Сабақ атауы Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар. Сілтеме



жүктеу 38.25 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі38.25 Kb.
түріСабақ
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев

08.10.2014

Пәні: Информатика

Сабақ атауы

Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

Сілтеме

Интернет материалдары (сайт және Google.kz, infust.kz , sabak.kz), 6-сынып оқулық-Е.А. Вьюшкова


Жалпы мақсаттар

Вирус, антивирус программалары туралы ұғым қалыптастыра отырып, ақпаратты қорғауға дағдыландыру. Жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуын қалыптастыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ой қорыту салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту;


Оқыту нәтижелері

  • Ақпаратты қорғау ұғымы мен әрекетін білу.

  • Вирус, антивирустық программалар туралы түсінік қалыптасады.

  • Ақпаратты қорғау әрекетімен жұмыс жасау.

  • Жұппен және топпен жұмыс жасауда пікір алысуға, бір-бірінен үйренуге жетелейді.

  • өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік;

  • өз пікірін дәлелдейді , басқалармен келіседі немесе келіспейді.

  • өзін және өзгені бағалайды.

Негізгі идеялар

  • Оқушының сөйлеу және бір-бірімен қарым –қатынас жасау біліктіліктерін дамытуда диалогтік оқытудың тиімділігін құра білдім. Оның тиімділігі сабақтағы жайлы атмосфераның қалыптасуы, оқушы мен мұғалім арасындаңы ынтымақтастықтың қалыптасуына әсер етуі. Білу/Түсіну/Қолдану ғана емес оқушылардың кейіпкерлер іс-әрекеттеріне ойлана талдау жасауы.

  • Өзінің білмегенін қасындағылардан үйрене отырып, қалай оқуды іске асыруға болатындығын түсінуі және өзін бағалай білуі.




Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеу 1 минут

  1. әрекет

  • Оқушылардың психологиялық ахуалын қалыптастыру (күзгі табиғатпен байланыстыра отырып) 1 минут



2-әрекет

-Оқушыларды антивирустық программалардың атымен (Avast, Doctor Web, Каspersky) атауымен үш топқа бөлу.



3- әрекет

І. ОЙ ШАҚЫРУ САТЫСЫ (2 балл)

Кім жылдам ойыны арқылы . 7 мин



4-әрекет

ІІ. МАҒЫНАНЫ ТАНУ САТЫСЫ

Видео (вирустардың зиянды әрекеті жайында) 3минут





5-әрекет

Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау

Венн диаграммасы 2 минут

Презентация 3 минут


6-әрекет

Ресурспен жұмыс (3 минут)
7-әрекет
Топтық жұмыс– бірлесіп оқу. (3 балл)

«Кубизм» стратегиясы

Барлық топқа аспаптар жайлы ақпарат ұсынылады



«Кубизм» стратегиясын негізге ала отырып вирус, антивирус программалары туралы білімдерін қалыптастыру, ақпараттарын жан-жақты ояту.

Зерттеу. Вирус және антивирус дегеніміз не?

Суреттеу. Вирустық программалардың әрекетін, түрлерін суреттеп айту.

Салыстыру. Өмірде кездесетін адамға жұғатын вирус пен компьтерлік вирусты салыстыру. Антивирустық программалардың қызметін басқа программалармен салыстыру.





Қарсы шық. Вирус пен антивирус программаларының қарама-қарсы әрекеттерін дәлелдеп сипаттау.

Оймен байланыстыру. Компьютерлік вирустар мен антивирустардың шығу себебі неде (оқушының ойымен)

Қолдану. Вирустық программалардың қолданылуы? Антивирустық программалардың қолданылуы. Тиімдіжәне тиімсіз жақтары.
8-әрекет

Рефлексия (кері байланыс)

Оқушылар «INSERT- түртіп алу» әдісін негізге ала отырып айтылған ақпараттармен бөліседі.



«INSERT- түртіп алу» әдісімен жұмыс

«v»

Бұрыннан білемін


«+»

Жаңа ақпарат

«-»

Мен ойлаған

дай емес

«?»

Білгім келеді












9-әрекет

Бағалау . Жеке бағалау парақтары арқылы топ басшысы бағалайды.
10-әрекет

Үйге тапсырма: §4. Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

Вирустар мен антивирустар туралы әңгіме құрастыру.


Жабдықтар:

  • Интерактивті тақта;

  • флипчарт ;

  • презентация;

  • үлестірмелі қағаздар.





©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет