С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова. І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері



жүктеу 2.34 Mb.
бет1/17
Дата28.04.2016
өлшемі2.34 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Ана тілі 4 класс (Атамұра)

С. Рахметова, Т. Әбдікәрімова, Р. Базарбекова.



І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері

1. Сабақтың тақырыбы: Батырлар жыры. Ер Тарғын жырынан.



Мақсаты: балаларды көркем сөздің шынайы үлгісімен таныстыру мақсатында қазақтың асыл мұрасы – халық ауыз әдебиеті үлгілері жайлы анықтама беріп, әдебиет теориясынан қарапайым түсініктер беру; Халық ауыз әдебиетінің бір түрі батырлар жырымен таныстыра отырып, өзінше жазылу ережелері болатындығы жайлы, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелей отырып, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау; балалардың өзіндік жұмыс істеуіне, өмірімен байланыстыра отырып білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тілдік сезімді дамыту. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, тілдік сезімді дамыту, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ . Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, оқуға зер салыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ Кіріспе: 1. Ана тілі оқулығымен, жазған, құрастырған адамдар жайлы, шығарған баспамен таныстыру. Кітапты күтіп ұстау, оған көп адамның еңбек еткені, кісі еңбегін сыйлау керектігін, өзінен кейін тағы кіші достары ұстайтынын ескерте кету.

2. Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады. Сендер бұл бөлімде ертегілерден бастап ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен танысасыңдар. Ауыз әдебиетінің түрлері көп, олардың ерекшелігіде әр түрлі.



Халық ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жататынын білесіңдер ме?

ертегі


аңыз


Батырлар жыры


айтыс

Бесік жыры

жаңылтпаш


Батырлар жыры - еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғап қалған ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі. Оларды жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.

4. оқулықпен жұмыс.Жырды түсініп, іштей ,тізбектей, жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұм-с

сөздік жұмыс жүргізу «Пәрмен – бұл жерде: көмек.

Тобасы – бұл жерде: тілегі.

Көңіліне қайғы бітеді – қатты қамықты, түңілді.»

ІҮ. Түсінгендерін тексеру:


  1. сұрақ – жауап: «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың?

  2. талдау: Осы үзіндіні мазмұны жағынан неше бөлікке бөлер едің?

(Жаудың келуі, Ұрысқа шақыру, Жекпе – жек.)

Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?



  1. Шығармашылық жұмыс: Өлең жолдарын жырға қарап толықтырып жаз.

Толықсып келген қалмақты, Толғап Тарғын салады.

Домбауыл барып құлады, Туы қолдан сұлады.

Ү. Қорыту: 1. Ер Тарғынды және Домбауылды суреттейтін жолдарды тауып оқы. Екеуін салыстырып айт.

2. Кітаптағы суретке қарап осы оқыған жырмен байланысы бар деп ойлайсың ба?



ҮІ. Үйге тапсырма: 3-6 бет, жырды түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.

2. Тақырыбы: Қамбар батыр. ( жырдан үзінді)



Мақсаты: Халық ауыз әдебиетіндегі Қамбар батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға жаттығуға баулу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу; берілген тапсырманы тез, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу.

Сабақтың түрі: аралас. Көрнекілігі: кітап, суреттер, сызбалар.

Сабақтың ұстанымдары: жүйелілік, көрнекілік, тұжырымдау, тиянақтау сезімін дамыту.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға баяндалады? «Ер Тарғын» тұлпары қалай аталады? Жекпе-жекке Тарғынның аман қалу себебі неліктен деп ойлайсың? Егер Ер Тарғын Домбауылдан жеңілсе, елдің жағдайы не болар еді?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Осы «Ер Тарғын» жырынан өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Бүгінгі сабақтан қазақтың қас батыры аты аңызға айналған Қамбар батыр туралы білеміз. Кітаптағы суретке қарап не айтар едіңдер?


  1. Оқулықпен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.

  2. Кітаптағы суреттің осы оқыған жырмен байланысы бар ма? Қандай?

  3. Сөздік жұмыс: мына сөздерді қалай түсінесің?

Мазар – зират, мола.

Пешене – бақ, маңдай, тағдыр.

Шері – жолбарыс

Даусы жерді көшірді – даусы айналаны жаңғыртты.

Ү.Жаңа сабақты пысықтау: 1. Сұрақ – жауап:

Қамбар батыр нені айтып уайымдады? Батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көретінін оның қай сөзінен аңғаруға болады? Қамбар сияқты тағы қандай батырларды білесің?



  1. Үзіндіден жолбарыстың тұлпарға шабуыл жасаған кезіндегі кейпін суреттеген жолдардан теңеулерді тап.

Түгінің бәрін жатқызып, Құлағын жымып жапырды.

Көріктей ашып ауызын, Ырылдап жаман ақырды.

Даусы жерді көшіріп, Нар маядай бақырды.



Бүркіттей жазып тырнағын, Тұлпарға барып асылды.

  1. Қара қасқа аттың сыртқы түр – тұлғасы сипатталатын тұсын жырдан тауып оқы. Бұл жерде қандай көркем сөздер қолданылған?

(Мойның алтын табақтай,

Қамыстай екі құлағың. Төрт аяғың қазықтай,

Төңкерген кесе – тұяғың. Сұлулығың сүмбідей,

Жылқыға бітпес жануар, Сымбатың мен сияғың.)



ҮІ. Қорыту: 1. Жырдағы көркем сөздерді, әсірелеп айтылған сөздерді тауып, сызбаны толтыр.

Қара қасқа ат

әсірелеу

мойны

алтын табақтай

құлағы

қамыстай

Төрт аяғы

қазықтай

тұяғы

төңкерген кеседей

сұлулығы

сүмбідей


2.

ҮІІ.Үйге тапсырма: 6 – 8 бет, оқу, түсінігін айту, суретін салу.

3. Тақырыбы: Тайбурылдың шабысы ( «Қобыланды батыр» жырынан үзінді)

Мақсаты: Халық ауыз әдебиетіндегі Қобыланды батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға, үзіндідегі тілдің көркемдігі жөніндегі әсірелеу сөздерін тауып, тез түсініп, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу;

Сабақтың түрі : аралас Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: кітаптағы суреттер, кесте, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Қамбар батыр нені айтып уайымдады? Батыр өзінің қара қасқа атын жақсы көретінін оның қай сөзінен аңғаруға болады? Қамбар сияқты тағы қандай батырларды білесің?

ІІІ. Өткенді қорыту. Оқушы өзінің салған суреттері бойынша әңгімелеп беруі. Әсірелеу дегеніміз сонымен не болды? Сен қалай түсінесің?

ІY. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық Батырлық жайында қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Ү Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. Балалар біз соңғы кезде қандай батырлар жайлы білдік? Олар кімдер? Олардың тұлпарлары қалай аталады?

Міне, балалар, бүгін біз Қобыланды батырдың тұлпары Тайбурыл жайлы білеміз.



  1. Қобыланды батыр жырынан үзінді оқып, балалардың үйден оқығандары болса әңгімелетіп жіберуге болады. (кітаптан)


  2. Батырлар жырлары әдебиетте эпикалық жырлар деп аталады.





  1. Кітаппен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.

Сөздік жұмыс: қосын – әскер. Сергіту сәті.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. Сұрақ – жауап: Жырда не сипатталады? Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?

2. талдау: Жырдан Тайбурылдың шабысын әсірелеп (күшейтіп) сипаттаған жерді тауып оқы. (Сонда бурыл гуледі...)

3. Көлге, тауға қатысты сипаттау сөздерді жырдан тауып, сызбаны дәптеріңе толықтырып жаз.

(қазды көл, қулы көл, желді көл.шалқар көл, қызды көл); (барлы тау, қарлы тау, Қаратау, Алатау)



ҮІІ. Қорыту: Батырлық жырларда қандай ұқсастық бар?

«Қамбар батыр» жырынан

«Қобыланды батыр» жырынан

Өлең сазы

Ырғағы


Көркем сөз

Әсірелеу


Теңеу....






ҮІІІ Үйге тапсырма: 8-9 бет,суретін салу, оқу, әңгімелеу.

4. Тақырыбы: Алпамыс батыр ( жырдан үзінді)



Мақсаты: Халық ауыз әдебиетіндегі Алпамыс батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға, үзіндідегі тілдің көркемдігі жөніндегі әсірелеу сөздерін тауып, тез түсініп, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу;

Сабақтың түрі: аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

Көрнекілігі: суреттер, кітап

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлік, оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламыз, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Жырда не сипатталады? Қобыланды батырдың тұлпары қалай аталады?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Жырда қандай әсірелеу сөздерімен таныстық? Өзің салған суретің жайлы не айтар едің? Өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен, міндеттерін түсіндіру. (батырлық жайлы мақал – мәтелдер: «Сары май сасымас, батыр саспас.; Батыр жарасыз болмас. ; Батыр ортақ, ер ортақ, Күн ортақ, ай ортақ. ; Батырдың қаһары – еліне қорған. ; Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы.»)

Ү. Жаңа сабақ:

  1. Кітаппен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.

2. сұрақ – жауап: Алпамыс шатырға кіргенде қандай көрініске тап болды? Тортай кім? Алпамыстың сұрағына не деп жауап береді? Алпамыс болмаған жеті жыл ішінде қандай өзгеріс болыпты? Ұлтан деген кім? Ол елге қандай қорлық көрсетіпті?

ҮІ. Білімдерін тексеру: Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

ҮІІ. Қорыту. Бүгін кім жайлы оқыдық? Жырдан келтірілген үзіндіні өз ойыңмен аяқтап айтып көр. Жырды «Алпамыс батыр» жырын оқып шығып, өз ойыңмен салыстырып көр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Түсініп оқу, мазмұнын білу. 2.Бағалау

5. Тақырыбы: Батыр бала Бөген мен Шұбар ат. ( жырдан үзінді)



Мақсаты: Бөген батыр жырымен таныстыра отырып, шығарманы толық талдауға, үзіндідегі тілдің көркемдігі жөніндегі әсірелеу сөздерін тауып, тез түсініп, тиянақты қабылдауына мүмкіндік туғызу; оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауына сілтеу;

Сабақтың түрі : аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік. Көрнекілігі: оқулықтағы суреттер, сызба, мақал- мәтелдер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Барлығы:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау: Алпамыс шатырға кіргенде қандай көрініске тап болды? Тортай кім? Алпамыстың сұрағына не деп жауап береді? Алпамыс болмаған жеті жыл ішінде қандай өзгеріс болыпты? Ұлтан деген кім? Ол елге қандай қорлық көрсетіпті?

ІІІ. Өткенді қорыту: Қандайбатырлармен таныстық? Олардың тұлпарларының аттары қалай аталады? Олардың қандай ұқсастығы, айырмашылығы бар деп ойлайсың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық, оқушы көңілін сабаққа аудару.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Кітаппен жұмыс: Жырды түсініп, іштей , тізбектей, жеке-жеке оқу.

2. Шұбар ат неліктен жүргісі келмеді деп ойлайсың? (балаша аунап, шөбі қалың жерге оттап, боз балаша шапқылап жүгіргісі келді).



«Түсінде аян берді» дегенді қалай түсінесің? (түсінде көру).

3. іздену: Шұбардың сырт бейнесін суреттеу үшін қандай сөздер қолданылған? (Сауырына қарасаң, Төңкерген қара қазандай. Ту сыртына қарасаң, ... Салып қойған көпірдей)



ҮІ.Сергіту сәті.

ҮІІ. Білімдерін тексеру: 1. Жырдан өзіңе ұнаған тұсын мәнерлеп оқып бер. 2. Сызба бойынша жырдағы Шұбар атты суреттейтін әсерелеу сөздерді дәптеріңе жаз.


Шұбар ат

әсірелеу

аяғы

Төрт аяғы тең жорға, Әр аяғы келідей

шекесі

Он екі құлаш Шұбар ат

сауыры

Төңкерген қара қазандай

ту сырты

Суда жүзген сазандай

құлағы

Қиып қойған оюдай

Екі көзі

Парлап жанған шырақтай

танауы

Түбі түскен шелектей

Бауыр еті

Мал жайлауы даладай

омырауы

Салып қойған көпірдей


ҮІІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Осы оқыған жырлардың барлығына сай ортақ ұйқасы, ырғағы, өлеңнің сазы жайлы не айтар едің?

ІХ . Үйге тапсырма: Шұбар аттың суретін сал, оқы, жырдан өзіңе ұнаған жерін жаттап ал. Бағалау.
6. Тақырыбы: Аңыздар. Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай

Мақсаты: Аңыз жанры туралы түсінік қалыптастыру; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, адалдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауға баулу.

Сабақтың түрі : аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Шұбар ат неліктен жүргісі келмеді деп ойлайсың? (балаша аунап, шөбі қалың жерге оттап, боз балаша шапқылап жүгіргісі келді). «Түсінде аян берді» дегенді қалай түсінесің? (түсінде көру).

ІІІ. Өткенді қорыту: Шұбардың сырт бейнесін суреттеу үшін қандай сөздер қолданылған? Сенің алған әсерің?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, біз 2 – 3 кластарда қандай аңыздармен таныстық? (Қожанасыр мен ашқарақ, қажанасыр мен Алдаркөсе, Бетпақдала Ақселеу Сейдімбек. (аңыз), Алдардың айласы (аңыз)). Міне, балалар, сонымен Алдаркөсе деген кім екен? Ол туралы не білесіңдер?

Ү. Жаңа сабақ: 1. Аңыз көбінесе тарихта болған адамның басына құрылатын шығарма. Аңыз әңгімеде өмірде шын болған адамның басынан өткен жайттар мен қиял- ғажайып оқиғалар араласып келеді. Қазақ аңыздарында Асанқайғы, Жиренше, Қорқыт сияқты ерекше жандар мен Алдаркөсе сияқты ел ішінен шыққан қарапайым адамдар туралы оқиғалар айтылады. Алдар жөнінде ел аузында айтылатын күлдіргі аңыздың бірі – Шықбермес Шығайбайды алдауы. (Балаларға аңыз ерекшелігін мына сызба арқылы түсіндіруге болады)

Аңыз дегеніміз

Кейіпкелері

Ерекшелігі

Тарихта болған адамдар іс- әрекеті баяндалады

Асанқайғы,Жиренше,Қорқыт,

Қожанасыр, Алдаркөсе



Шындық пен қиял – ғажайып оқиға араласып келеді




  1. Оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, тауып оқу.

  2. Сөздік жұмыс: Тауы шағылыпты – іске аспапты, Әккіленіп алған – қуланып алған, түзге – далаға.

  3. Аңыздың басында Шықбермес Шығайбай туралы оқығаныңда көз алдыңа қандай адам елестеді? Шықбермес Шығайбайды алдау үшін Алдар қандай қулық ойлап тапты? Шығайбайдың үй іші түгелімен сараң адамдар екенін олардың қандай әрекеттерінен, қандай сөздерінен байқауға болады? Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма?

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Алдар Шығайбайдың үйіне кіріп келгенде жасырып қойған дүниелерін неге теңегенін тап.

  • Жыланның жуандығы қандай?

  • Байдың тығып қойған қазысындай.

  • Жыланды ұрған тастың үлкендігі қандай?

  • Бәйбіше астындағы қойдың басындай.

  • Былш етіп иленіп түскенін неге теңейді?

  • Тоқал астындағы қамырға.

  • Сақалының жұлынғанын неге теңейді?

  • Қызы тығып қойған тырнаның жүніне. Бұл жерде сызба арқылы тапсырма орындауына болады.

Жабықтан сығалауы,аңдуы

Ет орнына шандыр турап қоюы

Алдардың Ыстық нанды, торсықтағы айранды алдап алуы

айласы Атқа бор жағып қоюы

Бізбикені алып кетуі
ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма? Алдар Шығайбайдың үйіне кіріп келгенде, жасырып үлгірген тамақтарды дәл тауып, оларды нелерге теңегенін дәптерге жаз.

(қазы, иленген нан, қойдың басы, тырна) теңеуі: (қазы – жыланның жуандығындай, қойдың басы – ұрып жіберген тастай, былш еткені – иленген нандай, тырнаның жүнін жұлуы – сақалым жұлынсын)




Теңеу дегеніміз екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату.

Егер сен Шығайбай орнында болсаң, не істер едің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Оқу, әңгімелеу.2.Бағалау.

7. Тақырыбы: Өнерлі жігіт (Әл – Фараби туралы аңыз)



Мақсаты: Әл – Фараби өмірі жайлы түсінік бере отырып, мәтінді түсініп оқуға үйрету; тілін , ой өрісін дамыту; білімділікке, ізденімпаздыққа,мейрімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ізденушілік, өзіндік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Аңыздың басында Шықбермес Шығайбай туралы оқығаныңда көз алдыңа қандай адам елестеді? Шықбермес Шығайбайды алдау үшін Алдар қандай қулық ойлап тапты? Шығайбайдың үй іші түгелімен сараң адамдар екенін олардың қандай әрекеттерінен, қандай сөздерінен байқауға болады?

ІІІ. Өткенді қорыту: Бүгінгі күні Шығайбай секілді адамдар бар ма? Егер сен Шығайбайдың орнында болсаң, не істер едің? Теңеу дегеніміз не?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Әл – Фараби туралы не білесің? ә/ Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Аңызды түсініп, теріп оқу. 2. Сөздік жұмыс: Дихрем – теңге деген сияқты ақшаның аты, Дәруіш – ел кезіп жүретін адам, Делдал – екі жақты келісімге келтіретін кісі.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Жігіттің қандай өнері Әл – Фарабиге ұнап қалды деп ойлайсың? Әл – Фараби жігітке қандай ұсыныс айтты? Ондағы мақсаты не?

2. Әл – Фарабидің әрекетіне қарсы айтылған сөзді тауып оқы. (Мына диуана дәруіштің дені сау ма? ...).



ҮІІ. Қорыту: Сөзжұмбақ шешу.(«Өнерлі өрге жүзеді»). Дәптеріңе жаз, жаттап ал. Мақалдың аңызға қатысы бар ма?

ҮІІІ .Үйге тапсырма:1. Әл Фараби туралы деректер іздеп тауып, дәптеріңе мына сызбаны толтырып жаз.

Әбу Насыр әл – Фараби кім?

Ол туралы не білесің?






2.Бағалау.

8. Сабақтың тақырыбы: Қорқыт. (аңыз)



Сабақтың мақсаты: қорқыт ата жайлы аңызбен таныстыру, түсініп оқуға, түсінгенін әңгімелеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құрастырып, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. Ертегі мен аңызды ажырата білуге, зерек болуға, терең ойлауға баулу.

: files -> 2015
2015 -> Балалар кітабы апталығы «Үздік оқырман» сайысы
2015 -> Убийство на ниле
2015 -> Фио школа Класс Балл
2015 -> Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № бұйрығымен бекітілген
2015 -> Ўзбекистон Республикаси Халқ таълими ҳузуридаги Халқ таълими ходимларига узлуксиз методик хизмат кўрсатиш ишларини мувофиқлаштириш Кенгаши тўғрисида низом
2015 -> Постановление «19» гинуар 2015года №02 «19» января 2015года
2015 -> Методические рекомендации Формы текущего, промежуточного и итогового контроля


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет