Сабақ жоспарының үлгісі 2-сынып, қазақ тілі пәні Тақырыбы



жүктеу 26.26 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі26.26 Kb.
түріСабақ
: files -> sites -> 1383501422666035 -> files -> widgets -> book-catalog
sites -> Тақырыбы: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай оқулары байқауы Байқаудың мақсаты
sites -> Сабақтың тақырыбы: Квартет Сабақтың мақсаты
sites -> Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»
book-catalog -> 38 мектеп-лицейі №38 мектеп-лицейі Мазмұны Кіріспе
book-catalog -> 30 мектеп-гимназиясы Жамбыл Жабаев: өмірі мен шығармашылығы Мұғалім: Садвакасова С. Н
book-catalog -> Рассказов: «Лошадиная фамилия», «Смерть чиновника»
book-catalog -> Астана қаласының Білім басқармасының «№30 мектеп-гимназия»
book-catalog -> Какого цвета астры вы видели? Какие у них лепестки?
Сабақ жоспарының үлгісі

2-сынып, қазақ тілі пәні
Тақырыбы: Қатемен жұмыс
Мақсаты: Қазақ тілі сабағында жазу жолында кеткен қателерді жоюдың әдіс-тәсілдерін көрсету.
Міндеттері: Оқушыларға орфографиялық ережелерді меңгертіп, қатесіз жазуын қалыптастыру.

Ойлау қабілетін, орфографиялық сауаттылығын, ой-орісін дамыту.

Еңбексүйгіштікке,пәнге қызығушылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл ,

Өз тіліңді құрметте!
Көркем жазу
Қатені жою жолдары:

Төл дыбыстарды табу мақсатында «Кім жылдам» ойыны :

Оқушылар төл дыбыстарды табады. Әр дыбысқа сөз ойлап, сөйлем құрайды.

Ә (әтеш), І (ілгіш), Ң(аң), Ғ(ғарышкер), Ү(үйрек), Ұ(ұшақ), Қ(қала), Ө(өгіз), Һ(Қаһарман).


Қай әріпті жоғалттым?

Көл...к бәт...ңке

Домб...ра д...птер

Дәріг...р жаңб...р



Түбір сөзге тиісті қосымшаны қосып жаз.

Сурет ( -шы, -ші)

өнер ( -лі, - лі)

көңіл (-ды, -ді)

күй ( -ші, -шы)
Тасымалдана ма, тасымалданбай ма?

Есек, қала, етік, терезе, кеме, отан, тау, қора, ала, шеге, кемпір, гүл.


Қалай оқыса да бір сөз:

е...е н...н

і...і а...а

к...к қ...қ


я-ю әріптерінің жазылуын еске түсіру:

қо...н а...

қи...р о...
Сергіту сәті.

Білсеңде й мен жәй у-ды,

Жаза алмас едің аюды.

Ою, тою, қоюға,

Ұмытпа Ю-ды қоюды.

Сөйлемді дауыс ырғағымен оқу, талдау

Қандай ыстық.

Қандай ыстық?

Қандай ыстық!

Сөйлем түрлеріне байланысты сөйлем құрау.

Бүгін киноға барма.

Сенде қарындаш бар ма?
Жұмбақ

Дыбыс емес, таңба

Оқылмайды, жазылмайды,

Біраз сөзден табылады,

Ол қай әріп еді,

Ойлап көрші, есіңде бар ма?


Тауда жоқ, сайда бар,

Атта жоқ, тайда бар,

Биеде жоқ, түйеде бар,

Қозыда жоқ, қойда бар

Жиында жоқ, тойда бар,

Осындай тағы қайда бар?



Сөйлемді дұрыс жаз.

құстарға ұя жасады оқушылар.

шөп Ернар шапты шалғымен.
«Жаз» сөзіне әртүрлі мағынада сөйлем құрау.

Маған жаз мезгілі ұнайды.

Арнұр жазуын жазды.
Адасқан әріптер

р о б


а ш а ғ

қ ы ы з қ

і м б л і

Сөйлем құрау



Қорыту.

  1. Қандай сөздер тасымалданбайды?

  2. Жұрнақ дегеніміз не?

  3. Туынды сөз дегеніміз не?

  4. Сөйлем түрлерін ата.

  5. Қазақ тілінде қанша әріп бар?

  6. Қанша дыбыс бар?

30 мектеп-гимназияның бастауыш сыныптар мұғалімі

Ерікбаева Жадыра Дарханқызы

Астана қаласы



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет