Сабақ мақсаты: Микроскоп құрылысын біліп, іске қосып, онымен жұмыс істеудің негізгі ережелерімен танысу



жүктеу 390.77 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі390.77 Kb.
түріСабақ
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
Зертханалық жұмыс. №1

Тақырып: Микроскоп және онымен жұмыс істеу тәртібі.

Сабақ мақсаты: Микроскоп құрылысын біліп, іске қосып, онымен жұмыс істеудің негізгі ережелерімен танысу.

Қажетті материалдар: Қарағай, мальва және қырықбуын өсімдіктерінің тозаң дәндерің мен папортниктердің сорустағы споралары (жыныссыз көбеюге арналған клеткалар).

Оқулықтар:

Е.Ағелеуов, К.Дөненбаева, К.Агитова, С.Иманқұлова. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. – Алматы, «Санат», 1998., 70 - 72 бет.

В.Г.Хрыжановский, С.Ф.Понаморенко. «Практикум по курсу общей ботаники». М. «Высшая школа», 1979., 5 - 15 бет.

Г.А.Бавтуто. «Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений». – Мн.: «высшая школа», 1985., 5 - 15 бет.

Тапсырма:

1.Микроскоп қырылысымен танысып, онымен жұмыс істеуді үйрену.

2.Жоғарыда көрсетілгені (2-сурет) қарағай, мальва, қырықбуын тозаң дәндерін құрғақ ауалық ортада, суда және лактофенолда салыстырмалы түрде кере отырып, суретін салу қажет.

3.Усасыр сорусынан уақытша препарат жасап, спораларын кере отырып, суретін салу.

Бақылау сұрақтары:

1.Микроскоп қандай құрал, оның көрсету мүмкіндігі қандай?

2.Микроскоп қандай бөліктерден тұрады?

3.Микровкоптың оптикалық бөлігінің құрылысы мен қызметін түсіндіріңіз?

4.Механикалық бөлігінің құрамы мен қызметін атаңыз?

5.Окулярға дұрыс қарау дегенді қалай түсінесіз, оның мәні неде?

6.Жұмыс аяқталғаннан кейін микраскопты қандай қалыпта қою қажет?

7.Уақытша препараттың тұрақты препараттан айырмашылығы қандай?

Тақырып: Өсімдіктер клеткасының құрылысы.

Сабақ мақсаты: Өсімдік клеткасының сырт бейнесін, оның құрам бөліктерін және цитоплазма қозғалысымен қоса плазмолиздің, деплазмолиздің жүруін бақылау.

Қажетті материалдар: мниумнің, су өсімдігі элодеяның жапырақтары, пияз түйіні, қант пен ас тұзының жоғары концентрациялық ерітінділері.

Оқулықтар:

Е.Ағелеуов, К.Дөненбаева, К.Агитова, С.Иманқұлова. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. – Алматы, «Санат», 1998., 72 - 74бет.

В.Г.Хрыжановский, С.Ф.Понаморенко. «Практикум по курсу общей ботаники». М. «Высшая школа», 1979., 19 - 21 бет.

Г.А.Бавтуто. «Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений». – Мн.: «высшая школа», 1985., 31 - 37 бет.

Тапсырма:

1.Пияз жуашығының шырынды қабыршақ эпидермасынан уақытша препарат дайындау.

2.Препаратты кіші объективпен қарап, клеткалардың пішініне, орналасуына көңіл аудару.

3.Клетканың құрылысын үлкен объективпен, алдымен бір тамшы суда, одан кейін иодтың калийдегі ерітіндісінде зерттеу.

4.Қарбыздың жұмсақ етінен препарат дайындап, клеткаларының орналасуы, пішініне көңіл аудару.

5.Алынған өсімдіктердің әрқайсысының 1 – 2 клеткасының суретін үлкен етіп салып, клетка қабықшасы, цитоплазма, вакуоль, ядро және ядрошықты белгілеу.

Бақылау сұрақтар.

1.Пішініне қарай клеткаларды қандай екі топқа бөлеміз?

2.Өсімдіктер клеткасы құрылысының жануарлар клеткасынан қандай айырмашылығы бар?

3.Қандай органелалар цитоплазманың субмикроскопиялық құрылымын құрайды?

5.Ядроның құрылымдық элементтері, химиялық құрамы және атқаратын қызметі қандай?

6.Мацерацияланған клеткалар деп қандай клеткаларды айтамыз? Оның себебі неде?

7.Жарық микроскоппен қарағанда клетка ның қандай бөліктерін көреміз?

Тақырып: Клетка қабықшасы.

Сабақ мақсаты: Өсімдік клетка қабықшасымен танысу.

Қажетті материалдар: 1. Аспидистра. 2. Қарағайдың бірнеше күн бұрын суда 4-6 сағат қайнатылып, глицерин мен спирттің бірдей мөлшердегі қоспасына салынып қойылған майда бөлшектері. 3. Флороглюцин, тұз қышқылы немесе күкірт қышқылы, глицерин.

Оқулықтар:

Е.Ағелеуов, К.Дөненбаева, К.Агитова, С.Иманқұлова. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. – Алматы, «Санат», 1998., 89 - 91бет.

В.Г.Хрыжановский, С.Ф.Понаморенко. «Практикум по курсу общей ботаники». М. «Высшая школа», 1979., 38 - 43 бет.

Г.А.Бавтуто. «Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений». – Мн.: «высшая школа», 1985., 52 - 57 бет.

Тапсырма:

1.Аспидистра жапырағының эпидермасының бір тамшы глицеринге салып, препарат дайындау.

2.Препаратты үлкен объективпен қарап, клетка қабырғасының құрылысын зерттеу. Клетканың бүйірлік жоғары және төменгі қабырғаларындағы жай спораларды табу.

3.Қарағай сүрегінің радиальды және тангентальды кесінділірінен препарат дайындау.

4.Клетка қабырғасының құрылысымен танысып, жиекті споралар табу.

5.Қаралған объектілердің суретін салу.

Бақылау сұрақтар:

1.Клетка қабықшасы қандай негізгі қызмет атқарады?

2.Клетка қабықшасының пайда болуына клетканың қандай органелалары қатынасады?

3.Клетка қабықшасымен плазмалеманың бір-бірінен айырмашылығы неде?

5.Алғашқы және соңғы клетка қабықшасының арасында құрылымы және химиялық құрамы жағынан қандай айырмасы бар?

6.Қарапайым және жиекті саңылауларды бір-бірінен айырмашылығы неде?

Тақырып: Пластидтер. Клеткадағы қорлық және қалдықты заттар.

Сабақ мақсаты: Пластидтер және клеткадағы қорлық, қалдықты заттардың түрлерімен танысу.

Қажетті материалдар: Спирогираның тұрақты препараты (хромотофоралар), традесканция жапырағы (хлоро-лейкопластар), шетен ағашы мен итмұрын жемістері (хромопластар), картоп түйіні, пияз қабықшасы мен бегония жапырақсағағы. Иодты калийдегі иод ерітіндісі, этил спирті.

Оқулықтар:

Е.Ағелеуов, К.Дөненбаева, К.Агитова, С.Иманқұлова. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. – Алматы, «Санат», 1998., 74 - 89 бет.

В.Г.Хрыжановский, С.Ф.Понаморенко. «Практикум по курсу общей ботаники». М. «Высшая школа», 1979., 23 - 38 бет.

Г.А.Бавтуто. «Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений». – Мн.: «высшая школа», 1985., 38 - 52 бет.

Тапсырма:

1.Даяр препарат бойынша микроскоп арқылы спирогираның хромотофорларын суретке салу қажет.

2.Традесканция жапырағының төменгі эпидермалық қабатың қолмен сыдырып, микроскоппен көре отырып, бірнеше эпидермалық клетканың лейкопластың, хлоропаластың және устьицаның түйістіргіш клеткаларың көрсетіп, суретін салу. Клеткада ядро мен цитоплазманы көрсету.

3.Шетен ағашы мен итмұрын (немесе помидар) жемістерінің ұлпасын су тамшысында ұсақтай отырып, хромопластарды суретке салу.

4.Пияз қабықшасынан, бегония жапырақ сағағынан, жай құрымындағы анорганикалық кристалды көрсетіп, суретін салу.

5.Картоп түйінінен крахмалдың, жай, жартылай және күрделі дәндерінің құрылыстық ерекшеліктерін көрсетіп суретін салу.

Бақылау сұрақтары:

1.Хлорпластың пигменттік құрамы, атқаратын қызметі қандай?

2.Жоғары сатыдағы өсімдіктердің, хлоропластымен төменгі сатыдағылар хромотофораларың пішіндері қандай?

3.Хлоропласттың мембраналық (стома, тилакоидтар немесе ламеллалар, грандар) неден тұрады?

4.Алғашқы крахмал қандай процестің нәтижесінде пайда болады?

5.Цитоплазма мембраналары және олардың маңызы.

6.Пластидтердің қандай типтері бар?

7.Пластидтердің шығу тегін, дамуын және бір түрінен екіншісіне ауысуын қалай түсіндіруге болады?

8.Лейкопласт өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларында кездеседі және оның қандай рені болады?

9.Хромопластың пигменттік құрамын атаңыз?

10.Хромопластың биологиялық маңызы неде?

11.Крахмал дәнінің типтерін атаңыз?

12.Клеткалардағы қор заттардың - крахмал, белок және майды қандай реактивтермен анықтауға болады?


Зертханалық жұмыс. №2

Тақырып: Ұлпалар.Соңғы жабындық ұлпалар.

Сабақ мақсаты: Соңғы жабындық ұлпа тоз және қыртыспен танысу, жасымықшаны белгілеу.

Сабаққа қажетті материалдар:

1.Картоп түйнегі, талдың бір жылдық және көп жылдық бұтағы, қарағай, шырша, қарағаш, қайынтоз(береста).

2.Ырғай немесе жөке ағашының сабағының көлденен кесіндісінен жасалған даяр препараттар.

3.Реактивтер: хлор-цинк-иод, судан III, спирт, глицерин.

5.Препараттар жасау үшін қажетті лабораториялық құрал жабдықтар.

6.Таблицалар.

Оқулықтар:

Е.Ағелеуов, К.Дөненбаева, К.Агитова, С.Иманқұлова. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. – Алматы, «Санат», 1998., 137 - 139 бет.

В.Г.Хрыжановский, С.Ф.Понаморенко. «Практикум по курсу общей ботаники». М. «Высшая школа», 1979., 51 - 56 бет.

Г.А.Бавтуто. «Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений». – Мн.: «высшая школа», 1985., 78 - 81 бет.

Тапсырма:

1.Картоп түйнегінің кесіндісінен және тал, қайын, терек тағы басқа сүректі өсімдіктердің бір жылдық бұтағынан препарат даярлап тоз қабатын зерттеу.

2.Ырғай және жөке ағашы сабағының көлденен кесіндісінен жасалған даяр препараттарды пайдаланып, тоз қабаты мен жасымықша клеткаларының құрылысын байқау.

3.Осы жасалған препараттармен қатар ырғай, қарағаш, тал, жөке ағашы, шырша мен қарағай сабақтарының көлденен кесінділерінен қыртыс түрлерін қарау.

4.Тоз қабаттары мен жасымықшаның суреттерін салып, белгілеу.

Бақылау сұрақтары:

1.Соңғы жабындық ұлпа дегеніміз не?

2.Сүректі өсімдіктерде эпидерма немен алмастырылады?

3.Тоз (перидерма) өсімдіктің қандай органдарының сыртың қаптап жатады?

4.Тоз арқылы газ алмасу және булану қалай жүреді?

5.Жасымықшаның клеткалық құрылысы қандай?

6.Эпидерма мен тоз клеткаларының айырмашылығы неде?

7.Қыртыс дегеніміз не, ол қалай пайда болады және оның қандай түрлері бар?

Тақырып: Механикалық ұлпалар.

Сабақтың мақсаты: Өсімдік денесіне беріктік беретін арқаулық ұлпалардың түрлерімен танысу.

Қажетті материалдар:

1.Асқабақтың немесе қиярдың сабағы, бегония жапырағының сағағы, қалақайдың сабағы, қара сораның сабағы, зығырдың сабағы, алмұрттың жемісі.

2.Зығыр, кенешөп, жүгері, қара бидай, жалбыз сабақтарының тұрақты препараттары.

3.Препараттар жасау үшін қажетті лабораториялық құрал жабдықтар.

4.Таблицалар.

Оқулықтар:

Е.Ағелеуов, К.Дөненбаева, К.Агитова, С.Иманқұлова. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. – Алматы, «Санат», 1998., 139 - 142 бет.

В.Г.Хрыжановский, С.Ф.Понаморенко. «Практикум по курсу общей ботаники». М. «Высшая школа», 1979., 56 - 60 бет.

Г.А.Бавтуто. «Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений». – Мн.: «высшая школа», 1985., 81 - 90 бет.

Тапсырма:

1.Бегония немес қызылша жапырақтары сағағының көлдене кесіндісінен препарат даярлап, бұрышты колленхиманы зерттеу.

2.Зығыр немесе кенепшөп сабағының көлденен және ұзына кесіндісінен жасалған даяр препараттан зығыр талшықтарын көру.

3.Шала піскен алмұрттың жұмсағынан препарат даярлап, қайыршақты склереиданы табу.

4.Даярлаған препараттардан колленхима, склеренхима және склереида клеткаларының құрылысын зерттеу.

5.Зерттелген механикалық тканьдердің 2 – 3 клеткасының суретін салу.

Бақылау сұрақтар:

1.Механикалық ұлпа дегеніміз не, оның қандай түрлерін білесіз?

2.Механикалық ұлпаларға тән белгілер қандай?

3.Колленхима, склеренхима клеткаларының құрылыстық айырмашылығы неде?

4.Колленхима түрлері, олардың орналасуы қандай?

5.Неге колленхима жас өсімдіктер органына тән?

6.Склереида клеткаларының негізгі белгілері қандай?

7.Склереида клеткаларының ерекшелігі қандай?

Зертханалық жұмыс №3

Тақырып: Өткізгіш ұлпалар.

Сабақ мақсаты: Өсімдік мүшелеріндегі жоғарғы және төменгі бағыттарда су мен минералды, органикалық заттардың ерітінділерін тасымалдайтын өткізгіш ұлпалар – ксилема мен флоэма құрамдарын, бұлардан құралған өткізгіш шоқтардың түрлерін препараттардан тауып құрылыс ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті материалдар: асқабақ, күнбағыс, беде, жөке, ұсасыр, селягинелла, қарағайдың сабақтарының көлденен және ұзынынан кесілген тұрақты препараттары.

Оқулықтар:

Е.Ағелеуов, К.Дөненбаева, К.Агитова, С.Иманқұлова. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. – Алматы, «Санат», 1998., 142 - 144 бет.

В.Г.Хрыжановский, С.Ф.Понаморенко. «Практикум по курсу общей ботаники». М. «Высшая школа», 1979., 60 - 64 бет.

Г.А.Бавтуто. «Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений». – Мн.: «Высшая школа», 1985., 90 - 94 бет.

Тапсырма:

1.Қарағай бұтағының ұзынынан кесілген препараттарынан 2 – 3 жиектелген саңлаулары бар трахеидтерді, олардың құрылыстық ерекшеліктерін көрсете суретін салу.

2.Усасыр немесе селягинелла тамыр сабағының,сабағының көлденен кесінділерінің препараттарынан шеңберлі өткізгіш шоқтың суретін салып, өткізгіш ұлпалардың орналасу ерекшелігін көрсету.

3.Беде немесе күнбағыс сабақтарының көлденен кесінділерінің препараттарынан коллатеральды ашық, ал жүгеріден – оның жабық түрінің суреттерін салу.

4.Жөкенің көпжылдық тамырының препараттарынан сәулелі (радиальды) өткізгіш шоқтың құрылыстық ерекшелігін көрсете суретін салу.

5.Асқабақ сабағының көлденен кесіндісінің препараттарынан сүзгілі түтікті, оның серікті клеткасын, сүзгілі табақшаны, сүзгілі аймақты және биколлатеральды өткізгішшоқты тауып, суретін салу.

Бақылау сұрақтары:

1.Өткізгіш ұлпа дегеніміз не?

2.Флоэма қандай гистологиялық элементтерден тұрады?

3.Ксилема қандай гистологиялық элементтерден тұрады?

4.Сосудтардың клетка қабырғаларының қалыңдануының қандай түрлері бар?

5.Алғашқы, соңғы флоэма мен алғашқы, соңғы ксилеманың арасында қандай айырмашылықтар бар?

6.Сосуд – талшық шоқтарына сипаттама беріңіз.

7.Қандай шоқтарды коллатеральды тұйық және ашық деп атайды?

8.Биколлатеральды шоқ дегеніміз не?

9.Радиальды немесе сәулелі шоқ дегеніміз не?

10.Концентрлі шоқ дегеніміз не? Ондағы флоэма және ксилема элементтері қалай орналасады?

Тақырып: Өркеннің бой конусының құрылысы.

Сабақ мақсаты: Өсімдіктердің өсу төбесінің құрылысымен түзуші (меристималық) ұлпа клеткаларының ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті материалдар:

1.Элодея өсімдігі.

2.Бидай, пияз, бұршақ өсімдіктері және олардың даяр препараттары.

3.Реактивтер: глицерин, хлоралгидрат, Жавель сұйығы, метилен көгі, Феллинг сұйығы, анилин көгі.

4.Препараттар жасау үшін қажетті лабораториялық құрал жабдықтар.

5.Таблица.

Оқулықтар:

Е.Ағелеуов, К.Дөненбаева, К.Агитова, С.Иманқұлова. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. – Алматы, «Санат», 1998., 128 - 131 бет.

В.Г.Хрыжановский, С.Ф.Понаморенко. «Практикум по курсу общей ботаники». М. «Высшая школа», 1979., 43 - 45 бет.

Г.А.Бавтуто. «Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений». – Мн.: «высшая школа», 1985., 70 - 73 бет.

Тапсырма:

1.Элодея өркенінің бой конусын жас жапырақтардан тазартып (жұлып тастап), одан уақытша препарат дайындау.

2.Осы препараттан бой конусындағы төбе меристемасы. Қабаттарының (дерматоген, периблема, плерома) орналасу ерекшеліктерін зерттеу.

3.Зерттеу барысында қабаттардағы клеткалардың көлеміне, орналасу ерекшеліктеріне көңіл аудару.

4.Тамыр промеристемасын бидай немесе пияз тамырларының бой конусынан жасалған даяр препараттардан қарау.

5.Сабақ және тамыр бой конустарының суреттерін салып, тиісті белгілерін жасау.

Бақылау сұрақтары:

1.Түзуші ұлпа дегеніміз не?

2.Меристема клеткаларына тән гистологиялық ерекшеліктерді атаңыз?

3.Меристема пайда болуына және өсімдік органдарында орналасуына қарай қалай классификацияланады?

4.Алғашқы түзуші ұлпалар және олардың атқаратын қызметі қандай?

Тақырып: Алғашқы жабындық ұлпалар.

Сабақ мақсаты: Өсімдіктердің алғашқы жабындық ұлпа құрамдарымен танысу, эпидермистің қорғаушы қасиетің арттыратың құрамдарын, устьицаларын белгілеу.

Қажетті материалдар:

1.Жыланқияқтың, күнбағыстың, капустаның, фикустың, жүгерінің, алманың, картоптың, жиденің, қос үйлі қалақайдың жас немесе нықтаңдырылған жапырақтары.

2.Иодтың ерітіндісі, хлор - цинк - иод, сірке қышқылы, судан Ш.

3.Препараттар жасау үшін қажетті лабораториялық құрал - жабдықтар.

4.Таблицалар.

Оқулықтар:

Е.Ағелеуов, К.Дөненбаева, К.Агитова, С.Иманқұлова. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. – Алматы, «Санат», 1998., 131 - 136 бет.

В.Г.Хрыжановский, С.Ф.Понаморенко. «Практикум по курсу общей ботаники». М. «Высшая школа», 1979., 45 - 51 бет.

Г.А.Бавтуто. «Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений». – Мн.: «высшая школа», 1985., 74 - 78 бет.

Тапсырма:

1.Дара жарнақты өсімдіктердің эпидермасын жыланқияқ жапырағынан, қос жарнақты өсімдіктердің эпидермасын бұршақ, күнбағыс, капуста өсімдіктерінің жапырағынан препарат жасап зерттеу.

2.Осы препараттардан устьица аппаратының құрылысын қарау.

3.Көп қабатты эпидерма құрылысың фикус өсімдігі жапырағынан көру.

4.Дара жарнақты өсімдіктердің эпидермасымен қос жарнақты өсімдіктер эпидермасының негізгі ұқсас және айырмашылығына көңіл бөлу. Суреттерін салу.

Бақылау сұрақтар

1.Жабындық ұлпа дегеніміз не?

2.Жабындық ткань пайда болуына және құрылысына қарай неше түрлі болады?

3.Эпидерма неге бірінші дәрежелі жабындық ұлпа болып аталады?

4.Эпидерма клеткалары қабырғаларының қалыңдығы бірдей ме?

4.Эпидерма өсімдіктің қандай органдарының сыртың қаптап жатады?

5.Устьице аппаратының құрылысы қандай?

6.Эпидерманы қорғаушы қабілетің арттыратың қандай құрамдар бар?

7.Өсімдік органдарыңда түктер қалай орналасады және


Зертханалық жұмыс №4

Тақырып : Ұрық және өскін. Қосжарнақты және дара жарнақты өсімдік тұқымының құрылысы.



Жұмыстың мақсаты: Бұршақтан және астықтұқымдастырының өкілдерің үлгісінде қосжарнақты және дара жарнақты өсімдіктердің тұқым құрылысын білу.

Құрал - жабдықтар: үлкейту шыны, кестелер, алдын ала Петри ыдысында суланған кәдімгі бұршақ (Phaseolus vulgaris), егілетін бұршақ (Pisum sativum), жұмсақ бидай (triticum alstivum), егілетін сұлы (avena sativa); бидай мен сұлы көлденең кесіндісің тұрақты микропрепараттары.
Тапсырма

  1. Үрмебұршақ, бұршақ, бидай, сұлы тұқымдарының морфологиялық анализін жасау.

  2. Қарастырылған тұқымдардың сыртқы, ішкі құрылысының суретін салу.

Жұмыс істеу тәртібі

Эндоспермі жоқ және қоректі заттар тұқым жарнағында орналасқан үрмебұршақ пен бұршақ тұқымдарын қарастыру. Қабыршағына тұқымкіндігін, микропиласына көңіл аудару. Тұқымның сыртқы түрінің сурет салып, белгілерді қою. Содан кейін тұқымның қабыршағын сыдырып алып, ішкі құрылысын қарастыру. Ұрықтанған тамыршаның сабақшаның болуын және тұқымжарнақтың сабақшаға бекініп тұрғанын бақылау. (А 23 сурет) Үрмебұршақ және бұршақ тұқым құрылысынң суретін салу.

Эндоспермі бар үрмебұршақ пен сұлының дәнектерін байқау. Дәнек – бұл ішінде бір тұқымнан болатын ұрық. Ұрыққап тұқым қабыршағымен тегіс өседі. Микроскоп арқылы астық тұқымдастарының дәнектерінің көлденең кесінділеріндегі тұрақты препараттарында ұрық және эндосперм құрылысымен танысу. Қарастырылатын астық тұқымның ұрығы негізінен алғашқы меристемадан құралатынын көрсету, бұдан тамыр аймағы бар ұрық тамыршасы бөлінеді, тамыр мойыны (колеориза), ұрық сабақшасы (гипокотиль) және конус түрлі өсіндісі бар бүршік, барлығы ұрық жапырақтармен жабылған (А 24 сурет). Астық тұқымдастарының дәнектерінде дәнжарнақ пен эпибласты табу. Дәнек ортасына қарай орналасқан перифириялы бөлікте бірыңғай жасушалы қабат - алейрондық қабат және крахмалды жасушадан тұратын эндоспермді байқай сұлы немесе бидай дәнегінің көлденең кестесіндегі суретін салып, белгілер қою.

Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар.


  1. Тұқым неден дамиды және қандай процесс оның дамуына көмектеседі?

  2. Тұқым бүршігінің қандай бөлігінен тұқым қабыршағы, ұрық, эндосперм пайда болады?

  3. Қос жарнағы және дара жарнақты өсімдіктердің тұқым құрылысының ұқсастығы мен айырмашылығы.

Әдебиет

  1. Бавтуто Г. А. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясынан лабораториялық практикум. – Минск: В. Мектеп, 1985 – 336 – 3405

  2. Воронин Н. С. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясынан лабораториялық жұмысына басқарма – М. Про

  1. Бавтуто Г. А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений – Минск: Высшая школа, 1985 – С. 336 – 340

  2. Воронин Н. С. Руководство к лабораторным занятияи по анатомии и морфологии растений - М: Просвещение, 1981 С. 59

Тақырып:Қос жарнақты және дара жарнақты өсімдіктердің өсінділерінің құрылысы.



Жұмыстың мақсаты: Үрмебұршақ, бұршақ, бидай үлгісінде қос жарнақты және дара жарнақты өсімдіктердің өсінділердің дамуы мен құрылысымен танысу.

Құрал – жабдықтар: Үлкейту шыны, кестелер, кәдімгі үрмебұршақ өсіндісі (Phaseolus vulgaris), (Pisum sativum), егілетін бұршақ өсіндісі (Pisum sativum), бидай өсіндісі (triticum alstivum)

Тапсырма


  1. Үрмебұршақ, бидай, бұршақ өсінділерінің морфологиялық анализін жасау. Үрмебұршақ өсінділерінен бұршақ өсінділерінің айырмашылығы ұрық сабақшасымен тұқым жарнағының дамуында екендігін байқау. Сондай – ақ, қос жарнақты және дара жарнақты өсімдіктердің өсінділерінің тамыр жүйелерінің дамуындағы айырмашылық.

  2. Қарастырылған өсімідік өсінділерінің жалпы түрін суретк

Жұмыс істеу тәртібі.

Үлкейткіш шыны арқылы өсінділерді қарап, үрмебұршақ, бидай тұқымдарының өсу ерекшелігін байқау. Алдымен, тұқым қабыршағын тамырша жарады, үрмебұршақ пен бұршақ бір тамыршамен өседі; ал бидай – екі, үш. Үрмебұршақтың, бұршақтың тұқым ұрық жатырнасынан пайда болған негізгі тамырдың дамуын, бүйір тамырдың дамуына, ад бидайда – қосымша тамырдың дамуына назар аудару. Жолы үлкен өсімдіктің тұқым жарнағының жасылдануына және тұқым жарнағынан ұрық жапырақтары дамитынына көңіл бөлу. Жақсы дамыған гипокотиль үрмебұршақтың өсіндісінде және нашар дамыған гипокотиль – бұршақ өсіндісінде, осыған байланысты бұршақ өсіндісінің гипокотилі топырақта қалып, тұқым жарнағы топырақ бетіне шығарылмайды. Жасы әртүрлі өсінділерінің тамырлардың, колептильдің сыртқы ұрық жапырағының, және алғашқы нағыз жапырағының дамуын байқау. (А 25 сурет)

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Үрмебұршақ, бұршақ, бидай ұрық мүшелерінің даму қандай тәртіпте жүреді?

  2. Үрмебұршақ, бұршақ, бидай өсінділерінің құрылысы қандай?

  3. Үрмебұршақ өсіндісі бидай өсіндісінен айырмашылығы?

  4. Өсінділердің дамуына қандай жағдай қажет?

Әдебиет:

  1. Бавтуто Г. А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений – Минск: Высшая школа, 1985 – С. 336 – 340

  2. Васильев А. Е. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений. – М. Просвешение, 1988 – с. 143 - 151

  1. Воронин Н. С. Руководство к лабораторным занятияи по анатомии и морфологии растений - М: Просвещение, 1981 С. 59

Зертханалық жұмыс №5

Тақырып: Тамыр жүйелерінің формалары мен түрлері.

Жұмыс мақсаты: Тамыр жүйелерінің негізгі формалары мен түрлерімен танысу. Тамыр аймақтарын білу.

Құрал – жабдықтар: үй өсімдіктердің тірі тамыр жүйелері, өсімдік гербарийлері, қос жарнақты және дара жарнақты өсімдіктердің өсінділерінің тамырлары, кестелер, бидай тамырының ұшының тұрақты препараты.

Тапсырма:



  1. Тамыр гербарийлерін, үрмебұршақ, бұршақ, бидай, сұлы өсінділерінің тамырларын, үй өсімдіктерінің тамыр жүйелерін пайдаланып, тамыр жүйелерімен танысу

  2. Әр түрлі тамыр жүйелерінің суретін салып, белгілер қою.

  3. Тамыр жүйелерінің морфологиялық формаларын қарау.

  4. Бидай өсіндісінің тамыр ұшынан препарат жасап, микроскоптың кіші үлкейткішпен қарау. Тамыр аймағын, бөліну, созылу, өткізгіш аймақтарын табу (тұрақты микропрепараттары қолдануға болады).

Жұмыс істеу тәртібі:

Жас үй өсімдіктің, үрмебұршақ, бұршақ, бидай, сұлы өсінділерінің, гербарияланған өсімдік тамырларын байқау. Тамыр жүйесі негізгі тамыр болып саналатын өсімдіктерді жеке, қосымша тамыр және аралас тамыр жүйелі бар өсімдіктерді жеке бөліп қою.

Тамыр жүйесінің түрлерін суретке салу, негізгі тамырды, қосымша, бүйір тамырларды белгілеу (А 26 сурет).

Тамыр жүйелерінің морфологиялық формаларын қарастыру – конус, цилиндр, шалқан, жіпше тәрізді формаларын қарастыру.

Бидай өсіндісінің тамыр ұшынының препаратын дайындау үшін бидай өсіндісінің тамырларының біреуін алып, тамыр ұшынан 1,5 см ұзындық кесіп алып, зат шынысын тамызылған суға қойып сыртын жұқа шынымен жабу керек. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарау. Тамыр ұшындағы тамыр аймағын, алғашқы меристемасынын жұқа қабырғалы паренхиманын, жасушалардан тұратын бөліну аймағын, кейін созылу аймағын табу. Тамыр ұшынан 2 – 3 мм қашықтықта сору аймағын, немесе ұзындығы бірнеше мм – ге жететін тамыр түгінің аймағын табу. (А 27 сурет) Сіңіру аймағынан жоғары орналасқан өткізу аймағына назар аудару. Ол тамыр мойынына дейні жалғасады.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:



  1. Негізгі тамыр неден пайда болады?

  2. Бүйір және қосымша тамырлардың дамуы қандай?

  3. Дамуы бойынша тамыр жүйесі қандай болады?

  4. Тамыр формалары белгілі?

  5. Тамырдың қандай аймақтары бар, олардың құрылысы қандай?

  6. Аймақтың әрбіреуі қандай қызмет атқарады?

Әдебиет:

1.Бавтуто Г. А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений – Минск: Высшая школа, 1985, с. 100 – 108

2. Воронин Н. С. Руководство к лабораторным занятияи по анатомии и морфологии растений - М: Просвещение, 1981 с. 66 – 69
Тақырып: Герман құртқашашының тамырының алғашқы анатомиялық құрылысы.

Жұмыс мақсаты: Герман құртқашаш үлгісінде дара жарнақты өсімдіктердің алғашқы анатомиялық тамыр құрылысымыен танысу.

Құрал – жабдықтар: микроскоп, герман құртқашашының көлденең тамыр кесіндісінің тұрақты микропрепараттары; кестеле

Тапсырма:



  1. Герман құртқашашының көлденең тамыр кесіндісінің микропрепаратында алғашқы анатомиялық тамыр ққұрылысын қарастыру.

  2. Қарастырылған тамырдың суретін салу және оның ұлпаларын белгілеп қою.

Жұмыс істеу тәртібі:

Микроскоптың зат үстелшесіне тұрақты препаратты қою. Көлденең тамыр кесіндісін кіші үлкейткішпен ұқыпты қарау (А 28 сурет). Сыртқы қабат – экзотермадан, ортаңғы қабат - мезодермадан (негізі паренхима), және кші қабат – эндоднрмадан тұратын жуан қабыққа назар аудару. Перициклмен қапталған ортаңғы цилиндр табу. Орталық цилиндрдің ішінде радиалдың өткізу түтікшелер орналасқан. Ортасында орналасқан үлкен көп сәулелі түтіктермен, ал сыртында кішкентай түтіктер бар. Ксилеманың алдында флоэма аймағы орналасқан, жоқ.

Құртқашаштың сыртында эпиблемамен жабылғанына назар аудару. Эпиблеманың қалың қабықшасы бар тығыз орналасқан паренхималық жасушаларынан тұратын 2 – 4 қабатты экзодерма орналасқан. Сирек орналасқан жасушалар мен көптеген жасушааралықтардан тұратын, қабық паренхимасы ортаңғы қабат. Құртқашашта алғашқы бірінші қабықтан 2 – ші құрылысқа өтетін ішкі бөлігін табу. Эндодерманың ішкі қабырғаларының субериннің жиналатына көз жеткізу. Бұндай жасушалар өткізбейтін болады. Сондықтан су мен коректі заттар өткізгіш жасушалар арқылы өтеді. Өткізгіш жасушаларын табу. Микроскоптың үлкен үлкейткіштермен тамырдың жеке аймақтарын ұқыпты қарау. Тамыр бөлігін сектор ретінде суретке салып, оның ұлпаларын белгілеу.
Өзін - өзі тексеруге арнлаған сұрақтары:


  1. Герман құртқашашының тамыр құрылысын неліктен алғашқы дейді?

  2. Алғашқы қабық қандай ұлпалардан тұрады және оның құрылысы қандай?

  3. Тамырдың орталық цилиндр қайда орналасқан және құрылысы қандай?

  4. Су топырақтан тамыр жүйесіне қалай өтеді?

  5. Құртқашатың өткізгіш түтікшесінің құрылысы

  6. Периуиклдің қызметі қандай?

Әдебиет:

    1. Бавтуто Г. А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений – Минск: Высшая школа, 1985, с. 111 – 115

    2. Хржановский В. Г., Пономаренко С. Ф. Практикум по курсу обшей ботаники – М. Высшая школа, 1979 - с. 80 – 82

Тақырып: Кәдімгі асқабақтың тамырдың екінші анатомиясының құрылысы



Жұмыстың мақсаты: Кәдімгі асқабақ үлгісінде қос жарнақты өсімдіктердің тамырының екінші анатомиялық құрылысымен танысу.

Құрал – жабыдқтар: Микроскоп, жас асқабақ тамырынң көлденең кесіндісі (), асқабақ тамырынң өткізу көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараты; кестелер, керекту құрал - жабыдқтар.

Тапсырма:



  1. Жас асқабақ тамырынң көлденең кесіндісінің тұрақты препаратын қарау және камбийдің бастауымен танысу. Суретін салып, белгілерін қою.

  2. Асқабақ тамырының өткізу аймағының көлденең кесіндісінен препарат жасау немесе дайын препарат соңғы құрылысын білу, суретін салып, белгілерін қою.

Жұмыс істеу тәртібі:

Асқбақтың жас тамырының көлденең кесіндісін тұрақты микропрепартын микроскоптың зат үстелшесіне қойып, кіші үлкейткішпен, содан үлкен үлкейткішпен тамырдың барлық ұлпаларын қарау (А 29 сурет) Ксилема мен флоэма арасында дамып жасуша ортамысын бөліп тастаушы бөліну қабаты (камбий) , соңғы ксилема элементіне дифференцияланады, ал жасуша сыртына, моңғы флоэма элементіне дифференцияланады. Төрт сәулелі суретін салып, алғашқы ксилемасы, камбийді, соңғы ксилеманың түтіктерін, алғашқы және соңғы флоэманы белгілеп қою.

Асқабақ тамырынң соңғы құрылысын қарастыру үшін, тамырдың көлденең жұқа кесіндісін жасчап, микроскоп астында қарау немесе тұрақты микропрепаратпен пайдалануға болады. Кіші үлкейткіш арқылы тамыр ортасындағы төрт сәулелі алғашқы ксилеманы табу. Алғашқы ксилеманың сәулелерінен радиалды (жүрек тәрізді) сәулелер басталады, бұлар жұқа қабырғалы паренхимадан тұрады. Радиалдық сәулелер арасында ашық коллатералдық жұптар жасайтын, үлкен түтіктері және жасушаларының сүректі паренхимасы бар соңғы ксилема бөліктері көрінеде. Соңғы ксилема мен соңғы флоэма арасында соңғы ксилема мен соңғы флоэма қабаттарын өндіретін тор ретінде камбий дамиды. Камбий сыртына қарай орналасқан ұлпалардан тұратын негізгі қабыққа мән беру. Бұл – флоэма, негізгі паренхима, феллодерма, тозды камбий сияқты ұлпалар. Тамырдың көлденең кесіндісінің құрылысын суретке салып, барлық ұлпаларды белгілеу.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Алғашқы тамырдың соңғы тамырдың құрылысының анатомиялық ерекшеліктері неде?

  2. Камбийден қандай ұлпалар пайда болады?

  3. Соңғы құрылыста тамыр қандай ұлпалардан тұрады?

Әдебиет:

    1. Бавтуто Г. А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений – Минск: Высшая школа, 1985, с. 119– 121

    2. Хржановский В. Г., Пономаренко С. Ф. Практикум по курсу обшей ботаники – М. Высшая школа, 1979 - с. 82 –

Зертханалық жұмыс №6

Тақырып: Өркен мен оның негізгі элементтері

Жұмыс мақсаты: Өркеннің әр түрлілігімен жәнебөліктерімен танысу. Метамерлерді бөліп, бүршіктердің құрылысын, жапырақ орналасуын, бұтақтануды қарастыру; өркен жүйелерінің пайда болуы.

Құрал – жабдықтар: үй өсімдіктері, үлкейткіш шыны, инелер, кестелер, кескіш құрал, қара терек (populus nigra), жапырақты үйеңкі (acer negundo), қайың (betula pendula), үй алма ағашы (malus domestica), кәдімгі қарағай (pinus silvestris), мамық бұтақты қарағай (ulmus pinatto - ramosa), кәдімгі серігүл (syringe vulgaris), плаун (lycopedium clavatum), тұқымдастар гербариі: жатаған бидайық (agropuron repens), шалғын қоңырбас (poa pratensis), қызылот арпабас (bromus inermis), кәдімгі бетеге (festuca sulcata) - өсімдіктің өркендерінің үлгілері.

Тапсырма:



  1. Сүректі, шөптесін, үй өсімдіктерінің үлгісінде өркеннің морфологиялық бөліктерін қарастырып, метамерлерді, ұзын, қысқа өркендерді белгілеу. Өркеннің морфологиялық құрылысын суретке салу.

  2. Бүршіктің ішкі және сыртқы құрылысын білу. Вегетативтік және генеративтік бүршіктің көлденең кесіндісінің суретін салып, бөліктерін белгілеу.

  3. Өркенде жапырақ орналасу түрлерімен танысу. Өркендегі бүршік сақиналарын көру. Бұтақтар жасын белгілеп, ағаштың бір жылғы өркеннің шекараларын белгілеу.

  4. Бұтақтану түрлерін, плаун, серігүл, қайың, терек өсімдіктерінің өркен жүйелерінің пайда болуын қарастыру схемалық түрде өркеннің бұтақтануын суретке салу.

  5. Астық тұқымдастарының түптену буынның ерекшеліктерімен танысу. Түптену буынның суретін салып, белгіле

Жұмыс істеу тәртібі:

Әр түрлі өсімдктердің өркендерін ұқыпты қарап, сүректі және шөптесін өркендерге назар аудару, буындапр мен буынаралықтарды табу, өркендер метамерлерін бөліп қою, ұзарған және төбе бүршіктерді табу (А 31 сурет). Өркеннің морфологиялық құрылысын суретке салу.

Сүректі өркендердің бүршік түсін, пішінің, формасын байқау. Вегетативтік және генеративті бүршік арқылы көлденең кесінді жасау. Қабыршақ, гүл шоғырының ұрығын, жапырақ ұрығын белгілеп қою (А 23 сурет). Бүршіктің вегетативтік , генеративтік көлденең кесіндісінің суретін салу.

Өркендегі жапырақ орналасуын қарау. Жапырақтың супртивтік, мутотивтік, спиралдық орналасуын табу. Бүршік сақиналарын белгідеу, қара теректің бұтақ жасын анықтап, жылдық өркеннің шекарасын көрсету.

Дихотомиялы жалған дихотомиялы , моноподилі, симподилі өркеннің бұтақтану тәсіліне назар аудару. Ол топырақ бетінде түптену буынында болады (а 34 сурет). Жатаған бидайық, қоңырбас, арпабас, бетеге сияқты өсімдіктердің түптену буының тауып, қарастыру.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Өркен дегеніміз не?

  2. Буын және буынаралывқ деген не?

  3. Метамер. Құрамына өркеннің қанадй бөліктері кіреді?

  4. Қысқарған, ұзарған өркен деп қандай өркендерді айтамыз?

  5. Сүректі өсімдіктер шөптесін өсімдіктерден айырмашылығы.

  6. Бүршік орналасу, пайда болу, қорғану бойынша қалай класификацияланады?

  7. Бүршік сақинасы қалай пайда болады?

  8. Дихотомиялы бұтақтану жалған дихотомиялыдан және моноподилі бұтақтану симподиліден айырмашылығы?

  9. Қандай бұтақтану прогрессивтік деп аталады және неге?

Әдебиет:

1.Бавтуто Г. А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений – Минск: Высшая школа, 1985, с. 140 – 156

2.Хржановский В. Г., Пономаренко С. Ф. Практикум по курсу обшей ботаники – М. Высшая школа, 1979 - с. 85 – 88
Тақырып:Жапырақ морфологиясы мен анатомиясы

Жұмыс мақсаты: әр түрлі өсімдік жапырақтарының морфологиялық анатомиялық ерекшеліктерін білу. Мектепте көрсету үшін жапырақтың көлденең кесіндісінің препараттарын жасауға үйрену.

Құрал - жабдықтар: өсімдіктері, қабыршақты емен (quercus robur), қара терек (populus nigra), қайың (betula pendula), ағаш қарағай (caragana arborescens), кәдімгі серігүл (syringe vulgaris), итмұрын (rosa cinnamomea), тырсық селеу (stipa sareptana), жатаған беде (trifolium repens), және т.б. түрлң өсімдіктердің гербарлық үлгісіндегі жапырақтың түрлері, Жапон шайшөп (camelia japonica), герман құртқашаш (iris germanica), кәдімгі қарағай (pinus silvestris), сияқты өсімдіктердің жапырақтарының көлденең кесінділерінің микропрепараттары, микроскоптар, кесетелер, ұстара, су бар ыдыс, зат және жабынды шынылар; картоп үзінділері, инелер.

Тапсырма:



    1. Әр түрлі өсімдіктердің және үй өсімдіктердің гербарийлерін қарастыру. Олардың арасынан қабыршақтысын, отырықшысын табу, жапырақ серігі бар жапырақтарды табу. Мысалдарды суретке салып аттарын жазу.

    2. Жапырақтың жүйкеленуін қарастыру. Доға тәрізді, тор тәрізді, параллель саусақты – салалы, аша тәрізді жүйкелердің суретін салу.

    3. Жапырақ пластинкаларының бөленген формаларын және жапырақ пластинкалар шетінің кесінділерін, өсімдіктірінің жапырақ формаларын қарастыру.

    4. Жай және күрделі жапырақтарды табу. Күрделі жапырақтар ішінен саусақты – салалы, пар қауырсынды, пар емес қауырсынды жапырақтарды бөліп көрсету. Күрделі және жай жапырақ мысалдарын суретке салу.

    5. Әдемі фикустың жапырақ пластинкасының көлденең жұқа кесіндісін жасау немесе басқа екі бөлікті өсімдікті қарастыруға болады.

Барлық ұлпаларды қарастырып суретін салу.

    1. Шайшөп, құртқашаш, қарағай қышасының көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараттарын қарастырып, жапырақтардың анатомиялық құрылысымен танысу. Әрбір өкілдің жапырақ микроскопиялық құрылысының суретін салып, барлық ұлпаларды қою.

Жұмыс істеу тәртібі:

Гербариялық материалды және үй өсімдіктердің жапырақтарың морфологиялық құрылысын қарастыру.

Егілетін бұршақ жапырақ сағағының қасында дамитын үлкен гүлсеріктерге назар аудару.

Сағақты, отырықшы жапырақтары бар өсімдіктерді жеке бағанға бөліп қою (А 35 сурет).

Үй өсімдіктердің арасынан торлы (қауырсынды), доға тәрізді және параллель жапырақ жүйкеленуін табу. Гербарий үлгісіндегі қос алақанды гингконың жапырақ жүйкеленуін ұқыпты қарау.

Гербарий үлгісіндегі мүшелену бойынша жапырақ пластинкаларын (алақанды, қауырсын алақанды, сүзгілі, көп қауырсын сүзгілі және т.б.) жапырақ пластинкасының шетінің кесілуі бойынша (аралы, қосаралы, тістелі, дөңес, ойықты), жапырақ пластинка формасы бойынша (сызықты, ланцетник тәрізді, ромб тәрізді, бүйрек тәрізді, кері жұмыртқа тәрізді, қалқанша тәрізді, жүрек тәрізді және т.б.) (А. 36-сурет). Жапырақтың морфологиялық анализін жасау.

Фикус немесе басқа үй өсімдігінің жапырағын картоптың екі кесек арасына қойып, ұстара арқылы көлденең кескін жасау. Кесілген кесіндіні су тамызылған зат шынысына қою. Алдымен микроскоптың кіші үлкейткішімен, кейін үлкенімен қарау. Төменгі және үстіңгі эпидерманы, саңылауларды, бағаналы және борпылдақ паренхиманы, склеренхиманы және т.б. ұлпаларды табу. (А. 37-сурет).

Шайшөп, қылқанды қарағай өсімдіктер жапырақтарының көлденең кесінділерінің тұрақты микропрепараттарда анатомиялық құрылыстың айырмашылығы мен ұқсастығын табу.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Өсімдік жапырағының рөлі қандай және жапырақтың негізгі функциясы қандай?

  2. Қалаларды және адамдар жүретін басқа да жерлерде көгалдандыру процесінің мәні неде?

  3. Жапырақтардың морфологиялық құрыласы қандай? Неліктен жапырақта морфологиялық ерекшеліктерінің әр түрлілігі болады? Бұл немен байланысты?

  4. эпидерманың микроскопиялық құрылысын пайдаланып, жапырақтың төменгі және жоғарғы жақтарын білу.

  5. Бағаналы, борпылдақ, бүктемелі мезофиллдер бір-бірінің айырмашылығы неде?

  6. Жапырақтың анатомиялық құрылысында жүйкелену деген не?

Әдебиет:

  1. Бавтуто Г.А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений - Минск: Высшая школа, 1985г. – с. 218-252

  2. Васильев А.Е. и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений. – М.: Просвещение, 1988г. – с. 199-228

  3. Воронин Н. С. Руководство к лабораторным занятияи по анатомии и морфологии растений - М: Просвещение, 1981 с. 110-118

Тақырып: Сүректі өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысы



Жұмыстың мақсаты:

Кәдімгі қарағай (Pinus silvestris) және жүректі жөке ағашының (Tilia cordata) сабағының үлгісінде жалаңаш тұқымды, қосжарнақты жабық тұқымды сүректі өсімдік сағағымен танысу.



Құрал-жабдықтар:

3-4 жылғы қарағай (Pinus silvestris) және жөке ағашының (Tilia cordata) сабақтары, микроскоп, зат және жабынды шынылар, ұстара, инелер, суы бар ыдыс, пипетка, қарағай және жөке ағашының сабақ көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараттары; көпжылғы кәдімгі қарағай (Pinus silvestris), қайың (Betula pendula), қара терек (Populus nigra) ағаштар діңдерінің кесінділері: кестелер, йодтық йод ерітіндісі.

Тапсырма:


  1. Терек, қайың, қарағайдың көпжылдық діңдерін қарастыру.

  2. Қабықшаны, қабықты, флоэма, камбий, ксилема, өзекті табу.

  3. Жүректі жөке ағашы мен кәдімгі қарағай сабағының көлденең кесіндісін жасау (тұрақты микропрепараттарды пайдалануға болады). Сабақтың анатомиялық құрылысын қарап, суретін салу.

Жұмыс істеу тәртібі:Қарағай, терек, қайың көпжылғы діңдерінің көлденең кесіндісінде ұлпалардың, өзектің, сүректің, камбий мен қабықтың орналасуын байқау. Сондай-ақ сабақты құрайтын көбі сүректің жылдық сақиналары болып табылады. Қарағай мен жөке ағашының сабақтарының микроскопиялық құрылысымен танысу үшін, алдымен осы ағаштың 3 жылдық өркендерін алып, ұстара арқылы буынаралық жерде жұқа көлденең кескін жасау. Кейін бұл кескіндерді су немесе йодты йод ерітіндісі тамызылған зат шынысына қойып, үстін шынымен жабу. Тұрақты препараттармен де жұмыс істеуге болады. Алдымен кіші үлкейткішпен қарап, кейін – үлкен. (А. 38, А. 39-суреттер). Барлық ұлпалар түрлерін көріп, суретін салу.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Көпжылдық діңдерінің көлденең кесінділерінде ағаш жолын анықтауға болады?

  2. Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің сүректі жабық тұқымды өсімдіктердің сабақ құрылысының айырмашылығы неде?

  3. Алғашқы және соңғы жабындық қабыққа қандай гистологиялық элементтер енеді?

  4. Шелқабық ядролық сүректен айырмашылығы неде?

  5. Өзекті сәлелердің құрылысы мен мәне қандай?

Әдебиет:

  1. Бавтуто Г.А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений - Минск: Высшая школа, 1985г. – с. 192-209

  2. Воронин Н. С. Руководство к лабораторным занятияи по анатомии и морфологии растений - М: Просвещение, 1981 с. 101-110

Тақырып:Шөптесін қосжарнақты өсімдік сабағының анатомиялық құрылысы (2 сағат)



Жұмыс мақсаты:

Күнбағыс, зығыр, құсықшөп үлгісіндегі шөптесін өсімдік сабағының анатомиялық құрылысымен танысу.



Құрал-жабдықтар:

Тіркелген кәдімгі зығыр сабағы (Linum usi tatissimum), бір жылғы күнбағыс сабағы (Helianthuc), шырмауық құсықшөп сабағының (Aristolochia clematitis) көлденең кесінділері немесе тұрақты препараттар, су, пипетка, ұстара, шикі картоп кесектері, Петри ыдысы, зат және жабынды шынылар, микроскоп кесте.

Тапсырма:


  1. Зығыр сабағының көлденең кесіндісінен препарат жасап, оның шоқты емес құрылысын қарастыру.

  2. Күнбағыс сабағының көлденең кесіндісінен препарат жасап, оның өтпелі құрылысымен танысу.

  3. Құсықшөп сабағының көлденең кесіндісінен препарат жасап, оның шоқты құрылысымен танысу.

  4. Қарастырылған сабақ құрылысының типтерін суретке салып, ұлпаларының белгілерін қою.

Жұмыс істеу тәртібі:

Буынаралық жерінде зығыр сабағының кесегін алып, оны екі шикі картоп арасын қатып, ұстара арқылы көлденең кескін жасау. Ең жұқа кескінді су тамызылған зат шынысына қою. Алынған препаратты, алдымен кіші үлкейткішпен, кейін үлкен үлкейткішпен қарау. Сырты катикуламен жабылған эпидерма жасушаларын, алғашқы қабық аймағын, алғашқы қабықтың ішкі қабатын – эндодерманы, тін талшықтарын, флоэма, камбий, соңғы ксилема, алғашқы ксилема, өзекті сәулелер, өзек паренхимасы, ішкі қуысты табу (А. 40-сурет). Ксилема мен флоэманың күрделі қабаттарына және олардың шоқты емес құрылысына назар аудару. Зығыр сабағының көлденең кесіндісінің тұрақты препаратын пайдалануға болады; суретін салып, белгілеп қою.

Күнбағыстың буынаралық жері мен сабағының көлденең кесіндісін екі шикі картоп арасына қою. Кіші үлкейткішпен, кейін үлкен үлкейткішпен қарау. Көп клеткалы түктері бар эпидерманы, сабақ ішіне ығысатын алғашқы қабықтың бар болуына көз жеткізу. Оның құрамына механикалық ұлпа – колленхима жатады. Колленхима астында, алғашқы қабықтың паренхима қабаты, одан кейін эндодерма. Алғашқы қабаттан кейін орталық цилиндрдің болуына және өткізгіш шоқтар бір қатарға орналасатынына назар аудару. Барлық шоқтар аралық шоқ камбийдің ұсақ клеткалы бұйра сызықпен байланысқан (А. 41-сурет). Одан жаңа өткізгіш ашық коллотералды шоқтар пайда болады. Сабақ ортасындағы белгілі өзекті көрсету. Күнбағыс сабағының көлденең кесіндісін суретке салу.

Құсықшөп сабағының анатомиялық құрылысын тұрақты препаратқа қарастырған жөн. Алдымен микроскоптың кіші үлкейткішімен қарау. Эпидерма орталық цилиндр, алғашқы қабықты анықтау. Кейін ұлпаларын үлкен үлкейткішпен қарау. Эпидерма астындағы колленхиманы, қабық паренхимасын, эпидерманы, буынаралық, өзекті сәулелерді, өзек паренхимасынтабу. (А. 42-сурет). Суретін салып, белгілерін қою.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Шөптесін өсімдіктердің сүректі өсімдіктерден айырмашылығы неде?

  2. Сабақ пен тамыр құрылысының айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

  3. Прокамбийден алғашқы ұлпалар қалай пайда болады?

  4. Кәдімгі зығыр сабағының құрылыс ерекшелігі неде?

  5. Күнбағыс сабағының құрылыс ерекшелігі неде?

  6. Шырмауық құсықшөп сабағының құрылыс ерекшелігі неде?

  7. Сабақтың шоқты құрылысы шоқсыз құрылысынан және өтпелі құрылыстан айырмашылығы неде?

Әдебиет:

1.Бавтуто Г. А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений – Минск: Высшая школа, 1985, с. 180-185

2.Хржановский В. Г., Пономаренко С. Ф. Практикум по курсу обшей ботаники – М. Высшая школа, 1979 - с. 116-124
Тақырып :Дара жарнақты өсімдік сабағының анатомиялық құрылысы

Жұмыс мақсаты:

Аспарагус және құртқашаш үлгісінде сабағының көленең кесіндісінде алғашқы қабық жақсы айқындалған дара жарнақты өсімдіктермен танысу және нашар айқындалған астық тұқымдас өсімдіктердің сабағының үлгісінде;

Құрал – жабдық: Шпренгер аспарагус (Asparagus Sprengeri) өсімдігінің сабақ кесінділері Герман құртқашашының (Iris germanica), екпе қара бидай (Secale cereale), Жүгерінің (Zea mays)сабақтарының көлденең кесінділерінің тұрақты препараттары, суы бар ыдыс, пипетка, зат және жабындық шынылар, иенлер, микроскоп, кестелер, шикі картоп кесектері, ұстара.

Тапсырма:


  1. Аспарагус сабағының көлденең кесіндісін жасау немесе құртқашаш сабағының көлденең кесіндісіндегі тұрақтыпрепаратты пайдалана отырып, алғашқы қабығы жақсы айқындалған дара жарнақты өсімдіктің сабақ құрылысымен танысу.

  2. Астық тұқымдастарда екпе қара бидай сабағының көлденең кесіндісінің тұрақты препаратында сабан сабағын қарастыру.

  3. Тұрақты препаратта жүгері сабағының құрылысын қарастыру.

  4. Қарастырылған өсімдік сабағының секторларын суреткесалып, барлық ұлпаларды белгілеу.

Жұмыс істеу тәртібі: Аспарагус сабағын алып, 2 кесек шикі картоп арсына қойып, бірнеше жұқа көлденең кескін жасау. Ең жұқа кескінді сабақ құрылысын қарастыру үшін пайдалану. Құртқашаш сабағының көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепаратын пайдалануға болады. Жалпы сабақ құрылысын микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап, кейін сабақтың гистологиялық элементтерін үлкен үлкейткішпен қарау. Эпидерма, алғашқы қабық, склеренхима, перицикл, сабақтың негізгі паренхимасын, жабық өткізу шоқтарын табу. Сабақ құрылысын суретке салып, белгілер қою.

Қара бидай сабағының көленең кесіндісінің тұрақты препаратын микроскоптың зат үстелшесіне қою. Кіші үлкейткіш арқылы сабақтың жалпы құрылысын қарастыру. Үлкен үлкейткішпен өткізгіш шоқтарын, олардың орналасуын, олардың санын, сабақтың ортасын алып жатқан қуысқа назар аудару. Эпидерма, склеренхима, клоренхима, жабық коллотериалдық өткізгіш шоқтар, негізгі паренхиманы бөліп көрсету. (А 43 сурет). Қара бидай сабағының құрылысын суретке салу.

Жүгері сабағын қарастырғанда тұрақты микропрепаратты қолдануға болады. Сабақтың ортасы негізгі паренхимадан тұрады. Қуыс жоқ.Өткізгіш коллотериалды, жабық шоқтар паренхимада ретсіз орналасады. Өткізгіш шоқтарындағы флоэманың тінді паренхимасы жоқ. Торлы түтіктер және шығарып салатын клеткалар торша ретінде болады. Ксилемада екі үлкен торлы түтік және екі кішкентай түтік бар. Олар радиалды қатар құрып орналасқан. Сақиналы-спиральды және сақиналы. Олардың астында қуыс орналасады. (А 44 сурет.) Ксилеманың сүректі паренхимасы болады. Жүгері сабағының құрылысының суретін салып, белгілер жасау.

Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар.



  1. Дара жарнақты өсімдіктердің сабағының құрылысы қандай ?

  2. Неліктен дара жарнақты өсімдіктерде екінші жуандану болмайды ?

  3. Дара жарнақты өсімдіктердің өткізгіш шоқтарының құрылысы қандай?

  4. Дара жарнақты өсімдіктерде қандай өткізгіш шоқтарының типтері кездеседі?

  5. Дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктер сабағының құрылысындағы негізгі айырмашылықтар.

Әдебиет

  1. Бавтуто Г.А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений- Минск: «Высшая школа», 1985- с 186-190

  2. Хржановский В.Г., Прнамаренко С.Ф. Практикум по курсу общей ботаники, - М: «Высшая школа», 1979.- с 125-129

Зертханалық жұмыс №7

Тақырып 21. Гүлдің алуан түрлілігі. Олардың құрылысындағы жалпы заңдылықтар (4 сағ)

Жұмыс мақсаты: Әртүрлітұқымдастардан, әртүрлі гүлдер құрылысын құрастыру.

Құрал- жабдықтар: Жатаған сорғалдақ (Ranuculus repens), ақ тұңғиық (Numphea candida), қоңыр итмұрын (Rosa cinnamomea), үй алма ағашы (Malus domestica), бақшалы орамжапырақ (Brassica olearacea), екпе бұршақ (Pisum sativum), картоп (Solanum arvensis), сібір гүлпепіресі (Centaurea sibirica), дәрілік бақбақ (Taraxacum officinale), алтай қызғалдағы (Tulipa altaica), мамыр інжугүлі (Convallaria maialis), жұмсақ бидай (Triticum aestivum), көкпек (Atriplex ritens), және т.б. гербариланған гүлдер; үлкейткіш шынылар, инелер, пинцет, зат және жабынды шынылар; гүлденген үй өсімдіктері, кестелер, өсімдік гербариі, Түйін мен тозаңдықтың көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараттары.

Тапсырма:



  1. Гүлсерігінің құрылысына қарай әртүрлі гүлдермен, андроцей және геницеймен танысу.

  2. Сарғалдақ гүлінің құрылысын қарап, тостаған жапырақша, күлте жапырақша, аталық, аналықтың гүл тұғырында орналасуын байқау. Гүлдің вегетативтік өркенмен және ашық тұқымдылардың бүрімен ұқсастығын көрсету. Сарғалдақ гүлін суретке салу.

  3. Ақ тұңғиық гүлінің құрылысын зерттеу.

  4. Құрам бойынша гүлдердің құрылысы: Қос қабат гүлсерігі бар ( алма ағашы, сарғалдақ, орамжапырақ, итмұрын), жай гүлсерігімен (қызғалдақ, інжігүл, амариллис), жай тостаған тәрізді гүлсерігімен (көкпек), сондай-ақ талдың жалаңаш гүлдерін, қайыңның аталық, аналық гүлдерін, күнбағыстың ұрпақсыз жалған тілді гүлдерін, гүлкекіренің гүлдерін, асбұршақтың зигоморфтық гүлдерін, шиенің актиноморфтық гүлдерін қарастыру.

  5. Картоп, шырмауық, темекі, бақабақтың біріккен желекті күлтелерінің формаларын қарастыру.

  6. Бидай үлгісінде астық тұқымдастардың гүлдерін қарастыру.

  7. Түйін мен тозаңдықтың көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараттарын байқау, суретін салу.

Жұмыс істеу тәртібі: Түрлі өсімдіктердің гүлдерін қарастыру. Олардағы гүлсерік, аталық, аналықты табу. Гүл тұғырында гүл мүшелерінің еркін орналасуына, санына назар аудару. (А. 45 сурет)

Суланған сарғалдақ гүлін алу. Дөңес гүл тұғыры, тостаған жапырақша, көптеген аталық пен аналықты табу.Гүлсеріктің жапырақшалары екі шеңбер бойынша орналасып, ал аталық, аналық спираль бойынша орналасады. (гемициклді, жарты шеңбер гүлі). Сарғалдақтың вегетативтік өркенімен және ашық тұқымдылардың бүрімен ұқсастығын көрсету.

Тұңғиықты қарастырған кезде кәдімгі аталықтан тозаңдықтың редукциялануы нәтижесінде және аталық жібі- жапырақшаға. Гүлдің мүшелері спираль бойынша орналасады (А. 46 сурет)

Гүлдердің алуан түрлілігінен қос қабатты гүлсерігі бар гүлдері, жай күлтесімен және тостаған тәрізді күлтесімен, жалаңаш гүлдерін жекелеп қою. Қайың сырғаларын, аталық, аналық гүлдерін қарау. Күнбағыс гүлдерін: түтікті, жалған тілді; ұрпақсыз гүлдерін қарастыру. Гүлкекіре қалтасы гүлшоғын алып, екі жынысты түтікті және ұрпақсыз гүлдереді табу.

Асбұршақтың зигоморфтық гүлін қарастыру. Гүл арқылы бір ғана симметрия жүргізуге болады, яғни гүл зигоморфтық (А. 47 сурет) Картоп, шырмауық, темекі, бақбақтың біріккен желекті күлтенің формаларымен танысу.

Бидайдың күрделі масағын алып, одан жай масақшаны бөліп алып, оны қарау. Масақшада қанша гүл барын анықтау. Гүл құрылысын байқау. Астыңғы және үстіңгі гүлдің қабыршақ, ауыз, түйін, гүл жарғағын табу. Құрылысын суретке салу.

Гүлдің түйінінің көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараттарында тұқымсағақ, интегумент, микропиле, халаза, нуцеллус, ұрық қапшығы, жұмыртқа жасушасы, синергид, антипод, екінші ядроны табу. Құрылысын суретке салу.

Тозаңдықтың көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепаратында эпидерма, фиброздық қабат, дегенерациялаушы қабат, тапетум, археспорий, тозаңды табу. Құрылысының суретін салу.

Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар.


  1. Гүл дегеніміз не?

  2. Гүлдің негізгі қызметі?

  3. Гүлдердің құрылысы, гүлсеріктің болуымен болмауына байланысты қандай типке бөлеміз?

  4. Қандай өсімдіктерді қосжынысты, дара жынысты деп атайды?

  5. Қандай өсімдіктерді бір үйлі, екі үйлі деп атаймыз?

  6. Гүл мүшелерінің орналасуы қандай?

  7. Андроцей деген не және оның мінездемесі?

  8. Жабықтұқымдыларда қайда және қалай аталық гаметофит дамиды? Оның құрылысы мен қызметі.

  9. Геницей деген не, оның жалпы сипаты.

  10. Гүлді өсімдіктердің тұқым бүрінің құрылысы қандай?

  11. Жабықтұқымдыларда аналық гаметофит қайда және қалай дамиды? Оның құрылысы және ол қалай аталады?

  12. Жабықтұқымдылардағы қос ұрықтанудың ерекшеліктері. Оны кім және қашан ашты?

  13. Гүлді өсімдіктердің даму циклінің ерекшелігі қандай?

Әдебиет

  1. Бавтуто Г.А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений- Минск: «Высшая школа», 1985- с 279-285

  2. Воронин Н.С. Руководство к лабораторным занятиям по анатомии и морфологии растений.- М: Просвещение, 1981. с. 123-134

Тақырып:Гүлдің формуласы мен диаграммасы

Жұмы мақсаты: Формула, диаграмма арқылы гүлдің сипатын құруды үйрену.

Құрал- жабдық: Жатаған сарғалдақ (Ranuculus repens), екпе шалқан (Raphanus sativus), үй алма ағашы (Malus domestica), кәдімгі шие (Cerasus vulgaris), түйнекті картоп (Solanum tuberosum), екпе асбұршақ (Pisum sativum), екпе қияр (Cucumis sativus), гибридті гиппеаструм (Hippeastrum hibridum), кәдімгі қызылша (Beta vulgaris), екпе қара бидай (Secale cereale) өсімдіктерінің суланған гүлдері, шалқан, шие, картоп, асбұршақ, бидай муляждары, үлкейткіш шынылар, инелер, зат шынылары, пинцет, кестелер.

Тапсырма:



  1. Қос гүлсерігі бар (сарғалдақ, шалқан, алма ағашы, шие, картоп, асбұршақ, қияр), жай гүлсерігі бар (гиппеаструм, қызылша), қабыршақ пленкасы бар гүлсерігі (қара бидай) баргүлдер құрылысын талдау.

  2. Қарастырылған гүлдердің формуласы мен диаграммасын құру.

Жұмыс істеу тәртібі: Жұмысты қос гүлсерігі бар гүлдерден бастау керек. Ол талық пен аналықты табу.Тостаған мен күлтелер шеңбер бойымен орналасады, ал аталық пен аналық спиральданып орналасады. Гүл мүшесінің санын білу. Гүлдің осімен неше симметриялық сызық жүргізетінін біліп алу.

Гүлдің формуласын жасаған кезде келесі белгілерді пайдалану қажет:

*- актиноморфтық немесе дұрыс гүл;

↑ немесе ↓ - зигоморфтық, яғни дұрыс емес гүл;

♂- қос жынысты гүл;

♀- аталық гүл; ♂- аналық гүл;

Р – жай гүлсерік (perigonium);

К немесе Са – тостаған (calyx); С немесе Со – күлте (coralla);

А- андроцей (andraeceum); G- гинецей (gynoeceum);

Гүлдің жеке бөлігінің мүшелерінің саны цифрмен белгіленеді (С5-5 жапырақты күлте, А5-5 мүшелі андроцей). Егер аталық пен аналық сан 12- ден асса, онда ∞ белгісін қою керек. Гүлдің мүшелері бірігіп өсетін болса, олардың санын жақшаға алу керек. Мысалы, асбұршақтың өсіп кеткен шеңбер түзген жағдайда, әр шеңбердегі бөлік сандары + белгісімен қосылып отырады. Мысалы, жай гүлсерігі 2 шеңберге орналасса, - Р 3+3 деп көрсетеді. Түйін орналасуы: G(2)- үстіңгі түйін, G(2)- астыңғы түйін; G- жартылай астыңғы түйін.

Жатаған сарғалдақты қарастырғаннан кейін оның формуласын жасау керек:

* К5С5 А∞ G∞- бұл дегеніміз – сарғалдақ гүлі актиноморфтық қос гүлсерігі бар, тостағаны 5, бос тостаған жапырақшадан тұрады, күлтесі- 5 бос жапырақтан тұрады, андроцей – көп, гинецей- апокрапты, түйіні- үстіңгі.

Кейін диаграмма құру керек (А.48 сурет). Гүл осіне перпендикуляр қылып, оның проекциясын түсіреміз. Диаграммада шеңбер санын және әр шеңберде гүл мүшелері және олардың орналасуын көрсету керек. (А.49 сурет)

Диаграмманы құру барысында тостаған арқасында төсі бар жақшамен, жапырақтары- жай жақшамен, аталық пен аналық, тозаңдық пен түйін арқылы өтетін көлденең кескіндер ретіндегі белгімен белгіленеді.

Қос жынысты қос гүлсерігі бар гүлдердің (сарғалдақ, шалқан, алма ағашы, картоп және т.б.) анализін жасағаннан кейін, жеке жынысты гүлдердің құрылысын зерттеу керек. Мысалы: екпе қияры. Оның аталық және аналық гүлдерінің формуласын құрып, диаграммасын салу. Содан соң гибридті гиппеаструмның жай гүлсерігі бар гүлді кәдімгі қызылшамен екпе қара бидайын қарастыру. Олардың формуласын жазып, диаграммасын салу.

Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар.



  1. Гүл формуласы деген не және оны құрған кезде гүл мүшелері қандай белгімен белгіленеді?

  2. Гүл диаграммасы деген не және ол қалай құрастырылады?

  3. Қара бидай гүлінің құрылыс ерекшелігі неде?

Әдебиет

  1. Васильев А.Е и др. Ботаника. Морфология и анатомия растений,- М: Просвещение, 1988.- с. 362-363

  2. Воронин Н.С. Руководство к лабораторным занятиям по анатомии и морфологии растений.- М: Просвещение, 1981. с.134-137

  3. Хржановский В.Г., Прнамаренко С.Ф. Практикум по курсу общей ботаники, - М: «Высшая школа», 1979.- с 161-164




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет