Сабақ жоспары курс: 1 Топтар: Сабақтың номері 3



Дата23.04.2020
өлшемі53.54 Kb.
түріСабақ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КӘСІПТІК ОҚУДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс:

1

Топтар:




Сабақтың номері

3

Мамандықтар

біліктіліктіліктері:

1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану».




ДОЖЖО_________________ Баймуратова Г.

Сабақтың тақырыбы:

Темір дәуіріндегі Қазақстан. Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі сақ тайпалары

Күні:

«___»_________20 ж.

«___»_________20 ж.




Ұзақтығы:

(90 мин)

Сабақтың мақсаты:

Қазақстан жеріндегі өмір сүрген сақ тайпаларының әлеуметтік-саяси құрылысы туралы мағлұмат беру; сақтардың шаруашылығы, тұрмысы мен мәдениеті туралы толық түсіндіру.
Өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау дағдыларымен дамыту. Сақтардың шаруашылығы, тұрмысы мен мәдениетін  таныстыру арқылы студенттердің ой - өрісін дамыту. ру; 

Студенттерді отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа және де бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Сабақтық соңында студенттер:

1.Білу. Өзара тапсырмаларды орындау арқылы темір дәуірі тайпалары,шаруашылығы жайлы біледі;

2.Түсіну. Берілген тапсырмалар арқылы,өз ойларын ашық айтып үйренеді

3.Қолдану. Берілген тапсырмалар бойынша бірігіп жұмыстар жасайды;

Топта бірлесіп оқиды.



Сабақтың типі:

аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

СТО стратегиясы – ой қозғау, топтастыру, қызығушылықты ояту, шығу парағы, бағалау парағы.

Пән аралық байланыс:

дүниежүзілік тарихы, география.

Қажетті жабдықтар мен аспаптар:

интерактивті тақта, слайдтар, карта, тірек-сызбалар, ермексаз, темір, ағаш, түрлі-түсті қағаз, кескін карта, т.б

Әдебиеттер (қосымша көздер)


А.Төлеубаев. Қазақстан тарихы. 10 сынып. Алматы «Мектеп», 2015

Төлеубаев Ә., Қасымбаев Ж., Қойгелдиев. Қазақстан тарихы. Алматы: 2014

Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тарихы. 11 сынып. Алматы «Мектеп», 2015

Қазақстан тарихы. Хрестоматия. Алматы: 2011



Сауенова Р. Қазақстан тарихы. Мектеп. Алматы: 2011

Оқытушы: Ескожинова С.К.

Сабақты жүргізу кезеңдері. Білу.Түсіну. Қолдану.

  1. Ұйымдастыру.(3мин)

  2. Үй тапсырмасын сұрау (20мин)

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.(25мин)

  2. Сергіту сәті(4мин)

  3. Бекіту(25мин)

  4. Қорытындылау(2мин)

  5. Бағалау(5мин)

  1. Үйге тапсырма(2мин)

  2. Рефлексия(4мин)

І.Ұйымдастыру. (3 мин)
Амандасу, студенттердің сабаққа дайындығын тексеру. Студенттерді төрт топқа бөлу, топтардан топ басшысын сайлап,бағалау парағын тарату. 

II.Үй тапсырмасын сұрау(20мин)

1)Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? (б. з. б. 2 мыңж.)
2) Андрондықтардың сырт бет – бейнесін сипаттаған академик? (В. Алексеев)
3) Беғазы – Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? (Орталық Қазақстан)
4) Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? (1946 жылы)
5) Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы (Ә. Марғұлан)
6) Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? (3)
7) Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? (Орталық және Батыс Қазақстан)
8) Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? (өзендердің жағасында)
9) Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай – қандай? (2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер)
10) Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды? (Шығыс Қазақстан Мало – Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу)
11) Қола шалғы табылған жер? (Көкшетау жеріндегі Шағалалы)
12) Өлген адамдарды қалай жерледі? (мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген)

2)Тапсырма.

«Тарихи диктант».
Қола дәуіріне жататын.................... (Солтүстік) Қазақстандағы............... (Петровка) мен................... (Боголюбов) қоныстары орлармен және дуалдармен қоршалған. Сондай – ақ ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән...... (30) қонысты,...... ( 150) обаны зерттеді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы........... (Таңбалы – тас) пен............... (Қаратау) жартастарынан табылған суреттер бұл аймақта да қола дәуірінде адамдар мекендегенін білдіреді. Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын.................. (Түгіскен) кесенесі. Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар............... (еуропеоидтерге) ұқсаған
3) Картамен жұмыс.

а)Қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері



б)Қазақстанның әр өңірінен табылған қола дәуірі жәдігерлерінің ортақ белгілерін санамалап беріңдер.
III.Жаңа сабақты меңгеру(25мин)

Оқытушы сөзі: 
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Темір дәуіріндегі Қазақстан. Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі сақ тайпалары» деп аталады. Сабағымызды бастамас бұрын 4 топқа бөлініп алайық:

І-топ Кеншілер,

ІІ-топ Археологтар,

ІІІ-топ Тарихшылар,

ІҮ–топ Сәулетшілер  
Ой қозғау: «Темір» дегенде ойымызға не келеді, көз алдымызға не елестейді? Әрқайсысымыз дәптерімізге жазып, топпен ақылдасып, «Жүзім шоғын жасаймыз» 1 мин, әр топ оқып, қабырғаға іледі.

  Мағынаны тану.
Жаңа сабақты меңгерту. (Жаңа сабақтың жоспары слайдтың көмегімен интерактивті тақтадан көрсетіледі). 
Жоспары: 
1.Темір дәуірінің негізгі ерекшеліктері 
2. Темір дәуіріне сипаттама 
3. Ертедегі темір өндіру 
4. Көшпелі мал шаруашылығы 
5. Көшпелілердің баспанасы 
«Адамды адам еткен еңбек» демекші адамдар еңбек ету арқылы сана-сезімдері жетіліп, ойлау қабілеттері артып отырды. 
Темір дәуірі – адамзат тарихындағы аса маңызды өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Темір – өте берік, әрі салмақты металл. Темірден жасалған құралдар тас және қоладан жасалған құралдарға қарағанда әлдеқайда өткір, төзімді болып келеді. Темірді ертеде «Аспан тасы»не «жұлдыз тасы» деп атаған. 
Бүгінгі таңда Қазақстан темір қоры жөнінен ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін 3 - орын алады. 
Осы кендердің барлығы 3 кен байыту комбинаттарында өндіріледі: Соколов - Cарыбай, Лисаков, Қаражол. 
Темір дәуірі 2 кезеңге бөлінеді: ерте темір дәуірі – б.з.б.ҮІІІ - ІІІ ғасыр, кейінгі темір дәуірі – б.з.б. ІІІ ғасыр- б.з. Ү ғасыр. 
Темір дәуірі Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өндірісте темірді пайдалануы мен көшпелі мал шаруашылығының дамуымен ерекшеленеді. 
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар: сақтар, үйсін, қаңлы, ғұн, сарматтар. 
Зерттеушілерге сақтар туралы мәліметтер беретін ежелгі мәтіндердің екі тобы белгілі. Олар: парсы патшаларының тастағы сына жазбалары және грек-рим авторларының шығармалары.Парсы патшалары Дарий мен Ксеркстің бұйрығымен жазылған мәтіндер мен грек және латын тіліндегі деректердің арасынан Геродот пен Страбон айтуға болады.
Сақ тайпаларының қоныстануы:




Сақ топтарының аты

Мекендері

1

Теңіздің арғы жағындағы сақтар

(парадарайа)

Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында,Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында

2

Шошақ бөрік киетін сақтар

(тиграхауда)



Сырдарияның орта ағысы,Тянь-Шаньда,Жетісуда

3

Хаома сусынын дайындайтын сақтар(хаумаварага)

Мургаб аңғарында өмір сүрді


Сарматтар


Тобыл мен Дунай

Арал мен Каспий


Топтарға тапсырма: орындауға –(5 мин), қорғауға – (5 мин)
І - Кеншілер – темір металына сипаттама, темір өндіру(пеш көрік жасау) 
ІІ- Археологтар – темір дәуірінің ескерткіштері Қазақстанның қай жерлерінен табылды? 
ІІІ – Тарихшылар – темір дәуірінің кезеңдері, көшпелілердің шаруашылығы 
ІҮ – Сәулетшілер - көшпелілердің баспаналары 

IV.Сергіту сәті(4мин)

«Әсерлерімізбен бөлісейік» жаттығуы

Мұғалім студенттерге 1-2 минут көздерін жұмып,өздерін тағы да табиғат аясында,көк майса шалғында жатып,көк аспан,аппақ бұлттарды көріп,құстардың сайраған әнін,судың сыбдырын естіген кездерін елестетуді ұсынады.
V.Бекіту(25мин)

1-тапсырма. Анаграмма шешу:
Д А И Т А Х Р А Г У-тиграхауда

Т Е Р О Г О Д-Геродот

а қ с-сақ

Ы Б А З-абыз

СР А ТМ А-САРМАТ

2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс:

Мини-тест:

1.Геродот Қазақстанның ежелгі тұрғындарын қалай атады?

А)сақтар Ә)массагеттер

Б)азиялық скифтер В)дайлар

2.Иран жазбаларындағы «сақ»сөзінің мағынасы

А)тиграхауда Ә)массагеттер

Б)парадарайа В)жүйрік атты тулар

3.Сақ қоғамында ақ түсті киім кигендер

А)патшалар Ә)жауынгерлер

Б)малшылар

В)абыздар

3 Тапсырма.Сәйкестендіру тесті:

Дұшпанға қатал

Досқа адал

Геродот сарматтар

Абыздар ақ түсті киім киген
4.Картамен жұмыс.

а)Грек деректері бойынша сақ тайпалары қандай аумаққа таралған еді ?



б)Арийлер,турлар деген тайпалар қай жерді мекендеген ?

в)Геродот б.з.д VII- VI ғасырлардағы халықтардың шығыстан батысқа қарай көшіп-қонуы туралы қандай хабар береді?
5.Қосымша деректермен жұмыс. «Алтын адам» туралы мәліметтер(слайдтар,видео,тарихи деректер)

ҮІ. Қорытынды. (3 мин)

«Таза тақта» ойыны.


Азиялық скифтер




Сарматтар

Шошақ бөріктілер



Тайпа көсемдері

Геродот

Хаумаварга



ҮІІ. Үйге тапсырма: 5. § 12, 63 бет (3 мин.)
ҮІІІ. БАҒАЛАУ. (4 мин)

Жетістік сатысы

Балл

критерийлер

дескрипторлар

Үй тапсырмасы

1-10 балл

Темір дәуірі туралы жалпы түсініктері

1-3. Темір дәуіріне жалпы сипаттама беру.

3-6.Көне грек авторларының шығармалары туралы

7-10..Геродот,Страбон еңбектері

Сабақты меңгеруі:

1-3 балл

Сақ және сармат тайпалары туралы

1.Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысын сипаттау.

2.Сармат тайпалары.

3.Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің ерекшеліктері.

4-5 балл

Сақ тайпаларының әлеуметтік және мемлекеттік құрылысы туралы алған білімдерін талдау, ойларын еркін жеткізе білу

4. Әскери-демократиялық мемлекет құрылымын сипаттау.

5.Томирис ханшайым туралы мәліметтер.


6 балл

Ерте темір дәуірі тайпаларының шаруашылығы

6. Ежелгі металлургия, зергерлік өндіріс,қыш өндірісінің дамуы.


Тапсырмалармен жұмыс

1-9 балл

Тапсырмалардың орындалуы,жалпы белсенділігі.

1-3.Сақ пен сармат тайпаларының арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтары.

4-6. Арийлер,турлар

7-9. Алтын адам туралы

Бағалау парағы

Студенттің

аты-жөні


Пысықтау сұрақтары

1балл


Тапсырма Тарихи диктант

1 балл


Карта-мен жұмыс

1 балл


Топтық жұмыс

6 балл


Анаграмма шешу

1 балл


Дербес жұмыс

1 балл



Тапсырма картамен

қосымша деректермен



жұмыс

3 балл


Қорытынды баға




































































































































































Бағалау шкаласы

«5»-20-25 балл (81%-100%)

«4»-13-19 балл (61-80%)

«3»-7-12 балл (42-60%)

«2»-0-6 балл (41%-дан төмен
IX.Рефлексия. (4 мин.)
БББ кестесін сызу. 


Білемін

Білдім

Білгім келеді


























































Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет