Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Көрнекіліктерді ілу. Әңгімелеу



жүктеу 17.59 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі17.59 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Спид дегеніміз не?

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға СПИД туралы мәлімет беру. Оларға жұқпалы ауру екенін түсіндіре отырып,жұқтырмау шараларын әңгімелеу. Оқушыларды достық сезімге, сыйластыққа, қиындыққа түскен адамға қол ұшын беруге тәрбиелеу.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Көрнекіліктерді ілу.

3. Әңгімелеу.

Болашақта біз СПИД-ті жұқтырған адамдармен кездесуіміз мүмкін. Ол туған бауырларың, дос-жарандарың да болуы мүмкін. Біз сол кезде оларға қол ұшымызды беріп, көмек қылуымыз керек. Олардан бас тарту немесе қарым-қатынасты үзуге болмайды. Себебі олар жәбірленушілер. Көп адамдар бұл ауруды білмегендіктен душарболады. Ал біздер осы ауру туралы білеміз бе?



  • 1 желтоқсан қандай күн?

  • Иә, дұрыс 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИДке қарсы күн.

СПИД-ол вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек қан және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Оның мынандай жолдары бар:

  1. Бірден адамда суық тиген синдромы байқалады. Жөтеледі, дене қызуы көтеріледі, басы айналып, тәбеті болмай ариды. Күретамырлары білеуленіп кетіп, 3 аптадан соң қайта басылады.

СПИДтің соңғы сатысы-өлім. Ол адам ауруға тез шалдыққыш келеді. Қандай болсын ауруға төзе алмағандықтан, өліп кетуі де бар.

Ал енді қай кездерде жұқпайды?



  1. Амандасқанда, құшақтағанда, иіскегенде

  2. Тамақты бір ыдыстан ішкенде

  3. бірге жуынып, орамалмен сүртінгенде

  4. Ауа, су, ойыншық арқылы

  5. Жәндіктер шаққанда

  6. Есік, машина тұтқасынұстағанда

Бірақ, сонда да әр адам өзінің жеке бас гигиенасын сақтауы керек.

СПИДке шалдыққан адам 10-15 жыл ғана өмір сүре алады. Осындай жағдайға душар болған адамдарға көмек беріп, қолдауымыз керек. Ауыратын екен деп бас тартпауымыз керек.



Пысықтау сұрақтар

  1. СПИД қалай жұғады?

  2. Ал қашан жұқпайды?

  3. Неше жыл өмір сүреді?

  4. Қандай белгілері бар?


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет