Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау



жүктеу 1.08 Mb.
бет6/6
Дата25.04.2016
өлшемі1.08 Mb.
1   2   3   4   5   6
: CDO -> OBSOJ -> Tar
Tar -> Сабақ №1Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ басында қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі. Алаш қозғалысының басталуы
Tar -> М. Х. Асылбеков “ ” 2009 ж
Tar -> Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау
Tar -> Цин династиясының билігіндегі Қытай
Tar -> Ф-об-007/020 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Tar -> Лекция: 15 сағ Практикалық(Семинар)сабақтары сағ СӨЖ: 15 сағ обсөЖ: 15 сағ Тест саны: 200 Кредит саны 1
Tar -> Реферат Ауызша талдау
Tar -> Факультет: "Тарих және құқықтану" Кафедра: "Отан және шетел тарихы"
Tar -> Этнология” пәні бойынша “050114” – “Тарих” мамандығының 2- курс студенттерінің білімін бақылауға арналған тапсырмалар мәтіні
Tar -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау

Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Ашурков В.Н., К

2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.

3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.. 1974г.

4. Внекласная работа по истории краведения. М., 1975г.ацюба Д

5. Ќазаќ журналы. 2005..6. №5 47.




Сабақ 20

Коллоквиум

1.Тас дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.

2.Қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстандағы тұрақтары.

3.Шығыс Қазақстан темір дәуірінде.

4 .ҚР мемлекеттік мұрағаттар

5 .Мемлекеттік мұрағаттық басылымдар

6 .Мұрағат материалдарын қолдану

7 .Мұражай тарихы

8 .Экспозицияның ұйымдастыру

9 .Мұражайдың ғымылдағы орны

10 .Топонимика

11 .Онамастика негізгі терминдері

12 .Қазіргі таңдағы география аттауларың зерттеу барысы

13.Антропонимика

14 .ҚР аймағындағы ауызша өнері

15 .Айтыс, жыршылар,ақындар

16 .Халық ауыз өнерінің тарих кұрастырудағы үлесі




сабақ № 21

Тақ: Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері.

Жоспары:


  1. Тас дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.

  2. Қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстандағы тұрақтары.

  3. Шығыс Қазақстан темір дәуірінде.



Теориялық мәліметтер:

Қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстан тайпаларының мәдениеті үш кезеңнің: әуелгі, орта және кейінгі кезеңдердің ескерткіштерімен танылады. Бұлардың ішінде Андронов мәдени қауымына жататын орта қола ескерткіштері неғұрлым жақсы зерттелген.

Шығыс Қазақстан мыс, қалайы рудаларын және алтын өндіретін орталықтардың бірі болды. Үй кәсіптері, оның ішінде қыш ыдыстар жасау дамыды. Тұрмыста ыдыстың екі түрі көзелер мен қыш құмыралар ұсталды, әдетте ыдыстың бүкіл сырты ирек қалыппен түсірілген күрделі геометриялық суретпен молынан өрнектелді. Көзелердегі ою-өрнек шырша түрінде, ал кейде шырша ойықтармен, тырнақ ізді маржандармен ұштасып келеді. Тырнақ ізді ою-өрнек бұл кезең үшін Шығыс Қазақстан керамикасына ғана тән. Көзе түріндегі ыдыстардың біразына ою-өрнек салынбаған. Бітімі жатық құмыралар да көп кездеседі.

Өлген адамдарды жерден қазылған шұңқырларға, тас жәшіктерде және цисталарда жерлеген, ал моланың үстіне үйіңді оба немесе тас қоршау тұрғызылатын болған.



Жерлеу құрылыстарының құрылымында, өлікті жерлеу ғұрпында, ою-өрнек мәнерлерінде бұдан бұрынғы кезеңмен сабақтастық байланыс сақталған. Жерлеу құрылыстары қырынан қойылған және жерге қазылып орнатылған тақта тастардан тұратын тік бұрышты, шаршы, сопақша қоршаулар болып келеді. Көбінде өлікті көмумен бірге өлікті өртеу де кездеседі.

Сондай-ақ кейінгі қола дәуірі ескерткіштерінің орта қола дәуірі ескерткіштерімен – Андронов мәдениетімен сабақтастық байланысы да аңғарылады. Бұл қабір үстіндегі құрылыстардың құрылымынан (қоршаулар тік бұрышты, шаршы және шеңбер түрінде болып келеді), жерлеу құрылыстарынан (жерден қазылған қабір шұңқырлары, тас жәшіктер, цисталар), жерленгендердің жатқызылуынан (өлікті оң немесе сол қырынан бүгіп салу), оларды белгілі бір бағытқа қаратып салудан (басын оңтүстікке қаратып салып, аздап батысқа бұру), жерлеу мүліктерінен (бітімі жатық құмыра түріндегі қыш ыдыстар), ою-өрнектерден (кейде ыдыс тұтастай ою-өрнекпен көмкеріледі) көрінеді. Сонымен бірге Шығыс Қазақстанның кейінгі қола ескерткіштерінде бір-біріне жалғасқан шеңбер қоршаулар құрылысынан, бір қабірге бірнеше ересек адамды, кейде балаларымен бірге жерлеуден көрінетін Оңтүстік Сібір мен Алтайдың карасук тайпалары мәдениетінің ықпалы аңғарылады. Бұл ықпалдың сондай-ақ қыш ыдыста да, металл бұйымдарда да (пышақтарда, әшекейлерде) ізі бар.

Шығыс Қазақстан тайпаларының кейінгі қола мәдениеті Сібірдің карасук мәдениетіне, Зауральенің Замараев және Орталық Қазақстанның Дәндібай-Бегазы Неолит дәуірінің ескерткіштерінен (Железинка селосы маңындағы мола, Пеньки І, ІІ көлдік тұрақтары ) кейінгі ең ертедегі ескерткіш уақыт жағынан Сібірдің Афанасьев мәдениетіне жақын Қанай аулы іргесіндегі бейіт болып табылады. Ол жер үстінде тігінен қойылған тақта тастардан тұратын шаршы қоршаумен белгіленген. Қоршаудың қабырғалары әлемнің төрт жағына қарай бағдарланған. Жерден қазылған қабірден бастарын шығысқа қаратып, шалқасынан жатқызылған еркек пен әйелдің сүйектері шықты. Сүйектердің біразы жосамен боялған. Жерленгендердің екеуі де андроновтық антропологиялық типке жатады. Қабірде өлік асының қалдықтары, жебенің жайпақ қола ұшы, ашық жасыл түсті тас моншақ, таяқшамен әр жерінен батырылып өрнек салынған көзе бітімдес қыш ыдыстың сынықтары және топайлар сақталған.

Бақылау сұрақтары:

.Тас дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.

2.Қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстандағы тұрақтары.

3.Шығыс Қазақстан темір дәуірінде

Сөж тарсырмалары


.Тас дәуіріндегі Шығыс Қазақстан.

2.Қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстандағы тұрақтары.

3.Шығыс Қазақстан темір дәуірінде
Пайдаланған әдебиеттер.


  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы 6-том.

  2. Қазақ совет энциклопедиясы 9-10 томдар.

  3. Ахметов С.Ш. Историческое кроведение в Казахстана А. 1982г

  4. Қазақстан тарихы 1-том А 2002ж.

  5. Черных Е. И. Металл-человек-время. М. 1972г

  6. Матюшкин Г. Н. Археология в школе М. 1964г.


сабақ №22

тест

1 .ҚР заны Мәдени тарихи ескерткіштерді корғау




  1. Төле би

  2. Жаңа базар

  3. Абай

  4. Шарапхана

2 Шардара ауданының Восход деп аталатын ауылының қазіргі атауын атаңыз?



  1. Қоссейт

  2. Ақтөбе

  3. Юбелейный

  4. Амангелді

3 Ең алғаш Жетісай өлкесі туралы мәлімет қай жылдары айтылады?



  1. 1890ж

  2. 1891ж

  3. 1889ж

  4. 1887ж

4 1045 ж құймалы әріпті ойлап тапқан өнерпаз?



  1. Би Чень

  2. Гутенберг

  3. Цайлун

  4. Донте

5 Түлкібастың қазіргі атауын атаңыз?



  1. Т.Рысқұлов

  2. Абай

С) Ленгр

  1. Жаңабазар

6 Қызыл көпір қай жерде орналасқан және қай ауданға кіреді?



  1. Ол Темірланнан бері шыққанда, Бәйдібек ауданына кіреді

  2. Ол Шымкенттің кіре беріс қақпасында, Шымкент ауданына кіреді

  3. Ол Отырарда, Отырар ауданына кіреді

7 Шардара қаласының аудан әкімшілігі қай жылы құрылды?



  1. 1968ж

  2. 1970ж

  3. 1964ж

  4. 1962ж

8 Созақ ауданының орталығын атаңыз?

А) Шолаққорған

В) Темірлан

С) Ленинск

D) Сарыағаш

9 Оңт. Қаз. Обл шығысында қай облыспен шектеседі?

А) Қарағанды

В) Жамбыл

С) Қызылорда

D) Түлкібас

10 Жетісай қаласының құрылған жылы?

А) 1969ж

В) 1968ж


С) 1970ж

D) 1967ж


D) Қытай

11. Созақ ауданының орталығы

А) Шолаққорған

В) Ақсу кент

С) Темірлан

D) Түркістан

12. . Түркістан қаласы VIIIғ. қалай аталған.

А) Шафхар

В) Халуат

С) Яссы


D) Күлтөбе

13. ҚР-ның тарихы және мәдени ескерткіштерін қорғау заңы қай жылы жарық көрді?

А). 1992ж.

В). 1993ж.

С). 1991ж.

D). 1990ж.

14. С.У.Ремезев «Сібір тарихы» атты еңбегін нешінші жылы жазды?

А) 1642-1720ж.ж.

В) 1841-1862ж.ж.

С) 1463-1563ж.ж.

Д) 1918-1923ж .ж.

15. 1737 жылы ең алғаш рет жергілікті жерлерде материал жинау үшін анкета жіберген тарихшы?

А) Татищев.

В) Рычков.

С) Ремезев.

Д) Уалиханов.



Сабақ №23

Тақ:Қазығұрт ауданының тарихи мәдени ескерткіштері

Жоспары:

1.Архитектура ескерткіштері.

2.Қорған қабірлер.

3.Қалашықтар, тұрақ жайлар.


Теориялық мәліметтер:

Қазығұрт ауданындағы ауыл, аудан және Қазығұрт ауылдық әкімшілігі, округ орталығы. Облыс орталығы Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 65 км. жерде, Қазығұрт тауының оңтүстік баурайында. Келес өзенінің оң жағалауында. Тұрғыны 14,4 мың адам (2003). Іргесі 1928 жылы қаланды.

Облыстың оңтүстік - шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 жылы Қаратас ауданы болып құрылып, 1963-1993 жыл.

Ленин ауданы болып аталып келді. Жерінің аумағы 4,5 мың км2. (облыс аумағының 3,5 %-ы) тұрғыны 95,9 мың адам. Аудандағы 61 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы Қазығұрт ауданы. Аудан жерінің көп бөлігі теңіз деңгейінен 800-1200 м биікте орналасқан. Шығысында Қоржансай (2000-2800м) Өгем (3000-3600м) биік таулы жоталары, орталығында оңтүстік – батыстан, солтүстік – шығысқа қарай Қазұғырт жотасы (800-1700м) созылып жатыр. Жер қойнауынан минералды су, ақ құм, қиыршық тас т.б. құрылыс материалдары барлынған. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, қаңтар айының орташа жылдық температурасы -3 -40оС, жазы ыстық, шілденің орташа температурасы 22-25оС. Жауын – шашынның жылдың орташа температурасы 300-400мм, тауда 500-700мм. Аудан жерінен Келес, Өгем, Қоржансай, Мұғалысай т.б. өзендер ағып өтеді. Таулы өңірі мен өзен бойларында итмұрын, долана, тобылғы, жабайы алма, арша, шырша, қоңырбас, жыңғыл т.б. батысында, шөлді аумағында қозықарын, жусан, бетеге, ебелек өседі.

Аудан жерінің ауыл шаруашылығына қатысты 9,0 мың га жерін үлкен Келес каналы суландырады. Аудан шаруашылығында сиыр (9,8%), қой мен ешкі (11,8%), жылқы (13,3%), өсіріледі. Жалпы білім беретін 66 мектеп, 7 аурухана, аудандық аурухана мен емхана, 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 39 фельдшер-акушерлік пункт, мәдениет үйі, кітапханалар т.б. бар. Қазығұрт тауындағы Кемеқалған шыңында ескерткіш тақта қойылған. Қазығұрт маңында Ақбура әулие мазары, «Ғайып ерен қырық шілтен», тарихи – қасиетті кешені, «Ақпан батыр» монументі (1995) орнатылған. Аудан жерімен Алматы-Ташкент халықаралық автомобиль жолы өтеді.

Ежелгі аңызда дүниені топан су басқанда, Нұқ пайғамбар кемесі Арабияда Жуда тауында, Х ғасырдағы аңызда Арарат тауына тоқтаған делінеді. Қазақ (түркі) аңызы бойынша топан су қаптағанда Нұқ пайғамбар «топан су» мифінің көне нұсқасында Нұқ пайғамбардың есімінің орнында «Ившқар ата» (Жылаған-ата), (Жылауық-ата) деген кісі есімі де қолданылады. Кемесі Қазығұрт тауының шыңында тұрып қалған. Топан су қайтқан соң, адамзаттың жаңа ұрпағының тіршілігі сыртқы бітімі кемеге ұқсас Қазығұрттан басталған.

Кейін, ислам дінінің таралуына байланысты Нұқ пайғамбар тұр аңызбен ұштасып, ежелгі мифтің жаңа нұсқасы пайда болған.

«Қазығұрт» сөзінің бастапқы мағынасы барлық тіршілік тегін сақтап қалған жер дегенді білдіреді.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі Қазығұрт тауы туралы аңыз өлеңде «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған, жетім қозы басында басында жатып қалып, Шопан ата жануар сонан қалған» деп Шопан ата, Зеңгі баба, Жылқышы ата, (Қамбар ата), Ойсыл қара сияқты төрт түліктің киелі иелері аталды.
Бақылау сұрақтары:

.Архитектура ескерткіштері.

2.Қорған қабірлер.

3.Қалашықтар, тұрақ жайлар

Сөж тапсырмалары:

.Архитектура ескерткіштері.

2.Қорған қабірлер.

3.Қалашықтар, тұрақ жайлар



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Ашурков В.Н., К

2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.

3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.. 1974г.

4. Внекласная работа по истории краведения. М., 1975г.ацюба Д

Сабақ №24

Глоссарий


    1. мәдени мұра




    1. мәдени қабат




    1. этнография

    2. археология




    1. қабір




    1. жер асты мешіті




    1. жәдігер



    1. топономика




    1. антропономика



    1. қорған


Лекция№25

Тақ:Ордабасы ауданының тарихи мәдени ескерткіштері

Жоспары:

1.Ауданның тарихы.

2.Ислам-ата архитектура комплекс.

3.Шарапхана қалашығы.



Теориялық мәтіні:

Ордабасы ауданы - Оңтүстік Ќазаќстан облысының оңтүстігінде орналасќан әкімшілік аумаќтыќ бөлік. 1964 жылы ќұрылған.1993 жылға дейін Бөген ауданы деп аталып келді. Аумағы 2,7 мың км. Тұрғыны 83,3 мың адам (2004). Аудандағы 59 елді мекен 9 ауылдыќ округке біріктірілген. Орталығы - Темірлан ауылы. Ордабасы ауданыныѕ жер бедері жазыќ. Оңтүстік бөлігі солтүстігіне ќарағанда бір шама көтеріңкі және бұл бөлігі Арыс өзенінің салаларымен сай - жыраларға тілімденген. Ауданның ең биік жері Ќайнар ауылыныѕ шығысында (383м). Жер ќыртысы Тұран плитасының эпигерциндік ќұрылымынан түзілген. Оның үстін төрттік жүйенің аллювиилі шөгінділері жапќан. Мезозойға дейінгі жер ќыртысы 1000-1500 м тереңдікте.

Ауданның халќы көп ұлтты басым бөлігін (94%) ќазаќтар ќұрайды. Халќының орташа тығыздығы бір км квадрат жерге шаќќанда 30,9 адамнан келеді. Ірі елді- мекендері: Темірлан (12,7 мыѕ адам), Төрткүл (6,3), Бадам (5,1), Бөген (4,2), Ќайнар (3,5),Ќарааспан (3,5), Шұбат (3,4), Ќараќұм (3,2), т.б. Ордабасы 1993 жылға дейін Бөген ауданы деп аталып келді, осы Бөген ауданының жері Сырдария өзенінің аңғарынан батысќа ќарай сәл көтеріңкі келген жазыќ. 1970 жылдың басында ауданда 25,7 мың халық болды.

Ауданда 22 сегіз жылдыќ 13 орта мектеп, 56 кітапхана мәдениет үйі 37 клуб бар. Палуан Ќажымұќан Мұңайтпасов өмірінің соңғы кезін осы ауданда өткізген. Темирлановка селосында Ќажымұќанның мавзолейі бар.

Ордабасы мәдени-ұлттыќ тарихи ќорығы 1993 жылдың 23 мамырында аудандағы жәдігерлерді саќтап ќалу маќсатында ел Президентінің көмегімен ќұрылды. Ќазіргі таңда көптеген жұмыстар атќарылуда. Соның ішінде "Бірлік монументі" туралы маќтана айтуымызға болады. Авторы Є. Садырбаев. Монумент 1997 жылы ерте көктемде басталып, осы жылдың 19ќыркүйегінде Елбасшысы Нұрсүлтан Әбіш Назарбаевтың ќатысуымен ашылды. Ескерткіштің биіктігі - 27 метр. Төменгі шеңберінің диаметрі - 8 метр. Ұшбүрышындағы үш үстыны – Төле, Ќазыбек, Әйтеке билердің асќаќ тұлғаларын білдіреді. Үш бидің үлағатты сөздері үш бетінен орын алған. Ескерткіштің орта тұсынан жоғарылау ќазаќтың ќасиетті шаңырағы ру- руға бөлінбей, үлт болып бірігуге ұндегендей әсер етеді. Шаңыраќтың төменгі жағына ілінген тұмар бірлік- ынтымағымызға көз тимесе дегенді білдірсе, одан төменде шашбау сияќты сылдырауыќ бабаларымыздың "ќүлаќтарын түріп жүрсін" деген өсиетін үғындырады. Жел түрғанда сылдырап айналасына дыбыс беріп түрады. Монументтің сол жағында орналасќан ескерткішке Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаевтың: "Ордабасым-ел жүрегі, жер кіндігі" деген сөзі жазылған. Кезінде ќазаќ даласының әр түпкірінен осы Ордабасыға жиналып, елім, жерім деп еңіреген, бастарын ажалға байлап, көп ќан төккен ата-бабаларымыздың аруағы разы болсын десек, біз елімізді ќорғауды азаматтыќ та, перзенттік те борышымыз деп санауымыз керек. Ордабасы шағын тау болғанымен мүнда 20 шаќты бұлаќ бар. Көшпенділікпен өмір сүрген бабаларымыз Ордабасын жаз жайлау етіп, бұлаќтарының басына он-он бес үйден кұзге дейін отыратын көрінеді. Бүгінде сол бұлаќтардың біразы тартылып ќалған. Оған басты себептің бірі - таудың тастарын ќиыршыќтайтын зауыттың жасаған жарылыстары. Ќолдан жасалған күнделікті жарылыстар әсерінен бұлаќтың көздері бекітілген.Бұлаќтарға ќысќаша шолу жасасаќ:

"Басбұлаќ"-Ордабасы тауының оңтүстік-шығыс жағында бірінші болып ағып жатыр. Ең шеттен ќарағанда алғашќы кездескендіктен Басбұлаќ аталып кеткен.

"Ќамыстыбұлаќ"- ну ќамыстың арасынан шығып жатыр. Реті бойынша Басбұлаќтан кейін екінші кездеседі. Ќамысы өте ірі, біркелкі өседі. Жергілікті тұрғындар ќамысын орып алып ши тоќиды.

" Жаманбұлаќ" - суы шалшыќ әрі аз ғана ќайнар көзі - ұйыќ, батпаќ. Су ішуге келген малдар ұйыќќа батып, не нәрсеніде тереңіне батырып жібереді. Осы себепті Жаманбұлаќ аталған. Кейбір аңыз - әңгімелерде жын-шайтан жұретін бұлаќ деп те аталған.

"Ұзынбұлаќ" - суы мол, 2-3 шаќырымға дейін ағып баратындыќтан, осылай аталған. Бұлаќтын бойына ертеректе диќандар ќауын-ќарбыз, жоңышќа, көкеніс т.б. даќылдар еккен. Бұлаќтын бойын ќазірде 20 шаќты отбасы мекен етеді.

"Көкбастау" - айнала төңірегі көкорай шалғын, тоғайлы жерде, көкмайса ќұраќтың ортасынан бастау алады. Басќа бұлаќтардың суы ќысы жазы жылы болса, бұның суы жаздың аптап шілдесінде де өте мұздай. Ертеректе суы өте мол, төменгі етегінде үлкен айдын көлі болатын. 1980 жылдардан бері шілде, тамыз айларында тартылып ќалуда.

"Әліхан әулие бұлағы". Ордабасы тауының оңтүстік бетіндегі ќүз жартастың дәл төбесінде Әліхан ата әулиенің мазары бар. Жартастың төменгі жиегінде, тастың арасынан ертеректе азғантай ғана мөлдір тұщы су сылдырап ағып жатќан. Әліхан ата әулиеге зиярат етіп келгендер бұлаќ суын пайдаланып сонда түнейді. Бұлаќтың жанындағы жартаста 10-15 адам еркін сиып отыратын үлкен үңгір болған. Зиярат етуге келгендер ќолайсыз ауа райында осы үңгірді паналап аялдаған.

«Ќылышбұлаќ». Жоғарыдан ќарағанда бұлаќтың ағып жатќан саласы ќылыштың бейнесіне ұќсайды.Содан осылай аталуы мүмкін. Екінші бір әңгіме-бұлаќтың суы аз болғандыќтан ќылыштай ќысќа ғой, алысќа ұзап аќпайды деп Ќылышбұлаќ атаған.

«Баянбайбұлаќ».Ќай жылдар екені беймәлім, отырыќшылыќ өмірге енді ене бастаған кезде, Сыр бойындағы Шілік жаќтан көшіп келген Баянбай деген бір ќария басќа бұлаќтардан орын тимеген соң ылғалы болар-болмас, ыза табы ғана бар жыра сайлы өзектің етек жағынан кетпенімен біраз ќазса, бұлаќтанып су шығады. Ќайратты кісі екен сол төңіректі тағыда екі-үш жерден ќазып су шығарады. Су бірте-бірте молайып, өзі бас жағына ќоныстанады, диќаншылыќпен айналысады.Содан Баянбайбұлаќ аталып кеткен.

Таңбалыбұлаќ».Жоғары жағында ќатпар-ќатпар тас көп.Оларға әр түрлі малдың бейнесі, жазу, таңбалар ќашалып түсірілген. Сол себепті Таңбалыбұлаќ делінеді.Кезінде Таңбалыбұлаќ суының молдығы соншалыќты бір өзеннің суына жетерлік болған.

«Тоќбайбұлаќ»-жота ќырдың еңісінде, Тоқбалыбұлаќтың арнасына ќарай ағып жатќан шағын бұлаќтардың бірі. Бұлаќтың басын Тоќбай деген кісі мекендеген соң Тоќбайбұлаќ атағын алған.

«Терісбұлаќ»-Ордабасы тауының батысындағы жотаның жоғары жағына ќұбылаға яғни батысќа ќарай теріс ағатындындыќтан осы атауға ие болған.

«Төсбұлаќ»-Батыс жаќтағы дәу жотаның Ордабасы ќараған түскейіндегі тастың арасынан шығатындыќтан осылай аталады. Суы орташа.

«Кезеңбұлаќ»-Биік жонның солтүстік шетіне жаќын, кезеңнің үстінен шығып жатыр.Осыған ќарап Кезеңбұлаќ атауы берілген.

«Аќбұлаќ»-Төсбұлаќтың төменгі жағында 500 метрдей жерден бастау алатын шағын бұлаќ.

«Шұңќырбұлаќ»-Ордабасының батыс беткейіндегі еңісте, тереңдеу ойпат , шұңќыр сияќты жердің дәл ортасынан шығады. Алыстан ќарағанда көрінбейді, бұлаќтың бар екені білінбейді. Суы да алысќа ұзамайды, тоған-көлшіктеніп тұрған соң Шұңќырбұлаќ аталған.


Бақылау сұрақтары

.Ауданның тарихы.

2.Ислам-ата архитектура комплекс.

3.Шарапхана қалашығы.



Сөж тапсырмалары

.Ауданның тарихы.

2.Ислам-ата архитектура комплекс.

3.Шарапхана қалашығы.



Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Ашурков В.Н., К

2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.

3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.. 1974г.

4. Внекласная работа по истории краведения. М., 1975г.ацюба Д

Сабақ №26

Реферат

1. Тарихи мәдени ескерткіштерін қорғау мазмұны мен міндеттері.


  1. Қоғам мен тарихи ортаның байланысы.

  2. XV-XX ғғ. Қазақстанның тарихы.

  3. Қосалқы тарихи пән ретіндегі маңызы. Дерек түрлері.

  4. Елді мекен жер-су аттары.

  5. XVII-XX ғғ. Ресейдің отарлау саясаты тұсында Қазақстанның тарихы

  6. XIX ғ әкімшілік –шаруашылық реформалардың қазақтардың орналасуына тигізетін әсері.

  7. 1822;1831;1844; 1868;1891 жж.реформалар.

  8. Топонимика пәні негізгі міндеттері.

  9. Ежелгі Қазақстан территориясын мекендеген халықтар мен тайпалардың этнотопонимикасы жайлы зерттеулер.

11.Топонимика –жағрапиялық атаулар , олардың шығу тарихы.

12.Алғашқы қоғам сәулет өнері

13.Антикалық және орта ғасырлық сәулет өнері

14.Көшпенділердін сәулет өнері

15.Қазіргі таңдағы сәулет өнері

16.Алғашқы қауымдық бейнелеу өнері

17.Бейнелеу өнері Қазақстан аймағында

18.Көркем суреттегі ағымдар

19.Қолжазбалар

20.Ежелгі русь орнаменті

сабақ №27

Тақ: Сайрам ауданы тарихи мәдени ескерткіштері.

Жоспары:
1. Сайрам (Исфиджаб) қаласы туралы деректер.

2. Сайрам қаласына жүргізген археологиялық зерттеу жұмыстары.

3. Сайрам қаласының тарихи деректері.

4. Қаланың Сайрам атауының түрлері.


теориялық мәліметтер :

Сайрам- Оңтүстік Қазақстан обылысы Сайрам ауданындағы ауыл, ауылдық окрук орталығы. Аудан орталығы- Ақсу ауданы оңтүстікке қарай 24 км, жерде орналасқан, тұрғыны 28,9 мың адам .

Сайрам – Исфижа жазба деректерде ҮІІ ғ. бас.кезінде Сюань-Цяньның сапарнамасында ел “Ақ өзендегі қала” деген атаумен еске алынған . Кейінірек Махмуд Қашқаридің ХІ ғ. деректерінде “Сайрам –Исфижап аталып жүрген және Ақ қаланың (Ал-Мадинат, Ал-Байда)” атауы болған. Исфижап – аталуы соғды тілінде “Ақ –су” мағынасын білдіреді деген де пікір бар .

Исфижап қаласына осы обылыстың барлық жер –суы Шығыста Талас – Шуға дейін , Солтүстік – батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатыр . Исфиап округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын Қаратаудың Солтүстік бөктеріндегі Барадн мен Беруней қалаларын Жетісудың Тараз , Қулан, Мирки (Мерке) ,Суяб қалаларын қамтыды .

Тарихшы Ал- Мақдисий былай жазады: “Хорасан , Сижистан Мауренахрды Әбу- Сайд үш белдеуге бөлген. Біз бір белдеуді ортасынан Жайхун (Амудария) дариясы бөліп тұрған екі жаққа бөлдік . Бұны тағы алты аймақ, төрт өлкеге бөлдік. Бірінші, күншығар жерге жақын және түріктер шекарасына жайғасқан Ферғана, Исфижап , ең үлкен қала Ашрусан, Бұхара еді. Бірақ Исфижап ең үлкен қала астана болып қалды.

Х ғ. географы Ибн Хаукаль былай деп жазады: “Исфижап – шамамен Бинкеттің үштен екісіне тең қала. Ол мадинадан (ортрлықтан) , қамалмен рабаттан (керуен сарайдан) тұрады. Қамал күйреген, ол медине мен рабадта тұрғындар тұрады. Медине дуалдармен қоршалған , рабадты да ұзындығы фарсахқа (20 км.) таяу дуал қабырғасы орап жатыр. Рабаттың өз бағы мен суы болған , ол тегіс жерде орналасқан оны ең жақын деген таулар арасы үш фарсақтай (20 км.)

Мединенің төрт қақпасы болды олар—Нуджкент қақпасы, Фархан қақпасы, Шакван қақпасы және Бухара қақпасы деп аталады. Оның базарлары медина мен рабатқа, ом басқару үйі, абақты мен басмешіт мединаға орналасқан .

Керуен жолдары бағыты бойынша алғанда Оңтүстік беттегі Бұхара қақпасы арқылы қалаға шығыс елдерінің тауарлары әкелінетін.

Шамамен , батыс бетте болған Нуджкет қаласы Талас аңғарына орналасқан Дех Нуджт қақпасының атауымен аталса керек. Бұл шағын қала алқаптың тура даламен шектесетін шекарасында тұрды да ет пен мал саудасы сол арқылы жүрді. Фархан мен Шакван яғни солтүстік қақпалары арқылы шығатын керуен жолы , Сыр бойында орналасқан Отырар, Сауран, Дженд пен Янгикент қалаларын аралап өтетін.

Бұл жерлерде сақтар, масағаттар (масагеттер), соғдылар, кейінірек хундар, қаңлылар, түріктер мекен еткен.

Біздің дәуіріміздің 640 жылы Саремді (Сайрам) турік Қоқан ибн Дулу билеген. Көп уақыт өтпей бұл жерге Қоқан Шенгуй басып кіреді. Жергілікті халық ибн Дулуды жақтап соғысады . Ұрыста Шенгуй жеңіледі де шегінуге мәжбүр болады осы жылы Қытай саяхатшысы Сюан- цзян естеліктерінде жазған болатын.

Сайрамға ҮІІІ ғ. араптар ықпалын жүргізіп, ислам діні таралады. Сайрам мен оның төңірегіндегі қалалар мен қыстақтар халқын мұсылмандандыру Құтайба ибн Мүслім және Ысқақ пан әскерлерінің 714 жылы Шаш пен Сайрамға басып кіруінен басталады. Отқа табынушылар көптеген қарсылықтардан соң ислам дінін қабылдау мен бірге араб жазуында үйренеді .

Исламға дейін Сайрамда болған Ыдырыс пайғамбар мешіті, Қызыр пайғамбар ата-аналар зиараттары және сарай құрылыстары, жер асты үңгірлері бүгінге дейін сақталып қалған.

Келе – келе Сайрам ислам дінін таратуда , өз төңірегіндегі халықтардың саяси, эканомикалық және мәдени өмірін қалыптастыруда зор рол атқарды. Қарлұқтар көсемі Қадырхан ІХ ғ. бас. Сайрам (бұл кезде Исфижоп, Исфижап деп те атала бастаған) әкімі болып, қаған деген атақ алған еді. Тарихшы және географ Якубий ІХ ғ. бұл өлкеде диқаншылықпен қолөнер жақсы дамыған деп жазады. “Дүние жүзі базарында” атап айтқанда Бағдат қаласындағы базарда , Марф, Хорезм, Исфижаптан келген кісілер сауда жасайтыны да айтылған.Осы кезде Исфижаптан Хорезімге дейін үнемі сауда керуені қатынаған . Осы жерден қазан, кетпен, шырақ , құрал – жабдықтары , қол-өнер бұйвмдары, маталарды артып әкететін болған.

1893-1894 ж В. В Бартольд, 1923-1926ж П.П Иванов, 1925ж. Г. И Пацевич, 1947-1951ж Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедитциясы жетекші А.Н Бернштам, 1979ж бұрынғы Шымкент педагогикалық институты (қазіргі халықаралық қазақ-түрік университетінің) зерттеген.

Әбу-Райхан Беруний “Қонуний Масъудий” кітабында әлемді жеті белдеуге бөледі де Исфижапты Самарқанд, Шаш, Ферғана, Хорезімдердің қатарында бесінші белдеуге кіргізеді және өз картасында көрсетеді. Біз көрген ҮІ—ҮІІІ ғ- р, ХІ-ХІІ ғ-р, ХІҮ-ХҮ ғ-р, ХҮ-ХҮІІ ғ-р, карталарында Исфижап белгіленген . Якут Хамавийдің жазуынша Исфижап Мәуренахрдағы үлкен қала болып, Түркістан шекарасына жайғасқан. Оның кең аумағы және қалаға ұқсас бірнеше қыстақтары бар еді. Сол бесінші белдеуде Исфижап ең көркем , ең таза, құнарлы жері бар , әдемі талдары бар, сарқырап аққан сулары бар қала еді. Қорасан және Мауренахр қалалары ішінде тек Исфижап қана салық төлемес еді. Себебі , ол шекарада орналасқан , ақша қаражаттарын қорғаныс құрал- жабдықтарын сатып алуға жұмсайтын.

Ежелгі Орта Азия қалаларындағыдай, Исфижап орталығында да дуалмен өрілген Шахристан болған . Онда қала әкімдері, дінбасылары, олардың қызметшілері, отбасылары тұрған. Жер асты ұралар қазылған . Шахристаннан екі-үш шақырым қашықтықта екінші дуал қоршап тұрған. Қаланың бұл бөлігінде тұратындар әскербасылар, байлар, молдалар, орташа басшылар және басқалар Шахристанға қызмен еткен. Қаланың үшінші дуалы Цитадельде егінжайлар, баулар қоралар, аулалар, диқан мен шаруалардың тұрар жайлары орналасқан .

Үшінші дуал 5-8 шақырым жерден өткен. Ал төртінші 40- есікті дуал 50-60 шақырымға созылған. “Ескі Сайрам қаласы өте үлкен қала болған , Қырық есігі бар дарбазасы болған”

Тарихшы Әл-Мақдисийдің жазыуынша “Исфижапта ІХ ғасырдың ортасында өзінің теңге жасап шығаратын ұстаханасы болған”(“Ахсанат мақасан асарида”)

919-920 жылдары Исфижапта Ахмет Саманий атымен теңгелер болғаны мәлім. Сайрамның орта ғасырда да үлкен және әсем болғадығын Қазақ ССР тарихының І-том, 355-бетіндегі мына сөздер дәлелдейді. Тарихи деректерге қарай Тараз және Исфижап қалаларының аймағы Самарқанд пен Шаш қалаларының көлемінен кем болмаған. Қала аумағы- 10 лиге,(1 ли-0 .3 , 0.5 шақырым) тең еді . Қалада қолөнер-теміршілік, құйма-балқытушылық, құмыра балқытушылық дамыған. Бұл жерде найза, пышақ, шанышқылар, қылыш, күрек, қалқандар, қақпандар жасалған. Арап тарихшысы Мақдисий Хғ. Қарахан дәуіріндегі сауда- саттық жөнінде былай жазады. Шаштан ешкі және қой терісіне жасалған егерлег, оқ салғыш алып шығар еді. Ферғана және Исфижап түріктерінен ақ мата, құралдар, қылыш, мыс, темір бұйымдары шығарылып сатылар еді.

Тарихшылар “Тараз –саудагерлер қаласы”, “Исфижап- бүкіл дүние саудагерлер үшін ортақ”, деуі тегін емес. Мал тиген көптеген керуендер Сайрамнан Қытай, Үндістан, Иран, Сирия, Мысыр, Византия, Ресей және басқа-басқа елдерге барып, базарында сауда саттық жасар еді. Бұларда жемісті ағаштардың көп түрі, бидай, бақша өнімдері, мақта, арпа, тары егілуі, табиғаттың байлығы шаруашылық заттары дүние жүзі билік басындағылардың назарын аударды.

Махмут Қашқари жазған : “Исфижаптан Баласағұнға дейін арғу қалалары бар еді. “Р исолада” айтуынша Исфижапта ІХ-Х ғасырларда Сұйық Тегін (70ж), Қарабура хан, Чағыр Тегін, Арыстан хандар билік еткен. Бірақ билік еткент жылдар анық көрсетілмеген.

Бұған ибн Ал-Асирдің “Ал-Камил –Фаттарих” кітабында “Бірақ , Қаратегін Бустта 937 жылы қайтыс болды да, Исфижапқа алып барып Қаратегін қорғаны деп әйгілі болған жерге жерленді” .

961 жылы “Мансұр ибн Қаратегін қайтыс болған соң, Хорасан әскерлері Нишопураға қайтып кетті және Мансурды алып келіп Исфижапқа , атасының жанына жерлейді.

Белгісіз ғалымның 983 жылы жазған “Худуд әл-алам” кітабында, Исфижап – Түркістан шекарасындағы кең және көрікті жерде – киіз босылады, қой бағылады . Исфижап қаласына дүниенің барша өкілдерінен саудагерлер келеді. Исфижап пен Сырдарияның арасында кең жайлау бар, ол Исфижап, Шаш, Фарабқа тиесілі. Ол жеррде түріктердің 1000 киіз отауы көрініп тұрады”.

Оңтүстіктегі қақпалары – Базар дорбаза , шығыс қақпалары – Қарамұрт дарбаза , ал батыстағы қақпа – Шымкент дарбаза аталған.

Сайрамның сүниттік –мұсылмандық, ғылыми және мәдени орталық болғаны туралы көптеген атақты ғалымдар жазып кеткен. Олардың ішінде әлемге әйгілі ғалымдар ғалымдар мыналар:


  1. Әбу-райхан Беруни (ХІ ғасыр)-“Қонуний Маьудий”.

  2. Махмұт Қашғари (ХІ ғ)- “Диван-Лұғат ат түрк”.

  3. Әбу- Исхақ әл-Истахрий (ІХ-Х ғ.) –“Тарих кітабы”.

  4. Ал Мақдисий (Х ғ.) – “Ахсан ат тақасим”.

  5. Мухаррири номаълум (Х ғ.) –“Худуд әл-алам”.

  6. Мухаммад Жадид ат Табарий (ІХ-Х ғ.) --Тарихи табарий”.

  7. АлМасъюдий (Х ғ.) – Муруд аз захаб”.

  8. Мақтымқұлы (ХҮІІІ ғ.) -- өлеңдері

  9. Шайх Сүлеймен Бұхари (ХІ ғ.) – “Луғати чиғотой ва турки усмоний”.

  10. Еқут Хамавий ( ХІІІ ғ.) –“ Муьжамул булдон”.

  11. Захраддин Бабыр ( ХҮІ ғ.) – “Бабырнама”.

  12. Әбдіраззақ Самарқанди (ХҮ ғ.) – “Матлан Саьдайн ва мажбай бахраиын”.

  13. Ибн әл- Асир (ХІІІ ғ.) –“Бахр асрор”.

  14. Мұса Сайрами (ХІХ-ХХ ғ.ғ.) –“Тарихи эминия”.

  15. Юсуф Саремин (ХІХ-ХХ ғ.ғ.) –лирикалық өлеңдер (ғазал)

  16. Шарафаддин Әли яздий (ХІІІ-ХІҮ ғ.ғ.) –“Зафарнама” жәнебасқа шығармаларда Сайрам қаласы туралы құнды маліметтер қалдырған.

Бұлардан басқа көптеген орыс, қытай, византиялық, ирандық ғалымдар да Сайрам жөнінде жазған.Күні кешеге дейін қала бекініс ролін атқарды және орта ғасырлық шығыс қаласына тән құрылыс жобасын сақтады.
Бақылау сұрақт.ары.

1.Ауданның тарихы.

2.Испиджабтың тарихы.

3.Қорған қабірлер



Сөж тапсырмалары

1..Ауданның тарихы.

2.Испиджабтың тарихы.

3.Қорған қабірлер. Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Ашурков В.Н., К

2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.

3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.. 1974г.

4. Внекласная работа по истории краведения. М., 1975г.ацюба Д

сабақ №28

Глоссарий




    1. ЮНЕСКО

    2. Алтын киімді адам

    3. Мұрағат

    4. Мұражай

    5. Сәулет өнері

    6. Ислам

    7. Суфизм

    8. мырзарабат

    9. үтіртөбе

    10. жаушықұм


Лекция№29

Шардара ауданының тарихи мәдени ескерткіштері.

Жоспары:

1.Аудан тарихы.

2.Архитектура ескерткіштері.Ұзын ата кесенесінің тарихы.

3.XIX ғ зерттеулері.



Теориялық мәтіні:

Шардара қаласы. Шардара ауданының орталығы облыс орталығы – Шымкент қаласынан оңтүстік батыс қарай 300 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағын ала, Шардара бөгенінің жағасында орналасқан. Қаланың ауданы 21,24 мың км2 тұрғыны 25,5 мың адам (2003) Шардара көне парсы тілінен аударғанда «төрт қақпа» дегенді білдіреді. Шардара қаласының аумағында 8 ғасыр да егіншілігі, қол өнері, мәдениеті дамыған отырықшы тұрғыны бар үш қала қамал болған. 1-ші Ақтөбе, 2-ші Ақтөбе, Жаулықұм төбе. 1959-68 жылға дейін Сырдария кенті аталып келді. Қала Мелдебай, Қызылжар, Абай, Төменгі тоғай, Өтеғұл мөлтек аудандарынан тұрады. Шардарада Шардара СЭС ААҚ, Шардара мақта АҚ, «Қазақстан мақтасы корпорациясының» филиалы «Мырзакент» АҚ, құрылыс материалдар комбинаты «Шардара су-жылу жүйелері» ЖШС, «Будан» ЖШС, Талапты ӨК, Шардаралық, орман шаруашылығы, Шардара мемлекеттік қазыналық балық өсіру кәсіпорны, Автосервис орталығы, асфальт зауыты т.б. кәсіпорындар қала экономикасын көтеруде Шардара орталық емхана туберкулезге қарсы диспансер, санитарлық-эпидемиологиялық станциясы жұмыс істейді. Білім беру мәдениет саласы бойынша кәсіптік техникалық мектеп, жалпы беретін беретін музыкалық, спорт мектептері, мәдениет үйі, орталық кітапхана, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар меморияалдық ескерткіші бар. Шардара ауылдық округі бұрынғы Шардара кеңшары 1957 жылы ұйымдастырылған.

Халқының саны – 5250 адам жалпы жер көлемі – 56469 гектар оның ішінде 1586 жылға дейін негізінен мал шаруашылығымен айналысып келген. Шардара өңірінде бүтіндей сақталып қалған орта ғасыр ескерткіштерінің бірі Ұзын ата кесенесі оның архитектуралық әрлеу мәнерінен Орталық Қазақстандағы Алаша хан, Жошы хан мазарларына Сайрамдағы Мірәлі баб мазарына, тіпті Самарқан мен Бұқара қалаларындағы көне ескерткіштерге табиғи ұқсастықтарды аңғару қиын емес ол бұрынғы комсомол күріш кеңшарының орталығынан сегіз шақырымдай қашықта орналасқан. Кесененің ішінде есікке қарама-қарсы күмбездің дәл астында Ұзын атаның мүрдесі жерленген. Ұзындығы 3 метрдей ені 70-80 см биіктігі 1 метр жуықтайтын құлпытас қойылған. Оң жақ қабырғадағы есіктен шығып айналма баспалдақпен жоғарыға күмбезге көтерілуге болады. Күмбездің айналасы теп-тегіс алаңқай іспеттес. Ал сол жағында қабырғадағы екінші есік жер астына түсетін баспалдаққа алып барады. Бірақ қауіпті болғандықтан бір кездері оны бітеп тастаған. Ұзын Ата күмбезі XIV ғасырдың аяғы XV ғасырдың басында салынған. Күмбез маңдайшасында керамиклық тақтайшада араб қарпімен Шермұхамед Халім Дұрманұлы деген кісінің хижра есебімен 778 жыл ал біздің жыл санауымыз бойынша 1377 жылы қайтыс болып осында жерленгендігі айтылады.

Ұзын ата әулиенің даңқы Жиделі байсындағы Мырзашөл мен Қызылқұм өңірлеріне ғана емес Қаратау алабына да таралып ардақ тұтылған. Оңтүстік өлкенің әр тарабынан әруағына зиярат етіп, бас июге адамдар толассыз келіп жатқан Ұзын ата кесенесінің күмбезі тарихтың тұманынан арыла алмай сан ғасырлық сыры мен шежіресін бойына бүгіп әлі күнге шейін мұнартады да тұрады. Ұзыната ауылдық округі бұрынғы комсомол кеңшары, халқының саны 3524 адам жалпы жер көлемі 10871 гектар оның ішінде күріш, мақта өсірумен және мал шаруашылығымен айналысып келді.

Махмұд Қашқари ХІ-ғасырда Сүткентті оғыздар қалаларының қатарына жатқызады. XV-ғасырдың басындағы жазба деректер Сүткент арқылы Темір әскерінің өткенін айтады. Қаланың аты осы күнгі ауыл атауында кездеседі. Ол ауылдың жанында екі қалашық бар, олардың бірі VIII – XII ғасырларға, ал екіншісі XIII XV ғасырға жатады. Олар орнын өзгерткен Сүткент қаласына сәйкес келеді.
Бақылау сұрақтары

1.Аудан тарихы.

2.Архитектура ескерткіштері.Ұзын ата кесенесінің тарихы.

3.XIX ғ зерттеулері.

Сөж тапсырмалары

1.Аудан тарихы.

2.Архитектура ескерткіштері.Ұзын ата кесенесінің тарихы.

3.XIX ғ зерттеулері.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Ашурков В.Н., К

2.Ахметова С.Ш. Историческое краведение в Казахстане. А., 1982г.

3.Юньев И.С. Краведение и туризм. М.. 1974г.



4. Внекласная работа по истории краведения. М., 1975г.ацюба Д
Сабақ №30

Реферат тақырыптары
Мақтаарал ауданының тарихи мәдени ескерткіштері.

1.Ауданның тарихы.
2.Архитектура ескерткіштері.
3.Мақтаарал ауданының тарихи мәдени ескерткіштері
4.Мырзарабат сардобасы
5.Үтір төбе қаласы
6.Жетісай сөзінің мағынасы






1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет