Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



Дата27.11.2019
өлшемі146.53 Kb.
түріСабақ

Сабақ :

2 практикалық жұмыс. Этилен алу және оның қасиеттерін зерттеу

Күні:

Мұғалімнің есімі: Битабарова Хадиша Исабековна

Сынып: 11 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары):



Жалпы көмірсутектердің формулалары мен қасиеттерінің ұқсастық және айырмашылықтарын ескеріп оларға жалпы шолу жасау. Органикалық заттармен және конценрациялы қышқылдармен жұмыс істегенде техника кауіпсіздігі ережесін сақтай отырып, лабораторияда этилен алу тәжірибесін орындау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Метанның қасиеттерімен салыстыра алады


Оқушылардың басым бөлігі: Алкендерді зертханалық тәсілмен алуды игеру және олардың химиялық қасиеттерін зерттей біледі.

Кейбір оқушылар: Органикалық заттармен және конценрациялы қышқылдармен жұмыс істегенде техника кауіпсіздігі ережесін сақтай отырып, лабораторияда этилен алу тәжірибесін орындай алады

Тілдік мақсат:

Оқушылар... (істей) алады:

Заттардың қасиеттеріне қарап есептеулер жасай алады.



Негізгі сөздер мен тіркестер: Қатты, сұыйқ, қатты.

Сыныптағы диалог (жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер): Мұнайдың, көмірдің табиғатқа зияды жақтарын да қоршаған ортаға әсерін түсіндіре жеткізе алады.

Талқылауға арналған тармақтар:

1.Кокстеу.

2.Шикізат.

3. Пештер.

4. Крекинг.

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Мұнайдың, көмірдің шыққан газдарды не істеуге болады? Осы сұраққа жауап іздеп көрелік.

Жазылым бойынша ұсыныстар: Берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындау.

Алдыңғы тақырып

Бақылау жұмысы.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз).

Жоспарланған уақыт

Басталуы.



Ұйымдастыру кезеңі. (3 минут)

Оқушыларды түгендеу.

Өткен сабаққа шолу жасау. -тапсырма. Сұрақ –жауап.

1. Неліктен этилен қатарындағы көмірсутектер қанықпағандеп аталады.?

2. Этилен көмірсутектеріне изомерияның қандай түрлері тән?

3. Этилен көмірсутектерінде сәйкес қаныққан көмірсутектерге қарағанда изомерлер саны неліктен көп?



І-тапсырма. Сұрақ –жауап.

4. Этиленді көмірсутектер өндірісте неден алынады? Мысал келтіріп, түсіндіріңдер.

5.Қаныққан көмірсутектерді крекинглегендежүретін процестерді түсіндіріңдер. Пентан мен гександы крекинглегенде қандай заттар түзіледі? Реакция теңдеуі арқылы көрсетіңдер.

І-тапсырма. Сұрақ –жауап.

6. Марковников ережесін тұжырымдап, оны электрондық теория тұрғысынан пропен молекуласының құрылысын мысалға ала отырып түсіңдіріңдер.

7. Этилен көмірсутектеріндегі көміртектің массалық үлесі қаншаға тең.

ІІ-тапсырма. Тест тапсырма. (3 сұрақ)

1.Алкендердің жалпы формуласы:



А) СnН2n В) СnН2n-2 С) СnН2n+2 Д) СnН2n+1

2. Құрамында он алты сутек атомы бар алкеннің молекулалық массасы (г/моль)

А) 84 В) 96 С) 98 Д) 112 Е) 104

3. Этилен көмірсутектері гомологтық қатарының геометриялық изомериясы басталады:

А) этеннен В) пропеннен С) бутеннен Д) пентеннен Е) гексеннен

ІІІ-тапсырма.Жауабы 1-кесте бойынша.

Қанықпаған көмірсутектердегі алкендер деп:

1. сутек және галогендермен реакцияға түсетін барлық көмірсутектер;

2. құрамында қанықпаған байаныстар бар барлық көмірсутектер;

3. молекуласында көміртегінен басқа бірнеше элементтердің атомдары болатын қосылыстар;

4. молекуласындағы екі көміртек атомдарының арасында бір қос байланысы бар, жалпы формуласы СnН2n болатын көмірсутектер.




Басталуы.



Ортасы.


«Сен маған, мен саған» әдісі (5 минут)

1. Мұнайға серік газ дегеніміз не?

2. Изотоптар дегеніміз не?

3. Гомолгтар дегеніміз не?

4. Бензой қышқылын қалай аламыз?

5. көмірсутектердің гибридтелу бұрыштары қанша?



Жаңа сабақ – № 2 практикалық жұмыс. Этилен алу және оның қасиеттерін зерттеу туралы танысамыз ( 17 минут)

Жумыстың орындалуы.

Этил спиртін дегидраттап этилен алу.

1. а) Сынауыққа 1 мл этил спиртінқұйып,оған ақырын араластырып отырып 4 мл концентрі күкірт қышқылын қосамыз. Қыздырылған қомпаға ол бірқалыпты қайнауыүшін алдын ала күйдірілген құмнан кішкене салыңдар. Сынауықты газ жүретін түтігі бартығынмен жайып, тұрғыға бекітеміз. Газ бірқалыпты бөліне бастағанша сынауықты ақырын, баяу қыздырамыз.

ә) Реакция жүргізетін құрғақ сынауыққа 1,0—1,5 мл этил спирті мен 2—3 мл концентрлі күкірт кышқылын (немесе екеуінің дайын қоспасынан 3—4 мл) абайлап құйып алыңдар. Қоспаны қыздырғанда біркелкі қайнауы үшін, қоспа кұйылған сынауыққа аздап кәрленнің ұсақ сынықтарын салу керек. Сынауықты газ жүретін түтігі бар тығынмен жауып, көлбеу етіп тұрғыға бекітеді. Қоспаны қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қыздырыңдар.

2. Этиленнің бромды (йодты) сумен әрекетесуі

1. а) Газ жүретін түтіктің ұшын 1,5—2 мл-дей бром (йод) суы кұйылған сынауыққа салып, ерітіндінің сарғылт түсі жойылғанша газ өткізіңдер.

ә) Бөлінген этиленді 3-4 мл бром суы құйылған сынауыққа жібереміз.Бром суы қандай өзгеріске ұшырайды? Бром суы тез түссіздене ме? Реакция теңдеуін құрыңдар.

3 Этиленнің калий перманганатымен әрекеттесуі

Қоспа құйылған сынауықты қыздыруды тоқтатпай, газ жүретін түтіктің ұшын калий перманганатының ерітіндісі құйылған сынауыққа батырып, перманганаттың түсі жойылғанша этилен жіберіңдер.

Этиленнің жануы

Қоспаны қыздыруды тоқтатпай, газ жүретін түтіктің ұшын жоғары каратып, бөлініп жатқан газды тұтатып, этиленнің жануын бақылаңдар. Қыздыруды тоқтатып, қоспа салқындағаннан кейін жұмыс орнын жинап, тәртіпке келтіру керек.

Мынадай сұрақтарга жауап беріңдер:

а) Этил спирті мен күкірт қышқылыньщ қоспасын қыздырғанда қандай газ бөлінеді?

ә) Газды бромды (йодты) су және калий перманганатының ерітіндісі арқылы өткізгенде не байқадыңдар?

б) Этилен қасиеттерінің қаныққан көмірсутектерінен өзгешелігі неде?



Сәйкес реакциялардың теңдеулерін жазып, байқаған құбылыстарыңды түсіндіріңдер.





«Үлесін тап» ( 10 минут)

Көлем табу.

«Кім жылдам?» ( 10 минут)

Кететін зат мөлшерін анықтау.



Қорытындылау.

«Өрмекші» әдісі. ( 5 минут)

Шығым арқылы есеп шығару.

Үйге тапсырма (1 минут)

Табиғи газды оқып келу.


Оқулық.

Интербелсенді тақта


АКТ

Жұмыс дәптерлері


Оқулық.
Тақта, бор.
Тақта, бор.

Ақ парақтар



Аяқталуы


І-тапсырма.

1. KMnO4 ерітіндісі арқылы метан өткізгенде қандай өзгеріс болады? Неліктен?

2. Зертханада этиленді алу реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

3. Неліктен тәжірибеде қолданылған күкірт қышқылы концентрлі болуы керек?

4. Калий перманганатының ертіндісі түссізденеді. Неге?

5. Этилен жалынымен метан жалынының айырмашылығы неде?

6. Этиленнің жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

Кері байланыс (4 минут)

«Активатор 3-2-1» әдісі.

Сабақтан алған екі жақсы нәрсе, бір ұсыныс тілек арқылы білдіреді.



Бағалау парағы

Стикерлер

Оқулық


Қосымша ақпарат

Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тасырманы күрделендіруді қалай жосарлайсыз?

Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс

Критерий.

Көмірсутектердің қасиеттерін ажырата білу.




Дескрипторлар

  • 1. Физикалық қасиеттерін салыстыру. 1балл

  • 2. Химиялық қасиеттерін сипаттау. 3 балл

  • 3. Байланыс энергиясын білу. 1 балл

  • 4. Алыну жодарын меңгеру. 2 балл

  • 5. Қолдануын білу 2 балл

  • 8-9 балл –«5»; 5-7 балл «4»; -4 балл –«3»



Математика, тарих, география, физика пәндерімен байланыс орнатылған.

Рефлексия . Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау.



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет