С. Сейфуллин атындағы Қазату-дың белсенді студенттері 2010 жылғы жетістіктерін қорытындылап, жаңа жоспарларын айқындады



жүктеу 22.98 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі22.98 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
2011-01-25 14:29:00.0

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың белсенді студенттері 2010 жылғы жетістіктерін қорытындылап, жаңа жоспарларын айқындады

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің белсенді, шығармашыл және спортшы жастары барыс жылында жеткен жетістіктердің қорытындысын шығарып, 2011 жылға жаңа жоспарларды айқындады.

Университеттің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерінің, кәсіподақ комитеті, Студенттер альянсы және жатаханалардағы студенттік кеңес өкілдерінің бастарын қосқан оқу орны басшысының тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Александр Майер, барыс жылы аграрлық университет үшін жетістігі мен жеңісі мол, табысты жыл болғанын атап өтті.

«Бас шаһар - Астанада өткен маңызды шаралардың бірде-біреуі Қазақ агротехникалық университеті студенттерінің қатысуынсыз өткен емес. Жастар саясатын іске асыру бағытында 2010 жылға жоспарланған шаралар табысты орындалды», - деді А.Майер.

Проректор өткен жылдың еншісіне бұйырған бірқатар маңызды шараларға тоқталып, оларға қысқаша шолу жасады. Мәселен, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына орай аграрлық университетте көптеген мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Солардың ішінде Сарыарқа ауданының ардагерлеріне арналып Ә.Молдағұлова ескерткішінің жанында қойылған театрландырылған көрініс бар. Осы датаға арналған республикалық байқауда «Ақ желкен» студенттік театры бірінші орынды иеленді.

Бұдан басқа, өзге ұлт өкілдерінен құралған «Жігер» көңілді тапқырлар командасы «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты қалалық байқауда үшінші рет жеңімпаз атанды. Университеттің №5 жатақханасы республика бойынша «ең үздік жатақхана» деп танылды.

Сондай-ақ, «Елбесік аруы - 2010» және «Студенттік ару - 2010» қалалық байқаулардың жеңістері осы университтеттің бойжеткендеріне бұйырды. «Фараб» ән-би шығармашылық тобы Болгарияда өткен халықаралық «София - 2010» фестивалінде дипломант атанды. Нәзира Сағадулла XIII халықаралық «Шабыт» байқауының «эстрадалық вокал» аталымында дипломант атанды.

Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған қалалық фестивальде «Ақ желкен» студенттер театры мен «Шабыт» қазақ ұлттық аспаптар оркестрі екі бірдей бас жүлдені иеленді.

Оқу орнының студенттері, боксшылар Ілияс Сүлейменов, Данияр Төлегенов пен Данияр Елеусіновтер Қазақстан чемпиондары атанды. Онымен бірге, Гуанчжоуда өткен XVI Жазғы Азия ойындарында Д.Елеусінов алтыннан алқа тағынып, білім ордасының ғана емес, күллі қазақ жұртшылығының мерейін өсірді. 

Спорттың 15 түрінен елордадағы ЖОО-лар арасында өткен спартакиадада аграрлық университеттің спортшыларына тең келгендер болмады.  Сондай-ақ баскетболдан ерлер мен әйелдер командасы Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды.

Төрткүл дүниені елең еткізген Астана Саммитіне аграрлық университеттен 95 студент атсалысып, олардың тоғызына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғысхаты табысталды. Тағы 45-іне ҚР Президентінің Іс басқармасынан жолданды.

«Тағы бір айта кетерлігі, 2010 жылдың 19-22 қазан аралығында университет мемлекеттік аккредиттеуден сүрінбей өтіп, комиссия мүшелері студенттердің өзін-өзі басқару саясатына жоғары баға берді», - деді проректор.



А.Майер студенттерді сондай-ақ, 2011 жылғы жоспарлармен таныстырды. Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдық торқалы тойы атап өтілетінін тілге тиек еткен ол, университет тарапынан ұйымдастырылатын мерекелік шаралардың басым көпшілігі осы датаға арналатынын айтты.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет