шектелген көлеміне байланысты теория мен тәжірибенің ең басты аспектілерін көрсету, берілген үлкен көлемді материалдың ішінен ең негізгілерін таңдай алуды талап етеді. Сондықтан бақылау жұмысын жазушы студенттерге қойылатын басты талаптардың бірі, жұмысты жазуда ескірген мақалаларды, басылымдарды сол күйінде толық механикалық көшіруді болдыртпау, жұмысты орындауға жауапкершілікпен кірісу және шығармашылық көзқарастың болуы. Бақылау жұмысында сапасы төмен және маңызсыз ақпараттарды болдырмау мақсатында Интернет желісі арқылы алынған ақпарат ресурстарын алдын ала барлығын қарастырмай, толық және тікелей түрде көшіруге тиым салынады. Бұндай жасалынған бақылау жұмыстары қанағаттандырарлықсыз деп саналады және қайта қарастыру, қайта жазу үшін студентке қайтарылады.

Сәйкесті тақырып бойынша сәйкесті материалдарды өзіндік жинақтауды аяқтағаннан кейін, студент таңдаған тақырыптың жасаған жоспарына сай сұрақтарды бірінен кейін бірін жазбаша түрде жазуы тиіс. Бақылау жұмысы жақсы әдеби тілде жазылуы тиіс. Терминдерді қолдану, шартты белгілер және сөздерді қысқартуда жалпыға бірдей стандартты қолдану қажет. Басқа қысқартулар қолданылмайды. Тәжірибе көрсеткендей, бақылау жұмысының белгілі бір көлемі, күрделі әдеби және мағыналық қателердің болуына байланысты қанағаттандырарлықсыз деген бағаға ие болады. Стилисттік және басқа да қателердің болмауы үшін, соңғы кездерде шығарылған сөздіктер мен энциклопедияларды қолдану ұсынылады.

Жұмыс жазылғаннан кейін, оны тіркеу үшін сәйкесті құжыраға тапсыру қажет. Содан кейін лаборант бақылау жұмысын тексеру үшін оқытушыға ұсынады. Оқытушының тексеру мерзімі 1-3 күн. Егер жұмыс барлық талаптарға сай орындалса, оқытушының бақылау жұмысын рәсімдеуге байланысты ешқандай ескертулері болмаған жағдайда, жұмыс қорғауға жіберіледі. Егер кемшіліктер анықталса оқытуңшы жұмысты толықтыруға және қайта қарастыруға жібереді.

«Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша бақылау жұмысын қорғау үшін студент 5-8 минуттық баяндама дайындауы тиіс. Баяндама тақырыптың атауынан, бақылау жұмысын жазу мақсатынан, барлық сұрақтардың негізгі жағдайының мазмұнынан және қортындыдан тұруы тиіс. Бақылау жұмысының мазмұны мен қорғау сапасына байланысты, оқытушы ағымдағы тақырып шегінде қосымша сұрақтар қойып, жұмыс нәтижесін бағалайды.

5 Бақылау жұмысын ресімдеу талаптарЫ


Бақылау жұмысын ресімдеуге төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Негізгі парақ, (қосымша А).

  2. Екінші бетте – жоспар.

  3. Кіріспе.

  4. Негізгі мәтін.

  5. Қортынды.

  6. Әдебиеттер тізімі.

Жұмыстың мәтіні А4 стандартты бөлек қағаз беттерінің бір жағында компьютерде басылады немесе дәптерге түсінікті жазумен, сызусыз, сөздерді қысқартпай толық түрде жазылады. Грамматикалық және стилистикалық қателер болмауы тиіс.

Мәтінде берілген барлық цитаталардың, сандық мәліметтердің көздеріне тік жақша арқылы сілтеме жасалады. Бақылау жұмысының беттері нөмерленеді. Жұмыстың әр бөлімін жаңа парақтан бастау қажет.

Қарастырылатын мәселені жан-жақты және терең теориялық ашуға көніл бөлген жөн. Тақырыптың мазмұнын толық және дұрыс ашу үшін, студент:


  • белгілі Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың осы мәселеге байланысты ғылыми жұмыстарын қарастыру;

  • бақылау жұмысының тақырыбы бойынша негізгі оқулықтарды зерттеу;

  • статистикалық жинақтар мен кезеңдік басылымдардағы статистикалық мәліметтер мен танысу;

  • жұмыстың талдамалық бөлімін жазуға негіз болатын, тақырып бойынша талдамалық мақалаларды мұқият таңдап алып, жүйелі түрде зерттеу.

Ақпаратты өзіндік іздестіру әдістерін тәмәмдағаннан кейін, студент жинақтаған білімнің өзіндік бақылауын жүзеге асыруы қажет, таңдаған тақырып бойынша жинақтаған материалды жүйелі түрде жазуы тиіс.

Бақылау жұмысты жазу әр бөлімнің негізгі сұрақтарын қою мен әр сұрақтың мазмұнын баяндаудан басталады. Бақылау жұмыстың мазмұнын баяндау дәлелді, логикалық құрастырылған, рет-ретімен және ғылыми болуы тиіс.

Бақылау жұмыс жазушы студенттерге қойылатын талаптардың бірі, жұмысты өзіндік орындау және шығармашылық көзқарас.

Ескірген мақалалардан, ескірген кітапшалар мен кітаптардан мәтіндерді механикалы түрде толық көшіруге тиым салынады. Осы түрде жазылған бақылау жұмыстар қайта өңдеуге беріледі. Бақылау жұмыс жақсы әдеби тілде жазылуы тиіс. Терминдерді қолдану, шартты белгілер және сөздерді қысқартуда жалпыға бірдей стандартты қолдану қажет. Басқа қысқартулар қолданылмайды. Тәжірибе көрсеткендей, жұмысыың белгілі бір көлемі, күрделі әдеби және мағыналық қателердің болуына байланысты қанағаттандырарлықсыз деген бағаға ие болады. Стилисттік және басқа да қателердің болмауы үшін, соңғы кездерде шығарылған сөздіктер мен энциклопедияларды қолдану ұсынылады.

Құжаттың мәтіні бір жарым интервал аралықпен басылады. Құжаттың мәтінін қол мен жазған жағдайда мәтін жолдары арасындағы аралық 10 мм кем болмауы тиіс. Қызыл жол мөлшері барлық мәтін бойынша 15-17 мм.

Бақылау жұмыстың беттері араб сандары мен бірінен кейін бірі, ретімен, парақтың төменгі ортаңғы бөлігінде нөмірленеді.

Бірінші болып титулдық бет орналастырылады, бұл бет мазмұнына жазылмайды және нөмірленбейді. Кейін бақылау жұмыстың «мазмұны» беріледі, мазмұны нөмірленеді.

Жұмыстың құрамдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қортынды», «Әдебиеттер тізімі» парақтың ортасына, соңында нүкте қойылмай, үлкен әріптермен сызусыз, 14 шрифтпен жазылады немесе басылады.

Мәтіндік құжаттың негізгі бөлімінің бөлімдерінің атауы жаңа беттен басталып, қызыл жол қалдырып, 14 шрифтпен, үлкен әріптермен жазылуы тиіс. Бөлімшелердің атауы кішкентай әріптермен, соңына нүкте қоймай, ешқандай сызусыз жазылады. Шрифт14. Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларын буындап бөлуге болмайды. Егер бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары екі сөйлемнен тұрса, олар нүкте арқылы бөлінеді.

Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары мен мәтінінің арасы 2 интер­вал болуы тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің атауларының арасы 1 интер­вал болуы тиіс. Бөлімдер араб сандары мен, нүктесіз беріледі. Бөлімшелер, әр бөлім шегінде нөмірленеді. Бөлімшенің нөмірі, бөлім нөмірінен және бөлімшенің реттік нөмірінен тұрады және нүкте арқылы бөлінеді. Бөлімше нөмірінің соңында нүкте қойылмайды.

Суреттердің атаулары және түсіндірмелік мәліметтері беріледі. «Сурет» сөзі және атауы түсіндірмелік мәліметтерден кейін, парақтың ортыңғы бөлігінде орналастырылады. Мысалы: Сурет 1 - Құралдар деталі.

Кестелерді араб сандары мен өсу реті мен нөмірлейді. Кестелерді бөлім шегінде нөмірлеуге де болады. Бұл жағдайда кесте нөмірі, бөлім нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады, бір-бірінен нүкте арқылы бөлінеді. Мысалы: (2.1).

Құжаттың барлық кестелеріне, құжат мәтінінде «кесте» сөзімен нөмірі көрсетіліп сілтеме жасалынады.

Бөлім бөлімшелерден тұрған жағдайда немесе бөлімшемелер, бірнеше бөлімшелерге бөлінген жағдайда, олардың барлығы ретпен, тізімделіп беріледі.

Қосымшада берілген формуладан басқаларының барлығы, реттік нөмірі бойынша араб сандарымен, формула деңгейінде, оң жағына орналастырып нөмірленеді, мысалы - (1). Формулларды бөлім шегінде нөмірлеуге болады. Бұндай жағдайда формула нөмірі, нүкте арқылы бөлінген бөлім нөмірінен және формуланың реттік нөмірінен тұрады, мысалы, (3.1).

Қолданылған әдебиеттер тізімін жазған кезде, әдебиеттерді топтастыру түрінің біреуін таңдап алу қажет.

Алфавиттік библиографиялық тізім - библиографиялық жазбалар авторлардың тегінің алфавиттік ретімен немесе құжат атауының бірінші сөзінің алфавиттік ретімен орналастырылады. Материалды топтастырудың бұл әдісі кең қолданылады.

Жүйеленге (тақырыптық) библиографиялық тізім - библиографиялық жазбалар қолданылатын жіктеу жүйесіне сәйкесті логикалық ретпен орналастырылады.

Бақылау жұмысты жазуда қолданылатын әдебиеттер тізімін рәсімдеу үшін, РИИ кітапханасында құрастырылған бақылау, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын құжаттарды рәсімдеу бойынша ережені қолдану ұсынылады.

Әр қосымша жаңа бетте, жоғарғы ортаңғы бөлігінде «Қосымша» сөзін және қосымша атауын, ал оның астына жақшаға алынып міндетті қосымша үшін «міндетті», ал ақпараттық үшін – «ұсынылатын» немесе «анықтамалық» сөзі жазылады. Суреттердің атауы, суреттің астында беріледі.

Бақылау жұмысты рәсімдеу стандарттарының өзгергені жағдайында, жаңа шығарылған ұсыныстарды қолдану керек.

Студент бақылау жұмысты жазып болғанан кейін, жұмысты «Экономикалық теория және құқық» кафедрасына тексеруге және тіркеуге тапсырады. Кафедра лаборанты оқытушыға тексеруге береді. Тексеру уақыты 1-3 күн. Егер жұмыс қойылатын талаптарға сәйкес орындалса, оқытушының еш ескертулері болмаса, курсық жұмыс қорғауға жіберіледі. Ескертулер болған жағдайда оқытушы барлық ескертулерді көрсетіп, жұмысты қайта өңдеуге жібереді.

Бақылау жұмысты қорғау үшін, студент 5-8 минутқа баяндама дайындайды. Баяндама тақырыптың атауына, бақылау жұмыстың мақсатына, берілген сұрақтардың басты теориялық аспектілеріне, тақырып шегінде қалыптасқан мәселелер мен оларды шешу жолдарына, сонымен қатар жетілдіру бойынша шараларға қысқаша шолу жасайды. Мазмұны мен қорғау сапасына қарай оқытушы тақырып бойынша сұрақтар қояды.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер


  1. Аубакиров Я., Ескалиев М. Основы экономической теории А.-А, РиК, 1994 г.

  2. Баликоев В.З. Общая экономическая теория. Лада, 2000 г.

  3. Борисов Е.Ф. Экономическая теория М., Юрист, 1998 г.

  4. Байжомартов У.С. и др. Основы экономической теории. Актюбинск, 1995 г.

  5. Гайнуллин Ф.Р. Основы экономической теории. А-А., РиК, 1998 г.

  6. Гукасьян Г.М. Экономическая теория: ключевые вопросы. М., «Инфра-М», 1999г.

  7. Гукасьян Г.М., Бородина Т.С. Экономическая теория. Практикум. М., «Инфра-М», 1999г.

  8. Зубко Н.М. Экономическая теория. Мн., «НТЦ АПИ», 1998г.

  9. Кабдиев Д.К., Николаев В.Н. Экономическая теория: категории и понятия. А-А, «Экономика», 1997г.

  10. Козырев В.М. Основы современной экономики. М., «Финансы и статистика», 1998г.

  11. Курс переходной экономики. Под ред. Л.И. Абалкина М., «Финансстатинформ», 1997г.

  12. Курс экономической теории. Общие основы экономической теории, микроэкономика, макроэкономика, переходная экономика. Под ред. А.В. Сидоровича. М., «ДиС», 1997г.

  13. Курс экономической теории. Под ред. М.И. Плотницкого Мн., «Миланта», 1999 г.

  14. Курс экономической теории. Под ред. Чепурина М.Н., Киселевой Е.А., «АСА», 1998г.

  15. Макконнелл К.Р. Брю С.Л. Экономикс. Принципы, проблемы и политика. В 2 т. М., Республика, 1992 г.

  16. Мостовая Е.Б. Основы экономической теории. Нсб., 1997г.

  17. Нурсент А. И др. Теория рыночной экономики: предпринимательский аспект. А-А., ОФБИС, 2000г.

  18. Основы экономической теории и практики. Под ред. М.М. Згорулько, Волгоград., 1995г.

  19. Современная экономика. Под ред. О.Ю. Мамедова. Р-н-Д., «Феникс», 1998г.

  20. Шишкин А.Ф. Экономическая теория. М., Владос, 1996, кн.1

  21. Экономическая теория. Под ред. Добрынина А.И., тарасевича Л.С., Спб, «Питер», 1999г.

  22. Экономическая теория. Под ред. И.Н. Николаевой. М., «Проспект», 1998г.

  23. Экономика. Под ред. А.С. Булатова. М., «БЕК», 1997г.

Қосымша әдебиеттер

1. М. Ершов. О финансовых механизмах экономического роста. ж. «Вопросы экономики» № 12, 2002.

2. Н. Зиядуллаев. Экономика стран содружества в условиях глобализации.

ж. «Вопросы экономики» № 3, 2002.

3. А. Илларионов, Н. Пивоваров. Размеры государства и экономический рост.

ж. «Вопросы экономики» № 9, 2002.

4. С. Моисеев. Политэкономия финансовой репрессии. ж. «Вопросы экономики» № 12, 2002.

5. Л. Нестеров, Г. Аширова. Воспроизводство и национальное богатство.

ж. «Вопросы экономики» № 12, 2002.

6. В. Пищик. Антиинфляционная политика в Евросоюзе: особенности, проблемы и перспективы. ж. «Вопросы экономики» № 12, 2002.

7. В. Рагозин. Государственные гарантии – составная часть государственного долга. ж. «Вопросы экономики» № 10, 2002.

8. Л. Ходов. О структуре малого бизнеса и особенностях его мотивации.

ж. «Вопросы экономики» № 7, 2002.

9. Н. Вишневская. Законодательство о защите занятости и рынок труда.

ж. «Вопросы экономики» № 4, 2003.

10. В. Гаврилов. Взаимные долги развитых и развивающихся стран.

ж. «Вопросы экономики» № 7, 2003.

11. Ю. Иванов. О показателях экономического благосостояния.

ж. «Вопросы экономики» № 2, 2003.

12. Я. Корнан. Честность и доверие в переходной экономике. ж. «Вопросы экономики» № 9, 2003.

13. С. Малахов. Трансакционные издержки, экономический рост и предложение труда. ж. «Вопросы экономики» № 9, 2003.

14. С. Моисеев. Доллар шагает по планете. ж. «Вопросы экономики» № 3, 2003.

15. Н. Исингарин. СНГ: интеграционно - дезитеграционные факторы, сценарии развитие и тенденции регионализации. «Российский экономический журнал», № 9, 2001.

16. Д. Мацнев. Макроэкономика СНГ: десятилетие реформ. «Российский экономический журнал», № 5-6, 2001.

17. Л. Косикова. Экономическое взаимодействие России со странами СНГ и реструктурирование постсоветского пространства: новые условия, тенденции и задачи. «Российский экономический журнал», № 11-12, 2003.

18. К. Сагадиев. Проблемы конкурентоспособности национальной экономики. ж. «Саясат», № 12, 2002.

19. Т. Кикимов. О социальном измерении. ж. «Саясат», № 11, 2002.

20. Е. Арын. Реформы в Казахстане: социально-экономический и политический аспекты. ж. «Саясат», № 11, 2002.

21. А. Кашанов. Казахстан в системе ЕврАзЭС и императивы глобализации.

ж. «Саясат», № 11, 2003.

22. А. Сейсенова. Налоговая политика Республики Казахстан и социальная защита населения. ж. «Саясат», № 1, 2003.

23. А. Мухаметжанова, А. Лукпанова. Проблемы формирования социальной рыночной экономики в РК. ж. «Саясат», № 12, 2003.

24. З. Алямова. Современное состояние и перспективы развития сельского хозяйства в РК. ж. «Саясат», № 1, 2004.

25. Г. Марченко. К 10-летию национальной валюты – тенге. ж. «Банки Казахстана», № 10, 2003.

26. А. Рыачева. К вопросу об устойчивом развитии реального сектора экономики РК. ж. «Саясат», № 2, 2004.



ҚОСЫМША А

Негізгі парақтың үлгісі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ




РУДНЫЙ ИНДУСТРИАЛДЫҚ ИНСТИТУТЫ

Экономикалық теория және құқық кафедрасы

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Пән: Экономикалық теория негіздері


Тақырып: ___________________________________________________

____________________________________________________________

____________________ Орындаған: студент

(баға) __________ _____________

Комиссия мүшелері: (студент қолы) (студенттің аты-жөні)

_____________________ «____»_____________200__ж. _____________________ Топ: ___________

_____________________ Сынық кітабы шифрі: ________

Жетекші: оқытушы

_________ _________________

(оқытушы қолы) (оқытушының аты-жөні)

«____» ____________ 200___ ж.

Рудный 200__

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Рудный индустриалдық институты

ЭТжәнеҚ кафедрасының мәжілісінде қарастырылды

Хаттама № ____ «___» _________200____ж.

Кафедра меңгерушісі ____________ М.Б. Лукманова

ФАӘК мәжілісінде мақұлданды

Хаттама № ____ «___» _________200____ж.

ФАӘК төрайымы ___________________А.Ө. Есжанова

ОӘК мәжілісінде бекітілді

Хаттама № ____ «___» _________200____ж.

ОӘК төрағасы _____________ Л.Л. Божко


Экономикалық теория және құқық кафедрасы

Левковец Т. И., Құлманова Ә.Б.

Техникалық мамандықтарының сырттай оқыту нысаны студенттері үшін «Экономикалық теория негіздері» пәнінен бақылау жұмысына арналған
әдістемелік нұсқау

Рудный 2008








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет