С. Л. Сауытбеков туралы ќысќаша маѓл±мат



жүктеу 3.91 Mb.
бет7/25
Дата16.04.2016
өлшемі3.91 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи

Қазақ этнопедагогикасының зерттелу бағыттары мен бүгінгі жағдайы

Дүйсембінова Р.Қ.,- педагогика ғылымдарының докторы,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақстан
Этнопедагогика қоғамның тарихи дамуы барысында көкейкесті проблема болғандығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Оның көкейкестілігі соңғы жылдары әр республиканың егемендік алып, жеке мемлекет болуына, сонымен бірге ұлттық сана-сезімнің жетілуіне, қоғам өмірінің рухани жандануына байланысты бұрынғысынан да артуда. Мұны ғылымның барлық саласында орындалған зерттеу еңбектері де дәлелдеуде.

Зерттеушілердің басым көпшілігі бұл ұғымға түсінік беруде. Этнопедагогика проблемасы көкейкестілігінің жаңа қоғам талаптарымен ұштасып жатқанын ҚР Үкіметінің, Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулары, нормативті құжаттары мен бағдарламалары «Халық педагогикасы дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану», «Этнопедагогика және білім жүйесіндегі дарынды балалар проблемасы», «Этникалық педагогика курсы», ғылыми-практикалық конференция материалдары және соңғы буын оқулықтарының жарық көруі дәлелдеп отыр.



Орындалған зерттеулерге жасаған талдау бойынша мынадай көріністерді байқауға болады:

  1. Этнопедагогика проблемалары барлық мемлекетте педагогика ғылымының көкейкесті мәселесі болып саналады.

  2. Этнопедагогиканы мектеп практикасына кешенді ендіру мәселесі жеке зерттеу проблемасы тұрғысында қарастырылмайды. Зерттеулердің басым көпшілігі халық педагогикасы аясында орындалған.

  3. Этнопедагогика мен халық педагогикасы материалдары (поэтикалық, музыкалық, сәндік-қолданбалы, салт-дәстүрлер) мектеп жасына дейінгі мекемелерде (О.В.Леонова, З.Б.Лопоносова, Р.Ш.Халикова, Ж.М.Орозбаев) мектептерде (В.И.Баймурзина, А.Ш.Хасанов, В.Ж.Хамаганов, Л.Г.Агурашвили) тәрбие құралдары ретінде зерттелді.

  4. Этнопедагогика мен халық педагогикасы материалдарын жеке пән сабақтарында пайдалану жолдары – математика Х.Г.Валицис, әдебиет А.А.Полякова, Ж.А.Доржиева, еңбекке баулу А.К.Атдаев, Л.В.Ершова, денешынықтыру Е.Сағындықов, В.П.Красильников еңбектері негізінде анықталды.

Ал, енді қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына ендіру проблемасына келетін болсақ, тарихи деректерге қарағанда Қазақстан егемендігін алғанға дейін бұл мәселе педагогика ғылымының аясынан қалыс қалып отырған. Бұл мәселе саласында бірқатар тәжірибелер жинақталды, өнеге тұтар құнды идеялар, көзқарастар сарапталып, оны дамытуға, жеткіншектер тәрбиесінде пайдалануға байланысты ұсыныс-нұсқаулар берілді. Егер дәлелді сипаттама беретін болсақ:

  1. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, ұлттық сана-сезімін дамыту мақсатында халық педагогикасы материалдарын мектеп практикасында пайдалану қажеттігін кезінде ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин өзінің тәжірибесі мен еңбектері арқылы дәлелдеп берді (ұлттық мектеп ашты, халықтың ауызекі шығармаларын, қолөнерін, салт-дәстүрлерін бала тәрбиесінде пайдаланды).

  2. Қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына мектеп практикасында пайдалану қажеттігін тікелей атап көрсетпегенімен, оның бала тәрбиесіндегі рөліне, құнды адамгершілік қасиеттері мен ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы мәніне ғұлама ағартушылар Ш.Уәлиханов пен А.Құнанбаев та ерекше назар аударған.

  3. Қазақ зиялылары мен ғалым-педагогтары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. халықтың өнегелі салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, ауызекі шығармашылығын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге аялы көзқарасты қалыптастыру мақсатында пайдалану, ана тілінде мектептер ашу мәселелеріне аса мән берді.

  4. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын мектептерде пайдалану туралы қазақ зиялыларының айтқан ой-пікірлерін кейінгі жылдардағы ғалым-педагогтар (М.Ғабдуллин, Т.Тәжібаев, Қ.Бержанов) қолдап отырды. Еңбектерге жасалған талдау қазақ этнопедагогикасының арнайы зерттеу объектісі болмағандығының және мектеп тәжірибесінде жүйелі пайдаланылмағандығын дәлелдейді.

  5. Қазақ этнопедагогикасы 70-ші жылдардың басынан (А.Х.Мұхамбаева, И.Оршыбеков) зерттеле бастады. Кейінгі он жыл көлемінде әр түрлі ғылыми-педагогикалық еңбектер (іргелі, қолданбалы, өңдемелер) ғылыми мақалалар, кітаптар мен қолжазбалар жарық көрді.

Мектеп тәжірибелеріне жасаған талдау нәтижесінде былайша ой түйіндеуге болады:

  1. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие процесінде пайдалануда мұғалімдер басылым көрген кітаптар мен қолжазбаларды, оқу құралдары мен қолданба құралдарды, кітапшаларды негізге алумен шектелген.

  2. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын оқу-тәрбие процесінде пайдалануға байланысты жасалған бағдарламаларда педагогикалық талаптар ескерілмейді және мазмұны теориялық тұрғыда негізделмейді.

  3. Материалдарды практикада тиімді пайдалану факторлары мен шарттарын анықтау ескерілмейді.

  4. Бағдарлама мазмұнына ендірілген мнақты көрсеткіштер арқылы сұрыпталмайды.

  5. Қазақ этнопедагогикасы саласында қалыптасқан озық тәжірибелерді мектептерге ендіру мәселесіне назар аударылмайды.

  6. Қазақ этнопедагогикасы аясында орындалған ғылыми-зерттеу еңбектерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану жолдары қарастырылмайды.

Мұғалімдер мен тәрбиешілердің қазақ этнопедагогикасы саласындағы даярлығын зерттеу барысында олардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерінің төмендігі анықталды. Мысалы, сауалнама нәтижесінде мұғалімдердің 63 пайызға жуығы ұлттық мәдени дәстүрлерді бала тәрбиесінде жүйелі пайдалануға теориялық даярлығының жоқтығын көрсетсе, бұл саладан білімі бар дегендер оларды өз тәжірибесінде пайдаланбайтындығын байқатып, 17 пайызға жуық мұғалім қазақ этнопедагогикасы жөніндегі білімді отбасынан, педагогикалық колледж, университет пен институттан алатындығын айтты.

Бүгінгі күннің ең көкейкесті проблемасының бірі мектеп практикасына қазақ этнопедагогикасы бойынша орындалған ғылыми зерттеулердегі жетістіктерді, қазақ этнопедагогикасының озық тәжірибелерін ендіру болып отыр.

Қолданбалы зерттеулердің көкейкестілігі – проблеманың практикадағы қажеттілігімен; ал маңыздылығы – зерттеудің көлемі және бағыттылығымен сипатталады. Зерттеу нәтижелерін практикада пайдалану мүмкіндіктері басты көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Бұл зерттеулерпдің бірқатары теориялық мәселелерді шешуге де өз үлесін қосып отыр.

Іргелі педагогикалық зерттеулерде авторлар (С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, К.Қожахметова) өзінің әдіснамалық, теориялық көзқарасын дәлелді негіздеуге талпынады, шешімі қарастырылып отырған проблеманы теориялық тұрғыда көлемді негіздейді. Зерттеу нәтижелерін мектеп практикасында пайдалануға байланысты қолданбалы әдістемелік ұсыныстар беріп, өңдемелер жасайды.

Қорғалған ғылыми-зерттеу еңбектері республика баспаларында жарияланым көрмей, кітапхана сөрелерінен орын алуда. Ал, бұл болса қазақ этнопедагогикасы аясында орындалған зерттеулерге, біріншіден – мұғалімдер сұранысын шектейді, екіншіден – олардың мектеп практикасына мерзімінде ендірілуіне кедергі келтіреді. Зерттеу еңбектеріндегі ғылыми нәтижелерді мерзімінде мектеп практикасына ендіру мәселесін шешу – Білім және ғылым министрлігінің құзырында.

Ғылыми конференцияларда көрініс тапқан баяндамалар мазмұны ғалымдар мен оқытушыларды қазақ этнопедагогикасының мынадай мынадай салалары толғандыратынын айғақтайды:



  • Этнопедагогиканың кейбір теориялық және практикалық мәселелері.

  • Іс-әрекет.

  • Ұлттық мәдениетті меңгерудің әдіснамалық негіздері.

  • Мақал-мәтелдердегі еңбек тәрбиесі.

  • Халық ауызекі шығармашылығы.

  • Танымдық қызығушылықты қалыптастыру құралдары.

  • Мұғалімнің әдістемелік даярлығы.

  • Қазақ этнопедагогикасындағы патриоттық тәрбие.

Қазақ этнопедагогикасы мәселелерін мазмұндайтын өңдемелер, қолжазбалар, қолданбалы құралдар, жинақтар да мектеп мұғалімдері мен жоғары және арнайы орта оқу орындары оқытушыларына көмекші құрал міндетін атқарып жүр. Зерттеу еңбектеріне жасаған талдау қазақ этнопедагогикасы саласында бірқатар еңбектердің орындалғанын, оларда бүгінгі күн талабына сай көкейкесті проблема шешімін тауып отырғанын, соған қарамастан олардың басым көпшілігінің республика мектептері практикасына ендірілмегенін, тек өздері эксперимент жүргізген мектептермен шектелгенін, қала берді мұғалімдермен қатар мектеп басшылары да мұндай жұмыстардың орындалғанынан хабарсыз екендігін дәлелдейді.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет