!с қылмстың алдын ала тыңдау өткізу сатысынан қайта қарауға жіберілді



жүктеу 25.3 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі25.3 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 22e0f3fb00367ffa462572fb00214a97 -> $FILE
$FILE -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірілгені дәлелденгендіктен
!с қылмстың алдын ала тыңдау өткізу сатысынан қайта қарауға жіберілді

( үзінді)

Атырау облыстық сотының 2006 жылғы 8 қаңтардағы қаулысымен айыпталушылар Ғ., Н., Ж., Р., Т., А., Р., М., Қ. жөніндегі қылмыстық істі Атырау облыстық прокуратурасы қосымша тергеу амалдарын жүргізу үшін жіберген.

Өздерінің қорғауларындағы сотталушылардың кұқықтары алдын ала тергеу органдарымен елеулі түрде бұзылғандықтан, қорғаушылар Б., Г., Ф., Ж. қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару туралы өтініш жасаған.

Атап айтқанда қорғаушылар өздерінің қорғауындағы сотталушылар А., Қ., Р., М-ға жаңа айып тағылмастан бұрын олардың айыпкер ретінде жауапқа тарту туралы қаулылары заңсыз ауыстырылғанын көрсеткен.

Өйткені прокурор қылмыстық істі қайта сұратып алдырғаннан кейін, Атырау облысы прокурорының орынбасары жаңа айыптау қорытындысын жасап, істі сотқа қайта жолдаған.

Істегі екі айыптау қорытындысының мазмұнын салыстыру кезінде жаңа айыптау қорытындысында жәбірленуші Н-ға қарсы қылмыс жасаған сотталушылар А., Қ., Р., М-ның қылмыстық әрекеттері айқындалып, онда "Ал, жәбірленуші Н. осы алған дене жарақаттарының салдарынан оқиға болған жерде қаза болған" деген сөздермен толықтырылғандығы анықталған.

Іс құжаттарына сәйкес, қылмыстық іс соттан қайтарылғаннан кейін қосымша тергеуге жолданбай, айыптарына елеулі өзгерістер енгізіліп, тек жаңа айыптау қорытындысы жасақталған, яғни заң талаптары өрескел бұзылған деп қайта тергеуге жолданған.

Прокурор жеке наразылығында іс бойынша жаңа айыптау қорытындысын жасақтау барысында сотталушылардың айыптары өзгертілмегенін, жаңа айып тағылмағанын, тек тергеу-шінің қателігінен ұмыт болып қалған жаңа мазмұндағы сөздермен толықтырылғанын, толықтырылған сөздер сотталушылардың айыбын өзгертпейтінін және оны ауырлатпайтынын көрсеткен. Сонымен қатар, прокурор жаңа айыптау қорытындысын жасақтауға құқылы, ал жеке қаулыда оған шағымдану тәртібінің көрсетілмегенін айтып, іс бойынша қаулыларды заңсыз деп табуды сұраған.

Алқа, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аға прокуроры А-ның жеке наразылықты қолдау туралы қорытындысын тыңдап, Атырау облыстық сотының қаулысымен жеке қаулы төмендегі негіздерде бұзылуға жатады деп табады.

Атырау облыстық соты істі қосымша тергеуге жолдаудағы басты талап ретінде төмендегі мәселелерді тексеруді, яғни іске қосымша тергеу жұмыс-тарын жүргізу барысында сотталушы А., Қ., Р. және М-ға нақты түрде қандай айып тағылғанын анықтап, анықталған жағдайларға байланысты жаңа айып тағылуы тиістілігін жүктеген.

Сонымен қатар, сотталушылардың заңда көзделген құқықтары елеулі түрде бұзылғанын, маңызды іс құжаттарының бір-біріне қайшы болуына байланысты, сот талқылауының шегін белгілеу мүмкін еместігін көрсеткен. Соттың бұл тұжырымы заңға қайшы.

ҚІЖК талаптарына сәйкес, қорғаушы қорғауындағы адамның мүдделеріне қарсы қандай да болсын әрекет жасауға құқығы жоқ, сондықтан істі қор-ғаушылардың өтініштері негізінде басты сот талқылауынан қайта тергеуге жолдағаны дұрыс емес.

Алқа, соттың қаулысында көрсетілген мәселелер, істі алдын ала тыңдау өткізу барысында қаралуын ескеріп, сот қаулысын бұзып, істі алдын ала тыңдау өткізу сатысынан қайта қарау үшін сол сотқа жолдауға жатады деп табады.

Іс бойынша шығарылған жеке қаулы да өзара байланыста болғандықтан бұзылуға жатады.



Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы ҚІЖК 411-бабының 4-тармағын, 423-бабын басшылыққа алып, Атырау облыстық сотының 2007 жылғы 8 қаңтардағы ҚК 179-бабы 2-бөлігінің а), б), г), д) тармақтарымен, 185-бабының 4-бөлігімен, 131-бабының 4-бөлігімен айыпталған Ғ., Н., Ж., Р., Т-ны, ҚК 96-бабы 2-бөлігінің ж), з) тармақтарымен, 179-бабы 2-бөлігінің а), б), г) тармақтарымен, 185-бабы 4-бөлігімен айыпталған А., Р., М. және Қ. жөніндегі қаулы мен жеке қаулысын бұзып, істі соттың алдын ала тыңдау өткізу сатысынан қайта қарауға жіберуге қаулы шығарды.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет