Сабақ. Сабақтың көрнекіліктері: «Мен және отбасым»



Дата02.05.2016
өлшемі57.25 Kb.
түріСабақ
Сабақтың мақсаттары:

Келешек ұрпақтың көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру, ата – аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту.


Сабақтың формасы: Сайыс сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: «Мен және отбасым» атты қабырға газеті, мақал – мәтелдер, нақыл сөздер.
Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар!

Бүгін біз келешек ұрпағымыз көрегенді, тәрбиелі де әдепті болуын алдын ала ойластыру, ата – аналар мен мектептің арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Өнегелі отбасы» тақырыбында сайыс сабақ өткізгелі отырмыз.

Адам артына із қалдыру үшін жер бетінде, басқа адамдардың ақыл-ой дүниесінде, жүрегінде із қалдыру үшін туады демекші, ата – ана өмірге ұрпақ әкелген соң оның жақсы азамат болып өсуіне, тәрбиесінің дұрыс болуына мән беріп, аса бір ілтипатпен қарайды. Ал осындай саналы да тәрбиелі ұрпақтың өсуіне ата – анамен бірге мектеп ұжымы да бірдей ат салысады.

Балалық шақ – адам өміріндегі қайталанбайтын маңызды шақ. Балаға деген қарым – қатынасымыз о бастан қандай болса, баланың жеке басы соған қарай қалыптасады. Баланың жеке бас қасиеттерін дер кезінде байқау – келешекте оның жақсылыққа жақын болуына, ата – ананы қадірлеп, өмірден өз орнын табуға көмектеседі.


Сіздерді бүгінгі сабағымыздың қонақтарымен таныстырып өтейін: (отбасылар)
Сайыс шарттары мынадай:

  1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» - таныстыру.

  2. «Білгенге – маржан...» - сұрақ-жауап.

  3. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» - қолөнер бұйымдарын қорғау.

  4. «Тәрбие тірегі отбасында» - жағдаят сұрақтарына жауап беру.

  5. «Өнерлі өрге жүзер» - отбасылар өнері.

  6. «Баланың бас ұстазы – ата - ана» - тірек – схема құрастыру.


Бүгінгі сайысымыз екі түрлі жолмен бағаланады:

  1. Әділ қазылар алқасының көмегімен: (Әділ қазылармен таныстыру).

  2. Тәуелсіз сарапшы көмегімен (Қорапшаны көрсетіп, түсіндіру).




    1. «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» - таныстыру.

    2. «Білгенге – маржан...» - сұрақ-жауап.

1 отбасына қойылатын сұрақтар:


  1. Үш би - Әйтеке, Төле, Қазыбек.




  1. Адасқанда бағыт көрсететін жұлдыз – Темірқазық.



  1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары – Домбыра, қобыз, жетіген.




  1. ҚР мемлекеттік рәміздерін ата - Әнұран, елтаңба, ту.



  1. Бала өмірге келгенде болатын той – Шілдехана.




  1. Сынған сүйекті салушы – Сынықшы.



  1. Мұсылман дінінің пайғамбары – Мұхаммед Пайғамбар.




  1. Ұясы жоқ құс – Көкек.



  1. Оралхан Бөкейдің туған жері – Катонқарағай.




  1. Бала – балың,

Немере ...(жаның).
2 отбасына қойылатын сұрақтар:


    1. Жеті күн – Дүйсенбі, сейсенбі,...




    1. Бір мүшелде неше жыл болады? – 13 (12).



    1. Қырық өтірікті айтқан бала – Тазша бала.




    1. ҚР мемлекеттік тілі – Қазақ.



    1. Қуанышты хабар үшін сұралады – Сүйінші.




    1. Қажымұқан Мұңайтпасұлы кім? – Палуан.



    1. Ағаштан жасалған су тасуға арналған құрал – Иін ағаш.




    1. Жылқыда өт жоқ, құста ... (сүт жоқ).



    1. Ш. Уәлиханов қай облыста дүниеге келген? – Қостанай.




    1. Әке – асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ, Бала - ... (жағасындағы құрақ).

3 отбасына қойылатын сұрақтар:




  1. Қазақтың киелі сандары – 3,7,9,...




  1. Қазақтың атақты күйшілері – Құрамнғазы, Дина, Қазанғап.



  1. Қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер – Алдар Көсе.




  1. ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? – 1995 жылы.



  1. Балалр дүниеге келмей жатып екі жақтың құдаласу салты – Атастыру.




  1. Қазақта халық емшісін кім деп атайды? – Тәуіп.



  1. Талқан түюге арналған көне құрал –

Келі, келсап.


  1. Бақыт құсы – Аққу.

9. Абай мұражайы қай жерде орналасқан? – Семей.


10.Бала тілі - ... (бал).
Музыка пәнінің мұғалімі Нұрлы Бағдәулетқызының орныдауында «Ұрпаққа өсиет» термесін қабыл алыңыздар!



    1. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» - қолөнер бұйымдарын қорғау.

А) Өздері жасап келген заттарын қорғау.

Ә) Киіз үй бөліктерін құрастыру. –
Осы кезде 5 «Б» сынып оқушыларынан құралған шағын оркестрдің орныдауында Дәулеткерейдің күйі «Қос алқа».
Тақтадағы мақал –мәтелдердің мағынасын ашу.



    1. «Тәрбие тірегі отбасында» - жағдаят сұрақтарына жауап беру.

1 отбасына қойылатын сұрақтар:



Ата – анаға:

Балаңыз кішкене дауыс көтерсеңіз болды, «үйден кетемін» деп ашулана бастайды. Мұндай жағдайда қандай шара қолданар едіңіз?



Балаға:

Ата – анаң қатты дауыс көтерсе немесе ұрса сен қандай әрекет жасайсың?

2 отбасына қойылатын сұрақтар:

Ата – анаға:

Балаңыз мектепте сынып жетекшісімен келіспей қалды. Жағдай ушығып барады. Бала, тіпті мектепке барғысы келмейді. Сіз қандай жол табар едіңіз?



Балаға:

Сынып жетекшісімен келіспей қалсаң, не істер едің?


3 отбасына қойылатын сұрақтар:



Ата – анаға:

Сіз балаңыздың өзінен үлкен балаға ақша беріп жүргенін көршіңізден естідіңіз. Сіздің әрекетіңіз?




Балаға:

Жасы үлкен бала сенен ақша талап етеді. Осы жағдайда не істер едің?


Қазақ халқының ұлттық биі «Қара жорғаны» назарларыңызға ұсынамыз.



    1. «Өнерлі өрге жүзер» - отбасылар өнері.




    1. «Баланың бас ұстазы – ата - ана» - тірек – схема құрастыру.


«Тәрбие көзі не?»



«Ата – ана алдындағы борышым»


Көрермендермен сұхбат жүргізу: Қай отбасы жеңіске жетеді деп есептейсің?




Қорытынды: Мұғалім жалпылама қорытынды жасап, әділ қазылар алқасы берген бағасысмен таныстырып мынадай номинациялар бойынша марапаттаулар жүргізеді:

  1. «Өнегелі отбасы»;

  2. «Ең өнерлі отбасы»;

  3. «Ең білімді отбасы».

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:
«Өнегелі отбасы»

Өткізген: 5 «Б» сыныбы.



Сынып жетекшісі: Тулегенова Г.Т.
2013 жыл.
Каталог: ld
ld -> -
ld -> Шпаргалка " Мұртты обалар" көп тараған аймақ "Ақ жалды жүйрік аттардың иелері" деп аталған тайпа "
ld -> Қазақстан тарихының тақырыбына шпаргалкалары Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? Тас дәуірі
ld -> Разработка научно-технологических основ производства катализаторов дегидрирования для синтеза изопрена
ld -> Учебно-методическое пособие для студентов геологического факультета Казань 2004 Печатается по решению
ld -> Реферат Основные элементы и профессиональные правила оформления рекламного объявления
ld -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
ld -> Абай Құнанбайұлы Жүрегіңнің түбіне терең бойла
ld -> Төлеу Көбдіковтің елінде


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет