Сабақ міндеттері: 1 поэманың тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын толық меңгеру



жүктеу 132.58 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі132.58 Kb.
түріСабақ
: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»
Бегалина Айгуль Болатовна

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы

№20 орта мектебі»мемлекеттік мекемесі


Қостанай қаласы. Маяковский көшесі 112 .телефон 26-13-10.

Тақырыбы: : Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын»

Сыныбы :11 «А»

Пән атауы : қазақ әдебиеті

Білімділік мақсаты: Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық ақынның «Мен қазақпын » поэмасына талдау жасау . Ж.Молдағалиевтың қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.

Дамытушылық мақсаты: шығарманы жан-жақты талдау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ізденіс- шығармашылық дағдыларын дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды елін, жерін сүюге,Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу, халқын қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ міндеттері:

1) поэманың тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын толық меңгеру.

2) оқушыларды поэманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға үйрету.

3) өз бетінше ізденуге баулу.



СТО-ға байланысты – поэманы бағалай білу, шығарманы бүгінгі өмірмен байланыстыру,өзіндік көзқарас , пікірін қорғауға бағыттау.

Топқа байланысты - әр оқушының жеке, топтық жұмысын көрсету,өз пікірін қорғау.



Күтілетін нәтиже: поэманың мазмұнын меңгереді, идеясын ашады, ақпараттарды жүйелі жеткізе алады, қазақ елінің бастан кешкен тарихи кезеңдеріне шолу жасайды, поэманы композициялық құрылымына, өлең құрылысына, көркемдік ерекшеліктеріне талдау жүргізе алады ,жобаны қорғайды ,талдау мен бағалауға қатысады. Шығарманы талдай отырып ұлжандылыққа, өз халқын қастерлеуге, бағалауға , елін сүюге үйренеді.

Шығарманы өмірмен байланыстырып өз толғанысын айтады.



Нәтижені бағалау : жазу арқылы ( ой- толғау немесе 5 жол өлең жазу.)

Сабақ типі: талдау сабағы.

Технологиясы :

1)сын тұрғысынан ойлау стратегиясы ( оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып бірін-бірі тыңдай білуге , өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді, ізденіске баулып , естіп, көріп, білгендерін түйіндеп ,пайдалана білуге үйрету).

2) жобалау( оқушылардың ортақ нәтижеге жетуге бағытталған өзара келісілген тәсілдері мен әрекет ету әдістері)

Әдіс-тәсілдері: топтық , ұжымдық, ізденіс- шығармашылық , баяндау, талдау, жинақтау, зерттеу.

Көрнекі-құрал: Ж.Молдағалиев суреті , электронды оқулық, слайд-презентация, « Жаужүрек мың бала» бейнетаспасы , Ерболат Құдайбергеновтың «Мен қазақпын» әнінің клипі.

Техникалық құралдар: үнтаспа, бейнетаспа, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, география,музыка, тарих. Құзыреттіліктер: қатысымдық, тілдік, лингвистикалық,

мәденитанымдық және ақпараттық

1.Қатысымдық құзыреттілік- оқушының функционалды сауаттылығының болуы. Функционалды сауаттылық оқушыдан сөйлеу әрекетінің барлық түрін (айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым, сөйлесім) болуын талап етеді.

2.Тілдік құзыреттілік – оқушыда әдеби тілдің нормалары, олардың түрлері, сөздік қор мен тілдің грамматикалық құрылысының толығу жолдары,талдау және жүйелеу қабілетінің қалыптасуын талап етеді.

3.Мәдени-танымдық құзыреттілік-тілді халқымыздың мәдени құндылығы ретінде тануды, оны халықтың тарихымен байланыстыруды,ұлттық ерекшеліктерді тани білуге, сөз әдебі нормаларын игертуді көздейді.

4.Ақпараттық құзыреттілік- ақпараттарды сыни тұрғыда талдауға, соның негізінде саналы шешім қабылдауға, тілдің танымдық қызметтерін өз мақсатына сай қолдана алуға,сөйлеу әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге асыруда ақпараттарды талғап қолдануға, көздеген мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды, әр жанрға тән тілдік құралдарды пайдаланып, шығармашылық жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.


Сабақ эпиграфы :

«Өлеңге ерте келіп, кеш ер жеттім.
   Ойлағам шалалықты кешер деп кім?
   Қағазға қалдыруға асығыппын
    Көңілдің қуанышын, кесел дертін».
Ж. Молдағалиев.

Кезеңдер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


Үй тапсырмасы:

Жаңа сабақ:

Жоба қорғау.

Талдау :


Шығармашы

лық жұмыс

Бекіту кезеңі

Проблемалық сұрақ.

Үйге тапсырма

Бағалау



Оқушыларды түгендеу, зейінін сабаққа аудару.

Сабақ мақсаты мен міндетттерімен таныстыру.

Оқушыларды 3 топқа бөлу.


Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығы.

1 топ: Ж.Молдағалиев өмірі.

2 топ: Ж.Молдағалиев шығармашылығы.

3 топ: Ж.Молдағалиев туралы естеліктер.

Оқытушының кіріспе сөзі . Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — "Мен — қазақпын" поэмасы (1964).


Білетінмін

Білдім

Білгім

келеді.










«Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Қазақ жері мен суынан , желі мен көгінен нәр алған даладай тынысты , пәрменді поэзияны танимыз.»

М.Базарбаев.

Осы жерде қазақ жері қандай жер?

Қазақ деген қандай халық?
Қазыбек бидің қалмақ ханы Қонтажыға айтқан сөзі

Поэманың жанры қандай ?

лирика -публицистикалық стилде жазылған поэма.

«Мен қазақпын»

1топ 1-4 бөлім

2топ 5-7 бөлім

1топ 8-10 бөлім

Сөздік жұмысын

жүргізу.(мұғалім көмек көрсетеді)

«Коммунистік манифест» -

Жезтырнақ –

Түндігін-

Шапағат -

«ұзын құлақ» -

Барымта –

Тәубаға кеп-

Қалай ойлайсыңдар бұл поэманың басты тақырыбы не?

Негізгі идеясы қандай?

Тәуелсіздікті аңсаған, сол жолда күрескен ұлтымыздың мақтанышы, азаттық жолындағы күрескер азаматтарымыз кімдер?

Өзгерген дала азаматтары кімдер?


Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.«Мен қазақпын» поэмасында қандай кезеңдердегі оқиғалар сипатталады және қандай ғасырларды қамтиды?

1топ 15-17 ғасыр

2топ 18-19 ғасыр

3 топ 20-21 ғасыр
1.Композициялық құрылысына талдау.

2.Өлең құрылымына талдау 1топ 1-4 бөлім

2топ 5-7 бөлім

1топ 8-10 бөлім



Шумақ




Тармақ,




Бунақ




Буын




Ұйқас




.

3.Поэманың тілдік көркемдік ерекшелігі ,троп түрлеріне талдау. (оқулықпен жұмыс.»дәптерде орындалады )



Теңеу

Эпитет

Метафора

Метонимия

Гипербола

Кейіптеу

Символ

Градация

Қайталаулар

1 топ:


қазақ халқы - лексика-грамматикалық талдау.

2 топ: мен қазақпын - фонетикалық талдау.

3 топ тест жұмысы

1 топ «Біз қазақ деген елміз»

2топ «Қазақ тілі - рухани негізіміз»

3топ «Болашақтағы қазақ елі»


Жұбан Молдағалиев қандай ақын?

Сонымен бүгінгі сабақта қазақ жері, қазақ халқы , оның өткен тарихы, бастан кешкен бел -белестері туралы білдік. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында не делінген?

Ал кейінгі толқын жастар үшін не айтылған?

Ж.Модағалиев өлеңдеріне көптеген сазгерлер ән шығарған екен. Соның бірі –Ерболат Құдайбергенов. Ендеше Ерболаттың орындауындағы

« Мен қазақпын» әні .


«Мен — қазақпын» поэмасы оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, «құласа да қайта тұрып» өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Осы поэма туралы бір оқырман :

Мен - ҚАЗАҚПЫН! Неткен керемет, неткен тамаша жазылған поэма. Бұл поэмада қазақтың барлық басынан кешкен азаптары, қайғы-мұңы жазылған. Осы поэмада нағыз қазақтың бейнесі көрсетілген. Мен қазақ екенімді мақтан тұтамын!!! Және әлемге паш етуге әзірмін!!!


Сол оқырман сөзінің соңында:

-Ал, Ерболаттың әніне келер болсақ, бұл мүлдем дұрыс емес деп ойлаймын. Мынадай керемет өлеңді рэп қылу қазаққа жараса қоймайды. Әрине, бұл тек менің ғана пікірім.- дейді . Осы ән туралы сендердің пікірлерің қандай?


Сабағымызды елбасымыздың сөзімен аяқтағым келіп отыр.


Ұнаған 5-6 шумақты жаттап келу.

топ басшыларына бағалатады




Сабаққа дайындық.


қосыша деректермен жұмыс

хронологиялық карта толтыру

Оқушылар дайындап келген қосымша деректер бойынша әңгімелейді.А.Бақтыгереева,

С. Шаймерденов, С. Сейітов естеліктері тыңдалады. Отбасы, ұрпақтары туралы деректер келтіріледі.

кестені толтырады.

оқушыларға қосымша тапсырма ретінде алдын-ала «Мен қазақпын» поэмасын оқып келу тапсырылған.


Қазақ жері географиялы орны , табиғаты туралы айтады.

Қазақ халқы шығу тарихына тоқталады.

Электронды оқулықтан үзінді тыңдау

әр топтан 1- оқушыдан өлеңнің 2 шумағын жатқа мәнерлеп оқиды.

Оқушылар мағынасы түсініксіз сөздерді тауып,баламасын дәптерге жазады.

Ұлт, халық

Халықтың өлмес тарихы , бастан кешкен кезеңдері, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресі.

Асан қайғы , Исатай , МахамбетӨтемісұлы, ШоқанУәлиханов , Абай Құнанбаев туралы айтады.
КүләшБәйсейітова,

Сәкен Сейфуллин,

Жамбыл Жабаев,

Қаныш Сәтбаев туралы айтады.


Топтан бір оқушыдан шығып жобаны қорғайды.

1-2 топ « Жаужүрек мың бала»

бейнетаспасын қолданады.

3-топ « 21- ғасырдағы Қазақстан» бейнетаспасын қолданады

Басталуы: бесіктегі пәк сәби ұлт

Дамуы:«Ақ табан шұбырынды».

Байланысуы: Россия Адамы.

Дала мұңы.

Шиленісуі: Өмірдің жарық төрі үшін күрес

Шарықтау шегі :Бесжылдықтар белесі

Шешімі: Байтақ ел азаматы

1 бөлім 18 шумақ 72 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

2 бөлім 19 шумақ 76 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

3 бөлім18 шумақ 72 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

4 бөлім 30 шумақ 120тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең, шұбыртпалы ұйқас.

5 бөлім 38 шумақ 152 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

6бөлім 20 шумақ 80 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

7 бөлім 45 шумақ 180 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

8 бөлім 44 шумақ 176 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

9 бөлім 20 шумақ 80 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

10 бөлім 29 шумақ 116 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

талдау жүргізеді.

Теңеу :


Руым көп солардың аттарындай,

Мінезім бар таулардың қатпарындай.

Ән-жырым бар бабалар хаттарындай,

Әжімім бар бейнеттің таптарындай. Аппағынан жарылған дастарқандай Хауанадай көңілшек түздеп тудым

Оқи алсаң кітаптай, сүртіп қанын

Ол үн мөлдір өзеннің сылдырындай,

Шат күлкінің саф күміс сыңғырындай.

Самал өпкен егіннің сыбдырындай,

Шабыттанған ақынның тың жырындай.

Ол миллион жүректің дүрсіліндей,

Тасқын атқан таулардың гүрсіліндей.

Ол үн жаңа ерліктің дабылындай,

Эпитет: ажалсыз анамын ,қара көз сұлумын, сайтан қызбын, «Ақ табан шұбырынды», Қыран бүріт,

қанпезер Жошы хан, бал бұлағын

Метафора:

Татьяна - қазақтың ақ Баяны».

Мен - бұл кезде Шоқанмын, Абайлармын Даяшымын, байекпін, ең кішімін,

Демесе кім «мен тақсыр, мен күштімін».

Риторикалық сұраулар:

«О, ақ патшам, саған еш ем қонбады,

Жатқа неге жеріміз жем болғаны?

Жер-дүниенің эфирден даусын берген,

Қалай ғана Поповтар таусылды елден?

Ақыл-ойдың дәуі ғой дәусінбеген.

Сорлы боп па соларды туған халық?

оқушылар интерактивті тақтада талдайды.

Ой- толғау немесе 5 жол өлең жазып қорғайды.

«Жұбан поэзияда оңай жолды іздемейтін, өз творчествосына барынша қатал, жалпы қазақ әдебиеті алдындағы жауапкершілікті айнытпай ту етіп көтерген қалам қайраткері».


С. Шаймерденов 

«Біз бәріміз бір атаның- қазақ халқының ұлымыз,

Бәріміздің туған жеріміз біреу- ол қасиетті қазақ даласы»- деген жолдарды талдайды. .
«Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің - елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсатттарға апаратын құдіреттті күш.» өз көзқарастарын білдіреді.
Бейнеклип

« Мен қазақпын» әні .

Ақын шығармашылығына өз көзқарасын білдіру

Өзіндік ой- пікірлерін айтып дәлелдейді.

Рэп жанры туралы өз ойларын білдіреді.

«Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз,бір халықпыз»


«Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.»




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет