Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. а Оқу құралдарын түгелдеу. ә Психологиялық дайындық



жүктеу 37.3 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі37.3 Kb.
түріСабақ
: MOkazbastauw
MOkazbastauw -> Мақсаты: оқушыларды Отансүйгіштік, адамгершілік тәрбиесі арқылы ел рәміздерінің мемлекеттік мәртебесін арттырып, қастерлеуге итәрбиелеу. Көрнекіліктер
Математика

Тақырыбы: « 2 санын қосу кестесі »

Мақсаты: Кестелік қосу және азайту туралы оқушылардың білімін тиянақтау, шапшаң есептеу және ойлау қабілеттерін дамытумен бірге оларды белсенділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, жұппен жұмыс, ойын түрлері, электрондық оқулық.

Түрі: Жарыс сабақ.

Көрнекіліктер: Кесте, сандар, қима қағаздар.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқу құралдарын түгелдеу.



ә) Психологиялық дайындық.

ІІ. Өткен сабақты тиянақтау.

  • Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын. Жер бетіндегі ең ақылды, күшті кім? ( Адам ) Ал сендер де ақылды, күшті, зерексіңдер. Ендеше, біз өз білімімізге сеніп, сабағымызды « Миға шабуыл » деген ойынмен бастайық.

  • Санда немен белгілейміз? ( цифрмен )

  • Цифрды біз не істейміз? ( көреміз, жазамыз )

  • Кесіндінің өлшем бірліктерін ата ( см, дм )

  • Бір таңбалы сандарға қандай сандар жатады?

  • Натурал сандарға ше?

  • Ең кіші натурал сан қандай сан?

  • Ең үлкен бір таңбалы сан қандай сан?

  • Қосудың компоненттерін ата

  • Азайтудың компоненттерін ата

  • Өрнек неше топқа бөлінеді? Қандай?

  • Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жайлы не білесіңдер?

  • Сандар неше топқа бөлінеді?

  • Тақ сандарды жаз

  • Жұп сандарды жаз

Венн диаграммасы бойынша тақ сан мен жұп санның ортақ қасиетін ата.

Жұппен жұмыс: ( қима қағаздарды үлестіру )


+1

1

2

3

4

5

6

7

8































-1

8

7

6

5

4

3

2

1































  • Оқушылар бір-бірінікін тексеріп бағалайды.

  • Сергіту сәті: « Көжегім »

ІІІ. Жаңа сабақ. – Балалар, мына кітаптаптың 67-беттегі №1 есепке көңіл аударайықшы. Неше көк дөңгелек? (6 ), неше қызыл дөңгелек? ( 2 ) Барлығы нешеу болады? ( 8 ) Қандай өрнек шықты? ( 6 + 2 = 8 )

Компоненттерін ата. Қосуға кері амал қандай амал? ( азайту ) Олай болса, осы өрнекке кері амал ата. ( 8-2 = 6 ) Азайту амалының компоненттерін ата.

Рабе Каринаға жеке тапсырма берілді. ( 35- бет өздік жұмыс )

Оқулықпен жұмыс. 67- бет №2. Кестені толтыр. Тақтамен жұмыс.

Рабе Карина минутқа есеп шығару.

ІҮ. Дәптермен жұмыс. Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық, Салақтықтан қашайық, Әдемі етіп жазайық.

Көркем жазу. 080 және 808 сандарын толтыру.

Дәптердегі 46- беттегі №3 есепті шығарып, қандай сөз болғанын оқу.

( қоян )

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Алақанды ұрайық, Бір отырып, бір тұрып, Сәл тынығып алайық.

Ү. « Логикалық ойын »

а) 2 стақан судың 1 стақанын тарелкаға құйсам, қай ыдыстағы су көп болады? ( тең, бірдей )



ә) « Не өзгерді? »

ҮІ. Л.Г.Петерсоннан есептер шығару.

ҮІІ. Электрондық оқулық. ( Бахтияр мен Батырханға №4 есеп 68-бет )

ҮІІІ. Қорытынды. « Кім жылдам ? » ойынымен 2 санының кестесін қорытындылау.Кестені толтыру. Жұппен жұмыс жүргізілді.


-2

4

5

6

7

















+2

1

2

3

4


















  • Балалар, бүгін сендермен не өттік? 2 санын қосу кестесін кім айтып береді? ( ауызша )

  • Қандай қиыншылықтар кездесті?

  • Жақсы, олай болса, жетондарыңды санаңдар.

  • Барлықтарыңа ризамын, бүгінгі сабаққа түгелдеріңде жақсы , белсене қатысқандарыңа көптен –көп рақмет

  • Бағалау, мадақтау.




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет