Руководство фермерам по профилактике, диагностике и лечению кишечных инфекций молодняка крупного рогатого скота


Ажыратып балау (дифференциалды диагноз). Ротавирусты инфекцияны вирусты іш өту ауруынан, парво- және коронавирусты инфекциядан, хламидиоздан, колибактериоздан айырып қарайды



бет14/14
Дата24.04.2016
өлшемі0.74 Mb.
түріРеферат
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Ажыратып балау (дифференциалды диагноз). Ротавирусты инфекцияны вирусты іш өту ауруынан, парво- және коронавирусты инфекциядан, хламидиоздан, колибактериоздан айырып қарайды.

Емдеу. Ауруды емдеу үшін гипериммунды сарысулар мен құрамына ротавирусқа қарсы анти денелер мен бактерияларға қарсы және иммунитетке дем беретін дәрі-дәрмектер мен прибиотиктер кіретін реконвалесцент сарысуларды қолданады. Сондай-ақ, емдеудің симптоматиялық әдістерін қолданады.

Алдын-алу және күресу шаралары. Аурудың алдын спецификалық жолмен алу үшін тірі және белсенділігі жойылған моно- және жинақталған вакциналар мен гипериммунды сарысулар қолданылады. Ауруды жою үшін індетке қарсы жалпы іс-шаралар қолданылады – малдың қозғалысына шектеу қою, зарарсыздандыру, ауру малдарды карантинге қою, бос-бос емес қағидасын сақтау.

6 Ірі қара малдың риновирусты инфекциясы (риновироз) (bovine rhinovirus infection (rinovirosis)

Ірі қара малдың риновирусты инфекциясы (риновироз) (bovine rhinovirus infection (rinovirosis) – ағымы жіті түрде өтіп, дене қызуының өте жоғары болып, жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдалуымен сипатталатын ауру.

Аурудың себебі (этиология).  Риновирустық инфекцияның қоздырушысы болып Rinovirus - Bovine rhinovirus (typs 1—2) тұқымына, Picornaviridae тұқымдасына жататын, пішіні 20 – 40 нм РНК-геномды  вирус саналады. Капсид 32 капсомермен 32 капсомерден құралады. Вирустың сыртқы қабығы болмайды.

Індеттанулық мәліметтер (эпизоотологиялық мәліметтер). Вирус тек қана ірі қара малды зақымдайды. Ауру малдар немесе ауруының ағымы белгісіз өтетін малдар вирустын қоймасы болып саналады. Ауру есеңгіреудің әсерінен пайда болады. Әдетте, ауру бір жерден алып келінген құрама табындардағы жас малдарды бір қора-жайларға біріктіргенде туындайды. Вирус ауамен, жоғарғы тыныс алу жолдары арқылы жұғады.

Аурудың ағымы және белгілері. Ауру малдардың мазасы кетіп, тәбеті түсіп, денесінің қызуы көтеріліп, күйзеліп, танауынан сұйықтық ағып, жөтеледі, тыныс алуы жиілеп, қиындай түседі. Ауру асқынбаған жағдайда өлім-жітім болмайды.

Балау (диагноз). Ауруға диагнозды клинико – эпизоотологиялық талдаулардың негізінде қояды. Зерттелетін материал ретінде танауынан алынған шайындылар немесе танау мен кеңірдектін шырышты қабығы алынады. Кеңірдектің немесе ПЭК-тің жасушаларының өсіндері қолданылады. Вирусты бейтараптандыру реакциясында немесе жасушалардың өсініндегі түйіндерді басу реакциясында бірегейлендіреді. Ауруды жұқпалы аурудан сауыққан малдардың қанында вирустарды бейтараптандыратын антиденелердің өсуі бойынша диагноздайды.

Алдын-алу және күресу шаралары. Ауырып тұрған малдардың ағзасынан вирустарды бейтараптандыратын антиденелерді табуға болады, бірақ өте аз титрде. Көптеген зерттеушілер бұл ауру кезінде қорғаудың ең негізгі рөлін жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабықшасының локальді жасушалық иммунитеті атқарады деп, ал гуморалды антиденелердің деңгейі аз ғана рөл атқарады деп санайды.

Риновирустық инфекция кезінде пайдаланылатын спецификалық алдын-алуға және емдеуге арналған дәрі-дәрмектер әлі шығарылмаған. Сол себепті жалпы ветеринарлық-санитарлық іс-шаралар жүргізеді, ал малдар ауруға шалдыққан жағдайда малдарды бөлек ұстап, симптомдық ем қабылдайды. Сондай-ақ, бір уақытта малдардың тұрған жерлерін бұрыннан пайдаланып келе жатырған зарарсыздандыру дәрі-дәрмектерін пайдалана отырып мұқият зарарсыздандырады.

7 Ірі қара малдың реовирусты инфекциясы (reovirus disease of cattle)

Бұзауларда реовирусты инфекция (reovirus disease of cattle) өмірінің алғашқы 3 айында анықталады. Сақа малдарда бұл ауру беймәлім түрде өтеді.

Аурудың себебі (этиология). Аурудың қоздырушысы – Reoviridae тұқымдасына, Orthoreovirus тұқымына жататын РНК-геномды вирус. Вибрионның диаметрі 76 нм-ді, өзегі – 52 нм-ді құрайды.

Індеттанулық мәліметтер (эпизоотологиялық мәліметтер). Қоздырушы ірі қара малды зақымдайды. 1-ші, 2-ші, 3-ші типті реовирустарды адам мен маймылдың бүйрек жасушаларының өсіндерімен, негізінен дені сау малдардан бөліп алады. 1-ші және 2-ші типті вирустар тыныс жолдары ауруларының себепшісі болады. Жаңа туған бұзаулардың тышқақтауы және ауруды қолмен жұқтыру кезінде бөлініп алынған штаммдар да осыған ұқсас ауру тудырған. Бұзаулар 1-ші типті реовируспен зақымданғанда оларды байқау мүмкін емес. 2-ші типті вирусты 60-шы күннен 10-шы күнге дейін байқауға болады, ал 3-ші типті вирусты 1-ші күннен 5-ші күн аралығында байқауға болады. Тәжірибе жүргізу үшін аурумен зақымданған бұзаулар инфекцияны дені сау малдарға шаруашылықта бастары түйіскен кезде жұқтырады.

Аурудың ағымы және белгілері. Реовирусты инфекцияның жасырын түрде таралуы өзіне тән сипаты. Клиникалық белгілері бойынша бұл инфекция өте сирек анықталады (бұзаулардың аздап іші өтеді, танау кілегейлі қабығы қабынады, тәбеті төмендейді, жөтеледі, денесінің қызуы көтеріледі, ал сүтті сиырлардың сүті азаяды). Германияда реовирустардың бұзаулардың тыныс алу жолдарын зақымдайтындығы дәлелденген. Сондай-ақ, реовирусты инфекция бұзаулардың қандай да бір патологиямен тууына себепші болатындығы нақты дәлелденген.

Балау (диагноз). Ауруға диагнозды зертханалық жолмен қою, аурудың вирусын өкпелерінен, танауларынан аққан сұйықтықтардан бөлуге негізделген. Содан соң оны КБР-ға, ПР-ға және ГАТР-ға бірегейлендіреді. Серологиялық диагнозды малдардың сарысуларын кез келген серотипті культуралды реовирустан дайындалған антигендермен КБР-да зерттеу негізінде қояды. ГАТР-ы арнайы дайындалған типоспецификалық антисарысулармен қояды. БР мен КБР-ны қолдануға болады, бірақ бұл екі тесттің екеуі де ГАТР-ға қарағанда нашарлау. Микронейтрализациялау тесті ГАТР-ға қарағанда сезімтал.

Емдеу әдістері әлі әзірленбеген. Пассивті серопрофилактика ірі қара малды табиғи шарттарда зақымданудан қорғамайды. Симптомдық емдеу қолданылады.

Алдын-алу және күресу шаралары. Ауруды жою үшін жалпы індетке қарсы іс-шаралар қолданылады – малдың қозғалысына шек қою, ауру малдарды зарарсыздандыру, карантиндеу, бос-бос емес принципін сақтау.

8 Малдардың анаэробты энтеротоксемиясы (enterotoxaemia infectiosa anaerobica)

Малдардың анаэробты энтеротоксемиясы (enterotoxaemia infectiosa anaerobica) бұзаулардың, торайлардың, қозылардың, мамық жүнді аңдардың өмірлерінің бірінші күндерінде, геморрагиялық энтертпен, жүйке-жүйесінің құбылыстарымен, ағзаның Cl. perfringens токсиндерімен жалпы улануымен сипатталып, ағымы жіті түрде өтетін ауруы.

Аурудың себебі (этиология). Аурудың қоздырушысы А, В, С, D типті Cl.perfringens анаэробты микроорганизм.  Бұл ірі (4-8 х 1-1,6 мкм) және қозғалмайтын, грам оң таяқша. Қоздырушы споралар мен капсула түзеді. Китта – Тароции қоректік ортасында және Цейсслердің глюкозалық-қанды агарында жақсы өседі. Споралық пішіндегі қоздырғыш қоршаған ортада ұзақ уақыт бойы сақталады. Клостридияларды өлтіреді: құрамына хлор кіретін дәрі-дәрмектер, күйдіргіш натрдың 10%-дық ыстық ерітіндісі және т.б.

Індеттанулық мәліметтер (эпизоотологиялық мәліметтер). Ауыл шаруашылық малдарының төлдері өмірлерінің бірінші тәуліктерінен бастап 1,5-2 айлық жастарына дейін ауырады. Инфекцияның қоздырушы көзі болып - аурудың қоздырушыларын нәжіспен бөлетін клостридиотасымалдаушы малдар. Аурумен алиментарлық жолмен зақымданады. Ауру, буаз малдарды толық құнды азықтандырмағанда, уақытылы серуендетуге шығармағанда, жаңа туған бұзауларды тоңдырып немесе қатты ыстықтатып жібергенде және күтіп-бағу шарттары дұрыс ұйымдастырлмағанда туындайды. Ауруға шалдыққан малдардың өлім көрсеткіші 50%-дан 100%-ға дейін жетеді.

Аурудың ағымы және белгілері. Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан, 2-3 тәулікке дейін созылады. Аурудың ағымы жіті түрде өтіп, кей жағдайда малдар клиникалық белгілері пайда болмай-ақ опат болады. Ауру малдар әлсіреп, ағзасының қызметі ауырлап, шаншу пайда болып, басын шалқайтып, сіңірі тартылады. Малдың нәжісі алдымен сары-жасыл түсті, жағымсыз иісті, іші желге толы болады, содан соң нәжісінде қанның қоспасы пайда болып, түсі қоп-қоңыр болады. Бұзаулар А типті клостридиялармен зақымданғанда танауларынан, ауыз қуыстарынан және тік ішегінен қан кетеді. Қаны ұйымайды.

Бұл аурумен бұзаулар 10-12 тәуліктік жастарында және бордақылауда тұрған мал ауырады. Энтеротоксемия ауруы әдетте жіті түрде өтіп, малдардың көбіне жұғады.

Кейбір бұзауларда аурудың симптомдары біртіндеп жеңілдеп, содан соң толығымен жойылып, төл баялап аурудан айыға бастайды. Бірақ бұл аурумен ауырған бұзаулар нашар өседі және бордақылау кезінде аз өсім береді.

Балау (диагноз). Ауруға диагнозді эпизоотологиялық мәліметтердің, клиникалық белгілердің және патологоанатомиялық өзгерістердің негізінде қою айтарлықтай қиынға түседі. Сол себепті ауруға диагноз қоюда бактериологиялық және токсикологиялық зерттеулердің нәтижелерінің маңызы өте зор. Анаэробты энтеротоксемия ауруына қойылған диагноз ағзада токсиндерді анықтап, олардың типін анықтағанда немесе қоздырушының токсинді заттарды бөлетін өсінін бөліп алғанда ғана белгіленді деп саналады.

Ажыратып балау (дифференциалды диагноз). Сальмонеллезден, диспепсиядан және колибактериозден ажыратады.

Емдеу. Ем ауру енді басталған уақытта ғана тиімді болып саналады.  Ауруды емдеу үшін антитоксинді гипериммунды сарысу мен антибиотиктерді (биомицин, синтомицин,  энроксил, канамицин, кобактан және т.б.), сульфаниламидті дәрі – дәрмектерді (норсульфазолды азықпен бірге, тәулігіне 2-3 рет, 0,04-0,06 г/кг тірілей салмаққа дозасында егеді) қолданады.

Алдын-алу және күресу шаралары. Аурудың алдын алу шаралары малдарды күтіп-бағу мен азықтандыру кезінде ветеринарлы-санитарлық және зоогигиеналық ережелерін сақтауға негізделген. Міндетті түрде сиырлардың төлдеу бөлімшелері мен жаңа туған бұзауларға арналған профилакторийлер болуы қажет. Ауру шыққан жағдайда, ауру малдарды бөліп, емдейді, қора-жайларды мұқият тазалап, залалалсыздандырады. Ауру тараған шаруашылықтарда буаз малдарды міндетті түрде ауруларға қарсы егеді.

9 Псевдомоноз (pseudomonosis)

Псевдомоноз (pseudomonosis) – ауыл шаруашылық малдардың төлдерінің өкпесінің қабынуымен, ішінің өтуімен, буындарының қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауруы. Сақа малдарда – желіндерінің қабынуымен, қынабының қабынуымен, жатырының кілегейлі қабығының қабынуымен сипатталады.

Аурудың себебі (этиология). Қоздырушысы Pseudomonas aeruginosa – көлемі 1 – 3 х 0,5 – 1 мкм, грам теріс таяқша, қозғалмалы, спора түзбейді, капсула тәрізді шырышты зат бөледі. Қарапайым құнарлы ортада жақсы өседі. Іріктемелі ортада көк-жасыл пигмент түзеді. Залалсыздандыратын зат ретінде құрамында хлоры бар дәрі-дәрмектер қолданылады.

Індеттанулық мәліметтер (эпизоотологиялық мәліметтер). Бұл ауруға төлдер шалдыққыш келеді. Ауру мал мен бактерияны алып жүретін малдар инфекцияның қайнар қозы болып саналады. Сыртқы ортаға қоздырушы зәрмен, нәжіспен, сүтпен, тұмсықтың шырышымен, шәуітпен, қынаптан ағатын сұйықтықтармен бөлініп шығады. Ауру ауа, азық және жыныс жолдары арқылы жұғады. Аурудың сипаты әдетте ошақ тәрізді және аурудың ағымы энзоотиялық түрде өтеді.

Аурудың ағымы және белгілері. Алғашқы сағаттарда төлдің денесінің қызуы 0,5-1 °С көтеріліп, мазасызданып, тәбеті төмендейді. Ішек-қарын жолы зақымданғанда төлдің іші өтеді. Нәжісі сұйық, шырыш пен қан араласқан. Тыныс алу мүшелерін зақымдағанда – төл жөтеледі, танауынан шырышты сұйықтық ағады. Сақа сиырлардың желіндері зақымдалғанда желінсау ауруы дамиды. Жыныс мүшелері зақымданғанда жатырынан іріңді , қан араласқан сұйықтық ағады.

Балау (диагноз).  Диагнозды эпизоотологиялық мәліметтердің, клиникалық белгілердің, патологоанатомиялық өзгерістердің және бактериялық зерттеудің нәтижелері негізінде қояды. Псевдомоноз ауруына қойылған диагноз ақ тышқандар үшін зардапты қоздырушының өсінін бөліп алғанда ғана белгіленді деп саналады.

Ажыратып балау (дифференциалды диагноз). Колибактериоз, стрептококкоз, сальмонеллез, пастереллез, хламидиоз ауруларынан ажыратады.

Емдеу.  Антибиотиктерді (цефатоксим, цефалексин, флумеквин, канамицин, ванкомицин және т.б.), сульфаниламидті және нитрофуранды дәрі-дәрмектерді пайдаланып, симптомдық ем белгіленеді.

Алдын алу және күресу шаралары. Псевдомоноз ауруын алдын алу шаралары малдарды күтіп-бағу кезінде ветеринарлық-санитарлық және зоогигиеналық ережелерді сақтауға және төлдердің төзімділік қасиеттерін жоғарлатуға бағытталуы қажет.

Ауру туындаған жағдайда ауру малдарды бөлек ұстап, емдейді, ал қора-жайларды залалсыздандырады.

10 Парвовирусты инфекция (parvoviridae infection bovis)

Парвовирусты инфекция (parvoviridae infection bovis) жаңа туған бұзауларда ішек-қарын жолының зақымдануымен сипатталатын жасырын инфекцияПарвовирус қағанақтық бөгеуден өтіп, төлдің трофикасын бұзып, сиырлардың түсік тастауына және бұзаулардың ас қорыту мүшелерінің зақымдануына себепші болады.

Аурудың себебі (этиология). Парвовирустық инфекцияның қоздырушысы ДНК-геномды вирустарға, Parvoviridae тұқымдасына, Parvovirus түріне жатады. Вириондардың пішіні 23 нм, қабықсыз изотермикалық жалаңаш бөлшек, диаметрі 2-4 нм, симметрияның иксаэдралді типі бойынша жатқызылып орналасқан 32 капсомері болады.

Індеттанулық мәліметтер (эпизоотологиялық мәліметтер). Паровирустарға жататын қоздырушылар адамдарды және малдардың көп түрлерін зақымдайды: егеуқұйрық, тышқан, мысық, ит, шошқа, ірі қара мал. Парвовирустардың белгілі бір малдардың түрлеріне бейімделу қасиеті бар, сол себепті әдебиеттерде белгілі бір мал түрлерінің парвовирустық инфекциясы сипатталады. Вирустардың арасындағы антигендік жақындық деңгейі жоғары болмаса да, ағзада жүріп тұру қасиеті болады. Сонымен, шошқалардың парвовирусына қарсы антиденелер ірі қара малдың, қойлардың, мысықтардың, теңіз шошқаларының, тышқандардың, егеуқұйрықтардың сарысуларында болады, бірақ олар жылқыларда, иттерде, қояндарда, балапандарда және адамдарда болмайды.

Аурудың ағымы және белгілері. Аурудың клиникалық белгілерінен ішінің өтуі, дене қызуының аздап көтерілуі (40°С-қа дейін), нәжісінің түсінің ақшыл-сұр түсті болуы және нәжісінің құрамындағы шырыштын айтарлықтай көп мөлшерде болуы сияқты белгілер анықталады. Парвовирусты танау арқылы (интраназалды жолмен) апатогенді микрофлорамен бірге (пастереллалармен, сальмонеллалармен, стафилококктармен) жұқтырғанда бұзауларда іші өтіп, тыныс алу мүшелерінің зақымдануы айқын байқалады. Сондай-ақ, бұл инфекцияға мидың шала жетілуі (церебралды гипоплазия), кортикоцеребралды некроз, түсік тастау және өлі төл туу сияқты аурулар тән. Патолого-анатомиялық өзгерістер ішектің катаралды-геморрагиялық қабыну түрінде байқалады. Көзге көрінетін морфологиялық өзгерістері бар аш ішектін кесіндісі мен аурудың 1-ші 2-ші күнінде ауру малдан алынған нәжістің сынамасын зертханаға жібереді.

Балау (диагноз). Диагнозды зерттеудің клиникалық, патологоанатомиялық және зертханалық әдістердің негізінде қояды.

Вирусологиялық зерттеуді жасушалардың өсінінде вирусты бөліп алып, иммундық әдістермен (флуоресценциялаушы антиденелердің әдісімен бейтараптандыру, гемагглютинация, гемадсорбция реакциялары) бірегейлендіруге негізделген. Парвовирустарды адамның нөлдік тобы мен теңіз шошқасының эритроциттерін гемагглютинизациялау және гемадсорбциялау негізінде бірегейлендіреді.

Ажыратып балау (дифференциалды диагноз). Парвовирусты инфекцияны вирусты іш өтуден, рота- және короновирусты инфекциядан, хламидиоздан, колибактериоздан ажыратады.

Емдеу. Ауруды емдеу үшін пробиотиктерді, гипериммунды сарысулар мен бактерияларға қарсы және иммунданталандыратын препараттармен қоса паровирусқа қарсы антидене кіретін реконвалесцент сарысуларды пайдалануға болады. Сондай-ақ емдеудің симптомдық әдістерін қолданады.

Алдын-алу және күресу шаралары. Ауруды спецификалық әдіспен алдын-алу үшін белсенділігі жойылған біріктірілген вакциналар мен гипериммунды сарысулар қолданылады. Ауруды жою үшін эпизотияға қарсы жалпы іс-шараларды пайдаланады – малдың қозғалысын шектеу қажет, зарарсыздандыру, ауру малдарды уақытша бөлек ұстау, бос-бос емес принципін ұстану.


Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Джуланов М.Н. Влияние полового воспитания ремонтных телок на содержание иммуноглобулинов класса М, G в молозиве, в крови телят после его применения и на заболеваемость новорожденных Материалы І-го Между-народного ветеринарного конгресса. Алматы, 2002. С.- 118-121.

2 Кухар Е.В., Никитин Е.Б., Парийчук О.Д. А.С. №69923 на патент №24631 РК «Способ получения латексного антигена для постановки реакции латекс-агглютинации». «Национальный институт интеллектуальной собственности» Комитета по правам интеллектуальной собственности МЮ РК. Астана. 2011. Опубликовано 15.09.2011, Бюлл. №9.

3 Roy Leuris. Cou autopsies have been revealing.//Journal of Cattlemen. – 2010. September. P. 42-43.

4 Gershwin, L.J. Bovine respiratori syncitial virus infection: immunopathogenic mechanisms/ L.J. Gershwin / Animal Health Research Reviews. – 2007.-Vol. 8, №2.-P. 207-213.

5 Крюков Н.Н. Вирусные респираторные болезни крупного рогатого скота/ Н.Н. Крюков, З.Ф. Зудилина, С.И. Евдокимов// Ветеринария.-1976.-№6.- С. 111-113.

6 Глотов А.Г. Респираторно-синцитиальная инфекция крупного рогатого скота./А.Г. Глотов, Т.И. Глотова, С.В. Котенева, А.В. Нефедченко, К.В. Войтова, О.В. Кунгурцева, И. Я. Строганова // Рекомендации. - Новосибирск.- 2010.-26 с.




Қосымша 1

Иммунитетті көтеретін және вирустраға қарсы дәрі-дәрмектер









Қосымша 1 жалғасы

Иммунитетті көтеретін және вирустраға қарсы дәрі-дәрмектер










Қосымша 1 жалғасы

Иммунитетті көтеретін және вирустраға қарсы дәрі-дәрмектер








Қосымша 1 жалғасы

Иммунитетті көтеретін және вирустраға қарсы дәрі-дәрмектер






Қосымша 2

Колибактериоз ауруының белгілері (іш өту, сусызданудың әсерінен әлсіреу, өлім)











Каталог: Files
Files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
Files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
Files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
Files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
Files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
Files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
Files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
Files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
Files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет