Сабақ жоспары Пәннің аты: Физика Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы



жүктеу 98.95 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі98.95 Kb.
түріСабақ
: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде
16 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Æàðûºòû» äèñïåðñèÿñû æ¸íå èíòåðôåðåíöèÿñû.
ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Жарық толқынының жаңа қасиеттерімен танысу, дисперсия және интерференция ұғымын қалыптастыру, оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

Әлемнің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту, білімдерін тереңдете түсу, оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;



в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық және тәжірибе.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша, тест жұмысы.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: призмалар және сабын көпіршігін шығаратын аппарат.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

  1. Өзіндік ізденіс жұмысы «Көз-оптикалық жүйе»

  2. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1005, 1006, 1009 есептер.




  1. Мына кесте бойынша есептерді шығарыңыз.







n

Қандай зат?

1

450

270







2

450







алмас

3




300

1,56






3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Æàðûºòû» äèñïåðñèÿñû.

  • Æàðûºòû» èíòåðôåðåíöèÿñû.

  • Жарық интерференциясының максимумдар және минимумдар шарты


5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут

Толқындық оптика деп жарық толқындарын электромагниттік толқындар ретінде қарастырылатын физиканың жарық туралы бөлімін айтады.

Жарықтың сыну көрсеткіші алғаш рет Ньютон көрсеткендей, оның түсіне тәуелді болады. Ал жарықтың түсі тербеліс жиелігімен (немесе жарық толқынының ұзындығымен) анықталады. Жарықтың сыну көрсеткішінің тербеліс жиелігіне тәуелділігі дисперсия деп аталады. Дисперсия жарықты призманың ақ түсті спектрді жіктелуіне келтіреді. Ваккумнан ортаға өткенде жарықтың жылдамдығы мен толқын ұзындығы кемиді. Тербеліс жилігі өзгеріссіз қалады.

Толқын ұзындықтары бірден фазаларының айырымы тұрақты жарық толқындары когерентті толқындар деп аталады. Когерентті толқындар бір-бірімен баттескенде жарықтың интерференциясы байқалады. Толқындар өздерінің арасындағы жолының айырымының байланысты бірін-бірі күшейтеді немесе әлсіретеді. Жарық толқындары жұқа қабықшаның екі бетінен шағылған кезде көгерентті толқындар пайда болады.

Интерференциялайтын толқындардың тербелісі фазаларының айырымы қабықшаның қалыңдығына ғана емес, сондай-ақ толқын ұзындығына да тәуелді болғандықтан, қабықшаны ақ жарықпен жарықтандырғанда түсті интерференциялық көрініс пайда болады.


6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут

1. Бекіту сұрақтары:

  1. Кемпірқосақтың пайда болуы.

  2. Жарық түсі жарық толқын ұзындығына тәуелді ме?

  3. Жарық қандай түстерден тұрады?

  4. Аспан түсі неге көк?

  5. Біртекті ортада жарық қалай таралады?

2. Есептер шығарту: Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1022, 1023, 1033 есептер.
7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.


8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

  1. Интерференция құбылысын бақылап, дәптерге жазу.

  2. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1005, 1006, 1009 есептер.


10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________

Æàðûºòû» äèñïåðñèÿñû æ¸íå èíòåðôåðåíöèÿñû.
Ақ жарық шыны призмадан өткен кезде бiрнеше түске жiктелетiнiн алғаш рет 1672 жылы И.Ньютон бақылап, зерттеген болатын. Мұндай монохроматты (бiр түстi, мысалы, қызыл, көк, күлгiн т.с.с.) жарық одан әрi басқа түстерге жiктелмейдi. Ал ендi осылай ақ жарықтың монохроматты жарықтарға жiктелуiнiң себебi неде? Ол мынада. Жарық дегенiмiз – электромагниттiк толқындар. Әртүрлi түстегi жарықтар бiр-бiрiнен толқын ұзындығының, немесе онымен байланысты жиiлiгiнiң әртүрлi болуымен өзгешеленедi. Ваккумнан ортаға өткенде жарықтың жылдамдығы мен толқын ұзындығы кемиді. Тербеліс жилігі өзгеріссіз қалады.

Ал жарықтың шыны призмадан өткенде әртүрлi түске жiктелуiнiң себебi қандай да бiр ортадағы жарық жылдамдығының (немесе онымен байланысқан сыну көрсеткiшiнiң) жарық жиiлiгiнен тәуелдiлiгiмен байланысты. Сыну көрсеткiшiнiң жарық жиiлiгiнен осындай тәуелдiлiгiн дисперсия құбылысы деп атайды. Бұл құбылысты түсiндiруге Максвеллдiң электромагниттiк теориясын қолдану оң нәтиже бермедi.

Себебi бұл жердегi мәселе тек электромагниттiк толқынның қасиетiнде ғана емес, сонымен қатар ол толқындардың затпен әсерлесу сипатымен де байланысты болатын.

Дисперсия құбылысын ХIХ ғасырдың аяғында қалыптасқан Г.Лоренцтiң классикалық электрондық теориясы ғана түсiндiрiп бере алды. Бұл теорияның түсiндiруi бойынша жарықтың дисперсиясы зат атомдарындағы электрондардың электромагниттiк өрiспен әсерлесуiнiң нәтижесiнде туындылайтын ерiксiз тербелiсiнiң нәтижесi болып табылады.


Жарық бiр мезгiлде бiр емес бiрнеше көзден тарауы мүмкiн. Когеренттi толқындардың қабаттасуының салдарынан кеңiстiктiң әрбiр нүктесiнде жарық интенсивтiлiгiнiң күшейiп, не бәсеңсуiнiң уақыт бойынша өзгермейтiн орнықты бейнесiн алу жарық интерференциясы деп аталады.

Жарық толқындарының когеренттік шарты. Мұның себебі алуан түрлі жарық әр түрлі жарық көзі шығаратын толқындардың бір-бірімен үйлеспейтіндігінде. Тұрақты интерференциялық көрініс шығарып алу үшін үйлесімді толқындар болуы қажет. Олардың толқын ұзындықтары бірдей және кеңістіктің кез келген нүктесіндегі фазалар айырымы тұрақты болуы қажет. Толқын ұзындықтары бірдей және фазалар айырымы тұрақты болып келетін мұндай үйлесімді толқындарды когерентті толқындар деп аталады.

Жұқа қабыршықтағы интерференцияны бiз сабын көпiршiктерiнiң немесе асфальттағы шалшық бетiне тамған майда түрлi-түстi болып құбылып тұратын дақ түрiнде байқаймыз. Мұның себебi қабыршыққа түскен жарық оның жоғарғы және төменгi беттерiнен шағыла отырып, бiр-бiрiмен қабаттасып интерференцияланады.



Жарық толқындарының интерференциясы – екі толқынның қосылуыпайда болады. Соның салдарынан кеңістіктің әр түрлі нүктесінде қорытқы жарық тербелістерінің күшеюінің не бәсеңдеуініңуақыт жөнінен орнықты көрінісі байқалады. Интерференция нәтижесі жарықтың қабықшаға түсу бұрышына, қабықшаның қалыңдығына және толқынның ұзындығына тәуелді. Егер сынған екінші толқын бірінші толқыннан толқындар ұзындығының бүтін санына қалып қойса, ондай жағдайда жарық күшейеді. Егер екінші толқын біріншіден толқындар ұзындығының жартысына немесе жарты толқынның тақ санына қалып қойса, онда жарық бәсеңдейді.

Гюйгенс-Френелъ принципі:

Кез-келген уақыт мезетіндегі толқындық бет дегеніміз-айналып өтетін екінші ретті толқындардың жай ғана өзі емес, олардың интерференцияларының нәтижесі болып табылады.

Минимумдар шарты: ∆d= (2к+1) λ

2

Максимумдар шарты: ∆d=кλ



Мұндағы, ∆d -толқын жолдарының айырымы, λ - толқын ұзындығы, к-толқынның реті.
Қабықшаның сыртқы және ішкі беттерінен шағылған толқындардың когеренттігі, олардың екеуінің де бір жарық шоғының бөліктері болуымен қамтамасыз етіледі. әрбір сәуле шығарушы атомнан шыққан толқындар цугасын қабықша екіге бөледі, содан соң осы бөліктер бірігеді де, интерференцияланады.

Интерференция құбылысы әртүрлi зерттеу жұмыстарында өте дәл өлшеулер жүргiзуге мүмкiндiктер бередi. Себебi, мұндай өлшеулер кезiнде жарықтың толқын ұзындығымен шамалас болатын өте аз өзгерiстiң өзi интерференциялық суретте өлшеуге болатын елеулi ығысуларға алып келедi. Интерференция құбылысын пайдалана отырып өлшеулер жүргiзуге арналған құралдарды интерферометрлер деп атайды. Алғашқы жасалған мұндай құралдардың бiрi Майкельсон интерферометрi. Интерференция құбылысы сонымен қатар әртүрлi беттердiң өңделу сапасын тексеруге, оптикалық құралдарда жарықтың әртүрлi линзалардың бетiнен шағылып, бейненiң сапасының төмендеуiн болдырмауға т.с.с. қолданылады.








Юнгтің интерференциялық тәжірибесінің схемасы.






α γ




Талдау

1 жарық толқындары

2 Оптика



Күрделі мәселе
1. Гюйгенс принципі

2. Ньютон спектрі

3. Жарық интерференциясы

4. Жарық дифракциясы

















Жарық толқындары









Тәжірибе
1.Оптика тарауын қайталау.

2. Топтық жұмыс.

3. Қатармен жұмыс.

4. Жеке жұмыс.

5. Тест.

6. Қорытынды.

7. Бағалау.











Ә.У.Ф.

1. Жарықтың түсуі

2. Ақ жарық

3. Толқынның қосылуы



4. Юнг тәжірибесі








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет