Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау



жүктеу 1.08 Mb.
бет5/6
Дата25.04.2016
өлшемі1.08 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> OBSOJ -> Tar
Tar -> Сабақ №1Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ басында қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. Алаш қозғалысының басталуы
Tar -> М. Х. Асылбеков “ ” 2009 ж
Tar -> Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау
Tar -> Цин династиясының билігіндегі Қытай
Tar -> Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Tar -> Лекция: 15 сағ Практикалық(Семинар)сабақтары сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Тест саны: 200 Кредит саны 1
Tar -> Реферат Ауызша талдау
Tar -> Факультет: "Тарих және құқықтану" Кафедра: "Отан және шетел тарихы"
Tar -> Этнология” пәні бойынша “050114” – “Тарих” мамандығының 2- курс студенттерінің білімін бақылауға арналған тапсырмалар мәтіні
Tar -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

сөж тапсыралары:

1 Қазақстандағы муражай құрылысының бастылуы

2.Семей,Жетісу,Орынбор муражайларінің қызметі

3. Жергілікті жерлерде тарихи өлкеде музейлердің құрылуы



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Ашурков В.Н., К

2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.

3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.. 1974г.

4. Внекласная работа по истории краведения. М., 1975г.ацюба Д

Сабақ №14

Реферат сұрақтарытары



Тақ: Қарағанды облысының тарихи – мәдени ескерткіштері.

  1. Тас дәуіріндегі орталық Қазақстан.

  2. Қала дәуіріндегі ескерткіштері, мәдениеті.

3 Темір дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы ескерткіштер

4 .Алғашқы қоғам сәулет өнері

5 .Антикалық және орта ғасырлық сәулет өнері

6 .Көшпенділердін сәулет өнері

7 .Қазіргі таңдағы сәулет өнері

8 .Алғашқы қауымдық бейнелеу өнері

9 Бейнелеу өнері Қазақстан аймағында

10.Көркем суреттегі ағымдар

11 .Қолжазбалар

12.Ежелгі русь орнаменті

13 .Жазба ескерткіштері

14 Мүсылман діні

15 Алфавиттін пайда болуы

16 Қағазды колдануы

17 .Бірінші печатталған кітапттар

18 .Революцияға дейін Ресей басылымдары

19 .Қазіргі таңдағы басылымдар

20 Қазақтанда революцияға дейн басылымдар



Сабақ №15

Тақ: Қарағанды облысының тарихи – мәдени ескерткіштері.

Жоспары:


  1. Тас дәуіріндегі орталық Қазақстан.

  2. Қала дәуіріндегі ескерткіштері, мәдениеті.

  3. Темір дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы ескерткіштер.



Теориялық мәліметтер :

Орталық Қазақстан экономикалық аудан – Қазақстанның орталығында орналасқан. Оның құрамына Қарағанды, Жезқазған областары кіреді. Орталық Қазақстан экономикалық ауданы негізінен Сарыарқаның көтеріңкі Оңтүстік бөлігін алып жатыр. Ауданның шығыс жағында орталық Қазақстанның ең биік жері Қызылорай тауы немесе гранитті тау массивтері – Қарқаралы, Кент, Қызылтас аласа таулар орналасқан. Сарыарқаның Оңтүстік батыс Туран ойпатының біраз жері кіреді.

Археологиялық материалдар Қазақстанның орталық аудандарының территориясын ежелгі адамның ашель-мустье дәуірінде игергенін көрсетеді. Орталық Қазақстанда тас құралдар жасаудың қаратаулық дәстүрлерін сақтаған ескерткіштер бар. Олардың ішіндегі амель дәуірінің II жартысына жартысына жататын ең көнесі – обалысай (Жезқазған облысының жезді ауданы).

Жезқазғанның Оңтүстік –Шығыс жағында 150км жердегі Жаманайбат тұрақ өңінде жеті шапқы мен екі қырыштан тұратын дайын тас құралдар комплексі табылды.

Балқаштың Солтүстік төңірегі мен Ертістің сол жағалауындағы тас дәуірінің ең көп тараған ескерткіштері – тұрақтар – шеберханалар мен тас сындыратын орындар. Балқаштың Солтүстік төңірегінің және оған іргелес аудандардың ескерткіштерінде құралдың тас өндірісі леваллуа техникасының ұзақ уақыт болуымен сипатталады. Алайда Орталық Қазақстан Шығыс ауданындағы памолеттік ескерткіштердің бәрі бірдей аралас коллекциялармен сипатталмайды.

Қарағанды қаласынан 18км Оңтүстікте орналасқан тас дәуірінің тұрағы Қарағанды -15. Оны 1958ж – 1983ж. М.Н. Клапчук ашып зерттеген. Мұрақта жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде ескерткіштің бірнеше мәдени қабаттан тоұратыны анықталды. Мұнда қала мен ерте неолит дәуірі аралығын қамтитын тұрғын нашар ошақ орындары, аң сүйектері аршылып алынған. Қарағанды 15 тұрағынан табылған тас құралдарының ең ерте мезолитке жатқызуғада болады. Қазақстан аумағында өзара байланысын анықтауда Қарағанды 15 тұрағынан алынған материалдардың ғылыми – маңызы зор. Қазақтың ұсақ шоңылығының байтақ жерін мекендеген тайпалар тұрғын үйлер мен қора – қопсылардың қалдықтары бар қоныстар бейіт құрылыстары мен көне рудниктер жортастағы суреттер мен құрбан шалу орындары сияқты көптеген ескерткіштер қалдырды. Қала дәуіріндегі ескерткіштердің тараған батыс шебі бойлап жезқазған – Ұлытау –Арғанаты –Терісқаққан өзенінің жоғарғы жағы. Жезқазғанда бұл мәдениет көптеген кен өндірмелерінен көрінеді: олардың ішіндегі ең ірілері Кресто, Петро, Миылықұдық болды. Жезқазған – соңғы неолит және қола дәуірінен қалған кен орындары Раймунд, Сарқұдық, Тосқудық Айнанар, Қасқұдық, Жезқазған ауданында щұңқырлап қазған терең ұралар карерлер және олардың жанында төбе – төбе болып үйірген кен қоныстары әлі бар. Бұлардан табылған түркі тас құралдарға құмыра ыдыстардың сынықтарына қарағанда Жезқазған кен орындарын соңғы неолит дәуіріндегі тайпалар ашып пайдаланған.

Археологиялық зерттеулерге қарағанда Жезқазған қаласы тұрған жерде тым ерте замандарда қала дәуірінде мыс рудасы өндіріліп металл қорытылған.

Қазіргі уақытта Орталық Қазақстанда қала дәуірінің 30-ға жуық қонысы мен 150 ірі қорымы табылды. Орталық Қазақстандағы Андронов мәдениеті тайпалары өздерінің дамуында бірінен соң бірі келетін екі кезеңнен өтті, алдыңғысы – Нұра кезеңі Ортаңғысы Атасу кезеңі.

Соңғы қола дәуіріндегі олар Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары көрнекті Дәндібай – Беғазы мәдениетін құрды. Бұл Қарағанды қаласының маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың Солтүстік төңірегіндегі Беғазы қайнауында қола ескерткіші осылай аталды. Мәдениеттің алдыңғы Нура кезеңі толық зерттелмеген бибіт құрылыстарының материалдары бойынша ғана мәлім. Атасу дәуіріндегі Андроновтың халықтың мәдениеті – алдыңғы қола мәдениетінің жалғаыс мен табиғи дамуы. Сонымен бірге бұл – қоғамның оның экономикасы мен мәдениетінің дамуындағы жаңа неғұрлым жоғары кезең бұл кезең қола дәуірінің кемелденген орта кезеңіне жатады.

Атасу кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстанда көп, олар Қоңырат ауданындағы Былқылдақ, Қарасай Теміртау, Қарабие ҚорымдарыШерубай – Нұра өзені алқабындағы Басбалдақ, Ақсу-Аюлы 1 қорымдары және басқалар. Құрбан шалынатын орындарда орталық Қазақстандағы Нұра, Қарасу, Жорлы, Ақбілек өзендерінің алқаптарындағы кемелденген қаланың өзені бір үмідегі ескерткіштері болып табылады.

Атасу заманынан Дәндібай – Беғазы заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы -2, Ортау-2, Байбола 2,

Бұғылы – 3, кешендері жатады.

Дәндібай – Беғазы мәдениетінің өтпелі және дамыған кезеңдеріндегі құрылыстардың көбінің ішкі қоршауларында ағаш төбесінің қалдықтары сақталыпты бұл төбе пирамидалы сатылы жақтау түрінде бөренелермен жабылған.

Дәндібай – Беғазы мәдениетінің дамыған дәуіріне жататындар – Беғазы, Айбас – Дарасы, Аққайтас Дәндібай, Ортау -3, Саңғыру – 1 зираттары, Ұлытау, Шортанды бұлақ Қарқаралы 1-3 қоныстарын атаумызға болады. Біғазыдағы ескертркіштер тобында біртектес алты қоршау бар. Беғазы ескерткіштерін салу үшін сүр түсті граниттің өте үлкен кесектері іріктеліп алыныпты. Мұндай гранит құрылыстарға жақын жерден шыққан. Құрылыстың кейбір тік бұрышты тақталарының салмағы 3тн дейін жетеді. Соңғы қою дәуіріне бейіттік құрылыстардан басқа Қарқоралы қаласы жанындағы Суықбдұлақ Қорқоралы, Ұлытау поселкісі маңындағы Қызылтаудағы Тағыбайбұлақ және басқа қоныстар жатады.

Орталық Қазақстан тайпаларының мәдениеті неғұрлым көлемді археолгиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Тасмола қайнауының атына сәйкес Тасмола мәдениеті деп аталады. Оны ерекше бөліп алуға тастар тізбегі бар, мұрытты обалар деп аталатын ерекше үлгідегі ескерткіштер себеп болады. Ең ірі обалар топтары Бұғылы, Қызыларай, Қорқаралы, Баянауып, Қызылтас, Кент, Қу тауларының аңғарына шоғырланған. Батыста олар Ұлытау Арғанаты, Желдіадыр тауларының бөктерінде, оңтүстікте Желдітау, Тайатқан, Шұнаң таулы жазыңдарын алып жатыр. Б.з.б VII-III Орталық Қазақстан тайпаларының экономикасы мен мәдениетінің гүлденуі кезеңінде Балқаштың солтүстік өңірімен Жезқазғанның кен металлургия ошақтары онан әрі жұмыс кетеді. Орталық Қазақстанның әуелгі темір дәуіріне тән көрнекілік – жартасқа салынған суреттер – петрылибіттер. Олар Ұлытау таулары Балқаш маңынан Шұнақ деген тауларынан табылды.

Археологиялық мәлиметтер бойынша Тасмола мәдениеті негізінен үш кезеңнен тұрады. 1 кезең бзб VII-Viғ қамтиды. Бұл кезең туралы Тасмола I-V, Қарамұрын I Нұрманбет IV қорымдарынан мәлимет алуға болады. Тасмола мәдениетінің алғашқы кезеңінің обаларынан табылған заттар жиынтығы тұрақты болып келеді.

2 кезең б з б V-IIIғ бұл кезеңде бұрынғы дәстүрлерін жалғастырды.

3 кезең б з б I мың жылдың аяқ кезінің ескерткіштері жете зерттелмеген.

Б з б III-I ғасыр біруатар ескерткіштерінің тасмололық шығу тегін көрсететін тұтас топ Қараоба және Қорғантас қорымдарының обалары болып табылады. Оларға ортақ сипат! Жерленгендерді меридиандық бағытта салу, қабірдің бір бөлігін құрбандыққа шалынатын малдардың сүйектеріне арнап бос қою.

Бақылау сұрақтары:


  1. Тас дәуіріндегі орталық Қазақстан.

  2. Қала дәуіріндегі ескерткіштері, мәдениеті.

Темір дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы ескерткіштер

Сөж тапсырмалары:

  1. Тас дәуіріндегі орталық Қазақстан.

  2. Қала дәуіріндегі ескерткіштері, мәдениеті.

Темір дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы ескерткіштер

Пайланған әдебиеттер.

  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы 6 – том.

  2. Қазақ совет энцикопедиясы 7 – том.

  3. Матюшкин Г. Н. Археология в школе. М. 1964г.

  4. Черных Е. Н. Металл – человек – время. М 1972г.

  5. Ахметов С.Ш. Историческое кроведениев Казахстане.

  6. Қазақстан тарих 1 – том. Алматы 1994ж.


Сабақ №16

Реферат тақырыптары



Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштері

1.Қорған қабірлердің обл мекен жайлары.

2.Тарихи мәдени ескерткіштері.

3.Ескерткіштерге мінездеме

Оңтүстік шымқаланың тарихи мәдени ескерткіштеріне сипаттама


  1. түркістан ауданындағы мәдени ескерткіштер

  2. әлем халықтарының мойындауы

  3. алфараби кесенесі әлем таныған ғимарат


Сабақ №17

Тақ:Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштері

Жоспары:

1.Қорған қабірлердің обл мекен жайлары.

2.Тарихи мәдени ескерткіштері.

3.Ескерткіштерге мінездеме.



теориялық мәліметтер:

Әбдел Әзізбаб кесенесi Алғашќы ислам дәуiрiнiң тағы бiр ескерткiшi Сайрамдағы Әбдел Әзiзбаб кесенесi. Оның ќазаќша нұсќасы арабтардағы ер кiсiнiң аты Абд ал-Азиз, яғни «Ұлы Тәңiрiнiң ќұлы» деген үғымды бiлдiредi. Абд ал-Азиздiң өмiрнамасы кейiнiрек шыќќан авторы белгiсiз «Рисаля» шығармасында келтiрiлген, мұнда ол Мұхаммед пайғамбардың алғашќы iзбасарларыныѕ бiрi есебiнде сипатталады. Аңыз бойынша Абд ал-Азиз Ќ А. Яссауиден 300 жылдай бұрын өмiр сұрген, бұл ислам дiнiнiң осы аймаќта Орнығуымен сәйкес келеді. 1860 ж. соңыда казiргi ғимарат,салынған.
Сайрамдағы кесенелері. Сайрамда басќа да ежелгi ескерткiштер, соның iшiнде ХVIII ғ өмiр сүрген кұранды түркi тіліне аударған Ќазидің кесенесі ХVIII-ХIХ ғғ. Мұнарасы және саќталмаған Ќызыр әулиенiң мешітiндегi ќырыќ күндiк ораза түтатын жер астындағы таќуалар ќүжырасы бар. 1989 ж. сазды түзiмдер арасында ќазылған бiрнеше тар ұзын жайлардан тұратын жер асты ғимараты табылды. Атаќы археолог К. М. Байпаќовтың пікiрiнше, бұл жер астындағы буддалыќ монастыр болуы мүмкiн.

Арыстанбаб кесенесi. Арыстанбаб әулесі аңызға айналған тұлға болған. Аңыз бойынша ол Ќ. А. Яссауидiң ұстазы әрi рухани пiрi болған. О дүниелiк болар алдында Арыстанбаб шәкiртiне өз iсiн жалғастыруды, ел арасында исламның кұндылыќтарын насихаттауды жалғастыра берудi аманат етiп ќалдырады. Сол себептi Яссауи кесенесiне сапар шеккен мұсылман баласына оның ұстазы, халыќ арасына аса кұрметтi әеулиенiң бейтiне соғу имандылыќ белгiсi болып есептелген.

Ќарашаш ананың кесенесi Кесене Сайрамның орталығында, оның екi басты магистралiнiң ќиылысќан жерiне таяу’ ескi ќорымда орналасќан. Ғимарат Орта Азияда кең тараған кiшiгiрiм порталды-күмбездi кесенелердi ќатарына,жатады.
Мүр Әлiбаб кесенесi Ќазаќстанны оңтүстігіне алғашќы болып келген ислам дiнi уағызшыларының мазарлары ерекше орын алады. Олардың ќатарына Карашаш ананың кесенесiне таяу жатќан Мiр Әлiбаб кесенесi жатады. Мір Әлiбаб ибн Паджах Мәлiк ХI ғ. соңы мен ХII ғ. басында өмiр сүрген тарихи тўлға деп есептеледi. Ол исламды Орта Азияға басты таратушылардың бiрi Жїсiп Хамаданимен хат жазысып тўрған. ХХ ғ. белгiленген Мір Әлiбабтың кесенесi Сайрамдағы кесенелердiң iшiндегi ен жас ескерткiш болып саналғанымен, оның шығу тегi ғасыр-лар,ќойнауына,кетеді.
Отырар Ќазаќстан мсн Орта Азияның саяси, экономикалыќ және мәдени өмірiндегi маңызды рөл атќарған жер өңдеумен айналысќан Ќазаќстандағы ең iрi ауданның бiрiнің тарихы ғылыми және танымдыќ ќызығушылыќ тудыруда. Сырдария алќабында Арыс пен ќосылар тұсындағы ол аймаќ «Отырар шұраты» деп аталады. Ежелгi атауы — Фараб немесе Отытрар округi. Оның орталығы атағы ғасырларды басып өтiп бүгiнгi күнге дейiн жеткен Фараб немесе Отырар, Тарбанд, Тұрарбан, Турар болған. Фараб округiнде ұлы ғалым Әбу Нәсір Әл-Фараби дүниеге келген. 1219
- 1220 жылдары ќалаға Шынғыс ханның монғол жасаќтары шабуыл жасаған. 1405 жылы Әмiр Темiр ќаза болған. Шураттың географиялыќ орны ќазiргi күнгi Оңтүстiк Ќазаќстан облысының Отырар ауданына сәйкес келедi. Батысында шурат Орта Азияның үлкен екі Сырдария мен Амудария өзендерiнiң арасында Жатќан ќызылќүмен шектеседi. Оазис ќұрамына кiретiн Сырдаряның оң жағалауы — тегіс, кей жерлерi жоталанып жатыр өсімдік әлемi тым жұтаң ол Ќаратау сiлемдерiне жетіп аяќталады, Ќаратаудан Бөген, Боралдай, Арыстанды, Шаян және басќа кішкене өзеншелер бастау алып жатыр.
Отырар шураты Оңтүстiк Ќазаќстанда Әрдайым ыңғайлы стратегиялыќ орын алған. Отырар арќылы Ұлы Жiбек жолы өткен. Сондыќтанда ќала туралы барлыќ ортағасырлыќ араб-парсы авторлары жазған. Ќала атауын бiз Сырдария мен Жетiсу өңiрiндегi ќалалардың тiзімінде бiрнеше рет кездестiреміз.
Ертедегi авторлардың кiтаптарында оќи отырып, еріксіз «бірнеше Отырар» болған ба деген ойға кетесің Бір дерек көзiнен, мысалы, Отырар Арыстың Сырдарияға ќұяр тұсында екенін, кең де кұнарлы жерлердiң ортасындағы оңтайлы орныда тұрғанын білсең, басќа бiреуiнен Отырардың Ќаратау бөктерiне жаќын, көшпендiлердiң арќа сүйер бекiністерiнiң бiрi болғанын, Отытарардаң Бөген мен Арыс арќылы Таразға, Баласағұнға, ары ќарай Шығыс Түркiстанға жол барғанын оќисың... Бiраќ бiр ғана Отырар болған, ал оның әр жерден «табыла беретідiгi» — әр түрлі географиялыќ ландшафттардың түйiскен тұсында орналасќандығынан Отырар көптеген жолдың торабында тұр. Осы жолдар арќылы Сырдариядан оңтүстіктегi Шашќа, Соғдыға, ары ќарай Мерв, Нишапурға, Рейге, Арал маңындағы Хорезм арќылы солтүстiк пен батысќа,Едiл бойына, Ќара теѕiз жағалауына және Кавказға баруға болады. Орта Азиядан бұдан ыңғайлы әрi будан кауiпiтi орынды табу ќиын... Ќаланың басынан өткерген шапќыншылыќа толы мыңдаған жылдары текке’кетпедi. Ќазiр бiр кездерi гулденiп тўрған ќаланың орнында бөн басќан ұйідiлер ғана ќалды. Мұнда алғаш келген адам каланың ќирандыларын, едді мекендер мен ќамалдарды, күзет мұнараларын көріп таң ќалады. Арнасы жүздеген жылдар бойы су көрмей, жарылып кеткен терең каналдар курап ќалған алќалќапты кесiп өтiп жатыр. Аспап астындағы осынау ашыќ мұражай бiзге сонау өткен күндердегi ата-бабаларымыздың өмiрiнен бейне бiр сыр шерткендей.
Отырар шұратындағы археологиялыќ ќазба жұмыстарын Ќазаќстан археологтары 1969 жылдан берi жұргізiп келедi Отырар, Ќұйрыќтөбе, Көк-Мардан, Алтынтөбе, Мардан-Күйік ќалашыќтары аршылып алынды.
Отырар ќаласында ќазылып алынғандар — ХVI — ХVIII; ХIV - ХV және ХI — ХII ғасырларға жататын кварталдар, ХIII — ХIV ғасырлардағы ќұмырашылардың кварталдары, ХIII — ХV ғасырлардағы монша, ХIII — ХIV ғасырлардың кiрпіш кұйдіретін шеберханасы, ХIV — ХV ғасырлардың аяғындағы мешiтпен сарай. ХIV ғасырдың аяғы мен ХV ғасырың басындағы ќызыќты ғимарат — үлкен мешіт. Оның салынуы Темiрдiң атымен байланысты. Түркiстан ќаласындағы Ќожа Ахмет Иассауидің және Отырар оазисіндегі Арыстан-Бабтын кесенелерi Темiрдің бұйрығымен салынған.
Жалы алғанда, Отырардағы мешіт кешенi секілдi ірі архитектуралыќ ансамбль Ќазаќстанның ортағасырлыќ ќаласында алғаш рет ќазылып алынып отыр.

Суяб Орта ғасырдағы. Жетiсудың ең белгiлi болған ќаласы. Суяб - Батыс Тїрк, Тїргеш және Ќарлуќ ќағанаттарының астанасы болған. Суяб жайлы ең ерте мәліметтер VII - VIII ғасырлардың алғалшќы жартысындағы Ќытай жылнамашларыныѕ дерек көздерiде берiлдi. 629 жылы буддалыќ таќуа Сюань-Цзянь Үндiстанға барған сапарында Жетiсуды басып өтiп, Суй-е өзенінің жағалауынан бір ќаланы көрген. «Айналас 6 - 7 ли (шамамен 6 шаршы метірге шамалас Ќытайлыќ өлшем бірлігі) осы ќалада әр елден келген кепестер мен хусцалар (соғдылыќтар) тұрады. Жерi ќызыл тары мен жүзiм өсiруге ќолайлы. Суй-еден тура батысќа ќарай жеке дара салынған ондаған ќалалар бар» деп суреттейдi ол. Сонымен ќатар Сюань-Цэявь Жетiсу ќалаларыньѕ тұрғындарын сипаттап өтедi. Олардың әдет ғұрыптары, киiмдерi жайлы айта келiп, ќалаларда жер өңдеушiлер мен саудагерлер тұрады деп толыќтырды.

«677 жылы ќытайлыќтар батыс түркiлерге шабуыл жасал, Жошы ќағандының тұтќынға түсіріп, оны Суй-е (Суяб) ќаласына жiбердi», деп хабарлайды дерек көздерi (Тан династиясыныѕ’ көне тарихы).


Жетiсуда түргештер билiк ќұрып тұрған кезде ќағанның басты ордасы Суябта болған. Бұл ќаланың аты VIII ғасырдың бiрiнші онжылдығындағы өзара ќаќтығыстарға байланысты аталады.
Бақылау сұрақтары

1.Қорған қабірлердің обл мекен жайлары.

2.Тарихи мәдени ескерткіштері.

3.Ескерткіштерге мінездеме

сөж тапсырмалары
1.Қорған қабірлердің обл мекен жайлары.

2.Тарихи мәдени ескерткіштері.

3.Ескерткіштерге мінездеме

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Ашурков В.Н., К

2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.

3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.. 1974г.

4. Внекласная работа по истории краведения. М., 1975г.ацюба

сабақ .№18

1 Исмаил ата кесенесі қай ауданда орналасқан

А). Қазғұрт

В). Мақтаарал

С). Шардара

D). Отырар

2. ҚР-ның тарихы және мәдени ескерткіштерін қорғау заңы қай жылы жарық көрді?

А). 1992ж.

В). 1993ж.

С). 1991ж.

D). 1990ж.

3. Қожа Ахмед Яссауи кесенесі қай жылы салына бастады?

А) 1395ж.

В) 1396ж.

С) 1391ж.

D)1390ж.


4. ХХ-ХVIғ. Археологиялық ескертікші Сынтас қалашығы қай аудан территориясынан табылды?

А) Ленинск

В) Шардара

С) Мақтаарал

D) Шмкент

5. Жошы ханның кесенесі Қазақстанның қай аумағында орналасқан және қай ғасырға жатады?

А) Орталық Қазақстан XIVғ.

В) Батыс Қазақстан XIIIғ.

С) Шығыс Қазақстан XIIғ.

D) Солтүстік Қазақстан Xғ.

6. Оңтүстік Қазақстан обылысы батысында қай обылыспен шектеледі?

А) Қызылорда

В) Қарағанды

С) Ақтөбе

D) Маңғыстау

7. Қазақстан Республикасының мұражай және мұрағат қорғау заңы қай жылы жарияланды?

А) 1998ж. 22-желтоқсан

В) 1997ж. 21-желтоқсан

С) 1996ж. 20-желтоқсан

D) 1999ж. 23-желтоқсан

8. Археологиялық ескерткіштерге жататын Ұзын-ата кесенесін ең алғаш кім зерттеген?

А) 1900ж. Руднев зерттеген

В) 1991ж. Подушкин зерттеген

С) 1992ж. Бернштам зерттеген

D) 1993ж. А.Г. Максимов зерттеген

9. Түркістан қаласы VIIIғ. қалай аталған.

А) Шафхар

В) Халуат

С) Яссы

D) Күлтөбе



10. Арыстанбаб кесенесі қайта тұрғызу жұмыстарынан қай жылы өтті?

А) 1997ж.

В) 1807ж.

С) 1908ж.

D) 1909ж.

11. Сардоба нені айтамыз?

А) Үстінде күмбезі бар құдық

В) Жер асты мешіті

С) Монша

D) Намаз оқитын жер

12. VIIIғ-дың 20 жылдары соғды қол жазюалары қай жерден табылған?

А) Орталық Азиядан Муг қорғанынан

В) Европадан

С) Таяу шығыстан

D) Батыс Европадан

13. Мақтаарал ауданы қай жылы құрылды?

А) 1928ж.

В) 1930ж.

С) 1968ж.

D) 1933ж.

14. Шірік Рабат қонысы қай обылыстан табылған?

А) Қызылорда обылысы

В) Жамбыл обылысы

С) Шымкент обылысы

D) Алматы обылысы

15. Бесшатыр обасы қай жерден табылған

А) Жетісудан

В) Орталық Қазақстаннан

С) Шығыс Қазақстаннан

D) Батыс Қазақстаннан

16. Түркістанның бұрынғы атауы ХІІ – ғасырдағы

А) Яссы


В) Күлтөбе

С) Шабхар

D) Фархан

17. Қарашаш ана Ибрахим ата күнбесі қай жерде орналасқан?

А) Сайрамда

В) Созақта

С) Түлкібаста

D) Сарағашта

18. «Тарихи-и-джаһан гума» шығармасының авторы?

А) Жувейнин

В) Ибн Хаукал

С) Рашид адин

D) Жүсіп Баласағун

19. Парсы тілінде жазылған 25 томнан тұратын кітаптың аты?

А) Авеста

В) Таурат

С) Чин

D) Барлығы



20. Этнография қай тілден енген?

А) Грек


В) Латын

С) Парсы


сабақ №19

Тақ: Жамбыл облысының тарихи мәдени ескерткіштері.

Жоспары:

1 Жамбыл обылысыныѕ археологиялыќ зерттеу жұмыстары.

2 Г.И.Пацевич зерттеу жўмысы.

Теориялық мәліметтер :

ХХ ғасырдың бірінші жартысында Жамбыл облыстыќ тарихи өлкетану мұражайына экспонаттар жинауда көп еңбек еткен археологтардың бірі. Г.И.Пацевич. өзінің 77 жылға жетіп барып мағыналы өмірінің ең саналы кезеңін Тараз өңірінің тарихи ескерткіштерін ќорғауға арнады. Ол Жамбыл облыстыќ тарихи өлкетану мұражайында тікелей ќызмет атќармаса да, оныѕ Жамбылдағы еңбек ету кезеңі мұражаймен тығыз байланысты болды. Мұражайдың тек мәдени ғана емес ғылыми зеріттеушілік мекеме ретінде ќалыптасуына және оныѕ археологиялыќ ќазба жұмыстарын жүргізуне жағдай жасады. Мұражай іргесіне ќойылған археологиялыќ бұйымдардың мерзімін аныќтап, олардың жасалу тәсілімен формасына талдау жасап, ғылыми ќұжатын толтырды.

1938 жылы Жамбыл (Тараз) ќаласында Ќазаќ КСР Халыќ Комиссарлар Кенесіндегі ескерткіштер мен ќорыќтарды ќорғау басќармасын шешімімен Оңтүстік Ќазаќстан көлемінде тұраќты археологиялыќ пункт ќұрылды. Бұл мекеме сонымен Жамбыл ќаласы мен Көне Тараз аймағындағы тарихи ескерткіштерді саќтауды ќадағалаумен айналысатын болғандыќтан, Г.И.Пацевич Жамбыл ќаласына ауысып келді. Облыс көлемінде тарихи-мәдени ескерткіштердің аныќтау, оларды ќорғау, археологиялыќ экспедициялар ұйымдастыру облыстыќ мұражай мен археологиялыќ пункте де ортаќ еді. Г.И.Пацевич Жамбыл облыстыќ тарихи өлкетану мұражайының кеңесшісі болды. Жамбыл облысыныңдағы өлкетану мен мұражайтану ісін ұйымдастырды.

Героним Иосифович 1893 жылы Белоруссияның Витебск облысның

Шатрово деревнясында дүниеге келді 1910 жылы Смоленск реалды училиещесін бітіріп Мәскеу археологиялыќ институтына түсіп оны 1914 жылы ғалым археолог деген атаќ алып бітіріп шығады. 1919-1924 жылдары Пачевич Г ќызыл армия ќатарында ќызмет етті. 1924-33 жылдары инженер болып ќызмет етеді. Ал 1933-38 жылдары Героним Иосифович Ќазаќстан орталыќ мұражайының ғылым хатшысы осы жылдары ғылыми Жетісу археологиялыќ экспедициясына ќатысады.

Пачевич Г 1939 жылдан бастап облыстың тарихымен ондағы тарихи ескерткіштер туралы және ќазба жұмыстар кезде табылған археологиялыќ олжаларға сипаттама беру арќылы облыстыќ өлкетану ісіне көптеген жаңалыќтар енгізді. Ол облыстыѕ тарихи географиялыќ аудандастырылуы жан-жануарлармен өсімдіктері және өткен тарихы туралы облыстыќ газетте «Из истории нашей области» деген атпен бірнеше маќалалар жарияланды. Белгілі аќыртас ескерткішінде алғаш рет сипаттап ол жайында тың мәлеметтер келтірді оның жоспарын жасады. Кейінгі кездегі зеріттеушілер Г.И.Пацевич кәсіби тұрғыдан «Аќыртасты» жан-жаќты зерттеген маман екендігін мойындайды.1939 жылдың аяғына ќарай археологиялыќ пункт пен облыстыќ мұражай .Әулие-ата мазарында археология және дін тарихы мұражайын ашты. Мұражайға келушілердің саны көбейіп, айына орта есеппен 5-6 мың көрермендер болды.

1939 жылы Жуалы ауданында археологиялыќ барлау жұмыстарын жұргізіп, Күйік, Боралдай, Ќаратау, Ќұлантау орналасќан Ќошќарата мен Теріс өзендерініѕ аралығында бірнеше обалар ќазба ќалды зеріттеу барысында Г.И.Пацевич Күйік асуынан кеиінгі Ќаратаудан бері Берікќара обаларына ұќсас обалар тізбегін тапты. Бұл обаларды Орта Азия мен Ќазаќстанның басќа аймаќтарындаєы саќ дәуірініѕ обаларына тән әрі үйсін мәдениетінің алғашќы кезеңі деп ќарастыруға болады. Тау жоталарынан тасќа ќашалып салынған көптеген суреттер табылады. Осы сапары жөнінде ол былай деп жазды: «Жуалы ауданы аумағының біз зеріттеген бөлігінде археология ескерткіштер көптеп кездеседі».

Г.И.Пацевич облыс тарихы бойынша баспасөз беттерінде жарияланған материалдарын жаңа зеріттеулерімен толыќтырып, «Жамбыл облысының тарихынан» атты ќолжазба дайындады. Бұл ќолжазба ежелгі тас дәуірінен бастап ХХ ғасырдың ортасына дейінгі кезеңді ќамтып, Жамбыл облысының саяси тарихын, шаруашылығын, мәдениетін, археологиялыќ ескерткіштерін баяндады. Еңбектің ғылыми ќұндылығы соншалыќ, облыс тарихы туралы жазған өлкетанушылар өз шығармаларында Г.И.Пацевичтің осы еңбегіндегі мәліметтерді пайдаланды.

Жамбыл облыстыќ мұражайы Ќазаќстандағы өлкетану мұражайларының ішінде тамаша археологиялыќ бөлім бар мұражайға айналды.

Бақылау сұрақтары

1..Ортағасырлық дәуірде.

2.Тарихи мәдени ескерткіш

Сөж тапсырмалары:

1..Ортағасырлық дәуірде.

2.Тарихи мәдени ескерткіш



1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет