Сабақ информатиканы оқытудың негізгі формасы абдикасимова Н. Б



жүктеу 55.35 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі55.35 Kb.
түріСабақ
: repository -> repository2012
repository2012 -> Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы бақ-тағы жарнама технологиясы
repository2012 -> Әож 811. 512. 122 3: 82. 091 Қолжазба құқығында тапанова сәуле есембекқызы қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
repository2012 -> Махсат Алпысбес
repository2012 -> Білім саласындағы жаңа ақпараттық технологиялар
repository2012 -> Қаржаубай Сартқожаұлы, тарих ғылымының кандидаты, доцент, түрколог байырғы түркі «Ж» фонемі қАҚында
repository2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі
repository2012 -> Қ. Т. Қозыбаев, М. Н. Иманқұл Wimax технологиясы
repository2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan
ӘӨЖ. 378.016.02:004.9(574)
САБАҚ – ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ
Абдикасимова Н.Б.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент қаласы


Ғылыми жетекшілері: Алдешов С.Е. – п.ғ.к., доцент, Бүркіт Ә.Қ. – аға оқытушы

Сабақ - информатиканы оқытудың негізгі формасы болып табылады. Информатика курсын оқытуда оқушылардың білімі мен ебдейліктеріне қойылатын талаптар күшейе түсуде.

Компьютерде есеп шығару ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесі: есепті қою; математикалық нобай құру; алгоритм жасау; программа жасау; есепті компьютерде орындау, нәтижені талдау.

Информатика курсын оқытудағы талдау мен синтездеу, пән аралық және пән ішілік байланыстарды жүзеге асыру.

Оқушылардың информатика бойынша білімдерін бағалау. Қорытынды практикумды ұйымдастыру және компьютерде оқу-өндірістік есептерді бірлесіп шешу әдістері, сондай-ақ адам қызметінің әр түрлі саласында компьютерді қолданудың маңызы өсіп отырғанын түсінулері қажет. Осының барлығы оқытушының жоғары білікті деңгейін қамтамасыз ету үшін ғана роль атқарып қоймай, оның ары қарай оқуында және өз бетімен білімін үнемі жетілдіруде компьютерлік білімін тереңдету керек.

Адамзат баласы ерте кезден-ақ санауды үйреніп, әртүрлі аспаптарды қолданып, есептеуді жеңілдету үшін түрлі техникаларды жасап қазіргі дербес компьютерлерді шығарып оны пайдалану әдістерін үйренгенше 4 буыннан өткендігінің куәсі болып отырмыз.

Міне, осы ғасырдың басында орта мектептерде информатика курсын жүргізу, оны оқыту әдістерін жетілдіре түсу мына мәселелерден туындағандығы айқын:

-Ғылымның компьютерленуінің өсуі;

-Компьютерленген өндірістерде жұмыс істеуге қабілетті жоғары білікті жұмысшылар мен мамандарды даярлау;

-Басқару орындарының компьютерленуі;

-Компьютерлік қоғамға лайықты болу және ЭЕМ-ді тұрмыста
қолдана білу;

-Компьютер арқылы дүниежүзілік желілер мен байланыс жасап, информация алу;

-Білім беру жүйесін компыотерлендіру.

Мектепке информатика пәнінің енгізілуіне орай мұғалімдерді айта даярлау мен жоғары оқу орындарын бітіруші студенттерін дайындау жедел түрде қолға алынды.

Ал, 1985 жылы информатика пәні мұғалімін жүйелі түрде дайындаудың жаңа оқу жоспары жасалынды. Сөйтіп, Информатиканы оқыту әдістемесі пән ретінде 1987-1988 оқу жылдарында педагогикалық институттарға енгізілді. Сол уақыттарда информатика пәнін оқытуға еш әзірлік болмаған еді, тек баяндама, мақала, пікір сайыс ретінде ғана қарастырылды. Сондықтанда, информатиканы оқыту оны өңдеумен әдісін жетілдірумен бірге жүргізілді. Мектептерде есептеуіш техниканың программалық қамтамасыздандыру бумаларының жеткіліксіздігінен және жоғары оқу орындарында өтілетін программалау курсына дайындық ретінде, тек есепті шешу алгоритмін құру әдістерін тақтада шығарып көрсетумен ғана шектелді. Содан кейін келесі мәселелер қаралды:

-Мектеп информатика курсын оқыту мақсаты анықталды;

-Компьютермен жұмыс істеу деңгейі белгіленді;

-Информатиканы оқытуда қолданылатын жалпы дидактикалық принциптер нақтыланды;

-Компьютерлік сауаттылық, информациялық технология түсініктері жасалды;

-Жеке адамның жүйелі түрде қолдануы негізінде оқушылардың

пәнге деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері ашылды;

-Информатикада қолданылатын дәстүрлі және жаңа дидактикалық құралдар қарастырылды;

-Компьютерлік сабақты оқытудың ұйымдастырылған формасының жүйесі жасалды;

-Компыотерде жұмыс істейтін оқушының ойлау қызметі әдістері мен оқытудың әдістері талданды.

Сонымен, тәжірибелі мұғалімнің информатиканы және оны оқытуды жүйелі түрде жүргізбегендігінен едәуір қиындықтар туатындығы белгілі болды. Бұл мәселені шешудің бір жолы - мектепте компыотерлік білім беру жүйесін жасау және оны жаңартып отыру болып табылады.

Әдіснамалық негізі. Дидактика әдіснамасы мынадан көрініс табады. Қазіргі және классикалық дидактика мен психология нәтижелері информатика оқыту мәтінінде нақтылана түседі. Осыдан информатиканы оқыту әдістемесімен психология - педагогикалық пәндердің өзара тығыз байланыста екендігін байқаймыз. Бұл табиғи нәрсе, өйткені информатика оқыту әдістемесі өзінің методологиясы бойынша педагогика ғылымына жақын.

Информатиканы бүтін, берік жүйе ретінде қарастырғандықтан, оның кейбір түсініктері бірте - бірте ашылуда. Информатиканың пәнаралық және басқа пәндер үшін маңызы зор. Өйткені компьютер әрі оқыту, әрі көрнекі құрал ретінде математика сабағында: кеңістік фигураны экранда бейнелеу, кеңістік түсінікті қалыптастыру, дамыту т.с.с. мәселелерін шешудегі ролі ерекше болмақ.

Оқытуды ұйымдастыру формалары. «Лекция» терминінің екі мағынасы бар: бұл әрі форма, әрі әдіс. Егер компьютер кабинеті жақсы жабдықталса, онда лекцияны осында өткізуге болады. Мұғалім лекция оқиды, ал оқушылар конспект жазады. Семинар сабағында машинаға дайындық жүргізіледі. Оқушылар алгоритм құрып үйренеді. Олардың компьютерге дейінгі дағдылары мен ебдейліктерін қалыптастыру керек. Оқушылар семинарларда мынадай жұмыс нәтижелерін тапсыруы тиіс:

-Компьютерге енгізуге дайындаған алгоритм мәтіні;

-Компьютернің көмегінсіз құрылған алгоритм орындау кестесі;

-Бағдарламамен сұхбат жасау үлгісі;

-Нұсқаудағы сұрақтарға жауап;

-Өзінің не басқаның бағдарламасына нұсқау дайындау;

-Өзінің не басқаның бағдарламасына түсініктеме беру;

-Бағдарламаның орындалуы мен нәтижесіне түсініктеме беру;

-Өтілген материалдар бойынша сұрақтарға жауап беру.

Зертханалық жұмыс компьютер сабағындағы ең негізгі оқыту формасы болып табылады.

Мұнда болашақ мұғалімге алдын - ала зертханалық жұмысқа арнайы дайындаған нұсқаулары көмек береді. Сабақ басталарда оқушылардың әзірлігін тексеріп алып, дайындықсыз компьютерге отыруға болмайтындығын ескерту керек.

Жеке практика сабағы. Жеке практика сабағында оқушыларға күрделілігі мен деңгейі әртүрлі жеке тапсырма беріледі. Тапсырма ретінде жаңа бағдарламаға нұсқау, түсініктеме жаздыруға болады. Информатикада ойлау қызметін арттырудағы бақылау және эксперимент; анализ; синтез; индукция және т.б. әдіс түрлеріне аса маңыз беріледі.

Бақылау зерттелетін объектілерді мақсатты және жүйелі түрде тікелей қабылдау арқылы зерттейтін әдіс. Бақылау - ақпарат алудың ең елеулі әдістерінің бірі.

Эксперимент - зерттеушінің тікелей белсенді араласуы арқылы зерттелетін объектінің қасиеттерін анықтау мақсатындаәдейі арнап қажетті жағдайлар туғыза отырып танып білу әдісі. Салыстыру дегеніміз зерттелінетін объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша тағайындау.

Анализ деп бүтінді ойша немесе практикалық түрде құрамды бөліктерге бөліп, ол бөліктерді және олардың қасиеттері мен арақатыстарын жеке - жеке қарастыру арқылы зерттейтін әдіс.

Синтез анализ арқылы бөлінген бөліктерді ойша немесе практикалық түрде біріктіру.

Индукция дегеніміз объектілер класының бөліктері туралы білімдер негізінде ол сынып туралы қорытынды жасау, яғни жекеден жалпыға өтудегі ой қорыту.

Оқытудың үштік мақсаты - білім, дамыту және тәрбиелеу - жалпы дидактикадан алынып информатикада бұл ұғым ашылып кеңейе түседі. Жалпы дидактика информатика әдістемесін дидактикалық принциптер жүйесімен қаруландырады.
Әдебиеттер

1. Ә.Қ.Бүркіт. Информатиканы оқыту әдістемесі. Электрондық оқулық. Астана, 2010.



2. Ә.Қ.Бүркіт. Компьютерді оқыту технологиясы. Электрондық оқулық. Астана, 2004.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет