Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау



жүктеу 1.08 Mb.
бет3/6
Дата25.04.2016
өлшемі1.08 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> OBSOJ -> Tar
Tar -> Сабақ №1Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ басында қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. Алаш қозғалысының басталуы
Tar -> М. Х. Асылбеков “ ” 2009 ж
Tar -> Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау
Tar -> Цин династиясының билігіндегі Қытай
Tar -> Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Tar -> Лекция: 15 сағ Практикалық(Семинар)сабақтары сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Тест саны: 200 Кредит саны 1
Tar -> Реферат Ауызша талдау
Tar -> Факультет: "Тарих және құқықтану" Кафедра: "Отан және шетел тарихы"
Tar -> Этнология” пәні бойынша “050114” – “Тарих” мамандығының 2- курс студенттерінің білімін бақылауға арналған тапсырмалар мәтіні
Tar -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

теориялық мәліметтер:

1.Тарихтан ұшырасатын Скиф Сақ,үйсін, Қаңғы(қаңлы),Дулат,Оғыз,қыпшақ-бәрі де Сібірді, Қазақстанды,Орта азияны, Орта төменгі Еділді,Каспий жағалауларын сонау ерте замандардан-ақ мекендеген түркі-монғол руларының әр кездегі ру-ұлыстық,түрлі бірлестік аттары еді.

Заманымыздың V ғасырынан бастап бұл өңірлерді әлгә аталған бірлестік мемлекеттердің негізінде түркі халқы қоғамдасып,,соның негізінде Түркі қағанаты орнады.Бүгінде түркі халқы қоғамдасып,соның негізінде Түркі қағанаты орнады. Бүгінде түркі халықтары деп аталатын қазіргі Азербайджан , түркімен,қырғыз, қазақ өзбек, қарақалпақ,башқұрт,татар, алтай,хакас,ұйғыр,чуваш,ойрат,тува халықтары осы Түркі қағанатына топтасқан ру-тайпалар негізінде қалыптасқан. Күші жағынан да, мекені жағынанда заманның іргелі мемлекеті болған Түркі қағанатының тарихы Vғасырда Хундардан қашып шығып,Алтай тауының түстігіне қоныс тепкен Ашындардан басталады.

Бүкіл Сібірді,қазіргі Қазақстан

мен Орта Азияны түгел жайлаған ұзын найзалы,жарау атты түрктер үш ғасыр VI-VII-VIIIғғ бойы кең далада адам айтқысыз алапат,жойқын соғыстарды басынан кешкен.

Түркі халықтарының бірлесуін тарихшылар Бумын қаған үстемдік еткен 545 жылдан санайды.

2.Тастар сөйлейді.

Жеті сөз отыз бірінші жылдың жазында шексіз даланы армансыз билеген Бумын, Қапаған, Естеми,Құттық қағандардың ұрпағы; ұзын найзалы,жарау атты түркі руларының ырысы әрі бақыты-Боз айғырлы айбынды ер Күлтегін дүние салады.

Бетіне дұшпан қаратпаған айбынды ердің қазасы қасірет пен қайғы болып бүкіл түркі қауымының арасын лезде-ақ шарлап шыққн.Оның басына тізе қосқан досы да кескілескен қасы да тегіс жиылған.Ұшы –қиырсыз, дамалсыз ағылған халықтың қаралы шеруі даңқты батырға деген ықылас-пейілдің куәсіндей еді.

Заманның атақты ақын-жырауы, Күлтегінің немере інісі Иоллығ тегін жан-жақтан шеберлер алдырып, келесі жылдың Күлтегіннің басына оның батырлығының белгісіндей мәңгілік есерткіш-зәулім құлпытас орнаттырады.Әдемі әшекеймен оймышталып,өзгеше нақышпен өрнектелген заңғар құлпытаста ел сүйген ерге халық жоқтауын көне түркі тілінде мәңгілікке өшпестей қашатып тұратын жаздырады.Содан бері мың екі жүз жыл өтті.Тарихтың беті сан өзгерске ұшырады.Жылдар жылжып,ғасырлар алмасып жатты.Жер жаңарып,қоныс өзгеріп жатты.Бірақ Орхон өзенінің бойындағы қас батырдың ерлігіндей тәкәппар,сұсты,маңғаз тас ескерткіш он екі ғасырдан аттап,өз заманның шындығын,қайғы қасіретін,амал әрекетін арқалап,сол күйінде бұзылмай бүлінбей бүгінгі күнге аман жетті.Ол ескерткіштер кімдікі,қалай табылды,кім ашты,кім аударды, кім зерттеді:жазбалардың мазмұны,жанры қандай-міне, ендігі әңгіме сол туралы.

3. Орхон ескерткіштерінің табылуы және ашылуы.

XVIII ғасырдың басы еді.Орыс армиясының қолына түскен тұтқын швед офицері Филипп Иоганн Страленберг Сібірді түгел аралап,Орхон өзенінің бойын жағалай жоғары өрлеп келе жатты.Ұзақ жүрді, бірақ бұл өңірден пәлендей тіршіліктің белгісін көре алмады.Әбден шаршап –шалдыққан саяхатшы алдағы жолдың қызығынан біржолата күдер үзгендей еді, бір кезде сонау көз ұшынан бұлдырап сағымға малтыққан кереметті көзі шалғандай болды.

Қызыл көрген бүркіттей шаршағанын ұмытып, Иоганн жүрісті жылдамдата түсті. Жақындаған сайын оны әрі үрей,,әрі өзгеше бір жұмбақ сезім билей бастағант тәрізденді.

“Енесей жазбалары” деген атпен 32 таблицалы,8 фотосуретті атлас жариялады.Ескерте кететін бір жай, жазбалардың әліппесі табылғанша бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген. Алайда бұл пікірдің негізгісіз екендігн олар кейін мойындайды.

1989 жылы орыс зерттеушісі Н.М. Ядринцев Орхон өзенінің бойынан,Енесей өзені сағасынан табылған ескерткіштерден әлдеқайда үлкен белгісіз таңбамен жазылған зәулім, қолдан қашалған төрт қабырғалы биік тасты көреді.

Н.Ядринцев тасқа мынадай сипаттама беред; биіктігі-3,5 метр, төменгі ені-1,32 метр, жоғарғы жағының ені-1,22 метр.Биіктегін сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөрігі өрнектелген.Тастың төрт жағының ені-1,22 метр.Биіктеген сайын жіңішкере береді,жоғарғы бөлігі өрнектілген.Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазуымен толған.

1890 жылдың көктемінде Н.М.Ядринцевтің ізімен Орхон өзенінің финдердің А.Гейкель бастаған археологиялық экспедициясы және 1891 жылы С-Петербургтен біздің елімізде тюркологияның негізін салған ұлы орыс ғалымы В.В.Радловтың басқаруымен құрамында Ядринцев те болған Ғылым академиясының экспедициясы аттанды.

Міне дәл осындай зерттеуші –Дания ғалымы, Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгельм Томсен болып шықты.

Вилгельм Людвиг Петер Томсен ( 1842-1927)өзімен замандас ғалымдар сияқты әдепкіде теологиямен шұғылданады. Бертінде біраз жылдар филология,ботоника,физика ілімдерімен әуестеніп жүреді де, ақыры бар өмірін өзенінің сүйікті ғалымы-тіл біліміне арнайды.

В.Томсен –көп тілді білген,дарынды ғалым болған.

4.Орхон ескерткіштерінің аударылуы

Орхон ескерткіштерінің бүгінгі таңда орыс тілінде жарияланған аудармасының екі түрлі үлгісін атай аламыз.Біріншісі-қара сөз үлгісіндегі мағыналық аударма.Бұған В.В.Радлов,П.М.Мелиоранский, С.Е.Маловтардың аудармасы жатады.Екіншісі-И.Стеблеваның өлең аудармасы.

Академик С.Е. Маловтың аудармасы дәлдігі тұрғысынан да өзіне дейінгі еңбектерден әлдеқайда жетік,биік дәрежеде жасалған еді.Дегенмен,түркі тілдерінің білгірі С.Маловтың аудармасының да әлә жетілдіре,жеткізе түсетін жерлері бар. Бұл айтып отырғандарымыз негізіне мынадай мәселелерге әкеп соғады:

Біріншіден,Малов, біздіңше,ескерткіштің мазмұнын, мағынасын беруді басты мақсат етіп қойған.Сондықтан да ондағы жыр шумақтары бүтіндей ескерілмей қалған.Екіншіден,кейбір жеке сөздердің баламасын дәл бермеген және түп нұсқадағы кейбір сөздердің баламасын дәл бермеген және түп нұсқадағы кейбір сөздер түсіп қалған.Мәселен,Күлтегінге арналған кіші жазудың алғашқы шумағындағы білге сөзі түсіп қалған.Оның керісінше Күлтегінге арналған үлкен жазуды кездеспейтін іті сөзін қосқан. Немесе мындай жолдарды алып қарайық:

«Кісі оғлынта үзе ечүм-апам»

«Бумын қаған,Істемі қаған олурмыш»

Осындағы курсивпен берілген тіркесті ғалым ағам деп теріс аударған.

1965 жылы Москвадағы Азия және Африка институтының ғылыми қызметкері И.В.Стеблеваның Орхон ескерткіштерін орыс тіліне аударған бағалы еңбегі жарық көрді.Бұл кітабында автор Орхон ескерткіштерін бүтіндей әдеби шығарма деп қарап,түгелдей өлең деп тапты.

Аталмыш мұраны поэзия үлгісіне жатқызған еңбектерді бұдан да бұрын кездестірген болатынбыз.Алайда дәл Стеблевадай үзілді-еесілді кесімді пікір айтқан,сол тұжырымын жан-жақты дәлелдеген зерттеу жазылған жоқты.

Бұрынғы аудармашылардың бәрі де ескерткіштің қара сөз үлгісіндегі мағыналық аудармасын ғана жасаған болса,И.Стеблева оны өлең жолдарына түсіріп, тұңғыш рет орыс тіліндегі өлең-аудармасын жасады.

Осы себептен ескерткіштің стилі біраз дәрежеде сақталған деп айтуға болады. Одан соң, ғалым өзіне дейінгі нұсқалардың кемшіліктерін ескеріп,көптеген жеке сөздердің де баламасын дәл тапқан.Орхон ескерткіштерін орыс тіліне аударудың жәйі әзірге осындай.Сонымен қорыта айтқанда,екі түрлі аудармамен таныс болып отырмыз.Бірі –қара сөз үлгісіндегі мағыналық аударма.Бұған Радлов, Мелиоронскиий,Маловтардың аудармасы жатады. Екіншісі-Стеблева жасаған өлең аударма.

Енді ескерткіштерді қалай аудардық және нендей принциптерге сүйендік дегенге келетін болсақ, бұл ретте біз алдымызға екі түрлі мақсат қойғандығымызды айтуымыз керек.Біріншіден, сол бір көне әдебиет үлгісін бүгінгі оқушыға бүтін көркем шығарма түрінде жеткізуді мақсат еттік.Өйткні,Орхон ескерткіштерін өзінің эстетикалық нәрін,қуатын әлі күнге дейін жоймаған құнды мұра деп есептейміз Осыған орай біз көне автор қолданған көркемдік тәсілдерді бүтіндей сақтауға тырыстық.



Бақылау сұрақтары:

  1. орхон енесей жазбалары

  2. олардың қазіргі жағдайы.

  3. Қазіргі кезеңднгі зерттеу жұмыстары.

  4. Орхон енесей жазбаларының тарих ғылымындағы орны,

тарих ғылымындағы орны,

сөж тапсырмалары


  1. орхон енесей жазбалары

  2. олардың қазіргі жағдайы.

  3. Қазіргі кезеңднгі зерттеу жұмыстары.

  4. Орхон енесей жазбаларының тарих ғылымындағы орны,


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Кацюба Д. В. Краведение в воспитании учащихся. М., 1965г.

2.Матюшкин Г.Н. У колыбели истории.М., 1972г.

3.Семенов С.А. Развитие техники в каменном.М.1972г.



сабақ №6

тест

1. Алғашқы кітап баспасы кселография, яғни алғаш баспа қалыбы қай ғасырда пайда болды?


А) Х1 ғасырда

В) Х11 ғасырда

С) ХIV ғасырда

2. Қазақстанда бүгінгі күнде қанша ескерткіштер бар

А) 25000 астам

В) 2000 астам

С) 13000 астам

D) 17600 астам

3 Жүсіп Баласағұнның еңбегі қалай аталады ?


  1. Құтадғұ білік

  2. Диуани Лұғат-ат Түрік

С) Жами ат -Табарих
19 Фазаллах-Рашид ат- диннің еңбегі қай жылдары жазылды және қалай аталады?

  1. Жами ат-Таварих 1310-1311ж

  2. Тарихи Жаһангуша 1240-1260ж

  3. Құтадғұ білік

20 Дала жұмысында ең құнды этнографиялық материалдар қай әдіспен алынды?


  1. Стационарлық

  2. Сезондық

  3. Экспедициялық

21 Ленгрдің қазіргі атауын көрсетіңіз?



  1. Төле би

  2. Жаңа базар

  3. Абай

  4. Шарапхана

22 Шардара ауданының Восход деп аталатын ауылының қазіргі атауын атаңыз?



  1. Қоссейт

  2. Ақтөбе

  3. Юбелейный

  4. Амангелді

23 Ең алғаш Жетісай өлкесі туралы мәлімет қай жылдары айтылады?



  1. 1890ж

  2. 1891ж

  3. 1889ж

  4. 1887ж

24 1045 ж құймалы әріпті ойлап тапқан өнерпаз?



  1. Би Чень

  2. Гутенберг

  3. Цайлун

  4. Донте

25 Түлкібастың қазіргі атауын атаңыз?



  1. Т.Рысқұлов

  2. Абай

С) Ленгр

  1. Жаңабазар

4 Қызыл көпір қай жерде орналасқан және қай ауданға кіреді?



  1. Ол Темірланнан бері шыққанда, Бәйдібек ауданына кіреді

  2. Ол Шымкенттің кіре беріс қақпасында, Шымкент ауданына кіреді

  3. Ол Отырарда, Отырар ауданына кіреді

5 Шардара қаласының аудан әкімшілігі қай жылы құрылды?



  1. 1968ж

  2. 1970ж

  3. 1964ж

  4. 1962ж

6 Созақ ауданының орталығын атаңыз?

А) Шолаққорған

В) Темірлан

С) Ленинск

D) Сарыағаш

7 Оңт. Қаз. Обл шығысында қай облыспен шектеседі?

А) Қарағанды

В) Жамбыл

С) Қызылорда

D) Түлкібас

8 Жетісай қаласының құрылған жылы?


9 . Жошы ханның кесенесі Қазақстанның қай аумағында орналасқан және қай ғасырға жатады?

А) Орталық Қазақстан XIVғ.

В) Батыс Қазақстан XIIIғ.

С) Шығыс Қазақстан XIIғ.

D) Солтүстік Қазақстан Xғ.

10. Оңтүстік Қазақстан обылысы батысында қай обылыспен шектеледі?

А) Қызылорда

В) Қарағанды

С) Ақтөбе

D) Маңғыстау

11. Қазақстан Республикасының мұражай және мұрағат қорғау заңы қай жылы жарияланды?

А) 1998ж. 22-желтоқсан

В) 1997ж. 21-желтоқсан

С) 1996ж. 20-желтоқсан

D) 1999ж. 23-желтоқсан

12 . Археологиялық ескерткіштерге жататын Ұзын-ата кесенесін ең алғаш кім зерттеген?

А) 1900ж. Руднев зерттеген

В) 1991ж. Подушкин зерттеген

С) 1992ж. Бернштам зерттеген

D) 1993ж. А.Г. Максимов зерттеген

13. Түркістан қаласы VIIIғ. қалай аталған.

А) Шафхар

В) Халуат

С) Яссы

D) Күлтөбе



14. Арыстанбаб кесенесі қайта тұрғызу жұмыстарынан қай жылы өтті?

А) 1997ж.

В) 1807ж.

С) 1908ж.

D) 1909ж.

15 . Сардоба нені айтамыз?

А) Үстінде күмбезі бар құдық

В) Жер асты мешіті

С) Монша

D) Намаз оқитын жер

16 . VIIIғ-дың 20 жылдары соғды қол жазюалары қай жерден табылған?

А) Орталық Азиядан Муг қорғанынан

В) Европадан

С) Таяу шығыстан

D) Батыс Европадан
17 Исмаил ата кесенесі қай ауданда орналасқан

А). Қазғұрт

В). Мақтаарал

С). Шардара

D). Отырар

18 ҚР-ның тарихы және мәдени ескерткіштерін қорғау заңы қай жылы жарық көрді?

А). 1992ж.

В). 1993ж.

С). 1991ж.

D). 1990ж.

19 Қожа Ахмед Яссауи кесенесі қай жылы салына бастады?

А) 1395ж.

В) 1396ж.

С) 1391ж.

D)1390ж.

20 ХХ-ХVIғ. Археологиялық ескертікші Сынтас қалашығы қай аудан территориясынан табылды?

А) Ленинск

В) Шардара

С) Мақтаарал

D) Шмкент



сабақ № 7
Тақ:Қазақстан Республикасының мұрағаттары

Жоспары:

1 Қазақстандағы статистикалық комитеттердің өлкетанушылық қызметі

2.Архив саласының құрылуы

3.Қазақстанның орталық мемлекеттік мұрағаттардың құрылуы

4.Жергілік жерлерде мұрағаттардың құрылуы және және оның қосқан үлесі

Теориялық мәліметтер :

Мұрағат– документті материалдар сақтайтын дербес мекемелер немесе мекемелердегі, ұйымдар мен кәсіпорындардағы осы жұмыспен айналысатын бөлімдер. Осындай арнаулы мекемелер иен қоғамдардың жұмысы, адамдардың еңбегі нәтижесінде серіктелген документердің жиынтығы да мұрағат деп аталады. Мұрағат ғылыми-зерттеу жұмыстарына, шаруашылық пен мемлекетті басқару қажетіне пайдаланылады. Жазба деректерді жинастыру жазу-сызу ең ежелгі мемлекеттер құрылған кезден бастап қолға алынды. Россиядағы мұрағат ежелгі Русьте мұрағат құжаттары ең алғаш князь сарайларында, монастырларда, шіркеулерде, ірі жер иелерінде пайда болып, кейін мемлекеттік мекемелерде қалып таси бастады. Орта Азияның құлиеленуші мемлекеттерінде (хорезм, соғд және Самани) жазу болғанын дәулетін ескерткіштер табылды. ІХ ғаысрдың аяғы Х ғасырдың басында бұл мемлекеттерде орталық мұрағаттармен қатар жеке меншік мұрағат пайда болды. Ибн Сина Самани әмірі кітапханасында мұрағат толық баяндалған еңбек қалдырды. ХVІ ғасырда Москвада патша мұрағаты ұйымдасты. Шын мәнінде мемлекеттік мұрағат ХVІІІ ғасырдың басынан, петр заманынан басталады. ХІХ ғасырдағы ірі тарихи мұрағат: Бас штабтың инспекторлық депсертиментінің Москвадағы бас мұрағат (1819), Россия империясының мемлекеттік мұрағаты (1834), Заң министірлігінің Москвадағы мұрағаты (1852ж), Әскери-ғылыми мұрағат (1867) т.б. ұйымдастырылды. Жазу Шығыс славияндарда Русьте християн дінің қабылдамай жатып пайда болған. Бұған Киев князімен Византия мен келсім шарттар дәлел болады (991,994,971) және архео қазба жұмысы кезінде табылған кириллица жазулар. Християн дінің қабылдағаннан кейін. Ежелгі Русьте қол жазба құжатар кейінен тарады. Құжаттар әртүрлі қызметтер атқарды. Дипломатық акты – Шет мемлекеттермен қарым қатнасы. Әкімшілік акты – мемлекет жерлерімен басқару Княздар арасындағы келісім шартар. Соғыс қимылдары бірлесіп жүогізу. Жазу басқару класстар арасындағына пайдаланған жоқ халық ішіндеде кең тарады. Бұған дәлел болатын Новгородта табылған Ежелгі орыс қалаларында “берестяныграмоталар” Х!-Х!!ғ. грамота иелері қала тұрғындары крестьияндар, усталар, саудагерлер.Құжаттар летопистерді құрушы базасы болып саналады. Бұл құжаттар княздардің қазнасы сақтау бөлмелері нде сақтаған көптеген құжаттар монастырлерде Церковаттардың құнды заттарымен сақталып тұрушы еді. Бұлардың жинақтарын, княздардың және баярлардың силықтарымен толықтырып отырды. Қала қоғамынан мұрағатты, көбінесе сол қорғаушы қаланың храмдарында сақталған еді.

Қазақстанда 1919 жылы желтоқсан айында жарты жылдай ғана жұмыс істеген тарихи-статистикалық бөлім құрылады. Оған қызмет еткен оынбордағы өлкетанушы ғылым А.П.Чулошников, филолог және этнограф А.А.Четыркина, юрист Е.А.Яковлева, статистик К.П.Шагаевтар болды. 1920 жылы наурызда тарихи-статистикалық бөлім Қазақстан еңбекшілеріне қазақ халқының тарихы туралы мәліметтерді жинауды, іздеуді және бөлімге жіберуді сұрап ұран тастайды. 1920 ж. 10 апрельде тарихи статистикалық бөлім Өлкелік ре,волюциялық комитетінің халық ағарту бөліміне беріліп, оны ғылыми комиссия деп атайдыи, ал 1920 жылдың декабрь айынан Қазақ АССР-і құрылып, бөлімді Халық ағарту комиссариатының құрамында ғылыми бөлім деп аталды. Бұл бөлім ғылым, әдебиет, өнер, музей және архив мәселерімен айналысты. 1921 ж. август айында ғылыми бөлім халық ағарту комиссариатының Академикалық орталығы болып өзгерді. Ол екі секциядан: ғылыми және көркем секциядан құрылды. Академикалық орталықтың құрамына Бас музей мен Бас архив енді /2,80-81/. Республика өмірінің ғылыми саласында ерікті ғылыми қорғандар үлкен роль атқарды. Ондай ерікті қоғамның бірі - Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамы болды.1925 жылда бастап ол Қазақстанды зерттеу қоғамы болып қайта құрылды. Бұл қоғам Халық ағарту комиссариатының ғылыми бөлімінен бөлініп шықты. Қоғамды құруға белсенділік танытқандар тарихшы - өлкетанушы А.П.Чулошников, Орынбор өлкесін зерттеуші, Орынбор архив комиссиясынның мүшесі А.П.Гра, тарихшы – этнограф Ә.А.Диваев, С.М.Петров, А.Л.Мелков, И.В.Мелкова, А.А.Четыркина, И.М.Расторгуев т.б. болды. Құрышы – мүшелері төрағасы С.Меңдешев, әскери комитет штабының бастығы А.Н.Турский болды.. Оынбор өлкелік музейінде 1920ж. 15 октябрьде жиналыс өтті. Оған қоғамның 35 мүшесі қатысты. Ал ресми түрде жұмыс бастаған уақыты 1920 ж. 1 ноябрь болып тіркелді. Жаңа қоғам орынбор ғылыми архиві коммиссиясының, ОГҚ Орынбор бөлімінің жұмысын жалғастырушы орган ретінде Қазақ республикасын тарихи – археологиялық, этнографиялық, жаратылыстану және басқа салаларда терең зерттейтін органға айналады.

Бақылау сұрақтары:

1 архив туралы түсінік

2 жергілікті архивтер қашан құрылды

1 Қ.Р ұлтт1 ық мұрағаты



сөж тапсырмалары:

Қазақстандағы статистикалық комитеттердің өлкетанушылық қызметі

2.Архив саласының құрылуы

3.Қазақстанның орталық мемлекеттік мұрағаттардың құрылуы

4.Жергілік жерлерде мұрағаттардың құрылуы және және оның қосқан үлесі

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Кацюба Д. В. Краведение в воспитании учащихся. М., 1965г.

2.Матюшкин Г.Н. У колыбели истории.М., 1972г.

3.Семенов С.А. Развитие техники в каменном.М.1972г.

4.Черных Е.Н. Металл-человек-время. М..1972г.

5.Алексеев В.П. География человеческих рас.М., 1974г.




Лекция № 8

Коллоквиум

  1. Тарихи мәдени ескерткіштерін қорғау мазмұны мен міндеттері.

  2. Қоғам мен тарихи ортаның байланысы.

  3. XV-XX ғғ. Қазақстанның тарихы.

  4. Қосалқы тарихи пән ретіндегі маңызы. Дерек түрлері.

  5. Елді мекен жер-су аттары.

  6. XVII-XX ғғ. Ресейдің отарлау саясаты тұсында Қазақстанның тарихы

  7. XIX ғ әкімшілік –шаруашылық реформалардың қазақтардың орналасуына тигізетін әсері.

  8. 1822;1831;1844; 1868;1891 жж.реформалар.

  9. Топонимика пәні негізгі міндеттері.

  10. Ежелгі Қазақстан территориясын мекендеген халықтар мен тайпалардың этнотопонимикасы жайлы зерттеулер.

11.Топонимика –жағрапиялық атаулар , олардың шығу тарихы.

12.Алғашқы қоғам сәулет өнері



13. алфавиттің пайда болуы.

14.қағазды қолдану.

15.бірінші баспадан шыққан кітаптар.

Сабақ № 9

Тақ: Археология ескерткіштері

1 Археология жұмыстарын ұйымдасыру

2.Археологиялық ескерткіштер түрлері.

3.Археологиялық жұмыстардың әдіс- тәсілдері

.М.,1966г.
Теориялық мәліметтер :

Томсен адамзат тарихы үш кезеңге ,яғни тас, қола жәнек темір,бөлінетінін дәлелдеді.Томсенді Е.Барсо да қоштады. Буше де Перт табылған тастарды еңбек құралдар екенін дәлелді.Томсеннің және Варсоның хранологиялық жүйесін француз археолгы Мортилье ары қарай дамытты.Ол Тас дәуірінің кезеңге бөлуін жасады. Кең байтақ Қазақстан жерінде адамзат тарихының түрлі кезеңдерін қамтитын сан алуан археологиялық нысандар арасынан қола дәуірінің ескерткіштері ерекше орын алады. Жазбаша деректемелер жоқ байырғы кездегі мұнда тіршілік еткен түрлі тайпалар мен халықтардың тоғысқан тағдырынан бірден-бір ақпарат беретін дерек көзін жүйелеу қажеттілігі күн санап артып келеді. Әсіресе, патшалық Ресей тұсындағы зерттеушілердің қалдырған бірлі-жарымды мағлұматтарды дерек көзінде ретінде пайдалану арқылы Отан тарихының ежелгі кезеңдерін, байырғы халықтардың мәдени-экономикалық байланысын, миграциялық жолдары мен этникалық үрдістерін, ілкідегі адамдардың антропологиясы мен этногенез мәселесін, археологиялық мәдениеттердің дамуын анықтауға болатындығы белгілі.

Мұның Қазақстанмен іргелес ірі-ірі мәдени-тарихи аймақтардың өткені үшін де маңызды екендігі анық. Осындай игі іс-әрекеттердің барлығы ең алдымен мәселенің зерттелу тарихына келіп тіреледі. Қолдағы материалдарды толымды түрде ғылыми талдаудан өткізу бірінші кезекте қола дәуірі туралы патшалық Ресейдің түрлі шекпенділері, зерттеушілері қалдырған үзік-үзік ақпараттарды бір ізге түсіруді қажет етеді. Мұны қазақтың белді археологтары Ә.Х. Марғұлан, К.А. Ақышев, М.Қ. Қадырбаев, Ә.М. Оразбаевтар «Древняя культура Центрального Казахстана» атты монографияларында (1966), «Археологическая карта Казахстана» жинағының очеркін жазған авторлар (Е.И. Агеева, А.Г. Максимова) біршама жазып кеткендігін айта отырып, олардың ізденісі негізгі дерек көзі екендігін ескерткен жөн. Бірақ бұл еңбектердегі қола дәуірінің зерттелуі басқа тарихи-мәдени кезеңдердің ескерткіштерімен бірге өрбиді де, аталған дәуірдің тарихи-археологиялық дерек қоймайды, яғни есімі аталған ғалымдар қола дәуірін Қазақстан археологиясының дамуымен бірге қарастырып, оны бөліп көрсетпеген. Соған байланысты республика қола ғасыры ескерткіштерінің зерттелу тарихы шеңберінде патшалық Ресей зерттеушілерінің еңбектерінің маңызын көрсету, кейінгі далалық ізденістерге тигізген ықпалын анықтау, олар қалдырған мәліметтерге деректанулық талдау жасау керектігі уақыт өткен сайын байқалып келеді.

Республика жеріндегі қола дәуіріне қатысты ақпараттар Қазақстан Ресейге қосылмай тұрып-ақ патша шенеуніктері тарапынан ұшыраса бастаған болатын. Патшалық Ресей Сібірді жаулап алғаннан кейін орасан зор аймақты алып жатқан қазақ сахарасына көз тікті. ХҮІІІ ғасырдың бас кезіндегі саяси ауыртпалықтарға ұшыраған қазақтардың бір бөлігін өзіне қосып алады. Бұдан кейін біртіндеп түрлі мақсаттармен қазақ даласына экспедициялар ұйымдастырып, оның қазба байлықтары туралы ақпараттар жинастыра бастады. Сол уақыттарда Қазақстанның археологиялық ескерткіштері, сәулет өнері мен кездейсоқ табылған жәдігерлері жайлы сөз қозғала бастады. Шындығына келгенде, қарастырылып отырылған кезеңдегі ғылыми ізденістерді алғаш рет В.В. Радлов жүйелеп берген болатын. Ғалымның бірнеше томдық еңбектерінде Қазақстан археологиясының ерте кезеңдері бір ізге түсірілген.

Негізінен алғанда, қазақ жеріндегі қола дәуірі ескерткіштеріне (басқа тарихи-мәдени кезеңдердің де) деген қызығушылықты туғызған Ресей патшасы І Петр указдары десе болады. 1716, 1718 жылдардағы указдарында ол көне заман жәдігерлерін жинастыруға бұйрық берді. Указдарда тіпті обалардан алынған ежелгі адам қаңқасына мың рубль, бас сүйегі үшін бес жүз рубль көлемінде сый-ақы берілетіндігі де көрсетілді /1/. Сөйтіп, осы уақыттан кейін Қазақстан мен Сібірдің мәдени ескерткіштерінің талан-таражға түсуі басталды. Үкімет тіпті обаларды қазатын адамдарды тағайындап та отырды. Патшаның өзі Мессершмидтті Сібірге жіберіп, түрлі жәдігерлерді жинастыруға тапсырма берді. Мессершмидт 1719 ж. Сібірге жетеді де, мұнда бірнеше жыл тұрады. Ол Сібірде, Есіл мен Ертіс аралығында зерттеулер жүргізіп, орталыққа үнемі есеп беріп отырды. Оның есебінде Есілде тұратын орыстар молалардан алтын мен күміс іздеуді кәсіп еткендігі, олар тіпті Обь өзеніне дейін жеткендігі айтылады /2/. Мессершмидт көне обалардан темір, мыс бұйымдар, жылқы әбзелдерін, сауыт-сайман бөліктерін, идолдар, т.б. заттар тауып жататындығын, кейде алтын мен күміс бұйымдар табылатындығын жазып қалдырған. Мессершмидт пен Геннин елеулі олжалар Павлодардан оңтүстікке қарай жатқан аймақтан табылып жатқандығын жазады. 1711-1721 жылдары Тобылда тұрған, Мессершмидттің қасында ұзақ уақыт бірге жүрген Ф. Страленберг кейіннен өз отаны Швецияда экспедиция кезінде табылған бірқатар материалдарды өз кітабында жариялап жарыққа шығарды /3/. Кітапта берілген жәдігерлер арасындағы Павлодарлық Ертіс маңында орналасқан обадан қазып алынған алтын медаль (медальон) ерте замандағы жарқын коллекцияны құрайды.

Қазақстанның жеріндегі археологиялық нысандарды зерттеуге Г.Ф. Миллер сынды ғалым да зор үлес қосқандығы белгілі. Оның «Изъяснения о некоторых древностях, в могилах найденных» атты шығармасы біз қарастырып отырған тақырып үшін басқаларына қарағанда құндырақ, өйткені мұнда автор обалардан аршып алынған көптеген материалдарға сипаттамалық ақпарат береді. Ғалым бұл еңбегінде Еділ, Тобыл, Ертіс, Обь өзендері алабындағы обалардан асыл заттар көптеп шығатындығын жазып қалдырған /4/.

Көлемді де ауқымды обалар туралы мәліметтерді капитан Н.П. Рычков та қалдырған. Н.П. Рычков 1771 жылы Есіл, Торғай, Ұлытау мен Атбасар далаларына саяхат жасап, өзінің есептік шығармасында бірқатар археологиялық нысандарды сипаттап өтеді. Материалдарының арасында Сарыарқадағы Қараторғай өзені алқабындағы үлкен обаларға орын берілген. Капитан обалардың көлемін жаза отырып, оларды скифтер уақытымен белгіледі /5/. Біздіңше, бұл сол кездері жасалған ең ерте кезбен мерзімделген ескерткіштердің бірі болып табылады. Обалардың қола дәуіріне де жатуы ғажап емес.



1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет