Сабақ жоспары Тақырыбы: «Бұрғылау шығыры және оның жұмыс істеу принципі.Ұршықтың міндеті мен жалпы құрылымы»



жүктеу 161.33 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі161.33 Kb.
түріСабақ
«Болашақ» университетінің колледжі


«Келісілді» «Бекітемін» Колледж әдіскері Директордың оқу-ісі жөніндегі ___________Л.Б.Бакиева орынбасары:______А. А.Досжанов

«____»_______________ 2014ж.



Ашық сабақ

жоспары
Тақырыбы: «Бұрғылау шығыры және оның жұмыс істеу принципі.Ұршықтың міндеті мен жалпы құрылымы»

Оқу тобы:ЭНГМ-23/9г

Оқушы саны:25

Пән оқытушысы:Әлиакбарова А.М.

Пәні:Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау техникасы мен технологиясы

Күні:19.11.2014ж

Ашық сабақ жоспары «Техникалық мамандықтар пәндер»циклдік комиссия отырысында қаралып,мақұлданды.

Хаттама №________ «______»__________2014ж

ПЦК жетекшісі___________Жубаниязова В.А.



Қызылорда,2014ж

Сабақтың тақырыбы:«Бұрғылау шығыры және оның жұмыс істеу принципі.Ұршықтың міндеті мен жалпы құрылымы»

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділік:Оқушыларға жалпы бұрғылау шығыры,ұршық жайлы жалпы түсінік беріп,олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптер,

Б)Дамытушылық:Оқушылардың білім,білік дағдысын қалыптастыру.Олардың пәнге деген қызығушылығын ояту, өзін-өзі дамуына жетелеу.

В) Тәрбиелік: Еңбекке, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Теориялық

Сабақтың типі:Аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі:Викторина,баяндау,сөзжұмбақ,сын тұрғыдан ойлау технологиясы,модульдық оқыту технологиясы,деңгейлеп оқыту технологиясы,ойын технологиясы,кубизм.

Пән аралық байланыс:Бұрғылау машиналары мен механизмдері,мұнайкәсіпшілік машиналары мен механизмдері.

Сабақтың көрнекілігі:Плакаттар,слайд,карточка, интербелсенді тақта,фотосуреттер,бағалау парағы.

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру,дәрісхананың тазалығы,сабаққа дайындығына назар аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау: «Сканворд» арқылы сұралады.

1. Өзіне тән иісі бар,судан жеңіл,қара түсті болып келетін,жанғыш,көмірсутегіге бай шикізат?

2.Мұнай өндіріп алудың неше тәсілін ата?

3. Диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді тау кен құрылыс орны?

4.Ең таза,ең қымбат мұнай қалай аталады және қайда өндіріледі?

5. Көтеріп-түсіру операциясын орындайтын таль жүйесінің негізгі элементтерінің жиынтығы?

6. Белбеу жүйесінің қозғалмалы бөлігі?

7.Қашаудың орысша атауы?

8.Тербелмелі-станок качалка қандай сорап тұріне жатады?

1

М

Ұ

Н

А

Й




2

Ф

О

Н

Т

А

Н

Д

Ы




3

С

К

В

А

Ж

И

Н

А




4

Н

О

Р

В

Е

Г

И

Я




5

М

Ұ

Н

А

Р

А







6

К

Р

О

Н

Б

Л

О

К




7

Д

О

Л

О

Т

О







8

Ш

Т

А

Н

Г

А

Л

Ы





III.Үй тапсырмаларын бекіту және қорытындылау:

Сонымен біз өткен тақырыптан сораптар жайлы,сонымен қатар тау жыныстары,кронблок жайлы қарастырдық.Олар жайлы толық ақпаратты алып жан-жақты білдік.Олардың қызметін,мақсатын,бір-бірімен байланысын толық түсіндірдік.



IV.Жаңа материалдарды хабарлау: «Бұрғылау шығыры және оның жұмыс істеу принципі.Ұршықтың міндеті мен жалпы құрылымы»

Бұрғылау шығыры (жүк көтеретін шығыр) бұрғы қондырғысының агрегат негізінің бірі болып саналады. Оны бұрғы тіреуішінің түсіру-көтеру үшін қолданады, құбырлардың бекітіп қосуына, қиюын босатуға, жағалата отырғызған тіреуіштерді түсіруге, бұрғы тіреуіштің асылып тұруын және біраз кезеңдерде қозғалтқыштан қуатты роторға өткізуге, жүкті көтеруге.

Жетек арқылы тальдік жүйенің көтеріп-түсіру кешені және қосымша операцияларды орындау үшін арналған құрылғы болып табылады. Лебедка жүйесі негізінен мына бөліктерден тұрады:



-Негізгі барабан жинағы;

-Көмекші тежегіш;

-Барабанға арналған тежегіш

Гидравликалық тежеуіш статор және ротордан тұрады, олардың қуысы сұйықтықпен толтырылады.

Құбыр тіреуіштерін түсіргенде, статор мен ротор арасында, қуысы мен сұйықтықтың деңгейін реттеуге арнаулы тежеуіштің қуысы мен тоңазытқыш арасында, сұйықтықтың көлденеңдік тарауы пайда болады. Сонымен бірге шығырдың барабанында қуаттылықтың бөлшегі тежеуішпен сорылады, құрылуына және кесе көлденең тараудың ағымы бұзылады.

Шығырдың барлық механизмдері сақтандырғыш қалқандармен қамтамасыз етіліп, жабылады.

Шығырдың көтергіш білігі берілісті өзгертетін қораптан айналымды ала отырып, тальдік канатты қозғалысқа келтіретін күштік жетектің айналу қозғалысын тудырады, оның қозғалатын соңы барабанның көтергіш білігіне бекітілген. Жүктелген крюкті көтеру қуатты қолдану арқылы іске асады, яғни ол көтеретін құбырлардың салмақ күшіне тәуелді болады, ал түсіретін кезде құбырлардың өз салмақтары әсерінен скважинаға түсіріледі.

Ол үшін шығырлар көтерілу кезінде қуатты беріп тұратын құрылғымен және тежегіш құрылғымен жабдықталады. Жүктелмеген элеватормен крюкті көтеру кезінде ПӘК-ін көбейту үшін олардың жетектері жоғары жылдамдықта жұмыс жасайды. Жоғары жылдамдықтан төменгі жылдамдыққа ауысуы немесе керісінше, фрикционды оперативті муфта арқылы жүзеге асырылады, яғни бірқалыпты ауысуды және осы операцияға аз уақыттың жұмсалуын қамтамасыз етеді. Әр түрлі салмақтағы тізбектерді көтеру уақытында беріліс қорабындағы жылдамдықтың ауысуы периодты түрде жүзеге асырылып отырады. Қораптағы жылдамдықты оперативті түрде басқарудың қажеті жоқ.

Түсіру жылдамдығына немесе крюкті көтеруге және тальдік жабдықтың тармағына байланысты канат шығыр барабанына әр түрлі жылдамдық бойынша оралады және өріледі.

Тізбекті түсіру жылдамдығы олардың салмағымен , ұзындығымен және скважинаның технологиялық шарттарына байланысты анықталады

Тізбектерді көтеру процесінде канат бүкіл тізбектер салмағының әсері бойынша шығырға оралады, ал түсіру кезінде жиналады.Егер тізбектерді түсіру процесі кезінде кішкене тартылу және жүктелмеген элеваторды көтеру барысында үлкен жылдамдыққа ие болса, онда канат оралады, ал барлық тізбектердің салмақ күштері арқылы жиналады.Бұл канаттың ауыр жағдайда жұмыс жасауына әкеліп соқтырады, әсіресе ол барабанға көп мөлшерде оралған болса, тез істен шығады.

Шығырға берілетін қуат оның пайдалану – техникалық қасиеттерін сипаттайды және ең негізгі параметрі болып табылады.

Бұрғылау шығырының жалғайтын өлшемдері болып:тальдік канат диаметрі; барабан ортасынан ротор білігіне орнатылған жұлдызша центріне дейінгі арақашықтық табылады.

Шығыр барлық құрамына кіретін бөлшектері мен түйіндерімен бірге жалпы бір рамаға монтаждалады және өз алдына бір агрегат болып табылады.



Бұрғылау шығырының жабдықтары

Станина - шығыр түйіндері монтаждалатын металды пісірілген рама.Станина шығырдың әр бөлек бөлшектерін тасымалдау кезінде зақымданудан және жоғалудан сақтау тұру керек, сонымен қатар шығырдың қатты әрі мықты болуын қамтамасыз етуі қажет.

Көтергіш білік бұрғылау шығырының ең негізгі білігі болып табылады, ал жаңа конструкциялы шығырлар қатарында жалғыз болып табылады.Біліктің соңына шинопневматикалық муфта бекітілген, ол шығырдың жұлдызшадан қосылуына арналған.

Барабанның екі жақ соңындағы дискілерге болт арқылы тежегіш шкивтер бекітіледі.

Кейбір отандық немесе шет елдік бұрғылау шығырлары конструкциясында тежегіш шкивтерге сумен салқындату қолданылады.

Тежегіш шкивтері сумен салқындатылатын барабан. Біліктің бір жақ бетінен көтергіш білікке судың келуін қамтамасыз ету үшін, ось бойынша шамамен 200 мм етіліп саңылау тесіледі. Осы саңылаудың соңғы бөлігіне оған перпендикуляр бағытталған білік бетіне екінші саңылау тесіледі.Бұл екі саңылаудың білік бетіне шығатын бөлігі сақиналы орамалары бар арнайы төлкелермен жабдықталған.

Бұрғылау шығырының негізгі параметрлеріне-шығыр барабанының ұзындығы және диаметрі, тарту күші, көтеру жылдамдығы қатысты болады. Көрсетілген параметрлерді дұрыс таңдауда өңделу, үнемдеу, бұрғылау эффектісіне маңызды әсер ететін шығырдың массасы мен габариті, барлық бұрғылау қондырғыларының тасымалдау қабілеті және монтаждау қабілеті қатысады.

«Ой қозғау»ойыны.

БСКШАТУНКНБКҰ

АЛВАЖМҰНРОЛОР

ЛЕБЕИНААЙЛЮГШ

АНСДКАВЕРТСОЫ

ШРИМҰНАРАПАРҚ

ТАНГАБҚАШАНІЛ

ҚАУШРАБҰРҒАУМ

АШРОРЕЛЬҒЫЛАЕ

КШОГЕКОРТОЗУК

АДІҢРОТТҮСІРУ

ДҰРЫС ЖАУАПТАРЫ:


  1. Балансир

  2. Скважина

  3. Лебедка

  4. Шатун

  5. Мұнай

  6. Кронблок

  7. Ұршық

  8. Вертлюг

  9. Сорап

  10. Мұнара

  11. Штанга

  12. Баррель

  13. Қашау

  14. Шорошка

  15. Діңгек

  16. Бұрғылау

  17. Қашаған

  18. Тозу

  19. Түсіру

  20. Ротор


Ұршық тәл жүйесін бұрғылау тізбегімен жалғау үшін қолданылады. Ол біріншіден, бұрғылау тізбегін айналдыруды, екіншіден жуу сұйығын өткізуді қамтамасыз етеді. Ұршықтардың конструкциясы негізінен бірдей болып келеді. Ұршық айналмайтын және айналатын бөліктерден тұрады. Айналмайтын бөлігі көтеру ілмегіне ілінсе, айналатын бөлігі бұрғылау тізбегіне жалғанады.

Бұрғылау процесі кезінде ұршық автоматты элеваторға немесе тәл механизмінің ілмегіне ілінеді және жұқа шланга арқылы бұрғылау сорабының тегеурінді құбыр өту тірегімен жалғанады. Бұл кезде бұрғылау тізбегінің жетекші құбыры бұранда көмегімен ұршықтың айналушы оқпанымен жалғастырылады. Көтеріп-түсіру операциялары кезінде жұқа шланга және жетекші құбырымен ұршық шурфқа апрылады да тәл блогына жалғанады.

және көтеріп түсіру операциялары кезінде көлденең габариттері мұнараны еркін жағалай араластыруға кедергі келтірмеуі тиіс;

кәсіптік жағдайларда тез тозуға ұшырайтын бөлшектер мен түйіндер жылдам қолайлы ауыстыруға ие болуы шарт;

майда жеткізу және тарату ұршық бөлшектерін қарқынды майдалауды және суытуды қамтамасыз етуі шарт;

тәл блогына жалғанатын қондырғы ұршықты шурфқа жылдам апаруға және шығаруға сенімді әрі қолайлы болуы тиіс.

Ұршық тәл механизміне жылжымалы қапсырманы автоматты элеватормен қосатын штроптардың көмегімен ілінеді. Штроптарды құлап кетуден сақтау үшін жылжымалы қапсырма мен атоматты элеваторлардың құлақшалары бұрандамен бекітіледі. Ұршықты шурфқа орналастыру кезінде штроптарды шығарады және автоматты элеватор КТО орындау үшін босатылады.

Ұршық корпусы мен қақпақтарының арасындағы тегіс түйісулер картоннан жасалған беттік төсемелермен тығыздалады. Тұрықтың жоғарғы қақпағының төсемесі көмекші тіректі мойынтіректің өстік тартылуын реттеу үшін де қолданылады. Ұршықтың қайтарымы мен қақпағының арасындағы жуу сұйығының қысымында жұмыс істейтін төсемелер резеңкеленген матадан жасалады. Төсемелер ұршықтың түйісетін бөлшектерін бекітетін сомындармен тартылады.

Ұршықтың жұмыс қабілеттілігі оның қозғалатын және қозғалмайтын қосылыстарында қолданылатын тығындардың беріктігіне байланысты. Арынды құбырдың тығыздауыштары жоғары қысыммен айдалатын жуу сұйығының ағып кетпеуін қамтамасыз ететін аса маңызды тығыздауыштар болып табылады.

Бұрғылау процесінде вертлюг автоматты элеваторға немесе тальді механизмнің ілмегіне (крюг) ілінеді және штангтың арқасында бұрғылау насостарының арынды трубопроводының тірегімен қосылады. Сонымен қатар, бұрғылау құбырының жетекші резьба көмегімен вертлюгтың айналмалы оқпанына жалғанады.

Ұршық бұрғылау сұйығын айналып жатқан бұрғылау тізбегіне жіберу үшін арналған. Бұрғылау процесінде ұршық автоматты элеваторға ілінеді немесе тәл механизмінің ілмегіне ілінеді және иілгіш шланг арқылы бұрғылау сораптарының арынды құбырларының тіреуішімен жалғанады. Бұрғылау тізбегінің жетек құбыры бұранда арқылы бұрғылау сұйығы үшін өту тесігі бар ұршықтың айналып тұрған оқпанымен жалғанады. КТО кезінде ұршық жетек құбырмен және иілгіш шлангпен шурфқа қайтарылады және тәл блогынан ажыратылады.Түптік қозғалтқыштармен бұрғылау кезінде ұршық ұсталып қалуларды болдырмау мақсатында бұрғылау тізбегін кезең сайын айналдырып тұру үшін қолданылады.

Пайдалану процесінде ұршық жуу сұйығының пульсациясынан және қашаудың ұзындық бойына тербелістерінен туатын динамикалық жүктемеге және бұрғылау тізбегінің салмағынан туатын статикалық жүктемелерге ұшырайды. Жуу сұйығымен әсерлесетін ұршық бөлшектері абразивті тозуға ұшырайды. Ұршықтың қажалатын бөлшектерінің тозуға төзімділігі үйкелу кезіндегі қызудың нәтижесінен төмендейді.

Ұршықтарға келесі негізгі талаптар қойылады:

- көлденең габариттері КТО кезінде және бұрғылау тізбегін өсіру кезінде мұнараның ұзындық бойына жылжуына кедергі болмауы тиіс;

- тез тозатын түйіндері мен бөлшектері өндірістік жағдайда тез ауыстыруға ыңғайлы болуы тиіс;

- майды келтіру және тарату ұршықтың үйкелетін бөлшектерін майлау мен салқындатудың әсерлілігін қамтамасыз етуі керек;

- тәл жүйесімен жалғау құрылғысы сенімді және шурфтан ұршықты тез әкелуге және алып кетуге ыңғайлы болуы керек.

Пайдалану бұрғылауында және терең барлау ұңғымаларында қолданылатын ұршықтардың конструкциялық сұлбалары ортақ және рұқсат етілген өстік жүктемемен ғана ерекшеленеді.



Ұршықтың ілгіші

Ұршықтың параметрлері бұрғылаудың және ұңғыманы жуудың шарттарына сондай-ақ бұрғылау сораптары мен көтеру механизмінің параметрлеріне сәйкес келуі тиіс.

Пайдалану және терең барлау ұңғыларын бұрғылауда қолданылатын ұршықтар, жалпы конструкциялық схемаға ие болып , негізгі өстік жүктемемен ерекшеленеді. Отанымызда және шет елдер өндірістік орындарда шығарылатын ұршықтардың дайындалуы және құрастырылуының мақсаты олардың сенімділік және ұзақ мерзімділігін арттыру болып табылады.

Ұршық қаңқасы көміртекті немесе аз легірленген болаттан жасалады. Және бүйір қалтасының сыртқы жағында , ұршықты тәл механизмінің ілмегіне ілуге арналған штроптан тұрады. Штроп доға тәріздес формаға және дөңгелек көлденең қимаға ие. Ұршық қаңқасының штроппен байланысқан жерінде , штропта саусақтар үшін саңылаулар қашалады. Саусақтар көлденең қашалған қалталарға орнатылады және ұршық қаңқасына пісірілген торц паз саңылауына кіретін стопорлы планка жүрісінен сақтайды. Жетекші құбырды ұршық штропына жеткізу кезінде ол тігінен ауытқып , тәл мехнизмінің ілмегіне жалғануға қолайлы жағдайға ие болады.

Штроптың бұрғылау бұрышы қалта қабырғасымен шектеледі. Және 450 –тан аспайды. Штроп саусақтары арықшаларына және серіппелі майлағышқа арналған бұрандалы саңылауға ие . Майланған саңылаудағы бұранда рымболттардың бұралуына арналған. Ұршық қаңқасының тегеурінді және радиалды подшипниктерінде ұршықты бұрғылау тізбегінің жетекші құбырына жалғауға арналған аудармалы оқпан айналады. Оқпан жуу сұйығы үшін орталық өтпелі саңылаулы болат цилиндр және тегеурінді подшипниктер үшін сыртқы фланецке ие болып келеді.

Бұрғылау роторы жиілігімен оқпан айналады және бұрғылау тізбегі мен жуу сұйығы түзетін ұңғыға айдайтын жүктемені сынақтан өткізеді. Басқа түйіндер және бөлшектер мен салыстырғанда ұршық оқпаны көбірек жүктелген болып келеді. Бұл оның берітік талаптарын қамтамасыз етеді. Ұршық оқпанының өстік орналасу жағдайы тегеурінді және подшипникткрмен реттеледі. Ұршықтың негізгі тірегі – оқпан салмағымен және бұрғылау тізбегімен жүктелген подшипник .ұршық оқпанының негізгі тірегі болып подшипник табылады. Ұршық оқпанға сүенген кезде подшипник өз салмағымен және басқа айналмайтын бөлшектер қаңқаға жүктеледі , ал ұршық штропы еркін күйде болады. Бұл бұрғылау тізбегі салмағы жеткіліксіз қашауға жүктеме түсіріп , ұршық салмағымен толықтырылғанда , ұңғыны бұрғылау процесінде және жетекші құбырмен бірге ұршықты шурфқа орнатуда орын алады.

Ұршықтың қарастырылып отырған құрылымында , негізгі оқпан тірегіне қысқа цилиндрлі роликті тегеурінді подшипник орнатылған . Оқпан айналуы кезінде сақинамен салыстырғанда роликтердің ұзындығының қысқа болуы олардың қозғалуының төмендеуіне мүмкіндік береді. Бұл подшипниктерінің қызып кетуіне және тозуына жағымды әсер етеді. Корпусты және сфералы роликтыі подшипниктер , қысқа цилиндрлі роликті подшипнактермен салыстырғанда үлкен жүктемеге ие болуымен

Подшипниктердің сыртқы сақиналы, сақиналы паз қаңқасына орнатылған серіппелі стопормен ұсталып тұрылады. Ұршықты бұрғылау тізбегінің жетекші құбырына жалғау үшін , оқпан бұрандасын механикалық зақымдалудан және тозудан сақтайтын ауыспалы киппельді переводник қолданылады. Ұршық оқпаны және жетекші құбыр жоғарғы аудармасы ішкі бұрандаға ие болып , оларды жалғау үшін аударманың киппельді түрі қолданылады. Ұршық қаңқасы жоғарғы және төменгі қақпақтармен жабылады.қақпақтар қаңқаға бұрау болттарымен бекітіледі.жоғарғы қақпақ тіреумен және бұрғылау шлангін ұршықпен жалғау үшін бұрмамен бекітілген екінші фланецпен жабдықталған. Бұрмада жуу сұйығы аралық қондырғы арқылы өтіп , оқпан саңылауы өтпеліміне түседі.

Қаңқа мен қақпақтар арасындағы қуыс және ұршық оқпаны негізгі және төменгі радиалды подшипниктерді майлау үшін сұйық майымен толтырылады.оқпан стаканы , қосымша және жоғарғы радиалды подшипниктерді майлау үшін жеке майлау ваннасын түзеді. Май қаңқаның жоғарғы қақпағының саңылауы арқылы құйылады. Қаңқаның төмегі қақпағында пайдаланылған майды төгетін арнайы саңылау қарастырылған . май деңгейі ұршық қаңқасына бұралып бекітілген бақылау пробкасы арқылы тексеріледі. Майлы саңылау бұрандалы пробкамен жабылады.




Ұршық

1 –– Сырға ( штроп )

2 –– Мойынша

3 –– Қақпақ

4 –– Жуу құбыры

5 –– Сальникті тығыздағыш

6 –– Жоғары майлау сальнигі

7 –– Қаңқа

8––Радиалды роликті подшипник

9 –– Саусақ

10 –– Қажымайтын подшипник

11 –– Тіректі подшипник

12 –– Төменгі майлау сальнигі

13 –– Қорапша



14 –– Оқпан


Ұршық оқпаны мен қайтарымның тез шешілетін қосылысы


Майлау ваннасының тығыздалуы


Сөзжұмбақты шешіңіз
«Адасқан буындар»ойыны

Дұрыс жауабы:
Кім жылдам 5 « с » әрпін табады?
V.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:Карточка арқылы
VI.Сабақты қорытындылау: «Дұрыс па,бұрыс па?»ойыны

VII.Оқушыларды бағалау:

VIII.Үйге тапсырма беру:

Реферат:






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет