С. Т. Иксатова Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі бойынша тестілердің жинағы



жүктеу 2.41 Mb.
бет6/13
Дата02.05.2016
өлшемі2.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті

Е) 18 жасқа жеткен, ақыл есі дұрыс жеке тұлға.
183. Зорлау құрамының аса ауырлататын түрі үшін (120-баптың 3-бөлігі) мына жазалардың қайсысы көрсетілген?
А) бас бостандығынан айыру;

В) қамау;

С) түзеу жұмысы;

Д) айыппұл;

Е) бас бостандығын шектеу.
184.Адамды ұрлаудың (125-бап) аса ауырлататын түріне жатпайтын белгіні табыңыз.
А) жай топ жасаған;

В) ұйымдасқан топ жасаған;

С) ұрланған адамды нәпсіқұмарлыққа пайдалану мақсатымен жасалған;

Д) абайсызда жәбірленушінің өліміне ұштасқан;

Е) абайсызда жәбірленушінің ауыр зардапқа ұшыраған жағдайлары.
185.Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту қылмысының тікелей объектісі:
А) оларды есірткілік заттарды тұтынуға ұдайы тарту;

В) есеңгірететін заттарды тұтынуға ұдайы тарту;

С) ішімдікті жиі тұтынуға ұдайы тарту;

Д) қаңғыбастықпен, жезөкшелікпен, қайыршылықпен айналысуға тарту;

Е) адам тұлғасының адамгершілік, рухани және денесінің дұрыс дамып қалыптасу мүддесі.
186.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 244-бабының объективтік жағы (атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу).
А) әрекетсіздік жасау, яғни қауіпсіздік ережелерін сақтамау;

В) атом энергетикасы объектілеріндегі, орналастыру, жобалау, құрылыс жүргізу, жөндеу немесе пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзумен байланысты әрекет немесе әрекетсіздікті жасау, егер бұл адам өліміне немесе қоршаған ортаның радиоактивтік ластауына әкеп соқса;

С) нәтижесінде ауыр зардаптар орын алған, атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзумен байланысты белсенді әрекеттер жасау;

Д) нәтижесінде адам өлімі немесе өзге ауыр зардаптар (құстар мен аңдардың жаппай жойылуы) орын алған, әрекет немесе әрекетсіздік жасау;

Е) нәтижесінде ірі мөлшердегі зиян немесе өзге ауыр зардаптар келтірілген, тек қана әрекеттерді жасау.
187.Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау құрамының субъектілері кімдер бола алмайды?
А) ата-ана;

В) қамқоршы, қорғаушы;

С) педагог;

Д) емдеу, оқу-тәрбие орны мекемелерінің қызметкерлері;

Е) басқадай жай адамдар.
188. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 261-бабындағы «тұтынуға көндіру» нені түсінеміз (есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру):
А) есірткі заттарды тұлғаға қабылдатуды психикалық және физикалық күштеу, қысым жасалғанға, басқа да тұлға немесе тұтынуға қызығушылығы бар тұлғаға бағытталған (насихат, ұсыну,өтірік мәлімет беру,қорқыту) әрбір қасақаналық әрекеттер;

В) ұсыну;

С) ақыл айту, көндіру;

Д) психикалық және күш қолдану;

Е) өтірік айту жолмен немесе жаңылыстыру арқылы жасалған әрекет.

189. Кәмелетке толмаған тұлғаны қылмыс жасауға тартқан және өзі қылмысқа қатысқан тұлға:


А) ұйымдастырушы болып табылады және оның әрекеттері ҚК-тің 28 бабы және сәйкес баптары бойынша сараланады;

В) айдап салушы болып табылады және оның әрекеттері ҚК-тің 28 бабы және сәйкес баптары бойынша сараланады;

С) орындаушы болып табылады және оның әрекеттері 131 бап бойынша және ҚК-тің Ерекше бөлімінің сәйкес баптары бойынша сараланады;

Д) көмектесуші болып табылады және оның әрекеттері 28-бап және ҚК-ке сәйкес сараланады;

Е) айдап салушы болып табылады және оның әрекеттері ҚК-тің 28 және 131 баптары бойынша сараланады.
190. Экоцид құрамын құрайтын белгілерді анықтаңыз:
А) өсімдіктер дүниесін жаппай жою;

В) жануарлар дүниесін жаппай жою;

С) жер, су ресурстарын улану;

Д) экологиялық апатты туғызатын өзге де әрекеттер істеу;

Е) осы бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерде көрсетілген барлық белгілерді қоса алғанда.
191. ҚК-тің 164-бабында көзделген қылмыс құрамы орын алады, егер:
А) әлеуметтік араздықты қоздырса;

В) ұлттық араздықты қоздырса;

С) рулық араздықты қоздырса;

Д) нәсілдік және діни араздықты қоздырса;

Е) бірінші, екінші, үшінші, төртінші тармақтарындағылардың барлығы үшін.
192. Мемлекеттік опасыздық белгісіне жатпайтын белгіні табыңыз:
А) бейбітшілік уақытта шетелге шығып кету;

В) соғыс уақытында жау жағына шығып кету;

С) ұрыс жағдайында жау жағына шығып кету;

Д) мемлекеттік құпияларды жатқа беру;

Е) Республикаға қарсы дұшпандық әрекет жасау.
193. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап етудің ауырлататын түріне жатпайтын белгіні анықтаңыз:
А) ұйымдасқан топ жасаған әрекет;

В) ірі мөлшерде жасалған әрекет;

С) бұрын екі рет сотталғандығы бар адамның ұрлықпен байланысты әрекеті;

Д) қорқытып алушылық үшін бұрын екі реттен көп сотталған адамның әрекеті;

Е) бірнеше рет жасалған әрекет.

194. Қарақшылық құрамының ауырлататын түріне жатпайтын белгіні анықтау қажет:


А) ұйымдасқан топ;

В) денсаулыққа ауырлығы орта зиян келтірген;

С) денсаулыққа ауыр зиян келтірген;

Д) мүлікті ірі мөлшерде ұрлаумен;

Е) ұрлық немесе қорқытып алушылық үшін бұрын 2 реттен кем емес сотталған адамдар істеген әрекет.
195. Ерекше құнды заттарды ұрлау құрамына мыналардың қайсысы жатпайды:
А) ерекше тарихи заттар;

В) ерекше ғылыми заттар;

С) ерекше көркем немесе мәдени заттар;

Д) құнды заттар мен құжаттар;

Е) жай құжаттар мен күнделікті заттар.
196. Мыналардың қайсысы қорқытып алушылықтың аса ауырлататын белгісіне жатпайды (181-баптың 3-бөлігі):
А) бұзақылық ниетпен;

В) ұйымдасқан топ;

С) денсаулыққа ауыр зиян келтірген;

Д) ірі мөлшерде мүлік алумен;

Е) ұрлық немесе қорқытып алуц үшін бұрын екі рет сотталған адам жасаған әрекет.
197. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқарған өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену ( 328-бап) аяқталған болып есептеледі:
А) өкімет өкілі немесе лауазымды тұлға атағын иеленумен байланысты қылмыс жасау;

В) өкімет өкілі немесе лауазымды тұлға атағын өз бетімен иелену;

С) жәбірленушіге өкімет өкілінің немесе лауазымды тұлғаның жалған құжаттарын, куәліктерін ұсыну;

Д) өкімет өкілінің немесе лауазымды тұлғаның жалған куәлігін иелену немесе жасау;

Е) өкімет өкілінің немесе лауазымды тұлға атағын иеленумен байланысты қылмыстың жасалу нәтижесінде ауыр зардаптың келтірілуі.
198. Мыналардың қайсысы, пара алудың аса ауырлататын түріне жатпайды (311-баптың 1-бөлігі):
А) қорқытып пара алу;

В) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;

С) әлденеше рет;

Д) ірі мөлшерде;

Е) жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адамның пара алуы.
199. Мыналардың қайсысы бас бостандығынан айыру орны тұтқындаудан немесе қамаудан қашудың субъектісі бола алмайды:
А) жазасын өтеп жатқан сотталған адам;

В) қамаудағы адам;

С) уақытша тұтқындалған адам;

Д) бас бостандығынан айыру орнында жаза өтеп жатқан адам;

Е) мәжбүрлеп емдеу орнында емделіп жатқан адам.
200. Қылмысты жасырғаны үшін жауаптылық орын алады:
А) жай қылмыстарды жасырса;

В) ауыр қылмысты білмей жасырса;

С) орташа ауырлықтағы қылмысты жасырса;

Д) аса ауыр қылмысты білмей жасырса;

Е) ауыр және аса ауыр қылмысты күні бұрын уәде бермей әдейі жасырса.
201. Кәсіпкерлік ретінде тіркелмеген азаматтар немесе басқа адамдар мен жасалған таразыдан, өлшеуден, есептен алдауды саралаймыз:
А) тұтынушыларды алдау деп;

В) алаяқтық деп;

С) заңсыз кәсіпкерлік деп;

Д) жалған кәсіпкерлік деп;

Е) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік зиян келтіру деп.
202. Ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету қылмысының топтық объектісін атаңыз:
А) ағзаның анатомиялық тұтастығы;

В) жәбірленушінің тікелей органдары немесе тіні;

С) адамның өмірі;

Д) адамның денсаулығы;

Е) өмір сүру және денсаулық құқығы.
203. Лицензиялау шарттарын бұзу дегеніміз ( заңсыз банктік қызмет):
А) банк операцияларын жүргізу тәртібін өрескел түрде бұзу;

В) банк операцияларын тіркеусіз жүзеге асыру;

С) банк операцияларын арнайы рұқсатсыз жүзеге асыру;

Д) тіркеуге байланысты заң талаптарын орындамау;

Е) банктік кепілдіктер беру.
204. Несиені заңсыз алу кезіндегі жалған мәліметтер:
А) несие алушының шаруашылық, қаржылық жағдайы немесе кепілдемелік мүлкі туралы мәліметтер;

В) несие алушының тек қана қаржылық жағдайы туралы мәліметтер;

С) несие алушының ұйымдасқан құрылымы және қаржылық жағдайы туралы мәліметтер;

Д) әкімшілік-шаруашылық қызметі туралы мәліметтер;

Е) тек қана кепілдемелік мүлік туралы мәліметтер.
205. Жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасаудың аяқталу кезеңі:
А) ақша белгісін немесе бағалы қағаздың тым болмаса біреуін нақты дайындаған кезден;

В) көрінеу жалған ақша немесе бағалы қағаздарды алған соң;

С) өткізген соң;

Д) ақша немесе бағалы қағазды өткізу мақсатында дайындаған кезден бастап;

Е) жалған ақша немесе бағалы қағаздарды пайдаланған кезде.

206. Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару аяқталған болып есептеледі::


А) әділетсіз сот үкімі, шешімі немесе өзгедей сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін;

С) азаматтар немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылғаннан бастап;

Д) әділетсіз сот үкімі, шешімі немесе өзгедей сот актісіне судья қол қойғаннан бастап ;

Е) әділетсіз сот үкімі, шешімі немесе өзгедей сот актісіне судья қол қойып, шығарғаннан бастап.


207. Жалған банкроттықтың заңда көрсетілген міндетті белгісі:
А) несие берушілерді жаңылыстыру;

В) несие берушілерге тиесілі төлемдерін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу;

С) борышын азайту;

Д) борышын төлемеу;

Е) жоғарыда көрсетілгендердің бәрі.
208.Несиелік берешекті өтеуден әдейі, жалтарғандығы үшін жауаптылыққа тартудың қажетті шарты:
А) жалтарудың көрінеулігі;

В) несиелік берешек;

С) тиісті сот актісінің заңды күшіне енуі;

Д) несиелік міндеттерді орындаудан бұлтару;

Е) сот актісін орындамау.
209. Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу аяқталды деп есептелінеді:
А) монополиялық жоғары бағаны белгілегенде;

В) монополиялық төменгі бағаны белгілеп, ұстап тұрғанда;

С) азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке елеулі зиян келтіргенде;

Д) бәсекені шектегенде;

Е) осылардың барлығы.
210. Жыныстық сипаттағы әрекеттер күштеу жасалған болып есептеледі, егер:
А) зиян келтіру қаупімен, оны келтірмей жасалса;

В) күштеу жәбірленушіге емес, оның жақындарына қолданылып жасалса;

С) алдау арқылы жасалса;

Д) күш қолданып, бірақ қатыгездіксіз жасалса;

Е) денсаулыққа ауыр емес жеңіл зиян келтіре отырып жасалса.
211. Көрінеу жалған жарнама беру құрамы жағынан:
А) формальдық қылмыс құрамы;

В) келте;

С) материалдық;

Д) формальдық-материалдық;

Е) жай.
212.Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдаланудың субъектісі:
А) жеке кәсіпкер;

В) ұйымның жетекшісі;

С) кез келген адам;

Д) лауазымды тұлға;

Е) жеке кәсіпкер және ұйымның бастығы.
213. Азаматтардың хат алуымен танысудың заңды жағдайы болып табылады:
А) сәйкес мемлекеттік орган қылмыскерді табу және ұстау мақсатында танысуы;

В) пайдакүнемдік ниеті жоқ тұлғаның хат алысу құпиясын бұзуы;

С) ақпарат алу мақсатымен хат алысу құпиясын бұзу;

Д) социологиялық зерттеу мақсатында хат алысумен танысуы өзге тұлғалардың;

Е) өзге тұлғалардың хат алысуымен сот шешімінің негізінде танысу.
214. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіру субъектісі болып:
А) 16 жасқа толған есі дұрыс тұлға;

В) 18 жасқа толған есі дұрыс адам;

С) жаңа туған сәбидің анасы 14 жасқа толған;

Д) 14 жасқа толған есі дұрыс тұлға;

Е) босану кезінде 16 жаста болған сәбидің анасы.
215. Мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр етудің қосымша объектісі:
А) жәбірленушінің ар-намысы;

В) жәбірленушінің ар-ождан бостандығы;

С) қоғамдық тәртіп;

Д) қоғамдық қауіпсіздік;

Е) жәбірленушінің ерік білдіру бостандығы.
216. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 252 бабында қарастырылған «Қаруды заңсыз жасау қылмысының» пәні болып табылады:
А) қару-жарақ, жару құралдары, старттық пистолет;

В) атыс қаруы, пневматикалық қару, пиротехникалық жару құрылғылары;

С) жарылғыш заттар, бомбалар;

Д) атыс қаруы, оның жинақтаушы бөлшектері қару-жарақ, жарылғыш заттар және жару құрылғылары;

Е) тек қана жару құрылғылары.
217. Жезөкшелікпен айналысуға тартудың қылмыстық жазасы:
А) егер ұйымдасқан топпен жасалса, сол сияқты жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін және притондар ұстағаны үшін бұрын соталған адам жасаса;

В) егер жезөкшелікпен айналысуға тарту күш қолдану және күш қолданбақшы болып қорқыту болса;

С) егер ол дәрменсіз жағдайын пайдалану болса, мүлкін жою немесе бүлдіру жолымен қатар ұйымдасқан топпен жасалса;

Д) егер ол алдау немесе күш қолдану жолымен жасалса;

Е) егер ол күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту, дәрменсіз жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлікті жою немесе бүлдіру және алдау жолымен жасалса.
218.Жалған төлем карточкаларымен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сатудың субъективтік жағы:
А) тікелей қасақаналық және арнайы мақсат;

В) қасақаналық, ниет, мақсат;

С) жанама қасақаналық;

Д) тікелей және жанама қасақаналық;

Е) абайсыздық.
219. Лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдаланып, экономикалық контрабанданы істеуі сараланады:
А) қылмыстардың жиынтығы бойынша; (209-бабының «б» тармақшасы және 307-бабы);

В) тек 307-бап бойынша;

С) тек 308-бап бойынша;

Д) тек 209-бап «б» тармағы бойынша;

Е) 229-баптың 1-бөлігі бойынша.
220. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау субъектісі болып:
А) 14 жасқа толған кез келген тұлға;

В) өз қызмет бабын пайдаланатын тек-қана лауазымды тұлға;

С) 16 жасқа толған кез келген тұлға;

Д) лауазымды тұлға;

Е) шетел азаматтары.
221. Радиоактивті материалдарды ұрлауды қалай түсінесіз?
А) меншік иеленушіге не басқа да иемденушіге зиян келтірілген, кінәліге не басқа тұлғаға зұлымдық мақсатпен қайтарымсыз не радиоактивтік материалдарды алу;

В) күш қолданып қорқытып радиоактивтік материалдарды қайтарып алуды талап ету не беру ұятқа қалдыру мақсатында құжаттар тарату не жою не мүлкін құрту;

С) радиоактивтік материалдарды сатып алу не сатудың әрбір мақсаты, егер де осы заттар азаматтың айналымнан алынса;

Д) қоғамдық қауіпсіздікті бұзу мақсатында, радиоактивтік материалдарды құпия алу;

Е) үшінші тұлғалардың заңсыз пайдалануынан радиоактивтік материалдарды заңсыз және қайтарымсыз алу.
222. Акциздік алым маркаларын қолдан жасау және пайдалану аяқталды деп есептелінеді:
А) ірі мөлшердегі зиян келтірілгенде;

В) елеулі зиян келтірілгенде;

С) әрекеттердің біреуі жасалған кезден бастап;

Д) акциздік алым маркасымен таңбалаудың тәртібі;

Е) көрінеу жалған акциздік алым маркаларын тікелей пайдаланғанда.
223. Әдейі банкроттық барысында төлем қабілетсіздігін жасау дегеніміз:
А) кәсіпорынның мүддесіне байланысты емес қажеттілікке ақша қаражаттарын заңсыз шашу;

В) несие берушілердің талаптарын орындау;

С) зиянды мәмілелер жасау;

Д) кәсіпорынның мүддесіне елеулі зиян келтіру;

Е) шағын табыс табу.
224. Талан-таражға салудың түрлері:
А) алдау;

В) азаптау;

С) алаяқтық;

Д) қорқыту;

Е) ұрлық, тонау, қарақшылық.
225. Талан-таражға салудың нысандарын бөліп көрсетудің негізі:
А) қол сұғушылықтың объектісі;

В) келтірілген зиянның мөлшері;

С) объективтік жағы бойынша;

Д) кінәның нысаны;

Е) қылмысты істеу әдісі.
226. Экономикалық қызмет саласындағы басым қылмыстардың міндетті белгісі қайсы:
А) қылмыстың заты;

В) қылмыскердің тұлғасы;

С) әрекет пен әрекетсіздік;

Д) қоғамға қауіптілігі;

Е) қылмыстың істелу тәсілі.
227. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 264 бабында көзделген есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру және ұстаудың саралаушы белгілерін атаңыз?
А) қызмет бабын пайдаланумен, бірнеше мәрте, ұйымдасқан топпен;

В) бірнеше мәрте, алдын ала сөз байласып, адамдар тобымен;

С) адамдар тобымен, қорқыту арқылы, бірнеше мәрте;

Д) қызмет бабын пайдаланумен, адамдар тобымен;

Е) бірнеше мәрте, притондарды ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін бұрын сотталған адам.
228. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару-бұл:
А) ата-анасының кәмелетке толмаған балаларын сол сияқты 18 жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден 3 айдан астам әдейі жалтару;

В) ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларын асырауға арналған қаражатты 3 айдан астам әдейі жалтаруы:

С) ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын сол сияқты 18 жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты әдейі төлеуден жалтаруы;

Д) сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтаруы;

Е) ата-ананың сот шешімі бойынша кәмелетке толмаған сол сияқты 18 жасқа толған еңбекке жарамсыз балаларын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтаруы.
229. Экономикалық қызмет саласындағы барлық қылмыстар субъективтік жағынан кінәның қай түрімен сипатталады?
А) қасақаналық;

В) абайсыздық;

С) жанама қасақаналық;

Д) себепті байланыс;

Е) жоғарыда аталғандардың барлығы.
230. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіруде (ҚК-тің 189-бабы) объективтік жағы қандай нысанда көрініс табады?
А) жеке кәсіпкердің құқықтарын және заңды мүдделерін шектеу;

В) жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу;

С) коммерциялық ұйымның құқықтарын және заңды мүдделерін шектеу;

Д) жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызметіне басқа да заңсыз түрде араласу;

Е) жоғарыда аталғандардың барлығы.

231. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіруде (ҚК-тің 189-бабы) қылмыс құрамы қандай?


А) материалды;

В) формальды;

С) келте қылмыс құрамы;

Д) формальдық-материалдық;

Е) жоғарыда аталғандардың барлығы.
232. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіруде (ҚК-тің189-бабы) қылмыстың субъектісі кім?
А) он төрт жасқа толған есі дұрыс адам;

В) он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы;

С) он алты жасқа толған адам;

Д) әскери қызметкер;

Е) лицензия беретін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары.
233. Кәсіпкерлік заңсыз болып есептеледі, егер:
А) мемлекеттік тіркеусіз жүргізілсе;

В) лицензия алу міндетті болған кезде,лицензиясыз жүргізілсе;

С) лицензиялау шарттары бұзылса;

Д) тыйым салынған кәсіпкерлік түрлерімен шұғылданса;

Е) жоғарыда аталғандардың барлығы.
234. ҚК бойынша ірі зиянның мөлшері 190-бапқа байланысты:
А) үш жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі;

В) жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен жоғары;

С) мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары;

Д) екі жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары;

Е) он мың айлық есептік көрсеткіштен жоғары.
235. Монополиялық әрекеттер және бәсекелестікті шектеудің (196-бап) қылмыс құрамы қандай?
А) материалды;

В) формальды;

С) келте;

Д) аяқталған;

Е) жоғарыда аталғандардың барлығы.
236. Жалған кәсіпкерліктің (ҚК-тің 192-бабы) объективті жағының міндетті белгісі не?
А) тікелей қасақаналық;

В) қылмыстың заты;

С) себепті байланыстың болуы;

Д) заңға негізделген кәсіпкерлік қызметті қорғауға бағытталған қоғамдық қатыныстар;

Е) тек қана әрекетсіздік түрінде болады.
237. Тауарлық белгілер жарамсыз болып есептеледі егер:
А) тауарлық белгілер басқалардың құқықтарына кедергі келтірсе;

В) қандай да бір айрықша белгілері болмаса;

С) мораль нормаларына қайшы келсе;

Д) қоғамдық тәртіпті бұзуға интермелесе және қоғамды жаңылыстырса;

Е) жоғарыда аталғандардың бәрі.
238. Тауарлық белгіні заңсыз қолданудың (ҚК-тің 199-бабы) объективтік жағы немен сипатталады?
А) заңсыз әрекетпен;

В) әрекет және әрекетсіздік;

С) әрекетсіздік;

Д) кінә;


Е) тікелей қасақаналық.
239. Жалған банкроттықтың (217-бап) тікелей объектісі қайсы?
А) банкроттық процесі жүргізілуіне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар;

В) кредиторлардың мүліктік мүдделері;

С) экономика қызметі саласындағы қалыптасқан қоғамдық қатынастар;

Д) мәмілелер жасаудың еркіндігі;

Е) кредиттік мекемелер саласындағы қоғамдық қатынастар.
240. Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзғанда (ҚК-тің 218-бабы) субъективтік жағы қандай түрде көрініс табады?
А) тікелей қасақаналық;

В) жанама қасақаналық;

С) тікелей және жанама қасақаналық;

Д) абайсыздық;

Е) әрекетсіздік.
241. Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзудың (ҚК-тің 218-бабы) қылмыс құрамы қандай?
А) келте қылмыс құрамы;

В) материалдық;

С) формальдық;

Д) материалдық-формальдық;

Е) жәй қылмыс құрамы.
242. Экономикалық контрабанданың (209-бап) негізгі тікелей объектісі не?
А) мемлекеттің қаржы қызметі;

В) адамдардың құқықтары және бостандықтары;

С)заңға негізделген банкілік қызмет;

Д) бағалы қағаздар рыногының аясында қалыптасқан қоғамдық қатынастар;

Е) қоғамдық қауіпсіздік, халықтың денсаулығы.
243. Экономикалық контрабанда (209-бап) кезінде тауарлар қандай тәсілдермен тасымалданады?
А) кеден бақылауынан тыс;

В) кеден бақылауынан жасыру;

С) жалған құжаттарды көрсету;

Д) декларацияламау;

Е) жоғарыда аталғандардың барлығы.
244. Экономикалық контрабанданың (209-бап) субъектісі кім?
А) он төрт жасқа толған адам;

В) он алты жасқа толған есі дұрыс адам;

С) он сегіз жасқа толған ҚР азаматы;

Д) шетелдік азамат;

Е) лауазымды тұлға.
245. Ормандарды жойғаны немесе зақымдағаны үшін (292-бап) жауаптылық:
А) ормандарды және орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды жою, зақымдау;

В) өртеу немесе ластау жағдайында;

С) ормандарды жойғаны немесе зақымдағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделмеген;

Д) ормандарды және орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды едәуір мөлшерде өртеп жіберген жағдайда;

Е) ормандарды және орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды зақымдау өлімге немесе жаппай ауруға әкеліп соқса;

ормандарды жою немесе зақымдауға жол бермеуді қадағалайтын органның әрекетсіздігі нәтижесінде.


246. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы қылмыстық заңмен қорғалатын қандай объектіге қол сұғады?
А) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қол сұғушылықтан сақтау және қорғауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға;

В) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы қылмыс болып табылмағандықтан ешқандай объектіге қол сұқпайды;

С) ерекше қорғалатын жер және судың құқықтық режиміне қол сұғады;

Д) жер заңымен қорғалатын қоғамдық қатынастарға;

Е) орман және су кодексімен қорғалатын қоғамдық қатынастарға.
247. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін қандай қылмыс құрамы белгіленген (291-бап)?
А) формальдық құрам;

В) келте құрам;

С) материалдық құрам;

Д) формальды материалдық құрам;

Е) осылардың барлығыда.
248. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесудің субъектісі (291-бап) кім болады?
А) он алты жасқа толған есі дұрыс адам;

В) он төрт жасқа толған есі дұрыс адам;

С) он сегіз жасқа толған есі дұрыс адам;



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет