Сабақ 6-7 сынып Аманжолова Гүлнәр Шакизақызы жоғары санатты кітапханашы



жүктеу 44.99 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі44.99 Kb.


Ақтөбе облысы


Шалқар қаласы
№2 мектеп-гимназия

Тақырыбы:


«Көп оқып, көп білуге ұмтыл»

кітапханалық сабақ

6-7 сынып

Аманжолова Гүлнәр Шакизақызы

жоғары санатты кітапханашы


2014 ж


Мақсаты:

Ақпараттық қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру;

Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу;
Ұйымдастыру бөлімі: Саламатсыздар ма, балалар!

Кітап адам өмірінде қандай маңызды қызмет атқарады, қане кім айтады?

Балалар:

1 оқушы: Жан айнасы;

2 оқушы: Рухани қазына;

3 оқушы:Тәлімгер- ұстаз;

4 оқушы: Шабыт береді.

Кітапханашы: Ендеше, балалар, шабытымызды шақыру үшін

ең алдымен жаңа технология «Библиотерапия», яғни адам жанын сауықтыру терапиясына оның ішінде «күлкі терапиясына» назар аударайық!

Сұрақ: -Халық аузындағы күлдіргі әңгімелер мен күлкілі кейіпкерлеріміз кімдер?

(Слаидтан Алдаркөсе мен Қожанасыр суреттері шыға келгенде, балалардың көңілдері жадырап қоя береді)

Балалар:- Алдаркөсе мен Қожанасыр!

Кітапханашы:-Қане, балалар, әзіл-сықақтың аталарына қошемет көрсетеміз!

(Қол шапалақтатып, балаларды бір сергітіп алу)

Кітапханашы:-Келесі кезекте «Ғажайып терапиясына» ден қоямыз.

- Білсем деген талап - қай жастағы, қандай дәрежедегі адамға да таптырмас қасиет. Ұлы заңғар жазушымыз М.Әуезов айтқандай әрбір адамның ең жақын досы –кітап болуы тиіс!
(1 слаид)

Әлемге әйгілі ағылшын физигі Майкл Фарадей бала кезінде кедейліктен бас алмай, аянбай жұмыс істейді. Ол кітап түптеп күн көреді. Ақырында өз бетінше білім алып, дүниеге әйгілі ғалым болады.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының арқасында жетілдіреді. Әрі бірнеше тілді меңгеріп, ұлы ақын, ойшыл дәрежесіне дейін көтеріледі.


  • Міне, қызық! Сендер ежелгі кітапханалардың бірінің түйе үстінде орын тепкенін білесіңдер ме?(2слаид)

  • Ертеде парсы жерінде Сахиб деген ғұлама өмір сүріпті.Ол кітапты өте жақсы көрген адам екен.Ол кісінің кітапханасының үлкендігі сондай-кітап қоры сан мыңдап саналған.Ол мемлекет қайраткері әрі әскери адам болғандықтан өмірінің тең жартысы ат үстінде, жорық жолында өтеді.

  • Бір қызығы-ол кітапханасын өзімен бірге алып шығып отырған. Кітаптарын 400-дей түйеге артқан,яғни керуен каталогтың қызметін атқарған.Олар әліпби бойынша тізіліп жүреді екен.Сахибтың кітапханашысы қалаған кітапты дер кезінде,кез-келген уақытта оңай тауып беріп отырған.Осылайша түйеге артылған кітаптар жауынгерлердің рухани азығы болған. (3слаид)

-Патшалардың патшасы-Ашурбанипал

Ертедегі Ассирияда Ашурбанипал деген патша өмір сүрген. Ол мейірімсіз басқыншы,қатыгез адам болыпты. Солай бола тұра кітаптарды жан-тәнімен сүйген. Оның “Ұстаздық пен Кеңес үйі” деп аталатын сарайы болған.Мұнда балшықтан жасалған 2000 қыш “парақ” және әр жәшікте бір кітаптан сақталған. Патша сарайының ортасына өз қолымен мынадай жазу қалдырыпты: “Мен менен бұрынғылардың бірі де зерттемеген даңқты жазбаларды, кітап өнері шығармаларын таңбалауды бұйырдым.Оларды өз сарайыма жинадым,тарауларға бөлдім. Демек,мен патшалардың патшасы құдайдың сүйікті пендесімін.Қаhарман Ашурбанипал дымқыл балшықтың бетіндегі өрнектерді де оқи алатынын мақтаныш етіпті.

(4слаид)

-Кей кітаптар адамның ауыр азап пен қиын-қыстау жағдайларда, жоқшылық пен мұқтаждық хал кешкен сәттерде жазылса, енді біреулері автордың қорланудан, жігері құм болудан тіпті өмірінің төлеуі ретінде жарыққа келгені тарихтан белгілі.
-Итальяндық Томмазо Компанелло 30 жыл түрме қапасында отырып, адам төзгісіз қорлықпен қатігездіктен жапа шексе де, жарқын болашақты көксеген “Күн қаласы”деген кітап жазады.

Ұлы астроном Джордано Бруноның, дәрігер әрі астролог Франческо Стабилидің кітаптары өзімен бірге жалын құшқан.

Халиф Омардың Александрия кітаптары отқа жағылса, Испания мен Португалия инквизаторлары кітаптарды авторымен қоса жаққан.

-Атабай Қылышбайұлы іскерлікпен айналыса бастағандағы бағытының бір саласы деп баспагерлікті таңдап алып, жеке бас қиыншылықтарына қарамастан алғаш рет Құранды кітап етіп басып шығаруды қолға алған;

Кітап оқу мен кітап басу ісімен айналысып, тарихта танымал болған осындай тұлғалар кітаптан тәрбие -тағылым алды.

Қай қоғамда да кітап тәрбие құралына айналды.

«Тәрбие- тал бесік» демекші, Қазақстанда «баланы жастан» деп жөргектегі сәбиден бастап қолға алған. Перзентханадан шыққан жас босанған әйелдердің қолдарына бала күтімі туралы кітап беріледі.Ол- баланы қалай бағып-қағу керектігіне арналған. Қаз-қаз басқан баланың тұсаукесерінде кітапты ырым етіп ұсынады. Осыдан бастау алатын тәрбие иірімдері жас ұрпақты кітапқұмарлыққа, білім алуға жетелейді.

Елбасының әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу жөніндегі идеясын жүзеге асыруда ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық кітапханасының 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданса, «Оқитын ел бәсекеге қабілетті қоғам» деген ұстаныммен «2008-2011 отандық әдебиетті қолдау жылы» болды.

«Бір ел-бір кітап» кітапханалық акциясы жүйелі өткізілуде.

2007 жылы- сөз тәңірі- ұлы Абай Құнанбаевтың қарасөздері бойынша;

2008 жылы- М.Әуезовтің «Қилы заман» романы бойынша;

2009 жылы-М.Жұмабаевтың «Сүй, жан сәулем» кітабы бойынша;

2010 жылы – Ж.Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы бойынша;

2011 жылы – Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы бойынша барлық кітапханаларда түрлі шаралар ұйымдастырылып, «оқырман ел-бәсекеге қабілетті» деген ұстанымда көптеген ұйымдастыру шаралары өткізіліп,

оқырмандардың кітапханаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында дәстүрлі ұйымдастырылып отыр.


Нәтижесінде: Кітап оқу- өмірлік қажеттілік , аса маңызды дара дағды деген түсінік қалыптасады.Қазіргі заманауи толықтырылған кітап түрлеріне назар аударалық

Болашақ электронды кітаптар да оқушы білімін тереңірек жетілдіреді.“Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім” деп тегін айтылмаған. Кітап- барлық заманға дабілім қатынасының ғажайып қоймасы.


Қорытынды: Кітап оқып өскен баладан келешекте кім шығады?

Балалар: Ғалым, Жазушы, Жантанушы, Дәрігер, Ұстаз, Шебер, Шешен.



Кітапханашы:

Кітап – т ә р б и е құралы, ақыл-ойды дамытады, е р і  к   ж ә н е  м і н е з  қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны  жетілдіреді.


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет