Сабақ Жарықтар жіктелуі. Операция жасау түрлері Орындаған : Сугурбаев. Д. М



Дата27.04.2020
өлшемі0.68 Mb.

№17 Зертханалық сабақ Жарықтар жіктелуі.Операция жасау түрлері

Орындаған: Сугурбаев.Д.М

Вм-306

Тексерген: Дюсекенова.Н.Т

    • Жарықтар- ішкі мүшелердің оны қоршап тұрған қабығымен бірге табиғи немесе анатомиялық қуыстан шығып кетуі. Жарық жарық тесігімен жарық қалтасынан тұрады. Жарық тесігі қалыптан тыс үлкейген табиғи (кіндік, ұмалық және тағы басқа) немесе патологиялық тесік (құрсақ қуысының бұлшықетінің, шел қабатының жыртылуы немесе жарасы) болып табылады.
    • Көп жағдайда үлкен болып ашылып кеткен жарық тесігін-жарық қалтасы деп те атайды, ал жіңішке және ұзын жарық тесігін-жарық каналы деп, ал қысқа және кішкентайын-жарық сақинасы деп атайды.

Жарық қалтасы- деп жарық тесігінен түскен мүшелерді қаптап жатқан қабық бөлігін атайды (ішперде,плевра). Ал қуыстың өзінде түскен мүшелер болады (шарбы май, ішек ілмегі немесе басқа да мүшелер).

Жарық қалтасы- деп жарық тесігінен түскен мүшелерді қаптап жатқан қабық бөлігін атайды (ішперде,плевра). Ал қуыстың өзінде түскен мүшелер болады (шарбы май, ішек ілмегі немесе басқа да мүшелер).

  • Клиникалық өтуі бойынша орнына келетін, орнына келмейтін және қысылып қалған жарықтар болып бөлінеді.
  • Орнына келетін жарықтарда жарық қалтасына түскен мүшелер өздері шыққан табиғи тесікке қайта оңай салынады.
  • Орнына келмейтін жарықта түскен мүше қайта орнына келмейтіндей домбығып немесе жабысып қабынып кетеді

Қысылып қалған жарықтарда қысылу себептерінен (домбыққан қабыну, бұралып кету) жүйкелену мен қан айналым бұзылады. Демек мүшенің өткізгіштігі жоғалады, шаншу құбылысы мен ауырсынулар, интоксикация, сол мүшенің некрозы басталады.

  • Қысылып қалған жарықтарда қысылу себептерінен (домбыққан қабыну, бұралып кету) жүйкелену мен қан айналым бұзылады. Демек мүшенің өткізгіштігі жоғалады, шаншу құбылысы мен ауырсынулар, интоксикация, сол мүшенің некрозы басталады.
  • Ішкі мүшенің тері астына жыртылған тесік немесе оны қаптап жатқан ішперде арқылы шығуын-проляпсус (ақтарылу) деп атайды.

Кіндік жарығы туа біткен немесе жүре пайда болған болады.Ол көбіне жас төлдерде байқалады (құлын мен торайларда).

  • Кіндік жарығы туа біткен немесе жүре пайда болған болады.Ол көбіне жас төлдерде байқалады (құлын мен торайларда).
  • Этиологиясы. Жануарларда кіндік жарығының пайда болуына құрсақ қабырғасының ақаулы (кіндік тесігінің кең болуы) дамуынан басқа және кіндік тесігінің бітпей қалуынан басқа дұрыс азықтандырмау, яғни дәрумен, минерал, ақуыз жетіспеуі де себеп болады.

Клиникалық белгілері. Кіндік аумағында белгілі бір көлемдегі домалақ болып келген жұмсақ ауырсынбайтын домбығу болады. Соңғысының тереңінде кеңейген кіндік тесігі табылады. Орнына келетін жарықтарда жарық қалтасындағы мүшелер құрсақ қуысына оңай ығысады. Жарық қалтасына ішек түссе ішектің перистальтикасы байқалады.

  • Клиникалық белгілері. Кіндік аумағында белгілі бір көлемдегі домалақ болып келген жұмсақ ауырсынбайтын домбығу болады. Соңғысының тереңінде кеңейген кіндік тесігі табылады. Орнына келетін жарықтарда жарық қалтасындағы мүшелер құрсақ қуысына оңай ығысады. Жарық қалтасына ішек түссе ішектің перистальтикасы байқалады.
  • Жарықтарды клиникалық белгілері бойынша (өзіне тән домбығу, жарық тесігінің болуы, оның ішіндегісінің жылжып кетуі және т.б.) балауға болады.
  • Операцияға дайындық. Алдын ала 12 сағаттық аш ұстау, еркек жануарларда күпектік қалтаны, ішек пен қуықты босату.

Суретте – иттің кіндік жарығына операция жасау кезеңі көрсетілген.

Көптеген жануарлар үшін наркоз немесе ұсақ жануарлар үшін қосарланған жергілікті жансыздандыру. Жануарды арқасымен жатқызады.

  • Көптеген жануарлар үшін наркоз немесе ұсақ жануарлар үшін қосарланған жергілікті жансыздандыру. Жануарды арқасымен жатқызады.
  • Ірі қара мал, жылқы, шошқалардағы операция теникасы. Олар өзара ұқсас, жарық қақпасы үлкен болса, сонымен қатар жарық ішіндегі мүшелер жарық қалтасымен жабысып өсіп кеткен болса келесі тәсілді қолданады. Жарық қалтасының жоғарғы жағын Мюзе қысқышымен ұстап, оның шетінен ұзынша ұршық тәрізді тілік жасайды. Жарық қалтасын бөліп алып оны құрсақ қуысына кіргізуге тырысады. Ол жабысып өсіп кеткендіктен мүмкін болмаса немесе жарық қақпасы тар болса, жарық қақпасын ақ сызық бойымен алдыға қарай тіледі

Ол тілікті құрсақ қалтасын орнына келтіргеннен кейін тігеді. Одан соң жарық қалтасына кіргізген сол қол саусақтарымен бақылай отырып, ішпердені зақымдап алмай ілмекті тігіс салады. Жарық қақпасының әр шетінен 1,5-2,0 см қашықтықта инені сұғу керек.

  • Ол тілікті құрсақ қалтасын орнына келтіргеннен кейін тігеді. Одан соң жарық қалтасына кіргізген сол қол саусақтарымен бақылай отырып, ішпердені зақымдап алмай ілмекті тігіс салады. Жарық қақпасының әр шетінен 1,5-2,0 см қашықтықта инені сұғу керек.
  • Егер аяқ астынан жарық қалтасы үзіліп кетсе немесе бөлшектеніп жыртылса, оның шеттерін капрон жіптерімен түйінді тігіспен тігеді, кейіннен үстінен жамау жасайды. Теріні түйінді тігіспен тігеді.

Ішек кептелістерін емдеу. Иттермен жұтылған бөгде заттардың көбісі өздігінен белгісіз түрде немесе аз ғана белгімен шығады. Оларға көлемі кіші, ұштары өткір заттарға немесе үшкір ұшты заттарға жатады, мысалы түйреуіштер мен инелер.

  • Ішек кептелістерін емдеу. Иттермен жұтылған бөгде заттардың көбісі өздігінен белгісіз түрде немесе аз ғана белгімен шығады. Оларға көлемі кіші, ұштары өткір заттарға немесе үшкір ұшты заттарға жатады, мысалы түйреуіштер мен инелер.
  • Инелер қауіптірек себебі екі ұшы да үшкір және болуы мүмкін жіптерден. Кейде жіпке немесе ішек құрттарына ішек ілмектері орауы ықтимал.
  • Бұл заттардың өтуіне көп көлемдегі (картофель пюресі) жіпшелі (қышқыл орамжапырақ, спаржа) азық әсер етеді. Клиникалық көрінісі мен зертханалық мәліметтерді мұқият қарау керек. Ал егер де ішектің механикалық кептелуі байқалса, жедел ем керек, жиірек хирургиялық емдеу тіпті егер кейбір бөгде заттарды спазмолитиктер көмегімен шығару мүмкін болса да. Бірақ бұл көп іске аспайды, ал ішек қабырғалары дәстүрлі ем кезінде нашарлап кетеді. Сондықтан механикалық ішек кептелуінің радикалды терапиясы хирургиялық ем болып есептеледі.
  • Ота жасау алдында бұзылған қан айналысы мен зат алмасуды қалпына келтірген жөн. Гиповолимия, электролиттік бұзылыстар және энергиялық баланс отаға дейін, ота кезінде және отадан кейінде қалыпқа келтіріліп отыруы керек. Қан тамырына полиглюкин немесе 2,5% глюкоза ерітіндісін 0,45%-дық KCl ерітіндісімен бірге немесе Рингер лақтатты ерітіндісін егу керек. Дозасы 90мл/кг/сағ алғашқы сағатта, кейінірек шамамен 30мл/кг/сағ мөлшерде сұйықтық жеткіліксіздігін толықтырғанға дейін. Ауруы асқынған жануарда зәр бөлінуін, қуыққа катетр енгізу арқылы бағалайды, ол 1мл/кг/сағ көп болуы керек. Ал альбумин жоғалуын аминин көмегімен, қан плазмасы мен қан құю жолымен толықтырады.

Ота жасау барысы. Жалпы жансыздандырғыштар, эпидуральды және жергілікті анестезия құрсақ қуысына енгізіледі. Ішектің жарақаттанған бөлігі іздеп табылып, құрсақ қуысындағы тілік арқылы сыртқа шығарылады. Ішекті матамен орап, екі жағынан қысқышпен қысады, ішектің сау жерінен көлденең кесінді жүргізеді де зақымданған ұлпаға тиіспей бөгде зат алынып тасталынады. Ішек ішін тазартып, дезинфекциялық ерітіндімен жуады, полифитті май ерітінділерін (жабысқақ,иттану) енгізеді. Ішектің және оның қабырғасының өліеттену кезінде сол аумақты сау ұлпаға дейін алып тастайды.2 қабатты ішек тігісін ішекті көлденең кесу кезінде салады. Шмиден және Ламбер тігістерін салуға болады.

  • Ота жасау барысы. Жалпы жансыздандырғыштар, эпидуральды және жергілікті анестезия құрсақ қуысына енгізіледі. Ішектің жарақаттанған бөлігі іздеп табылып, құрсақ қуысындағы тілік арқылы сыртқа шығарылады. Ішекті матамен орап, екі жағынан қысқышпен қысады, ішектің сау жерінен көлденең кесінді жүргізеді де зақымданған ұлпаға тиіспей бөгде зат алынып тасталынады. Ішек ішін тазартып, дезинфекциялық ерітіндімен жуады, полифитті май ерітінділерін (жабысқақ,иттану) енгізеді. Ішектің және оның қабырғасының өліеттену кезінде сол аумақты сау ұлпаға дейін алып тастайды.2 қабатты ішек тігісін ішекті көлденең кесу кезінде салады. Шмиден және Ламбер тігістерін салуға болады.

Тігістер( жіп түрлері)

Тігістер( жіп түрлері)

  • Негізінен бір қабатты Ламбер тігісін қолданған дұрыс (стриктура): сірлі және бұлшықет қабаттары тігіледі, алдымен инені жараға жақын шетінен шаншып, екінші шетке өтеді және керісінше; жіптің бос ұштары тілікке жақын орналасады; түйін байлау кезінде батады; ол ішек ішіне де, дене қуысына да шықпайды.
  • Ішек жіп тәрізді ұзын бөгде затқа оралған кезінде, егер жаңа пайда болған болса, оның бір басын босату жеткілікті. Ал ішек зақымдалғанда және бекітілген ұшын босату мүмкін болмағанда, гастро-энтеротомдық жолмен алу керек. Жіптің бір ұшынан абайлап тарту керек себебі ішекті зақымдап алуымыз мүмкін. Отаға дейінгі және кейінгі әр түрлі ішек бөліктерін өзінің көлденең кесіндісі арқылы теңестіру керек.
  • Ішек инвагинациясы жаңа пайда болған болса лапаратомия кезінде айландыру арқылы қалпына келтіруге болады. Егер ішек бөліктері некроздалған болса ішек резекциясын жасау керек. Анастомоздың ұшына ұшын жалғау отасында бүйірлерімен жалғастырған дұрыс. Ішек шеттерін қиғаш кесу арқылы теңестіреді.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет